Интернет жарнама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Жарнамалардағы орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау
Жоба

Дайындаған: Сейтбек Нурай
Әбілғазы Арайлым
Калиева Асель

Мамандық : 6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті"
Жетекшісі: Нурғали Сауле

Алматы 2021

Мақсаты:
Жарнамаларжағы орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережесіне сүйеніп түзету, редакциялау.

Міндеті:
- Жарнамадағы орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөдіктерге сүйеніп түзетеді.
- Жарнамалардағы орфографиялық және пунктуациялық қателерді емле ережесіне сүйеніп түзетеді.
- - Жарнамалардағы орфографиялық және пунктуациялық сөздіктерге, емле ережесіне сүйене отырып түзетеді, редакциялайды.

Мазмұны:

І. Кіріспе
1.1 Жарнама дегеніміз не және оның түрлері қандай ?
1.2 Орфографиялық және пунктуациялық ережелер.

ІІ . Негізгі бөлім
2.1 Жарнамалардағы орфографиялық және пунктуациялық қателер
2.2 Жарнамадағы орфографиялық және пунктуациялық қатерледі сөздіктер мен емле ережесіне сүйене отырып түзету, редакциялау.
2.3 Қазақша жарнамалардағы кемшіліктермен күресудегі
Тіл сақшысы бағдарламасының рөлі

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Жобада Қазақстандағы жарнаманың оғамдағы рөлі айқындалады. Сонымен қатар жарнама туралы заң, этикалық ережелер сөз болады. Жарнамалардағы қателерді анықталып, оны түзету жолдары айқындалады. Қазақ тілді жарнаманы жақсарту мәселелері мен оны шешу жолдары туралы ұсыныстар мен пікірлер айтылады.


Кіріспе
XXI ғасыр жаһандану дәуірінде жарнама сөзі таңсық емес. Кез келген экономикасы мен мәдениетін басты орынға қойған ел жарнамаға да аса ден қоюы қажет. Алайда, елімізде қазақ тілді жарнама ақсап, сапасыздықтың сарынына ұшырауда. Болашақта да осылай жалғаса беретін болса, дамудың бір тетігі болып отырған жарнамадан, ана тіліміздегі жарнамадан моральдық шығынға ұшырайтынымыз айдан анық. Жарнаманың түр-түрін біліп, естіп келеміз. Бірақ, кез келген жарнаманың басқарушы тетігі мәтін сөзі болғандықтан, қазақ тілінің емлесі мен ережесін, лексикалық қоры мен әдеби нормасын білмейтін мамандардың көптігі тілге деген құрметсіздікті айқындап тұрғандай. Осы мәселені жуық арада қолға алмасақ, ұлтымыздың келешегіне кері әсерін тигізері айқын.

Жарнама, реклама ( лат. reclamo -- жар саламын) -- тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді.

Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына қамтитын тақырыптарына, түрлерiне карай әр түрге бөлінеді:
Баспа жарнамасы - ол тек көзбен көріп, қабылдауға арналған жарнамалық каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, парақшалар) және жарнамалық силықтық басылымдар, үстелге коятын жане қабырғаға iлiнетiн фирмалык күнтiзбелер, iс күнделiктерi, жазу кiтапшалары, калта күнтiзбелерi т.б. жатады. Баспа жарнамасынын мақсаты - болашақ сатып алушыны жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру.

Баспасөдегі жарнама. Бұл хабарландыру және шолу жарнама сипатындағы жарияланған әр түрлi жарнамалық материалдар (мақалалар репортаж, шолу т.б.).
Радиожарнама. Негізгі түрлері - радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радтороликтер.
Аудио визуалды жарнама . Бұл - жарнамалық роликтер, жарнамалық техникалық фильмдер , бейнеклиптер және слайдтар.
Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.
Сыртқы жарнама - көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негiзiнен аталмыш жарнама тұтыну тауарлары үшiн қолданылады. Қалыңғ көпшiлiкке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспорттар. түрлі-түсті жазбалар, электронды табло, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Интернет жарнама . Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таралу аймағына байланысты баспасөздергі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.
Қазіргі таңда жарнамалардың сапалық деңгеін бұрынғымен салыстырғанда әлде кайда жоғарылаған, мұны техниканың жетілгендiгiмен байланыстырсақ болады. Алайда тарбиелік мәні, тілдік мағынасы өкiнiшке қарай әлі де болса ақсап тұр. Себебі , тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толған қазақ қоғамы, әлі күнге дейін өзiнiң мемелекеттiк тiлiн төрінен таба алмай келедi, сонымен бiрге ұлттық болмысын жоғалтып барады. Орфография мен пунктуацияны білмейтін мамандар қазақ тілді жарнаманы да қате шығаруда. Көкейімізде орфография мен пунктуацияның жазба тілімізде алатын орны қандай ? деген сұрақ туындауы мүмкін.
Орфография мен пунктуация - сауаттылықты және зеректілікті талап ететін тіл білімінің салалары. Сауаттылық - мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан емле ережелерін сақтап жазуға баса көңіл бөлген жөн. Орфография заңдылықтарына негізделіп құрастырылған сөздіктер де жыл сайын дамып, толықтырылып, өзгеріске түсіп отырады. Ол - заңды да тарихи құбылыс. Осыған орай түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды қамтитын еңбектер де жарияланатыны белгілі. Олар заман талабы мен сұранысынан, қажеттілігінен туындайды.
Орфография (лат. orthographia, грек ὀρθός - дұрыс, γράφειν - жазу) - сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді.
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация - латынның пунктум деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы - нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл - екі бөлек категория.
Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын таңбалайды. Сондықтан ол -- сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептеледі, де лексика мен морфологияға байланысты болады, яғни әрбір жеке сөзде қолданылады. Ал тыныс белгісі олай емес. Ол жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды білдіреді. Мағыналарының күрделілігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған пиктографиялық немесе идеографиялық белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады. Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.

Негізгі бөлім
2.1 Басылымдарда жалғыз суреттермен жарнама жасау жеткіліксіз. Оған міндетті түрде мәтін жазылуы керек. Ал осындай жарнамалық мәтінге қойылатын талаптар өте қатаң, аса жауапкершілікті талап етеді. Аз сөзбен көп ақпарат беру ең негізгі мақсат. Сонымен бірге, жарнамалық мәні әрі тартымды, әрі көркем жолмен жазылуы тиіс. Жарнамалық жағынан құндылығы жоғары, негізгі ой мен тіркестері ұтымды қолданылып, мәтіннің ішінде дараланып тұрғанда ғана хабарландыру көздеген мақсатына жете алады. Газет - журналдардың экономикалық жағдайын жақсартуға негіз бола алатын бірден-бір нəрсе -жарнама. Өтірік емес, жарнама сөзіне де, өзінде де қазақ басылымдары əу баста жатырқай қарап келді. Бірақ, қазіргі кезең жарнаманың маңызды екенін дəлелдеп отыр. Сондықтан да болар Егемен Қазақстан, Жас алаш жəне басқа газет-журналдарда, жарнамалық парақ, арнайы беттер пайда бола бастады.
Жарнамалық плакаттар - оқырманның назарын қандай да бір тауар немесе көрiнiс арқылы өзiне аударатын тәсіл. Жарнаманың бұл түрі көбінесе бейне немесе мәтін аркылы беріледі. Плакаттар, әдетте, көшелерге, мекемелерге, оку орындарына iлiнедi, қабырғаларға жапсырылады. Плакатта жазылған жарнаманың мәтіні жоғарыда айтқанымыздай әрi қыска, әрі тусiнiктi, есте жылдам сақтауга ыңғайлы, кұрылуы тиiс, әрi оған қоса мәтiннiң сөзі жарнамадағы сурет белгiлерiмен астасып жатуы керек. Каталог - бұл жүйелі түрде реттелінген заттың, тауардың, кітаптардың тізімі. Олар арнайы тәртіппен орналастырылады, iздеп табуға жеңіл жағы болалады.

Жарнамалық кітапшада нақты тауар туралы қысқаша мағлұмат берумен қатар, оны пайдаланудың ережелерi де ұсынылады. Альбомда тауардың безендірілген суреті, кескіні, фото кескіні, пішіні және мазмұны берiледi. Қосымша беттер - көбiне кiтап, газеттермен бiрге косылып сатылады. Жарнаманың бұл түрі, әдетте, мерекелік құттықтаулар. Сондай-ақ өнеркәсіп, сауда өнiмдерi, тұрмыстық, колеса бер тұтыну заттарын жарнамалайды. Жарнамалық үндеулер бейнеленген және жарнамалық мәтіндерден туралаудағы жарнамаларда тауардын бағасы, этикеткасы, белгiсi көрсе жазба газ - тауардың белгісі. Мекеме мен фирманын аты аталып, көлемі, сапасы, салмағы керсетілетін шағын ғана жазба кағаз немесе жапсырма. Этикетка товарға жапсырылатын кағаз. Бұл көбіне суретпен безендiрiледi. Мұнда тауардың белгiсi кескінделедi. Этикетка барлык тауарларға жапсырылады, бiрак ол мiндеттi түрде ерекшеленіп тұруы тиiс. 1 - тауар бағасынын анықта, баға көрсеткіш -1 түрде танымдык белгiмен зерттеулерге карағанда республикамызда 1892 жарнама агенттiгi жұмыс істейтін көрінеді. Олардың ішінде жарнама таратушылардың көрсеткіші 46,6 пайыз, өндірушілер 46,1 пайыз екен. Ал, қалған 7,3 пайыз болса, жарнамаларды өздерi өндiрiп, өздерi тарататындардың еншiсiне тиесiлi. Бiздi таңқалдыратын тағы бiр жағдай, жарнама агенттіктерінің 97,4 пайызы жекеменшiк иелiгiнде екендiгi. Ал, ендi мемлекет меншiгiнде 3-ақ жарнама агенттiгi жұмыс істейді. Олар Kaparajand Anapay zone Corryeric Қазақстан облыстарында 240. Жарнама нарықтың қозғаушы күштерінің бірі. Жарнаманың бармайтын тауы, баспайтын жері жоқ. Бұл қанқұбылыс. Бірақ шетелден бiздегiде қаптаған калыптасқан. Сондыктан әлемде сауатсыз жарнаманы да көрмейсіз. Неге? Алдымен жарнаманын тiлiне келелi Қазақстанның қай каласына барсаныз да сауатсыз аудармадан көз ашпайсыз. Әр жарнаманың төменгi тұсында Жарнаманың мазмұнына жарнама берушi жауапты деп тайға таңба баскандай анық жазылған. Демек, оның тілдік жарнаманы берушілер сауатсыздығына тарапынан жауапкершіліктің жоқтығы себеп болып отыр делік. Жарнама агенттіктеріндегі аудармашы орыс тілінен қазақ тіліне калай аударса, солай жазылып келген, яғни сол агенттіктердегі мемлекеттiк тiлдi жетік меңгерген маманнын жоқтығынан заң бұзушылық орын алып отыр. Мысалыға, Алматының көшелерімен бiр жүріп өтсеңіз, көшедегі жарнамалар мен жазуларға қарап, Ресейде жүргендей күй кешетiнiмiз анық. Келешек барламалардың 50 таза орыс тiлiнде, 40 пайызы екi тiлде, қалға қызы қазақ тiлiнде. Жарнамалардағы, тiптен күнделікті өмірім де қостілділік, тіпті үш тілділік казак тiлiнiн сорына айналды. Заңдағы жарнамалар, мекенжайлар, маңдайшалар атауларының алдымен қазақшасы, кейін орысшасы тұрсын дегенді де оңдырмадық. Мысалы: дүкені Айбек магазин, мейрамханасы (Бәленше) ресторли кафесі Нұргүл кафе т.т. Міне, осылай қысқартып, үнемдеу арқылы қазақ тілін бір масқаралап отырмыз. Оны керiп, елеп, ескеретiн құзырлы екі типі секерени құзырлы органдар үнсiз. Әдеттегідей көшедегi екi тiлдi алмайсың. Ал қазақшасына келгенде оған орысшасынан мiн табалмай сүрінеміз. Мағынасы ант жағынан екі жаққа қарсы тұрады. Тiптi қазақшада жоқ сөйлемдердi тауып алады. Мысалы, жарнамадан орысша инотеатрының алдындағы Пастырь деген кино ма, мысал көп. Tinti дүңгіршегінде И один в поле воин деген сөйлемнiң қазақшасын ер жауынгер деп, ал Тастақ базарында бiр букмейкер принимаем ставки на спорт деген сөйлемді спортка жалакнді қабылдаймыз деп аударып койған. Бұл не сұмдық! Бұндай жарнамалар Алматыда толып жатыр. Ол ол ма, тіпті Елбасы сайлауы алдындағы жарнаманың орысшасында Мне 18, я голосую десе, казакшасында маган 18, мен сайлаймын деп айды аспанға бір-ак ұшырғандай қылып, ұялмай іліп қойған кезде болды.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру өзiннiң үйiнен, тұрып жатқан кешеннен, күнде азық-түлiк сатып алып жүрген дүкенiнен басталады. Сондықтан да, жарнамалардағы, маңдайшалардағы, кешен атауларындағы қателіктерді анықтау ұсақ-түйек шара ретінде көрінгенiмен, оның залалы мен орындалуы үлкен күштi талап етеді деген қағиданы ұстанған ұйымның жүргiзген жұмыстарынан мысал келтiргендi жиі көремін.
2.2 1. Алматы қаласында А.Байтұрсынұлы көшесі 147 а үй, 13 пәтерде орналасқан Нотариус кеңесiнiң маңдайшасында кешен атында орфографиялық қате жіберілген. Байтұрсынұлы деп жазылудын орнына Байтур деп бөлек жазылған. Сонымен бірге кеңсенiң үй мен пәтер аты орысша жазылған. ҚР-дағы Тіл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі №151-1 Заңында жазылған бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, баска да көрнекі ақпарат мемлекеттік тiлде және орыс тiлiнде, ал кажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады деген 24 бабы бұзылған. Сондықтан, заңға сәйкес, 147 а үй, 13 пәтер деп жазылуы тиiс.
А.Байтұрсынұлы көшесі 147 а (Тимирязев пен Ғабдуллин көшелерінің арасы) мекен-жайында орналасқан Медилэнд медициналық орталығының мандайшасында Терагия жалпы деген тiркесiнде стилистикалык қате кеткен жазылған төлiнiң стилистикасы бойынша Жалпы терапиях

Этаев пен Байтұрсынұлы көшелерiнiн киылысында орналасқан Дәмді кебаб қоғамдық тамақтандыру орнының атауы мен маңдайшаларындағы жазулар ҚР-дагы Тіл туралы 1997 ж. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет арқылы жарнама
Әлеуметтік медиа ұйымды жылжыту құралы ретінде
Интернет жарнамасының түрлері
Сауда Интернет жүйелері
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Тауарлар мен қызметтер жайлы тұтынушыларды ақпараттандыру
Электрондық бизнес құрылымы
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Youtube және Android сияқты интернет қызметтері
Қонақ үй бизнесі жайлы
Пәндер