Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
М. С. Бақтияр
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру
Білім беру бағдарламасы:
5В012900 - География - Тарих
Павлодар 2022
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Жаратылыстану жоғары мектебі
«Қорғауға рұқсат берілді»
ББ жетекшісі Р. Ж. Муканова
5В012900 География - Тарих білім беру бағдарламасы бойынша
«Өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбы бойынша
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындады Бақтияр М. С.
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., доцент Аманова А. С.
Нормобақылаушы Айдаркенова К. Б.
Павлодар 2022 ж.
Мазмұны
Кіріспе
Тaқыpыптың өзeктiлiгi: Қазіргі кезде елімізде егемендігімізді нығайтып, дамыған елдердің қатарына ену үшін жасалынып жатқан игі іс - шаралар баршылық. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, ең алдымен, біз жастарымыздың өз отанына аялы көзқарасын, туған жерге сүйіспеншілігін, халқының салт - дәстүрлеріне сыйлы қатынасын, батырларына құрмет сезімін тәрбиелеуіміз қажет. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» «Білім беру жүйесінің міндеті азаматтық пен патриотизмге, өз отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп айтылған болатын [1] .
Мектепте жүргізілетін өлкетану жұмыстары, яғни туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу тәрбие жұмыстарында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану аса маңызды болып келеді. Егер де мектепте бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жиналған материал мектеп мұражайында, өлкетану бұрышында сақталса және де ол материал ретіне қарай тарих сабақтарында пайдаланып отырса, онда осы пәнді оқытудың алдына қойылған үш міндетті: білімділік, тәрбиелік, дамытушылықты ойдағыдай жүзеге асыруға үлес қосады. Тарихты білу - өзінің, отбасының, әулетінің, туып - өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде туған өлке тарихын зерттеудің, оның материалдарын оқу - тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі жинақталған.
Зepттeyдiң ғылыми жaңaлығы және практикалық мaңыздылығы:
- этномәдениеттің өркендеу генезисі айқындалып, «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», ұғымдарына ғылыми анықтамалар берілді;
- өлкетану материалдарын тарих сабағында пайдаланудың тәлімдік және білімдік мүмкіндіктері айқындалып, оны іске асырудың технологиясы қарастырылды.
- oқyшылapдың туған өлке тарихы жайлы бiлiмдepiн, патриоттық сана-сезімдерін дaмытyдa тарих пәніне дeгeн қызығyшылығын apттыpyдың тиiмдiлiгi ғылыми нeгiздeлдi;
- aлғaн бiлiмдepiн жүйeлey, oқyшының өзiндiк жұмыcтapғa бeлceндiлiгi, oлapдың жac жәнe жeкeлeй epeкшeлiктepi eceпкe aлынa oтыpып тарих пәнін oқытy бapыcындa білімдерін кеңейту және патриот жеке тұлға қалыптастыру мақсатында бағыттар мен технологиялар ұсынылды.
Мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау:
Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске асады. Біліктілік пен шеберліктеріңізді ұштастырып, «ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп келе жатқан жастарымызды әлемді мойындататын рухани биікке көтеру сіздер мен біздердің міндетіміз.
Жалпы алғанда «Мектепте өлкетану материалдары арқылы патриотты тұлғаны тәрбиелеу» туралы көптеген ғалымдарымыз басылым беттеріне туындылары бар дипломдық жұмыста Ж. Н. Қалиевтың «Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие беру» [21] . Қ. Меңлібаевтың «Ұлт дәстүрі - қазына» [32] . А. Ж. Бекмағамбетов пен Б. Әбдікәрімұлының «Өлкетану құндылықтары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері» [33] . К. Сарчаеваның «Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын өткізуге байланысты әдістемелік нұсқаулар» [35] . С. А. Ұзақбаеваның «Қазіргі қоғам және патриоттық тәрбие» [37] . Тұрсын Хазретәлінің «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі» [42] . Т. Т. Тұрлығұловтың «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» [43] . З. Алшынбаевтың «Мектептегі өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері» [44] . Е. С. Ысқақовтың «Мектепте тарихи - өлкетану жұмысын ұйымдастыру» [45] . К. М. Төлеубаеваның «Тарих сабағы бойынша оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру» [47] . Н. Канафияұлының «Ұлттық тәрбие толғамдары», атты кітаптарды пайдаландым [2] .
Диплом жұмысының мaқcaты: өлкетану материалдарының ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу - тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды отаншыл жеке тұлға болуға тәрбиелеу.
Дипломдық жұмыстың мiндeттepi:
- мектепте тарихи - өлкетану жұмысын жүргізу;
- өлке тарихын, отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;
- оқушыларда туған өлкеге деген қадір - құрметті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- оқушының өлкетану жұмысын жүргізудегі тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу - тәрбие үрдісі.
Пәнi: өлкетану материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу.
Гипотезасы: Егерде өлкетану материалдарын мектептің оқу - тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми - әдістемелік кешені жасалып, оны оқу - тәрбие жүйесінде тиімді пайдаланса, онда оқушы - жастардың өзін - өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып патриоттық сезімі оянатын болады. Өйткені өлкетану материалдары оқушылардың туған өлкені жан - жақты терең танып білуіне, патриоттық сезімнің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдікте, тәлімдік те дереккөзі болып табылады.
Зepттey теориялық және әдicнамалық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми -әдістемелік тұрғыда талдау, оқу - тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын пайдаланудың әдістемесіне сипаттама, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, қорыту, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық статистикалық жағынан өңдеу.
- Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздеріОқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
Патриоттық тәрбиелік білім берудің әлеуметтік - педагогикалық мәнін ашу үшін «патриот» және «патриотизм» ұғымдарын саналы ой елегінен өткізіп алатындай оқушыларға жағдай жасау керек. Бұлар ең алғаш 1789 - 1793 жылдары Ұлы Француз төңкерісі кезінде жиі қолданыста болған ұғымдар. Ол уақыттарда патриот деп еркіндікті аңсаған адамдарды, халықтың ісі үшін күрескен батырларды, республиканы қорғау үшін жанын берген азаматтарды атаған. Француз П. Ларусстың белгілі энциклопедиялық сөздігінде патриотизмдіктің мәнін анықтауда мынадай анықтама берген: «Патриот - төңкеріс кезеңінде прогресс пен еркіндік достарына тағайындалған есім. Бұл сөз өз отанын сүйетін адамды ғана білдірмеді, ол неғұрлым нақты мағынаға ие болып, жаңа Францияның арнайы азаматы, ескі режимнің жауы, күресуші апостол және төңкеріс солдаты деген мағынаны білдірді» [3] .
Дәл солай, «патриот» ұғымына В. И. Даль мынадай түсініктеме берген: «Патриот - Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, Отансүйгіш, отаншыл азамат». Қазіргі заманда патриот деген сөздің мағынасын біз былай түсіндіреміз өз Отанын сүйе білетін, халқына адал қызмет ете алатын, Отанының мүддесін өзінен биік қоя алатын отаншыл азаматты айтамыз [4] .
«Патриот» ұғымының семантикасын патриотизмнің лексикалық мағынасы ретінде қарастырсақ адамгершілік сапа ретінде анықтайтынын, яғни патриотизм бұл отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, өз еліне жеріне, халқына адалдықты білдіреді. Патриотизм ұғымын философиялық тұрғыдан былай анықтасақ болады: «Патриотизм (грек сөзі - parties - отан) - адамгершілік және саяси принцип және әлеуметтік сезім, оның мазмұнын отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, сонымен қатар, өткені мен бүгіні үшін мақтана, отанның мүддесі үшін қорғауға бағытталушылық»
Қазақтың ескі энциклопедияларында «Патриотизм» - дегеніміз (грек. pаtгіоtеs - отандас, раtгіо - отан, туған жер) отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қайраты мен білімін отан үшін және оның мүддесіне жұмсау, туған жерін, туған тілін, елдің әдет - ғұрпын және дәстүрін құрмет тұта білу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастаған» - деп анықталған [5] .
Мектеп оқушылары өз үшін жеке өмір сүруге қадам жасаудың барысында болғандықтан, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан қалыптаса бастаудың белсенді кезеңін бастан өткереді. Бұл кезеңді - тұлғаның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі десек те болады. Жас өскен сайын жыныстық толысуға байланысты әр адамның организмі мен сырт келбетіндегі өзгерістер, болып жатқан жағдайлардың тиянақсыздығы (енді балалықтан әлі толық өтпеген немесе әлі ересекте болмаған ), өмірлік жағдайлардың күрделенуі, жеке адамның өз мінез - құлқын қалыптастыру барысында араласатын адамдардың ұлғаюы - осының бәрі қосыла, жоғары сынып оқушыларының бағалаушылық - бағдарлаушылық іс - әрекеттерін күрт өзгертіп оны арттырады. Айтылып жатқан әңгіме өз қасиеттерін танып білу, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жоғары сынып оқушылары оны бағалауға өте ерекше ден қоя отырып, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жүргізілген немесе меңгерген өлшемдер мен нормалар негізінде құрастыруға тырысады. Бұл ең алғаш өзіндік жеке сананың дамуында көрініс береді. Сол себептен мектеп оқушыларына үлкен жауапкершілік артылып отырады, себебі ол жаңа әлеуметтік құндылықтарды пайдаланушы болып табылады және оның ішінде ерекеше роль патриоттық қасиеттерге бөлініп көрсетіледі. Бұның өзі қазіргі таңда жасөспірімдердің патриоттылығын қалыптасыру мәселесінің айрықша көкейкесті мәселе екенін дәлелдейді.
Зерттеу барысында Ж. Н. Қалиев «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», ұғымдардың мәнін ашып көрсетіп, оларды жалпы патриоттылықпен байланыстыруға талпыныстар жасаған [6] .
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарын қолдану арқылы отан, туған өлке, халық туралы нақты түсініктер берудің мүмкіндігі арта түспек. Бұл жердегі түсінік дегеніміз - белгілі бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғына білу. Сөйте келе, «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына түсінікті тілде анықтама беру, олардың мазмұнын, мағынасын құрайтын: отан сүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт - дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т. б. тәлім - тәрбиелік мүмкіндіктерін кең ауқымды ете түседі.
Халқымыздың өткен тарихына назар аударсақ, отансүйгіштіктің тамаша үлгілерін көреміз. Қазіргі таңда егеменді ел, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзіндік бір себебі ата - бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы деп мақтана айта аламыз. Тарихи мәліметтерден байқағанымыздай, жоңғар шапқыншылығы болған кез бен одан бертін келе ұлт азаттық көтерілісін қарайтын болсақ, сол кездегі батырлардың ешқайсы қазіргі таңдағыдай (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриоттыққа тәрбиелеуге салынбаған. Бірақ, соған қарамастан елін, жерін, отанын қорғауда жанын беріп отаны үшін бәріне барған. Осындай көптеген тарихи мәліметтерден, сол кездердегі отбасы тәрбиесінде болған отансүйгіштіктің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің аса маңызды ролі болғанын елемей қоюға болмайды.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзінде: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп өз көз қарасын білдірген. Әр дәуірдің өзіндік тарихи кезеңдерінде елін сүйюге деген тәрбиенің өзіндік мүдделері болады. Олар ең бірінші, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның өзіндік ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бастап жас ұрпақтың тәрбиесінің темірқазығы - ол қазақстандық патриотизм болды [7] .
Бұл патриоттық идеяның дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де тығыз байланыста.
Цицерон отанға деген байланысты патриотизмдік санадан іздестірген. «Мемлекет туралы диалогінде Цицерон : «Ең мәртебелі ой - толғамдар отанның игілігі жайында болмақ», - деген [8] .
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол.
Отаншылдық сезім - адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, - патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде - бір ұлтпен қарама - қайшылық туғызбау» - деп белгілеген [9] .
Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Махамбет, Баян батырлар сияқты тұлғалар, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері мектеп білім алушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі - отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай - ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек [10] .
Д. С. Құсайынова «қазақстандық патриотизмді» адамның өзін республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, отанға деген сүйіспеншілігі мен берілгендік сезімі, халық пен елдің мүддесін қорғауда азаматтық парызын түсінуі және намысын ұстай білуі деп анықтай отырып, қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсатын бөліп көрсетеді [11] .
Қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік, ұлттық топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын саяси-моральдық, кәсіби, дене шыңдау қасиеттерін қалыптастыру. Оның жүйесіне мүліктік элементтер, рухани құндылықтар, адами элементтер жатады. Нәтижесінде отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, отанның экономикалық, ғылыми, саяси - моральдық, әскери және спорттық саладағы мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылу, саяси - идеологиялық, әскери қорғанысқа даярлық қалыптасады
Ү. К. Санабаев өз зерттеуінде қазақстандық патриотизмнің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
- біздің халықтардың көпұлттық құрамына негізделе отырып, қазақстандық патриотизм өз мәні бойынша интернационалды;
- қазақстандық патриотизм біздің халықтың бай рухани - адамгершілік әлеуетін бөліп көрсете отырып, жоғары ізгілендіру негізін құрайды;
- ұлттық мүддені қорғауға деген шексіз ұмтылыс, Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өзін құрбан етуге даярлық қазақстандық патриотизмнің халықтық сипатын айқындайды;
- бай дәстүрлер қазақстандық патриотизмнің сабақтастығын анықтайды;
- ортаның қандай да бір факторының қолайсыз әсеріне шыдамдылық қабілеті, басқа пікірлерге, дінге, мінез - құлықтарға төзімділік қазақстандық патриотизмнің толеранттығын білдіреді [12] .
«Ұлтжандылық» - жеке тұлғаның туған жерiне, ұлтына адал ниетi, мемлекетiнiң күш-қуатын, өмiршеңдiгiн, тұтастығын қорғайтын рухани тiрегi. Ал ұлтжандылық тәрбие - ұлт, ұлттық тiл, ұлттық сана, ұлттық мiнез-құлық, ұлттық намыс, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, т. б. ұлттық қасиеттердiң ерекшелiктерiн көрсететiн ұлттық тәрбиенiң бiр түрi [12] .
Толеранттық (лат. tolertantia - төзім) - қайсы бір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай - ұстамдылықтан, сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен, жағымсыз әсерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады [13] .
Патриоттық тәрбие берудің бастау бұлағы халықтық педагогикадан нәр алады. Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Халық педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп - өркендеп, дамып және ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл - ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі - рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез - құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне, басқаларынан өзгеше, әрі ерекше тарихи ұлттық дәстүрге байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре беру қажет.
Патриоттық тәрбиенің мазмұны өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі негізгі компоненттен тұрады. Оның біріншісі кең әлеуметтік - педагогикалық бағыттылығымен сипатталады. Ол мынадай элементтерге негізделеді: негізгі әлеуметтік, тарихи, адамгершілік, саяси, әскери және басқа мәселелер бойынша оң дүниетанымдық көзқарастар мен ұстанымдар, маңызды рухани адамгершілік, әрекеттілік сапалар (отанға деген сүйіспеншілік, заңнамаларға сыйлы қатынас, конституциялық міндеттерді орындау және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау алдындағы жауапкершілік, т. б. ) .
Патриоттық тәрбие мазмұнының әлеуметтік - педагогикалық компоненті оның өзегін құрайтын басты компонент болып табылады, өйткені бойында өзіне тән материалдары, көзқарасы, бағдары, қызығушылақтары, ұстанымдары, мотивтері бар қазақстандық азамат пен патриоттың тұлғасын қалыптастырмай, отан қорғау, әскери және басқа да мемлекеттік қызметке қатысты нақты міндеттердің табысты шешілуі мүмкін емес.
Бүгінде патриоттық тәрбие мазмұнының өзіне тән арнайы компонентінің мәні артып отыр. Бұл компонент патриоттық тәрбиені алға қойылған нақты міндеттерге сәйкес саралап, негіздеп, әрі жан-жақты жүргізуді көздейді. Патриоттық тәрбие мазмұнының өзіне тән арнайы компоненті неғұрлым нақты және әрекетті бағыттылығымен сипатталады. Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие мазмұнында басымдық танытатын рухани адамгершілік құндылықтар ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- отанды қорғауға даяр болу;
- моральдық - саяси оптимизм;
- ізгілендіру;
- бейбітшілік сүйгіштік, бейбіт өмір мен әлеуметтік прогресс;
- ерлік, отансүйгіштік қызметте көрінетін белсенділік;
- өз отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезім; - өз халқына, туған өлкеге, тіліне, мәдениетіне берілгендік;
- өзге ұлт өкілдеріне, олардың тіліне, мәдениетіне құрметпен қарау;
- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, бүгінгіні тәрбиелеу үшін ерлікке толы өткенімізге, әскери, еңбек пен озық халық дәстүрлеріне адал, әрі берілген болу [14] .
Жоғарыда айтылғандар негізінде қазіргі таңда оқушыларға патриоттық тәрбие беру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Рухани - адамгершілік - тұлғаның жоғары құндылықтарды, мұраттар мен бағдарларды, әлеуметтік маңызды процестер мен шынайы өмірдің құбылыстарын саналы түсінуі, оларды күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқында негізгі принциптер, ұстанымдар ретінде басшылыққа алу қабілеті. Бұл бағыт жоғары мәдениеттілік пен білімділікті дамытуды, отанға адал қызмет етуге даяр болуға итермелейтін идеяларды саналы түсінуді, мінез - құлықтың жоғары адамгершілік, кәсіби - этикалық нормаларын, шыншылдық, жауапкершілік және ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыруды көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz