Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

з. ғ. к., доцент

Омурчиева Э. М.

«___»2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі коммерциялық құпияның ұғымы, қорғау тәсілдері»

5В030100 - «Құқықтану» мамандығы бойынша

Орындаған: Ерболатов Ж. Е.

ҚТ-18-ҚБ-08-Т

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы, з. ғ. м. Сартова А. Е.

Нормабақылау

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ

1.1. 11. 21. 31. 42.2. 12. 22. 32. 4:

1.

1. 1

1. 2

1. 3

1. 4

2.

2. 1

2. 2

2. 3

2. 4

КІРІСПЕ . . .КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ . . .Ашылмаған ақпарат - интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде . . .Ашылмаған ақпараттың интеллектуалдық меншік құқығы объектісі ретіндегі ерекше белгілерінің теориялық аспектілері . . .Коммерциялық құпияның түсінігі және мәні . . .Қазақстан Республикасындағы коммерциялық құпияның құқықтық негізі . . .ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАЛАРЫ БОЙЫНША КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі . . .Коммерциялық құпияны қорғаудың соттан тыс тәсілдерін қолдану практикасына талдау . . .Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды қолданудағы сот практикасына талдау . . .Коммерциялық құпияны жариялау туралы істерді қарауда арбитраждық (төрелік) соттар практикасына шолу . . .ҚОРЫТЫНДЫ . . .ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .:

КІРІСПЕ . . .

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ . . .

Ашылмаған ақпарат - интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде . . .

Ашылмаған ақпараттың интеллектуалдық меншік құқығы объектісі ретіндегі ерекше белгілерінің теориялық аспектілері . . .

Коммерциялық құпияның түсінігі және мәні . . .

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық құпияның құқықтық негізі . . .

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАЛАРЫ БОЙЫНША КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .

Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі . . .

Коммерциялық құпияны қорғаудың соттан тыс тәсілдерін қолдану практикасына талдау . . .

Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды қолданудағы сот практикасына талдау . . .

Коммерциялық құпияны жариялау туралы істерді қарауда арбитраждық (төрелік) соттар практикасына шолу . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

4101018213147475462676972:

4

10

10

18

21

31

47

47

54

62

67

69

72

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

РФ - Ресей Федерациясы

Ноу-хау- өндiрiс құпиялары

ҚР АК-Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі

ТРИПС- Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

РКФСР-Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы

ҚазКСР- Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚР АПК - Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексі

ЕҚЫҰ - Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҚР АПК - Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексі

ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысы коммерциялық құпия институтының азаматтық - құқықтық мәселелеріне арналған. Коммерциялық құпия интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерінің бірі ретіндегі роліне жұмыстың бірінші бөлімінде талдау жасалып, коммерциялық құпияның объекті ретіндегі құқықтық табиғаты зерттелген. Екінші бөлімде коммерциялық құпияны қорғау мәселелелері қарастырылған. Үшінші бөлімде коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды құқыққолдану практикасына талдау жүргізілген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қарқынды дамыту жағдайында ақпараттың азаматтық-құқықтық айналымы маңызды болып табылады. Ақпарат өмірдің барлық қырларын қамтиды және әлеуметтік-экономикалық, рухани және саяси салаларда адам қызметінің, қоғамның және мемлекеттің маңызды және қажетті элементі болып табылады.

Таңдалған ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді. Басты жетістік - тәуелсіз Қазақстан болып табылады. Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болу қазіргі заман талабы.

Қазіргі кезде ақпараттардың қарқынды дамуында біз ақпараттар әлемінде өмір сүреміз деп айта аламыз. Ақпараттың ролі азаматтық айналымда барлық кезеңдерде де өз бәсекелесі туралы дәл және көп ақпарат білген тарап басылымдылық көрсететіндігімен де ерекшеленеді.

Ақпарат мәселесі күрделі мәселе, себебі біз қарастырғалы отырған ақпарат пен жалпы қоғамда қолданылатын ақпараттың ерекшелігі құқықтық реттеумен байланысты. Сондықтан біз коммерциялық құпия ерекшеліктерін ақпараттың бір түрі ретінде қарастырумен нақтылаймыз.

Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін ақпарат. Нарықта әрекет ететін фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.

Құпия - өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке адам немесе қандай да бір басқаға білдірмей ұстайтын ақпарат ретінде қарастырылады. Әркімнің жеке, отбасылық құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, дәрігерлік құпиясын, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығы бар. Әркімнің басқалармен қарым-қатынас жасаудың өзі қалайтын түрін таңдау және тәуелсіз әрі дербес жағдайда жеке, достық, сырластық және басқа қатынастар орнату мүмкіндігі -жеке өміріне қол сұғылмауына деген құқығы бар екендігі белгілі. Ендеше бұлардың ақпарат немесе құқықпен реттелетін ақпаратттың мәнін ашу арқылы көптеген мәселелер шешіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі ақпарат мәселесін қарастыра отырып, көптеген мәселелер бойынша шешім табуға негіздейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бұл тұрғыдан коммерциялық құпия, ашылмаған ақпарат деген нормаларды қарастырады. Аталған норма техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз (ашылмаған ақпарат) өндiрiстiк құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетiн тұлғаның осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар екендігін қарастырады.

Негізінен ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тiркеу куәлiк алу және т. б. ) қарамастан туындайды [1] .

Сонымен қатар, ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актiлерiне сәйкес қызметтiк немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәлiметтерге, атап айтқанда заңды тұлғалар туралы мәлiметтер, мүлiкке құқықтар және олармен мәмiлелер туралы мәлiметтер; статистикалық нысанда ұсынылуға жататын мәлiметтер және басқаларына қатысты қолданылмайды.

Сондай - ақ қазіргі кезең біздің қоғамдағы нарықтық өзгерістер кезеңінде ақпараттық факторға көп көңіл бөледі. Осыған байланысты республика аумағында біртұтас ақпараттық кеңістікті (азаматтармен және ұйымдармен ақпараттық ортада өздерінің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын ақпараттық ресурстар жиынтығын) құруды қамтамасыз ету мәселесі туындады. Ақпараттық кеңістікті құрудағы міндеттердің бірі - азаматтардың ақпараттық ресурстарға деген конституциялық құқықтарына кепілдік. Сонымен қатар, ақпаратқа конституциялық құқық және ақпаратқа субьективті құқық жеке маңызды. Ақпаратқа деген субьективті құқыққа коммерциялық құпияға құқық кіреді. Осының нәтижесінде коммерциялық құпияны зерттеу ақпаратқа деген конституциялық құқықтарды және азаматтық құқықтарды қамтамасыз ету арасындағы балансты сақтау мәселесін шешуде маңызды. Мұнда әңгіме ақпаратқа деген еркіндікті және ақпаратты алуға, жасауға, өндіріске енгізуге күш, уақыт, қаражат жұмсайтын тауарлық айналым қатысушыларының заңды мүдделерін қамтамасыз ету арасындағы балансты сақтау жайлы.

Коммерциялық құпия рыноктың ажыратылмас атрибуты В. Розенберг жазғандай, «она вытекает из сущности строя, основанного на свободе конкуренции как на соревновании сил, способностей и труда каждого конкурента, но не на использовании работы соперника» [2, с. 20] . Коммерциялық құпия бәсекелестікке қабілеттілікті анықтайды, кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік қызметте интеллектуалдық нәтижені пайдалануға мүмкіндік береді. Оның кәсіпкер үшін маңыздылығы- коммерциялық құпияны ашу(ақпаратты жария ету) кәсіпкерге үлкен шығын әкелуі мүмкін, яғни мемлекеттік құпия болып табылмайтын ақпарат кәсіпкер үшін экономикалық қауіпті. Осыған байланысты коммерциялық құнды ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету мәселесі туады.

Қазақстанның шаруашылық қызметінде коммерциялық құпияны пайдалануда белгілі бір тәжірибе қалыптасқан. Алайда аталған институт осыған дейін ғылыми- теориялық зерттеудің объектісі болмаған. Себебі коммерциялық құпия институтының азаматтық- құқықтық мәселелерін зерттеуге, коммерциялық құпия заңнамасын жақсартуға арналған әдебиеттердің (жұмыстардың) жоқтың қасы.

Бұл коммерциялық құпияның біздің қоғам үшін жаңа құқықтық құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Кәсіпкерліктің құқықтық режиміне арналған ғылыми жұмыстар коммерциялық құпияның тек жекелеген аспектілеріне және ерекшеліктерін жанайды, сондықтан бұларға қатысты фрагментарлық сипатта болады. Коммерциялық құпия зерттеу әдетте белгілерін анықтау, ақпаратты қорғауды ұйымдастырумен шектеледі, коммерциялық құпия институтын пайдалануға байланысты заңдылық сұрақтар зерттелмейді.

Азаматтық заңнама коммерциялық құпияны азаматтық құқық объектісі ретінде қарастырады. Бірақ, біздің ойымызша, ашылмаған коммерциялық құпияны ақпаратты қорғау әдісі, интеллектуалдық меншікті қорғау нысаны, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау әдісі ретінде қарау керек.

Зерттеу тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі.

Қызметтік және коммерциялық ақпарат мәселелері, оны құқықтық қорғаудың негізгі ерекшеліктері М. К. Сүлейменовтің, Ю. Г. Басиннің, Т. Е. Каудыровтың еңбектерінде, сонымен қатар шетелдік құқықтанушылардың П. Розенбергтің, А. А. Шиверскийдің жұмыстарында ашылған. Теориялық көзқарасты қалыптастыруда А. Б. Омарованың, А. Р. Вершининнің, А. П. Сергеевтің, Э. Соловьевтің, С. З. Зимановтың, С. Н. Сабикеновтың, Г. С. Сапаргалиевтің, С. С. Сартаевтың еңбектерінде орын алды.

Ақпараттық құқық және фирманың коммерциялық ақпараттар жайында проблемалар келесі ғалымдардың еңбектерінде зерттелген: В. Ю. Ярочкиннің, В. А. Копылевтың, В. А. Рубановтың, Н. М Батырбаевтың., Ғ. А. Жайлиннің, А. А. Амангелдінің және т. б. еңбектерінде зерттелген.

Осы жұмыстың теориялық негізіне келесі ғалым- құқықтанушылар мемлекет және құқық теориясы мамандары еңбектері алынды: С. С. Алексеев, М. Т. Баймаханов, С. З. Зиманов, С. Н. Сабикенов, Г. С. Сапаргалиев, С. С. Сартаев және азаматтық пен кәсіпкерлік құқықтың мамандары: И. В. Амирханова, Ю. Г. Басин, С. Н. Братусь, А. В. Бусыгин, В. В. Витрянский, М. В. Гордон В. П. Грибанов, А. Г. Диденко, В. А. Дозорцев, И. А. Зенин, К. М. Ильясова, В. Я. Ионас, О. С. Иоффе, У. К. Ихсанов, Д. И. Мейер, К. Н. Наменгенов, Р. Л. Нарышкина, В. Ф. Попондопуло, Б. В. Покровский, В. И. Серебровский, М. К. Сулейменов, Ю. К. Толстой, Р. О. Халфина, Г. Ф. Шершеневич еңбектері қолданылды.

Зерттеу кезінде құқықтық ғылым пәнін ғылыми танудың жалпы, арнайы, жекелеген әдістері қолданылды. Атап айтқанда: анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия салыстыру, жүйелік- құрылымды қатынас(подход), нақты әлеуметтік әдістер, құқықты түсіндірудің формальды- логикалық әдістері, салыстырмалы- құқықтық әдіс және т. б.

Зерттеу жұмысының объектісі. Зерттеу жұмысының объектісі қызметтік және комерциялық ақпаратты құқықтық реттеу барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.

Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша коммерциялық құпияны қорғауды жүзеге асырудағы сот практикасы, коммерциялық құпия институтының қай салаға тиістілігіне байланысты сұрақтар, коммерциялық құпия режимін бұзғаны үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық табылады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы қызметтік және коммерциялық ақпаратты құқықтық қорғауды жүзеге асыратын нормалардың бір жүйеге келтірілмеуінде. Жұмыстың негізгі ережелері азаматтық құқық, халықаралық құқық, сонымен бірге, интеллектуалдық меншік құқығы саласында басқарушы ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде шығарылған. Жүргізілген зерттеудің теориялық маңыздылығы практика мен заң ғылымдарының барлық салалары үшін коммерциялық құпияны қорғауды құқықтық реттеу қатынастарының күрделі екендігімен белгіленеді.

Зерттеудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша коммерциялық құпияны қорғауды жүзеге асырудағы сот практикасына талдау жүргізу.

Зерттеу міндеттер і:

  • коммерциялық құпияның құқықтық табиғатына саралау;
  • коммерциялық құпияның азаматтық құқықтарды қорғау әдісі ретіндегі сипаттамасын, коммерциялық ақпараттың түсінігін азаматтық құқық объектісі ретінде қарастыру;
  • коммерциялық ақпараттың түсінігін коммерциялық құпия объектісі ретіндегі ерекшіліктерін анықтау;
  • интеллектуалдық меншік объектісі ретінде ерекшеліктерін анықтау, интеллектуалдық меншікті қоғаудың өзге әдістерімен арақатынасын зерттеу;
  • коммерциялық құпияны қорғаудың соттан тыс тәсілдерін қолдану практикасына талдау;
  • коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды құқыққолданудың сот практикасына талдау;
  • коммерциялық құпия заңнамасындағы нормаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.

Ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық құпияның азаматтық құқықтың объектісі ретінде ғылыми тұрғыда зерттелуі. Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды құқыққолданудың сот практикасына талдаудың тұңғыш жүргізілуі.

Қорғалуға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

1. Коммерциялық құпияға деген құқық зияткерлік қызметтің нәтижесі ретінде ерекше құқық болып табылады. Жұмыста коммерциялық құпия құқығын «квази айрықша» құқық ретінде қарастыратын құқықтық тұжырымдаманы негіздеуге қосымша дәлелдер келтірілген.

2. Құпия ақпараттың құпиялылығын қорғаудың мақсаты, ақпараттың деңгейі мен құны сияқты негізгі ерекшеліктерге негіздейді.

Құпия ақпараттың келесі түрлерін белгілеу ұсынылады:

1) мемлекеттік құпия, 2) жеке құпия, 3) коммерциялық құпияны, 4) еңбек құпиясы, 5) өнертабыстық және авторлық құқықтық құпия (соның ішінде, сабақтас құқықтар иелерінің құпиясы) ;

«Қызметтік құпия» термині бойынша дауларды жою үшін оны басқа, нақты «еңбек құпиясы» терминімен ауыстыру ұсынылады.

Еңбек құпиялары қызметкерге оның еңбек функцияларын (міндеттерін) орындауға байланысты қол жетімді болатын құпия ақпаратты қамтиды.

Еңбек құпиясының объектісі - үшінші тұлғалардың қорғалатын ақпараты (жеке құпия, коммерциялық құпия және т. б. ) .

Сонымен қатар, «еңбек құпиясы» кішігірім санаттарға қатысты, мысалы, кәсіби, лауазымдық, жұмысқа қатысты құпия болып қарастырылуы мүмкін

3. Қазақстан Республикасында коммерциялық құпияның құқықтық жағдайын реттеуші жеке нормативтік акт жоқ, яғни коммерциялық құпияның құқықтық негізі әртүрлі нормативтік актілерде бекітілген. Осыған орай, «Коммерциялық құпия туралы» нормативтік акт қабылдау немесе оны құқықтық қорғауда азаматтық заңнамалардың нормаларын қолдану бойынша нұсқаулық құжат әзірлеу ұсынылады.

4. Коммерциялық құпияны қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды құқыққолданудың сот практикасы жетіле қойған жоқ, коммерциялық құпияны жариялау туралы істерді төрелік соттардың қарастыру еркешеліктерін құқықтық тұрғыда негіздеу ұсынылады.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Парламенттің заң шығарушы қызметінде, Қазақстан Республикасының соттары мен құқық қорғау органдарының практикалық қызметінде қолдану мүмкіндігінде. Жұмыста келтірілген тұжырымдар мен қорытындылар коммерциялық құпияны құқықтық қорғауға байланысты, өнеркәсіптік меншіктің объектілеріне қатысты проблемаларды зерттеу саласына тиісті ғылыми зерттеулер үшін қолдануға болады. Сонымен қатар, арнаулы курстар дайындауға, ғылыми зерттеулер ісін жүргізуге диссертациялық жұмыс материалдары негіз бола алады.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша коммерциялық құпияның интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерінің бірі ретіндегі ролі мен маңызын анықтауға арналған магистрлік диссертациялық жұмыстың тәжірибелік негізі Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында өтті. Зерттеу жұмысының негізгі жағдайлары ғылыми мақалалар түрінде жарыққа шықты. Сонымен қатар, жұмыстың ең маңызды талқыланатын жақтары апробациядан ғылыми-тәжірибелік конференцияда қаралды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады.


1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ

  1. Ашылмаған ақпарат- интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде

Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке) : заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.

Қазіргі уақытта азамттық айналымға кеңінен енгізіліп отырған ақпарат азаматтық құқық объектілерінің ерекше түрі болып табылады.

Әдебиеттерде ақпаратқа берілген анықтамалардың көптеген түрлері бар. Азаматтық құқық объектісі -ақпаратқа сипаттама беру үшін оны адам қабылдай алатындай нысанда (тікелей немесе өр түрлі механизмдер мен құралдардың көмегімен жанамалай) объективті бейнелейтін нәрселер туралы немесе адамдар туралы мәліметтер ретінде айқындау жеткілікті болады. Мысалы, ауызша немесе жазбаша сөздің, графиктердің, схемалардың, сызбалардың, компьютерлік және өзге техникалық көмегімен мәліметтерді тіркеу немесе хабарлау. Ақпарат дегеніміз -бұл материалдық нысанда бейнеленген немесе материалдық иесіне орналастырылған ізгі игілік. Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың көмегімен дайындалатын, сақталатын және берілетін машиналық ақпарат ерекше маңызға ие болуда. Ақпарат бір иесінде жеке-дара түрде сақталуы мүмкін, сондай-ақ жаппай (мысалы, газеттерде) көбейтілуі мүмкін. Бірақ құқық объектісі ретінде ақпарат мүліктің қоғамдық нысанында ғана әрекет етеді, оның түрлерінің бірі болып табылады. Бұл арада құқық объектілері ретіңде ақпараттың өзін және оның материалдық иелерін айыра білу керек.

Ақпаратқа құқықтың, мысалы, қызметтік және коммерциялық ақпарат құпиясына құқықтың занда көзделген жағдайларда ғана қорғалатынын ескеру керек.

РФ Азаматтық кодексінде ақпарат тікелей азаматтық құқық объектілері түрлерінің біреуі ретінде көрсетілген. Ал ҚР Азаматтық кодексінде ол құқық объектісі ретінде «басқа мүлік» ұғымымен қамтылған. Мысалы, сатып алу-сату міндеттемесінде ақпарат азаматтық құқықтардың объектісі бола алады.

ҚР Азаматтық кодексінде ақпараттың кейбір түрлері ғана, мысалы, ақпараттың ерекше түрі болып табылатын шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, сондай-ақ ақпараттың қызметтік және коммерциялық құпия секілді түрі арнайы реттеледі. Құқық объектісі - шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері туралы айтып өткенбіз: біз ендігі жерде қызметтік және коммерциялық құпияға толығырақ тоқталмақпыз.

Азаматтық зандар қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғайды. Бір мезгілде мынадай үш белгісі бар ақпарат қана қорғалуға жатады: үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар; үшінші жақтың ақпаратпен заңды негіздерде танысу мүмкіндігі жоқ; ақпарат иесі оның құпиялылығын сақтау шараларын қолданады [3, с. 345] .

Кызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттың құрамы мен көлемін заң анықтайды, ал заңның тиісті нұсқамасы болмайтын жағдайларда -коммерциялық құпия жөнінде кәсіпкерлер, қызметтік құпияға қатысты мемлекеттік органдар анықтайды. Мәселен, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» 1995 ж. 26 желтоқсандағы ҚР Заңы бухталтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады деп белгілеген. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, заңныңұйғарымына байланысты, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердіңжәне қосымша жауапкершілігі бар акционерлік қоғамдардың құрылтай шарттарының мазмұны да коммерциялық құпия деп танылады[4] .

Заң еркін танысуға жол беретін ақпарат (мысалы, жылжымайтын мүлікті тіркеу және тіркелген құқықтар туралы мағлұматтар) қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат ретіңде таныла алмайды.

Жоғарыда айтылып өткен патент құқығы ұғымы, патенттік қорғау формасы өнеркәсіптік меншіктің бірнеше объектілеріне беріледі. өнеркәсіптік меншік авторлық құқықпен қатар интеллектуалдық меншіктің қатарына жатқызылады. өнеркәсіптік меншік терминінің атауы Францияда пайда болды, бұл ұғымға енген объектілер өнеркәсіпте пайдаланылады. Қазіргі уақытта бұл ұғым әлем елдерінің ұлттық заңдарында, халықаралық конвенцияларда бекітілген [5, с. 321] . Өнеркәсіптік меншікке өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, фирмалық атаулар, тауарлардың шыққан жерінің атауы жатады [6, с. 40] .

Біздің ойымызша, жоғарыда ұсынылған оның азаматтық- құқықтық қатынастардың объектілерін топтастыруы негізді болып табылады және бұл еңбек, бұл топтастыру осы азаматтык қудыктық катынастардың объектілері бойынша ғылымдағы орын алып келе жатқан, шешуін таппай келе жатқан жоғарыда айтылған мәселелердің басын ашуда өзінің көмегін тигізері сөзсіз.

  1. Ашылмаған ақпараттың интеллектуалдық меншік құқығы объектісі ретіндегі ерекше белгілерінің теориялық аспектілері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатаң құпия ақпарат
Коммерциялық құпия және құпия ақпарат - оларды қорғау тәсілдері
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттері жайында
Ашық кілтті жүйелер
Мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді ішкі істер органдарында қорғау түсінігі, жіктелуі және ерекшеліктері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ИНСТИТУТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz