Құндылық жүйе


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Реферат

Тақырыбы : Қәзіргі әлеметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері

Орындаған:1501-10 Абдиганиева М

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЗаманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен ролі . ”Білім беру “ ұғымының мағынасы . Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар .
  3. Қорытынды.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстанғаннан бері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык саяси, мәдени өзгерістер де жана сапалык деңгейде көріне бастады. Ал қоғамдағы өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына тікелей әсерін тигізетіні анык. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа козкарастар, жаңа даму бағыттары, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары іздестірілуде.

ХХІ ғасырдың ұстаздары да сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мирас бо-лып қалған асыл әлеуметтік тәжірибені, өнегелі өсиеттер мен мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамының интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға тырысулары - болашағымыздың іргетасының берік калануының кепілі. Оқулықгың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» атты бірінші бөлімінде заманауи мәдениеттегі білім берудің, оның рөлі мен ерекшеліктері, білімнің әлеуметтік мәнін, қазіргі білім беру парадигмасы: нутижеге және жеке тұлғаға бағдарлануын аша отырып, білім беру кұндылык, үдеріс және нәтиже, жүйе ретінде, адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы ретінде нақтыланады. ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық тұрғысынан дүние-жүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары, үздіксіз, ашық бiлім беруге ауысу - қазіргі білім берудің дамуындағы жетекші дүниежүзілік тенденциялардың бірі екені, білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері, білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуеті, функционалдык сауаттылығын дамытудың негізі, педагогтың жеке тұлғаның калыптасуындағы және қазіргі уақытта орта білім міндеттерін шешудегі ролі, педагог қызметінің квалификациялық сипаттамалары қарастырылады.

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы білім беру деңгейлері бойынша, педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық касиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі ретінде, педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігіне, педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторларына жан-жақты тоқталған.

«Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты екінші бөлімде педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, педагогика ғылымдарының коғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттеріне, негізгі категориялары, ғылымның әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті, ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны, әдістері, әдістемесі қарастырылады. Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі ашылып беріледі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары, өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы тәрбиесі және білім берудегі инклюзивті әдіс-тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру айқындалған. «Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы» атты үшінші бөлімде тұтас педагогикалық үдерістің (ТПУ) мәні және құрылымы, қызметтері, қозғалыс тетіктері жан - жақты ашылып бері-леді. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты, мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттық тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, дүниетаным, тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізіндегі тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы тұрғысынан анықталған. Тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі - оқытудың негізгі категорияларына, оқытудың әдіснамалық негізі, құрылымы, мақсаты мен міндеттері, заңдылықтары және қағидалары, формалары, әдіс-тәсілдеріне, құралдарына, 12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологияларға, қазіргі мұғалімнің технологиялық құзыреттілігі ашылып берілген. Әрбір тақырыпшада берілген негізгі теориялар, тұжырымдама-лар, заңдылықтар, ұстанымдар, ұғымдық апарат, әдістерді, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық сапаларын дамытуға бағытталған. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар студенттердің емтиханға даярлануын жеңілдету мақсатын көздейді. Тесттік тапсырмалар студенттердің білімін сырттай бақылау тесттерінің құрылымын ескеріп берілді. «Педагогика» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік стандартқа сай, 5В01 «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарында оқитын студенттерге және магистранттарға, докторанттарға оқу-тәрбие мәселелерімен айналысатын оқырмандарға арналған.

Негізгі бөлім

Замануи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Жаһандану үрдістерінің ықпалымен ХХІ ғасырға адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктерімен жетіп отырғаны баршамызға мәлім. Жоғарғы дамыған электрондық техника, ақпараттық және өндірістік технологиялар, медицина мен генетикалық инженериядағы ашылып жатқан жаңалықтар, физика, кибернетика т. б. салалардағы ғылыми жетістіктер адамзат қоғамының өркендеуіне, ілгері дамуына, адамдардың қол еңбектерін жеңілдетуге көп септігін тигізуде. Дегенмен, әлемдік деңгейде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен қатар, адамдардың арасында рухани жұтаңданудың көріністері, әлеуметтік қауіпті құбылыстар (ланкестілік, техногендік, социогенді қатерлер, т. б. ) алаңдатушылық тудыра бастады. Неліктен қоғам өркендеген сайын мұндай жағымсыз әлеуметтік құбылыстар азая түспейді? Осындай қарама-қайшылықтардың себептері неде? Бұл парадокстың басты себептері - адамдардың құндылықтық бағдарларының өзгеруі, рухани-адамгершілік қағидаларының әлсірей бастауы, соның салдарынан азаматтық сана-сезім мен әлеуметтік жауапкершіліктің жеткіліксіз деңгейде дамуы. Сондықтан ХХІ ғасырда өндірістік, әлеуметтік қатынастардың күрделенуіне қатысты адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп, білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі:

білім беру - мемлекеттің өркендеуінің маңызды қозғаушы күші;

білім беру - мемлекет бәсекелестігін сақтаудағы басымдықтардың бірі;

білім беру-мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы;

білім беру - әр тұлға үшін де, қоғам үшін де баға жетпес құндылық;

білім беру - адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.

Әр мемлекеттің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы оның жер асты байлығымен, қарулы күштерімен, экономикасының жетістіктерімен ғана өлшенбеуі тиіс, мемлекеттің дамуындағы негізгі көрсеткіштердің бірі - адами капиталдың даму деңгейі, адами құндылықтар сапасы. Бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе жатқан «білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған дұрыс.

«Білім беру» ұғымы 18-19 ғасырлардан бастап ғылыми айналымға еніп (Д. Локк, И. Г. Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып отыр. Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер бiлім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымы мазмұны жағынан да өзгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында білім берудің бірнеше анықтамалары кездеседі. Солардың көп тараған анықтамаларына тоқталып өтсек:

-Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өз өмірлік жолын құзырлы таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге және өзін-өзі дамытуға бағыт талған үрдіс. (А. Г. Асмолов) .

-Білім беру - жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын, оның қабілеттері мен мінез-құлқын жетілдіру үрдісі және нәтижесі (ЮНЕСКО) .

-Білім беру жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру үрдісі. (Педагогикалық энциклопедия) . Білім беру адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үрдісі (В. А. Сластенин) .

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білім алушыға тек академиялық білім беріп, білік пен дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның бойында әлеуметтік құнды іс-әрекеттерге қатыса алуы үшін өзіне де, қоғамға да қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан қарағанда білім берудің білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру міндеттері арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, физикалық қабілеттері жағынан толыққанды тұлға ретінде дамуы маңызды.

”Білім беру “ ұғымының мағынасы .

«Білім беру» ұғымының мағынасы. Білім беру ұғымының ауқымы кеңейген сайын, оның мазмұны да жан-жақты зерттеле бастады. Білім берудің әлеуметтік мәнін ашуда «білім беру философиясы» дегенұғым кеңінен талқылануда. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, оларды танып білуде, түсіндіруде кеңінен қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары ерекше жүйе ретінде қалыптасқан. Шығыстың атақты философы, ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби жалпы педагогика ғылымының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия ретінде қарастырған.

Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В. В. Краевский, Б. Л. Вульфсон, В. В. Кумарин, Б. С. Гершунский т. б. болған.

Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:

1) Білім беру философиясы қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылықтарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.

2) Білім беру философиясының мазмұны педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі.

3) Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.

Білім беру философиясының біртұтас нысанасы (объектісі) -барлық құндылықтық, жүйелілік, іс-әрекеттік, нәтижелік сипаттағы білім беру үрдісі. Білім беру философиясының зерттеу пәні - білім беруге қатысты пәнаралық теориялар, заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру құндылық ретінде
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Педагогика әдіснамасы
Білім беру жалпы адамзаттық құндылық ретінде
Білім берудің мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде анықтайтын
Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің рөлі
Ұйымның стратегиялық жоспарын әзірлеу: бәсекелестік артықшылықты құру стратегиясы
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Қазіргі замандағы білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz