Көбікбетон құрамын жобалау


Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т. Қ. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасы
Бекжігіт Ернұр
«Шымкент қаласындағы қуаттылығы жылына 20 мың м 3 автоклавсыз қатаятын көбік бетон блоктарын шығаратын зауытты жобалау»
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
5В073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру
Алматы 2022
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т. Қ. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., қауым. профессор
Ж. Т. Наширалиев
«» 2022ж.
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Тақырыбы: «Шымкент қаласындағы қуаттылығы жылына 20 мың м 3 автоклавсыз қатаятын көбік бетон блоктарын шығаратын зауытты жобалау»
5В073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру
Орындаған: Бекжігіт Ернұр
Пікір беруші Ғылыми жетекші
т. ғ. д., профессор
К. Акмалайулы
«» 2022 ж. «___» 2022ж.
Алматы 2022
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т. Қ. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасы
5В073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., қауым. профессор
Ж. Т. Наширалиев
«» 2022ж.
Дипломдық жоба орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы: Бекжігіт Ернұр
Тақырыбы: «Шымкент қаласындағы қуаттылығы жылына 20 мың м 3 автоклавсыз қатаятын көбік бетон блоктарын шығаратын зауытты жобалау»
Университет ректорының « 24 » 12 2021 ж. № 489-П/Ө бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «___»2020 ж.
Дипломдық жобаның бастапқы берілістері: Зауыттың жылдық өнімділігі, өнімнің құрамы шикізаттар кен орны, құрылыс орнының сипатамасы.
Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі
а) технологиялық бөлім
ә) жылу техникалық бөлім
б) сәулет-құрылыстық бөлім
в) технологиялық процестердің автоматикасы және автоматтандыру жүйесі
г) экономикалық бөлім
ғ) қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Сызбалық материалдар тізімі: Бас жоспар сызбасы, зауыттың қима көрінісі, технологиялық картасы, технологиялық тізбегі, автоматика сызбасы, техника-экономикалық көрсеткіштер сызбасы.
Ұсынылған негізгі әдебиет:
1 Сурашов Н. Т., Гудович М. И. Машины и оборудование предприятий отрасли строительной индустрии. Учебник. - Алматы, 2014. - 245 с. - ISBN 978-601-7529-10-9.
2 Абдулханова, М. Ю. А139Механическое оборудование предприятий стройиндустрии: учеб. пособие / М. Ю. Абдулханова, А. М. Колбасин, В. И. Марсов. -М. : МАДИ, 2014. -120 с.
Дипломдық жобаны дайындау
Кестесі
Дипломдық жоба бөлімдерінің кеңесшілері мен норма бақылаушының аяқталған жобаға қойған қолтаңбалары
Кеңесшілер,
аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы)
т. ғ. м., ассистент
Ергеш Т. А.
Жетекші К. Акмалайулы
Тапсырманы орындауға алған білім алушы Бекжігіт Ернұр
Күні «___» 2022ж.
МАЗМҰНЫ
1. 1. Қазақстанның шикізат ресурстары
2. 1 Жобаланатын зауыттың сипаттамасы, шығаратын өнімі және қуаты.
2. 2. Шикізат базасы және көлік.
2. 3. Байланыстырғыш.
2. 4. Кремнеземдық компонент.
2. 5. Көбіктүзгіш.
2. 6. Су.
2. 7. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі.
2. 8. Кәсіпорынның құрамы.
2. 9. Бұйымның номенклатурасы
2. 10. Зауыттың қуаттылығын есептеу
2. 11. Көбікбетон қоспасын дайындау
2. 12. Формаларды дайындау.
2. 13. Бұйымның қатаюы.
2. 14. Көбікбетон құрамын жобалау
2. 15. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау
2. 16. Көбікбетон массивін майда блоктарға кесу
2. 18. Негізгі техникалық қондырғылар
2. 19. Бункер мен қоймаларды есептеу
3. 1. Жалпы ереже.
3. 2. Дайындалатын өнім номеклатурасы.
3. 3. Шикізат материалдарының сипаттамасы.
3. 4. Майда қабырғалық блоктар өндірісінің технологиясы.
3. 5. Автоклавсыз қатаятын қабырғалық көбікбетон бұйымдарын шығару өндірісінің технологиялық схемасы
3. 6. Шикізат компоненттерін қабылдау.
3. 7. Көбікбетон қоспасын дайындау және мөлшерлеу.
3. 8. Блоктарды формалау, ұстау, кесу және буландыру.
3. 9. Қоршаған ортаны сақтау және еңбек қорғау талаптары.
3. 10. Бұйым сапасын бақылау және қабылдау ережелері
4. 1. Құрылыстық-конструктивті шешімдерді таңдау
4. 2. Құрылыс алаңының бас жоспары.
4. 3. Қоймаларға қойылатын жалпы талаптар
4. 4. Кеңсе жайларын жоспарлауға қойылатын жалпы талаптар.
4. 5. Көлемді-жоспарлы шешім.
4. 6. Конструктивті шешім.
4. 6. 1. Сыртқы әрлеу жұмысы.
4. 6. 2. Ішкі әрлеу.
4. 6. 3. Сейсмикаға қарсы іс-шара.
4. 6. 4. Өртке қарсы іс-шара.
4. 6. 5. Тотығуға қарсы іс-шара.
4. 7. Инженерлік қамтамассыздандыру.
4. 7. 1. Жылыту.
4. 7. 1. Желдету.
4. 7. 3. Су құбыры.
4. 7. 4. Канализация.
4. 7. 5. Электрлендіру
5. 1. Бетонның қатаюын тездеткіш құрылғы.
5. 2. Жылумен өңдеуді автоматтандыру
5. 3. Буландыру режимдері
6. 1. Қабырғалық көбік бетон блоктарын шығаратын зауыттың экономикалық есеп-қисаптары
6. 1. 1. Есептеуге қажетті алғашқы ақпарттар:
6. 2. Өндірісті ұйымдастыруға қажетті іргелі салым
6. 3. Электрқуатын пайдалану
6. 4. Еңбек ақы есептемесі
6. 5. Таза кірісті есептеу
Жергілікті сметалық есеп
7. 1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
7. 2. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау
7. 2. 1. Санитарлы-қорғау аумағының шекарасын анықтау.
7. 3. Қысыммен жұмыс істейтін приборлар мен сосудтардың техникалық қауіпсіздігі
7. 4. Бу қазандықтарының, компрессорлық құрылғылардың, автоклавтар мен баллондардың жарылысқа ұшырау себептері.
7. 5. Қазандықтар, компрессорлар, автоклавтар мен баллондар жарылысының алдын алу. Арматура мен қорғағыш құралдар.
Пайдаланылған әдебиеттер
АҢДАТПА
Дипломдық жоба: «Шымкент қаласындағы қуаттылығы жылына 20 мың м 3 автоклавсыз қатаятын көбік бетон блоктарын шығаратын зауытты жобалау» тақырыбында жазылған. Тығыздығы 600 кг/м 3 болатын көбік бетон блоктарын өндіру жоспарланған. Көбікті бетон қазіргі таңдағы құрылыс материалы, ол ғимараттар мен имараттар талаптарын қанағаттандырады. Көбікті бетон технологиясы көп қаржыны қажет етеді. Көбікті бетон бұйымдары көптеген құрылыс материалдар талаптарын қанағаттандырады, ол жанбайды, қауіпті қоспалары жоқ және жылуөткізгіштігі төмен.
Көбік бетон блоктарын өндіретін зауытты Шымкент қаласында тұрғызу тиімді. Өйткені Шымкент қаласында жаңа көпқабатты тұрғын үй ғимараттары тұрғызылып жатыр.
Көбікті бетон технологиясында қолданылатын негізгі материалдар жергілікті кен орнынан алынады.
Зауыт сапалы дайын өнім өндіре алатын, барлық негізгі және қосымша жабдықтармен қамтылған, жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс ретінде жоспарланды. Зауыттың өндірістік ауданында сәулеттендіру, көгалдандыру, көліктің қауіпсіз қозғалысы, жеңіл көліктерге арналған көліктұрағы, спорт алаңы және орталық бақылау-өткізу орны қарастырылған. Бақылау кезінде алынған темірбетон бұйымдары МЕСТ талаптарын қанағаттандырады.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа написана на тему: «Завод по производству не автоклавного пенобетона мощностью 20 тыс. м 3 в год в городе Шымкент». Запланировано произвести пенобетонные блоки плотностью 600 кг/м 3 . Пенобетон современный строительный материал, соответствующий современным требованиям здании и сооружении. Технология пенобетона не требует больших финансовых затрат. Пенобетонные изделия соответственно многим требованиям к строительным материалам, он не горюч, не выделяет вредных примесей и имеет низкую теплопроводность.
Завод по производству пенобетонных блок в городе Шымкент является актуальной. На данный момент в городе возводятся новые многоэтажные жилые здания.
Основные сырьевые материалы используемые в технологии пенобетона местного происхождения.
Завод запроектирован как и автоматизированное производство с полным набором всех необходимых основных и вспомогательных производств, обеспечивающих выпуск готовой продукции. Промышленная площадка завода предусматривает благоустройств, озеленение, безопасное движение автотранспорта и работников завода, стоянку для легкового автотранспорта, спортплощадка, ограждение территории с центральным контрольно-пропускным пунктом. Во время испытание взятые железобетоные изделия, соответствует по всем требованием ГОСТ стандарта.
ABSTRACT
The Diploma thesis was written on the topic: «Plant for the production of non-autoclaved foam concrete with a capacity of 20 thousand m 3 per year in the city of Shymkent». It is planned to produce foam concrete blocks with a density of 600 kg/m 3 . Foam concrete is a modern building material that meets modern building and construction requirements. Foam concrete technology does not require large financial costs. Foam concrete products meet many requirements for building materials, it is not combustible, does not emit harmful impurities and has low thermal conductivity.
The plant for the production of foam concrete blocks in the city of Shymkent is relevant. At the moment, new apartment residential buildings are being erected in the city.
The main raw materials used in foam concrete technology are of local origin.
The plant is designed as a highly mechanized and automated production facility with a complete set of all the necessary main and auxiliary production facilities to ensure the production of finished products. The industrial site of the plant provides for landscaping, landscaping, safe movement of vehicles and plant workers, parking for cars, a sports ground, fencing of the territory with a central checkpoint. During the test, the taken reinforced concrete products comply with all the requirements of the GOST standard
КІРІСПЕ
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында, қазіргі қарқынды жүріп жатқан құрылыстың материалға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласын ұлттық-инновациялық жүйе арқылы дамыту, жалпы елдің экономикалық өрлеуінің бір бағыты болатыны айтылды.
Құрылыс практикасында көбікбетонды қолдану оның тұрғын, өндірістік, ауыл шаруашылық ғимараттар мен үймереттер ішінде жақсы микроклимат құратын және нысандарға әр түрлі, сәулеттік өң беретін және конструкциялар мен фундаменттерге түсетін күшті азайтатын, қасиеттері мен жоғарғы тиімділігімен ерекшеленеді. Ал бұлар өз кезегінде құрылысты индустриалды әдіспен сейсмикалық белсенді аудандарда да жүргізуге, шикізатты, еңбек және энергия ресурстарын үнемдеуге және экологияны жақсартуға мүмкіндік береді.
Өндірістік және азаматтық құрылыстың дамуы әрлеу материалдарының өзіндік құнына, сапасына, құрылыстық-қолданыстық қасиеттеріне байланысты.
Көбікбетондар - ұнталған кремнеземді компонентпен араластырылған портландцемент немесе әктен, оларға газ немесе көбік бөліп шығаратын заттар қосып жасалынады. Сондықтан бұл бетондар араның ұясына ұқсас бүкіл денесіне біркелкі тараған көптеген уақ (макро диаметрі 0, 5-2 мм) және өте уақ (микро диаметрі 0, 01 мм-ден кіші) саңылаулары (тесіктері) бар құрылымды болып келеді. Макросаңылаулар газ не көбік шығаратын заттардың, ал микросаңылаулар - байланыстырғыш затпен химиялық әрекеттеспеген бос су әсерлерінен түзіледі. Макротесіктердің ішінде газ не ауа болады. Микротесіктер саңылаулары қоршаған цемент тас қаңқаларында, қабықтарында орналасады.
Көбікбетондар қолданылатын орны мен орташа тығыздығына байланысты 3 топқа бөлінеді: жылу өткізбейтін, тығыздығы 500 кг/м 3 ; конструктивті жылу өткізбейтін, тығыздығы 500-900 кг/м 3 және конструктивтік, тығыздығы 900-1200 кг/м 3 аралығында. Бұл бетондар тығыздығы бойынша ерекше жеңіл бетондар тобына кіреді.
Кремнеземді компонент ретінде ұнталған кварцті құм, отын күлдері, ұнталған домна шлактары қолданылады. Бұлар байланыстырғыш заттардың шығынын азайтады. Бетонның отырғыштығын (көлемінің қысқаруын) кемітеді, яғни оның сапасын арттырады. Кварцті құмды ылғалды әдіспен 1700-1800 см 2 /г дейін ұнтайды да, құм шламы түрінде пайдаланады. Бұл компонент ретінде табиғатта кездесетін майда, түйіршіктері 0, 01 . . . 0, 08 мм маршалит деп аталатын құмды пайдаланған тиімді.
Бетонды ұялау үшін қамырды химиялық не механикалық әдістермен кепіртеді (көтереді) . Бірінші жағдайда - қамырға газ түзетін зат қосады, араласпада химиялық реакция жүреді де, газ бөлініп шығады, ал 2-жағдайда қамырға алдын ала бөлек дайындалған көбік қосылады. Осыған байланысты көбікбетондар газбетон не газсиликат пен көбікбетон не көбіксиликат деп, екі түрге бөлінеді. Көбікбетон бұйымдарын өндіргенде байланыстырғыш зат ретінде цемент қолданылса, оларды газбетон немесе көбікбетон, ал әк пайдаланылса - оларды газсиликат не көбіксиликат деп атайды. Бұлардың ішінде көп тарағаны - газбетон.
Көбікбетон және көбіксиликат өндірісінде көбік түзетіндер ретінде қарағай шайырын сілтілермен сабындау арқылы алынатын шайырды не сабынды тамырдың су ерітіндісі - смолосапонинді пайдаланады. Ұялы, әсіресе алғашқы кезде, яғни көбікбетон немесе көбіксиликат массасының (араласпасының) беку (ұстасу) процесінің бастапқы уақытында шөкпеуі үшін, оны тұрақтандыру мақсатымен көбіктүзгіштің ерітіндісіне мал желімі не сұйық шыны қосылады.
Көбікбетондардың қасиеттері: Көбікбетондар тығыздығы (кг/м 3 ) бойынша D300-D1200 маркалар аралығында, ал жылу өткізгіштігі (Вт/(м⋅°С) бойынша 0, 05-0, 45 аралығында болады; беріктігі бойынша: а) маркалары (кгс/см 2 , үлгілердің ылғалдылығы 10±2 % кезінде) М5-М200, ә) кластары (МПа) В0, 35-В20 аралығында болады. Тұрғын үйлердің, т. б. ғимараттардың сыртқы қабырғалық панельдері үшін қоршаған ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты аязға төзімділігі FІ5; F25 маркаларымен сипатталынатын көбікбетондар қолданылады.
Көбікбетон бұйымдарындағы болат арматураны коррозиядан (қираудан) сақтау үшін оның беті жұқа 0, 3-0, 5 мм цементбитум не цементполистиролдан дайындалған сылақпен майланады (сыланады) .
Көбікбетондар түрлі бағыттағы ғимараттардың қоршаушы конструкцияларына арналған материалдар қатарына жатады. Олар салыстырмалы төмен орташа тығыздығымен, жеткілікті дәрежеде жоғарғы беріктілігімен және аязға төзімділігімен ерекшеленеді.
Бүгінгі күні көбікбетонның жоғарғы технико-экономикалық көрсеткіштері ғылыми зерттеушілердің және өндірушілердің назарын аударып отыр. Сонымен қатар, азқабатты тұрғын үйлердің құрылысы артуына байланысты көбікбетоннан жасалынған құрылыс бұйымдарын көптеп шығару қажеттілігі туып отыр.
Бүгінгі таңда көбікбетоннан жасалынатын түрлі бұйымдарды өндірудің ғылыми және өндірістік негіздері жасалынған. Көбікбетоннан алынатын бұйымдарды қолданудың тиімді облыстары айқындалған. Ғимараттардың қоршаушы конструкцияларының көбікбетоннан жасалуы көп жылдардан бері іске асырылып келеді. Бұл өз кезегінде беріктілігімен және жоғарғы сенімділігімен ерекшеленеді. Бірақ, бұйымдарды қолдану аумағындағы зерттеулердің басым көпшілігі автоклавта қатайған көбікбетондарға арналған. Көбікбетон бұйымдарын автоклавта өңдеу процесі салыстырмалы түрде күрделі, жұмысты және энергияны көп қажет етеді.
Көбікбетоннан жасалған сыртқы қабырғалардың массасы керамикалық кірпішті қабырғалармен салыстырғанда 2, 5-3, 5 есе жеңіл, ал көбікбетонды қабырғаның қалыңдығы жылусақтау талаптарына сәйкес керамзитті бетон және силикат қыш қабырғаларынан 1, 5-2, 5 есе аз болады. Көбікбетондар олардан алынатын бұйымдар процесінде және ғимаратты пайдалануда көбікбетоннан дайындалған қоршаушы конструкцияларда жоғарғы экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Көбікбетондардың әрі қарайғы дамуы олардың физико-механикалық қасиеттерінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып қолдану аясын кеңейту, ең бастысы бұйымдарды өндіру барысында энергия шығыны мен материал сыйымдылығын төмендеу бағытында жүргізіледі.
Көбікбетонның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі жағдайда қарапайым энерго-үнемдегіш технология есебінен бетон компоненттерін алдын-ала ұнтақтау, қатаюдың аз энергосыйымдылық процесімен және түрлі өндіріс, жанар май энергетикасы қалдықтарын пайдалану тарапынан жүзеге асыру көзделіп отыр.
Көбікбетон деп негізгі құрамдас элементі (көлем бойынша 40-95%) ауа болып табылатын бейорганикалық материалдардан жасалған жасанды жеңіл материалды айтады. Көбікбетонды дайындауда бөлек дайындалған көбік арқылы немесе судың беттік тартылысын төмендететін және араластыру барысында ауаны ұстау қабілеті бар беттік активті қоспа (ПАВ) қосылған ерітіндіні жылдам араластыру арқылы ауа енгізіледі.
Көбікбетон сыртқы және ішкі қабырғалады, қабат аралық жаппалар мен төбе жабындарын дайындауда, еден құюда, мұздатқыштардың жылу оқшаулағыштары ретінде, тампонажды ерітінділерде, жолдардың негізі ретінде және т. б. көптеген мақсаттарда қолданылады.
Автоклавты газды бетоннан алынған қабырғалық блоктардың бағасының шарықтауына байланысты, көптеген құрылыстарда майда конструкциялық-жылу оқшаулайтын көбікбетонды блоктар өндірісін қолға алу мақсатқа айналды. Әрине, стационарлы өндіріс ұйымына шығыны бірнеше есе көп болады, бірақ, жыл көлемінде өз бағасын шығарады, өйткені, мұндай блоктардың өзіндік құны нарықтағы газды бетонды блоктардың құнынан 4-5 есе төмен болады.
Кейінгі кездері көбікбетон негізіндегі бұйымдарды қолдану бұрын қолданбаған көптеген мемлекеттерде, атап айтқанда: АҚШ, Канада, Куба, Мексика, Венесуэла, Италия, Иран, Үндістан, Қытай, ОАР, Жапония елдерінде қолданылып келеді. Бұл мемлекеттерде зауыттар негізінен «Итонг», «Сипорекс» және «Дюрокс» - Швеция, «Хебель» - Германия, «Калсилокс» - Нидерланды, «Селкон» - Дания фирмаларының лицензиясы бойынша салынды.
Өзінің экономикалық және технологиялық жетістіктері бойынша, Қазақстан үшін «Сипорекс» және «Итонг» Швеция және «Хебель» Германия фирмаларының технологиялары тиімді болып саналады.
Әсіресе кірпіштен немесе тастан салынған үйлермен салыстырғанда азқабатты тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қабырғаларында көбікбетон негізіндегі майда блоктарды қолдану тиімділігі жоғары болып табылады. Кірпіштің орнына көбікбетон негізіндегі майда блоктарды қолдану құрылыстың еңбек сыйымдылығын 1, 5 есе қысқартады. Блоктарды шығаруда кесу технологиясы бойынша механикаландырылған жабдықтарды пайдалану нәтижесінде қажетті шикізат материалдары мен майда блоктар өндірісіндегі еңбек шығыны кірпіш пен тасөндірісіндегі еңбек шығынына қарағанда 2-3 есе аз.
Көбікбетон негізіндегі қоршаушы конструкциялар кеңтаралған керамзитбетон мен кірпіш конструкцияларымен салыстырғанда аз тығыздығы, өндіріс және эксплуатация бойынша энергосыйымдылығы, жалпы капиталсыйымдылығы мен жұмыссыйымдылығы бойынша тиімді болып саналады.
Азаматтық және өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына тығыздығы 950-1100 кг/м 3 болатын керамзит бетонды панельдердің орнына тығыздығы 600-700 кг/м 3 болатын көбікбетон негізіндегі панельдерді қолдану толықтай экономикалық әсер береді, яғни, шығындар 17-26% төмендейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz