Оқушылардың оқу сапасын қалыптастырудығы рефлексияның тиімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

САБАҚТА РЕФЛЕКСИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Орындаған: Кадибаева А. С

Тобы: 402

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»

Біліктілігі: 0111083 «Шетел тілі пәнінің

мұғалімі»

Ғылыми жетекшісі: Сарсекова Г. К

Педагогика пәнінің оқытушысы

Семей, 2021

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .

І ОҚУ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның рөлі . . .

1. 2 Шет ел және педагогика психологиялық әдебиеттердегі рефлексия туралы зерттеулер . . .

ІІ САБАҚТА РЕФЛЕКСИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ . . .

2. 1Рефлексияны қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудың ерекшелігі . . .

2. 2Оқушылардың оқу сапасын қалыптастырудығы рефлексияның тиімділігі . . .

ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОСЫМША . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздің білім беру стратегиясының мақсаты - жүйеленіп, дайын берген білімді, дағдыларды меңгеріп, қайталайтын емес, өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан, білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, өзін өзі басқара алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу болып айқындалған. Бұл өз кезегінде инновациялық технологияларды саралап пайдалану негізінде мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламалардың талаптарына сәйкес рефлексия мәселесінің өзектілігін арттырады. Себебі мұғалімнің сабақ соңында жүргізілетін рефлексиялық жұмыстар оқушының тақырыпты терең түсінуіне, мазмұн жайында нақты пікір айтуға, өз әрекетіне баға беруіне, одан қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Демек мұғалім мұндай күрделі мәселені шешуге мақсатты түрде даярлануы қажет. Мұғалімдер оқушылардың рефлексиясын дамытуда олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, өзін өзі ұйымдастыру, өзін өзі жүзеге асыру, өзін өзі бағалау сынды дағдыларын қалыптастырып, олармен нәтижелі қарым-қатынас орната алатын іскерлік қажет. Кәсіби білім алу барысында мұғалімдер философиялық, психологиялық - категория болып табылатын «рефлексия» ұғымының мәнін түсініп, оқушылардың рефлексиясының мағынасы мен маңыздылығына, жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнын бағамдай алуға жағдай жасалуы тиіс. Адам санасының рефлексия феноменінсіз еш мәні болмайды. Себебі кез- келген күрделі жүйе дамиды, ерте ме, кеш пе туындайтындай жағдайға жетеді, яғни, адам өз әрекетін ойында қорытып, оның барысын бақылап, реттеп, нәтижесіне баға бере отырып, өткен тәжірибеден қорытынды шығарады, алдағы әрекетін жоспарлайды.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер оқушылардың оқу үдерістерінде рефлексия және инновация ұғымдарының мәні айқындалып, өз әрекеттерін өздерінің бағалауы, оқушының инновациялық технологияларды саралап пайдаланумен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың оқу әрекеттерін табысты дамытудың тиімділігі артады.

Зерттеудің мақсаты: оқушылардың оқу-танымдық үрдісіндегі рефлексияның алатын орны . . .

Зерттеудің міндеттері:

  • Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның теориялық негіздері . . .
  • Оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін артырудағы рефлексияның ерекшелігін анықтау
  • Білім алушылардың оқу-танымдық қабілетін арттырудың рефлексиялық әдіс-тәсілдерін қарастыру

Зерттеу объектісі: мектеп жасындағы оқушылар

Зерттеу пәні: Педагогика

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі:

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық талдау, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге шолу, зерттеу мәселесі бойынша алынған материалдарды салыстыру, жобалау, жүйелеу.

Зерттеу жұмысының базасы: Мектеп

ПРАКТИКА ӨТІП ЖАТҚАН МЕКЕМЕ: Үржар аудыны Қарабұлақ ауылы «Қарабұлақ орта мектеп бақшасы»КММ-сі

Курстық жұмыстың құрылымы : курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ОҚУ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 2 Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның рөлі

«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» - «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Әртүрлі философиялық жүйеде рефлексияның мазмұны бірдей емес. Рефлексия-оқушының өзін тану жолы мен формасы. Рефлексия көмегімен оқушы біте-бірте жекелене түседі және өзіндік дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар рефлексия арқылы оқушы өзі туралы басөаның не ойлайтынын, өзін тереңрек тануға итермелейтін жол деуге болады. Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету қажет. Себебі бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмайтын болса, өзінің дамуындағы сабақтың маңызын түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқай алмайды. Негізі рефлексия сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгерггендігін білуге бағытталатын қарапайым бекіту мен қорытындылау. Рефлексия жасау арқылы оқушы өзінің қалай үйренгендігін талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің жасаған әрекеттерін зерделеп, оның нәтижелерін нақтылайды, оларды қалай жақсартуға болатындығы туралы ойланады. Мұндай зерттеу жұмысы білім алушының жасаған іс-әрекеттерін талдап, оларды бағалауға мүмкіндік беріп, сонымен қоса өз білгендерін арттыруға ынталандырады. Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Себебі үйрену деңгейі оқушының өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалай ойластыра білетіндігіне байланысты. Былайша айтқанда, рефлексия -оқушы миындағы метанымдық (метакогнитивтік, «танымды тану») процестермен байланысты. Рефлексияда оқушы өзінің ойлау, танымдық әрекеттерін түсінеді және түсіндіреді, оларға мақсат қояды, жоспарлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы оқушы өз білгенін сынайды, білімін сыни тұрғыдан талдайды. Осы жерде ұлы данышпан Абайдың қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.

Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Бұл жерде мұғалімнің басты міндеті:

- оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасауы. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдеріне қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.

Сонымен, рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін

Рефлексия - оқушыны өзіне есеп беруге үйретеді

Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін көруге болады

Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады

Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын да жақсартуға болады

Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады

Өз - өзіне баға бере алатын болады

Білім алуға деген қызығушылығы жоғарылайды.

Ғұлама ғалым Әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты десек артық емес. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға тікелей әсер етеді. Сонымен рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет. Психологиялық тұрғыда оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етеді.

Сонымен, рефлексия оқу/оқытудың үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Рефлексия арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Рефлексияда дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосылады.

1. 2 Шет ел және педагогика психологиялық әдебиеттердегі рефлексия туралы зерттеулер

Шет тілдер сөздігінде «рефлексия» - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген мағынаны береді.

Ал педагогикажда рефлексия іс-әрекетке өзіндік талдау жасау және оның нәтижесі. Қазіргі таңда рефлексия психологияның түрлі салаларында зерттеу жұмысына айналды. Рефлексияның психологиялық мазмұнын сананы (Л. С. Выготский, Н. И. Гуткина, А. Н. Леонтьев, В. Н. Пушкин, И. Н. Семенов, Е. В. Смирнова, А. П. Сопиков, С. Ю. Степанов т. б. ), ойды (Н. Г. Алексеев, А. В. Брушлинский, В. В. Давыдов, А. З. Зак, В. К. Зарецкий, Ю. Н. Кулюткин, С. Л. Рубинштейн, И. Н. Семенов, С. Ю. Степанов т. б. ), шығармашылықты (Я. А. Пономарев, Ч. М. Гаджиев, С. Ю. Степанов, И. Н. Семенов т. б. ), қарым-қатынасты (Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, С. В. Кондратьева т. б. ), тұлғаны(К. А. Абульханова-Славская, Л. И. Анцыферова, Л. С. Выготский, Б. В. Зейгарник, А. Б. Холмогорова т. б. ) зерттеу тұрғысында қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның рөлі
Сабақ басында сабақ соңында
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға арналған әдістерді қарастыру
КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ
Мұғалім-басты тұлға
Математикалық сауаттылық есептері тақырыбындағы 5 сыныптарға арналған элективті курс
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫ
Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру – ұстаздық шеберлікті арттырудың алғышарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz