Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҚСАТЫ,МАЗМҰНЫ
1.1.Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2.Cыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары мен тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.3.Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2-ТАРАУ.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
2.1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша сыныптан тыс жұмысты инновациялық жолмен ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2.2 Мектеп тәжірибесінде өткізілген сыныптан тыс жұмыс ... ... ... ... ... ... . 21

III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мүмкіндіктері балалар ұжымындағы педагогикалық мүмкіндіктеріне айтарлықтай дәрежесіне байланысты. Бұл жағдай бір қатар педагогикалық зерттеулерде жан-жақты қарастырылған. Олар О.С. Газман, Т.В.Говорун, Г.С. Голиневич, Б.Я.Гиндис, Л.М.Иванова, Е.К.Касайкина, Н.К.Гравинин, М.Б.Коваль, т.б. ғалымдардың зеттеулері.Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады. Яғни сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырып, жүргізу арқылы оқушының оқуға деген ынтасын, қызығушылығын аша аламыз. Сыныптан тыс жұмыс қаншалықты қызықты да тиімді ұйымдастыра білсек,сондай-ақ оқушының қабілетін, деңгейін анықтап қана қоймай, оқуда белсенділік танытып, жаңа ақпараттарды қабылдауға бейімді бола алады. Бұл оқытушының шеберлігіне де тікелей байланысты. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу - тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімділікке жетуге, мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіруге біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімдік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі. Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктер мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде білікті талап етеді. Яғни мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат міндеттерін кіріктіре алатын болады. Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр. Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің оқушылардың білімін тереңдету және қызығушылығын арттырудағы маңызын анықтауда болып табылады.

Зерттеу базасы: С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейі

Зерттеу нысаны: С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің 3 а сынып оқушыларының оқу процесі

Зерттеу пәні: Сыныптан тыс жұмыстардың қолданылуын тиімді ұйымдастыру жолдары.

Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық жолдарын теориялық зерттеу арқылы тәжірибеде қолдану.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың білім,білік дағды қабілеттерін дамыту.
Баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Зерттеу міндеттері:
1.Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізу, талдау, талқылау мәселесінің теориялық, жүйелілік және оның негіздерін анықтау.2. Бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, өзіндік ерекшеліктері жайлы жазылған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге, нұсқаулықтар мен оқулықтарға теориялық талдау жасап, оның мазмұнын,ашу.3. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру негізінде педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, зерттеу әдістерінің нәтижесінде оқушылардың білім біліктерін қалыптастыру мүмкіндігін анықтау.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыратын болсақ, онда жеке адам тәрбиелеуге арналған жұмысты сол тақырыпқа сай жүргізеді.

Зерттеу әдісі:
-бақылау әдісі
-эксперимент әдісі
-әңгімелеу әдісі

Күтілетін нәтиже: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалықшарттар бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуын, сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады.

1-тарау. Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың мақсаты,мазмұны

1.1.Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні
Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде, бүгінгі білімді жаңарту,жетілдіру, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында түрлі жұмыстар жасалынып,жүзеге асуының қорытындасында оң нәтиже беріп келе жатыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Нұр Отан партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев партияның ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар - азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел - тағаттылық елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады, - деп атап көрсетті. Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.
Оқу жоспарынан тыс үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, оқушының өз ынта еркімен, әрі олардың қалауы бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы - сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс жасауға, ойлануға, ізденуге, оларды ұжымдық әрекетке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар болып бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Мәселен, оқу процесінде оқушылардың ақыл-ойының дамуы жүзеге асады: ойлау түрлері, ойлау операциялары, таным қабілеті мен қызығушылығы, оқу мотивтері дамиды, оқу әрекеттері - оқушы оқуға, жазуға, есеп шығаруға үйренеді; мәтінді әңгімелеуге, шығарма жазуға, мәтінді талдап шығармашылық қабілеттері және т.б. дағдыланады. Нәтижесінде интеллектуалдық мәдениеті қалыптасып, дамиды. Сыныптан тыс жұмыс оларды қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке және адами қасиеттерге тәрбиелейді. Сондай - ақ ол баланың өмір сүру жағдайында кездесетін әр түрлі жағдаяттар мен проблемаларды шешуге де ықпал тигізеді. Өйткені баланың тұлға ретінде дамуында өмір жағдайы, көптеген факторлардың әсері мол. Бұл өмірлік жағдаяттардың шешімін табуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын рөлі зор. Сыныптан тыс жұмыс - оқушылардың өмір сүру және өзіндік әрекет етуінің еркін түрі. Оған спорт, музыка, би, шығармашылық, таным әрекеттері, өзін-өзі басқару, тәрбие формаларын таңдау, өзіне-өзі қызмет көрсету және тағы басқаларын жатқызуға болады. Мұндай көзқараста бала өзінің демалысын, көңіл көтеруін, бос уақытын тиімді өткізу қажеттілігін жүзеге асырады. Мұғалім оқушылармен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар мұғалімге оқушының жеке басының ерекшеліктерін тануға және ұжымның даму жағдайын, ортаның ықпалын, оқушылардың өзара жолдастық қарым-қатынысын анықтауға көмектеседі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері:
1.Тәрбиенің жан-жақты салаларын жүзеге асыру;2.Оқушыда қоғамдық пайдалы белсенділікті тәрбиелеу;3.Оқушыларда білімнің саласына,тәрбие әрекеттеріне сай қызығушылық ояту және тереңдету;4.Тәрбие әрекетінде оқушылардың өзіндік қабілеттерін анықтау және дамыту;5.Оқушылардың кәсіби бағытын жүзеге асыру;6.Мәдени демалысын ұйымдастыру;7.Оқушылардың өзін-өзі дамуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жүзеге асыруға педагогикалық қолдау көрсету және т.б.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының принциптері:
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен бағытын таңдаудың еріктілігі;
тәрбие жұмысының қай түрі болмасын, қоғамдық бағытының болуы;
тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыруды кешендік және жүйелік принципін басшылыққа алу;
балалардың бастамшылдығы және өздік іс-әрекеттері, өздік бағыттылығының болуын қамтамасыз ету;
тәрбие әрекеті тек көңіл көтеру түрінде ғана болмауы тиіс, онда романтика, ойын, қызығушылықтың болуы міндетті;
көпшілік, жеке-даралық және ұжымдық формалардың үйлесімділігінің болуы;
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерінің сабақтстығы және өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
оқушының жас және дара ерекшелігі мен қабілетін (денсаулығы, қажеттілігі, қызығушылығы, іс-әрекетінің сипатын және т.б) есепке алу;
сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижелі болуы негізінен ұйымдастыру жұмыстарының нақтылығы, оқу кестесін немесе уақыттың қатаң сақталуын басшылыққа алу және т.б.
Принциптер тәрбие жұмысының мәнін анықтайды
Сыныптан тыс жұмыста балалар өздерінің қабілеттерін көрсетеді, ұжым өмірінде өздерінің орнын табады, өзінің әрекетін еркін таңдауды жүзеге асырады, өздерінің қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттандырады, өзін-өзі таниды, қоғамның мәдени құндылықтарымен қарым-қатынасқа түседі, нәтижесінде тұлғаның өздік дамуы мен өзінің өміршеңдігін қамтамасыз ету процесі жүзеге асады.
Сыныптан тыс жұмыс балалардың таным әрекеттерін белсендіруге, саналы қажеттілігін қалыптастыруға, ақыл-ойын, еркіндігін, сондай-ақ адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға жағдай тудырады.
Сыныптан тыс жұмысы оқу-тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны - бұл базалық және жалпы әлемдік пен ұлттық мәдениет тәжірибесін ; өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениетін; экономикалық еңбек мәдениетін, саяси, демократиялық және құқық мәдениетін,интеллектуалдық, адамгершілік, көркемөнер және дене мәдениетін; қарым-қатынас мәдениетін және отбасылық тәрбие беру мен меңгертуді көздейді.
Сондай-ақ, сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін қосымша факторларда болады. Олардың қатарына :
Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүрлер. Мысалы, егер
мектепте оқуға басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспектісі басым болады, т.с.с.
Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.
Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі, т.с.с. Егер де мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса , онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды. Басқа жағдайда, мысалы, мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шаруашылық әрекетке басымдылық береді. Оқушыларға спорттық - сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады, т.с.с.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны оның ұйымдастыру формасында жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін кеңейте, толықтыра түсуге лайықталып, олардың жеке қабілеттерін толықтыра түсетіндей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты болып келеді.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ерекшеліктері:Біріншіден,сыныптан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесіне жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі бағыттағы тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің қайсыбір түріне қатысты қызығушылықтың дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егер де балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауын білмей жатса,соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.Сондықтан ол бүгінде өте күрделі мәселеге айналуда. Төртіншіден,сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ғана ықпал етпейді,сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге, тапсырылған ортақ іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.Тіпті, оқудан тыс әрекеттердің қандай да бір түрі болмасын (танымдық, спорттық, еңбек, т.с.с) оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады.Қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекеттерде балалар бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшіндеген қағиданың маңызын жете түсінеді.Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қоса одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесінде күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы.Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке-дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауда және де балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында).Сонымен қатар оған кең көлмде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған ұлттық мәдени құндылықтар жүйесін қалыптастыруды, оның қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділігін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

1.2. Cыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары мен тиімділігі
Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтасыз ету. Бұндай қатынас баланың одан әрі дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей, қиын балада өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшйтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді.
Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі-үйірме.Үйірмеле түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді.Кейде үйірмелерді секция немесе клуб,кейде коғам деп те атайды. Айталық, Жас ақындар үйірмесі,әдебиетшілер клубы т.б. Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер.Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі.Мысалы,Пушкинертегілер і,Абай және орыс ақындары. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін нығайтуда қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа кеш өткізудін дәл қазіргі қайта құру кезеңінде мәні артып тұр.Сол сияқты моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет.Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор.Кездесуде деайқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтын мән-жайын айтуға келе ме? - деген сиякты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру кажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі - сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапшыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді.Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу - бүгінгі күннің тілегі.
Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі- туристік және өлкетану жұмысы.Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық.Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет.
Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі - оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады.Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс.Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады.Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады.Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шыныктыру - спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда.Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің ішінде тәрбие жұмысын жан-жақты, кешенді түрде жүргізіп, жалпы халықтық ағарту ісіне үлкен үлес қосып отырған Жастар сарайы. Мұнда тәрбиенін барлық саласына арналған үйірмелер жұмыс істейді. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөлініп отыр.Қазіргі уақытта олардың ғылыми негізде жұмыс істеуін практикамен байланыстыруды мақсат етуді және жоспарлы жүргізілуді қамтамасыз ету үшін Жастар сарайларындағы үйірмелерге арналған бағдарламалар құрастырылып жарыққа шығуда.Сарайлар мен үйлердің қазіргі уақытта жастарға арналғаны да бой көрсете бастады.Бұлармен қатар клубтар бірлестігі, жеке секциялар түріндегі бірлестіктер де кұрылды.
Табиғаттағы тіршілікті жете білуде жас натуралистер станциялары, парктер мен алаңдар тағы басқа үлкен қызмет атқарады. Мектептен тыс мекемелердің бір түріне жазғы демалыс лагерінде жатқызуға болады. Бұл жұмыс мектеп штатына сыныптан және мектептен тыс жұмыс женіндегі директордын орынбасары кызметі енгізілгеннен соң белгілі дәрежеде жанданып 1966 жылы Жалпы білім беретін орта мектептін жұмысын одан әрі жаксарту шаралары туралы қауылдан соң мүмкін болды.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім.Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.Ол әдетте исыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше.Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.Оқушылармен оқудан тыс үргізілетін бұл тәрбие жұмысының мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінеттерін толықтыру және терендету,олардың қабілеттерін неғұрлым толық тану,белгілі бір нәрсеге қызығушылығына мен ынтасын ояту, қогамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастаруды көздейді.Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету.Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.Сыныптан және мектсптен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.Оны талдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндетгеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысы атқарылады.
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын- жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынтерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуга арналған байқауларды ұйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түріңде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тогыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Сынып ұжымын ұйымдастыру
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Мектепте сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізудің теориялық негіздері
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Тәрбие процесі туралы
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Негізгі мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Пәндер