Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Бәсекелі нарық жағдайында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру

Орындаған: Нагашбеков Н. Т.

Ғылыми жетекші: Толысбаева М. С.

ДИПЛОМ ТАҚАРЫБЫ:БӘСЕКЕЛІ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігінің теориялық мәні мен мазмұны

1. 2 Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі

1. 3 Бәсеке қабілеттілігіне байланысты мал шаруашылығы өнімдерін арттырудың тиімді жолдары

2. «ALAY TM» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҢ БӘСЕКЕГЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2. 1 «ALAY TM» ЖШС Кәсіпорнының экономикалық сипаттамасы

2. 2 «ALAY TM» ЖШС кәсіпорнындағы мал шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіштерін талдау

2. 3 Кәсіпорынның мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін арттыру тәсілдері

3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА МАЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІН АНЫҚТАУ

3. 1 «ALAY TM» ЖШС кәсіпорын өнімдерін өндіру және өткізу жоспарын қалыптастыру

3. 2Ұсынатын ұсыныстардың тиімділігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АӨК Агроөнеркәсіптік кешен

АҚ Акцион ерлік қоғам

АШ Ауылшаруашылық

ҒБИ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі

ҒТП Ғылыми-техникалық прогресс

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

ЖШС Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ІҚМ Ірі қара мал

кг килограмм

ҚҚС Қосылған құн салығы

ҚР Қазақстан Республикасы

ҚР АШМ Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР ҰЭМ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ТМД Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік экономиканың ғаламдануы мен халықаралық бәсекенің күшеюі жағдайында мемлекеттің экономикалық, азық- түліктік қауіпсіздігі және Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін сақтап, оны күшейте алатын ауыл шаруашылығының дамуында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, мал шаруашлығының интегрирленген салалардың ара-қатынасында қалыптасқан кері беталыстарды жеңудің барынша оптималды жолдарын іздеу және басқарудың жаңа, тиімді экономикалық механизмдерін әзірлеу ерекше маңызға ие болуда.

Демек, проблема екі бірдей мәселені шешудеміз: мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту және оның экономикалық тиімділігін арттыру. Жүйелі дағдарыс жағдайында бұл саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, мемлекеттілікті нығайтуды, реформа әдістерін жетілдіруді және тереңдетуді, ел халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын тұрақтандыру мен жақсартуды талап етеді.

Өндірістік ресурстарды және, ең алдымен, материалдық ресурстарды дамушы нарық жағдайында тиімді пайдалану өндіріс тиімділігінің әдіснамасын, экономикалық қызметтің барлық деңгейлеріндегі ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді, сондай-ақ ғылым мен озық тәжірибені нақты пайдалануды терең зерттеуді талап етеді. Бұл жағдайда ғылымда қабылданған өндірістің тиімділігін талдаудың жалпы принциптеріне сүйену керек.

Алайда, терең экономикалық талдаумен байланысты көптеген мәселелер өндірісті зерттеуді күшейтуді, қатаң бәсекелестік нарықтағы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жұмысымен, капиталистік қатынастардың жаңа формаларымен байланысты жекелеген әдіснамалық ережелерді нақтылауды талап етті.

Сондықтан дипломдық жұмыста мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігінің түрлеріне жан-жақты талдау жасалады, олардың мәні, маңызы және кеңейтілген көбеюдің экономикалық категориясы ретінде экономикалық тиімділікті арттырудың басым бағыттары ашылады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктің ішкі жүйелерін пайдалануды жетілдірудің тиімді құралдары негізделеді, тиімділіктің әр түрін, оларды практикада қолдануды анықтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерге ғылыми негіздеме, сондай-ақ мал шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресті дамытудың тұжырымдамалық ережелері келтірілген. Аталған сұрақтар шеңбері үлкен ғылыми және практикалық маңызы бар өзекті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Нарық жағдайында бәсекеге қабілетті мал шаруашылығының тиімділігін арттыру тәсілдерін әзірлеу болып табылады.

Дипломдық жұмыста алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімдерінің нарықтық дамуының теориялық негіздері
  • Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
  • «ALAY TM» ЖШС кәсіпорнының мал шаруашылығы өнімдерінің нарықтың бәсекеге тиімділігін талдау
  • «ALAY TM» ЖШС кәсіпорнындағы мал шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіштерін талдау
  • Кәсіпорынның мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін арттыру тәсілдері

Зерттеу нысаны: Зеттеу нысаны болып Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «ALAY TM» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі жатады.

1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігінің мәні мен мазмұны

Мал шаруашылығы -ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азықтүлікпен

(сүт, май, ет, ) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары тығыз баиланыста жүреді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Мал шаруашылығының Қазақстанның эконмикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әлауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықттары өсіріледі.

Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы. Мал шаруащылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылық өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен дың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 - 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы Мал шаруашылық ерекшеліктерін анықгау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті. Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн теріден киім-кешек, көшпелі баспана -киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағының нақты мағына нақты аудандардың жер, су, ауарайы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейіт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.

Мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттіліктің тиімдігінің қамтамасыз ету критерийлеріне келетін болсақ.

Бәсеке - іргелі экономикалық санат латын тілінен аударғанда «қақтығысу» - пайда алу үшін қандай да бір сала аумағында жарысу.

Бәсеке теориясы А. Смиттің 1776 ж. шыққан «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» атты кітабында қарастырылған. Ол «бәсеке» деп ұсыныс азайған кезде, бағаны көтеретін, ұсыныс көп болған кезде, бағаны түсіретін жарыстастықты айтқан. Сонымен қатар, А. Смит бәсекенің басты қаруы - «көрінбейтін қол» принципін құрыстырғаны белгілі.

Бәсекенің мәні мен мазмұнын тереңінен түсіну үшін басқа авторлармен берілген анықтамаларын қарастырып көрейік.

ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңына сәйкес, бәсеке - дербес жасаған iс- әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн нарық субъектiлерiнiң жарыспалылығы.

Г. Л. Азоев «бәсеке» деп «қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге қызығушылық танытқан жекелеген заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы жарыстастық» деп түсінеді.

А. Ю. Юданов «нарықтық бәсеке- фирмалардың қол жетімді нарық сегменттеріндегі төлемқабілетті тұтынушы сұраныстарының шектеулі көлемі үшін күресі» дейді .

«Бәсеке - өсу мен даму ынтасы, жаңартуға, ізденуге, таңдауға, мақсатқа қарай жылжуға деген энтузиазмы; бақталастарды білу, әріптестерді таңдай алу, сәттілікке деген құштарлық».

К. Маркстың«бәсеке капиталдың ішкі заңдарының орындалуын іске асырғанымен, бұл заңдарды ойлап таппайды» деген пікірі белгілі.

Р. А. Фатхудинов әртүрлі авторлар ұсынған«бәсеке» түсінігі толық мөлшерде жүйелілік пен кешенділік талаптарына жауап бермейді, яғни А. Смит және өз зерттеу аймақтарында маманданатын сол авторлардың өздері бекіткен бәсекенің көптеген аспектілерінің тек біреулерін ғана сипаттап, бұл түсінікті тұжырымдауға әртүрлі ықпалдар пайдаланылатындықтан (бір автор бәсеке деп жарыстастық деп фирмалардың, яғни заңды тұлғалардың өзара күресін, басқа біреу - жеке тұлғалардың, үшінші - нарықтағы сатушылармен мен сатып алушылардың жеткілікті санынының бар болуын, төртінші - ұмтылысты, бесінші - үрдісті және т. б. ) және т. б. себептерге байланысты осы уақытқа дейін әлемде «бәсеке» деген бірегей түсінік жоқ дейді .

Д. Робинсон қазіргі заманғы әлемде өзара бәсекеге түсетін, өте көп сатушылар саны бар салалық нарықтар (мысалы, а/ш нарық) бар, дегенмен де, нақты нарықтарда өнімнің көптеген бөлігін өзара бәсекеге түсетін аздаған фирмалар ғана ұсынатынын айтты. Бұндай нарықтық жағдайды Д. Робинсон жетілмеген бәсеке деп атайды. Дж. Робинсонның жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы және Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы (1933 ж. ) монополия жағдайындағы баға құру мен бәсекенің бағалық емес нысандарының пайда болуы туралы пікір-таластарға нүкте қойды.

Бәсекені өзінің зерттеу тақырыбы етіп алған ғалымдардың бірі, ағылшын экономисті М. Портер өзінің әлемдік бәсеке туралы еңбектерінде бәсеке нарық, сала құрылымын және оның өзгерістері үрдісін жан-жақты түсінуге негізделуі тиіс деген. Ал «Халықаралық экономика» кітабында «бәсеке - жаңа тауарлар, жаңа маркетинг жолдары, жаңа өндірістік үрдістер және жаңа нарықтық сегменттер пайда болатын ландшафтты үздіксіз өзгертіп отыратын, динамикалық және дамытпалы үрдіс» деген пікір айтқан .

Әрбір автор берген анықтамаларды жекелей қарастырғанмен, ауыл шаруашылығындағы бәсекені толық сипаттай алатын анықтама кездестірмедік. Талдау нәтижелерінен бәсеке деп келесі жайттарды айта аламыз:

- шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерінің іргетасы, тауар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мен оны арттырудың негізі;

- өнім өндірудің барлық (жобалау, дайындау, сату алдында, сатудан кейінгі қызмет көрсету) кезеңдерінің, тіпті тұтыну кезеңінің техникалық және экономикалық параметрлері жүйесінде көрініс табады;

- нарықтық экономиканы табиғи түрде реттейтін, қаржылық тұрғыдан алғанда неғүрлым тұрақты кәсіпорындарды іріктеп алудың тиімді механизмі;

- тұрақты қызмет етіп, барынша жоғары табыс табу мақсатында ұқсас өнім өндіретін еркін субъектілердің экономикалық күресінің заңды нысаны;

- шаруашылық етудің тиімді нысандарының дамуына қажетті жағдайлар жасалып, тұтынушыға қажетті өнім түрлері өндірісі ынталандырылатын, тұрғындардың өмір сүру деңгейін артырудың басты құралы.

Нарық типтеріне байланысты экономистер бәсекені жетілген, жетілмеген деп ажыратады. Аграрлық нарықтағы бәсеке оның кез келген түрінде көрініс табады және оны бірден бір түрге жатқызуға болмайды. Біріншіден, нарыққа ену және одан жеңіл шығып кету шарты бұзылады. Ол, маңызды ауыл шаруашылық ресурс жердің шектеулілігі, қайта өндірілмейтіндігі, оның бір орыннан бір орынға жылжымайтындығымен байланысты. Нарықтан кету тек өндірістік объектілерді сатумен ғана емес, барлық жылжымайтын мүлік секілді жоғары ликвидті тауар болып табылмайтын ферманы да сату қажеттігі туындайды.

Малшаруашылық өндіріс - тек еңбек ету орны емес, ол адамдардың өмір сүру орны.

  • бұл салаға келу немесе одан кету «өмір салтын өзгерту» деген сөз, мал шаруашылығы нарыққа интитуционалдық кіру мен шығуда белгілі кедергілер бар;
  • мал шаруашылығы өнімнің көптеген бөлігі еркін нарықта сатылмай, алдын-ала келісілген шарт бойынша нақты бір сатып алушыға сатылады;
  • мал шаруашлығы тауарөндірушінің қызмет ету нысаны еркін бәсекелік нарықта қызмет ететін классикалық нысанға жатқызуға келмейді: олардың басты мақсаты, табысты ұлғайту болып табыла бермейді;
  • азық-түлік нарығындағы бағалар тек сұраныс пен ұсыныс қатынасымен анықталмайды.

«Бәсекеге қабілеттілік» термині ғылыми әдебиет көздерінде де, экономикалық саясат сұрақтары бойынша ресми құжаттарда да өте жиі кездескенімен, оның әлеуметтік-экономикалық мазмұны әлі күнге пікір-талас тұдырады. Көптеген түсініктемелер кең ауқымды әмбебап болып келгенімен, тар ауқымдылар да кездесетін көріп отырмыз. Басқару иерархиясы деңгейлері бойынша тауар - кәсіпорын - сала - ұлттық экономиканы алатын болсақ, «бәсекеге қабілеттілік» терминнің түсініктемелерін талдау кезінде зерттеу объектісін таңдау мен оның анықтамасы, оның ішінде, осы түсінікке кіретін алғышарттар саны арасында тәуелділік байқалады (сурет 1) .

IV

деңгей

Елдің бәсекеге қабілеттілігі

Экономикалық, әлеуметтік, саяси факторлармен шартталған жағдайы мен динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер арқылы көрініс табатын елдің ішкі және сыртқы нарықтардағы жағдайы

Елдің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын алғышарттар

III

деңгей

Аймақтың (сала) бәсекеге қабілеттілігі

Аймақтардың халықаралық бәсеке үшін ашық бола отырып, яғни оның ресурстарын қолданудың өнімділігі жағдайында табыстар мен еңбек ақының салыстырмалы жоғары деңгейін қамтамасыз ету қабілеті

Аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің алғышарттары

II

деңгей

Кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігі

Кәсіпорын нарық үлесін; кәсіпорынның өндіріс, басшылықтың жоғары буынының алға қойған мақсатты жүзеге асыру алу қабілетін қамтитын қасиеттер

Кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігінің алғышарттары

I

деңгей

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыруда тауардың артықшылыққа ие болуына ықпалдасатын тауардың сапалық және құндылық қасиеттерінің жиынтығы

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің алғышарттары

Сурет 1 - Бәсекеге қабілеттілік сызбасы

Г. В. Кушенов: «Еркін және әділ нарық жағдайында тұрғындарының нақты табыстарын сақтап, арттыра отырып, ішкі және әлемдік нарық талаптарына жауап беретін тауарларды өндіру мүмкіндігінің дәрежесі». Бұл тауарөндірушілер тауарларды ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болатындай бағаларда өндіріп, бөлу қажеттігін білдіреді.

Американдық зерттеушілер бәсекеге қабілеттілік - деп әлемдік шаруашылық үрдістің қатысушысы ретінде елдің өз тұрғындарының өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуін қамтамасыз ете алу қабілетін айтады. Ол елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, ғылыми-техникалық даму деңгейінің, экономиканың жалпы тиімділігінің синтетикалық көрсеткіші. Елдің саяси- экономикалық имиджі қаншалықты жоғары болса, ел инвестициялар үшін тартымды, яғни оны экономикалық дамуы үшін де мүмкіндіктер көп болады.

1. 2 Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі

Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы жоғарғы өнімді шаруашылықты жүргүзу нарық жағдайы, табиғи және экономикалық жағдайымен қоса басқа да факторларларға сай келіп, оның жоғарғы мамандандырылуының негізінде болып табылады. Факторлардың алуан түрлүлігін шаруашылықтың әр түрі анықтайды. Шаруашылықтың негізгі бөлігі мал шаруашылығы өнімдерін шығаруға мамандандырылады. Елімізде дамыған мал шаруашылығы салаларына:

- мүйізді ірі қара мал шаруашылығы,

- қой шаруашылығы,

- жылқы шаруашылығы,

- шошқа шаруашылығы,

- құс шаруашылығы кіреді.

Қазақ ежелден айналысып келген түйе өсіру статистикалық есеп бойынша жылқы шаруашылығына кірсе, ешкі өсіру қой шаруашылығына кіреді. Тауық өсіру, күркетауық өсіру, үйрек өсіру, қаз өсіру салаларын біріктіретін үй құс шаруашылығына кейбір шаруашылықтарда өсіріліп отырған бөдене, түйеқұс, мысыр тауығын, қолдағы әндік және сәндік құс түрлерін өсіру енеді. Мал шаруашылығының аталған негізгі салаларымен қатар республика аймақтарында қосалқы мал шаруашылығы салалары болып есептелінетін үй қоянын өсіру, терісі бағалы аң өсіру, пантылы марал (бұғы) өсіру, бал арасын өсіру (бал шелек), жібек құртын өсіру және т. б. кіреді.

Кейбір шаруашылықтар тек қана терең, жетік бір мамандықты, ал басқалары бір уақытта бірнеше ауыл шаруашылық салаларын дамытады. Шығыс Қазақстан облысы көпшілік жағдайда, осы және басқа негізде әр түрлі мал шаруашылық өнімдерін өзіндік тұтынуына, сондай-ақ тауар негізінде де шығарумен айналысады. Негізгі қорек көзі, көп жағдайда, өзіндік өнім болады, не болмаса аз аздап сатылып алынады. Қалаға жақын орналасқан және кепілді жыл бойы жүретін көліктермен қамтамасыз етілген шаруашылықтар бүтіндей таза сүт өндіруге мамандандырылады. Ал егер мұндай жағдай жасалмаған және сүтті тасымалдау қиындық әкеліп, немесе мүмкін емес болса, онда шаруашылық қысыр, жас бұзау мен үлкен мүйізді ірі қара өсіруге мамандандырылады. Бұл кезде негізгі қорек көзі жайылым мен пішен болып табылады. Көлемді егістік жері бар және мал азығы дақылдарын өндіруде айтарлықтай орны бар жерде орналасқан шаруашылықтар, шошқа өнімін өндіру саласына мамандандырылады. Шаруашылық мамандандыру кезінде өзара бәсекелесіп тұрған емес, шаруашылық үшін маңызы бар, өзара байланысы бар өнімдерді шығаруға негізделу керек.

Ауыл шаруашылығында орын алған түрлі құбылыстарды объективті экономикалық бағалаусыз ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін оның дәйекті интенсификациясы жағдайында арттыру мүмкін емес.

Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің бір критерийі негізінде мұндай бағалау мүмкін емес. Өндіріс процесіне әртүрлі факторлардың әсерін көрсететін нақты көрсеткіштер қажет. Көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып, негізгі немесе көмекші критерийлерді (жеке, нақты) шоғырландыруға, өндіріс тиімділігімен байланысты экономикалық процестердің жалпы сандық және сапалық сипаттамасын беруге болады. Тәжірибе көрсеткендей, әртүрлі салалар, деңгейлер мен мақсаттар үшін олар үшін ғана тән әртүрлі көрсеткіштер қолданылуы керек, бірақ олар негізгі критериймен органикалық түрде байланысты болуы керек, оған қайшы келмеуі керек және қол жеткізілген әсерді шығындармен салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін бағалау кезінде оның соңғы нәтижелерге үлкен әсер ететін ерекшеліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығында тұтыну құны тек еңбек қана емес. Сондықтан екі ұғым бар: жер - табиғаттың бұл сыйы және жер - өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне үлкен әсер ететін өндіріс құралы. Мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі бірқатар көрсеткіштер бойынша бағаланады: өнімділік (сүттің орташа жылдық сауылуы, тірі салмақтың орташа тәуліктік өсуі), төлдің шығымдылығы, өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын еңбек шығындары, еңбек өнімділігі, жер алаңының бірлігіне және мал басына шаққандағы өнімнің заттай және құндық көріністегі шығымы, өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын жемшөп шығындары, жемшөп төлемі өнім, өзіндік құн, рентабельділік. Өндірістің экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері келесі қатынастар болып табылады.

1. Жалпы өнімнің тірі еңбек шығындарына қатынасы. Мына формула бойынша есептеледі:

Е=ВП/Пз+К*Фос (1)

Мұндағы: E-өндіріс тиімділігі;

ВП-жалпы өнім;

К-тиімділік коэффициенті;

Пз-ағымдағы өндірістік шығындар;

Фос-негізгі қорлар.

Жалпы өнім негізгі өндірістік қызметтің нәтижесі болып табылады. Оның көлемін өлшеу негізгі міндет - ауылшаруашылық өндірісін ұлғайту қалай шешілетінін көрсетеді.

Ауылшаруашылық өндірісінің ұзақ уақыт бойына өзгеруі мен тиімділігін бақылау немесе әртүрлі кәсіпорындардың жұмысын салыстыру үшін, олардың жалпы өнім өндіру шығындарының әртүрлі деңгейіне ие болуы мүмкін болғандықтан, барлық өндірістік өнімдерді берілген бағамен бағалау ұсынылады, бұл жағдайда олар салыстырмалы баға түрінде болады.

Жекелеген салалар бойынша жалпы өнім заттай нысанда есептелуі мүмкін. Табиғи көрсеткіштер жан басына шаққандағы өнімнің белгілі бір түрін өндіру мөлшері туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Жан басына шаққандағы өнімнің мөлшері саланың тиімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы өнімнің өндіріс көлемі оның бірлігіне шығындарды азайту кезінде неғұрлым көп болса, өндіріс соғұрлым тиімді болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг- өнімнің бәсеке қабілеттігіне жетудің кешенді жүйесі
Өндірістің экономикалық тиімділігіне əсер ететін факторлар
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Алматы облысы бойынша астық өндірісінің қазіргі жағдайын талдау
Агроөнеркәсіп кешені ауқымда сала
Маркетинг өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің кешенді жүйесі ретінде
Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz