ЖАСЫЛ ХИМИЯ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жасыл химия тұжырымдамасын және заманауи фармацевтикалық өндірісін енгізу
Мазмұны
1.Кіріспе
ЖАСЫЛ ХИМИЯ
2.Негізгі бөлім
ЖАСЫЛ ХИМИЯ принцәптері
Қазақстанда фармацевтика нарығын дамыту
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттердің тізімі

ЖАСЫЛ ХИМИЯ- зиянды және улы химикаттарды пайдалануды қысқарту немесе жою үшін түбегейлі жаңа инновациялық бағыт.
Жасыл химия - қоршаған ортаға зиянын тигізбей, керісінше жетілдіруге бағытталған тұтас химияның ғылыми бөлігі. Бұл бағыт XX ғасырдың 90-жылдары пайда болды.

Химиялық реакциялар мен үрдістер әлемнің кез келген зертханасында толассыз іске асады. Бірақ, соңғы жылдары өндірушілер қауіпті элементтер мен зиянды қалдықтарды өндіретін химиялық реакциялармен жұмысты азайта отырып, оны өндірудің өзге жолдарын іздеуге кіріскен.

1998 жылы П.Т. Анастас және Дж.С. Уорнер "Жасыл химия теориясы мен тәжірибесі" кітабында "Жасыл химияның" негізгі 12 қағидасын атаған болатын.

Жасыл химия тек қауіпсіз өнеркәсіптік процестерді өндіретін химия ғылымының саласы деп қана айтуға болмайды.
Жасыл химия - қоршаған ортаның ластануын болдырмау және жоюға бағытталған революциялық философия деп те айтуға болады. Сондықтан да Жасыл химияны - тұрақты даму жолындағы химия деп те атайды, себебі жасыл химия бүгінгі тіршіліктің сапасын жақсартуды ғана ойламайды, болашақ ұрпақтың да өмірін жақсартуға бағытталған, қазіргі таңда жасыл химия химия ғылымының да шегінен шығып, энергетикадан бастап, қоғамның тұрақты дамуына дейінгі салаларға таралып отыр.

2013 жыл 30 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің № 577 Жарлығымен Қазақстан
Республикасынның Жасыл экономикаға көшу тұжырымдам қабылданды.
Ол 2050 жылға дейін аяқталуы тиіс.
Жасыл экономикаға көшудің негізгі міндеттерінің бірі жасыл химия тұжырымдамасының принциптерін енгізу. Себебі химия өнеркәсібі және оның өнімдері қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.

Жасыл экономиканы енгізу жаңа жұмыс орындарын тудырып, саланы жасылдандыру ғана емес, сонымен қоса жасыл сана кеңінен енгізу болып табылады.
Жасыл химияның негізі
Өмір сүру сапасы
Нано- технология
Тұрақты даму
Қоршаған ортаны сақтау
Халықтың жағдайы
Жасыл химияның 12 принциптері:

Алдын алу.

Қалдықтардың пайда болуына кедергі жасау, олармен күресу, өңдеу немесе жою. Қалдықтарды қайта өңдеп, тазалағанша, шығындарды болдырмау керек.
Атомды сақтау.

Синтез барысында пайдаланылатын көптеген атомдармен қамтылған реагенттер синтетикалық әдістер пайдалану кезінде, соңғы өнімнің құрамы өзгермеу керек. Синтездеу әдісін таңдағанда процессте қолданылған барлық материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау керек.
Процестер мен синтез өнімдері тәуекелін азайту.
Барлық практикалық жағдайларда улы немесе токсикалық емес заттардың пайдаланылуын немесе синтезделуі кезінде адамға және қоршаған ортаға зияны болмайтын заттар қолдану. Синтездеу әдісін мүмкіндігінше пайдаланылған және синтезделген заттардың барлығы адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау керек.
Жасыл материалдарды жасау.
Үздік функционалдық сипаттамалары және ең төменгі уыттылықты технологиялар жаңа материалдарды қолдану. Жаңа химиялық өнім жасау кезінде бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту керек.
5.Қауіптілігі аз көмекші заттарды пайдалану.
Қосалқы реагенттерді (еріткіштер,экстрагенттер және т.б.) синтездеу процестерінде мүмкіндігінше өолданбау. Өндірісте жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді қолданбауға тырысу қажет. Егер оларсыз мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы шарт.
Энергияны үнемдеу.
Химиялық заттардың энергия шығындарына байланысты экологиялық және экономикалық шығындары туралы есептеме беру. Міндетті түрде энергетикалық шығындардың және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтездеу барысында қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс.
Жаңартылатын шикізатты пайдалану.
Техникалық жағдайда және экономикалық жағынан барлық жағдайларда жаңартылатын шикізатты таңдаған жөн. Нәтижесінде, аралық кезеңдер саны азаяды. Бастапқы және жұмсалған материалдар қалпына келетіндей болуы тиіс. Сонда ғана экономикалық және техникалық жағынан тиімді болады.
Каталитикалық процестерді қолдану.
Ағзаның биологиялық ыдырауы
Өнімдердің химиялық құрамы олардың өмірлік циклдің соңында деградациялануын жеңілдету керек.
Аралық кезеңдер санының азаюы.
Оны азайту немесе тіпті қажетсіз қалдыру керек, өйткені аралық кезеңдер қосымша қалдықтарды тудырып және реагенттерді тұтынуды көбейтеді.
Нақты уақыт шкаласында аналитикалық бақылауды қамтамасыз ету . Қауіпті қалдықтардың пайда болуын болдырмау үшін,
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін аналитикалық әдістерді әзірлеу (нақты уақыт режимінде мониторинг және бақылау)
Жазатайым жағдайлардың алдын алу.
Химиялық үрдістерде қолданылған заттар мен олардың түрлерін таңдағанда химиялық қаупі (жарылыс, өрт, қопару) минималды болатындай таңдау шарт.
Жасыл химия бүгінгі күні 3 негізгі бағыт бойынша дамуда:
1.Жаңа таза "жасыл синтездеу" әдістерін жасау (әсіресе каталитикалық реакциялар);
2.Дәстүрлі органикалық еріткіштерді жаңа таза "жасыл еріткіштерге" ауыстыру;
3.Қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан химиялық өнімдер алу. Нақты әлемде абсолютті қауіпсіз технология, абсолютті зиянсыз өнімдер т.б. болмайды. Тек қоғам үшін тиімді қауіптілік деңгейіне жету және сол деңгейді ұстап тұруымыз мүмкін. Сондықтан да қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені барынша азайтатын жаңа технологияларды іздеу проблемасы бүгінгі таңда өзекті проблеманың бірі.
Мұндай технологияларды таңдаудың негізгі критерийлеріне тек экономикалық тиімділігі ғана емес, экологиялық тиімділігі де ескеріледі. Экологиялық тиімді үдерістерді жасау кезінде дәстүрлі үдерістердегі ұстанатын басты тұжырым химиялық шығымды ғана ескеруден бас тартып, экономикалық тиімділікті бағалайтын зиянды ағын сулар болмайтын, улы немесе зиянды заттарды пайдаланудан бас тартатын тұжырымдаманы ескеруге көшуді талап етеді. Ең ірі инновацияны Р.Шелдон ұсынды: Ефактор = қалдық массасы мақсатты өнім массасы, бұл химиялық үдерістің экологиялық тиімділігін бағалау өлшемі, үдерістердегі мақсатты өнімнің шығымын бағалағаннан ғөрі, үдерістердің экологиялық әсерін бағалаған дұрыс.
Қазақстанда фармацевтика нарығын дамыту
Республикамызда дәрілік заттардың өндірісі өте баяу дамуда деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндіріс орындары Республикада тұтынылатын медикаменттер көлемінің құндық көлемінде 10%-дан аспайтын деңгейді көрсетеді. Алайда біздің Республикамыздағы ішкі фармацевтикалық нарық жоғары қарқында өсуде, бұл ахуал республика тұрғындарының әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруымен халықтың әл-ауқатының өсуімен тікелей байланысты болып отыр. Халықтың қымбат жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізгі бағыттары
Жасыл химия принциптерін оқытудың әдістемесін жасау, оны енгізу жұмыстары
Көміртек диоксиді
“Белгiсiз затты анализдеу” ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша есеп беру
Қаратау фосфорит алабы
Көк түсті ерітінді
Шайдың адам ағзасына әсері
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Ойын технологиясын химия пәнін оқытуда қолдану
Белгісіз заттың аниондарын анықтау
Пәндер