Экспанциондық ақша - несие саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрілігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ

Экономика және аудит жоғары мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстанның ақша-несие саясатының мақсаттары, құралдары мен ерекшеліктері

Орындаған: Кенесарова Ә.С.
БАН-11 тобының студенті
Тексерген: Кенжин Ж.Б.
PhD докторы, доцент м.а.

Орал 2021
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. АҚША-НЕСИЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының жүргізілу барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Елдегі ақша-несие саясатының қалыптасуындағы және оның іске асуындағы мәселелерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Қазақстандағы ақша-несие саясатының даму болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатының заңдық реттелуі және жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Экономикада ақша-несие саясаты атты ұғымды көп кездестіреміз. Ақша-несие дегеніміз - жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты -инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: ақша-несие саясатының мәні мен мақсатын көрсету, түрлері мен құралдарын анықтау. Елімізде ақша-несие саясатының жүргізілу барысын, қалыптасуын және іске асыру кезіндегі мәселелерді талдау мен болашағын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: ақша-несие саясатының жалпы сипаттамасын анықтау және Қазақстанда ақша-несие саясатын жүргізу мен қалыптастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: елдегі ақша-несие саясатының жүргізу мәселелерін қарастырып, экономикалық рөлін көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші тарау Ақша-несие теориялық негіздері. Бұл тарауда ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырып, түрлері мен қолданылатын құралдарын анықтау.
Екінші тарау Мемлекеттің ақша-несие саясатының қазіргі жай күйін талдау және оның мәселелері. Бұл тарауда Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатының жүргізілудегі және оның іске асу кезіндегі туындаған мәселелерін талдап, шешу.
Үшінші тарау Мемлекеттің ақша-несие саясатын тиімді жүргізудің жеілдіру жолдары. Бұл тарауда елдегі ақга-несие саясатының даму болашағын және оның заңдық реттелуі мен жетілдіру бағыттарын талдау.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы -экономикалық жоғарғы оқу студенттеріне ақша-несие саясатының мәні мен мақсатын және қазіргі жай күйін практикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да талдап, қызығушылық туғызады.

1. Ақша-несие теориялық негіздері
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және мақсаты

Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие шамасын, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық сияқты кез келген дамқын қоғамның экономикалық саясатының бір бөлімі болып келеді. Ақша-несие саясатының мәнінде монетарлы өкіметтердің ақша-несие сферасындағы конъюктура және қайта даму процесін жөнге салуы мақсатындағы өзара байланысқан шаралардың кешенін түсіну керек.Шаралар кешенінің мінез-құлқы және мазмұны қоғамның экономикалық стратегиясымен жалпы шаруашылық жағлаймен анықталады. Ақша-несие саясатының әрекеттілігі оның мүмкіншіліктерімен шектеледі, осы шектерді анықтау экономикалық теорияның аса күрделі мақсаты болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша-несие саясатының экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр. Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға тұрақтылығын, ең тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатынжәне нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады. Кез - келген жағдайда да мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші болып, өзіне тән қызметтеріне сәйкес орталық банк есептелінеді,ал саясаттың объектілері ақша нарығындағы ұсыныс пен сұраныс болады. Саясат - бұл мемлекетке қатысты іс, мемлекеттік қызмет. Сондықтан да ақша-несие саясаты - бұл мемлекеттің ерекше қызметі. Ол оның көмегімен елдің ақша-несие процестері реттелетін жүйесіне шаралар жасап, жүзеге асыруда көрінеді.
Ақша-несие саясаты - бұл макроэкономикалық процестердің мемлекетке қажетті бағытта дамуы үшін Орталық банктің ақша айналымы мен несие қатынастар саласында жүргізетін іс - әрекеттер жиынтығы. Несие саясатының мақсаты, егер оны жалпы экономикалық саясат мақсатының нақты көрінісі ретінде алғанда, ел шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақша тауарлар мен қызметінің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы - несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады. Ақша - несиелік реттеудің мақсаты - ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсуін ынталандыру. Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем анйналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер - вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаның түрліше формалары пайда болады.
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жқмыссыздықтың төменгі дірежесін тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау керек. Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты см,млекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді жолдарының әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты - ұлттық тұрақты дамуы мен тепе - теңдікте болуын қамтамасыз ету. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектңсң - Орталық банк (Ұлттық банк) болып табылады. Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады
* Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
* Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерациялық банктердің несие қызметіне әсер ету.
Ақша - несие саясаты - Ұлттық банктің ақша айналымы мен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық үрдістерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясымен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті - кейсиандық және монетарлық бөліп көрсетеді. Егер де кейсиандықтар ақша-несие саясатын саясатын рөлді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардың арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған - біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері - барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.
Джон Мейнард Кейнс және оның ізбасарлары экономиканың нарықтық құрылымының ішкі кемшіліктері кемшіліктері бар, ол өзін-өзі реттеуге қабілетсіз деп есептеледі. Бұл атап айтқанда, жұмыссыздықтан, инфляциядан, жиі экономикалық дағдырыстардан көрінеді. Кейнстиандықтар дағдырыстардың алдын алу және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет экономикаға белсенді араласуы керек, қатаң фискалдық және ақша-несие саясатын жүргізуі керек деген қорытындыға келді. Олар ақша массасының өзгеруі номиналды ЖҰӨ-ге әсер ететінін мойындады, ал ақша-несие пайыздық мөлшерлеме деңгейіне негізделуі керек (өйткені пайыздық мөлшерлемені өзгерту арқылы біз инвестициялық белсендікті, ал мультипликатор әсер арқылы - номиналды ЖҰӨ-ды өзгертеміз).
Негізгі кейсиандық теңдеу:
ЖҰӨ = C+I+G+NX

Мұнда C - халықтың тұтыну шығыстары; I - инвестиция; G - тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мемлекеттік шығындар; NX - таза экспорт.
Кейсиандықтар ақша-несие саясатына қарағанда фискалдық немесе бюджеттік саясат экономикалық дағдырыс кезінде тиімдірек деп есептейді. Олардың пікірінше, ақша айналасының жылдамдығы өзгермелі және болжау мүмкін емес. Кейсиандық позиция: ақша тек транзакциялар жасау ғана емес, сонымен бірге оларды актив ретінде иелену де қажет. Тек транзакциялар үшін ақша қозғалады, ақша - активтер айналымға қатыспайды. Демек, операциялар үшін қолданылатын ақшаның салыстырмалы құны неғұрлым көп болса, соғұрлым ақша айналасының жылдамдығы жоғары болады. Ақша массасының кеңеюі пайызыдық мөлшерлемені төмендетеді. Актив ретінде ақшаға ие болу шығыны азая бастағанда, халық айналым жылдамдығы нөлдік ақша активтерін көбірек ұстайды. Сондықтан ақша айналымының жалпы жылдамдығы төмендейді. Сонымен, ақша айналысының жылдамдығы пайыздық мөлшерлемені тура пропорционалды және ақша ұсынысына кері пропорционалды өгереді. Егер олай болса, онда ақша массасы мен таза ұлттық өнім арасында тұрақты байланыс болмайды, өйткені ақша айналымының жылдамдығы ақшаның өзгеруіне байланысты өзгереді.
Жоғарыда инфляциямен күресу үшін ақша айналыммын шектеу қажет екендігі атап өтілді. Бұл жерде кейсиандықтардың пікірі басқаша. Олардың пайымдауынша, ақша массасының азаюы сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады, бұл өндірістің құлдырауына әкеледі, бұл өз кезегінде инфляцияны арттырады. Кейсинадықтар мемлекеттік реттеудегі басты мәселе инфляциямен күресу емес, тиімді сұранысты ынталандыру деп есептейді.
70-ші жылдар кейсиандық дағдырысиы көрді. Бұл мектептің идеяларында монетаризм идеялары басым, оның негізгі теоретигі атақты американдық экономист Милтон Фридман.
Монетаристер нарықтық экономиканы ішкі тұрақты жүйе деп есептейді. Барлық қолайсыз сәттер - мемлекеттің негізсіз араласуының салдары, оны барынша азайту керек.
Монетаризм ақшаға назар аударады. Бұл мектептің өкілдері ЖҰӨ мен ақша ұсынысы арасындағы байланыс инвестиция мен ЖҰӨ арасындағы байланысқа қарағанда күштірек деп есептейді. Бұл тұжырым И.Фишер теңдеуінен шығады:
M x Y=P x G
Мұнда M - ақша массасы; Y - ақша айналасының жылдамдығы; P - баға индексі; G - тауар саны. Шынында да, егер ЖҰӨ = P x G, ал Y тұрақты (немесе оның өзгерістерін болжауға болатын) деп алсақ, онда ЖҰӨ айналымындағы ақша көлеміне тікелей баланысты.
Қорытындылай келе, ақша-несие саясатының заманауи үлгілері кейсиандық та, монетаристік идеяларға да негізделген.
Ақша-несие саясатының мақсаттары оның стратегиясы болып көрсетіліп, былай класификацияланады: іс-әрекет шегімен - ішкі және сыртқылар, іс-әрекет уақытымен - аралық және ақырғы. Ішкі және сыртқы, аралық және ақырғы мақсаттардың шектелуі олардың абсолютті қарама-қарсы қойып салыстырмай қабылдануға тиісті. Негізінен олардың арасындағы байланыстарының бар болғанын шамалайтын жалпы ақша-несие саясаты ғана болып отыр.
Ақырғы мақсаттар. Ақырғы мақсаттарды анықтағанда сиқыршылық төрт бұрыш туралы жиі сөйлейді, оның шектері макроэкономикалық көрсеткіштер схемасында көрсетілген. Экономикалық саясаттың мәні осы параметрлердің оптималды үйлестіруінде жатыр. Ақырғы мақсаттарға:
* Экономикалық өсу;
* Толық жұмыстабылық;
* Бағалардың тұрақтылығы;
* Тұрақты төлем балансы жатады.
Ақырғы мақсаттар арасында бір мақсат бар, оны орындау орталық банкінің жауапкершілігінде жүктеледі: күрес ұлттық валюталық ішкі және сыртқы құнын сақтау үшін инфляциямен. Бұл мақсат ақша активтерінің эмиссиялауында емес, жинақтардың тұрақты артуына жағдай жасайтын инвестициялық қаржыландырудың нарықтық механизмдерінің даму жолымен шешіледі. Ақша-несие саясаты инфляцияның ақшасыз себептерімен күресе алмайтыны айдан анық. Құрылымдық және әлеуметтік факторлар экономикалық саясаттың басқа құралдарымен жойылуға тиісті.
Аралық мақсаттар. Орталық банкілер аралық ретінде ақырғы мақсаттардың орындалуына қолайлы мақсаттар анықтайды. Аралық мақсаттардың анықтамасы бірнеше болжамдардың қатарында құрылады. Аралық мақсаттар (мысалы, ақша массасы) мен ақырғы мақсаттар (мысалы, бағалар) арасында біршама байланыс бар. Басқаша айтқанда, ақша-несие саясатының аралық мақсаттан ақырғыға трансмиссия процесі тұрақты және жеткілікті түрде көрсетілген. Орталық банк оның бұйрығында бар құралдарға байланысты мақсаттардың бірлігін көрсете білуі тиіс. Аралық мақсаттарға:
* Ақша массасы;
* Пайыздық қойылым;
* Айырбас бағамы жатады.

1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары.

Шаруашылық конъюнктурасынан, жағдайына байланысты ақша-несие
саясатының екі түрі болады: рестрикциялық және экспанцондық. Ақша-несие саясатының әрбір түрі өз құралдарының жиынтығымен және реттеудің экономикалық және әкімшілік әдістерінің белгілі бір жиынтығымен сипатталады.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты (шектеулі немесе қымбат ақша саясаты) - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөршерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы. Оны жүзеге асыру әдетте бюджеттік және салықтық щаралармен: салықты арттыру, мемлекеттік шығындарды қысқарту және т.б. жүреді.
Шектеуші ақша-несие саясатының мақсаттары: инфляцияны тежеу, төлем балансын жақсарту,, нарықтық конъюнктураның қызып кетуімен жүретін экономикалық өрлеу кезеңдеріндегі іскерлік белсенділіктің циклдік ауытқуларын тегістеу болып табылады.
Экспанциондық ақша-несие саясаты (арзан ақша саясаты) - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша - массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөршерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар жиынтығы. Ол салық ставкаларының төмендеуімен және мемлекеттік бюджеттің өнімсіз шығыстарының өсуімен қатар жүреді.
Экспанциондық ақша-несие саясатын жүзеге асырудың мақсаттары іскерлік белсенділікті және экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықты азайтады.

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ СҰРАНЫСТЫҢ АРТУЫ
ЖИНАҚТАРДЫҢ ӨСУІ
ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІҢ ӨСУІ
ЖҰМЫС ОРЫНДАР САНЫНЫҢ АРТУЫ
ӨНДІРІСТІҢ ӨСУІ
ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ АРТУЫ
ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА НЕСИЕЛЕРДІҢ ӨСУІ
ЖЕКЕ СЕКТОР
ҚОҒАМДЫҚ СЕКТОР

ЭКСПАНЦИОНДЫҚ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

1 -сурет. Экспанциондық ақша-несие саясаты
Арзан ақша саясатымен өндірісті дамытуға берілетін несиелер өсіп, инвестиция мен өндіріс көлемі, демек, жұмыс орындары да көбейеді. Сонымен қатар халықтың жинақтары мен тұтынуға арналған несиелерді өсуде, бұл тауарлар мен қызметтерге сұраныстың артуына алып келеді, өндірістің өсуін ынталандырады.
РЕСТРИКЦИОНДЫҚ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ СЕКТОР
ЖЕКЕ СЕКТОР


ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА НЕСИЕЛЕРДІ ҚЫСҚАРТУ

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАРУЫ
ЖИНАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАРУЫ
ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІҢ ҚЫСҚАРУЫ

ӨНДІРІСТІҢ ТӨМЕНДЕУІ

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ СҰРАНЫСТЫҢ ТӨМЕНДЕУІ
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӨСУІ

2 -сурет. Рестрикциондық ақша-несие саясаты.
Қымбат ақша саясаты өндірісті дамыту үшін несие алу мүмкіндіктерін шектейді, бұл инвестицияның азаюына, өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі. Жеке секторда халықтың жинақ ақшасы мен тұтынуға тартылған несиелердің қысқаруы сияқты процестер жүріп жатыр. Нәтижесінде тауарлар мен қызметтерге сұраныс төмендейді, бұл да өндірістің дамуын тежейді.
Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ақша-несие реттеудің тікелей және жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерациялық банкілердің балансына қатысты қолданады, ал жанама құралдар ұлттық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданады.
Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдары қолдану ақша қаражаттарының несие - қаржылық институттарын қарыз қапиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтады. Ұлттық банк жанама құралдарды қолдана отырып, резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді.
Енді ұлттық банкінің коммерациялық банктерге қатысты өзінің жүргізетін саясатына көмекші болатын негізгі құралдарды қарастырайық. Оларға ең алдымен қайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруі, резервтік талаптар нормаларының өзгеруі, ашық нарықта бағалы қағаздармен және шетелдік валютамен операциялары, сонымен қатар қатаң әкімшілік шаралары жатады.

а)Резервтік талаптар саясаты.
Міндетті резерв - бұл коммерациялық банктердің Ұлттық Банкте арнайы шотта сақтайтын ақша қоры. Ол негізгі екі қызмет атқарады:
1) коммерациялық банктердің өз салымшылары алдында міндеттерін орындау кепілдігін беру;
2) ақша массасын реттеу құралы.
Қазақстан Ұлттық Банкң банктердің депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы мен ставкаларын реттеу мақстаында ең төменгі талаптардың нормативтерін пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ең төмеңгі резервтік талаптардың нормативтерін банктер міндеттемелері сомасының проценті ретінде есептейді.
Банктердің есеп айырысу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін Қазақстан Ұлттық банкі белгілейді.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі тарату комиссиясына өзінде резервтелген қаражатты он күндік мерзімде қайтарады.
Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар - бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдында заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткішетріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоқталады (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.
б)Коммерациялық банкілерді қайта қаржыландыру
Қайта қаржыландыру термині орталық банкіден несие мекемелерінің ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк коммерациялық банкілерге несие бере алады, сонымен қатар олардың портфеліндегі бағалы қағаздарды (көбінесе вексельдерді) қайта есептей алады.
Қайта қаржыландыру саясаты ақша нарығы мен капитал нарығына әсер ете алады. Вексельдер қайта дисконттау мөлшерімен есептеледі. Бұл мөлшерді тағы да ресми дисконттық мөлшер деп атайды, бұның қайта қаржыландыру мөлшерінен айырмашылығы оның мөлшері аз болды.
Орталық банкі қайта қаржыландыру мөлшерін өсірсе, коммерациялық банкілер қарыз алушыларға беретін несие бойынша мөлшерді өсіріп өзінің шығындарын компенсациялайды. Яғни, есептік (қайта қаржыландыру) мөлшерінің өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл орталық банкілерідің ең басты мақсаты болып табылады.
Ақша-несие саясатын жүргізгенде қайта қаржыландыру әдісін қолданудың кемшілігі бұл тек коммерациялық банкілерге ғана қатысы бар. Егер қайта қаржыландыру аз пайдаланытан болса онды бұл әдіс өзінің тиімділігін толық жоғалтады.
Қайта қаржыландыру мен қайта дисконттау ресми мөлшерін белгілеуден басқа орталық банк ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер белгілейді, яғни ба,алы қағаздарды кепілдікке қойып берілетін несие бойынша пайыздық мөлшер. Кепілдікке жоғары өтімділігі бар бағалы қағаздар: мемлекеттік бағалы қағаздар, алдыңғы қатарлы саудалық вексельдер, банкілік акцептілер жатады.
Орталық банкі есептік мөлшер саясатын (оны тағы дисконттық саясат депи атайды) ақырғы қарыз беруші ретінде жасайды. Ол суддаларды қаржылық жағынан тұрақты банкілерге береді. Кей уақытта қаржылық қиыншылық көріп жатқан банкілерге балансын дұрыстау үшін де беріледі.
Орталық банкі ссуданы бере отырып коммерациялық банкінің қорларын көбейтеді, демек оның несие беру қабілеттілігің де жоғарлатады.
Ұлттық банк қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтімділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс ж.зіндегі вексельдері, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.
в)Ашық нарықтағы операциялар
Бұл әдіс орталық банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу - сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерациялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерациялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қабілеттілігін жоғарлатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.
Орталық банк коммерациялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағалармен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерациялық банкілер бұл операциядан пайыздық төлемдер алады.
Орталық банкінің бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды жүргізу формаларына байланысты тіке және керісінше болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып алып-сату алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болап табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.
Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде ашық нарықтағы операциялар алдыңғы екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы - өте жұмсақ реттеуді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.
Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде таныладық. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарлату болып табылады.
г)Ақша-несие саласын реттеудің басқа да әдістері
Экономикалық әдістермен қатар орталық банк коммерациялық банкілердің іс-әрекетін реттей отырып әкімшілік әдістері де қолданады. Мысалға несие көлемін шектеу.
Бұл әдіс ақша-несиелік реттеу берілген несие сомасын көлемдік шектеу болып табылады. Бұл банкілердің ісіне тікелей әсер ету болып табылады. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемерді теңсіз жағдайға әкеп соқтырады. Банкілер алдымен өзінің ірі фирмаларына несие беріп алып, кіші және орта мекемелері несиесіз қалып осы саясатының құрбанына айналады. Сөйтіп елдегі бизнес іскерлігінің азайюына әкеледі.
Сонымен қатар орталық банк әртүрлі нормативтер орната алады, оларды коммерациялық банк қажетті деңгейде ұстап тұруы қажет болады. Оларға коммерациялық банкінің капиталдың жеткіліктінормативі, баланс максималды мөлшерінің нормативі және тағы басқа толықтырылатын нормативтер жатады.
Мемлекет орталық банк кейпінде саяси мәлімдемелер жасайды, ол банкирлердің азаматтық парызына өтініш жасайды. Кейде бұл мәлімдемелер белгілі бір әсер етеді. Бірақ ең күшті құрал болып табылатын қауесеттер. Елдің хал-ахуалы тұрақсыз жағдайда бұл қауесеттер халықтың санасына қатты әсер етеді.

2. Мемлекеттің ақша-несие саясатының қазіргі жай - күйін талдау және оның мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының жүргізілу барысы

Қазақстан Республикасында Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізеді. Нысанға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатыныңнегізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
oo қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру
мөлшерлемесі деңгейін белгілеу
oo Қазақстан Ұлттық банкінде жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу
oo мемлекеттің бағалы қағаздардан сатып алу және сату бойынша
ақша нарығындағы операцияларды жүргізу
oo банктерге және үкіметке несие беру
oo ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі
oo валюталық нарықты интервенциялау
oo кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген
түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғары аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді:
oo ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
oo ресми есептік мөлшерлемесі
oo РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
oo овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
oo күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Ресми қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығындағы жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негіздін немесе ҚҰБ Басқармасының жекеқаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданады.
Ресми есептік мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерациялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР бюджет- салық саясаты. ҚР әлеуметтік саясаты
Мемлекеттің ақша, несие саясаты жайлы мәлімет
ҚР-ның коммерциялық банктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Ұлттық банкі
Банктерге және үкіметке несиелер беру
Ақша-несие саясат, айналыстағы ақша массасы
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Несиенің мәні және нысандары
Экономикалық мемлекеттік реттеу
Пәндер