Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ

«Қорғауға жіберілді»

Бағдарлама көшбасшысы
Кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. к., қауым. профессор

А. А. Көшекова

«» 2022ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мектепте жыраулар шығармашылығын оқытудың жаңа технологиялары

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша

Орындағандар: Жумабек Амина
Елтай Динара
Амангелдиева Жансая

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. к., қауым. профессор А. А. Көшекова

Алматы, 2022

Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе . . .: І Жыраулар шығармашылығын мектепте оқытудың тиімді жолдары.
3: 7
Кіріспе . . .:
  1. Жыраулар поэзиясының зерттелуі . . .
3: 7
Кіріспе . . .:
  1. Мектеп бағдарламасында берілген жыраулар шығармашылығының оқыту жайы . . .
3: 13
Кіріспе . . .:
  1. Жыраулар шығармашылығын оқытудың педагогикалық негіздері, тәрбиелік мәні мен оқыту әдістемесі . . .
3: 20
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 45
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 47

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Идеялардың мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған философия тарихы әдіснамасының бүгінгі таңда өз ұлтының түп-тамырына, салт-санасы мен ерекшелігіне назар сала бастаған тәуелсіз мемлекеттер үшін маңызы ерекше зор. Жалпы бұл дүниеде ғылыми таным үдерісі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары өзара үйлесім тауып, қордалана көрініс тапқан. Қазақ философиясы - халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік тетік. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста.

Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

Шығыс дәстүріндегі бай философиялық және әлеуметтік ой, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы - шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия.

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынайы реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.

Қазақ хандығы ұлттық мәдениет пен әдебиеттің өркендеуіне зор ықпал етіп, ерекше жағдай жасады. Жеке отау тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV-XVІ ғасырларда ең басты мәселе - жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды. Қоғамдық ой-сана, халықтың аңсары - ұлттық тұңғыш мемлекетті сақтап қалу болды. Ру-тайпаларды бір орталыққа бағындырып, ішкі алауыздықты тиятын, сыртқы дұшпандарға тойтарыс беретін, елдің қамын жейтін әмірші керек екенін халық жақсы түсінді. Мемлекет күшті болу үшін ақылды да айбарлы хан керек екенін біліп, хандық идеяны дәріптеді. Хандық идеологияны жақтап, үгіттеуге бар күшін салған жыраулар мен би-шешендер өздерінің құдіретті сөзімен, үлгі ісімен көп еңбек сіңірді. «

Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын зерттегенде осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру формасы ретінде түсініп, көркем әдебиет туындыларына салыстырмалы талдау әдісін қолданып, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы философиялық мазмұнды ашып көрсету үшін оны герменевтикалық тәсілдің көмегімен саралағанымыз жөн болады. Алаштың азаттығы үшін бастарын бәйгеге тіккен ерлер қай заманда да табылған. Олар елін жасытпау үшін, дұшпанын тасытпау үшін қаны мен жанын аямаған. Осылай сан ғасырға созылып, күні кешеге дейін жалғасқан ұлы күреске 20-ғасырдың соңында нүкте қойылды. Қазақ жылнамасының жаңа беті ашылып, тәуелсіздік тарихы тасқа басылды. 2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қазақстандық қоғамның қол жеткізген идеологиялық және саяси-әлеуметтік деңгейінің арқасында мүмкін болды. Стратегияда 2050 жылғы кезеңге дейінгі Қазақстанның әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени дамуының барлық стратегиялық анықтаушы бағыттарын қамтитын көптеген мәселелер ауқымы айқындалған. Бұл стратегиялық жоспарлау мен болжаудың инновациялық парадигмасына негізделген қазіргі әлемдік саяси тәжірибеде теңдесі жоқ құжат еліміздің мемлекеттік органдары, ғылыми-гуманитарлық және сараптамалық қауымдастығы алдына бірқатар түбегейлі жаңа міндеттерді қояды. Елбасы Стратегияда мемлекетіміз Мәңгілік ел болу жолындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісіне теңей отырып, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біздің аспан астында адамзат баласы қанша жасаса, сонша ғұмыр кешетін ұлы ел бола алатынымызды атап өтті. Халқымыз сан ғасырлық тарихында бастан өткерген қиындықтардан ой түйе отырып, ондай сәттерді кейінгі ұрпақтың көрмеуі үшін еңбек ету - біздің негізгі мақсатымыз, тиісінше, ерен еңбек арқылы жеткен жетістіктерімізден пайым жасай отырып, болашақ қазақстандықтар одан биік белестерді бағындыруына жол салу біздің басты мұратымыз болуы тиіс. «Қазақстан-2050» стратегиясы ел болашағының дүниетанымдық жаңа үлгісін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр. Бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуы тиіс. Олар ұлттың тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан да Мемлекет басшысы «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетті.

Қазақ ойшылдарының шығармалары мен саяси-құқықтық көзқарастары бүгінгі күні де өте маңызды. Олардың ұлттық мемлекетке деген көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін ғана емес, саяси тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген барлық мемлекеттер үшін де ерекше. Қазіргі жаһандану процесінің кең етек жайып, барлық рухани-мәдени байлығымызға әсерін тигізіп, өз үстемдігін жасауға талпынған дәуірде өз болмысымызды, ұлттық ерекшеліктерімізді, тіліміз бен ділімізді әлемдік рухани мәдениеттің бір бөлігі, ерекше түрі ретінде сақтап қалуға талпыныс жасап отырған кезде тарихқа, ата-баба даналығына арқа сүйеп, мәдени мұраны қалқан тұту үшін оның ерекшеліктеріне ден қойып оқып-білуі қажет деп ойлаймыз.

Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби мұраларының маңызды орын алатындығы белгілі.

Дүние танымы, ақыл-парасаты өзге ұлттар мен халықтардан бір де кем түспейтін дана халқымыз өмір сүру, шаруашылық кәсібі салтына орай өзінің арманы мен мұңын, ой-толғаныстарын шешендікпен ауызша түрде айтумен қатар, жазып та тәлім-тәрбиелік ойларын әр түрлі тәсілдермен ұрпақтарына насихат, өсиет етіп қалдырып отырған екен.

Зерделі ұрпақ ата-бабаларының өнегелі ойлы сөздері мен өлең-жырларын бірінен-біріне жеткізіп мұра етіп отырған. Ауызша айту дәстүрінің әсерінен және тарихи жағдайларға байланысты көптеген әдеби мұралардың біздің дәуірімізге түгелдей сол күйінде жетпегені де белгілі.

Хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындардың телегей теңіздей жырларының аздаған үлгілерінің ғана жетуі бұл ойымызға дәлел болады. Әрісін айтпағанның өзінде уақыт жағынан дәуірімізге жақынырақ болып келетін XIX ғасырда өмір сүрген сөз шеберлері шығармаларының өзі де толық жетіп таныла қойған жоқ.

Заман шындығын әрқайсысы өз танымдары тұрғысынан қарап оны өз шығармаларында көркем бейнелей білген ақындардың шығармаларына кеңес дәуірінде әр түрлі пікірлер айтылып, әрқилы бағаланып, көптеген сөз зергерлерінің шығармашылықтары жете зерттелмей, көпшілік қауымға біржақты ғана айтылып, шығармаларының жариялануының өзіндік қиыншылықтары болып келгендігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазіргі кезде ашық айтыла бастады.

Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың басшылығымен арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынып, оны іске асыруға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр. Кеңес дәуірінде зерттелмей, халқымызға толық танылмай келген рухани, әдеби мұралардың қатарында кезінде өз бағасын ала алмай келген зар заман әдебиетінің XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ақындардың қатарында өз шығармаларына заман шындығын арқау етіп, оны көркем бейнелей білген көптеген ақындардың шығармашылықтарының әлі де халыққа жан-жақты танылмай келген жақтары бар.

Қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әлеуметтік қайшылықтар да айқындала береді. Әр топ өз көзқарасын тарату мақсатында идеологиялық құрал іздейді. Кейбір үстем тап өкілдерін әдебиет осы мақсатта пайдалануға әрекет жасады, оған сый - сыйапат көрсетіп, өз пікірлерін таңып, қошаметшіл поэзиясының кейбір түрлерін туғызды.

Қара күш біреудің беделін күшейтеді, екінші біреуді төмендетеді. Поэзия әлемінде бір адамның екінші біреуді қалай жеңгенін, қандай олжа түсіргенін жырлау пайда болды. Жеңімпаздар жеңілгендерді өзіне бас идіреді және өздерінің құқықтарын мойындатады. Осы тұста поэзияда қошеметшіл жырлар туады. Ал, кейнірек, жеңімпаздар озбырлығы күшейе келе, жеңілгендердің күңкілі, үні естіле бастайды, олар наразылық білдіреді. ΧІІІ-ΧІV ғасырлар - моңғол шапқыншыларының зардапты дәуірі. Бұл кезде әдебиеттің дамуына қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық әдебиет тоқырап, тіршілік қызығынан түңілген сопылық поэзия өріс алды. Қазақ хандығының дербес өмір сүруіне байланысты бұл тұста оның әдебиеті, әдеби тілі қалыптасуға бет алды. Ілкі шығармаларда жоқтау сияқты салт жыры ертегі - аңыздар басында болса, кейін жеке адамды дәріптеген туындылар көбейіп, әдебиеттің мақсаттары айқындала бастады. Әуелі қиял - ғажайып аңыздар туды, онда адамның әртүрлі ғаламат күштерге қарсы күресі бейнеленді. Бұл жағдай тарихи сюжеттерді өмірге әкелді. Қолбасы батырлар не хандар дәріптеліп, олардың қаһармандық бейнелері жасалды. Халықтық туындылардың ол кезде шығарушылары шешендер мен жыраулар еді.

Әр тұста ағаштан түйін түйіп, қышпен тасқа ою ойып, мәрмәрдан мүсін салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген, тіл құдіретін игерген асыл сөз шеберлері болған. Оларды халық әртүрлі атаулармен атап қадірлеген. Айталық, қапияда сөз тауып, өз сөзінің жүйелі логикалы күшінің арқасында асқынған дауды шешкен, бітіспес жауды бітімге жүгіндірген, жүрместі жүргізген өнерпазды халық - шешен деп атаса, заманының қоғамдық ойын жүйелеп, түйінді пікір айтып, асыл сөзді термелеп, афористік ақылдарға толы жыр шығарған сөз өнерпаздарын - жырау деген атауға ие еткен.

Зерттеудің объектісі. Курс жұмысының бас‬ты зерттеу объектісі ретінде жыраулар поэзиясы болып табылды.

Жұмыстың мақсаты мектепте жыраулар поэзиясын оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Осы жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылынды:

- қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеяларын анықтау;

- ақын-жыраулар мен билердiң шешендiк сөз өнерiндегi тәлiмдiк ойларын қарастыру;

- жырау мен жыршылық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы туралы айтып кету;

- жыраулар поэзиясындағы толғауларды оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау;

- мектепте жыраулар поэзиясын оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдері жайлы айтып кету.

Зерттеудің әдіс‬тері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланыс‬ты сипаттама, салыс‬тырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру әдіс‬тері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жыраулар шығармашылығын мектепте оқытудың тиімді жолдары

1. 1 Жыраулар поэзиясының зерттелуі

Қазақ хандығы көптеген тайпалардың - қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т. б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХVІ ғ. бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары - Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.

Осы тарихи оқиғалар туралы ірі эпикалық шығармалар, көптеген әндер сақталған. Халық зұлымдық, басқыншылық, жаугершілік туралы қайғылы әндер шығарған, шетел басқыншыларына қарсы күрескен, ел қорғаған батырларды жырлаған:

Бұл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі түрі. Көшпелі тұрмыс және шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар көптеген жауапты қызметті атқарған болатынды: өзінің ақылды, жалынды сөзімен жауға қарсы рулардың күшін біріктіруге шақырды, олар көп жағдайда тайпалардың көсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары болды [1, 29 б. ] .

Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған. Толғау - белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.

Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т. б. ерекше атауға болады.

Жыраулар поэзиясы - қазақ мәдениетіне ғана тән бірегей тарихи-мәдени құбылыс. Бірегей құбылыс болатын себебі - дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дәлме-дәл сәйкес келетін әдеби шығармашылық иелері де, шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дәуірлес өзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзе, өзіне ғана тән мазмұнмен және өзіне ғана тән пішінімен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр.

Жыраулар поэзиясы кемелдене өркендеген ХV-ХVIII ғасырларда қазақ баласы бастан өткерген жағдайлар мен оқиғалар жайын осыған дейінгі тұстарда шолу сипатында ұсынған болатынбыз. Ал сол оқиғалардың бастауында тұрған ең маңыздысы - 1456 жылы дербес Қазақ хандығының құрылуы. Содан кейінгі оқиғалардың барлығы дербес Қазақ мемлекетінің құрылуына өзге жұрттардың көзқарасына, қарым-қатынас сипатына т. с. с. жағдайларға байланысты туындағаны шүбәсіз. Демек, жыраулар поэзиясының ХV-ХVIII ғасырларда қанат жая дамуының ең негізгі себебі - жыраулардың дербес елде өмір сүріп, өз елінің тағдырына, болашағына қатысты ойларын ашық айтуға мүмкіндік алуында жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретін­де тану абзал.

Әлбетте, қазақ жыраулары тарихи-мәдени құбылыс ретінде бір ғана жыл аясында пайда бола қалмағаны анық. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дәуірі ХV-ХVIII ғасырларға тән болғанымен, оның алғашқы бастаулары ХV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны және жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы жыраулар болғаны шүбәсіз. Аңызбен астасып кеткен тұлғалар арасынан өмірде болғандығы күмән келтірмейтін жырау - Сыпыра Сұрғалтайұлы. Себебі халыққа кеңінен таралған эпостық жырларда, сондай-ақ кейінгі жыраулардың жыр-толғауларында Сыпыра жыраудың есімі аталып қана қоймай, оның өзі өмірде болған адам ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, оның бүгінге дейін жеткен жыр-толғаулары да Сыпыра жыраудың тарихи тұлға екенін дәйектей түседі.

Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтың атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін - көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады.

ХV-ХVІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.

Оны ХV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көне басшысы бола білген Асан Қайғы шығармашылығынан байқауға болады. Асан қайғы - қазақ даласынан шыққан ойшыл-философ, аты аңызға айналған, ел қамын ойлаған данышпан ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты» іздеп желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұйықты» таба алмай қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықты, көк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені әлеуметтік өмір мен рахат өмір болатын. Оны философтар қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп атайды.

Халқының сол замандағы хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен Асан Қайғы, заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов айтқандай, халық мұңын арман етіп, алысты меңзеген, өзі үшін емес, елі, жұрты үшін іздеген ел қамқоры…

Асан Қайғы қазақ қоғамының болашағы үшін барша жұрты бай, кедей деп бөлмей, адамгершілікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ қонады деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа адал еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас еді [2, 39 б. ] .

Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан Қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, қазақ жерінің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады…

Асан Қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктіріп кетер едім, әттең, желмаям көтере алмайды-ау! Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын, тып-тыныш мамыражай ел екенсің», -депті.

Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Екі баласы: «Маңғыстау м алға жайлы қоныс бола ма?»-деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», - деген екен.

Шыңғырлауды көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірдің»- деп үш айналады да, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып, - «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-аунап кетейік», -депті.

Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», -депті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Бұның сөз үлгісі, шығармасы - толғау
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz