ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИЕТ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Қаскелең, 2022
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді __________
Тілдік білім беру кафедрасының меңгерушісі,
PhD, ассист.профессор
_________________
___ _____22 ж., №_____хаттама
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша
Орындаған: _________
5B011700 - қолы
Қазақ тілі және әдебиет _________
Мамандығының қолы
4-курс студенттері
Ғылыми жетекші:
Норма бақылаушы:
Қаскелең, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Электронды оқулық туралы түсінік және оның зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-10
0.2 Қазақ тілін оқытуда электронды оқулықты пайдаланудың психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-15
0.3 Электронды оқулықты пайдаланудың педагогикалық негіздері ... ... .16-20
2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Қазақ тілі сабағында электронды оқулық жасау жолдары ... ... ... ... ..21-26
2.2 Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдаланудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-33
2.3 Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдаланудың тиімділігіне жасалған эксперимент және оның тиімділігі, нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... .34-40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...44-45
КІРІСПЕ
Жобаның жалпы сипаттамасы. Егер мектепте қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдаланудың тиімді-әдістері қатыр оқытылса, біріншіден, оқушылардың қазақ тілін сапалы меңгеру қабілеті дамиды, білім сапасы артады, екіншіден, қазақ тілінде білім игеру дағдылары санқилы дамиды, үшіншіден, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығы артады.
Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдалана оқу әдістері - қазақ тілі ережелерін, мәтінмен жұмыс тапсырмаларын қарауға ғана емес, қарым-қатынастың басты шарты, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінде өзінің өмірлік тәжірибесімен тығыз байланыста бола отырып, оқытудың тиімділігін арттыру мүмкіндігін кеңейтеді [1, 33].
Мектеп оқушылары, оның ішінде 5-11-сынып оқушылары қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдалануды қолдана отырып, тілдік сабақтарды ғылыми негізде тереңдетуге, коммуникативтік қарым-қатынастың заманауи әдістерін меңгеруге, сауатты сөйлеуге, жазуға үйренеді. АКТ әдістеріне негізделген тапсырмалар мектеп оқушысының танымын, пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау жүйесін танытады. Сондықтан біз электронды оқулықты пайдалану әдістерін таңдап алдық. Сонымен қатар, 5-11-сынып деңгейін таңдап алдық, себебі әдістемеге эксперимент барысында жас ерекшелігіне мән бергенді дұрыс таптық.
Дипломдық жобаның өзектілігі. Дипломдық жұмыс барысында қарастырылатын заманауи тиімді әдістер арқылы қазақ тілі сабақтарында АКТ заманауи технологияларды пайдалана білу - қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Ақпарат көздерінің бірі ретінде интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтар болып табылады. 2015 жыл оқу жылының ерекшелігі, республикамызда алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде мемлекет басшысының бақылауымен заманауи жетілдірілген түрде сабақтар өткізілді. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңа әдістері пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалана отырып, қызықты және тартымды нәтижелерге қол жеткізеді.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім берудің мақсаты - терең білімді, біліктілігі мен дағдысы бар, шешім негізінде еркін бағдарланған, шешім қабылдауға қабілетті, жоғары интеллектуалдық деңгейі бар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес, қазақ тілін оқытуды дамытуға ықпал ететін оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын іздеу арқылы жүзеге асыру нәтижесінде біз тек жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.
Жастарды даярлауда ізгілендіру және демократияландыру жағдайында жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, білім беру жүйесінің жаңа жолдары мен әдістерін табуға қабілетті, білімді, іскер, жаңашыл, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай тұлғаны қалыптастыра алатын әдістемені жасау талап етіледі [2, 88] - дейді әдістемелік нұсқаулықтарда.
Осы талапқа сай, қазақ тілін оқыту барысында (АКТ) электронды оқулықтарға бағдар беру, оқу материалдарын бағыттап, 5-11-сыныптың қазақ тілі пәніне бейімдеу мақсаты біздің диссертациялық жұмысымыздың өзектілігі саналады.
Дипломдық жобаның мақсаты: Оқушыларды электронды пайдалануда сенімді басқаруға үйрету, АКТ барысында жұмыс жасауды меңгеру, позитивті шығармашылық қарым-қатынас негізінде өз бетінше білім іздеуге бағыттау, оқушыларға қажетті дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру, белсенділікті дамыту.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес мынадай дипломдық жобаның міндеттерін шешу көзделеді:
- жоспарлау және ізденіс жұмысы;
- электронды және басқа да әдіс-тәсілдерге байланысты материалдарды жинақтау, ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау;
- білімді өз бетінше меңгеруге, бір-бірімен қарым-қатынасқа, сыни ойлауға және мәселелерді шешу дағдаларын дарытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді жүйелеу;
- инновациялық технологияларды саралау;
- 5-11 сыныптың қазақ тілі сабағында заманауи әдістерді қолданудың тиімді жолдарын анықтап, әдістемесін ұсыну.
Жобаның теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында озық идеяларды, оқытудың жаңа технологиялары туралы жинақталған тәжірибені, психологияның, педагогиканың, лингвистиканың білім берудегі соңғы жетістіктерін, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді және оқулықтар мен оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық принциптері негізге алынды.
Шетелдік ғалымдардың электронды оқулықпен оқыту сипаты мен сипаттамаларын анықтау саласындағы тәжірибесі жұмысқа тартылады. Атап айтқанда, А.М. Бершадский, И.В. Кревский, В.С. Мирсеитова, А.Н. Тихоновтардың еңбегі.
Ал қазақстандық ғалымдардан А.Әлімов, Ғ.Сұлтанова, С.Байжуманова, С.Жакупов, Б.Құлмағамбетова, М.Қожамбердиеваның еңбектері басты назарға алынды.
Жобаның теориялық, практикалық маңызы. Білім алушылардың коммуникативтік, тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар қазақ тілін оқыту жүйесін жаңаша бағытта жетілдіруге бағытталған.
Мектеп мұғалімдері әдістеме ретінде қолдана алады, сондай-ақ дипломдық жоба жазатын ізденушілерге, магистрлік жұмысты орындаушыларға, осы саладағы мамандар пайдалана алады. Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты меңгерумен байланысты жүйеленген әдістемелік кешен білім алушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыра отырып, бейіндік бағыттағы білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруге ықпал етеді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жобада мектепте білім алушыларға арналған қазақ тілін оқыту технологиясын сабақта қолдану үшін ақпараттық технологиялар, әдістемелік құралдар мен топтамаларды талдау, саралау, жүйелеу, анализ, синтез әдісі, жаттығу әдісі, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.
Дипломдық жобаның жаңалығы. Дипломдық жобаның жаңалығы ретінде:
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықпен оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі құралады;
- қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаңа оқыту технологиялары жүйеленеді;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты оқытуда заманауи өзге де әдістерді қолданудың тиімді жолдары анықталады;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаландың жиынтық әдістемесі ұсынылады.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеде, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Электронды оқулық туралы түсінік және оның зерттелу тарихы
Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы шарт. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады.
Оқулықтар білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Жақсы оқулық әрқашан жоғары бағаланды және мәселені шешуге сенімді негіз бола алды. ХХІ ғасыр қарқынды даму жағдайында, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, білім беруді ақпараттандыру көбінесе электронды түрге айналған кезеңде оқулықтың рөлі артып қана қоймай, сонымен бірге мүлдем жаңа ақпараттық қасиеттерге ие болды, білім беру қызметі олардың қолдану тиімділігін едәуір арттыра түсті.
Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі өте ауқымды. Сондықтан да оқушылармен жұмыс жасауда мультимедиалық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді.
Тоқаев сөзі (қай сөз екенін таппадым)
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиалық оқулық. Себебі, электрондық оқулықта сабақ бойынша берілетін ақпараттар мәтін, суреттер, бейне, аудиожазба, анимациялар және басқа да графикалық құралдар түрінде беріледі. Электронды оқулық online және offline нұсқаларда келеді. CD-дискке немесе басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдарға, болмаса интернетке сайтқа орналастырылады.
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту [3, 89-90].
Электронды оқулық - бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.
Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі өте ауқымды. Сондықтан да оқушылармен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді [3, 92].
Электронды оқулық оқыту қызметінің сценарийін жүзеге асыратын ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардан тұратын бағдарламалық-ақпараттық жүйе.[10]
Электронды оқулық - мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде pecми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс. [11]
Сөздіктерде берілген анықтамаларға сүйене отыра, электронды оқулық білім алушының мұғалімнің көмегімен немесе өзі жыл бойы оқылған ақпаратты қайта қарап шығып, меңгеруін қамтамасыз ететін бағдарлама кешені.
Электрондық оқулықтар алғашында қашықтықтан оқытуға арналған оқу құралы ретінде жасалынса, қазіргі таңда, оқу процесіне берген көптеген мүмкіндіктері электронды оқулықтарды өздігінен білім беру бағдарламаларына енгізуге, сондай-ақ мектептердің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша қағаз оқулықтарды алмастыруға әкелді.
Қағаз оқулық тапсырыс бойынша жасалатынына қарамастан, оқушыларға ақпаратты қабылдауға ыңғайлы және жеңіл болғандығынан, электронды оқулықтардың жыл сайын танымалдығы артуда. Жақын болашақта электронды оқулықтар өзінің басымдықтарының арқасында оқытудың ажырамас бөлігіне айналады. Электронды оқулықтың басымдықтарын атап өтер болсақ:
:: Интерактивтілік;
:: Бағалаудағы объективтілік;
:: Өткен тақырыпты қайталау;
:: Қажетті ақпаратты оңай табу;
:: Иллюстрациялардың қолданылуы;
:: Кез келген құрылғыдан кіру мүмкіндігі;
:: Озық білім алу үшін жасалған жағдайлар;
:: Жеңілден күрделігі қарай тапсырмалар жиынтығы;
:: Ақпараттар ғылымның даму деңгейіне сай жаңартылып тұруы.
Электронды кітап
Электронды оқулық
Электронды ақпарат тасымалдаушыда жазылған кітап [12]
мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде pecми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.
PDF, FB2,DOC, EPUB форматындағы кітаптар
Суреттер, аудио және бейнежазбалар, түрлі ойындар мен тапсырмалар қамтылады
Кітаптың түпнұсқасын өзгерту мүмкіндігі төмен. Егер болған жағдайда кітапты қайта басып шығару арқылы ғана.
ғылым және білім саласындағы соңғы инновациялар мен өзгерістерді электрондық оқулыққа енгізу, мазмұнын жаңарту әлдеқайда оңай, жылдам
Тапсырмалар тек оқу, жазу, тыңдау форматында ғана беріледі.
тапсырмалар жиынтығы көп және бұл білімді тереңдетуге, тақырыпты жақсырақ меңгеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттар кішкентай шрифтен берілуі көп жағдайда ыңғайсыздық тудырады
Көзге ыңғайлы болатындай шрифт көлемін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.
Оқушы үшін электронды оқулық үй жағдайында сабаққа, бақылау жұмыстарына дайындалу үшін таптырмас құрал. Жыл бойы өтілген тақырыптарды өз бетінше оқып, білімін арттыра алады. Білім алушыларға өздік жұмыстар жасау үшін ыңғайлы платформа. Атап айтқанда, электронды оқулықтар қандай да бір себептермен мектепке бара алмайтын балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау арқылы өзінің білімінің деңгейін анықтап, тақырыпты толық меңгермейінше келесі бөлімге өте алмайды. Осылай білімін толыққан бекіту мүмкіндігіне ие болады.
Электронды оқулық мұғалім үшін сабақтарды жүйелі әрі тиянақты өткізу мүмкіндігін беретін әдістемелік құрал. Сабақтарды дәстүрлі жүйеден алып шығатын, түрлі мәтіндер мен тапсырмалардың мультимедиялық жүйеге сәйкес ұсынылған таптырмас құрал. Сонымен қатар, үйге берілген тапсырмалардың нәтижесін бақылап, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Біз электронды оқулықтарды оқытушы қызметін және студенттің білім алуын - гуманизациялау құралы деп білеміз. (дисс )
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының, Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жұмыстарының бір сатысы Электрондык оқу құралы шығару болып табылады.
Электронды оқулықтарды пайдаланудың негізгі мақсаты - білім беру, білімді пысықтау, бақылау, ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту.
Электронды оқулықтардың басқа оқу құралдарынан өзгешелігі оқу мен үйренуге деген икемділігі. Оқушылардың білімдерін толықтырып, қосымша ақпараттар алуға көмектесетін құрал болып есептеледі. Сонымен қатар, электронды оқулықтарды мына мақсаттарда пайдалануға болады: электронды анықтама ретінде, оқулық құралы ретінде, зертханалық жұмыстарда, жеке жұмыс жасауда, шығармашылық бағытта, білімді тексеру барысында.
Электронды оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: оқу, оқыту, бақылау және тексеру
Құрылымы (бөлек документ)
Электрондық оқу құралының құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемо-курс - оқулық мазмұнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оқу материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
Білім берудің кез-келген саласында Электрондык оқу құрал пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқу құралын дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
* белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
* электрондық оқу құралын курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
* электрондық оқу құралын кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
* белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқу құралын пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
* бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
* оқу құралын шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электронды оқулық - компьютерлерге арнайы орналастырылып, оқу үдерісінде автоматтандырылған жүйе саналады. Бүгінгі таңда бірнеше пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен қолданыста жүр. Соның қатарында қазақ тілі сабақтарында да көбіне ережелерді еске салуда, кері байланыс пен сабақты түйіндеуге арналған тест тапсырмаларын орындауда пайдаланылып жүр.
1.2 Қазақ тілін оқытуда электронды оқулықты пайдаланудың психологиялық негіздері
Бүгінгі ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы ақпарат.Алынып жатқан ақпараттың дұрыс болуымен қатар,тиімді қабылдау жолдарын үйрену де ең маңызды істердің бірі.Психологиялық зерттеулер,қазіргі заманда оқушылардың ақпаратты қабылдау жолдарын анық көрсетіп, электронды оқулықтардың заман талабын жан-жақты орындай алатындығын дәлелдеп шықты.Мысалы,егер бала ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайтын болса, оны тыңдай алады, ал егер көзбен көру керек болса, видеофрагменттер мен анимацияларды қарай алады.
Сонымен қатар,қазіргі оқушылар үшін оқулықтың қолжетімді болуы өте маңызды фактор.Электронды оқулық осы қажеттілікті толықтай өтейді,бала кез келген уақытта смартфон көмегімен,немесе басқа да құралдар арқылы оқулықты пайдалана береді.Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ,қазіргі жас ұрпақ ақпаратты жылдам және қысқа түрде жақсы қабылдайды.Бала миы том-том кітапты көріп,оқуға деген құлшынысын оңай жоғалтады.Ал бәрі шағын,бір жерге жинақталған,оңай өнімді көргенде ми ақпаратты аз және жеңіл деп қорытындылайды.Бала да тиісінше керекті білімді алады.
Психологияда адамдарды ақпаратты қабылдауына байланысты 3 топқа бөлуге болады.Олар-аудиал,визуал,кинестети к.Үш тип туралы түсінік қалыптастыру үшін,әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек.Аудиал типіндегі адамдар ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайды.Кітапты бір сағат оқып түсінбеуі мүмкін,ал тыңдайтын болса жылдам түсініп,оңай есте сақтайды.Аудиалдар сирек кездеседі,сонымен қатар олар естігендерін дәл солай оңай қайталап бере алады.Орташа есеппен дыбыстар арқылы қабылдайтын адамдар халықтың 9% құрайды.
Визуалдар ақпаратты көру арқылы қабылдайды. "Мың рет естігенше,бір рет көрген артық" деген мақал осы визуал типтес адамдарға арналған.Қиялдары ұшқыр,тіпті он жылдан кейінгі болатын жағдайды,елестете алады.Визуалдарға бір нәрсені түсіндіру үшін сурет, графика, кесте ұсынған абзал. Осылайша ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді.Адамдардың 90%-ы визуалдар.
Үшінші тип кинестетиктердің ақпаратты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz