Полития мемлекеттің орташа нысаны


ҚР Білім және Ғылым Министірлігі
Алматы қаласы заң коледжі
Реферат
Тақырыбы:Мемлекет нысандары
Тексерген:Сандуғаш Нурабаева
Орындаған:Әдепхан Адақ
2021-2022 оқу жылы
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады. Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет және құқық теориясы құқық пен мемлекеттің шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ.
Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі.
Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.
Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
- жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
- жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті - мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.
Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты - барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. «Азаматтық қоғам» түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, «өндірістік қатынастар» ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде «азаматтық қоғам» - бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді
Мемлекет дегеніміз - қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің үш белгісі бар, ол атап айтқанда, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі болды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz