Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.
- тарау. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОҚУ АҒАРТУ ІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ. Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі.
1. 2 Патшалық Ресейдің миссионерлік саясаты және білім берудің дамуы
1. 3 Сыр бойындағы мұсылман мектептерінің дәстүрлі білім берудегі рөлі және жәдидшілдік.
2- тарау. РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ЫҚПАЛЫМЕН САЛЫНҒАН СЫР БОЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ.
- Перовск уезіндегі алғашқы орыс - қазақ мектебі (училищесі), құрылуы, тарихы.
- Қазалы уезіндегі оқу - ағарту ісінің қалыптасуы.
- «XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Сыр бойындағы оқу - ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбына оқыту әдістемесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр. Міне, осыған байланысты, ХІХ ғасырда Қазақстанда қалыптасқан, адамдар санасын өзгерту, халықтың басым көпшілігінің əлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсетуде ағартушылықтың маңызы, əрине, зор. Себебі сонау Жаңа дəуірде қалыптасқан бұл дүниетанымдық ағым қоғамдағы өзгерістермен ұштасып, олардың негізінде ізгілік, əділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге болады деген идеяны ұстанып, қоғам өміріне көп өзгерістерді енгізуге ықпал етуде болды. [38, 9 б]
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістер, əрине, бірден қалыптасқан жоқ. Оған алдыңғы қатардағы адамдар да өз септігін тигізді деп айтуға болады. Сондықтан да болар, Президентіміз Қазақстанның келер ғасырдағы басты даму бағдарын белгілеп, берген стратегиялық жоспарларында халықтың рухани жаңаруына ерекше көңіл аударады. Оның айтуынша: «Адамның ой-санасын бір сəтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен жəне де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған əлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» [1] . Сол жылдардың өту барысында қазақ қоғамдық өмірінде ағартушылық көзқарастардың ерекшелігі мен маңыздылығы өте жоғары.
Қазақстанда ағартушылық ойдың мəнін түсінуде қазіргі отандық ғылымда келесі теориялық жəне əдіснамалық қағидалар қалыптасты.
Аталмыш, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты-тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мəдениетімен кең танысу жəне сол арқылы еуропалық өркениетпен сусындау - Ресейге бодан кезеңінің нəтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпы ресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстандағы ағартушылық идеологияны зерттеуде жалпы ағартушылық құбылысқа тəн белгілермен қатар, оны тудырған мəдени-əлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару қажет. [37; 86-87 бб] .
Жалпы, ағартушылық феномені Жаңа дəуірде Еуропада пайда болғаны белгілі. Онда рационалистік парадигма үстемдік етті, адамзат ғылым мен білім ұстанымы бірінші қатарға қойылды. Осындай жалпыға бірдей тəртіптен Қазақстан да тыс қалмады. Дегенмен, Еуропа жəне Ресеймен салыстырғанда ағартушылық феноменінің себептері мен қызметтері бізде басқаша болды. Сонымен қатар, Қазақстанда ХІХ ғ. қазақ мəдениетінде де, саяси-экономикалық өмірінде де көптеген тенденциялар орныға басталғаны бəрімізге белгілі. Бұл үрдістің, əсіресе, халық ағарту саласындағы өсуі айқын сезілді. Ал оның түпкі тамырын да, тарихын да ұлы ойшылдар мен жеке тұлғаларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қазақ халқының рухани мəдениетінің даму тарихында XIX ғасырдың екінші жартысы өзгерістерге толы болды. Соған байланысты дəл осы кезде Қазақстанда ағартушылық мəдениеті пайда болып, дамиды. Адам ойының жəне ғылымның даму жолында дін тұрған жерде ағартушылық дүниетаным пайда болады. Бұл қазақ ойларының тарихындағы өте ғажайып феномен болды десек, қателеспейміз.
Сондықтан еліміздегі алғашқы ағартушылық ойлардың ерекшеліктерін, саяси мазмұнын бағалау үшін, əр бір ойшылдардың көзқарастарына тоқталу қажеттілік туындатып отыр. Бұл жолда қазақтың ірі əдебиетші-ғалымы, қоғам қайраткері, жазушы М. Əуезовтың келесі пікірін ескерсек, қателеспейміз: «Қазақ ССР тарихының өткен ғасырын еске алсақ, көзге толық, көңілге медеу үш адамды алдымен айтамыз. Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар - үшеуі үш мұнарадай болған: Шоқан, Ыбырай, Абай» [39] .
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі өткен тарихымызды қайта қарастырып, жаңа қырынан баға беруге мүмкіндік береді. Тарихтың ақтаңдақ беттерін ақиқатпен толықтыру арқылы өткен тарихымызды еске алып, өткенімізді білуге және оны бүгінгі көзқарас тұрғысынан түсінуге халқымыздың ынтасы күн сайын арта түсуде. Сондықтан да, ұлттық санасы оянған қазақ халқының өткенін әділ баяндау қажет. Қазіргі таңда Отан тарихында бірқатар көкейтесті мәселелер жаңа көзқарас тұрғысында ғылыми негізде зерделенуде. [40, 6 б] Оның көзге түсетін тұстарының бірі - қазақ жеріндегі Патшалық Ресей империясына тәуелді болғаннан бергі тұстағы Сыр бойындағы оқу - ағарту ісінің қалыптасып, дамуының ерекшелігін баяндау. Сол замандағы мұсылмандық білім берудің де маңыздылығын зерделей отырып, тарихын және дамуын айқындап беру өзекті мәселе ретінде қарастырылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Бүгінгі күнге дейін аталмыш тақырыпқа арнайы тарихнамалық талдау жасалмағандығы Қазақстан тарихының патша, кеңес дәуірінде арнайы зерттелмегендігінен болып табылады. Сыр өңіріндегі мәдени оқу - ағарту ісінің даму тарихын қарастыру негізінен әлеуметтік - экономикалық және демографиялық дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да тақырыпты зерттеу шеңбері де өте кең. Осыған байланысты Сыр өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы ғылыми еңбектерде бірсыпыра көрініс тапқанмен, оның дамуы туралы ғалымдардың зерттеулерінде жалпы Қазақстанды алып қарастырған кезде үзінді ретінде беріліп отырған. Сол себептен де Сыр өлкесіндегі оқу - ағарту ісінің даму тарихы мәселесі кешенді ірі зерттеу жұмысы әрі жүргізіле қойған жоқ. Бірақ та бұл мәселе бірқатар ғылыми жұмыстарда жанама түрде болса да қарастырылған. Біз қарастырып отырған кезеңдегі Сыр бойындағы оқу -ағарту ісіне қатысты жарық көрген еңбектерді революцияға дейінгі, кеңестік дәуірдегі және КСРО ыдырағаннан кейінгі, яғни тәуелсіздік кезіндегі деп үш топқа бөлуге болады.
К. П. Кауфман өз еңбектерінде «мектеп мен медреселердің ағарту ісі заман талабына сай болмағандықтан, заңды үрдіс негізінде өзінен - өзі ыдырайды» деп түсініп, «өзге халықтарды қорқынышқа бөлемей, аралас орыс - түзем мектептер империя мүддесін өз дәрежесінде орындайды» деген ойға келді. Ал, Н. П. Остроумов мұсылмандық мектептер мен медреселер тарихына байланысты бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл еңбектерінде, ол мұсылман оқу орындарының дамуына тосқауыл қою жолдарын қарастырған. Себебі, мұсылмандық оқу орындар өлкенің орыстандырылуы мен шоқындырылуына кедергі болған еді. Оның пікірінше орыстандыру саясатының бірден - бір жолы ретінде «қазақтар мен орыстарды біртұтас саяси - мемлекеттік құрылымға біріктірудегі негізгі буын ағарту саласы» - деп, пайымдады. Сонымен қатар Ильминский де өз жұмыстарында бұратана халықтарға арнайы әліпби жобасын әзірлеп, мұсылмандық оқу орындарында пайдалану арқылы, орыстандыру мақсатын көздеген, оның барлық еңбектері орыс православиялық миссиясы тұрғысынан жазылған.
Ал, Н. П. Остроумов, мұсылмандық мектептер мен медреселер тарихына байланысты бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл еңбектерінде, ол мұсылман оқу орындарының дамуына тосқауыл қою жолдарын қарастырған. Себебі, мұсылмандық оқу орындар өлкенің орыстандырылуымен шоқындырылуына кедергі болған еді. Оның пікірінше орыстандыру саясатының бірден-бір жолы ретінде «қазақтар мен орыстарды біртұтас саяси-мемлекеттік құрылымға біріктірудегі негізгі буын оқу-ағарту саласы» - деп, пайымдады. Жалпы алғанда, Сыр бойының Ресей империясының отарына айналуы мен салдары жөнінде деректерді Н. И. Ильминский [5], Н. П. Остроумовтың [6-7], алғашқы генерал - губернатор К. П. Кауфман [26], Н. И. Крафт, В. Н. Каплун, В. П. Вощинин, А. И. Добромыслов, Н. И. Веселов, В. Задорская мен Г. Александров, Т. Седельников, П. П. Румянцев, М. А. Терентьев [43, 567 б. ] еңбектерінен табуға болады.
Егемендігімізді алып, еңселі ел болғалы бері етек жеңімізді жинап, әдебиетіміздің тарихына көз жүгірттік. Десек те, Сыр өңірінің жәдидшілдік туралы қалам тартқан бір топ өлкетанушы ғалымдардың қатарында М. Қ. Кереев, А. Х. Айдосов [4], Мырзалиева Э. Қ., [15] Қамзабекұлы Д., [16] Эгамбердиев М. Ш., Кәрібозұлы Б., Сәдуақасұлы Ж., Мыңжасов Н., Тайман С. [17] туралы айтуға болады.
Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді.
Алайда Кеңестік кезеңде жәдидшілдік туралы шығыстанушы - ғалым Конрад Н. Н. [35] империя құрамындағы түрік халықтарының мұсылмандық оқу - ағарту ісі туралы жазбаларында кездеседі.
Бұл еңбектерде Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің жүзеге асырылуы, халықтың орысша сауаттылық деңгейі туралы мәліметтер бар. Дегенмен, бұл еңбектер патша үкіметінің саяси мүддесі тұрғысында жазылғандықтан да, мұнда қазақ халқына рухани салада жасалған қиянаттары көрсетілмеген, ол тек уақыт өте келе, қазіргі таңда мұрағат деректері бойынша ғана тарихи шындық тұрғысында қайта қарастырылуға мүмкіндік алуда.
Осындай бағытта жазылған келесі еңбектің авторы С. М. Граменицкий. Ол Қазақ даласындағы халықты ағарту ісін Сырдария облысы бойынша «Очерк развития народного образования в Туркестанском крае» атты еңбегінде баяндап, онда орыс халқының «Ұлылығы» мен «өркениеттілік миссиясын» баса көрсетіп, орыс емес халықтардың білім алуы мен оның жүзеге асырылуы жағдайынан хабар береді [10, 75-б. ] .
Тарихнамалық шолу зерттеу тақырыбына қатысты зерттеулердің әлі де қажет екендігін көрсетеді. Оның ішінде, тағы қазақ тіліндегі зерттеулердің тапшылығы. Олай болса, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ислам дінінің тарихын зерттеу сұранып тұрған тақырып екенін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының нысаны . Қазіргі таңда ақиқатты және заман талабына сай зерттеуді қажет ететін тарихымыздың аз зерттелген, әлі де күрделі, өзекті мәселелерінің бірі - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Сыр бойындағы оқу - ағарту ісі болып табылады. Сол кездегі Сыр бойындағы ағартушылық өмірдің жандануы, оның қазіргі кездегі тарихи маңызы, аймақтағы аталған уақыт шеңберіндегі мәдени, рухани, ағартушылық өміріндегі түрлі өзгерістер, жаңалықтар, әртүрлі оқиғалар, оның салдары мен себептері, аталған дипломдық жұмыстың нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері . Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басын қамтиды. Бұл кезең - ағартушылық дамудағы өзіндік ерекшелікке толы кезең болып табылады. Өйткені, бір жағынан бұл кезде Ресей отаршылдарының қазақ даласына толығымен өздерінің отаршылдық саясатын орнатып, оны одан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде тереңдету үшін әр түрлі шаралар жүргізумен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ халқының рухани ояну, өз азаттығы, тәуелсіздігі үшін күрестің жаңа кезеңінің басталғанымен ерекшелінеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Сыр өңіріндегі оқу- ағартушылық және де діни қалыптасуы мен дамуы және бұл мектептердің өлкеміздің рухани-мәдени өміріндегі 19 ғасыр мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы рөлі мен тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету - зерттеу жұмысының басты мақсаты.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының міндеттеріне төмендегідей мәселелерді қарастыру болып отыр:
- Отаршылдық саясатпен енген Сыр бойындағы оқу - ағартудың қалыптасуы, миссионерлік саясатымен бірге білім берудің дамуын атап көрсету;
- Қазақ халқында діни - ағартушылық бағытының таралуы;
- Сыр бойындағы діни - ағартушылық мектептерінің тарихи орны мен маңыздылығы;
- Перовск және Қазалы уездеріндегі алғашқы мектептердің ашылуы, құрылуы, тарихын айту;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Дипломдық жұмыстың басты ғылыми жаңалығы - ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мол экспедициялық деректері және бұрын жарияланған еңбектерді сыни тұрғыдан талдау негізінде жинақтап, жүйелеп, Сыр бойында 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ашылған алғашқы мектептер, училищелердің, ағарту жұмысының тарихын толыққанды кешенді зерттелуі болып табылады. Зерттеуге енгізілген жаңалықты былайша топтауға болады:
- XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Сырдария бойының оқу - ағарту, мәдени тарихнамасы сараланып, мәселенің деректік негізінде талдау жасалынды;
- Сыр бойындағы Патшалы Ресей империясының отарлық саясаты кезіндегі ағарту тарихына қатысты мұрағат құжаттарының жазбалары, ескерткіштері, сараланып, жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізілді;
- Сыр бойындағы Қазалы, Перовск сияқты ірі қалалардағы алғашқы мектептердің ашылуының тарихын зерттеуде жаңаша толыққанды зерттеу көрсетілді;
- Оқу - ағарту саласына өңірдің ағарту саласындағы жетістіктері мен орын алған келеңсіз салдарлары туралы толыққанды мәлімет берілді;
- Аталған дипломдық тақырып бойынша алынған деректердің қазіргі замандағы өңірдің тарихын зерттеуде маңызын ашып көрсетілді; Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы Сыр бойындағы оқу - ағарту ісінің дамуы мен қалыптасуын зерттеуде мынадай тұжырымдар ұсынылды:
Сыр бойындағы отарлау саясаты мен білім берудің қалыптасуы туралы айтылды; Өңірдегі білім берудің миссионерлік саясатының қалыптасуы туралы; Ресей империясының қазақтарға білім беруі тек бастапқы сауат ашумен шектелді; Тарихи деректерге сүйене отырып, «империялық» білім беру ісі жергілікті қазақ халқы тарапынан жоғары бағаланбағанын байқауға болады; Сыр бойындағы діни - ағартушылық мектептерінің тарихи орны мен маңыздылығы анықталды; Қазақ халқында діни - ағартушылық бағытының таралуы; Сыр өңіріндегі ірі уездер Перовск және Қазалыдағы орыс - түзем мектептердің ашылу және құрылу тарихы туралы мәліметтер берілді;
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысын талдауда соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістер негізге алынды. Тарих ғылымында Қазақ даласында аталған уақыт шеңберінде оқу - ағарту жүйесінің қалыптасуы туралы және сол замандағы әртүрлі әлеуметтік қарама - қайшылықтар, отарлау саясатының күшейе түсуі, Ресей империясының оқу - ағарту жүйесін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы тарих ғылымында орныққан тұжырымдар басшылыққа алынды, тарихи-ғылыми, қоғамдық-саяси ойлардың озық тұстары пайдаланылды. Зерттеу барысында плюралистік көзқарас методологиялық негіз ретінде басшылыққа алынды.
Дипломдық зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау және қорыту, жүйелілік әдістері құрады. Сонымен қатар тарихи ұстанымдар мен тұжырымдамалық ережелер, танымдық теория негізге алынды.
Зерттеу жұмысының деректемелік көзі . Зерттеу жұмысының негізгі көздерін қазақ даласын зерттеуге келген орыс ғалымдарының ғылыми экспедициялық мәліметтері, жазба очерктері, ескерткіштері, кешенді деректануға негізделген үлкен тобы құрайды. Оған "Способны ли кочевые народы Азии к усвоению христианской веры и христианской культуры», "Отчет Туркестанской учительской семинарий за 25 лет ее существования», "Бендриков К. Е. очерки по истории народного образования в Туркесане (1865-1917 годы) », «Россия и Восток», «Казахско - русские отношения в XVIII-XIX веках. /Сб. Документов и материало», «Мусульманские мактабы и русско-туземные школы в Туркестанском крае», «К истории народного образования в Туркестанском крае. Личные воспоминания», «Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам» «Очерк развития народного образования в Туркестанском крае».
Жоғарыда аталған деректік қайнар көздермен қатар зерттеу тақырыбына қатысты жазылған ғылыми және қазақ баспасының кейінгі шыққан әдебиеттер, жергілікті тарихи энцеклопедиялар, атап айтқанда Кәрбозұлы Б., Сәдуақасұлы Ж., Мыңжасов Н., Тайман С., Досманбетов Б., Кереев М. сынды жергілікті авторлар еңбектері негізінде алынған.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Дипломдық жұмыста жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады. Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы тарихи кезеңді зерттеуге арналған ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Дипломдық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Тарих кафедрадасында дайындалып, алдын - ала талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, оқыту әдістемесінен, қорытындыдан, пайдаланылған ақпараттар тізімінен 55 әдебиеттен, оның ішінде 15 интернет көзі және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі зерттеліп, оның зерттелу деңгейі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталған, оның деректемелік көздері, хронологиялық шеңбері, ұсынылатын тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар, практикалық маңызы көрсетілген.
1- тарауда Ресей империясы билігінің Сыр бойындағы оқу - ағарту саласын қалыптастыруы жөнінде, атап айтқанды отаршылдықтың күшейе түсіп, ағарту ісінің «империялық» түрде қалыптасуы, дәстүрлі білім беру жүйесінің дамуының бағыты - жәдидшілдік туралы мәліметтер берілген.
2 - тарауда аталған уақыт хронологиясы шеңберіндегі Сыр бойындағы алғашқы мектептер мен училищелердің ашылу тарихы туралы айтылады. Осы тарауда аталған дипломдық тақырып бойынша оқыту әдістемесі жазылған.
Қорытындыда зерттеу нітижелері шығарылып, негізгі тұжырымдамлар жасалған. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Сыр бойындағы оқу - ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бойынша өзекті деп табылған жақтары барынша ашылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмысқа қолданылған деректер, құжаттар, әдебиеттер жүйелілік тәртіппен көрсетілген.
- тарау ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОҚУ АҒАРТУ ІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ.
1. 1 Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясында орын алған қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер қазақ қоғамына да ықпалын тигізді. Тарих сахынасына қазақ зиялыларының жаңа легінің пайда болып, тәуелсіздік күресін жаңа сатыға көтеріп, қазақ халқының рухани-мәдени дамуына үлкен жол ашқан болатын. Мәдениет тұрғысынан алғанда бұл кезеңде ауқатты топ өкілдерінің, аз да болса қазақ жастарының европалық мәдениетті, Ресейдің жоғарғы оқу орындарын оқып меңгергендігі.
Қазақ даласын жаулап алған патша әкімшілігі, ендігі кезекте бұл аймақты мақсатты түрде шынайы отарлау ісіне кірісті. Отаршыл билік алдында пайда болған негізгі әрі күрделі мәселелердің - жер мәселесі еді. Бұл ретте ресейлік билік аса үлкен мүдделілік танытып қана қойған жоқ, сонымен бірге өлкедегі жер мәселесін өз пайдасына шешу жолында тәжірибелі отарлаушыларға сай тапқырлық та таныта білді. Оның бұл әрекеті империяның ішкі губернияларынан Оңтүстік өлкеге орыс шаруаларын әкеліп, жаппай қоныстандыру саясатынан жүргізуінен көрінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz