Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
СОРБОННА ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ
ӘОЖ 657; 321. 219.
МҮТАЛІПОВ ЖАЛҒАС ЖАҚЫПБЕКҰЛЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ҚЕХС- Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландыруды зерттеу
7М041 «Бизнес және басқару»
7М04105- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
Ғылыми жетекші:
Оралбаева Ж. З., э. ғ. к., қауым. профессор
Қорғауға жіберілді:
Сорбонна Қазақстан Институтының
Директоры
А. А. Сәбитова
(қолы)
«___»2022ж.
Кафедра меңгерушісі, э. ғ. к., оқытушыМ. А. Анабекова
(қолы)
Ғылыми семинар төрағасы, д. э. н., доцентР. Б. Азбергенова
(қолы)
Алматы, 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыс келесі ормативтік құжаттардың негізінде және талаптарын ескере отырып әзірленді
Атауы
Бекітілгені
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 961 қаулысы
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысы
ҚЫСҚАРТУЛАР, ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Осы Ережеде келесі қысқартулар қолданылады:
Қазақастан Республикасы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
«Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасының
Мемлекеттік орган
Америка Құрама штаттары
Астана халықаралық қаржы орталығының
Жасанды интеллектінің
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Уәкілетті орган
Жергілікті орган
Евразиялық экономикалық одақ
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы Диссертациялық зерттеу Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландырудың түсінігін ашып, түрлі теориялық негіздерді қарастыра отырып цифрландырудың маңыздылығын мен бағдарламаларын қарастыра отырып, жоспларланған жұмыстардың өзектілігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру арқылы, Қазақстан Республикасының цифрландыру жүйелеріне жаңа цифрлы шешімдердің жаңа долдарын қарастыруға арналған.
Диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қазақстандық мемлекеттік экономикалық реттеудегі цифрландыру жүйесін жeтiлдiріп, экономикасын цифрлық түрлендіру үшін іргетас болады және мына факторлардың дамуына: ақпараттық қоғамға көшу, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, «ашық және мобильді үкіметтің» институттарын құру, корпоративтік құрылымдар ғана емес, сонымен бірге елдің азаматтары үшін де ақпараттық инфрақұрылымдарға қолжетімділіктің өсіп, цифрлық процесіне дер кезінде бастамашылық жасау, цифрлы активті қазақстанның заңнамалық түрінде қарайтуды қарастыру болып табылады.
Магистрлық диссертацияның мақсаты - Қaзaқcтaн Рecпубликacындaғы Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландырудың тeориялық - әдicтeмeлiк acпeктiлeрiн қaрacтыру нeгiзiндe қaзiргi жaғдaйдaғы мeмлeкeттiк қызмет жүйесінің дaму бaрыcын тaлдaу жәнe оны цифрландыру негізінде ұcыныcтaр жacaу болып тaбылaды.
Магистрлық диссертацияда Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландырудың реформалаудың мәселелері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесін модернизациялау мен олардың алдағы уақыттағы даму бағыттары қарастырылған.
Мақсатқа жету үшін міндеттері:
- Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландыруды зерттеу тeориялық-әдістемелік нeгiздeрiн қaрacтыру;
- Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландырудың ерекшеліктерін талдау;
- Қазақстандағы Экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрландырудың қазіргі жағдайын бағалау;
- Қазақстандағы электрондық үкіметтің даму жағдайын талдау;
Жұмыста ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар пайдаланылды.
Зерттеу нысaны: Қазақстан Республикасының мемлекетттік қызмет көрстеу жүйесі және мемлекеттік билік субъектілері.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында мемлекеттік экономиканы мемлекеттік реттеудегі цифрланыру барысында қалыптасатын қатынастар.
Диссертациялық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық, ресейлік және батыстық ғалымдардың экономиканы мемлекеттік реттедугі цифрландырудың, цифрландырудың тәсіледері мен түсінігі, мемелкеттік басқарудағы цифрландыру және процестерді модельдеу мәселелері бойынша ғылыми еңбектері мен зерттеулері; Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеудегі цирфландыруға қатысты нормативтік-құқықтық базасы; ішкі методологиялық материалдар, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми конференциялар мен семинарлардың жарияланымдары мен ақпараттары болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстандық мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде цифрландырудың теориялық негіздемелердің жаңа әлемдегі практикалық түрде жұмысын бағалау мен талдау. Мемлекеттік экономиканы реттеудің теориялық негіздемесінің басқа елдегі жұмысы көрсете отыра біздің мемлекеттегі жұмысының бағдарламарын құру туралы ақпаратты талқылау. Цифрлы активтердің түрлерін қарастырып цифрлы теңгенің нарыққа кіріу жолдарын және мүмкіндіктерін анықтау. Цифрлы активдердің криптовалюта ретінде дамудың перспективасын және мемлекеттедегі реттеушілік мүмкүндігі.
Сонымен қоса крипта биржаға мемлек жағынан жинақы және ортақ түрде заң ретінде қарастыру. Цифрлы майнинг түсінімін заңнама көзінен қарастырып талқылау.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы арқылы бұл саланы қамтытқызу мен шынайы түрде дамі жолдары перспектииваларын қарастыру арқылы реттеіу құралдарын керектігін көрсетіп өзектілігін ашу.
Қорғауға шығарылған ғылыми тұжырымдар. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айқындауда және оны арттыруда келесідей тұжырымдар жасауға болады:
1. Кәсіпорынды модельдеу - кәсіпорынның біліміне, алдыңғы модельдерге және/немесе анықтамалық модельдерге негізделген модель тілдерін қолдана отырып, технологиялық модельдермен, деректік модельдермен, ресурстар модельдерімен және тағы басқалары бірге кәсіпорын модельдерін құру процесі болып табылады.
2. Модельдеу компанияда тиімді жұмыс істейтін бизнес-процестерді құруға, ұйымның тұтастай немесе жеке бөлімшенің қалай жұмыс істейтінін, сондай-ақ сыртқы кәсіпорындармен, тапсырыс берушілермен және клиенттермен қаншалықты тиімді өзара әрекеттесетінін талдауға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктер мен міндеттерді ұтымды бөлу жағдайында ғана кәсіпорындарды мемлекеттік басқару тетігі әрекетінің жоғары сезімталдығына және барабарлығына қол жеткізуге болады. Елде жүргізіліп жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған реформалар экономикалық саладағы тұрақты сапалы өзгерістерді қамтамасыз етеді деп болжануда, бұл, әрине, өз кезегінде кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік базаны уақтылы жаңартумен байланысты болып келеді.
4. Қазақстан алдында жаңа экономиканы өнімділікті арттыруға, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық жаңарту мен цифрландыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндет тұр. Оған еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті қызметкерлердің келуі есебінен де, сол сияқты жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді оқыту арқылы да қол жеткізіледі.
5. Тиімді стратегияның, инновацияларды уақтылы енгізудің және тиісті инвестициялардың арқасында «Galanz Bottlers» 24 жыл ішінде суық шай, құрамында шырыны бар және басқа да алкогольсіз сусындар құю өндірісінің жаңа түрлерін құрып, тиімді менеджментінің арқасында бірнеше жыл қатарынан республикадағы алкогольсіз сусындар нарығындағы көшбасшылардың біріне айналды.
6. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру тетігін жасауда технологиялық тәсілді қолданудың артықышылығы, әртүрлі бөлімдер мен менеджерлер орындайтын басқару функцияларының өздері емес, жеке функцияларды кәсіпорынның түпкілікті қызметінің нәтижелеріне бағытталған ағындарға біріктіре алатын кросс-функционалды процестерді зерттеу болып табылады.
Зерттеудің деректік базасы. Зерттеу жұмысын жазу барысында әртүрлі деректер қолданылды. Автор қолданған деректерді шартты түрде бірнеше топтарға сыныптауға болады.
Деректердің алғашқы тобын Қазақстан Республикаcының Электрондық үкіметі. Сонымен қатар, бұл ретте ҚР-дағы мемлекеттік басқару тұжырымдары да қарастырылады [1-9] . Аталмыш құжаттар кәсіпорындардың экономикадағы рөлін және олардың жұмыс істеу принциптерін айқындауда негіз болды.
Деректердің екінші тобына Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігінің құжаттарына жатқызылды. Оның ішінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы оның ішінде төртке бөлінген шешім олы жобалар және олардың есебі орын алды. [10-16]
Деректердің үшінші тобына Криптовалютаның түсінгін және де енгізуін Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдарында - Vlast. kz, adilet. kz, Forbes, Orda. kz, Time. kz, секілді басылымдарда жарияланған крипто майнинг жайлы мақалалар мен шығарылымдар жатады [37-39] .
Осылайша, автор қолданған деректер диссертациялық жұмыста белгіленген мақсат пен міндеттерді талдау үшін жеткілікті және қолжетімді, сондай-ақ қорытындылардың объективтілігі мен ғылыми нақтылығын көрсетуге жағдай жасайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы тақырыпты кешенді түрде зерттеу үшін автор қолданылған ғалымдардың еңбектерін қазақстандық, ресейлік және шетелдік тарихнамаға бөліп қарастырды.
Қазақстандық тарихнама . Жалпы, қазақстандық авторлардың еңбектері мен мақалалары диссертациялық жұмыстың ауқымды ақпараттар легін қамтыды. Отандық ғалымдардың еңбегі зерттеу барысында орасан зор пайдалы ақпараттарды бере алды.
- Ә. Исаeв. Канаданың мeмлeкeттік қызмeті // Мәслихат жәнe әкімдік. - 2012. - №5. - 31-43 б. [9], Г. Гайсина. Мeмлeкeттік қызмeттің шeтeлдік тәжірибeсі //Қазақстан жоғары мeктeбі. - 2009. -№3. -284-286 б. [16 ], Смағұлова Г. С. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету. //Вeстник КазНУ. . Экономика. - №3. - 2016. - 45 б. [17] ғылыми еңбектері үлкен мәліметтерді ұсынды.
2. Онымен қоса, Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының мемлекеттік инновациялық дамудағы рөлі туралы Ихданов Ж., Сансызбаeва Ғ. Н., Eсeнжігітова Р. Ғ. Мeмлeкeттік басқару тeориясы: Оқу құралы. /-Алматы: Экономика, 2007. -216 б. [3], Г. Гайсина. Мeмлeкeттік қызмeттің шeтeлдік тәжірибeсі //Қазақстан жоғары мeктeбі. - 2009. -№3. -284-286 б. [16], диссертациялық жұмыста алатын орны үлкен.
Отандық тарихнаманың талдауы мемелекеттік реттеуді, цифрлықтың мүмкіншіліктерін арттыру, экономиканың ахуалы туралы мәліметтердің белгілі бір деңгейде жеткілікті екендігін көрсетеді, нақты бәсекеге қабілеттілікті заманауи модельдеуге қатысты тікелей арналған арнайы жұмыстардың жоқтығын атап айту керек.
Ресейлік тарихнама. Диссертациялық жұмыс үшін маңызды ресейлік еңбектердің өте көп екендігін атап өту керек. Жұмысты жазу барысында ресейлік ғалымдардың зерттеулері жан-жақты, құнды ақпараттармен қамтамасыз ете алды. Осы тұстан көрінетіні, диссертация тақырыбының солтүстік көрші елдің ғалымдарымен өте тиянақты зерттелгендігі. Жұмыстың теориялық аспектісінде ресейлік еңбектер ерекше орын алады.
Морозова Е. В. Государственные услуги в / Е. В. Морозова // Представительная власть - XXI век: законодательство, комментарии, проблемы. № 2-3., 2009. -С. 61-66. [21], Андронова О. Предоставление компьютеризованных государственных услуг за рубежом // Актуальные проблемыэкономики современной России: Сборник материалов IIвсероссийской научно-практической конференции. - Йошкар-Ола: Коллоквиум, 2011. - С. 68-73. [22], М. К. Мурзалин. Особeнности рeформирования государствeнной службы: зарубeжный опыт и Казахстан:дис. канд. полит. наук -Алматы:[б. и], 2010. -163 c. [15], Эффективность государственного управления: системымониторинга удовлетворенности граждан услуг. Обзор международного опыта. - М. : Аспект-пресс, 2008. - 274 с. [14], еңбектері диссертациялық жұмыстың тиімділігін арттырды.
Шетелдік тарихнаманы қарастыра келе, батыстық авторлардың еңбектерін қолдану жұмыстың деңгейін көтеретінін аңғартады. Кәсіпорынның қызметі жайлы және қазіргі заманғы экономикалық модельдер туралы шетелдік авторлардың біршама еңбектері кездеседі. Солардың қатарында: Төртінші индустриялық революция жайлы Ш. Клаустың [45], процесттерді басқару туралы Й. Беккердің мақаласы [46], кәсіпорындар мен компаниялардың бизнес-процестерін реинжиниринг жасау туралы М. Хаммердің [47] еңбегі, бизнес-модельдерді жасау бойынша А. Халлербахтың мақаласы [48], Ж. Сазерлендтың еңбегі [49], кейс-менеджмент бойынша К. Ле Клэрдің еңбегі [50] мен жарияланымдары жұмыс мағлұматтарының жинағының маңызды бөлігі болып табылады.
Зерттеудің қолданбалы маңызы экономикаын мемлекеттік реттеу арқылы нарықтағы жаңа бәсекенің трансформациясына сәйкес Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік цифрлы экономиканың арасында нақты орынды ала отырып әлеуметтік жағдайын жасау да мүмкіндік береді, жаңа көрсетілген шаралар арқылы реттеу механизімінің жаңа мүмкүншілігін арттырады. Диссертация мәліметтері экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті мемелкеттік реттеу нақты мысалдарды зерттеу нәтижесінде туындаған тұжырымдар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының экономикалық даму бағытын анықтау процесінде ұсыныстар ретінде қолданыс таба алады.
Сонымен қатар, автордың қорытындылары мен ұсыныстарын жоғарғы оқу орындарында Қазақстан Республикасының экономикасы, кәсіпорындардың мемлекеттік реттеуді цирфландыруды дамыту, мемлекеттік басқару бойынша арнайы оқу бағдарламаларын жасау кезінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Негізгі бөлім өз алдына үш тарауға, ал олардың әрбіреуі өз кезегінде екі, үш, төрт тақырыптарға бөлінген.
Диссертация жұмысының көлемі 99 бетке сәйкес келеді.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі: мәні, құрылымы және ерекшеліктері
Қазіргі таңда экономиканың нақты даму жолының бірі ол таза нарақтық бәсекелестікке ғана үкімет тарапынан толық бостандық бере қоймай, мемлекеттің сенімді даму жолының керек шарты, бұл экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары арқылы болжай алмайтын экономикалық кризис, экологиялық аппатар кездерінен сақтау ретінде немесе антимонопольді саясатты жүргізу арқылы бәсекелестікке, қоғамның осал топтарына және көмек қажет кәсіпкерліктерге қолдау көрсету арқылы экономикалық және саяси тұрақтылықты мемлекеттің экономиканы реттеу болып табылады. Бұл ситуацияны толықтай көру үшін негізгі теориялық түсініктерді қамтуымыз қажет. Яғни мемлекеттік реттеу мен цифрландыруының өзімен не көрсетенін біліп алуымыз керек.
Мемлекет дегеніміз - қоғамның саяси ұйымдастырылған түрі болып табылады. Оның негізгі міндеті - қалыптастырылған қоғамдық құрылымдарды қорғау жəне тəртіп сақтауды, адамдардың мінез-құлқына жəне қоғамға билік жүргізу арқылы жəне түрлі билік нұсқауларын қолдану арқылы реттеу болып табылады.
Мемлекеттің негізгі белгілері: аумағы, ондағы бекітілген заң құқық-тары, бекітілген санкциялар нормаларының жүйесі жəне осы функцияларды жүзеге асыратын амалдары мен əдістері. Мемлекет құрылған күннен бастап, өзінің институт ретіндегі міндеті сəйкес жалпы халықтың еркі мен мүддесін қорғауға тиісті. Мемлекеттік реттеу жүргізгенде экономикалық шешімдердің құқықтық негіздерін қамтамасыздандыру, шаруашылық жүргізу жағдайлары мен тұрақтылықты қамтамасыздандыру, экономиканың секторларын дамыту, нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту, ұдайы өндіріс пен ақша айналымының негізгі параметрлеріне бақылау жүргізуі жəне қоғамдағы əрбір адамның мемлекеттің дамуына үлес қосушы, мəдениетті тұлға ретінде қарастырылуы қажет.
Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттің экономикалық саясаты немесе мемлекеттің экономикаға араласуы деген терминдер мына мағынаны білдіреді: қоғамның дамуындағы əлеуметтік-экономикалық үдерістерді қолдаумен, экономикалық өсуді қамтамасыздандыратын жəне халықтың игілігін қамтамасыздандыратын əлеуметтік-экономикалық процестер мен салаларды реттеумен, түзетумен жəне қолдаумен байланысты іс-шаралардың жиынтығы.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) - қазіргі кезеңдегі əлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз ету жəне оның тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы жəне бақылау шараларының жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мынандай анықтамаларын келтіруге болады: 1) Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз - нарықтық тетіктердің қызмет етуі үшін экологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді шешу үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен нарық конъюнктурасына мақсатты бағдарланған əсері;
2) Экономиканы мемлекеттік реттеу - экономикалық құбылыстар мен олардың байланыстарын қолдауды немесе өзгертуді қамтамасыз ететін мақсатты бағдарланған үдеріс.
Қорытындылай айтқанда, экономиканы мемлекеттік реттеу - ұлттық экономиканың тиімді қызмет етуіне бағдарланған, ұлттық экономиканы тұрақтандыру, елдің əлеуметтік дамуын қолдау, ұлттық экономиканы дамытудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қоғам мүшелерінің мүдделерін біріктіру мақсатындағы мемлекеттік құрылымдармен жəне қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын заңдық, орындаушылық жəне бақылау сипатындағы іс-шаралар жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу саласы- экономикалық қарым- қатынастарды реттеу кезіндегі билік органдары жүргізетін мақсатты қағидалардың немесе іс-шаралардың жиынтығы. Бұған мыналар жатады:
1. Ел экономикасының өсуі жəне экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
2. Тиімді жұмыспен қамту;
3. Ел экономикасын экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағдарлау;
4. Бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету;
5. Экономикалық еркіндікті қамтамасыз ету;
6. Табысты əділ бөлуді қамтамасыз ету;
7. Елдің сыртқы сауда балансын теңестіру.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
- Нарықтық реттеуші тетіктерді жəне жүйелерді құру арқылы экономиканың ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, экономиканың шаруашылық өміріндегі субъектілерге мемлекеттің рөлін азайту, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру əдістерін кеңейту, шетел елдің инвестицияларын тарту, валюталық банктердің тетіктерін тұрақтандыру;
- Түрлі меншіктік жəне шаруашылық формаларын көбейту арқылы, яғни экономикадағы жеке меншік секторының қызмет етуіне жағдай жасау арқылы нарықтық бəсекелестікті арттыру үшін кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті дамыту негізінде көп деңгейлі экономика негіздерін қалыптастыру;
- Халықаралық стандарттарға сəйкес екі деңгейлі банк жүйесін д жəне қалыптастыру негізінде нарықтық экономика институттары мен инфрақұрылымдарын құру;
- Елдің нарықтық шаруашылығын жəне мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктерін, сонымен қатар индикативті жоспарлау, болжамдау, бюджеттік бағдарламалар, елдің əлеуметтік-экономикалық даму бағдарлама- ларының жүйесін жасау;
- Экономиканың жəне оның салаларының, экономикалық тұрақтылық пен бəсеке қабілеттілігін қолдау;
- Көлеңкелі экономиканың аясын тарылту, өркениетті нарықтық ортаны қалыптастыру, табиғи монополиялардың қызметін бақылау жəне осылардың негізінде соңғы тұтынушының мүддесін қорғау, сонымен қоса өндірістік жəне коммерциялық қызметтің дамуына жағдай жасайды;
- Отандық тауар өндірушілерін қолдау, жұмыс орындарын сақтау жəне кеңейту, өндірістік жəне экспорттық құрылымдардағы шикізаттық бағдарлануды азайту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, əдістері, масштабы, қандай да бір елдегі нақты бағыттар ағымындағы, уақыт аралығындағы экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерінің сипаты мен күрделілігіне байланысты анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі - экономикалық дамудың деңгейі, өндіріс пен капиталды шоғырландыру деңгейіне байланысты анықталады. Экономикалық, əлеуметтік, экологиялық мəселелерінің күрделігі мемлекеттік органдар тарапынан нақты іс-əрекеттерді жүзеге асыруын талап етеді.
Осыған орай, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті себептеріне мыналар жатады:
Экономиканың нақты аумақтық кеңістігін анықтап алмай, оның дамуын бақылау мүмкін емес. Кəсіпкердің үй шаруашылығының немесе кез келген экономикалық қарым-қатынастарға қатысушы субъектілердің мүдделері соңғы тұтыну арқылы жүзеге асырылады. Ал ол белгілі бір территориялық ұйымға немесе əлеуметтік ортаға енгізілуі қажет. Яғни, шаруашылық қызмет ететін аумақтық кеңістікті анықтаушы жəне оның тұтынушылығын қамтамасыз ететін - мемлекет. Сонымен бірге, қазіргі уақытта аумақтық кеңістік халықаралық байланыстарды, экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруына шаруашылық қызметті əлемдік нарықта қорғауына мүмкіндік туғызады;
Халықтың мүдделерін қорғау, елдің даму мақсаттарын анықтайды, тұрақты ұдайы өндіріс пен экономикалық ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің жалпы ұлттық мақсаттары мен мүдделерін қалыптастыру кезінде қоғамның құндылықтық бағдарлары, оның əлеуметтік-рухани қорлары, тарихи-индивидуалдық, коллективтік параметрлері ескерілуі қажет. Бизнес қаншалықты кең дамығанымен осы мүдделерді, мақсаттарды ескеру қажет. Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің, қоғамның рухани құндылықтарының ескерілуі тиіс;
Елдегі экономикалық мүдделердің тепе-теңдігін сақтау жəне қолдау, мемлекеттен ойланып таразыланған даму бағыттарын анықтауды жəне саясат жүргізуді талап етеді;
Өндірістік күштердің дамуы, ұдайы өндіріс фазаларының аралығында туындайтын диспропорцияларды түзетудің алдын алуды жəне тиімді қызмет етуді қамтамасыз ету керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz