СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Жолшыбек Мадина Маратқызы
Мейірімхан Айдос Бауыржанұлы
«Спорт журналисінің кәсіби ерекшелігі»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В050400 - «Журналистика» мамандығы
Алматы 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
МЕДИАКОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. к., ассоц. профессор
А. А. Ниязгулова
«__»2022 ж.
«Спорт журналисінің кәсіби ерекшелігі»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
5В050400 - «Журналистика» мамандығы
Орындағандар Жолшыбек М. М.
Мейірімхан А. Б.
Ғылыми жетекші,
ф. ғ. к, асс. профессор Ниязгулова А. А.
Норма бақылаушы,
ф. ғ. к, асс. профессор
Алматы 2022
АҢДАТПА
Диплом жұмысының тақырыбы: «Спорт журналисінің кәсіби ерекшелігі». Дипломдық жұмыс аңдатпа, кіріспе бөлімнен, екі тараудан қорытынды және әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті тұжырымдалады. Жоба бойынша әлеуметтік желіде IITU TV (YouTube) парақшасына салынады. Басты мақсат - осы парақшада жоба тақырыбына байланысты видеолар түсіріп, монтаждап шығу және көпшілікке көрсетіп, тарату. Бірінші тарауда, теориялық жағы, яғни Қазақстанның заманауи журналистика түрі, соның ішінде спорт журналисінің қазіргі дамуы туралы, оның құндылығы мен Қазақстанның спорт саласында алар орны және зерттеулер туралы, екінші тарауда әлеуметтік желілердегі дереккөздермен жұмыс, спорт журналисімен сұхбаттасу, постпродакшндық кезең туралы яғни, өндіріс барысы жайлы жазылған.
Дипломдық жұмыс 50 беттен тұрады. Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік желілердегі материалдар және пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған. Әдебиеттер саны - 40.
Кілт сөздер: спорт, ютуб, комментатор, чемпионат,
АННОТАЦИЯ
Тема дипломной работы: «Профессиональные особенности спортивной журналистики». Дипломная работа состоит из аннотации, вступления, двух глав, заключения и списка источников. Во введении обосновывается актуальность выбранной темы, формулируется цель и задачи исследования. Проект будет размещен в социальной сети IITU TV (YouTube) . Основная цель этой страницы является публиковать видео, съемка, монтаж, распространение видеороликов и показывать их широкой публике. Первая глава посвящена теоретической части, о современного развитие журналистики в Казахстане, в том числе современное развитие спортивной журналистики, ее ценности и роли, а также исследования в области спорта в Казахстане.
Диссертация состоит из 50 страниц. Кроме того, есть дополнительный список материалов и ссылок в социальных сетях. Количество ссылок - 40.
Ключевые слов:
ABSTRACT
The topic of the thesis: "Professional features of sports journalism". The work consists of abstract, introduction, two chapters, conclusion and a list of sources. The introduction substantiates the relevance of the chosen topic, formulates the purpose and objectives of the study. The project will posted on the social network IITU TV (YouTube) . The main goal is to publish videos, shoot, edit, distribute videos and show them to the general public. The first chapter is devoted to the theoretical part about the modern development of journalism in Kazakhstan, including the modern development of sports journalism, its values and role, as well as research in the field of sports in Kazakhstan.
Thesis project consists of 50 pages. Also the thesis contains in social networks and list of references. Total number of sources - 40.
Key words:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
- Спорт журанлистикасының Қазақстандағы бастауы
- Шетелге танытқан ұлттық жоба
1. 3 Қазақстанағы спорт бәсекелерін көрсететін арналар олардың додаларға дайындығы
ІІ ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
2. 1 Әлеуметтік желі журналистердің беделін көтеруде
2. 2 Қазақстандық спорт коментаторлары
2. 3 Қазақ спорты Һәм арнасы да қазақша сөйлеуі керек
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
9
12
15
28
40
42
44
51
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Цифрлық трансформациялар факультеті
Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы
5В050400 - «Журналистика» мамандығы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА (ЖОБАСЫНА)
ТАПСЫРМА
Студенттің аты-жөні: Жолшыбек М. М, Мейірімхан А. Б.
Диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы: «Спорт журналисінің кәсіби ерекшелігі»
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұйрығы бойынша бекітілді.
Аяқталған диплом жұмысын (жобаны) тапсыру мерзімі «__»2022ж.
Жұмысқа (жобаға) пайдаланылған негізгі мәліметтер: Дипломдық жұмысын жазу барысында біз . . . еңбектерінен мағлұмат алдық.
Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны: Жұмыста аңдатпа, кіріспе бөлімі, екі тарау және әдебиеттер ұсынылған. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті тұжырымдалады. Жоба бойынша әлеуметтік желіде IITU TV (YouTube) парақшасына салынады. Бірінші тарауда, теориялық жағы, яғни Қазақстанның заманауи журналистика түрі, соның ішінде спорт журналисінің қазіргі дамуы туралы, оның құндылығы мен Қазақстанның спорт саласында алар орны және зерттеулер туралы, екінші тарауда әлеуметтік желілердегі дереккөздермен жұмыс, спорт журналисімен сұхбаттасу, постпродакшндық кезең туралы яғни, өндіріс барысы жайлы жазылған.
Диплом жұмысы(жобасы) мен қосымша көшірілген CD лазерлік дискісі
Жоба (жұмыс) бойынша кеңес берушілер (оларға қатысты жоба (жұмыс) бөлімдерін көрсетуімен)
(қолы)
(қолы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫН ӘЗІРЛЕУ КЕСТЕСІ
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
4-курс, Журналистика - 1802К тобы
Жолшыбек М. М, Мейірімхан А. Б.
Тақырыбы: «Спорт журналисінің кәсіби ерекшелігі»
Атқарылған жұмыстар
Күнтізбелік жұмыс жоспары
(қолы)
(қолы)
(қолы)
(қолы)
Күні: «» 2022ж.
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың сипаты.
Қазіргі зама нда мемлекеттің мәдени даму деңгейі экономикалық жетістіктермен қатар ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мәдениет көп жағынан ұлттық бірегейліктің негізгі өзегін құрайды.
Ол - ұлттық бірлікті қалыптастырудың және ұлттық сананы жаңғыртудың тиімді құралдарының бірі.
Мемлекеттің мәдени саясаты патриотизмді, Отанға, оның тарихына деген сүйіспеншілікті, халыққа құрметпен қарауды қалыптастырады. Мәдени басымдықтарды қалыптастыру мемлекеттің шынайы егемендігінің маңызды бөлігі болып табылады.
Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері мәдени саясат саласындағы жұмыстар жүйелі және дәйекті түрде жүргізіліп келеді.
Мәдени саясаттың негізгі бөлігі - өнер. Өнер халықаралық бәсекеге сай креативті индустрияны құрады. Креативті индустрия - кез келген дамыған ел үшін маңызды факторлардың бірі.
Біз дипломдық жобада арт журналистика тұрғысынан Қазақстанның заманауи өнерін зерттейміз. Соның ішінде, бейнелеу өнерін қарастырамыз.
Бейнелеу өнері - заман айнасы. Ол өзектілігін жоғалтпайды. Бейнелеу өнері тақырыбына сұраныс болғанымен, БАҚ тарапынан ақпарат, зерттеу және насихат аз. Бұл дегеніміз - елімізде арт журналистиканың дұрыс дамымауының көрсеткіші.
Арт журналистика - халық пен өнерді байланыстырушы құрал. Оның мәдени-қоғамдық рөлі зор.
Бүгінгі күні арт журналистиканы әлеуметтік желілерде дамытуға мүмкіндік бар. Өнерге байланысты мағлұматтарды әлеуметтік желілерде насихаттауға болады. Ақпараттық және сараптамалық жанрларды ойын-сауық жанрымен байланыстыра отырып, аудиторияға қажет контент ұсына аламыз.
Диплом жұмысының өзектілігі: Заманауи өнер - креативті индустрияны дамытудың бірден-бір жолы. Бейнелеу өнері - елімізде қаншама өнерлі суретшілер бар екендігінін көрсеткіші. Ал сол суретшілерді халыққа танытуда журналистердің алар орны үлкен. Қазіргі таңда көптеген көрме залдары бар, дегенмен ондай мәдени жерлерде жүретін адамдар аз. Оның себебі халықтың өнерге қызықпауында емес, керісінше БАҚ-тың мәдени тақырыптарға аз көңіл бөлуінде. Рухани ұрпақты тәрбиелеуде өнердің рөлі зор. Дамыған елдерде өнер ерекше мәртебеге ие. Арт журналистика арқылы халыққа өнерді насихаттауға болады.
Дипломдық жоба жұмысының мақсаты: Қазақстанның заманауи өнеріне байланысты әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, халыққа пайдалы, рухани маңызы бар контент ұсыну.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Қазақстанның заманауи өнерінің тарихымен танысу;
- Заманауи өнерді алғаш зерттеген адамдардың еңбектерін оқу. Оның ішінде қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне аса көңіл аудару;
- Заманауи өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің тарихи және мәдени маңызын түсіндіру. Оны насихаттау жөніндегі жұмыстарды саралау;
- Қазақстанның көрме залдарын және галереяларды ашу мәселесін зерттеу. Шетел тәжірибесін талдау;
- Дереккөздермен жұмыс, ақпарат пен мәліметтерді жинау, әлеуметтік желіге контент-жоспар әзірлеу;
- Сұхбатқа қатысушы спикерлермен келіссөз жүргізу және сұхбаттасу;
- Видеоларды түсіруге лайықты орындарды, мұражай, галерея, көрме залдары, мәдени орталықтармен келісіп, видео локациясын, кадрларын анықтау;
- Әлеуметтік желілердегі парақшаларға қажетті инфографика, анимация, кесте, интро және басқа да элементтерді арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы әзірлеу;
- Әлеуметтік желілердегі парақшаларда пайдалы, қызықты мақалалар жазып, аудиториямен байланыс ұстау;
- Түсірілім аяқталғаннан кейін постпродакшндық жұмысты жүргізу, дикторлық мәтінді жазу, оқу, музыкамен әрлеп, монтажын жасау, үйлестіру;
- Дипломдық жобаның баспа нұсқасын жазып, ғылыми жүйесін баяндап, аяқтау.
Қол жеткізген ғылыми тұжырымдар:
І ТАРАУ. СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
- Спорт журанлистикасының Қазақстандағы бастауы
Біз спорт журналистикасы туралы сөз ететін болсақ, сонау Орхон-Енисейден бастағанымыз жөн болар. Өйткені онда әдебиетте, публицистикада, журналистика элементтері де жатыр.
Қазіргі таңда комментатор деген лауазымды сол заманда Юлий Цезарь, Аристотельдер болған. Цезарь-сөз өнерін, Аристотель философияны артық білді.
Осы үлгілерді тілге тиек ете отырып, қазақ спорт журналистикасын күні кешеден емес сонау Алпамыс, Қобыланды, Ер Төстік заманынан да іздегеніміз жөн болар.
« . . . Қазақ пен қалмақ қараған,
Құйындай шауып Шұбар ат,
Өте шықты арадан.
Күлмеген адам қалмады,
Жеңілген соң баладан.
Гүлбаршынның алдына
Көкпар әкеп тастады,
Өңгеріп серке даладан . . . » деп бүгінде ұлттық спортымыздың басы болып елін сүйсіндіріп жүрген көкпарды алға тартады.
« . . . Ұлтан хан бір дарақтың басына жамбы қойып, кім атып түсірсе Қарлығашты беретін болып, бәйгеге тігіп жатыр дейді . . . » бүгінде «нысана көздеу», «садақ ату»деген спорттық терминдер сол кезден бастау алатынын білген жөн.
Жалпы спорт журналистикасы дами бастаған уақытта терминдер жоқтың қасы. Сол кезде журналистерге осы батырлар жыры, ертегілер, қазақ ауыз әдебиеті көмекке келгенін бірі білсе, бірі білмес. «Копье»дегенді-найза, «Лук»дегенді «садақ»деп алынды. Бұл-қазақ ауыз әдебиетінің орасан зор үлесі.
Аталған жырларда, ертегілерде тек көкпар, садақ тарту, жамбы ату ғана емес, спорттың басқа түрлері де әңгімеге арқау болған. Мысалы, ат
жарыстыру, аударыспақ және басқа ұлттық ойындар, қазіргі тілмен айтсақ спорт түрлері көп сипатталады.
«Ат жарыстыру» демекші, ат спортына бүкіл Тұран елі, оның ішінде қазақтардың тікелей қатысы бар.
Бұл туралы экс-президент Н. Назарбаевтың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында мынадай мысалдар келтіріледі: «Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық-қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі-ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. »
Бұдан шығатын қорытынды ат үстінде жүргізілетін спорт түрлерін Тұран халқы ойлап тапқанын жарияға жар салуға болады. Осыдан алты мыңдай жыл бұрын атты ауыздықтап мініп, қолға үйреткен түркі халқы спорттың негізгі элементтері қылыш, найза, садақты ойлап тапқан.
Соңғы төрт-бес жыл көлемінде Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, белгілі спорт функционері болған Өтепқали Құралов «Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, Тұран елінің ата-бабалары өткізген» деген тұжырым айтқан.
Ғасырлар бойы ат үстінен түспеген бабаларымыз талай ұлттық спорт түрлерін дүниеге әкеліп, оның дамуына себепші болғанын қуана еске аламыз. Ел спортының дамуы жолында тер төккен Өтепқали Құраловтың, түркі халқы атқа қатысты спорттың 39 түрін дүниеге әкелген екен. Себебі түркі халқы, оның ішінде қазақ елі осыдан алты мың жыл бұрын ат жалын тартып мініп, ат құлағында ойнаса, бүгінгі таңдағы аламан бәйге, тайжарыс, құнанжарыс ат спорты түрлерімен бірге жамбы ату, аударыспақ, қыз қуу секілді бәсекелер біздің жерде пайда болмады дегенге кім сенеді дейді спорт журналистикасының ардагері Рабат Жәнібеков. Дегенмен де бізге ол дәуірден нақты дереккөздер жоқ. Бірақ бір анығы, ат спортының отаны Қазақстан, ежелгі түркі мекені.
Әрине, бұл бізден әлдеқашан озған заманға қатысты. Ол кезгі спорт журналистикасының тарихы тереңде жатыр.
Осы заманға ойысатын болсақ, он тоғызыншы ғасырдың аяғында қазақ жерінде газет-журналдар пайда бола бастағанда ұлттық спорт түрлері ақпараттар, шағын мақалалар жарияланып тұрған. Бұл жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін созылды.
Сол уақыттарда телекомментаторларға байланысты деректер болғанына да айтқан жөн. Оған себеп алғашқы спорт коментаторы Айтпай Хангелдиннің есімін ерекше атап өткен жөн. Айтпай Хангелдин сол кездегі Түркомолдың тұңғыш және соңғы жетекшісі Ғани Мұратбаева 1928-1929 жылдары Ташкенде «Қазақ»футбол командасын құрып, айтпай сол командада ойнағанын, ара-тұра радиоға жүгіріп келіп, репортаж жүргізіп кетіп отырған. Бұл-қазақ спорт коментаторлығының да жасын ұзартатын дәлелдердің бірі.
Қазақ спорт журналистикасының жарқыраған тұсы 1959 жылы қаңтарда Қазақстанда тұңғыш спорттық кәсіби басылым екі тілде шығатын спорт газетінің дүниеге келуі. Алғашқы жылдары редакторсыз шықса да, қазақ спорт журналистикасы кеңістігіндегі үлкен құбылыс еді.
Аталған басылым әлі күнге дейін «қазақ спорт басылымдарының қара шаңырағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ спорт журналистикасының атасы болған Сейдахмет Бердіқұлов 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» (Қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакторы болғанға дейінгі аралықта «Спорт» газеті осы басылымның тасасында қалып кеткендей әсер қалдырды. «Лениншіл жас»газетінде шығатын «Сейсенбілік спорт беті» «Спорт» газетін ұмыттырып жібергендей болды. Себебі, «Лениншіл жастың»жастар арасында ғана емес, қазақ зиялыларының арасындағы беделі газетте талдамалық мақалалар еркін жазылатын мақалалар көп еді. Сол кезде аталған газеттің спорт бөлімінде «Жұлдызды» журналисттер шоғыры жұмыс істеді. Қалдарбек Найманбаев, Орысбай Әбілдаев, Жарылқап Бейсенбаев, Несіп Жүнісбаев, Қыдырбек Рысбеков секілді талантты кадрлар жұлдыздай жарқырады. Сол кездегі «Спорт»газетінің өзіндік ерекшелігі-жеке басылым болғандығы. Бұл басылымда өз ісінің хас шеберлері Сматбек Төребеков, Ғалым Сүлейменов, Саин Тұрсынов, Амангелді СейтхановғБейсен Құранбек секілді талантты журналисттер осы газетте қызмет еткен еді. «Спорт» газетінің шарықтау шыңы басшылыққа Несіп Жүнісбаевтың келуімен байланысты.
Сейдахмет Бердіқұловты қазақ спорт журналистикасының атасы деуге дәлелдер жетерлік. Өйткені Сейдахмет Бердіқұлов спорт тақырыбын әдебиетте де журналистика саласында да кәсіби деңгейде жазып, биік деңгейге жеткізді. Бердіқұловтың мектебінен шыққан журналистер де аз емес. Сондықтан болар спорт журналистеріне жыл сайын берілетін жүлде осы Бердіқұлов атында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz