Физикалық олимпиадалардағы шығармашылық есептерді шығару әдістемесі
Мазмұны
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Оқытудағы шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі ... ..
7
1.1
Оқытудағы шығармашылық есептердің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2
Шығармашылық есептердің қойылуы мен шығару әдістемелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
1.3
Шығармашылық есептердің мәні, классификациясы ... ... ... ... ...
19
1.4
Демонстрациялық тәжірибелер арқылы оқушылардың шығармашылық ойлаулары мен қабілеттерін дамыту әдістері...
22
2
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық есептерді қолдану және ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...
31
2.1
Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
2.2
Физикалық олимпиадалардағы шығармашылық есептерді шығару әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
62
Кіріспе
Қарастырылып отырған авторлық жұмыстың тақырыбы Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру.
Ғылыми шығармашылық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы өзгерістер орта мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік жағынан толықтыру мен дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Физика пәнінің мазмұны мен әдістемелік жүйесінің қоғам дамуының жаңа кезеңдерінде құрылымы жағынан да, мазмұндық жағынан да үнемі жетілдіріліп отырылуын отандық ғалымдардың да (С.Е. Ерматов, Қ.Жаңабергенов, Т.К.Кенжебаев, А.Б.Мәженова, Д.М.Қазақбаева, У.Қ.Тоқбергенова, А.Қ. Қаймолдина және т.б.), шетелдік ғалымдардың да (В.Г.Разумовский, Ю.И.Дик, О.Ю.Овчинников, А.В.Усова, т.б.) бірқатар зерттеу еңбектерінен аңғарамыз.
А.Е.Әбілқасымова, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.Н.Занков, А.Н.Леонтьев, Э.М.Мамбетакунов, М.И.Махмутов, С.Л.Рубинштейн және т.б. ғалымдар өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өзбетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлғаны іс-әрекет үстінде қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын зерттеген.
Физика есептерінің мазмұны мен әдістемесі туралы (Р.И.Малафеев, В.Г.Разумовский,) алғашқы еңбектерде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп, әдістемесі жасалды. Соңғы жылдары мәселенің мән-жайы шығармашылық іс-әрекетті өндіріс орындарындағы техникалық қондырғыларды мектептегі физика-техникалық үйірмелерде модельдеп көрсету арқылы (В.П.Басаргин, В.Н.Косов, А.П.Смыслов), физика сабағында олимпиадалық есептер шығарту және физикалық есептерді өз бетінше көбірек орындату арқылы (Н.М.Евсеева, Л.М.Чечин О.Ю.Овчинников,), оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру; оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін (Б.Е.Акитай, Н.М.Зверева, М.С.Слепцова), компьютерлік техника негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіру (Н.В. Разумовская Н. Керімбаев, М.Б.Шабад) жолдары қарастырылған.
Біздің ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдауымыз физиканы оқыту әдістемесінің үнемі жетілдіріліп отыратынын көрсетті. Алайда, қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес оқушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқыту әдістемесінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелінуінің жеткіліксіз орын алып отырғандығы байқалды. Физикалық шығармашылық есептерінің оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін шығармашылық есептер арқылы дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі атты зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты − шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны - мектепте физиканы шығармашылық есептер негізінде оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні - мектепте шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру.
Зерттеу болжамы - егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты ретіндегі шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге қызығушылығының дамуына ықпал етеді.
Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:
− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.
− оқытуда шығармашылық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.
− физикалық шығармашылық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.
− шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.
− шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.
− зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушылардың қызығушылығын арттырудың құралы болып отырған шығармашылық есептердің мазмұндық жүйесіне талдау жасау; шығармашылық есептерге қойылатын талаптар мен критерийлерді анықтауда ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау; диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстарын әзірлеу; оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; әртүрлі мазмұндағы шығармашылық есептерді құрастыру; педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
-оқушылардың қызығушылығын арттыруда шығармашылық есептердің мүмкіндігі анықталып, олардың классификациялануы іске асырылды;
-шығармашылық есептердің мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар мен критерийлер жасалды;
-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі жасалды;
-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі тәжірибелік сынақтан өткізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтер мұғалімдерге шығармашылық есептерді пайдалану жолымен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бойынша нақты кеңестер ұсынуға мүмкіндік береді, оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруға ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Орта мектепте физиканы қызықты оқыту негізінде алынған зерттеу мәліметтері және солардың негізінде алынған ұсыныстар келесі жұмыстарды іске асыруға қажетті қорытынды мәліметтер болып табылады: орта мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оқу-ағарту саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру семинарларында пайдалануда, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жасалатын әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар жасауда және т.б.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- шығармашылық есептер шығару негізінде оқушылардың физикадан ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырып, қызығушылығын арттыру;
- шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру бойынша педагогикалық эксперимент қоюдың нәтижесі;
- Халықаралық олимпиадаларда берілген шығармашылық есептерді іріктеп шығару әдістемесін көрсету.
Ғылыми шығармашылық жұмыстың құрылымы.
Авторлық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен 27 атаулы қолданылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста 6 кесте, 25 сурет келтірілген. Дипломдық жұмыс тексті 63 бетте жазылған.
1 Оқытудағы шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі
1.1 Оқытудағы шығармашылық есептердің ролі
Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған.
Психолог ғалымдардың (В.В.Давыдов, Б.М.Теплов, П.М.Якобсон және басқалары) еңбектерін салыстыра жүргізілген талдауға сүйене отырып, зерттеу жұмысымызда қызығушылықтың психологиялық табиғатын, оқушының оқыту үдерісі барысында өсіп келе жатқанын байқауға көмектесетін механизмдерін қарастырайық.
Мектепте физиканы оқытудың күйіне талдау, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қарамастан, оқушылардың басым көпшілігінің физикаға қызығушылығы енжар, ал сабақтар әлі де орындаушылық бағытын ұстануға бейімдейтін дәстүрлі әдістермен жүргізілетінін көрсетеді.
Шығармашылық есептерге қойылатын талаптарды ескеретін болсақ, онда оқыту үдерісіне іс-әрекеттік тұрғыдан келу қажеттігі туындайды.
Зерттеу жұмысында шығармашылық есептер арқылы физикаға қызығушылықты арттыру осы дамыта оқыту идеясы негізінде жүзеге асырылды. Көбіне орнындаушылық бағытын ұстанатын дәстүрлі және ойлау мектебі-дамыта оқыту әдістерінің салыстырмалы көрінісі төмендегідей (1.1кесте).
1.1 кесте. Дәстүрлі және дамыта оқыту әдістемелерінің салыстырмалы көрінісі
Жүйенің сипаты
Дәстүрлі оқыту
Дамыта оқыту
Оқыту мақсаты
Білім, білік, машықтардың берілуі
Қабілетті дамыту
Интегративтік атауы
Есте сақтау мектебі
Ойлау мектебі, жаңалықтар практикасы
Педагогтың негізгі ұраны
Маған қарап орында
Қалай орындайтыныңды ойластыр
Мұғалімнің ролі
Ақпаратты тасымалдаушы, білімді үгіттеуші, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы
Оқу үдерісін басқаруда оқушының іс-әрекетін ұйымдастырушы, кеңесші
Мұғалімнің функциясы
Білімді беру
Оқушыны өсіру
Мұғалім мен оқушының қарым - қатынасының стилі
Монологты (мұғалім тарапынан)
Диалогты
Оқыту әдісінің басымдылығы
Ақпараттық
Проблемалық - ізденушілік
Сабақты ұйымдастыру формасы
Фронтальды, топтық
Дара, топтық
Физикалық шығармашылық есептерін жалпы үш түрге бөлу қабылданған. Не істеу керек? деген сұраққа жауап беретін зерттеушілік есептеріне және Қалай істеу керек? (В.Г Разумовский., Р.И.Малафеев) деген сұраққа жауап беретін құрастыру есептеріне. Одан кейінгі кезеңде шығармашылық есептерді тапқырлық есептер тобына ажырату пайда болды (Г.С.Альтшуллер). Мұнда физикалық эффектілердің үйлесімділігін пайдалана отырып, техникалық шығармашылықтан теорияға көшу ұсынылады. Одан кейін шығармашылық есептер оқыту үдерісіне қатысты шығармашылық ұғымымен бірге қарастырылып, толықтырылды.
В.Л. Данилов: Кез-келген шығармашылық есептің кілті болып табылатын қандай да бір формула немесе схема болмайды. Дайын формуланың немесе кілттің болуы есептің шығармашылығын, жалпы шығармашылық ойлауды жоққа шығарған болар еді деген пайымдайды. Егер шығармашылық есепті шығару үдерісі мұғалімнің ешбір басқаруынсыз жүргізілетін болса, онда бейберекетсіз іс-әрекеттерді тудыратын, нәтижесінде есепті шығарудың тәсілдерін іздеуден бас тартуға соқтыратын жағдай пайда болады. Ал мұндай жағдайлардың жиі қайталануы оқушылардың қызығушылығын ғана емес, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімсіздіктерін туғызады.
Шығармашылық есептердің мазмұнымен және оларды орындау әдістемесімен айналысып жүрген физик-әдіскерлердің (В.П. Басаргин О.Ю. Овчинников, Д.В. Богоявленская, Н.Н. Тулькибаева, А.В. Усова) барлығына ортақ ой - шығармашылық есептің нақты анықтамасы жоқ. Есептің бір оқушы үшін шығармашылық, ал келесі бала үшін қарапайым болатынын үнемі есте ұстаған жөн. Оқу-танымдық іс-әрекеттің арқасында ғана оқушы әлемді, табиғатты, оның заңдарын танып білуінде жаңалықтар ашады, бірақ мұндағы айырмашылық − осы жаңалықтардың субъективтік сипатта болуы. Осы орайда іс-әрекетті бағалаудың критерийі ретінде жалпы жаңашылдықты емес, жаңашылдықтың тек білімге қатыстылары ғана алынады.
Есепті шығаруында оқушының өзі үшін жаңа болып табылатын жаңашылдыққа мұғалім үнемі назар аударып, оның іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы мен басқарылуына жауаптылықпен қарағаны жөн. Осы жерде, егер қарастырылып отырған есептің шешімін шығармашылық деп қарастыратын болсақ, онда физикадағы кез-келген есептің шығарылу нәтижесі шығармашылық болмай ма? - деген сұрақтың тууы заңды. Осы сұраққа жауап беру үшін келесі есептерді қарастырайық:
1) Изоляцияланған тұтқаға зарядталған металл шар бекітілген. Шариктің зарядын өлшеу үшін ондағы барлық зарядты толығымен электрометрге беру керек. Осыны тәжірибеде көрсетіңдер.
2) Қандай әдіспен зарядталған өткізгіштің барлық зарядын басқа өкізгішке беруге болады?
Осы екі есептің шешімдерін шығармашылық деп қарастыруға бола ма? Егер есептердің ұсынылып отырған шешімдерімен оқушы бұрыннан таныс болмаса, онда бұл сұраққа нақты жауап беруге болар еді. Шындығында, шешімі бұрын белгісіз болған кез-келген есептің (ол физикалық, математикалық, химиялық және т.б. болсын) шешімінің табылуы адам шығармашылығының нәтижесі болмақ. Ал, бұл шешімдердің бұған дейін белгілі болғандығынан ештеңе өзгермейді. Мұнда ең басты мәселе − шығармашылықтың белгісі ретіндегі жаңашылдықтың оқушы үшін субъективтік сипатта болуы.
Бірінші есептегі тапсырманы орындау оқушы үшін аса шығармашылық іс-әрекетті қажет етпейді. Себебі, есептің шартында жасырын немесе белгісіз жатқан физикалық заңдылық жоқ. Тапсырма әдеттегі іс-әрекеттер арқылы орындалады.
Екінші есеп қарапайым жолмен берілсе де, тапсырманы орындау үшін оқушыдан ақыл-ойдың және іс-әрекеттің кейбір амалдарын білуін қажет етеді. Мысалы, оқушы электр зарядының бөліну заңдылығын және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Оның үстіне есеп шартында керекті құралдар аталмайды, оны оқушы өз пайымдауынша таңдап алады.
Зерттеу жұмысымыз физика курсының Электродинамика негіздері бөлімі бойынша жүргізілді. Бұл бөлім келесі құрылымда (1.2 кесте) оқытылды: электромагниттік өріс және электр заряды туралы түсінік; өріс пен заттың электрлік және магниттік қасиеттерінің өзара әсері; ток заңдары мен электр тізбегі; электродинамиканың негізгі техникалық қолданылулары.
1.2 кесте. Электродинамика негіздері бойынша шығармашылық есептердің мазмұндық топтамасы
№
Есептер топтары
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар
1.
Заттың түрлі құрылымдық формаларының ерекшеліктерін айқындайтын есептер
Электромагниттік өріс, электр заряды, ток заңдары
2.
Физикалық құбылыс пен объектілердің белгілері мен мәндерін айқындайтын есептер
Өріс пен заттың қасиеттері, заттың электрлік және магниттік қасиеттері және олардың өзара
әсерлері
3.
Компьютерге бағдарланған есептер
Электр өрісінің кернеулігін; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануында жалпы кедергіні; электр тогының энергиясының құнын есептеу; екі шаманың тәуелділігін негіздеу және т.б.
4.
Физикалық заңдарды меңгеруге бағытталған есептер
Зарядтың сақталу заңы; тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңы; Джоуль-Ленц заңы, Фарадей заңы, т.б.
5.
Физикалық теорияның негізгі қағидаларын айқындайтын, физикалық құбылыс пен объектілердің қасиеттерін түсіндіретін және теорияның пайдалануын тағайындайтын есептер
Электр, магнит өрісінің бар болуы; электр өрісінің потенциалдылығы; электр тогының түрлі ортада таралуы; электролиз заңының техникалық қолданысы және т.б.
6.
Приборлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастыратын есептер
Электр тізбегін құрастыру; электрөлшеуіш приборлар.
7.
Зерттелетін құбылыс пен объектілерді бақылауды ұйымдастыруға бағытталған есептер
Электр зарядының бөлінгіштік қасиеті; электр тогының жұмысы мен қуаты; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануы; электр тогының түрлі әсерлері және т.б.
Белгілі әдіскер Л.И Иванованың есепті шығаруға қатысты: ...есеп шығару сабағы көбіне оқушылардың бірсарынды іс-әрекеттерін қалыптастырып, оларды шаршатып жібереді... деген пікірі орынды. Бұл ойды Бүгінгі сабақта не өттің? деген сұраққа көп жағдайда оқушының: Ештеңе де, тағы да есептер шығардық деп жауап беруі растайды. Осыған орай сабақта әртүрлі шығармашылық есептерді ұсыну сабақтың өне бойында оқушылардың қызығушылығының жоғалмауына мүмкіндік береді.
Оқытуда абстракциялау немесе нақтылау арқылы, тұрмыстық терминдерді физикалық түсініктермен алмастыру немесе керісінше, есеп мазмұнында берілгендердің құрамын (жасырын, толық емес, берілгендерсіз) және есептің шарты мен талабын өзгерту арқылы шығармашылық есептерді түрлі мазмұнда ұсынуға болады. Мұндағы есептің қиындық дәрежесі айнымалы шама ретінде: қиын деп саналатын есеп бір оқушы үшін оңай болса, керісінше, екінші оқушы үшін қиын болуы мүмкін.
Осы айтылғандарды негізінде физикалық шығармашылық есептердің мазмұнын құрастыруда келесі критерийлер басшылыққа алынды:
-шығармашылық есептер мазмұнының оқу үдерісінде проблемалық, дамыта оқыту принциптерін жүзеге асыратындай болып құрылуы;
-шығармашылық есептер мазмұнының оқу бағдарламасында берілген оқу материалынан асып кетпеуі;
-шығармашылық есептерді шығару үшін оқу бағдарламасынан тыс жатқан ұғымдардың және заңдылықтардың қажет болмауы;
-шығармашылық есептер мазмұнының бағдарлы болуы, яғни физикалық білімнің өндірістегі, өнеркәсіптегі, техникадағы, табиғат құбылыстарындағы, үй-тұрмысындағы орнын көрсету мен айқындау мақсатын көздеуі;
-шығармашылық есептер мазмұнының оқу материалының бірыңғай мазмұнымен тұтас байланыста болуы әрі оқушының дара-тұлғалық, психологиялық және іс-әрекеттік құрылымының ерекшеліктерін есепке алып іріктелуі;
-шығармашылық есептерді құрастыруда ғылым мен техника жетістіктері және алдыңғы қатарлы озық тәжірибе нәтижелерінің ескерілуі;
-шығармашылық есептер мазмұнының ақыл-ой мен іс-әрекеттің түрлі амалдарын меңгеруге мүмкіндік беруі.
Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруына қажетті теориялық және практикалық біліктіктерге жасалған талдаулар негізінде және ...есепті шығару нақты ой операцияларынсыз мүмкін еместігін (Браверман Э.М.) ескере отырып, енді шығармашылық есептердің шығарылуына қажетті амалдарына тоқталайық.
Талдау. Бұндай біліктікті төмендегі тектес тапсырмалар қалыптастыра алады:
-ұсынылып отырған объектілер немесе параметрлердің ішінен біреуін таңдау;
-есептің құрамындағы негізгі ойды бөліп қарау, математикалық қорытынды жасау, дәлелдеу, тарихи мәліметтерді атау және т.б.
-машиналардың, двигательдердің, беріліс механизмдерінің жұмыс жасау принципін ажырата білу; ал электрлік схемаларда - ток көзін, электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды, өлшеуіш приборларды көрсету;
- есептің шартын талдау және "оқиғаға" қатысып отырған денелерді көрсету, олардың әрқайсысының қандай күйде болатынын суреттеу;
- байқалып отырған физикалық үдерісте себеп пен салдарды көрсету;
-жұмыстың анағұрлым маңызды кезеңдерін көрсете отырып, зерттеу жоспарын құру[1,3,19,27].
Жинақтау. Осындай біліктіктің қалыптасуына төмендегідей тапсырмалар себебін тигізеді:
-құбылыстардың түрлі аспектілері қарастырылатын жеке тәжірибелерден жалпы қорытынды жасау (мысалы, металдардың өткізгіштігінің температураға байланыстылығы);
-түрлі есептерді шешу үшін әртүрлі оқу жағдайларын туғызу; немесе реферат жазу.
Топтау. Бұл әдіс амалын орындауға мынандай тапсырмалар үйретеді:
-түрлі ақпараттық көзден алынған мәліметтерді, тұжырымдалар ішінен нақты үдерістерді сипаттайтындарын таңдап алу керек (мысалы, тізбек бөлігі немесе тұйықталған тізбек үшін Ом заңын таңдап алу);
-ұсынылып отырған физикалық жабдықтарды топтай білу -өлшеуіш приборларын бір топқа, физикалық-техникалық қондырғыларды екінші топқа жатқызу;
-шығармашылық есептерді шығару нәтижесінде алынған физикалық заңдардың, құбылыстардың, үдерістердің практикалық қолданылуын жан-жақты қарастыру (табиғаттағы, адам өміріндегі, тұрмыстағы, өндіріс пен техникадағы қолданыстарын);
Индукция. Бұл біліктік амалын мынандай тапсырмалар дамытады:
-бірнеше эксперименттер немесе бақылаулардан қорытынды жасау (мысалы, қайсібір физикалық құбылыстардың немесе оның пайда болу шарттары туралы);
-бір проблема бойынша келтірілген фактілерден қорытынды жасау;
Дедукция. Осы біліктікті қалыптастыру үшін мынандай тапсырмаларды орындаған пайдалы:
-теорияны пайдалана отырып, сөйлемді толықтыру (егер...), мысалы электрондық теорияға сүйене отырып, дененің қандай күйде болатынын болжау;
-теория негізінде оқушының қайсыбір қойылған мәселе бойынша өз ойын айтып, пікір таластыруы;
-шығармашылық есептердің берілу сипатына қарай оқушылардың түрлі долбарлар мен болжамдар ұсынуы;
Жалпылау. Бұл біліктікті қалыптастыруға мынандай тапсырмаларды орындау қажет болды:
-теорияның негізін (анықтама, ұғым, түсінік, идеалды модель және т.б.) ядросын (постулаттар, заңдар, тұрақтылар), салдарын (формула-салдар, практикалық қолдану және олардың байланысы) бөліп көрсете отырып, теорияның құрылымдық сызбасын жасау;
-есепті шығарудың құрылымдық логикалық жүйесін құру, яғни тапсырманы орындауда іс-әрекеттің тізбегін бастапқы жағдайдан шығарып түзу.
Оқушылар меңгеруіне тиісті практикалық біліктіктерге қатысты мына фактіге назар аударған дұрыс: практикалық біліктіктің көптеген амалдары жоғарыда аталған ой операцияларымен тікелей байланыста бірлесе өрбиді. Мысалы, эксперименттің орындалуы; в) өтіп жатқан өзгерістерді қалай тіркеу керектігі, яғни қай жерге қандай индикаторларды қою керектігі; индукция: мәліметтерді таңдап алу барысында басқа операциялармен қоса келесі амалдар орындалуы қажет: 1.талдау а) тәжірибеде қандай компонентті ауыстыру, ал қайсысын тұрақты қалдыру керектігі, б) себептердің және салдарлардың қай жерде екендігін тағайындау үшін қорытынды тұжырымдау үшін; 2.синтез: ақпараттық немесе ауызша жауап даярлау және т.б.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, есептердің мазмұнындағы қарама-қайшылықтарды шешудің логикалық ізденісті тудыратыны (Э.М.Браверман, А.С.Сиденко) жөніндегі ойды дамыта отырып, біз шығармашылық есептерді келесі түрлерге ажыраттық. Логикалық-ізденушілік, зерттеушілік, құрастыру есептер. Мұнда логикалық есептерге шығарылуы үшін логикалық операцияларды керек ететін есептерді жатқыздық. Шығармашылық есептердің бұл түрі есептерді шығару үшін қажетті логикалық әдістерді меңгеру қажеттілігі айқындайды. Өйткені шығармашылық есептерді шығару кезінде ойлау үдерісінің логикалық және шығармашылық компоненттері анағұрлым қарқынды дамитын болады. Ұсынып отырған шығармашылық есептердің классификациялануы төмендегідей:
Логикалық-ізденушілік:
1. Белгілі салдарлар бойынша себепті табу.
2. Белгілі себептер бойынша салдарды жобалау.
3. Қайсыбір физикалық заңдылықты, құбылысты алуға жетелейтін шарттарды көрсету.
4. Өзгермелі шарттарда құбылыстың өту барысын болжау.
5.Құбылысты түсіндіруге арналған есептер.
6.Дәлелдеуге арналған есептер.
Зерттеушілік:
1. Құбылыстарды бақылау мен талдау.
2. Құбылысты эмпирикалық түсіндіру.
3. Табиғат құбылыстарын теориялық түрде түсіндіру.
Құрастыру:
1.Құрастыру идеясын ойлап табу.
2. Берілген схеманы жетілдіру.
3. Тәжірибені ойластыру және орындау.
4. Тәжірибенің жаңа нұсқасын ойлап табу.
Компьютерлік:
1. Есептің алгоритмін құру.
2. Екі физикалық шаманың функционалдық тәуелділігін тағайындау.
Физикалық шығармашылық есептерің мазмұны оларды оқытудың кез-келген кезеңінде пайдаланатындай етіп құрастырылды. Төменде осы кезеңдер туралы тоқталып өтейік.
Қабылдау − бұл оқушының құбылыстар немесе нысаналарды толығымен өз санасында сыртқы байланыстармен бірге бейнелеуімен сипатталатын білімді меңгеру үдерісі. Оқушыны оқу материалын қабылдауға даярлау үшін оларды нақты білімге ие болуға құштарлығын ояту керек. Бұл құштарлық шығармашылық есептердің дұрыс қойылуы арқылы туындайды, мұғалім оқушының ақыл-ой қызметін белсендіріп, жаңа материалды меңгеруге зерттеу тұрғысынан келуге жетелейтін түрлі сұрақтар мен проблемалық ситуациялар тудырып отырады.
Пайымдау кезеңінде логикалық-ізденушілік есептері қолданылды. Есептердің мазмұнында қамтылған сұрақтар арқылы оқушылардың іс-әрекеті оқу материалын жіктеп меңгеруге бағытталады. Пайымдау аналитикалық-синтетикалық іс-әрекеттермен байланысты, құбылыстардың өзара байланысының себеп-салдарын түсінуге үйретеді.
Білімді бекіту кезеңінде пайдаланатын есептер білімді түсінуге негізделген бекіту үдерісіне сай болады. Түсіну, есте сақтау − білімнің толық, мықты меңгерілуіне себептеседі. Ал бұл өз кезегінде бұрынғы білімді анағұрлым терең, жаңа қырынан түсінуге және пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезеңде пайдаланатын шығармашылық есептер білімді кеңейтуге, біліктік пен машық-дағдыларды байытуға бағытталғаны жөн.
Білімді практикада қолдану кезеңі оқыту үдерісінде жетекші орынға ие, себебі оқушылардың есеп-тапсырмаларды орындаудағы жан-жақты іс-әрекеттері үлкен ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге асады. Шығармашылық есептер алған білімді шығармашылықпен қолдануға және сол арқылы олардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. 1.3 кестеде осы есептердің оқыту кезеңдеріне сай мақсатты берілуін қарастырамыз[1,3,19,27].
1.3 кесте. Түрлі шығармашылық есептердің енгізілу мақсаттары
Оқыту үдерісінің кезеңдері
Логикалық-ізденушілік
Зерттеушілік
Құрастыру
Компьютерлік
Қабылдау
Проблемалық ситуацияларды туғызу. Жеке-дара, нақты құбылыстарды қабылдау негізінде жалпыны, маңыздысын табу
Жаңа, әлі белгісіз құбылыстар мен үдерістерді бақылауды ұйымдастыру
Меңгерілген оқу материалынын практикалық маңызын көрсету
Оқу материалын еске түсіру, қайталау
Пайымдау
Оқу материалын анағұрлым терең түсіну, ой операцияларын пайдалану: анализ, синтез, жалпылау, т.б.
Теориялық және эмпирикалық зерттеулер негізінде құбылыстың мәнділігін түсіну
Есептің талабына сай практикалық амалдарға тоқталу
Алгоритмін құру машық-дағдыларның дамытылуы
Біліктік пен машықтарды игеру
Табиғаттағы құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде біліктік пен машық- дағдылардың қолдануы
Зерттеу біліктіктері мен машық дағдылардың қалыптасуы
Құрастырушылық біліктіктері мен машық-дағдылардың қалыптасуы
Қолданбалы программамен жұмыс жасаудың машық-дағдылардың қалыптасуы
Бекіту
Түсінуге негізделген оқу материалын есте сақтау, бұрынғы білімге анағұрлым тереңдеп бойлау
Алынған мен теориялық және тәжірибелік расталынуы
Практикалық жұмыстардың байытылуы
Білімнің жан-жақты қалыптасуы, тереңдеуі
Қолдану
Алынған білімнің шығармашылықпен қолдануы
Мұнда басқарушы әрекеттер мен басқарушы операциялар құрамына кіретін әрбір операция танымдық амалдармен шектеседі.
Әртүрлі логикалық ой операциялары мен іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуде оқушылар бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттері қалыптасып, физикалық түсініктердің мазмұны тереңдейді. Есептердің қолайлы іріктеліп, таңдалып алынуы оқушыларды әртүрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелейді, оқу материалын көзсіз жаттап алудан сақтандырады, физикалық ситуацияларды талдау біліктілігін қалыптастырады және есептерді шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңіреді.
Келесі қалыптастырушы кезеңде қызығушылықты арттыруға себептесетін шығармашылық есептердің мазмұнын таңдауды анықтау мақсаты қойылды. Қызығушылықтың қалыптасуы мен жоғарылау жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері шығармашылық есептер шығару кезінде оқушыларға оқу және ақыл-ой әрекеттерінің амалдарын өзара байланыста меңгерту қажеттілігіне алып келді.
Эксперименттің келесі кезеңі оқыту сипатында болды. Сынып мұғалімдері біз жасаған шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемелік нұсқауларымен қамтамасыз етілді. Бұл кезеңде мұғалімдер келесі негізгі бағыттарды ұстанды: ұсынылып отырған әдістеме арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын ояту; сол арқылы оларда шығармашылық есептерді орындауға ықыласының болуы, соңғы нәтижені алуға ұмытылуы; есептерді шығаруда оқушылардың іс-әрекеттерінің тізбектей дамуы; таңдап алған тақырып бойынша әрбір физикалық білімді шығармашылық есептерді шығарудың нәтижесі ретінде қарастыру; оқушының өзін жеңімпаз сезімін қамтамасыз ету, бұл оқушылардың берілген тапсырманы орындауда, яғни, нәтижеге жетуде өзіне сенімі артып, мақтаныш сезімге бөлейді; оқушының жұмысын бағалау оның жұмысының соңғы нәтижесіне емес, сол нәтижені алу үдерісі үшін қойылуы керек, ал бұл өз кезегінде оқушының өзін басқа оқушылармен емес, өзімен, өзінің кешегі күнімен салыстыруына мүмкіндік берді [28-30].
Эксперимент барысында шығармашылық есептерді шығаруда қалыптасатын біліктердің өзгерісін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін бірнеші бақылау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар есептерді шығаруда келесі амалдарды меңгеруге тиісті болды (1.4 кесте).
1.4 кесте. Оқушылардың стандарт және шығармашылық есептерді шығаруында меңгеруге тиісті амалдар мазмұны
Амалдар мазмұны
Стандарт есептер
Шығармашылық есептер
Есептің берілгенін жазу.
Есептің шарты мен талабын көрсету.
Есептеу формуласын жазу.
Есепті жалпы түрде шығару.
Белгісіз шаманы табу.
Атаулармен жұмыс.
Есептің жауабын көрсету.
1.Есептің нысаны мен құбылыстарды көрсету
2.Есептің берілген сипаттамаларын көрсету.
3.Есептің шартын көрсету.
4.Физикалық құбылысты негіздеу.
5.Есепті шығарудың болжамын ұсыну.
6.Қажетті суреттерді, сызбаларды орындау.
7.Есепті шығарудың нақты тәсілін көрсету.
8.Есептің мазмұнына, объектілерге талдау жасау.
9.Есеп нәтижесін логикалық өңдеу.
10.Тапсырманың экспериментте орыналуы, жұмыс жоспарын белгілеу.
11.Құбылыстың, объектінің практикалық қолданысын тағайындау.
12.Есептің алгоритмін құрастыру.
13. Физикалық шамалардың функционалдық тәуелділігін
графикалық тәсілмен тағайындау.
Оқушылардың пәнге қызығушылығы олардың оқу-танымдық іс-әрекеттері мен білім деңгейіне сәйкес (Г.И.Щукина) анықталатындығы, бізге оқушылардың үлгерім сапасын үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік берді
Жалпы эксперименттік жұмыстың нәтижесін талдағанда оқушылардың физика пәніне қызығушылығы оянып, теориялық білімдерімен қоса практикалық жұмыс жасау дағдыларының да артқаны анықталды[1,3,19,27].
1.2 Шығармашылық есептердің қойылуы мен шығару әдістемелерін талдау
Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады. Бұл орайда шығармашылық тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Үй тапсырмасына шығармашылық тапсырмалар беру оқушының біршама қабілеттерін және шеберліктерін дамытады және осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Физика есептерін шығару оқушылардың оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады, олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар, есептерді шығару оқушылардың өздігінен ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру құралдарының бірі болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі. Есеп шығару - оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады. Себебі, ол физикалық ұйымдарды қалыптастыруға оқушылардың физикалық құбылыстарды ойлау қабілетін дамытуға, оны практикада қолданып білуге үйретеді . Білімді игерудің нәтижелілігі таным үдерісіне адамның әртүрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор. Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің түсіндіруімен алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі күнге мектепте сабақтағы белсенді бірде-бір тұлға - оқу материалын түсіндіруші мұғалім, ал оқушының ролі тыңдаумен, оқумен және оны білімді тексеру кезінде қайта айтып берумен шектеледі. Шығармашылықты арттырудағы басты мәселе - есептің шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік арқылы жеңу.
Толғандыратын мәселе (шығармашылық есеп, зертханалық жұмыс, шығармашылық тапсырма, т.б.) оны толық билеп, күші мен назары соған ауады. Адам басқа жұмыстармен шұғылданса да, оның сана түкпірінде осы мәселенің шешімі қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы шығармашылық қызметтің тәжірибесіне байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір апта немесе одан да көп уақытта шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепті міндетті түрде шығарады, тек ешкімнен көмек сұрамауы маңызды. Шығармашылық қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да тез шығарылатын болады.
Шығармашылық қабілеттерін арттыруда шығармашылық тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы төмендегідей болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер .
Мұғалімнің үйге шығармашылық- тәжірибелік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреді (кітапты оқыту, есеп шығару), екіншіден оқушының алдына тек қана өздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды[6-7].
Үй тапсырмасына шығармашылық-тәжірибелік тапсырмалар беру оқушының мынадай
қабілеттерін және шеберліктерін дамытады:
-Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажырата білу, зерттеу, эксперимент нәтижелерін жазу және қорытындылау).
- Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін
құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру).
-Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау).
-Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.) [9-15].
Физикалық шығармашылық- тәжірибелік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады, өйткені мұнда жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі. Үйге берілетін тәжірибелік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:
- тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
-физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы;
-функционалдық тәуелділікті анықтау;
- физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін
түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр - дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);
- тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және
есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының - үтіктің, электр плитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);
- техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибеде тексеріп, құбылысты түсіндіру керек) [21,22].
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Үйде оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі.
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушылардың өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық пен реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Шығармашылық-тәжірибелік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады. Шығармашылық- тәжірибелік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу мен баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті қою және өлшеулер жүргізу маңызды .
Есеп түріндегі тапсырмаларды шешу мен жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру[2].
Жоғарыдағыдай, үй тәжірибелерін орындау оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен логикалық түрде байланыстырады.
Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді. Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді. Шығармашылық- тәжірибелік есептердің бағалы жері - ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады. Тіпті оңай деген тәжірибелік тапсырманың өзі зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды[8,13].
0.3 Шығармашылық есептердің мәні, классификациясы
Шығармашылық есептердің мәні.
Шығармашылық есептер мәтінді есептерге қарағанда, дайындыққа және шешуге көп уақыт қажет етеді, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар экспериментті тұрғызуға дағдылану керек. Мұндай есептерді физиканы оқытудың сапалық жағына оң әсерін тигізеді. Шығармашылық есептердің артықшылықтары:
-Барлық эксперименттер сияқты шығармашылық есептер оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін едәуір көтереді, логикалық ойлау қабілетін арттырады, құбылысқа анализ жасауға үйретеді, сабақта алған практикалық дағдысын ескере отырып оқушы терең ойланады. Шығармашылық есептерді шешу оқушыларды бірлікке ұмтылуға, өз күштерімен білімді игеруге, дүниені тануға құлшынып ұмтылуға тәрбиелейді.
- Шығармашылық есептер оқушыларға шынайы білім алуға үйретеді, шығармашылық есептерді шеше отырып, оқушылар нақты мысалдарға көз жеткізеді, атап айтқанда, практикалық сұрақтарды шеуге өз білімдері сай екендігіне, бұл білімнің көмегімен физикалық құбылыстарды байқауға, оның заңдылықтарымен физикалық құбылыстарды басқаруға болатындығын және т.б. Осылай теориялық және кітаптардағы болжамдар нақты шын мәнге ие болады. Шығармашылық есептерді шығару оқушыларға берік негізі бар білім алуға, бұл білімді практикада да өмірде де қолдануға үйретеді.
- Шығармашылық есептерді шығару және шешімін тәжірибе жүзінде тексеру, оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне, алған білімдеріне әрқашан толық сенуге, практика мен тәжірибе теориялық білімнің критериясы екендігіне, практика жүзінде тексерілген білім адамға ең қымбат білім екендігіне көздерін жеткізеді. Қиын практикалық есептерді шығарғанда, қоршаған құбылыстарды тануға эксперименттің үлесі жоғары.
- Шығармашылық есептерді шешуде оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуі, оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұнда оқушылар есеп жоспарын құрып қана қоймай, сонымен қатар кейбір мәтіндерді есептеу жолдарын қарастыру, өз беттерімен құралдарды жинау зерттелетін құбылысқа сай құралдарды таңдап алу, конструкциялау керек.
- Шығармашылық есептерде талдау оқушыларды өлшеу нәтижелерін дәлдікпен алуға жүргізілетін эксперименттердің берілгеніне мұқият мән беруге үйретеді. Практикада олар өлшеу нәтижелерінің әрқашанда жуық екендігіне және оларға әртүрлі себептер әсер ететіндігіне көз жеткізеді. Сондықтын, эксперимент жүргізгенде барлық зиянды нәрселерді болдырмау керек.
- Шығармашылық есептердің ерекшелігі олар шын мәнінде берілімдері толық емес есептер болып табылады. Мұндай есептер, оқушылар өмірде кездестіре алатын құбылыстарға елеулі түрде жақын болып келеді[1].
Шығармашылық есептердің қойылуы.
Физиканы оқытуда шығармашылық есептердің маңызы зор. Өйткені онда оқушылар мен табиғат арасындағы тығыз байланыс байқалады. Физика сабақтарында көптеген тәжірибелер көрсетсек те, таным процесінің барлық этаптарын қамти алмайды, оқушылардың практикалық мәселелеріне жауап алатындай білімдері жеткіліксіз болып табылады.
Мұғалім тақырыпқа қатысты тәжірибенің құрылысын талдап қана қоймай, ол қажеттіліктен туындайды:
1) жаңа құбылыстарды көрсетеді;
2) берілген құбылыстардың заңдылықтарын құру;
3) теориялық қорытындының нәтижелерін практикада тексеру.
Шығармашылық есептердің қойылымы оқушыларға қозғалыстағы физикалық заңдарды көрсетеді, табиғаттағы заңдардың объективтілігін, нақты орындауға түсіндіреді.
Оқушылар алған білімдерін практикалық мәселелерді шешуге қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мектеп практикасында эксперименттік есептердің қойылымын көбірек жүзеге асыруға болады. Есептің берілгенің оқушылар өздері тәжірибеден алатын, ал дұрыстығын құралдармен тексеретін эксперименталды есептердің маңызы зор. Мұндай жағдайларда оқушылардың физика курсында алған білімдерінің маңызы мен қолданылуының ролі артады. Шығармашылық есептерді шешу оқушылардың физикалық заңдылықтарының мағынасын керемет түсінуге көмектеседі. Шығармашылық есептерді қою оқушының дұрыс және толық алмаған білімдерін алуға көмектеседі.
Әсіресе, сапалық тәжірибелік есептердің қойылымында зерттелетін құбылыстың дәл өзі уақытында орындалуы және сол уақытта шешу керек екендігі үлкен роль атқарады[4,21].
Бұл есепке деген қызығушылықты арттырады, оны шешуге деген жауапкершілікті оятады[3].
Шығармашылық есептердің классификациясы.
Шығармашылық есептер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сапалық есептер - шешіміне есептеу талап етілмейтін тапсырмалар оқушылар оқылған физикалық заңдылықтарды пайдаланып, оны есепте сөз болып отырған құбылысты талдауға қолданады.
Сандық есептер. Есептердің бұл түрі математикалық есептеуді қажет етеді. Дұрыс іріктеп алынған жағдайда мұндай есептер оқушылардың бойында ұтымды білімнің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Мұндай есептер мұғалімдер қолданып жүрген барлық есептер жинқтарында анағұрлым толық түрде берілген.
Шығармашылық есептерді эксперимент жүргізілетін жеріне; қиындық деңгейіне қарай бірнеше топтарға бөлеміз:
- Керекті физикалық өлшемдерді өлшеу арқылы есептің жауабын аламыз, немесе құрал-жабдықтардың құжаттарында көрсетілген мәндерді қолданып (реостаттар, шамдар, электроплиталар және т.б.) немесе эксперимент арқылы бұл мәндерді тексереміз.
- Нақты физикалық өлшемдерге байланысты және тәуелділікті орнататын оқушылардың өз беттерімен шығарған есептері.
- Берілуінде тәжирбені жасау жолдары көрсетілген, ал оқушы нәтижесін айтуға тиіс. Осындай есептер оқушылардың өз пікірін айтып үйренуге тәрбиелейді.
- Шығармашылық есептерді шығару кезінде қандайда бір физикалық құбылысты түсіндіру арқылы орындала отырып, белгілі бір жағдайда құбылыстың қалай өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Мұндай есептердің мазмұнында сан мәлметтер болмайды, ол негізінен физикалық құбылыстың мағынасын ашуды мақсат етеді.
- Нақты практикалық сұрақтарды шешетін өндірістік мазмұндағы есептер. Бұндай есептерді экскурсияларда, мектеп шеберханаларында, сондай- ақ сабақтарда әр түрлі құрал- жабдықтарды және техникалық модельдерді қолдану арқылы есептейді.
Шығармашылық есептерді шығару жолдары.
Білімді игерудің нәтижелілігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе- бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдауы арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.
Шығармашылық есептердің шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық шамалар берілсе және жауабын тәжірибеде тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Шығармашылық есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті қою және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі тәжірибелік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды талдау, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеде тексеру.
Есепті қойылуынан кейін бірден тәжірибені орындауға көшеді. Өтіп жатқан құбылысты бақылайды. Содан кейін оны теория жүзінде түсіндіреді[20].
1.4 Демонстрациялық тәжірибелер арқылы оқушылардың шығармашылық ойлаулары мен қабілеттерін дамыту әдістері
Физика сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту үшiн эксперимент үлкен мағынаға ие болады.
Эстетикалық жабдықталған және жақсы дайындалған демонстрациялық тәжiрибелер әрқашанда оқушыларда қызығушылықты тудырады.
Қою тәсiлiмен ерекшеленетiн немесе кездойсоқ нәтижелердi беретiн қызықты тәжiрибелер анағұрлым қызу әсердi туғызады. Мысалы, "Атмосфералық қысым" тақырыбын өту кезiнде "Ауыр газет" тәжiрибесi үлкен қызығушылықты туғызады. Жақсы тегiстелген газет парағы бiр ұшы үстел шетiнiнен шығып тұрған сызғыш үстiне жайылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz