Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті КеАҚ

Қорғауға жіберілді
_____________ Бағдарлама көшбасшысы
Калекешов А.М.
______________ 2022ж

Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастырудағы биология мен информатиканың пәнаралық байланыстарының рөлін зерттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В011300-Биология білім беру бағдарламасымамандығы бойынша

Орындағандар: Курбанова Б.А.
Нұрмұханова Ж.Ш.
Шардан Б.М.
Убайдулла Б.Б.

Ғылыми жетекшісі
PhD, қауымд. профессор м.а. Кырбасова Э.А

Нормаконтролер ________________Парманбекова М.Х

Алматы 2022
Аңдатпа

Білім беруді жаңғырту оның мазмұнын жаңартуды ғана емес, сондай-ақ инновациялық технологияларды белсенді пайдалануды да көздейді. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту педагогикалық зерттеудің дәстүрлі объектісі болып табылады. Инновацияның бұл спектрінде интеграцияланған оқыту ерекшеленеді. Интеграцияланған сабақтардың тәрбиелік әлеуетін іске асыру нәтижесінде шындықты тұтас қабылдауға қол жеткізіледі, бұл әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Биология сабақтарында оқушылардың информатика бойынша білімдері тиімді қолданылады, мысалы, Microsoft Word файлымен, Excel-мен жұмыс істеу және PowerPoint бағдарламаларымен презентация жасау. Сондай-ақ, оқу порталдары, бейне ресурстармен жұмыс істеу.
Биология және информатика сабақтарының интеграциясы танымдық қызығушылықты арттырып қана қоймай, оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастырады.
Жобалау жұмысында білім беру процесіне инновациялық әдістерді енгізу мәселелері де зерттеледі. Сондай-ақ, қазіргі мектепте биология мен информатиканың интеграцияланған сабақтарын қолданудың тиімділігі, олардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы қарастырылады.Кіріктірілген технологияларды қолдана отырып, сабақ мысалдары келтірілген.
8-сыныпта биология мен информатикадан бірнеше біріктірілген сабақтар өткізілді. Биология сабақтарында оқушылар ақпараттық ресурстармен жұмыс істеді, кестелер құрастырды, зертханалық сабақ нәтижелерінің есептері Microsoft Word файлында рәсімделді.
Информатикамен біріктірілген биология сабақтарын пайдалану оқушылардың пәндерге танымдық қызығушылығын арттырады, сондай-ақ сандық дағдыларды, АКТ құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Биология сабақтарында оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыру әдістері талданады. Цифрлық сауаттылық оқушылардың басқа да негізгі дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыруға оң әсер ететіні сөзсіз.
Оқушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді әдісі-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, биология және информатика сабақтарын біріктіру екендігі анықталды.
Биологияның зертханалық сабақтарында жұмыс нәтижелері Excel бағдарламасында өңделеді, оқушылар компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып диаграммалар мен графиктер жасайды.
Осылайша, биология және информатика сабақтарының тиімді интеграциясы мектеп қабырғаларында оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастырады.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Негізгі бөлім
1. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының биология сабағында сандық дағдыларының деңгейін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Биология мен информатика пәндерін кіріктіріп оқыту тәжірибесі ... ... ... ... ...12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі таңда барлық адамдардың өміріндегі сандық құралдардың маңызы үнемі артып келеді, ал цифрлық медиа сауаттылық ХХІ ғасырдың басты белгісі болып табылады. Сондықтан оқушылардың ақпарат құралдарын өз қажеттіліктеріне сәйкес пайдалануы, оларды жауапкершілікпен және сыни тұрғыдан қарау қабілетін қалыптастыру қажет. Мектеп қабырғасында биология сабағында оқушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру тәсілдері өте көп. Соның ішінде, биологияны информатика пәнімен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың сандық дағдысымен қатар, пәнге қызығушылығын арттырып, терең меңгерту мүмкіндігі де жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы [1] аясында халықтың сандық сауатылығын арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Оның ішінде білім беру жүйесінде де білімгерлердің сандық дағдысын қалыптастыру бағытында да айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
Цифрлық сауаттылық (digital fluency) - цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарды қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті білім мен іскерліктің болуы. Цифрлық сауаттылықтың негізінде Цифрлық құзыреттер (digital competencies) - ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланумен байланысты міндеттердің ең кең спектрін шешу қабілеті, оның ішінде Цифрлық ынтымақтастыққа, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және проблемаларды шешуге қабілеттілік жатыр. Цифрлық сауаттылық цифрлық дағдыларды (digital skills) қамтиды - ақпаратқа қол жеткізу және оны басқару үшін цифрлық құрылғыларды, коммуникациялық қосымшалар мен желілерді пайдалану саласындағы білім мен дағдыларға негізделген, орныққан, автоматизмге дейін жеткізілген мінез-құлық модельдері (жеке, техникалық және зияткерлік) [2]. Оқушылардың сандық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдерінің ең негізгісі сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану болып табылмақ. Әсіресе, информатика пәні бойынша алған білімдері мен білік, дағдыларын биология сабағында тиімді кіріктірудің маңызы зор.
Информатика білім беру пәні аясында интернеттегі навигациямен, желілік ақпараттық ресурстармен жұмыс, интернет қызметтерімен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Биология сабақтарында информатика пәнімен кіріктіріп оқытуда оқушылардың сандық дағдысын кезең-кезеңмен қалыптастырған жөн. Алдымен оқушыларды интернетпен жұмыс жасау этикасымен таныстыру қажет. Келесі кезекте өтілетін информатика пәні бойынша өтілген тақырыптарын, практикалық жұмыстарын біртіндеп биология сабағында қолдануға дағдыландыру болып табылмақ.
Сондықтан, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастырудағы биология мен информатиканың пәнаралық байланыстарының рөлін зерттеу деп таңдадық.
Жобаның мақсаты: Информатика мен биология пәнін кіріктіру арқылы оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыру және оның тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
1.Интеграциялық білім беру мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық және ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау саралау.
2.Биологияны оқытуда информатика пәнін кіріктіру тәсілін қолдану.
3.Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау.

Ғылыми жетекші PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Кырбасова Э.А.
Жобаны орындағандар:
1. Курбанова Бахтинур Адилжановна - Интеграциялық білім берудің ерекшеліктері;
2. Шардан Бибігүл Мұратқызы - Оқушылардың сандық дағдысын қалыптастыру тәсілдері;
3. Нұрмұханова Жансая Шәріпханқызы - Биология мен информатика пәндерін кіріктіріп оқытудың тиімділігі;
4. Убайдулла Бақытжан Бағдатқызы - Биология сабағында 8 сынып оқушыларының сандық дағдыларын қалыптастыруда информатиканы кірітіріп оқыту.
Зерттеу әдістері мен нысаны
Зерттеу жұмысы Түркістан облысы Арыс қаласының Ә. Жангелдин №32, Алматы облысы Панфилов қаласының Пенжім және Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылындағы Сарыөзек жалпы орта мектептерінде және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі №7 мектеп-лицейінде 8, 9-сынып оқушыларымен жүргізілді.
Экспериментті жүзеге асыру мерзімі - 2021 жылдың қараша айынан 2022 жылдың сәуір айы аралығы.
Зерттеу әдістері: Жобаның мақсаты мен міндеттеріне байланысты психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; сауалнама және оқушылармен әңгіме-сұхбат жүргізу, оқу құжаттарына талдау жасау; 8-9 сынып оқушыларының биология сабағында информатика пәндерінен алған білімдерін қолдану деңгейлерін анықтау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану.
Зерттеу объектісі - цифрлық экономика жағдайында өмір сүру және жұмыс істеу үшін қажетті цифрлық дағдыларды қалыптастыру; зерттеу пәні - жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың цифрлық дағдыларының негіздерін қалыптастыру. Зерттеу әдістері халықаралық конференциялар материалдарын, ғылыми мақалалар мен әдістемелік әдебиеттерді, жалпы білім берудің нормативтік базасын талдау, оқушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін жалпылау және жүйелеу, биология мен информатика пәндерінің тақырыптарын кіріктіріп оқыту болып табылады.
Негізгі бөлім
1 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының биология сабағында сандық дағдыларының деңгейін анықтау

Бүгінгі күні білім берудің мақсаты мен міндеттеріне үлкен өзгерістер енгізіліп, оқу нәтижесі мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған білім өзекті болып отыр. Білім беру түбегейлі тұлғаға бағытталған болу керек. Дегенмен, оқу-тәрбие үдерісінің негізі сабақ болып қалмақ. Оқушыларды оқыту сапасы білім мазмұнымен, сабақтың технологиясымен, оның ұйымдастырушылық-практикалық бағыттылығымен, атмосферасымен анықталады, соның нәтижесінде жаңасын пайдалану қажет. Заманауи мектептегі пәндерді кіріктіру оқушыларға тиімді әсер ету мақсатында мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа педагогикалық шешімдерді белсенді іздеу бағыттарының бірі болып табылады. Заманауи ақпараттық технологиялар үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан интеграция екі субъектіні де жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді [2].
Сабақтарды интеграциялау қажеттілігін төмендегідей бірқатар факторлармен түсіндіруге болады. Олар:
- балалардың қоршаған ортаны бір-бірімен бірлесе қарым-қатынас жасай отырып таниды;
- интеграцияланған сабақтар оқушылардың әлеуетін дамытады, қоршаған шындықты белсенді білуге, себеп-салдарлық қатынастарды түсінуге және табуға, логиканы, ойлауды, коммуникативті мүмкіндіктерді қалыптастыруға итермелейді;
- кіріктірілген сабақтардың моделі ерекше және қызықты. Сабақ барысында әр түрлі тапсырмаларды қолдану оқушылардың назарын сабаққа аударады, бұл сабақтың тиімділігі жоғары деңгейде болатынын білдіреді. Мұндай сабақтар әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, олардың қиялын, қызығушылығын, ойлауын, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді және сабақ барысындағы стрестен арылуға көмектеседі.
- пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы, қосымша практикалық бағыттағы сабақтарға уақыт жеткілікті болады.
Біріктірілген сабақтардың ерекшелігі олардың құрылымдардан дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы болып табылады: нақты ғылыми-әдістемелік мақсат қою, оқу материалының жүйелілігі мен тығыздығы, мектеп пәндерінің интеграцияланатын материалдарының табиғи өзара тәуелділігі мен өзара енуі, оқу материалының ақпараттық сыйымдылығы, оқу пәндерінің мазмұнын біріктірудің педагогикалық орындылығы және т. б. [3].
Қараша айында оқушылардың информатика пәні бойынша білімдері және оны биология пәнін оқуда қолдануы туралы оқушылардан сауалнамалар алынды.
Сауалнама сұрақтарын Google form бағдарламасында төмендегідей құрастырдық:
1.Информатика пәнінен алған біліміңізді басқа пәндерді оқуда қолданасыз ба?
1) Иә
2) Жоқ
2. Word құжатымен жұмыс жасай білесіз бе?
1) Иә
2) Жоқ
3.PowerPoint бағдарламасында презентация құрастыра білесіз бе?
1) Иә
2) Жоқ
4.Диаграмма құрасыруды білесіз бе?
1) Иә
2) Жоқ
5.Кесте (таблица) құрастыруды білесіз бе?
1) Иә
2) Жоқ
6.Электрондық кестені қолдана отырып есептер шығара аласыз ба?
1) Иә
2) Жоқ
7.Excel бағдарламасымен жұмыс жасай аласыздар ма?
1) Иә
2) Жоқ
8.Компьютерді бөгде вирустардан тазарту жолдарын білесіз бе?
1) Иә
2) Жоқ
9.Компьютерлік желіні дұрыс қолданасыз ба?
1) Иә
2) Жоқ
10.Word немесе PowerPoint бағдарламаларын қолданғанда сурет, фигураларды қоюды меңгердіңіз бе?
1) Иә
2) Жоқ
Сауалнама үшін диаграмма түрінде беріп отырмыз (1-сурет).

Сурет 1. Оқушылардың информатикада алған білімдерін биологияда қолдану көрсеткіштері

Диаграммалардан көріп отырғанымыздай оқушылардың 38,5%-ы ғана информатикада алған білімдерін биология сабағында қолданамыз деп жауап берген, бірақ Word файлымен барлығы толық жұмыс жасайтынын айтқан, ал 61,5%-ы PowerPoint бағдарламасында презентация құрастыруды біледі, кестемен жұмыс жасауды 16,7 %-ы білмейді, оқушылардың 61,5%-ы электрондық кестені қолданып есеп шығара алатыны анықталды. Ал, Exel бағдарламасын 69,2%-ы жетік меңгердік десе, 23,1% білмейміз, қалғандары енді үйренеміз деп жауап берген. Компьютердегі бөгде вирустарды тазартуды білетіндерін сұрағанда 30,8%-ы білетінін жазды. Сауалнаманың соңғы сұрағына оқушылардың барлығы интернет желісін дұрыс қолдана алатындарын белгілеген.
Алайда, биология мен информатика сабақтарын кіріктіріп жүргізу барысында жоғрыда сауалнамадағы кейбір жауаптардың шынайы еместігі анықталды.
Осыған баланысты, практика кезінде биология сабақтарында оқушыларға білім беру порталдарын қолдана отырып, зертханалық сабақтардың есептерін Micosoft Word файлдары мен PowerPoint бағдарламаларында орындатқызып қабылдадық. Сабақтан тыс оқушыларға жоғарыда аталған бағдарламалармен жұмыс жасау бойынша қосымша сабақтар өткіздік.
Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасында кіріктіріп оқыту ең тиімді және жиі қолданылатын технологиялардың бір болып табылады.
Интеграция дегеніміз: (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) - педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдар мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен орта буын оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан - жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болматынын айтады [1].

2 Биология мен информатика пәндерін кіріктіріп оқыту тәжірибесі

Кіріктірілген сабақты екі немесе бір мұғалім жүргізсе де болады. Биология мен информатика пәндерін интеграциялау арқылы жобалап оқыту технологиясын тиімді қолдануға болады және уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сыныптағы технологияны біріктіру біркелкі және ойластырылған болса, оқушылар белсенді түрде ғана емес, сонымен қатар өздерінің оқуын бақылауда болады.Тиімді технология интеграциясы оқушыға бағытталған, жобаға негізделген оқытуды ынталандыру арқылы сынып динамикасын өзгертеді [2-4].
Кіріктірілген білім берудің теорисы мен оның тәжірибесі бірқатар авторлардың еңбектерінде қарастырылып, зерттелген [5].
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
- оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
- топтық жұмыста қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту;
- АКТ дағдыларын дамыту.
Жоба аясында 8-9 сынып биология сабағында информатиканы кіріктіріп оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда практика барысында сабақтар жүргіздік.
Соның ішінде, Тірек-қимыл жүйесі тақырыбында кіріктірілген сабақты жүргізу тәсілін беріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Пәнаралық байланыстар
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Білім беруді цифрландыру
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Пәндер