Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ
Бөгенбайқызы Айханша
ҰЛТТЫҚ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ 5-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ТАЛҒАМЫН ДАМЫТУ
7М01403 - Көркем білім, графика және жобалау
Алматы, 2022 ж
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста төмендегідей нормативті сілтемелер қолданылған:
1 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2. ҚР Білім туралы Заңы.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтамалар қолданылған:
Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.
Сән және қолданбалы өнерінің материалдары- металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т. б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т. б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Шығармашылық - адамның ойлауының және өзбетінше әрекетінің жоғарғы формасы.
Талғам - жеке адамның немесе әлеуметтік топтардың көркем шығарманы, сұлулықты кейіпсіздіктен ажырата білу қабілеті. Талғам - эстетикалық сананың саласы.
Біліктілік - қызметкердің іс-әрекетінің нақты бір түрінде күрделі еңбекті атқаруға мүмкіндік беретін қабілетінің даму деңгейі. Біліктілік қызметкер меңгерген теориялық біліммен, практикалық машық көлемімен айқындалады және қызметкердің маңызды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы сипаты болып табылады.
Жеке тұлға - әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т. б. ) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Көркемдік іс-әрекет. Эстетикалық көркем қабылдау мен сезіну негізінде орындалатын көркем шығармашылық қызмет.
Көркем қиял. Ес, елес, сезім арқылы эстетикалық жаңа ой жүйе туындауы. Елестету, еске түсіру арқылы жаңа эстетикалық сезім мен ойларды жүзеге асыру. Көркем қиял жаңа туынды жасауға әрекеттендіреді. Өнер адамдарының шығармашылығы қиялмен етене байланысты болғандықтан, қолөнер шебері өзінің болашақта орындайтын туындысын егжей-тегжейлі асқақ қиялының еркімен нобайын жүйелейді.
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін үрдісте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Көркем білім алу. Көбіне бейнелеу өнері саласындағы ұстаздар көркем білім алу міндеті мен көркем шығармашылық міндеттердің ара жігін ашып, шығармашылық барысында екі міндетті де жүйелі пайдалануды ұмытпауды үйретеді.
Көркем білім беру - өнер түрлері арқылы эстетикалық көркемдік мәдениет пен көркем шығармашылыққа баулу. Ұрпағымыздың саналы болуымен қатар, еңбек баулуға, ұлттық мәдениетке үлес қосар арлы, намысты азаматтарды тәрбиелеп, өнерді сүйюді үйретеді.
Көркем көзқарас - Көркем көзқарасы орныға келе оқушыалрға өмір мен өнерге байланысты өзіндік пікірімен санасады, ойы мен ұғымы тоғысып содан туындайтын иланымы, басшылыққа алатын әсерлену танымы мен ұстанымы нақтыланады. Сонымен көркемдік көзқарас білім алуда, еңбектенуде, ғылыммен шұғылданғанда нақтырақ айтсақ теориялық және де тәжірбиелік танымы барысында қалыптасады.
Көркем еңбек - көркемдік-мәнерлі құралдар арқылы қоғамдық сананың көркемдік ойлау тәсіліне негізделетін материалдық және рухани байлықтарының көзі.
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 2
Анықтамалар . . . 3
КІРІСПЕ . . . 7
- 5-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ТАЛҒАМЫН ҰЛТТЫҚ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ҚҰРАЛДАРЫМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҰлттық сәндік-қолданбалы өнер - оқушының жеке басын қалыптастыру құралы . . . 15-29Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері . . . 30-37Білім беру процесіндегі ұлттық мәдениеттің, дәстүр мен өнердің рөлі мен орны . . . 38-49
- МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІҰлттық сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы көркемдік дағыларды қалыптастыру . . . 50-58Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында оқушылырдың шығармашылық белсенділігін дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері . . . 59-68Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың көркемдік талғамдарын қалыптастыру әдістері . . . 69-82
- ЗЕРТТЕУ АПРОБАЦИЯСЫҰлттық сәндік-қолданбалы өнердің оқушылардың көркемдік дамуына әсерін эксперименттік зерттеу83-99Эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдау100-109
ҚОРЫТЫНДЫ110-112
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ113-118
ҚОСЫМША118-124
Кіріспе
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жағдайда жас буындардың көркемдік талғамын жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - бұл оқушылардың қоғамдық өмірде, өзін қоршаған орта мен табиғатта, өнерде сұлулықты қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Көркем білім жүйесінде өнер түрлері, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтар мектеп оқушыларының көркем эстетикалық талғамдарын қалыптастыру негізі болып табылады.
Олардың арасында көркемдік пән циклдерінің объектілері, атап айтқанда, визуалды өнер түрлері бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, мектеп оқушылары үшін көркемдік іс-әрекеттің ең қызықты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шығармашылық белсенділікті, қиялды, есте сақтауды, көркемдік талғам мен қабылдауды дамыту үшін қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік, мәдени салаларда педагогикалық білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгерту, оның ұлттық сана-сезімнің даму деңгейіне және аймақтың жағдайына тәуелділігін анықтау қажеттілігі туындайды. Оқушылардың көркемдік талғамы мен шығармашылық белсенділігінің дамуын ұлттық-көркемдік мәдениетімен байланыстыру маңызды. Нақ сондықтан сәндік-қолданбалы өнердің көп ғасырлық дәстүрлері оқушылардың көркемдік талғамы мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырып дамытуда педагогикалық әлеуетін сақтайтын, Қазақстанда аса маңызды болып табылатын ұлттық мәдениеттің бастауына жүгіну елеулі мәнге ие болады.
Халықтық сәндік-қолданбалы өнерді дамыту базасы, оның қалыптасуы мен дамуының ұжымдық мәні Қадырбаев М. А., Омаров Д. С., Қылышбеков А. А., Садырбекова Ә. А., Алпысбаева А. Д., Горяева Н. А., Құрманов Н. М., Маракулина Я., Қасиманов С., Колдина Д. Н., Ұлысбаев А. Ә., Рондели Л. Д., Өмер З., Шевченко А. В., Аманбаева А. А., Кошаев В. Б., Қыныбаев Қ. А., Жеделов Қ. О. және т. б. сияқты беделді халық шығармашылығын зерттеушілердің еңбектерінде көрініс табады. Ал бұл сәндік-қолданбалы өнердің әлеуетін шығармашылық тұлғаның дамуына ықпал ететін үлкен тәрбиелік күш ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Тарихшылар, этнографтар, т. б. сала ғалымдарының Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев, К. Ақышев Т. К. Басенов, М. С. Мұқанов В. Чепелев, А. И. Терекожин, Ә. Тәжімұратов, С. Касиманов, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібеков, М. Кани, А. Нұсқабайұлы т. б. еңбектерінде қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің тарихи дамуы, мәні, жасалу технологиясы, қолөнер бұйымдарының мән мағнасымен қолданысы туралы жан-жақты мәліметтер береді.
Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің оқу-тәрбие мәселелерін бейнелеу өнерін мектепте оқыту бағытында: Ә. Қамақов, Ж. Балкенов, Б. Альмұхамбетов, Е. Асылханов, О. Сатканұлы, Қ. Әмірғазин, Қ. Ералин, М. Джанаев, С. Жолдасбекова, Б. Ижанов, Қ. Қ. Болатбаев, Қ. О. Жеделов, Ұ. Әбдіқапбарова, Ш. Ә. Ақбаева, Е. Т. Кисимисов т. б. педагог ғалымдар зерттеген.
Алайда, теориялық және практикалық талдау нәтижесінде осы саладағы бірқатар зерттеулерге қарамастан, Қазақстан Республикасының материалындағы сәндік-қолданбалы өнер құралдарымен көркемдік талғамды қалыптастыру және кіші мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту процесі жеткілікті зерттелмеген күйінде қалып отыр, бұл көркемдік қызметтің объективті сұраныстарына, ұлттық мәдениетті игеру мен танудың логикасына қайшы келеді.
Халықтық сәндік-қолданбалы өнерді көркемдік-педагогикалық білім беру мазмұнына көркемдік талғамның маңызды құрамдас бөлігі ретінде енгізу және адам факторының өсіп келе жатқан рөліне заманауи көзқараспен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығын көрсетеді.
Сәндік - қолданбалы өнерді мектеп тәрбиесінде пайдалану мәселесі, педагогикалық тәжірибелер мазмұнында, өзекті мәселелер ретінде қарастырылып келді. Өйткені, сәндік - қолданбалы өнердің табиғаты, әсіресе халықтық дәстүрлі қолөнердің туындылары, оқушылардың адамзат қолынан шыққан көркемдік мұраларға, ұлттық мәдени дәстүрлерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде қоғамдық мәндегі талғам өрісін қалыптастыруда мүмкіндігі өте үлкен.
Халқымыздың өзіне тән нақышты да айшықты қолтума өнерінің табиғаты Қазақстан ғалымдарының (Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Қ. Ақышев, Т. Бейсенов, Ә. Жәнібеков, С. Қасиманов) еңбектерінде, әрі бұл өнердің қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі құнды пікірлері, ертеде Қазақстан жерін аралаған М. Поло, П. Паллас, А. Вамбери, В. Радлов, А. Янушкович, А. Левшин сияқты шетел саяхатшыларының жол жазбалары мен естеліктерінде көрініс тапқан.
Қола заман тайпаларының қолөнер үлгілері алғаш рет 1914 жылы Ачинск қаласының қасындағы Андронов деревнясының маңынан табылды. Содан бері көне заман тайпалары (андроновтық тайпалар), мәдениет - «Андроновтық мәдениет» деп аталып кетті. Андронов дәуірінен кейінгі сақтар заманында одан әрі дамытылған мәдениет мұралары да кездеседі. Осылардың бәрі қазақ халқының қолөнерінде тамаша үлгі - іздерін қалдырғаны сөзсіз.
Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысына қажетті жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу /оның ішінде ши тоқу /, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнерлер жиынтығын айтады.
Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем, ши тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету - оқушыны еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоциялық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түседі.
5-7 сынып оқушыларының көркемдік және шығармашылық талғамын әртүрлі құралдарды қолдана отырып, оқу және сабақтан тыс іс-шаралар түрінде дамыту осы аталған тұжырымдарға сүйенеді.
Бүгінгі таңда түрлі техникалық жаһандық өзгерістер кезеңінде осы жастағы мектеп оқушыларының ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы мен жалпы көркемдік талғамдарының төмендігін біздің зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сабақтары адамзаттың мәдени-тарихи, көркем-педагогикалық тәжірибесінің оқыту әлеуетін оңтайлы тарту негізінде 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын дамытуда негізін қалаушы болуға тиіс. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері негізінде 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын дамыту түрлі интербелсенді инновациялық оқыту технологияларын қолдану талаптарын қояды.
Зерттеу нысаны. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері түрлері мен құралдары арқылы оқушылардың көркемдік талғамын дамыту.
Зерттеу пәні. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері негізінде 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамдарын қалыптастыру әдістерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Сәндік-қолданбалы өнермен танысу процесінде 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын дамыту тиімдірек болады, егер:
- сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса;
-бейнелеу өнерін оқыту мазмұнында халық өнерінің тарихи қалыптасқан көркемдік дәстүрлері мен шығармашылық қағидаттарын ескере отырып, сәндік-қолданбалы шығармашылықтың әртүрлі түрлері (металл, тас, саз, ағаш өңдеу) пайдаланылса;
- қолданбалы шығармашылықта қолданылатын табиғи көркем материалдардың сәндік қасиеттерін зерттеу және олардың педагогикалық әлеуетін оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың тиімді құралы ретінде ескерілсе;
-сәндік-қолданбалы өнердің көмегімен оқушылардың көркемдік талғамын дамытуға ықпал ететін жалпы дидактикалық және әдістемелік жағдайлар әзірленсе.
Зерттеудің мақсаты. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер құралдарымен 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын дамытудың жалпы дидактикалық және әдістемелік жағдайларын анықтап ғылыми негіздеу.
Қойылған мақсат негізінде зерттеудің келесі міндеттерін шешу қажет:
- зерттеу мәселесі бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасау, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтау, теориялық талдау жүргізу және қарастырылып отырған мәселенің қазіргі жағдайына баға беру, оны зерттеудің перспективаларын анықтау;
-ағашты, металды, сазды көркем өңдеу, кілем тоқу сияқты ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін көркемдік талғамды дамыту мазмұнына енгізу және оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың тиімді құралы ретінде олардың оқу әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін ашу;
- 5-7 сынып оқушыларын олардың көркемдік талғамын дамытуға ықпал ететін ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге баулудың жалпы дидактикалық және әдістемелік шарттарын әзірлеу, тәжірибелік негіздеу.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Бұл көркемдік талғам мен көркемдік белсенділікті қалыптастыру үрдісінде шығармашылықты дамыту мәселелері бойынша жетекші әдіскер ғалымдардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, жеке тұлғаның шығармашылық болмысының көркемдік табиғатын, рухани-адамгершілік құндылығы мен халықтық сәндік-қолданбалы өнердің мәдениеттегі орнын анықтайтын теориялық ережелер мен ғылыми әдебиеттер болып табылады.
Жұмыста келесі зерттеу әдістері қолданылады:
-зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, өнертану, педагогикалық өнертану, бейнелеу өнері тарихы мен әдістемесі бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау;
-білім беру-тәрбие қызметінде оқушылардың көркемдік талғамын дамытуда ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді қолданудың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, анықтау және қорыту;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, оқушылардың ұлттық қолөнерінен көркем-шығармашылық қызметін бақылау, әдістемелік ұсыныстар мен көрнекі құралдарды апробациялау;
- ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге тарту процесінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы көркемдік-шығармашылық қызмет нәтижелерін талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-оқушылардың көркемдік талғамын дамыту құралы ретінде оқу-тәрбие ісіндегі ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің орны мен рөлі анықталды.
- ұлттық сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамының даму деңгейін анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер әзірленді.
- ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге баулу процесінде 5-7 сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігі барынша жүзеге асырылатын жалпыдидактикалық және әдістемелік жағдайлар анықталып, негізделді.
-оқушылардың көркемдік талғамын дамытуға ықпал ететін әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар, оқу-әдістемелік көрнекі құралдар кешені жасалды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Мектеп оқушыларын ұлттық өнер мәдениетімен халықтық өнер арқылы таныстыру мәселесі жан-жақты шешіліп, сәндік-қолданбалы өнердің көмегімен оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың жалпы дидактикалық және әдістемелік шарттары анықталып ғылыми негізде қарастырылған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - жасалған жалпы дидактикалық және әдістемелік жағдайлар, дамыта оқыту технологиялары қолданылған сабақтар жүйесі ұлттық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру процесінде оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың нақты негізін қамтамасыз етеді.
Зерттеу материалдары ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің дамыған дәстүрлері бар бейнелеу өнерін оқыту процесінде оқушылардың көркемдік талғамын дамытуда қолданыла алады.
Қорғауға келесі мәселелер шығарылады:
1. 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын дамытудың маңызды құралы ретінде оқушылардың оқу үрдісіндегі ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің рөлі мен орны.
2. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге баулу процесінде 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын дамытудың тиімді жалпы дидактикалық және әдістемелік шарттары келесі:
-оқушылардың өз күшіне, көркемдік-шығармашылық қабілеттеріне деген сенімдерін тәрбиелеу, олардың эстетикалық, адамгершілік, жеке қабілеттерін дамыту үшін белсенділік танытудың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;
-сабақтың еркін шығармашылық атмосферасын, оқушылардың практикалық жұмысты орындауға эмоционалды-эстетикалық көңіл-күйін қалыптастыру.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 5-7 сынып оқушыларының көркемдік талғамын ұлттық сәндік-қолданбалы өнер құралдарымен дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер - оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру құралы
Оқушыларды көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбиелеу жүйесінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің көмегімен тұлғаның көркемдік-шығармашылық белсенділігін, оның рухани әлеуетін дамыту мәселелері ерекше өзекті. Бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер өзінің ерекше мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне байланысты мәдени мұраны жеке игеру үшін ерекше педагогикалық жағдайлар жасайтыны белгілі, олар эстетикалық тәрбие мен оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың өзіндік құндылық бағдары бола алады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушыларды бейнелеу өнеріне оқыту барысында көркемдік, шығармашылық және ұлттық сәндік-қолданбалы іс-әрекеттің әртүрлері мен өнер жанрларын қосу өте маңызды . Олардың ішінде педагогикалық әлеуетті қолдана отырып, оқушы өзін тиімді көрсете алады және өзінің мүмкіндіктерін ескеріп, өзінің көркемдік және шығармашылық белсенділігін жүзеге асыра алады. Бейнелеу өнерін оқыту процесінде сәндік-қолданбалы өнердің көмегімен оқушылардың көркемдік талғамының даму сипатын ескере отырып, көркемдік талғам, ең алдымен, оқушылардың қарқынды психикалық белсенділігімен пайда болатын шығармашылықтың бір түрі деп айтуға болады. Өнер сабақтарында белсенді көркемдік іс-әрекет процесінде 5-7 сынып оқушылары оқу материалының мазмұнына жаңа проблемалар қояды, олар ерекше нысандарды, әдістерді және оларды шешу жолдарын іздейді. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту барысында сәндік-қолданбалы өнердің педагогикалық көркемдік-шығармашылық әлеуетін ескеру және жемісті пайдалану қажет.
Сәндік-қолданбалы өнерді дәстүрлі халықтық оқытуда мыңдаған жылдар бойы жинақталған өзінің принциптері, дәстүрлері, формалары мен әдістері бар. Оларды оқушылардың көркемдік білімі мен эстетикалық тәрбиесі жүйесінде шебер ескеріп, тиімді пайдалану керек. Мұғалім оқушыларға өзінің сыни бағасымен үлгіні немесе халықтық сәндік қолданбалы өнердің бұйымдарын қарастыру және талдау үшін ұсынған кезде, ол тек көркемдік бағалауды ғана емес, сонымен бірге оқушылардың шығармашылық қызығушылығын жандандыруды, танымдық әлеуетін, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуды міндет етеді.
Оқу-тәрбие іс-әрекетінде, атап айтқанда, визуалды өнер түрлерін бейнелеу өнерін, көркем еңбек сабақтарын оқыту процесінде халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылықты жалпы материалдық және рухани мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырған жөн. Оны дұрыс түсіну және шебер қолдану педагогикалық процестің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді - жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін дамыту, жеке тұлғаның ерекше қасиеттерін, оның дарындылығын ынталандыру, ең бастысы халықтың тарихи тәжірибесін ескеру.
Көпұлттық қоғам жағдайында этникалық толеранттылықты қалыптастыру міндеті жеке тұлғаның басқа мәдениет өкілдерін тану, қабылдау, түсіну қабілеті және басқа ұлт, нәсіл, дін өкілдеріне толеранттық қарым-қатынаста болу арқылы көріністі алып, олармен диалог құру ерекше өзекті болып табылады.
Тұлғаны қалыптастыру - көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді және тиімді өмір сүруге қабілетті, басқа мәдениеттерді түсіну мен құрметтеу сезімі дамыған, түрлі ұлт өкілдерімен татулық пен келісімде өмір сүруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты көп мәдениетті білім мен тәрбиенің негізгі міндеті. Ұлтаралық қатынастарды құрудың үлгілері мен әдістерін меңгерудің маңызды кезеңі - бастауыш мектеп жасы. Тұлғаны қалыптастыру құралдарының бірі - әр этностың ділін, психологиялық келбетін, ұлттық мінез ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсететін халық шығармашылығы. Халық өнері туындылары өзінің бейнелеу ерекшелігіне қарай бастауыш сынып оқушыларының қабылдауына барынша қолжетімді.
Әр халық өнер арқылы өзінің дүниетанымын, ішкі тұтастығы мен өнегелі, рухани тұрақтылығын ұзақ уақыт бойына сіңірген бейнесін жасайды. Мәдениет бізге адамдардың туа біткен қабілеттері арқылы қандай жетістікке жетіп, олардың өмірдегі алар орнын айшықтайды. Адам болу - даралыққа қол жеткізу, ал біз мәдени заңдылықтарды, тарихи қалыптасқан мағыналық жүйелерді басшылыққа ала отырып, осы даралықты игереміз, осы тұрғыдан алғанда өмірімізге пішін, тәртіп, мән беріп, бағыт-бағдар береміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz