Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті Қазақ тілі және әдебиеті бөлімі

Реферат
Тақырыбы: Сөзжасамдық ұяның құрылымы

Орындаған: Тілеубергенова Алтынай КО -32
Тексерген: Саменова Света

Қарағанды, 2021

Жоспар:
1. Кіріспе
Септік категориясын жайлы.
2. Негізгі бөлім: Септік категориясының дамуы:
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің көрінісі.
3. Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, "Өк", "Бөл" деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.
Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық тұлға қатысып тұрады.
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына. Сөзжасамдық мағына өзінің белгісі мен реңі жағынан грамматикалық және лексикалық мағыналардан ерекшеленеді. Ол жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы пайда болады.
Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей - зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.
Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:
* негіз сөздің қай сөз табына жататыны;
* негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;
* сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.
Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше.
Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.
Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.
1. Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
2. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі
3. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі және оның түрлері
4. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның өзіндік белгілері
5. Сөзжасамның негізгі ұғымдары және олардың түрлері
Әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. - Алматы, 1999.
4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
5. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

№5 лекция. Тақырыбы: Сөзжасамдық мағына
Жоспар
1. Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны.
2. Сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны.
3. Туынды мағынаның негізділігі.
4. Туынды мағынаның түрлері.
Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Жаңа аталымар (номинациялар) сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды. Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжасамдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобызшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жасалуына қатысып тұр. Осы туындылардағы негіз сөз жаңа мағынаның жасалуына арқау болған. Ал осы туынды түбірлердегі -шы, -шы жұрнағы оларға мамандық мәнін қосқан. Осының нәтижесінде әнші - ән айтатын адам, жұмысшы - жұмыс істейтін адам, малшы - мал бағатын адам, суретші - сурет салатын адам, жыршы -жыр айтатын адам, биші - би билейтін адам, орманшы - орманды бақылайтын адам, балықшы -балық аулайтын адам, саяхатшы - саяхат жасай-тын адам, сыбызғышы - сыбызғы тартатын адам, кобызшы - қобыз тартатын адам дегенді білдірген. Алғаш осы ұғымды білдіруден туған бұл сөздер кейін мамандық мәніне ие болған.
Бұл туынды түбірлердегі -шы-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз сөздер ненің маманы екенін білдірген. Келтірілген туынды түбірлердің кұрамындағы сөзжасамдық бірліктер (негіз сөз бен жұрнақ) туынды мағынаны жасауға қызмет еткен. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктерге жатады.
Мұндай туынды сөздердің қандайі жасалғанын ажырату қиын емес, сөздің лексикалық мағынасы мен негіз сөздің мағынасы байланысты болады. Бұл мағыналық байланыс арқылы туынды сөздің қандай негіз сөзден жасалғанын табуға болады. Бұл ерекшелік сөзжасамдық типтерге қатысты. Алайда сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне байланысты туынды сөз бен негіз сөздің арасындағы мағыналық байланыс үнемі жоғарыда-ғыдай бола бермейді. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінде сөз бір сөз табынан екінші сөз табына өтеді. Мысалы, айтыс - етістік, айтыс- зат есім. Мұнда етістік мәнді сөз затгық ұғымды білдіріп, зат есімнің грамматикалық көрсеткішітерімен түрленетін болды. Мысалы, айтысты жалғас-тыр, айтысқа түс. Бірақ осы сөздің екеуінің де негізгі лексикалық мәнінде айырма жоқ деуге болады. Келесі бір туынды сөздерде негіз сөздің мағынасы толық сақталып, оған үстеме мағына ғана қосылады. Мысалы, әкетай, балапан, дөңес. Ал он сегіз, белбеу, экел, білезік, бозторғай, келіп кет сиякты сөздердің мағыналары олардың құра-мындағы сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының қосындысынан жасалғаны анық байқалып тұр.
Бұл келтірілген мысалдар туынды сөздердің жасалу жолы және сөзжасамдық бірліктері қандай түрлі болса, сөзжасамдық мағына да түрлі екенін көрсетті.
Ғылымда сөзжасамдық мағына туралы ғалымдар пікірі де түрліше. Оларды ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар: жиынтық мағына (суммарное значение), айырма мағына (разностное значение).
Сөзжасамдық айырма мағына деп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағыналық айырмашылық аталады.
Жиынтық мағына деген бағыттағы ғалымдар сөзжасамдық мағына деп негіз сөз бен жұрнақтың мағынасының қосындысынан шыққан мағынаны атайды.
Сөзжасамдық мағынаны оны жасауға қатысқан сөзжасамдық бірліктерсіз қарау мүмкін емес. Негіз сөз бен оған қосылған сөзжасамдық жұрнақ не лексикалық екінші сөзден (күрделі сөздерде) туынды сөз жасалатын болса, олар туынды мағынаны жасаушылар, өйткені оларсыз туынды сөз жасалмайды. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктер болып саналады. Олай болса, туынды мағына да оларсыз жасалмайды. Сондықтан туынды мағынаны сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының жиынтығы деп қараудың ғылыми негізі бар. Туынды сөздің құрамындағы тұлғалар оның мағынасын жасаушылар болғандықтан, оларсыз туынды мағынаны анықтау мүмкін емес. Бірақ туынды сөздің мағынасын негіз сөзбен са-лыстыру арқылы да дәлелдеуге болады, өйткені салыстыру туынды сөздің Мағынасы негіз сөзден басқа екенін көрсетеді, немесе негіз сөзден туынды сөздің мағынасында қандай болса да, бір өзгешелік барын көрсетеді. Сол мағыналық ерекшелік туынды сөздің мағынасы болып табылады. Сондықтан ғалымдар туынды сөздің мағынасын екі түрлі бағытта зерттегенімен, ол екеуі де туынды сөздің мағынасын анықтау үшін қызмет етеді. Сондықтан туынды сөздің мағынасын анықтауға бұл екі бағыттағы зерттеудін екеуін де қолдану қажет. Алдымен негіз сөз бен туынды сөзді салыстырып, ол екеуінің арасындағы айырманы табу қажет. Бұл салыстыруда негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы айырмашылыққа қарап, ол екеуінің екі сөз екенін анықтау қажет. Мұнда негіз сөзден екінші сөз жасалғаны белгілі болады. Содан келіп туынды сөздің құрамындағы негіз сөз бен жұрнақтың сөзжасамдық мағына жасауға қатысы анықталады. Сөзжасамдық мағына туынды сөздің құрамындағы тұлғалардың мағынасының қосындысы деген ұғым бойынша олардың әрқайсысының мағына жасауға қатысы анықталады. Ал тілдегі сөзжасамдық бірліктер түрлі-түрлі, әсіресе, олардың бір-бірімен қатысы алуан түрлі. Ол жағдай сөзжасамдық мағынаға әсер ететіні сөзсіз. Сондыктан сөзжасамдық бірліктердің қай түрлері қандай жағдайда бір-бірімен қандай карым қатыста болуын анықтау қажет, ол туынды мағынаны айқындауға көмектеседі.
Мағынаның негізділігі
Жалғамалы, қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл үлкен орын алатыны белгілі. Қазақ тілі әрі қосымшалы, әрі жалғамалы тіл болғандықтан, біздің тілімізде жүрнақ арқылы сөз жасау ең өнімді тәсілердің бірі екені айтылды. Олай болса, бұл тәсілде негіз сөз бен жұрнақ арасында сөзжасамдық қатыс болады. Осы екі бірліктің сөзжасамдық қатысында екі бірлік екі түрлі қызмет атқарады. Негіз сөз жасалатын туынды сездің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шыға-ды. Мысалы, балтала, қарала, жақсыла, тазала
1. Сөзжасамдық мағына туралы түсінік
2. Сөзжасамдың мағынаның өзіндік белгілері
3. Сөзжасамдық мағынаның түрлері
4. Сөзжасамдық мағынаның берілу жолдары
5. Сөзжасамдық мағынаның негізділігі
Әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. - Алматы, 1999.
4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
5. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

№6 лекция. Тақырыбы: Туынды сөздер
Жоспар
1. Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны
2. Туынды түбірлер
3. Күрделі сөздер
4. Біріккен сөз
5. Сөзқосым тәсілі
6. Қос сөз
7. Қысқарған сөздер
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен арым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағынаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.
Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туынды сөздер-сөзжасам заңдылықгары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа құбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның қажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.
Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік беру қажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Синтетикалық сөзжасам қазақ тілінің сездік қорын байытуда өте үлкен қызмет атқарады. Сон-дықтан да тілдің сездік қорында негізгі түбір сөздерден туынды түбір сөздер әлдеқайда көп.
Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені әр сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды түбір сөз жасалғанын анық, ашық көрсетеді. Мысал бір ғанабудеген негізгі түбірден жасалған сөзжасамдық ұяда 44 туынды түбір бар.
Сол сияқты тілдегі әр сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбір сөз тірек болып, ал оның әрқайсысынан талай туынды түбірлер жасалғаны тілдегі туынды түбір сөздердің тілдің сөздік құрамынан басым орын алатынына толық дәлел бола алады.
Олай болса, тіліміздің сөздік қорын байытуда ерекше орын алатын туынды түбірлердің жасалуына қандай негізгі түбір сөздер өзек, тірек болғанын, негізгі түбір сөздердің туынды түбір сөз жасаудағы құнарлылығын анықтау, олардан туынды түбір сөздің өрбу жолын көрсету өте маңызды. Осы мәселенің ғылыми негізін анықтау-да сөзжасамдық ұяны зерттеу өте қажет. Сөзжа-самдық ұя бір сөздің негізінде туынды түбір сөздердің жасалуының барлық жолын, тетігін ашып береді.
Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы жарияланған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографиялық еңбектен басталады.
Сөзжасамдық ұяға берілген анықтама сөзжасамдық ұяның құрамы қандай сөздерден құралатынын да аңғартады. Ол әр сезжасамдық ұя құрамында бір негізгі түбір сөз және одан туған туынды түбірлер болатынын көрсетті. Олай болса, әр сөзжасамдық ұяның құрамында түп негіз сөз яғни негізгі түбір сөз біреу болады да, одан өрбіген туынды түбір сөздер-бірнешеу болады. Әр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз үнемі қатысып отырады. Бір сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір сөз болса, соның бәрінің қүрамынан алғашқы түп негіз сөз міндетті түрде орын алады. Мысалы,ән, әндет, әндеткіз, әндеттір, әнқой, әнқойлык, әнсымақ, әнші, әншілік, әншіл, әншілдік деген ән негізгі түбірінен тараған сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында ән деген негізгі түбір бар. Бір сөзжасмдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрі бір негізгі түбір сөзден өрбігендіктен, олар түбірлес сөздер аталады. Бұдан түбірлес сөздер бір сөзжасамдық ұяның ғана құрамына қатысты екені анықталды. Олай болса, әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрды. Мысалы, жұрт негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяны алсақ, ол жұрттық, жұртша, жұртшылық деген 3 қана түбірлес сөзден тұрады, олардың да әрқайсысының құрамында негізгі түбір сөз бар, және осы ұядағы түбірлес сөздер алғашқы жел тубірінен тараған ұядағы түбірлес сөздерден мүлдем басқа. Бұл түбірлес туынды сөздер ұяға байлаулы екенін, әр ұяның өзінше түбірлес сөздері болатынын көрсетеді. Сөйтіп әр түп негіз сезден тараған туынды сөздер әр түрлі сөзжасамдық ұяға жататын, әр түрлі түбірлес сөздер болып табылады.
Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бәрі бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп негіз сөзден өрбиді. Ал сөзжасамдық үядағы туынды сөз атаулының бәрі бірінен-бірі тікелей туындай бермейді. Сондық-тан сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы міндетті шарт болып саналады.
Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған түбірлес туынды түбір сезден түратын ұяда 26 туынды түбір сөз бар, олардың бәрі түбірлес сөздерге жатады. Осы түбірлес сөздердің бір-бірінен тікелей туындауы 13 сөзжасамдық тізбек ішіне ғана қатысты. Мүны анықтап көрсету үшін, осы сөзжасамдық ұядағы тізбектерді жеке-жеке тізіп көрсету қажет:
1. біл-білім-білімді-білімділік
2. біл-білім-білімсіз-білімсіздік
3. біл -- білім -- білімдар -- білімдарлық
4. біл -- білім -- білімдар -- білімдарсы
5. біл -- білім -- білімпаз -- білімпаздық
6. біл -- білім-білімпаз-білімпаздан
7. біл-білік-білікті-біліктілік
8. біл-білік-біліксіз-біліксіздік
9. біл-білгіш-білгіштік
10. біл-білгіш -- білгішсі
11. біл-білгір-білгірлік
12. біл -- білгір-білгірсі-білгірсін
13. біл -- білгі-білгілік-білгілікті
14. біл-білдір-біддірт
15. біл -- =білгіз -- білгіздір-білгіздірт
16. біл -- білік --
17. біл -- біліс
Осы 17 сөзжасамдық тізбектің әрқайсысы тікелей біл түп негіз етістіктен туындаған. Ал әр сөзжасамдық тізбекте қанша туынды түбір болса, солар ғана іштей бір-бірінен тікелей жасалған. Ал осы сөзжасамдық ұядағы 33 туынды түбірдің бәрі бірінен-бірі туындаған сөздер емес екені көрініп тұр, бірақ олардың бәрі біл негізгі түбір салт етістіктен туындаған. Сондықтан осы ұядағы 33 туынды түбір сөздің бәрі біл түбірінен та-раған, туындаған түбірлес сөздер. Сөйтіп түбірлес сөздер деген ұғым жалпы, ғылымда белгілі. Ал әр түбірлес сөздер тобының белгілі бір түп негіз сөзден тараған сөзжасамдық ұяға қатысты екеніне мән беріле бермейді. Сөзжасамдық ұя бір түп негіз сөзден туындаған түбірлес сөздің құрамын толық ашып көрсетеді, өйткені әр сөзжасамдық ұя бір түп негізден тараған, туындаған түбірлес сөздер тобынан кұралады. Анығырақ айтсақ, бір сөзжасамдық ұяда бір түбірден тараған, өрбіген бір топ түбірлес сөздер ғана болады да, сөзжасам өшір-өшірт-өшірткіз. Бұл тізбекте 3 сөзжасамдық жұп бар: 1) өш-өшір, 2) өшір-өшірт, 3) өшірт-өшірткіз. Ал бу түп негізінен жасалған сөзжасамдық ұяның бір ғана тізбегін мысалға келтіріп көрейік: бу-була-булан-буландыр-буландырғыш. Осы сөзжасамдық тізбекте сөзжасамдық жұп бар. Олар: 1) бу-була, 2) була-булан, 3) булан-буландыр, 4) буландыр-буландырт, 5) буландырт-буландыр-тқыз.
Келтірілген мысалдар сөзжасамдық жұптардың тізбектегі саны түрлі болатынын анық көрсетті. Сонымен бірге сөзжасамдық жұптың орны, жалпы алғанда, сөзжасамдық ұяда болғанымен, тікелей нақты орны сөзжасамдық тізбекте. Оны мына мысалдардан керуге болады: тер түп негізден жасалған сөзжасамдық ұядағы тер-тер-ле-терлет-терлеттір-терлетт ірт тізбегін алсак, онда 4 сөзжасамдық жұп бар, яғни тізбек 4 сөзжасамдық жұптан құралған, олар: 1) тер-терле, 2) терле-терлет, 3) терлет-терлеттір, 4) тер-леттір-терлеттірт. Бұл тек осы мысалға келтірілген тізбекке ғана қатысты емес, барлық сөзжасамдық тізбектер сөзжасамдық жұптардан құралады. Сондықтан ол -- жалпы заңдылық. Оған кез келген ұядағы сөзжасамдық тізбекті келтіріп, одан осы құбылысты көруге болады. Мысалы, тың-тыңда-тыңдат-тыңдатқыз; тіл-тіле-тілек-тілектес-тілектестік ; шаш-шаша-шашақ-шашақсыз сияқты тізбектерді алсақ, олардың бәрі де түрлі сөзжасамдық жұптардан тұратынын аңғару қиын емес: тың-тыңда, тыңда-тыңдат, тың-дат-тыңдатқыз; тіл-тіле, тіле-тілек, тілек-тілектес, тілектес-тілектестік; шаш-шаша, шаша-шашақ, шашақ-шашақсыз. Бұл сөзжасамдык тізбектердің әрқайсысы 3-4 сөзжасамдық жұптардан тұратыны көрінді. Қорыта келгенде, сөзжасамдық жұптардың сөзжасамдық ұядағы нақты орны сөзжасамдық тізбек екені анықталды. Сонымен сезжасамдық жұп туынды сөздің жасалуына негіз болатын сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын сөзжасамдық тізбектің ең кіші мүшесі.
Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық ұя орыс тіл біліміңде зерттеле бастағаннан бері оның құрамында сөзжасамдық тізбек те зерттеле бастады. Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесі 20-30 жылдан бері өнімді зерттеліп келеді. Онда сөзжасамдық тізбектің анықтамасы берілді, сөзжасамдық ұя, оның құрылымы мен мағынасы, сөзжасамдық ұяның мүшелері толық зерттеліп, теориялық негізі қаланды. Сөзжасамдық ұя бойынша үлкен сөздікте жарияланды.
Қазақ тіл білімінде сзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет ілгеріде аталған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сезжасамдық тізбек деп аталады.
Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та, оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт. Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі.
Сөзжасамдық тізбектің келесі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеуде бола береді. Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-жырлас;зар-зарла-зарлат-з арлатқыз. Осы мысалдағы 1 -тізбекте бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте екі туынды түбір, 3-тізбекте үш туынды түбір бар. Бұл туынды сөздердін санының тізбекте түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз сездің саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болатыны анықталды. Бұл екеуі де - сезжасамдық тізбектің негізгі мүшелері.
Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да көп морфемалы болып келе береді. Мысалы, ал-алым-алымды, бөл-бәлім-бөлімше-бөлімшелі деген екі тізбектің алғашқысының құрамындағы түп негіз -ал бір морфемадан тұрады, ал осы тізбектің туындылары алым -екі морфемалы, алымды - үш морфемалы сөз. Екінші тізбектегі түп негіз сөз - бәл - бір морфемалы сөз, ал осы тізбектегі бөлім - екі морфемалы, бөлімше - үш морфемалы, бөлімшелі - төрт морфемалы сөз.
Бұдан тізбектің бір мүшесі ғана бір морфемалы сөз болып, қалған мүшелері екі не одан да көп морфемалы сөз болатыны анық көрінді. Мүның себебі тізбектің құрамында бір ғана негізгі түбір сөз болады, қалғандары туынды түбір сөздер болады. Ал туынды түбір сөздер жұрнақтар арқылы жасалатындықтан, ол сөз құрамындағы морфеманың санын арттырады. Ал тізбекте бір туындыдан екінші туынды жасала беретіндіктен, ондай туындылардың морфемдік саны көбейе береді. Мысалы, ек-егін-егінші-егіншілік деген тізбектегі туындылардың морфемдік саны барған сайын артып отырғаны байқалып тұр. Ондағы егін- 2 морфемалы, егінші - 3 морфемалы, егіншілік - 4 морфемалы туынды сөз. Әр туынды сөзді жасаушы жұрнақ туынды сөздің морфемдік құрамын өсіріп отырады, сондықтан туынды сөздердің морфемдік құрамы негіз сөзден көп болады. Бір тізбекте бірнеше туынды сөз болған жағдайда тек негізгі түбір сөзден жасалған туынды түбір сөз ғана екі морфемалы туынды сөз болады да, қалған туындылар көп морфемалы туынды сөздерге жатады. Туынды сөздердің құрамындағы морфемалар да түрліше. Олар: негізгі морфема және көмекші морфемалар. Тізбектегі туынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам
Тілдің сөзжасам жүйесі
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
Сөзжасамдық тәсілдер
Пәндер