Алакөл көлінің суының химиялық құрамын зерттеу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Самадиярова А. А.
Алакөл суының химиялық ластануын зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011200-«Химия» мамандығы
Талдықорған 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
«Қорғауға жіберілді»
БББ жетекшісі м. а б. ғ. к. А. Маусумбаева
Тақырыбы; «Алакөл көлінің суының химиялық ластануын зерттеу»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011200-«Химия» мамандығы
Орындаған СамадияроваА. А
Ғылыми жетекшісі х. ғ. к. Канаева З. К
Талдықорған 2022
МАЗМҰНЫ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Алакөл жер беті сулары ағынының орташа айлық және жылдық көлемін талдау . . . 7
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2. 1 Алаккөл көліне гидрохимиялық зерттеу . . . 23
2. 2 Алакөл көлдер жүйесінің гидрографиялық желісінің жағдайы және сипаттамасы, сонымен қатар оқшауланған көлдер мен өзендер жүйесінің мазмұны мен құрамы . . .
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3. 1 Алакөл көлінің биогендік элементтердің құрамына талдау . . . 34
3. 2 Судың химиялық құрамын анықтаудың нәтижелері . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . … . . . 39
КІРІСПЕ
- Жұмыстың өзектілігі:
Алакөл көлі Қазақстандағы ішкі су қоймаларының ішінде көлемі жағынан екінші орын алатын әрі республикамыздағы тұйықталған (ағып шықпайтын) көлдердің ішіндегі жалғыз терең сулы ғажайып көл.
Алакөл - тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан
облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында - Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен. Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі - суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады. Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал.
Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.
Олар ел экономикасына елеулі үлес қосып жатқанымен көл суына және экологиясына залалын тигізуде. Суға жыл сайын тонналап жіберілетін ластағыштар су құрамын өзгертуде. Алакөл көлі экологиясы мен суының нашарлауының басты себебі табиғатты пайдаланушылар, оның ішінде егін суғарушылар, шет елден төгілген зиянды қалдықтар болып табылады. Сондықтан да экожүйені қалпына келтіру және халықты қамтамасыз ету, сақтау үшін көл экологиясы мен биоресурстарын сақтау жолдарын қарастырып, оның техногендік әсерінің тәуелсіздігін, оның ішінде көлдің түрлі ингредиенттермен ластану деңгейін анықтауды қажет етеді. Бұл адам денсаулығына айтарлықтай кері әсер етеді. Ғалымдар Шығыс Қазақстан облысындағы 8 көл мен 2 қайнардың суы мен батпағының құрамының физика-химиялық қасиеттеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Алакөлдің суында адамның буын аурулары, тері аурулары, қан айналымы жүйесіне, тб. пайдасы зор радон көрсеткішінің жоғары екені ғылыми түрде дәлелденді.
Ғылыми зерттеу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны» жобасын іске асыру бойынша қолға алынған. Бүгінде зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып отыр.
2. Жұмыстың мақсаты: Алакөл көлі мен оған құятын өзен сулардың қышқылдылық деңгейін анықтау. Су құрамына толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізу.
3. Зерттеу нысаны: Алакөл көлінің суының химиялық құрамын зерттеу
4. Жұмыстың міндеттері:
-Алакөл көлі туралы әдеби мәліметтерді жинақтау
- Көл суының химиялық құрамын анықтау
-Көл суынан қышқылдылығы мен еріген иондарды анықтау.
5. Зерттеу жұмысының әдіснамалы және теориялық негіздері: Нақты ғылыми дәлелденген ақпараттарға сүйене отырып, тұжырым жасау. Алакөл көлінің қазіргі жағдайын тексеріп, анықтамасын алып талдау жүргізу.
6. Жұмыстың практикалық маңызы: Су құрамына жүргізілген талдау нәтижелері, Алакөл көліне қазіргі жағдайына баға беру үшін маңызды. Зертттеу нәтижелерін, көл суының қышқылдылығын, адамға тигізер пайдасы ме зиянын алдын алу шараларына бағытталған жұмыстарға тиімді пайдалану.
9. Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 23 қолданылған әдебиеттер тізімі 9 кестеден, 11 суреттен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі 42 бет.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері айтылады. Сондай-ақ, жұмыстың практикалық маңызы мен зертттеу әдістері туралы да ақпарат беріледі.
Алакөл жер беті сулары ағынының орташа айлық және жылдық көлемін талдау жайлы бірінші тарауда айтылады.
Келесі бөлімде Алакөл көлдер жүйесінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимінің жыл ішіндегі және көпжылдық динамикасын талдау және олардың биоресурстардың қалыптасуына әсерін сипаттау туралы баяндалады.
Алакөл көлдер жүйесінің зерттелетін аудандарындағы еріген газдардың, биогенді қосылыстардың, органикалық заттардың және судың тұздылығы мен минералдануын анықтау жайлы толық мағұлмат береді.
Келесі бөлімде сол талдау нәтижелері талданады. Су құрамының өзгерістері сараланады. Салыстырылады. Қорытындыда жүргізілген зертттеу нәтижелері тұжырымдалып, көлдің қышқылдылық маңыздылығы, оның ішінде көлдің ерітінділері туралы шешуші роль атқаратындығы туралы айтылады.
Әдеби шолу
1. Алакөл көлдер жүйесінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимінің жыл ішіндегі және көпжылдық динамикасын талдау және олардың биоресурстардың қалыптасуына әсерін сипаттау.
Алакөл тобына 4 үлкен көл кіретіні мәлім. Олар: Сасыккөл, Қошқаркөл (Ұялы), Алакөл және Жалаңаш. Бұлардың маңында 500-ден астам, жалпы ауданы 3400 км2 болатын, шағын көлдер мен батпақтар бар [3] . Бұл көлдерге құятын басты өзендер: Тентек, Үржар, Еміл, Қатынсу, Ырғайты және Жаманты.
Тентек өзені. Бұл өзенге Алакөл ойпатына келетін жер бетілік ағынның 40%-ы тиесілі. Бұл өзеннің таудан шықандағы ағыны 46, 0 м3/с, ал Шыңжалы өзенінен төменгі тұста - 35, 0 м3/с. (Ағынның азаюы судың біразын егінге бұруға байланысты) . Бұл өзен Сасықкөлдің оңтүстік жағалауына аумағы 295 км 2 атырау жасап барып құяды.
Үржар - ағын көлемі жағынан бассейнде екінші орында, зерттеушілердің бағамы бойынша су өтімі 16, 5 м3/с. Ол Алакөлдің солтүстік жағасына шытырман көлшіктер тізбегін жасап құяды. Осы шытырманның басынан көл жиегіне дейін 5, 5 км. Бұл екі арада көл жиегіне параллель бағытта орналасқан әлденеше ұзынша көлшіктер тізбегі бар. Олардың орналасу бағыты бір кездерде мұнда көлжиегі болғанын көрсетеді. Ал арасындағы құмжалдар - толқын әрекетінің салдары. Осы көлшіктерге оң қанаттан Ұялы келіп қосылады. Ұялы - Сасықкөл мен Ұялының (Қошқаркөлдің) және олардың арасындағы ұсақ көлдердің артылған суын жинап Алакөлге жеткізетін өзек. Үржар мен Ұялы Алакөлге 25, 9 м 3 /с су әкеледі.
Басқа өзендердің ішінде суы молы Қытай территорисынан келетін - Еміл (14, 2 м 3 /с) . Қатынсу мен Жаманты өзендерінің ағысы бірдей (4, 6 м 3 /с шамасы), Жаманөткел (Жалаңаштан шығып Алакөлге қосылатын өзек) мен оған құятын Ырғайтының әкелетін суы - 2, 6 м 3 /с [42] . Сонымен өткен ғасырдың 60-шы жылдарғы зерттеу нәтижелері бойынша Алакөлге жыл сайын орта есеппен 51, 9 м 3 /с немесе 1, 638 км 3 ағын су келеді екен. Бірақ, қазіргі уақытқа дейін созылатын көлдегі су деңгейінің біртіндеп көтерілуі жер беті ағынының көлемі (жауын-шашын мен жер асты суларын есепке алмағанда) кемінде 1, 98 км 3 құрау керектігін көрсетеді. Қарастырылып отырған көлдердің ең үлкені және ең төменгісі - Алакөл (2. 1- сурет) . Сондықтан бұған өзгелерден артылған сулардың бәрі келіп тоғысады. Бұл көл ақпайтындықтан суы ащы.
Көлдің жиегі көбіне еңісті болғандықтан оның жағалауы өсімдікке жұтаң. Тек Үржар мен Қатынсу құятын солтүстік жағалауы ғана жайпақ, өсімдігі мол.
Зерттеушілердің мәліметі бойынша жағалау төрттік дәуірдің шөгінділерімен көмкерілген. Жағалау солтүстік және солтүстік- батыс жиектерде аздап тілімденген. Жиектің басым бөлігінде бұралаң аз, шығанақтар мен қойнаулар жоқ. Тек қиыр оңтүстік-шығысында ғана Кіші Алакөл шығанағы Жаманөткелге дейін созылып жатыр. Осы шығанақтың ауызы екі жағадан ортаны жаба керілген ұзын (20, 0 км) құмжотамен бөгелген [4] .
Қазір құмжота су астына түгелдей еніп, көрінбей кетті. Тек ең шығысындағы 1200 м-дей болатын бөлігі ғана ақ толқындардың арасынан аңғарылып тұрады. Су 3-5 м-ден аса төмендегенде құмжотаның ортасынан үлкен кертік пайда болады да, шығанақты көлмен қосып жатады. Кертіктің ұзындығы 2, 5 км. ал оның түбіндегі су тереңдігі 17, 0 м шамасындай.
Көлдің суы ащы (4, 0 . . . 10-11г/дм3), жиектен ортаға қарай ащылығы арта береді. Мөлдірлігі терең жағалау мен ортада 4-6 м, саяздау жерінде 1, 5-3, 0 м [43] . Көлдің ортасында (шығыс жағалауға қарай сәл ығыса) Үлкен Аралтөбе, Орта және Кіші Аралтөбе деп аталатын аралдар шоғыры орналасқан. Қазір оларды Тасарал деп те атай береді. Олар палеозой дәуірінің жыныстарынан түзілген, жиектері биік, шығыс жағында жарқабақты болып келеді.
Көлдің ең терең жерлері осы аралдарды батыс, оңтүстік-батыс жағынан доға түрінде қоршап жатыр. Өткен ғасырдағы табылған көлдің ең терең жері 54, 0 м еді, ал қазір 57, 0 м шамасы болуы мүмкін. Ол жер Кіші Аралтөбеден 5, 0 шақырымдай оңтүстік батыста. Сол жылдардағы ұзыны 12, 5 км болған Құмаралдың (Пески) көп жері қазір су астында қалып қазір небары 4, 5 км болып қалды.
Сасықкөл - осы топтағы екінші үлкен көл. Оның орташа деңгейі ретінде 350, 5 м БЖ қабылданған. Осы мәнге сәйкес көл бетінің ауданы 736 км2, көлемі - 2, 43 км 3 (ұзыны - 49, 6 км, ені - 19, 8 км, ең тереңі 6, 0 м, орташасы - 3, 3 м) . Көл батыстан шығысқақарай созылған. Батыс шетіне таман Аралтөбе аралы орналасқан. Екінші Аралтөбе - Қошқаркөл мен екі арадағы биік шоқы. Осы шоқының батыс бөлігі аласарып, сүйірленіп келіп Сасықкөлге кіреді де солтүстікке қарай кілт бұрылады. Осы сүйір көлдің осы шетінде екі шығанақ жасайды (Бүрген және Жартас) . Көл оңтүстік жағадан ШҚО шекарасына дейін 0, 5 м - 2, 0 м шамасына ауытқиды, ал ең тереңі жері солтүстік-батысында 6, 0 м. Сонымен бірге батыстан шығысқа қарай да тереңдей береді.
Көлдің жағалары аз кесілген - шығанақтар аз: Бурген, Жартас және көлге қосылатын ұсақ жағалаудағы көлдер. Бұның да жағалауы аз тілімделген. Тентек пен Қарақол аралығындағы шығыс жағалауын және солтүстік- батыс жиегін қалың құрақ пен қамыс басып жатыр. Қалың құрақ Сағат ауылының қасында үзіліп, Ерту маңында қайта жалғасады. Сағаттың маңы мен Тентек-Ерту аралығында жағалау көтеріңкі, өсімдіктер аз.
Көлдің шығыс бөлігінде құрақ-қамыс басқан ну көл жиегінен 9, 0- 9, 8 км шамасына дейін созылып жатқан жерлері бар. Осы нудың арасы шағын көлшіктермен батпақтарға толы. Су деңгейі төмендегенде осы батпақтардан шыққан шіріндінің иісі талай жерден тынысыңды алады. «Сасықкөл» атауы осыдан шыққан дейді зерттеушілер.
Ағынды болғандықтан көлдегі су тұщы әрі оның деңгейі көп өзгеріске ұшырамайды (көп жылдар ішінде ауытқуы небәрі 1, 2 м) .
Сасықкөл көліне екі ағын құяды: Тентек өзенінің оңтүстік-шығысында, Қаракөл өзенінің солтүстігінде (тек көп сулы жылдары) . Солтүстіктен Кыл шатқалына жақындаған Ай өзені кейде өз суларын шатқалдың жағасына жеткізеді, бірақ бұл су Сасықкөл көліне жетпейді. Су аз жылдары Ай және Қаракөл өзендерінің негізгі ағысы өзендердің төменгі ағысында булануға және транспирацияға жұмсалады.
Қошқаркөл (Ұялы) . Сасықкөл мен Алакөлдің ортасында, біріншісінен 4, 5 км, екіншісінен 5, 5 км-лік мойнақмен (нұралықпен) бөлініп жатыр. Ернеуіәнің биіктігі 349, 8 м БЖ деп бегіленген. Соған сәйкес ауданы 120 км2 (ұзыны -18, 3 км, ені - 9, 6 км, ең тереңі -6, 0 м, орташасы - 4, 0 м) . Көлдің пішіні (атауына сай) жұмыртқа тәрізді, меридиан бағытымен сәл созылған. Бұл да ағынды, суы тұщы. Жағалауы мүлде аз тілімденген. Көлдің батыс жағы тереңдеу, түбі көлбеу.
Көлге құятын өзен жоқ, ол Сасықкөлден шығатын Жіңішкесу, тағы басқа суағарлармен келетін сумен қоректенеді. Кей жылдары Тентектің бұрынғы оң тармағы «Сухая речка» (Құрөзек) арқылы аздаған ( ≤ 0, 5 м 3 /с) су түседі. Көлден асқан су Ұялыға түсіп, одан ары Үржар арнасымен Алакөлге жетеді. Алакөл тобындағы көлдерге іргелес жатқан су жүйелерінің балық шаруашылығы үшін маңызы. Әрбір табиғи су айдыны секілді бұл топтағы көлдер үшін де олармен іргелес жатқан су жүйелеріндегі балықтардың уылдырығын шашуына, ұсақ шабақтардың өсуіне қолайлы жерлерінің үлкен маңызы бар. Оның үстіне қарастырылған үш көлдің де жиектері аз тілімденгенін айттық. Сол себепті бұл үш көлге де (әсіресе сазан үшін) жоғары сапалы «төлжайлар» жетіспейді. Сасықкөл сазанының «құрып» кетуіне ықпал еткен бір себеп осы болуы мүмкін.
Бұрын сазанның негізгі «төлжайы» Тентектің атырауындағы көлшіктер мен қарасулардың жиегі болатын. Ал күзде осы атыраудың шабақтарын көлге өткізу үшін аздап болса да қарасулар (көлшіктер) жырылып, құрақ шабылып, өзге де пайдалы шаралар жүргізілетін. Қазір бұл атырау мен оның сағасы Алакөл МТҚ -ның иелігіне өтіп кетті. Енді ол жерде ешқандай мелиорациялық жұмыстар жүргізуге болмайды. Соның нәтижесінде шағын көлшіктерде қыстап қалған шабақтар жиі қырылып жатады. Ондай қалың қамыстың арасы мен шағын суларға сазан шабақтарының үйір екенін ескерсек сазанның азаю себептерінің бірі осы екені де таңқаларлық нәрсе емес.
1. 1. Алакөл жер беті сулары ағынының орташа айлық және жылдық көлемін талдау
Сасықкөл мен Қошқаркөлдің негізінен Тентектің суымен қоректенетіні жоғарыда айтылды. Тентектің орташа жылдық ағысы Төңкеріс ауылының тұсында 1, 457 км 3 , Шыңжалы сағасынан сәл төменде -1, 104 км 3 [43] . Өзеннің атырауында «жоғалатын» су көлемі - 150 млн. м 3 . Сонда көлге жететін су - 0, 954 млн. м 3 . Көлге жер астымен келетін су - 100 млн. м 3 , көл бетіне жауатын жауын - 239 млн. м 3 (325 мм) . Сонымен жыл сайын орта есеппен Сасықкөлге жылына 1, 293 км3 су келеді екен. Ал көл бетінен буланатын су - 0, 759 км 3 (1031мм) . Ерту бағытымен кететін су -72, 0 млн. м 3 . Демек қалған 462 млн. м 3 су (1293-759-72) жағалаудағы көлшіктер мен батпақтарды толтыруға, Қошқаркөлді және Ұялыны суландыруға жұмсалады екен.
Қошқаркөл көліне негізгі ағын көлемі 165 млн. м 3 құрайтын жіңішке ағыны бойынша Сасықкөл көлінен келіп түседі. Жер асты ағыны 20 млн. м 3 деп бағаланады. Су айнасына түсетін жауын-шашын 36, 4 млн. м3 құрайды. Бұл көлдің бетінен жыл сайын орта есеппен 83, 0 млн. м 3 су буланып кетеді (жауын-шашынды есепке алғанда) .
Алакөл көлі үшін су балансының кіріс бөлігінің негізгі үлесін жер асты қоректенуінің Елеулі рөлімен жер үсті ағыны құрайды. Оған 15-тен астам өзен құяды, бірақ олардың көпшілігі таяз және көлдің Су балансында маңызды рөл атқармайды. Негізгі су ағындары анықтайтын приходную бөлігі су балансы-бұл р., Үржар ауылы мен р. Бескопа беретін 50% жер беті ағынын, р. Хатынсу (8, 8 %), р. Емель (27, 4 %), р. Жаманоткель (5 %) және р. Жаманты (8, 8 %) . Алакөл көл жүйесі гидрохимиялық режимінің жылдық динамикасын талдау Сасықкөл мен Қошқаркөл екі көлінің тұщы екенін көрсетеді. Олар ортаның сілтілік реакциясымен сипатталады. Минералдануы Сасықкөл көлі бойынша 506-920 мг/дм3 аралығында; Қошқаркөл көлі бойынша 628-942 мг/дм3 аралығында ауытқиды. Бұл көлдердің сулары гидрокарбонат класына, кальций тобына, бірінші типке жатады.
Перманганаттың тотығуы бойынша Сасықкөл және Қошқаркөл көлдері перманганаттың аз тотығуы бар су ретінде бағаланады.
Алакөл көлі басқа екі көлге қарағанда тұздылығы өзгеше. Ол ортаның сілтілік реакциясымен сипатталады. Алакөл көлінің бүкіл акваториясындағы су натрий мен кальций тобының хлоридті, гидрокарбонатты кластарына, бірінші және екінші типке жатады. Биогендік қосылыстар маусымдық және жылдық аспектілерде сулы флораның дамуы үшін жеткілікті мөлшерінде өзгереді.
Жалпы гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша Алакөл көлдер жүйесі гидробионттардың мекендеу жағдайларына сәйкес келеді.
Алакөл ойпаты-аллювиалды қалыңдығымен және көлдік шөгінділермен толтырылған тектоникалық тау аралық майысқан жер.
Оның жазықтық, түптік бөлігі төрттік және адам да ерте Балқашпен Алакөл ойпаты бір, кезінде кетілген Алакөл суатында қалыптасқан. Қазіргі кезде өзендердің және желдің жерінен орталық бөліктерде тектоникалық құрылыстардың жерінен сылуынан түбі қайтадан құралған.
Алакөл көлі төрт үлкен көлдің 95 %-ы су массасын құрайтын терең ағынсыз көл. Аймақтың көлденең өсінен бастап жоғары жағынан бастап аз сулы, ағынды көлдер орналасқан. Солтүстікте Қошқаркөл және Сасықкөл, оңтүстігінде артық суын Алакөл көліне құятын Жалаңашкөл [7] .
Көлдерге негігілері Тентек, Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері құяды. Тентек өзені беткі жиынтық сағалардың 40 %-ын беріп, Алакөлдің орталық бөлігіне жалпы үш көлге тең кең атырау құрады. Алакөл көлінің оңтүстік шығыс және оңтүстігінде құрғап қалған қалған өзендер қатары байқалады.
Гидрогеологиясы
Алакөл ойпаты табиғи және геологиялық құрлымы жағынан жер асты суларының құрылуына көп ықпал келтіреді. Жер асты суларының негізгі қоректену көздері Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Барлық-Майлы таулы аудандарында және тау етегі шелифтерінде кездеседі.
Алакөл қазаншұңқыры төрттік және шөгінді-төрттік кезеңдегі суды жақсы өткізетін борпылдақ шөгіндімен орталық бөлігіне дейін қамтылған. Геофизикалық зерттеулердің деректері бойынша жер асты суының көлемі 1000 метрден асады.
Гидрофизиктердің айтуы бойынша Алакөл ойпатының және ол жердегі көлдердің жер асты суларымен қоректенуі гидрогеологиялық жағыдайының біршама жақсарғанын көрсетеді таулы аудандарда атмосфералық жауын-шашының фильтыратциясы жерінен тектоникалық бөліну мол аудандарда жарылған сулар түзіледі. Бұл сулар біртіндеп өзен аңғарларына келеді де, біртіндеп Алакөл ойпаңына кетеді.
Қар жамылғысы
Алакөл, Сасықкөл ойпаңдарында түсетін қар жамылғысы қараша, желтоқсан айларында байқалады. Жоңғар Алатауының солтүстік теріскей беткейлерінде артық су қоры көп. Таулы аудандарға сондай-ақ қар жамылғысы көп түседі және еру уақыты науырыз, сәуір айлары. Қар жамылғысының тығыздығы қыстың болуына байланысты. Қыс қатты болған жылдары оның тығыз орналасқаны байқалады. Таулы қыраттарда қардың қалыңдығы 0, 20 метрге жетеді. Ал биіктеген сайын өсе түседі. Ең жоғарғы тығыздық Жоңғар Алатауының мұздықтарында 2-3 есе көп болады. Максимальді су қоры қар жамылғысында тепе-тең емес. Таудың солтүстік батыс теріскейінде су қоры 500мм-ды құрайды. Қар жамылғысының еруі наурыз айында байқалады. Бұдан биік 2000-3000 м бикте қар жамылғысының еруі шілде, тамыз айларына дейін созылады. Жазық Алакөл ойпатында қардың еруі сәуірде айақталады.
Термикалық режимі
Алакөлдің термикалық режимінен жылу баланысын анықтаудың негізгі факторы болып су массасының тереңдігі, қарқынды желділігі, су массасының су толқынды араласуы болып табылады.
Жылу баланысы жүрісінен жылу бөлшектерінің жылдық циклі әсерінен термикалық режимі үш негізгі факторға бөлінеді:
1. көктемгі-жазғы жылыну фериоді (сәуір-шілде) ;
2. күзгі-қысқы салқындау фериоді (қыркүйек-қаңтар) ;
3. Қысқы фериоді (ақпан-наурыз) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz