WEB - дизайн және браузерлер
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды тexникaлық yнивepcитeтi
Қopғayғa жiбepiлгeн
AEЖ кaфeдpa мeңгepyшici
___________ Калинин A.A.
________________2022ж.
ДИПЛOМДЫҚ ЖOБA
Тақырыбы: Туристік агенттік үшін web-қосымша әзірлеу
мамандығы: 5B070300 Ақпараттық жүйелер
Орындаған Аманжолова Н.Ш.
Ғылыми жетекші Тау А.Ғ.
Қapaғанды 2022
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Аманжолова Наргиз Шухратқызы
Туристік агенттік үшін web-қосымша әзірлеу
ДИПЛOМДЫҚ ЖOБA
мамандығы 5B070300 Ақпараттық жүйелер
Қарағанды 2022
Қарағанды техникалық университеті
Факультет инновациялық технологиялар Кафедра АЕЖ
Мамандығыбілім беру бағдарламасы 5B070300 - Ақпараттық жүйелер
Бекітемін
Кафедра мең. Калинин А.А.
________________________
____ 2022 ж.
Студенттің дипломдық жобасы (жұмысы) бойынша
ТАПСЫРМА
Аманжолова Наргиз Шухратқызы
(аты, жөні, әкесінің аты)
1. Жобаның(жұмыстың) тақырыбы Туристік агеттік үшін web-қосымша құру университеттің 04.02.2022ж. №168 са бұйрығымен бекітілген
2. Студенттің аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі 31.05.2022ж.
3. Жобаға (жұмысқа) бастапқы деректер: әдістемелік нұсқаулар, әдебиеттер тізімі
4. Есептік-түсіндірме жазбаның мазмұны (әзірлеуге жататын мәселелердің тізбесі)
1 WEB сайт түрлері
1.1 WEB жүйесінде бет туралы түсінік
1.2 WEB - дизайн және браузерлер
1.3 WEB - сайт және дизайн
1.4 WEB дизайнның пирамидасы
1.5 WEB - дизайн анықтамасы
1.6 Қолданушы ортасы және оның түрлері
1.7 WEB - заңдылықтары және ережелері
1.8 WEB - беттердің құрылымдарын таңдау
1.9 Сайтқа қойылатын талаптар
1.10 HTML гипермәтінді парақтарды орналастыру тілі
1.11 Web- парақтарда мәтін мен графиктерді бейнелеу
1.12 Web-сайт жасауда ескерілетін негізгі мәселелер
2 WEB-сайтты басқарудың негізгі түсініктері
2.1 Web-серверлер
2.2 Web-сайты басқарумен байланысты қауіпсіздік саясаты
2.3 Microsoft Front Page құралының көмегімен Web-сайтты басқару
3 Turtle Tour туристік компаниясының Web сайтын құру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 5. Графикалық материалдардың тізбесі (міндетті сызбаларды дәл көрсете отырып)Басты бетКомпания артықшылықтарыБіздің бағыттарФотоальбом мәзіріБайланыс мәзірі6. Жоба бойынша консультанттар (жобаның оларға қатысты бөлімдерін көрсете отырып, жұмыс)7. Тапсырманың берілген күні 04.02.2022ж.Бөлім КонсультантҚолы, күніТапсырма бергенТапсырманы қабылдаған1 Қойылған мәселелер бойынша әдебиеттерге шолуТау А.Ғ.04.02.2206.03.222 Программалық қамтаманы құруТау А.Ғ.06.03.2220.03.223 Теориялық бөлімТау А.Ғ.20.03.2217.04.224 Програмалық қамтаманы қолданудың басшылығыТау А.Ғ.17.04.2201.05.22 Басшы (қолы) Тапсырманы орындауға қабылдады (студенттің қолы)Күнтізбелік жоспар№Дипломдық жоба (жұмыс) кезеңдерінің атауыЖоба (жұмыс) кезеңдерінің орындалу мерзіміЕскертпе1Тапсырма түсінігі04.02.22 - 06.03.22Орындалды2Web-қосымша06.03. 22 - 20.03.22Орындалды3Туристік агенттік үшін web-қосымша әзірлеу20.03.22 - 17.04.22Орындалды4Түсініктеме хатын бейнелеу17.04.22 - 01.05.22Орындалды5Графикалық мәліметтерді бейнелеу 25.04.22 - 01.05.22ОрындалдыСтудент - дипломшы Аманжолова Н.Ш. Жобаның (жұмыстың) жетекшісі Тау А.Ғ. Αннοтация Создание web-приложения для туристической компаний Turtle Tour четко представлено в трех разделах, соответствующих содержанию:1 В первой части ознакомиться с основами программных средств и анализа организационной структуры, сферы деятельности турфирмы. Рассмотрение информации в соответствии с общей выбранной темой.2 Во второй части ознакомиться с видами сайтов, их функциональными структурными и технологическими особенностями. Выбор языка, используемого для создания веб-сайта.3 В третьей части создание собственного веб-сайта(веб-страницы) по выбранной тематике, понимание и исследование возможностей веб-приложения Turtle Tour.Количество рисунков - 7Количество таблиц - 2МазмұныКіріспе 6
1 WEB сайт түрлері 8
1.1 WEB жүйесінде бет туралы түсінік 8
1.2 WEB - дизайн және браузерлер 9
1.3 WEB - сайт және дизайн 11
1.4 WEB дизайнның пирамидасы 11
1.5 WEB - дизайн анықтамасы 11
1.6 Қолданушы ортасы және оның түрлері 12
1.7 WEB - заңдылықтары және ережелері 13
1.8 WEB - беттердің құрылымдарын таңдау 14
1.9 Сайтқа қойылатын талаптар 15
1.10 HTML гипермәтінді парақтарды орналастыру тілі 16
1.11 Web- парақтарда мәтін мен графиктерді бейнелеу 22
1.12 Web-сайт жасауда ескерілетін негізгі мәселелер 24
2 WEB-сайтты басқарудың негізгі түсініктері 34
2.1 Web-серверлер 35
2.2 Web-сайтты басқарумен байланысты қауіпсіздік саясаты 39
2.3 Microsoft Front Page құралының көмегімен Web-сайтты басқару 42
3 Turtle Tour туристік компаниясының Web сайтын құру 48
Қорытынды 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 54
Кіріспе
Бүгінгі таңда Internet жүйесі күннен күнге жоғарғы қарқынмен дамып келеді.Оған арналған әртүрлі кітаптар,басылымдар,зерттеу жұмыстары да күн санап көбеюде және бұл үрдіс өз кезегінде интернет жүиесінің одан әрі қазіргіден де тез дамуына алғы шарт жасап отыр.Қазіргі кездегі интернет тек техника саласын қамтып қана қоймай, ол сонымен қатар адам өмірінің барлық деңгейіне бойлап еніп келеді.Осыдан аз ғана уақыт бұрын интернет тек белгілі бір білімі бар шектелген адамдар үшін ғана жаралған қызықты да,үлкен ойыншық секілді болатын.Алайда қазір ол кез келген адамға қажетті ақпаратты үйден шықпай-ақ алуға дейін жеткізілген ғаламат жүйе болып отыр.
Мамандардың пікірінше, енді 8-10 жыл ішінде біздің елде 50 пайызға жуық жанұялар интернет жүйесіне күнделікті кіруге мүмкіншіліктері болады. Одан кейінгі кезекте компьютер бірте-бірте телевизор, радио секілді техникаларды алмастырады деген болхамдар бар.Мұндай компьютерлер өте жылдам жұмыс істеп,көлемді жадысы және интернет жүйесіне тұрақты қосылған болады. Бұл кезеңде өмір сүретін адамдар осындай компьютер көмегімен өзін қызықтыратын тақырыбына байланысты қалаған мәтіндік, немесе аудио, бейне ақпараттарды дер кезінде ала алады. Сондай - ақ болашақты автоматты аудару ісі, дауысты машина көмегімен танып,өңдеу ісі дамуымен, жалпылай айтқанда жасанды интеллекттің жүйесінің жетілуімен халқаралық ақпарат жүйесіндегі ең соңғы ұлттық және тілдік кедергілер жойылады. Бұл бүкіл адамзатқа еш кедергісіз трансұлттықақпарат айналымына қатысуға толық мүмкіндік береді.
Міне, бізді алдағы өмірде ғажап технологиялық өзгерістер,Internet жүйесінің осылай терең дамуы күтіп тұр. Осындай даму процесіне біз өз үлесімізді қосуға толық мүмкіндік алып отырмыз,ол үшін біз тек белгілі бір тақырыпқа арналған өз Web-сайтымызды жасап, оны интернет жүйесіне қосып,ары қарай басқарып отырсақ болды.Кез келген Web-сайт интернет жүйесінің дамуының көрнісі,сол дамудың бір бөлігі,себебі ондағы ақпар міндетті түрде біреу болмаса біреуге қажет болады.Әрине, бәріміздің Web-сайт жасауымыз міндет емес.Бірақ, Қазақстанда әлі қамтылмаған ақпарат көлемі көп,қазақша Web-сайттар аз. Сол себепті Web-сайттар туралы кез-келген жұмыстың бүгінде маңыздылығы жоғары.
Web-сайт жасау үшін біз мына мәселелерге назар аударғанды дұрыс деп ойлаймыз.
- ең жаңа интернет технологиялармен танысу және мүмкінділігінше оларды өз сайтыңды құрастыру да пайдалану;
- сайт жасауға қажетті бағдарламалық құралдарды таңдап,зерттеу;
- Web-сайт жасаудың негізгі ережелерімен танысып,мүмкінділігінше оны бұзбау;
- тақырыбыңа байланысты Web-сайттың құрылымын таңдау;
- таңдап алынған құрылымға сәйкес Web-сайт жасаудың үлгілері мен әдістерін таңдау;
- сол үлгілер мен әдістер бойынша жасалған сайттарға әртүрлі ақпараттарды мейілінше түсінікті және көркемді қылып орналастыру.
Біз осы айтылғандарды ескере келіп өз мүмкіндігімізше алдымызға қазақ тілінде Web-сайт жасау үшін мақсат қойып,жолдарын көрсетуге тырыстық.
Сайт жасалып біткен соң ол бірден ақпарат көзіне айналмайды.Оны әлі интернет жүйесіне қосу және сонымен қоса оны пайдаланушылар қажеттіліктеріне орай басқарып,өзгертіп,дамытып отыру керек.Міне тек осы кезде ғана сіз жасаған сайт нағыз ақпарат көзіне айналады деп есептеледі Дипломдық жұмыстың мазмұндық құрылымы 2 тараудан тұрады.Бұл жұмыстың бұлай құралуы Web-сайт жасаудың және оны басқарудың негізгі ұғымдарын оңай түсіндіруге мүмкіндік береді.
Бірінші тарауда жалпы Web-сайт жасау үшін қажетті технологиялар қарастырылады.
Екінші тарауда жасалған Web-сайтты басқару қызметінің аспектілері түсіндіріледі.
Осы диплом жұмысының маңыздылығы сайт жасау және оны шынайы ақпарат көзіне айналдыру үшін қажетті ең негізгі түсінікті беруге тырысу болып табылады.
WEB сайт түрлері
1.1 WEB жүйесінде бет туралы түсінік
Бұл мәселені талқыламас бұрын ал дегенде сайттардың қолданылу ерекшелігі және оның құрылымын мақсаттары бойынша жіктейік.
Сайттардан ақпарат алу үшін немесе есептерді орындау үшін жасалғандығы жайлы анықтап барып оның түрлеріне сипаттама береміз. Кей жағдайда құжатты - бағытталған және мәселелік (өрнектер) ерекшеліктеріне сәйкес айыруға болады. Құжаттық бағытталған немесе ақпараттық сайттар қолданушы үшін ақпаратты алу, бірақта интерактивтік жағынан шектеулі ғана мүмкіндігі бар болады. Қолданбалы немесе бағдарламалық бағытталған сайттар қолданушыға ақпарат алмасу немесе қандай да бір әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, банкілік счеттан ақша аудару. Ал гибериттік сайттарда барлық функция түрлері бар. Гиберидтік сайт түрі қазіргі кезде ерекше дамысын табуда.
Қоғамдық сайт: Мұндай сайттарда мемлекеттік ақпараттар және жаңалықтар көрсетіледі. Мұндай сайттарда операцияларды байланыстыруға байланысты қолданушылар арасыннан өз ара әрекеттеседі.
Қызықты сайттар: Мұндай сайттар ойындар немесе басқада интерактивті тіл қызықтаушылық үшін құрылады. Сайттарды ұйымдастыру негіздеріне сүйеніп бөледі. Олар қандай да бір жағдаймен төлем төлейді немесе басқадай жағдайлармен қолдаулар көрсетеді. Мұндай түрлерге сайттың негізгі түрін алып негіз етіп салыстырамыз.
Сауда сайттары: Сауда жасауға, елмен қарым - қатынас жасауға, өз тауарларын жарнамалауға арналған сайттар және мұндай сайттар көмегімен электрондық коммерция мен тікелей айналысады.
Мемлекеттік сайттар: Мұндай сайт түрлеріне мемлекеттік жоғарғы органдар, мемлекеттік органдар жатады. Сайттың негізгі мақсаты қоғамға немесе заңға бағынышты болу, қажеттілігін қанағаттандыру.
Білім сайттары: Мұндай сайттар әр түрлі білім орындары университет, жоғарғы оқу орындары, мектептер сияқтылар жатады. Бұл сайт зерттеу және білім орындарын таныстыру мақсатында көптеп қолданылады.
Филантроптық сайттар: Филантроптық сайт коммерциялық емес сайттар немесе жеке адамдар, қоғамдық қарапайым мекемелер жатады.
Персональды сайттар: Бұл сайтқа кез - келген тұлға немесе адамдар тобы, кез келген мақсатта жасалады. Олар еркін тақырыпта кез - келген жағдайда болуы мүмкін.
Сайттарды классификациялау күрделі мәселе. Мысалға, білім сайттары кей жағдайда басқадай мемлекеттік сайттарға кіруі мүмкін.
Визуальды классификациялар: Визуальды ерекшелігі мен сайттарды ерекшелейтін болсақ, біз диапозон мен жұмыс жасайтын боламыз. Сайттың енді бір жағына текстік құрамына көпрек мән береміз. Бірақта тек мәтінге ғана емес графикалық таныстырулар және бейнелерге көбірек көңіл бөлінеді. Internet - те 4 ең көп таралған дизайнерлік мектептер орналасқан.
Текст бағытталған сайттар: Мұндай сайттардың тексттік құрамына көбірек мән беру қажет. Мұндай сайтты жөндеу қиынға соқпайды, дизайыны онша қиын емес өте қарапайым.
GUI түріндегі сайттар-: (Graphic User Interface) бұл сайт түрі қолданушы сайт интерфейсі мен байланысты, бағдарламалық жобалық жабдақтауы кіреді. GUI - бағытталған ортасында қарапайым сайттар бар. Басқаша айтқанда GUI - ге қосылатын компанентке байланысты.
Метафоралық сайттар: Метафоралық сайттар көбінесе өмірлік мысалдардан алынады. Мысалы, дизайн машиналарға байланысты болуы мүмкін. Метафоралық сайттар жалпы жағдайда визуальды немесе интерактивті емес болады.
- Тәжірибелік сайттар: Мұндай сайтты жасаушылар, көрсетілген нормалдардан артық жасайды. Мұндай сайттарда шығармашылық жағдайына көбірек мән береді. Бұл дизайнерлік жағынан көптеген сайттарда қолданылады.
1.2 WEB - дизайн және браузерлер
WEB-дизайндағы экрандық өлшем, бет өлшемдерін таңдау сайттың ең негізгі элементтерінің бірі беттер болып саналады. WEB беттер бір сайттың шектеуінде өзгеруі мүмкін. Беттердің көптігіне зерттеулер жасайтын болсақ беттерді бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарастаруға болады. Мысалға, үй беттері, іздеу беттері, құрамды бет тағы сол сияқтыларды атап өтуге болады.
Беттердің үлкен кішісіне оның өлшемдеріне көптеген WEB - дизайн жасаушылары пікір таластырып келген. WEB - дизайндағы беттің жалпы көлемі белгілі ерекшеліктерге сәйкес жасалса ол адамның жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады. Бетті жасау кезінде дизайнер ал дегенде оның негізгі түрлерін және оны жасау үлгісіне мән беру керек, және жасалып жатқан бетте ең маңызды ақпараттардың түгелдей сыйып тұруы қажет. Ең негізгі шығармашылық белгілері беттің қарапайым көрінуімен қатар өзіндік ерекшеліктерін сақтап тұрады. Дизайнның мақсаты көрнекілік ғана емес қолданушыға жұмс жасап отырған кезде қиындықтар туғызбау.
Жалпы бет деген не? Бет дегеніміз WEB - сайттың негізі, басқаша айтқанда бет браузерлық терезеге шығатын сол бет. Бір бет URL - дың бір бетіне сәйкес келеді. Бүгінгі күнде барлығы оңай емес.
URL браузер терезесіне бір неше бетті қатар жүктей алады және де WEB беттер бір неше ұсақ терезелерге бөлінген болуы мүмкін немесе фреймдерге. WEB сайыттарда жасалған әр бір бөлшек өз мәнін өзіне сақтап тұруы қажет, ол бөлшектердің әр қайсысын біріктіру кезінде өте көңіл бөлерліктей бір бірліктегі бет пайда болады. WEB - сайытты құру кезінде көңіл бөлетін маңызды мәселе әр беттерге жіберген сілтемелер қажетті ақпараттар сақтап тұрған болуы қажет, және қолданушы сол беттің құрылымын барымен қабылдап алу керек. Дизайнер үшін әр түрлі бөлшек жасау қажеттігі туады. Ол бөлшектер өз ара тең емес, кей біреулері үлкен бөлшектерден тұратын болса ал кей біреулері ұсақ бөлшектерден тұратын болады.
WEB беттер теориялық жағынан шексіз ұзын және кең болады. Басқаша айтқанда шексіз үлкен өлшем. Бұндай жағдайда қолданушыға қолайсыздық тудыруы мүмкін және баспаға шығару үшін тиімсіз. Сондықтан осы себептерге байланысты беттің өлшемі болуы тиісті. WEB - сайттың бетін таңдағанда сол бетке орналастырылған ақпаратқа байланысты жасалады. Егер қолданатын ақпарат көп болса бет үлкен болады, ал егерде ақпарат аз болса онда бет кішкентай болады. Егерде беттердің өлшемін шектейтін болсақ кей қажетті ақпараттарды жеке-жеке бөлшектерге бөлу керек болады. Бұл жасаушы үшін ең қолайсыз жағдай.
Көптеген WEB-дизайнерлерде болатын енді бір өзекті мәселелердің бірі WEB-дизайнның әр түрлі браузер және платформадағы көрінісі, олардың әр қайсысы әр түрлі HTML және сценерияларды қабылдайды. Әрбір жаңа браузер іске қосылысымен олардың міндеттемелірі мен мүмкіндіктері өзгертіліп, кеңейтіліп отырады. Бірақ ол ескі браузерінің қажеттігі жоғалады деген мәселе емес. Бірақта көп жағдайда адамдар жаңа түрін көп қолдана бермейді. Олар барымен базар болады. Дизайнда дәл анықталған ереже жоқ. Негізгі мақсаты беттің құрамындағы ақпаратты максимальды дәрежеде тұтынушыларға тез арада жеткізу. Оларды жасау үшін жаңашыл технологияларды мүмкіндігі болғанынша қолдану. Нағыз дизайнерлердің шешімі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, және сайт қалай жұмыс жасайтығындығына көз жеткізу.
Netscape Navigator және жалпы Internet әлемінде браузерлер алдыңғы орында жүреді. Netscape Navigator және Micrasoft Inetrnet Explorer қазіргі кезде 90% - ға жуық тұтынушы осы аталмыш браузерді қолданады. Олардың өз ара сайыстарының нәтижесі HTML тегилер жиыны және әр түрлі сәйкес емес технологияларды қолдану. Мысалы, бізге берілген Dynamic HTML, JavaScript және Cascading Steyle, Sleepts каскадты кесте түрлері. Басқа жағынан Netscape және Microsoft өз арасындағы бәсекелестегі WEB ортасын дамытуға көп үлесін қосты. Жалпы браузерлер түрлері көп. Кей жағдайда Netscape және Explorer - дің де кемшіліктері кездесіп жатады. Мұндай жағдайда басқа брозерлердің артықшылықтарын еске алады.
American Online браузері: AOL-қолданушылары мүмкін болатын жағдайға байланысты әр түрлі браузерінің бірін қолданады. (платформаға байланысты және AOL бағдарламалық қамтамасыздандыруға тікелей байланысты болады, кейбіреулері HTML-дің ең кіші мүмкіндігін қабылдайды.
American Online-ның ең соңғы версиясы 4-нші версия болып табылады. Мұнда Micrasoft Inetrnet Explorer браузерінің адаптирленген версиясын қолданады. Тек мәселе AOL - прокси серверінде және сурет қысу әдістеріне байланысты болады. AOL - да қолданылатын бейнелерді қысуға арналған әдістер. JPEG графикалық бейнесімен мәселе туындайды. Тағы бұл браузерде Java және CSS-ды қолдану мүмкін емес.
WEBTV-біздің пәтерлерге WEB - ті қарапайым телевизорлар көмегімен әкеліп қосады. TV-де WEB- ді көшіру үшін арнайы дайындалған браузерлер қолданылады. Ол синтаксистік анализді HTML - 3,2 стандартына сәйкес жасаған. Мұнда фреймдерді көру мүмкін. Script, Active X немесе кез - келген басқа форматтарды қабылдай алады.
1.3 WEB-сайт және дизайн
WEB-дизайның негізгі бес облыстық аспектілері бар.
Құрамы: Құылған сайттың құрамын ұйымдастыру бұл бөлімдегі мүмкін болатын диапозондарына тікелей байланысты. Дәлірек айтар болсақ текстің қалай жазылғандығына, қалай ұйымдастырылғанына, таныстыру және оның қандай технологиялар көмегімен құрылғандығына байланысты.
Көрнекілік: Бұл сайттың орналасу кеңістігі экранға байланысты болады. ML, CSS, Flash және графикалық элементтерін өрнектеуге арналған функциялар немесе навигациалардан тұратын бағдарлама түрлері. Сайттың визуальды жағы WEB-дизайнның ең негізі аспектілерінің бірі болып табылады.
Технологиясы: Бұл категорияда HTML және CSS WEB технологияларымен жасалған әр түрлі базалық бөлшектер жатады. Технология түсінігіне сайттағы интерактивті элементтеріде жатады. Ерекшелігі ретінде қандай бағдарламалық әдістерді қолдануына байланысты. Мысалға, JavaScript бағдарламасын атап өтуге болады.
Жеткізу: Сайтты интернет немесе ішкі корпоративті желілер арқылы жіберу жылдамдығы аппаратуралардың қолданылуы ішкі бағдарламалық жабдықтау және желілік архитектураға тікелей байланысты болады.
Мақсаты: Сайт құру әр қашанда экономикалық сұрақтарға байланысты болады, бұл WEB-дизайнның ең маңызды бөлігі.
WEB-дизайынның әрбір бөлшегі құрылып отырған сайттың түріне байланысты өзгеріп отырады.
1.4 WEB дизайнның пирамидасы
WEB-дизайн компоненттерін пирамида метафорасы түрінде көрсетуге болады.
WEB пирамидасы: WEB-дизайн шекаралары және оның құрамдас бөлшектері керпіштер пирамиданы құраушы ал фундаментті көрнекілік көрінісі және технологиялары терең талап қойған. Барлық жағдайларды ескере отырып ең маңызды бөлік экономикалық бейнелеулерге негізделеді. WEB-дизайнерлер үшін сайттарын жасау кезінде жақсылап ойлану қажет. WEB технология біздің сайттың құрамын күрделендіре түседі. Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін топтық жұмыс жасаумен қатар жүйелік орта туралы ойды қалыптастыру қажет. Көптеген дизайнерлер көп уақытын өз қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсайды. Ол қолданушыға қолайлылығын көп ойластырады. Біздің WEB пирамида да керпіштерден жасалған пирамидаға ұқсас болуы мүмкін. Жалпы сайт дегеніміз пирамидаға өте ұқсас. Онда кіретін есігі бар, бірақ шығатын есігінің қайда екендігі белгісіз.
1.5 WEB-дизайн анықтамасы
WEB-дизайнға анықтама: WEB - дизайн қызметінің мультидисциплинарлық ортасы WEB сайттарды жасауға және жоспарлауға жатады. Оған өңдеу көлемді ақпараттар визуальды дизайн, оның жүйе немесе желі арқылы жіберу жылдамдықтары технологиялық мүмкіндіктері жатады.
WEB-дизайн бұл адамдың ішкі ойлар жиынтығы емес. Бұл жаңадан жаңа идеалар деуге болады. Басқа сөзбен айтқанда Internet - деген өте тамаша және кең ауқымды дүние деуге болады.
WEB-дизайн оның негізгі сұрақтары: WEB - оның негізгі сұрақтарына төмендегілер жатады:
Дизайн қажеттілігі және қызықтаушы қолданушылар.
Форма және функциялардың тепе-теңдігі.
Орындалу сапасы.
Ұлттық қарым-қатынас және жаңашыл ой.
Бұл сұрақтар желілік ортаға байланысты емес. Коммерциялық графиканың мамандары, жұрналдық жарнамалар жасайды. Мұндай сайттар белгілі функциялар қарым-қатынасымен жасалады. Орындалуы кез - келген ережелерге сүйенеді. WEB-дизайнның мұндағы әсері өте көп.
Қолданушыға бағытталған сайттар: WEB-дизайнның ең кең таралған мәселерді WEB-сайттың қолданушыға бағытталғандығы. Бірақта WEB-дизайн жасаушылар өз қажеттілігі бойынша жасайды. WEB-дизайнның негізгі ережелерін еш қашан ұмытпаңыз.
Ереже: Қолданушы дизайнер емес болғандықтан дизайнның қыр-сырын біле бермейді тек оның қолдануға ыңғайлығына және көрінісіне көбірек көңіл бөледі.
Қолданушы ортасы және оның түрлері
Қолданушы ортасы: Қолданушы әр қашанда қоршаған ортаның әсерінде болады. WEB-сайт құру кезінде қолданушы қай жерден рұқсатын алатындығын ал дегенде ескеріңіз.
Ереже: Егер мүмкін болса жағдайға байланысты мінездемені түгелдей еске алу керек. Қолданушы сайтқа қатынайтындықтан барлық ережелерді ескеру, сәйкестіру қажет.
Қолданушының негізгі түрлері: Жалпы WEB-сайттар туралы түсініктерді қарастыра келе қолданушыларды бір неше негізгі топтық түрлерге бөлуге болады.
Алғаш қолданушылар.
Орта денгейлі қолданушылар.
Зерттеушілер немесе тәжирбиелі (мамандар) қолданушылар.
Алғашқы қолданушылар дегеніміз жалпы сайт туралы немесе WEB - сайттың жұмысы туралы ештеме білмейтін, оны жалпы түсінбейтін адамдар деуге болады. Алғашқы қолданушы үшін қосымша көмекші ақпараттар қажет етеді. Интерфейстің негізі алғашқы қолданушыларға бағытталады деп айтып үйрендік. Басқа жағынан олар басқа мамандар функциональдау принциптерін өте жақсы біледі және WEB - сайт құрылымын өз түсінігінше жақсы қабылдай алады. Тәжірибелі қолданушыларды негізгі екі топқа бөліп қарастырады. Дәлірек айтсақ, сайттардың тұрақты қолданушылары және онша көп қолданбайтындары деп.
Тәжірибелі қолданушы сайттардың кеңейтілуіне оның жалпы қажеттілігіне көбірек назар аударады. Мысалға, көлемді іздеу сияқты, әлде олар сайттардың құрамын жақсы зерттеген болады. Тәжірибелі қолданушыларға қандай бір жол көрсетуді қажет етпейді. Олар не ғұрлым аз әрекет жасап, көп ақпарат алуды қалайды.
Қолданушылардың үшінші тобы олар негізінде орта денгеілік қолданушы яғни сайттарға көп кіре бермейді. Мұндай адамдар сайт қызықтаушылардың көптеген пайызын иеленеді.
Орта денгейлі қолданушы сайттың құрамын өте жақсы меңгерген болады. Бірақта қолданушы бір көргенін қайта - қайта көруді ұнатпайды. Мұндай сұрақты шешудің енді бір жолы сайтты құрылған кезіндегі негізгі бағыты оның мүмкіндігі деген сияқтылар жатады. Сондықтан соңғы кезде сайт құрушы адамдар қолданбалы бағдарламаларды көп қолданады. Мысалы, инвидуальді интерфейс қайткен күнде жүйелік және меню бар болғанын қажет етеді. WEB - сайттар тәжірибелі қолданушы үшін ашық URL жүйесі кеңейтілген іздеу жүйесі және ол алғашқы қолданушылар үшін көмек жүйесі, сайт карталы, альтернативті форма, мысалы қарапайым текстік сілтеме.
1.7 WEB - заңдылықтары және ережелері
WEB - сайт құру кезінде олардың графикалық интерфеийсі белгілі бір ереже тәртіптерге, еркін тақырыпта болса да ережеге бағынады. Ережеге бағынған, өз еркімен жасаған сайттарға қауіпті болуы мүмкін. Көптеген қолданушылар ең көп уақыттын басқа сайттарда өткізетіндігін ескеру қажет. Бірақта кей жағдайда ғана сіздің сайтыңызға назар аударып отырып қалуыда мүмкін. Сондықтан сайт құру кезінде қолданушы қажеттігін ескеру керек.
Ереже: Интерфейс құрудың жалпы ережесінен тайып кетпеу жағын ескеру, айтылған қолдану ережесінде меңгерген болу керек. Өкінішке орай дәл айтылып жазылған WEB - сайт ережесі қазіргі таңда жоқ. Бірақта көптеген құрушылар 1.4 кестедегі ережеге бағынады.
Кесте 1.1 WEB ережелері
Ереже тәртібі
Сипаттама
Сол жақ бұрышта орналасқан логатип негізгі басқы бетке көшу сілтемесі.
Қолданушы ережесі бойынша сол жақ басқы бұрышқа орналасқан компания эмблемасы басқа бетке көшуге арналған. Немесе сол бұрышқа белгілі бір Home түймешесін орналастыру қажет.
Мәтіндік сілтеме бет бөлігінің аяқ жағында орналасқан.
Көптеген сайттарда жүйе мәтіндері беттің төменгі бөлігінде, дәлірек айтсақ беттің жоғарғы бөлігінде графиктік бейнеде болады.
Ұзын беттерде сілтемелер қолдану және оларды басқа бөлікке көшіруді қолдану.
Сайттарда келесі бетке көшуге мәтіндік бағыттамаларды қолданады, сонда да беттің аяқ жағында кері қайтуға арналған сілтеме немесе стрема орналасқан.
Кесте 1.1 жалғасы
Беттерді арнайы баспаға шығаруға арналған форма көптеп қолданылады.
Көптеген сайттардың арнайы беттері баспаға шығару үшін не ашық HTML немесе Acrobat форматындағы принтер түрлерін қолданады. Мұндайды үлкен көлемді сайттарда көптеп қолданады.
Корзина (Себет) оң жақ басқы бұрышында орналасқан.
Қарапайым жағдайда пиктограмма немесе ,,, сілтеме экранның оң жақ басқы бұрышында борналасқан.
Таңдаудың мүмкіндігіне және тышқан түймешесіне шерту, көк түспен астынан сызылған мәтінмен сілтеме белгіленеді.
Өз қалағаныңызды жасаңыз. бірақ көп жағдайда мәтіндік сілтемелер көкпен және асты сызылған болады. Негізгі қолданушы сілтеме ренгісі көк болсада немесе басқа болсада оны түсінетін болады. Сайт жасау кезінде көк ренгімен жасауды ұмытпаңыз, қолданушы сілтеме деп басқа қарапайым мәтінге шатыстырып шертуі мүмкін.
Бағыттауштың қосымша элементтері (сайт картасы, іздеу) бағыттауштан және бөлімдер бойынша көрсетіледі.
Көптеген сайттар сайт картасына онша көңіл бөле бермейді. Алфавиттік сайт көрсеткіштеріне, анықтамалық жүйеге және ішкі іздеу механизміне, бірақта олардың барлығы көмекші элеметтер. Егер мұндай көмекші элементтер өссе сайттың жалпы мәні оданда не ғұрлым өсе түседі.
WEB-дизайн қолданудың бір ережесі, ол өзіне жаңа ережелік өзгерістер WEB-дизайнның дамуына байланысты өседі, және өзгерістердің барлығын басқа WEB-сайттардан алуға болады.
1.8 WEB-беттердің құрылымдарын таңдау
Нәзік және пикшрленген WEB - беттерін құру. Нәзік беттерді құру: WEB - беттер құрылымы бойынша өте нәзік. Дисплейдің өлшеміне қарамастан барлық бос кеңістікке мүмкіндігінше мәтін және HTML файлдарымен браузер терезе беті толтырылады. Егер де браузер терезесінің өлшемі өзгеретін болса элементтер қайталанып шығып отырады, ол жаңа экран өлшеміне сәйкестіріледі. Осылайша ғана WEB - тің нағыз қасиеті көрінеді деуге болады. Көптеген WEB - дизайнерлер беттерді жасау кезінде WEB - терезенің мүмкіндігі және оның сығылуына сәйкестендіріледі. Мұндай жағдайда кейбір артықшылығы мен кемшіліктері байқалады.
Артықшылықтары:
Нақты жағдай WEB - беттер дисплейде әр түрлі экран өлшем бірліктерінде болады. Нәзік беттерді кез келген дисплейде шығатындай етіп жасауға болады.
Дисплейдің бос кеңістіктерін толтыру кезінде қажеттенбейтін бос орындар болуы мүмкін, бұл жағдайларда бет жасау фикшірленген өлшем алуына байланысты болады.
Нәзік (сынғыш) беттер және алтын ортасына өте жақын. Мұндай бет стандартқа сәйкес жақыс бет деп көптеген қолданушылар қолданатын бетті айтамыз.
Кемшіліктері:
Үлкен дисплайда жол өлшемсіз болуы мүмкін, мәтін браузер терезесінің барлық кеңістігін толтырады. Ұзын жолдар көбінесе экран бетінен оқуға өте қолайсыз. Сондықтанда терезе немесе фреймдары мәтінмен толтыру кезінде көптеген қолданушыға оқу мүмкіндігі қиынға соғады.
Үлкен экранда элементтер өте қолайлы (әдепті) орналасады, ал кішкентай экранда олар өте қызықсыз көрінетін болады.
Нәзік беттің дизайнын айту мүмкін емес
Комбинирленген WEB-беттерін жасау: WEB - беттер түгелдей фикшірленген немесе нәзік болуы қажет емес. Екеуінде қамтыған беттерді жасауға болады. Барлығына ең көп танымал амал кесте қолдану арқылы фикшірленген беттерді жасау, кейін оларды беттердің ортасына орналастыруы жеңіл. Үлкен дисплейге шығару кезінде ол барынанда құрамды көрінуі үшін (экранның оң жағындағы бос эффектілердің қалуы қажет). Бұл әдісті қолдану кезінде фондық суретке сәйкес кестелерлі орналастыру мүмкін емес.
Келесі бір жағдай кесте немесе фреймдер тобын қолдану. Олар бағаналар немесе фреймдерден тұруы мүмкін. Берілген комбинацияалар абсолютті және әр түрлі өлшемдерден тұрады. Терезенің өлшемі өзгерген кезде бір бағана немесе фрейм бұрынғы өлшемін (енін) сақтайды. Сол кезде басқалары өлшемдерін өзгертіп, бос орындар толтырылады.
1.9. Сайтқа қойылатын талаптар
Сайты құрудың мақсатын бір сөзбен түсіндіру мүмкін әрине әр істе өзіндік талап бағыттары болады, сол негіздеріне негізделе отырып сайттында өз ереже талаптарыда жоқ емес. Сайтта қойылатын талаптар сайттың жалпы құрылымдық жағына оның ішіндегі жасалған және де жазылған мәтіндерге тікелей байланысы болады. Қойылатын негізгі сұрақтары төмендегілер:
− Сайттың жалпы құрлымы кандай талаптарға сай болу керек?
− Сайттың жалпы сыртқы көрінісі қандай болу керек?
− Қандай типтегі бағдарламаны қолдану жасауышыға тиімді екендігін анықтау қажет?
− Тұтынушлар үшін қанша сервер қызмет ететін болады?
− Сайттың жалпы көлемі жайында, экран өлшемі қандай болу қажет, қандай браузерларге негізделетіндігі деген сияақты өзекті мәселелер туындайды.
Жоғардағы аталмыш талаптарға сәйкес шешім шығаратын болсақ дазайнер үшін одан ары жұмыс жасауыне оңай болатын болады. Бастапқы үш сұрақ қайта-қайта туындейтын болады. Оған сәйкес сайттың жалпы жоспарында құруға болады.
Техниқалық талаптар: Бұл бөлім жалпы сайт жасауға қолданатын технологияларға зерттеу және талдау жасап оларға шолу жүргізеді. Мысалға, оларды атап өтер болсақ: HTML, JavaScript, CGI, Java, Plug-in және т.б.
Сыртқы көрінісіне жалпы сипаттамасы: Бұл бөлімде сайттың жалпы сырткы көрінісі туралы және жалпы дизайндық турғыдан қарастырлады. Мұнда сайттқа қолданылатын бейнелер, суреттер, логотиптер, экран өлшемдері, және мультимедиялық технологиялар, графикалық бейнелердің қолданылуы деген сияқтылар бұл бөлімде қарастырлады. Сыртқы сипаттамасын жасағанан кейін сайтты жасауға негізгі қадамдар жасалды деуге болады, бірақта бұлар әлі жеткілікті емес келесі кезекке сайтты жіберу қызметі жатады.
Жіберу қызметі: Бұл бөлімде сайттың жалпы интернетте таралуы қарастырлады. Тарату қызметінің қандай серверге жіберу тиімді екендігін анықтау қажет анықтау кезінде ең арзан және қызметінің жылдамдығын ескере кеткен жөн.
Құрылымды сайт сызбасы: Бұд бөлімде сайттың құрылымын немесе блок сызба түрінде сайттың әр бір бөлшектерін көрсету қажет. Ресурстары әр түрлі өлшеммен өлшенуі мүмкін. Дәлірек айтсақ барын дайындау, технологиялық базаны құру, визуальды дизайн және менежмент ұйымдастыру тағы с.с.
Сайттың жалпы жоспарын жобалау дизайнердің өзіне тікелей байланысты. Еске сақтайтын бір жайт: сайт жобалау кезінде нәтижесін позитипті нәтижеге жеткізу қажет екендігін ескеру. Жобалау қанша күрделі болғанмен де үлгі немесе JAD эвалюциялық үлгілерін қолданамыз.

Гипермәтінді парақтарды орналастыру тілі (HTML-Hypertext Markup Language) арнайы Web-құжатты жасау үшін ойлап шығарылған тіл болып табылады. Бұл тіл экранға шығарылмайтын, бірақ браузерге құжатты қалай дұрыс көрсету керек екенін белгілеп беретін арнайы инструцияларды (тектерді) орналастыру мен олардың синтаксисін анықтайды.Сонымен қоса бұл тіл басқа құжаттарға сілтеме жасауды да қамтиды. Бұл сілтемелер локалды не глобалды болуы мүмкін.
HTML стандарты және басқа да Web-ке байланысты стандарттарWWWC (World Wide Web Consortium) консоциумының басшылығымен жасалынып отырылады. Стандарттармен,олардың ерекшеліктері және жаңа ұсыныстар проектілерімен осы консорциум сайтында танысуға болады [1]. Бүгінгі таңда осы консорциум бекіткен HTML4,0 нұсқасы стандарт болып табылады. Бұл нұсқаны қазіргі кезде барлық негізгі браузерлер толық қамтамасыз етеді.
Стандарттар WWWC консорциумымен бекітіліп отырғанымен тәжірибе жүзінде HTML стандартына ең негізгі екі браузерде (Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator) пайдаланатын тегтер өте күшті әсер тигізеді. Бұл тегтер браузерлерде кеңінен пайдаланылып кеткенімен әлі WWWC консорциумымен бекітілмеуі де мүмкін. Міне осындай тегтер консорциумға келіп түсетін ең жаңа ұсыныстарды құрайды.
HTML тілі туралы,оның тегтері,тектердің атрибуттары,сондай-ақ әр тегтің әртүрлі браузерлермен қалай қамтамасыз етілуі туралы ең толық ақпарат жүйесіRon Woodall жасаған Compendium-де.
HTML-дің тегтері. HTML құжатының құрамында екі негізгі мәтін болады: 1-ші кәдімгі мәтін(пайдаланушыға ақпарат беретін және оған көрінетін) және 2-ші тегтер-құжаттың құрылымы,сырытқы келбеті мен қызметі жөніндегі инструкциялар жиыны.Сонымен қоса HTML құжаты негізгі екі бөлікке бөлінеді: тақырып бөлімі-head және дене бөлігі-body. Құжаттың тақырып бөлімінде Web-парақтың аты туралы мәліметтермен қоса парақтың мазмұны жайындағы әдістемелік ақпарат беріледі.Ал HTML құжатының дене бөлігінде web-парақтың аты туралы мәліметтермен қоса парақтың мазмұны жайындағы әдістемелік ақпарат беріледі.Ал HTML-құжатының дене бөлігінде Web-парақтың өзі тұрады,былайша айтқанда сол парақтың пайдаланушыға беретін бар ақпараты осы бөлімде орналастырылады.Осы дене бөлімінде орналастырылған барлық нәрсе браузер терезесіне шығарылады.Ал осы шығарылатын заттардың барлық қасиеттері жоғарыда айтылып кеткендей HTML тілінің тектерімен анықталады.
Кез келген тег бұрышты жақшаларға алынады және ол жақшаның ішінде оның міндетті түрде аты болады.Бұрыш жақшалардың ішінде атпен қоса әртүрлі міндетті немесе міндетті емес атрибуттар да болады.Көптеген тегтердің аты негізінен ол атқаратын қызметтерінің қысқартылған түрі немесе көп қызметті тегтер үшін аббревиатурасы болып табылады.Ат қоюдың бұл қасиеті оларды есте сақтауды әлдеқайда оңайлатады.Ал атрибуттарды тегтердің белгілі бір қасиеті деуге болады.Олар тегтің қызметін анықтай түседі немесе тег атқаратын қызметті кеңейтеді. HTML тілінің ережесіне сай тегтердің аты мен оның атрибуттары регисторға сезімтал емес,ашып айтсақ браузер үшінBODY BGCOLOR=whiteменbody bgcolor=white тегтерінің еш айырмашылығы жоқ.Бірақ бұл жерде айта кететін бір жайт кейбір атрибуттардың мәні регистрге сезгіш болып келеді.
Мұндай мәндер негізінен файл атаулары мен URL адрестері болып келеді.
Контейнерлер HTML тіліндегі тегтердің басым көпшілігі контейнерлер болып келеді.Түсіндіріп айтқанда бұндай тегтердің өзі екі тегтен құралған:бастапқы(немесе ашушы,мәрелік деп те атауға болады)және соңғы (жабушы)тегтер .Осы тегтер арасында орналастырылған мәтін дәл осы тегтер белгілеп отырған инструкциялармен форматталады.Мысалға HTML құжатында біз: Бүгін IауарайыI жылы. - деп жазсақ,нәтижесінде браузерде: "Бүгін ауарайы жылы мәтінін аламыз.Көріп отырғанымыздай I тегінің инструкциясымен анықталған ауарайы сөзі бұл жерде қисайтылып жазылып тұр.Ал бұл контейнердің сыртындағы сөздерге бұл фарматтаудың еш қатысы тимеген.
Әрине,бұл жерде соңғы тег не үшін қажет деген сұрақ туындайды.Оған жауап беру оңай,бұл соңғы тег алғашқы тегтің қызметін тоқтатушы болып табылады.Соңғы тегте де алғашқы тег сияқты ат жазылады,бірақ оның алдына слэш()белгісі қойылады.Мысалға: body,head және т.б.Айта кететін бір жайт,жабушы тег бойында ешқандай атрибуттар болмауы тиіс,атрибуттар тек ашушы тегте енгізілуі міндетті.
Кей жағдайларда жабушы тегті қоймай-ақ қойса болады.Браузер өз бетінше контекстен тегтің жабылғанын анықтап алады. Ең жиі жіберілетін жабушы тег абзацты анықтайтын p тегі.Web-сайттардың пайда болуының бас кезінде көптеген браузерлер осы p тегін жабушы тегсіз-ақ түсінетін еді,сондықтан көптеген web-сайт жасаушылар осыған үйреніп кеткен болатын.Бірақ бұл жабушы тегті тастап кету тек санаулы ғана тегтермен рұқсат етілген және көп браузерлер тіптен бұндай нәрсені қате деп түсінеді.Сондықтан қазіргі таңда контейнер тегтерінің жабушы тегтерін тастап кету онша жақсы жайт болып саналмайды.Әсіресе каскадты стильдер кестесін пайдаланған web-құжаттарда жабушы тегтерді қалдырмау өте маңызды шара.
Тәуелсіз тегтер. HTML тілінде біраз тегтердің жабушы тегтері жоқ.Оның себебі бұндай тегтер Web-параққа бөлек немесе тәуелсіз элементтерді орналастырумен байланысты. Бұндай тегтердің бірі img тегі. Бұл тег тек қана құжатқа графика орналастырады.Бұл графиканың құжатқа байланысты бар қасиеті осы ашушы тегте атрибуттар арқылы көрсетіледі және бұл инструкциялар тек осы тегтің міндетті src атрибутында көрсетілген графикаға қатысты қолданылады.Міне бұл тег тек осы тәуелсіз графикаға арналған болғандықтан оған жабушы тегтің қажеті жоқ.Тағы да тәуелсіз тегтерге (br)-жолды бөлу тегі (hr)-горизонталь жол тегі және құжаттың мазмұнына әсері жоқ, тек құжат жайында ақпарат беретін metaменbase тегтері жатады.
Атрибуттар. Атрибуттар тегтерге олардың инструкцияларын айқындай түсу үшін немесе қызметін кеңейту үшін қосылады.Бір тегге бірнеше атрибут қосылуы мүмкін,ал кейде еш атрибут қосылмауы да мүмкін.Атрибуттар тегке оның атынан кейін жалғанады да,тег есімінен және басқа атрибуттардан бос орын немесе бос орындар арқылы бөлініп жазылады.Тегке бірнеше атрибут жалғанғанда олардың тег ішінде орналасуының ешқандай реттік заңы жоқ.Атрибуттардың басым көпшілігінің мәні болады.Олардың мәндері атрибут атынан кейінгі теңдік (=) белгісінен кейін жазылады.Мәндердің ұзындығы 1024 символмен шектелген және кейбір атрибуттардың мәндері регисторға сезгіш болып келеді.Ал тағы бір атрибуттардың мәндері жай не қос тырнақшаға алынып жазылады.Атрибуттардың мәндерін тырнақшаға алудың,не алмаудың негізгі ережелері мынандай:
1) егер атрибут мәні әріптерден, не 0-9 арасындағы цифрлардан және арнайы символдардан (нүкте мен дефис) құралған сөз болса,онда бұл мәнді тырнақшаға алмай-ақ теңдік белгісінен кейін жазса да болады;
2) егер атрибуттың мәні үтірмен немесе бос орынмен бөлінген бірнеше сөздерден тұрса немесе оның құрамында нүкте мен дефистен басқа арнайы символдар болса,онда бұл мәнді теңдік белгісінен кейін міндетті түрде тырнақшаға алып жазу керек.Мысалға: URL адресін тырнақшаға алу міндетті, себебі онда нүкте мен дефистен басқа ":" сияқты арнайы символдар бар. Сонымен қатар түстердің мәнін "#rrggbb"форматында көрсеткен кезде де тырнақша қою керек.
Егер сіз қандайда бір атрибут мәнін жазуда тырнақшаның болу,не болмауына күдіктенсеңіз, тырнақшаны қойып кеткеніңіз дұрыс болып табылады.
Бір элементке байланысты әр түрлі инструкцияларды орындау үшін HTML тілінде бір тег ішіне екінші бір тег орналастырылуы қате болып саналмайды.Бұндай тегтер енгізілген тегтер деп аталады.Тегтерді дұрыс орналастыру үшін,енгізілген тектің бастапқы және соңғы тегтері міндетті түрде сыртқы тегтің ашушы және жабушы тегтерінің ішінде орналастырылуы керек.Мысалға: HTML тілінің кодында БүгінBIауарайыIB суық. деп жазылса, нәтижесінде браузерде мынандай мәтін көрінеді: Бүгін ауарайы суық. Егер бұлай болмай, сыртқы тег пен енгізілген тегтің ашушы және жабушы тегтері қиылысып кетсе, бұларға қатысты элемент дұрыс шықпай қалады.Бірақ қазіргі кезде кейбір мықты браузерлердің мұндай қатені түзетіп көрсету мүмкіндігі бар.Дегенмен бүкіл құжат қатесіз болуүшін бұндай қилысыпкетудің болмағаны дұрыс. Мысалға мынандай Бүгін BIауарайыBI аяз-деген HTML тілінің коды,көптеген браузерлермен жай ғана тасталып кетіледі.Оның себебі,көріп отырғанымыздай бұл жердегі Bтегінің өзінен кейін ашылған I тегінен бұрын жабылып қалуы.
Браузерлермен қаралмай кететін ақпарат. HTML тілінде жазылған барлық мәтінді браузерлер өңдей бермейді.Кейбір мәтіннің бөліктері браузерлермен қаралмай кетеді.Бірақ бұндай тасталып кетүді жүзеге асыру үшін арнайы командалар немесе тегтерді пайдалану керек. Міне осындай қалдырып кетуге мүмкіндік беретін жағдайлар мынандай:
1) жолдардың үзілісі.HTML тілінде сіз мәтін теру кезінде қанша болса да жолдарды жаңа жолдан бастап жазсаңыз да, браузер бул мәтінді p немесе br тектері кездескенше түгелдей бір абзацқа біріктіріп көрсетеді. Ал егер сіз мәтінді өзіңіз терген түрдегідей жолдарға бөліп көрсетілуін қаласаңыз, сол мәтінді pre тегтерінің арасына жазуыңыз керек;
2)табуляция символдары мен көптік бос орындар. HTML тіліндегі
мәтіннен браузер табуляция символын немесе қатарласқан бірнеше бос орын кездестірген кезде ол Web-парақта тек бір бос орынды ғана бейнелейді.Былайша айтқанда,егер HTML тіліндегі мәтінде бір,екі,үш, деген жолдар кездессе,браузер көрсететін Web-парақта бұл мәтін бір, екі, үш болып көрінеді. Сондықтан, сіз егер қосымша бос орындар қалдырғыңыз келсе, " "-үзіліссіз бос орын командасын пайдалануыңыз керек болады. Тек жоғарыда айтылып кеткен,форматталған мәтінді білдіретін pre тегтерінің арасындағы табуляция символдары мен қатарласқан бос орындар браузерлермен еш өзгерүсіз көрсетіледі.
1) қатарласқан бірнеше p тегтері. Мәтінмен бөлінбеген бірнеше қатарласқан p тегтері барлық браузерлермен бірден артық деп түсініледі де, мәтін тек бір p тегінің арасындағыдай болып көрсетіледі. Тағы да біраз браузерлер бұл артық p тегтерін жаңа жолға көшу Br тегімен ауыстырады;
2) түсініксіз тегтер. Егер браузер қандай да бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz