Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді
Педагогика және психология
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының
жетекшісі_________________ п.ғ.д., профессор Көшербаева А.Н.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері

5В010300 - Педагогика және психология білім беру бағдарламасы

Орындағандар: Мархмадова Ж.Қ.,
Айдосқызы Э.,
Рыскелді Қ.Қ.

Ғылыми жетекші: Байдалиев Д.Д.
п.ғ.к., аға оқытушы

Алматы, 2022

Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары


Жұмыс түрлері
Уақыты
Орындалуы туралы белгі
1
Зерттеу бағдарламасын құру

Қыркүйек 2021
орындалды
2
Тақырыпты аналитикалық шолу
Қазан 2021
орындалды
3
Бастапқы эмпирикалық деректерді жинау
Қараша 2021
орындалды
4
Алынған ақпаратты өңдеу және талдау
Қараша 2021
орындалды
5
Жобалау- есептік жұмыстарды орындау
Желтоқсан 2021
орындалды
6
Дипломдық жобаның мәтіндік бөлімін дайындау және безендіру
Қаңтар 2022
орындалды
7
Көрнекілік (графикалық) материалдарды дайындау және рәсімдеу
Ақпан 2022
орындалды
8
Жобаның тәжірибелік жұмысын жазу
Наурыз 2022
орындалды
9
Диплом жобасын алдын ала қорғау
Мамыр 2022
орындалды
10
Диплом жобасын қорғау
Маусым 2022
орындалды

Тапсырма берілді 20 қыркүйек 2021ж.

Ғылыми жетекші: __________________Байдалиев Д.Д.

Студент: Мархмадова Ж.Қ.
Студент: Айдосқызы Э.
Студент: Рыскелді Қ.Қ.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1. Қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың теориялық мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2. Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
3. Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері және тәжірибе нәтижелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОСЫМШАЛАР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27

Кіріспе
Жобаның өзектілігін және оның жаңалығын негіздеу.
Қазіргі жаһандық бәсекелестік орын алған тұста еліміздегі басқа салалармен бірге білім беру мен ғылымды дамыту ісінде де біршама өзгерістердің орын алып отырғандығы белгілі. Кемел келешегіміздің ертеңі жас ұрпақ болғандықтан басқа салаларға қарағанда білім беру ісі мемлекет және қоғам тарапынан назар аударылып, бастапқы орындарға шығып отыр. Соңғы уақыттағы әлем елдерінде орын алып отырған, сын - қатерлер мен пандемия жағдайлары білім беру ісіне жаңаша реформалар мен қашықтықтан оқытудың заманауи үлгісінің қажеттілігін көрсетіп берді. Себебі пандемия әлем елдерінде сынақ кезеңіне айналған болатын. Шын мәнісінде білім саласы бойынша әлем елдері пандемия басталған тұста, қашықтықтан оқыту жүйесіне толықтай дайын болмаған еді. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев 2020 жылдың қыркүйек айындағы Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі атты Жолдауында, біздің елімізде қашықтықтан оқыту ісінде үкімет тарапынан көптеген қателіктерге жол берілгендігін айта келе, қазіргі уақытта осы бағыт бойынша нақты жүзеге асырылып отырған әрі білім алушылардың оқу сапасына жауап беретінде онлайн-платформаның әзір емес екенігін атап көрсетті. Жасыратыны жоқ, пандемия басталған тұста мұғалімдер мен ата - аналар, оқушылар арасында көптеген түсініспеушіліктер мен келеңсіздіктер орын алды. Осы орайда Мемлекет басшысы қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында заманауи процестерге жауап беретіндей білім беру платформасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен бірге Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев, Жолдауда елде жүзеге асырылып жатқан реформалардың табыстылығының негізі ретінде және әлеуметтік-экономикалық өміріміздің барлық салаларын дамытудың өзекті құралы - цифрландыру мәселесі туралы тұжырымдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы: Бұл ретте халықтың барлық жіктерінің цифрлық сауаттылығы мен білім деңгейін арттырудың маңызы зор. Қазіргі кезде, ең алдымен, цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету қажет - деп атап көрсетті.[1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, қашықтықтан оқыту жүйесіне байланысты педагогтар мен білім алушылардың қашықтықтан, онымен байланысты, қазіргі жаңа ақпаратттық инновациялық технология мүмкіндіктері мен коммуникациялық әдістерді жүзеге асырудағы өзара қарым - қатынаста іске асатын оқыту түрі екендігін тұжырымдаған.[2]
Жалпы педагогика тарихына көз жүгіртер болсақ, көбіміз ойлағандай, қашықтықтан оқыту жүйесі кейінгі жылдары ғана пайда болмаған. ХХ ғасырдың 20- 30 жылдары Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесімен бірге жұмысқа қабілетті ересектерді оқыту процесінде кешкі мектептерді өмірге әкелді. Осы жағдаймен байланысты жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың алғашқы үлгілері қалыптасты. Дегенмен, сол кезеңдерде қазіргідей жаңа компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктің болмауына байланысты, белгілі бір мерзімде ғана келіп оқуға мүмкіндік берілді.[11]
Бүгінгі таңда қашықтықтан оқытуда қолдана алатын технологияларды, электронды оқулықтардың негіздерін білмейтін педагог кәсіби ортадағы бәсекелестіктен айырылып қана қоймай, өзі оқытатын оқушы тарапынан қызығушылықтың жоқтығынан да кемшіліктерге тап болады.
Зерттеу мәселесіне талдаулар жасау барасында қашықтықтан оқыту жағдайына байланысты біршама еңбектер болғанымен, осы бағытта цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктеріне байланысты еңбектер жоқтың қасы. Осы орайда біз зерттеу жобасын Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері деп анықтауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктерін анықтап, мүмкіндіктерін тәжірибелік жолмен тиімділігін тексеру.
Зерттеу міндеттері:
- Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктерін анықтау;
- Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушыларына цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін қарастырып, тәжірибелік жолмен тиімділігін тексеру
Жобадан күтілетін нәтижелер:
- Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері анықталды;
- Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушыларына цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері қарастырылып, тәжірибелік жолмен тиімділігі тексерілді.
Жобаның мазмұны: Дипломдық жобаның құрылымы: кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Зерттеу ᴍәселесі бойынша ғылыми ǝдебиеттерге ᴛалдау жасау ʜегізінде, қашықтықтан оқыту жағдайынды цифрлық технологияларды қолдануға байланысты негізгі мәліметтер мен деректер сараланды. Сондай - ақ, зерттеу тақырыбының негізінде мектеп оқушыларының сапалық қасиеттерін дамытудың ерекшеліктері анықталып, әдістемелік ұсыныстар беріледі
Жобаны жасағандар:
1.Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологиялар кешенін құрастыру, тиімділігін дәлелдеу, оқушылардың сапалық қасиеттерін дамытудың ерекшеліктерін анықтап, тәжірибе жүзінде негіздеу - Айдосқызы Э., Рыскелді Қ.Қ;
2.Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолдануға байланысты әдістемелік ұсыныстарды тұжырымдау - Мархмадова Ж.Қ;
Жобаны іске асыру кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде, жобаның тақырыбы нақтыланып, мәлімет көздері жинақталды.
Екінші кезеңде зерттеу жұмысына байланысты цифрлық технологиялар кешені әзірленіп, оқу - тәрбие ісіне енгізіліп, тұжырымдар мен қорытындылар жасалынды.
Үшінші кезеңде зерттеу барысында алынған мәліметтер бір жүйеге келтіріліп, жинақталды. Мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар дайындалды және жоба талаптарға сай рәсімделді.
Жобаның даму перспективалары: Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолдануды іргелі ғылыми негізде жан - жақты зерттеп, тұлғалық сапаларды арттырудағы ерекшеліктерін дамыту бағытында жалғастыру.

1. Қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың теориялық мәселелері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазіргі білім беру саласындағы басым міндеттері ретінде, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік қасиеттерді, цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі тұжырымдалған болатын.[3] Елімізде 2017 жылдан бастап әлеуметтік-экономикалық салада заманауи цифрлық технологияларды енгізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.[4] Осы Цифрлық технология негізінде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруда білім беру жүйесінің педагогтары мен психологтарына да ерекше мән берілген.
Профессор Е.С.Полаттың анықтауынша қашықтықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы әрекеттесу үрдісін жүзеге асыратын бірізді жүйе деп қарастырды, ал оның ішінде оқу процесіне тән барлық компоненттер цифрлық технологиялар мен интерактивті технологиялардың негізінде дамиды.[5]
Отандық ғалымдардың еңбектерінде қашықтан оқыту оқушы мен оқытушының өзара мақсатты бағытталған толық емес жанама іс-әрекеті арқылы, оқушылардың орналасқан жеріне және уақытына да қарамастан педагогикалық түрде ұйымдастырылған ақпараттық технологиялардың негізінде, ең алдымен телекоммуникация құралдарын қолдануда жүзеге асырылатын білім беру технологияларының жиынтығы ретінде атап көрсетеді.[6]
Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бүкіл әлемдегі білім беру мекемелерін дамыту үшін жаңа құралдар береді.
Цифрландыру адамдарға күнделікті өмірде көбірек білуге және ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жинақталған тәжірибе мен біліммен алмасуға мүмкіндік береді.[12]
Цифрлық технологиялар - бұл деректерді құратын, сақтайтын немесе өңдейтін электрондық құралдар, жүйелер, құрылғылар және ресурстар. Белгілі мысалдарға әлеуметтік медиа, онлайн ойындар, медиа және ұялы телефондар жатады. Цифрлық оқыту - бұл технологияны қолданатын кез-келген оқыту түрі. Бұл оқу бағдарламасының барлық салаларында болуы мүмкін.[13]
Тәуелсіздік алғаннан кейін отандық ғалым А.С.Нұрбеков Қашықтықтан оқытудың теориясы мен практикасы атты монографиясын жарыққа шығарған болатын. Автордың тұжырымдауынша:
оқу жоспарының пәндік мазмұнын және курс дизайнын беретін, оқытуды ұйымдастыруды ерекше талап ететін модульдық құрылым;
интерактивтілік, яғни курс бойынша бағыттаушы түріндегі оқытушымен сұхбат, оқу уақытын жоспарлау, әдістемелік нұсқаулар, сұрақтар, тапсырмалар бойынша ұсыныстар;
мазмұндау түріне (түсінікті, көрнекі және т.б) қандай да бір анықталған талаптарды сақтау;
мультимедиалық, яғни студенттерге әртүрлі пайдаланатын көрнекі презентация құралдарын қолдану: басылған мәтіндер, аудио-бейне кассеталар, радио және телебағдарламалар, интерактивті электрондық плакаттарды қолдану және т.б. деп тұжырымдайды [7].
Білім жүйесіндегі цифрлық технология -- біртұтас жүйе ретінде оқыту процесіндегі білім алушылар мен педагогтің субъект-субъект қатынасын іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан цифрлық технологияның табысты болуы, негізінен білім алушылардың цифрлық негізде оқуға көзқарасы мен дайындығына байланысты.[8]

2. Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері

Қазіргі таңда жалпы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуы үшін алдына қойған ауқымды міндеттер жетерлік. Дәлірек айтқанда, маңыздысы білімнің сапасын барынща арттыру; оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды дамыту және ынталандыру; оқытушылар мен студенттердің білімі мен біліктілігін жетілдіру, т.б. бағыттарда қазіргі кезде кешенді жұмыстар қолға алынды.
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибеде көз жеткізген тиімді жақтары ретінде мыналарды атауға болады: біріншіден, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады; екіншіден, оқушыға өз білімінің нәтижесін өзінің көруіне мүмкіндік береді; үшіншіден, оқу үдерісі мен бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етеді; төртіншіден, оқу үдерісіне барлық оқушылардың қатысуын және оны бақылауда ұстауға мүмкіндік береді; бесіншіден, оқыту барысында кездесетін теориялық немесе басқа да сабақ мазмұнына қатысты мәселелерді дер кезінде шешуге жол ашады; алтыншыдан, оқушы мен оқытушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты тікелей үйлестірудің бірден-бір жолы.[9]
Қашықтықтан оқытуға арналған цифрлық технологиялар мектептегі білім беру жүйесіндегі негізгі ресурстарға айналды. Олардың арасында бейнефильмдер, тест жүйелері, электрондық оқу-әдістемелік кешендер, бейнесабақтар, анықтамалықтар, мультимедиялық оқулықтар, виртуалды зертханалар, энциклопедиялар және цифрлық форматтағы басқа да материалдарды көрсететін цифрлық технологиялар бар.[10]
Білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды барлық кезеңінде пайдалана беруге болады(жаңа сабақ түсіндіруде, үй тапсырмасын беру тексеруде, игерілген материалды бекітуде, бақылау жұмыстарын алуда).[15] Мәселен, сабақта жаңа материалдарды игерту барысында нәтижелік оқытушының білім алушыларға ықпал ете алуымен тікелей байланысты болып келеді. Бұл орайда визуальды материалдар сабақты есте сақтауға және тақырып төңірегінде пікірталас ұйымдастыруды тиімді болып келеді. Жаңа тақырыпты игертуде дәріс-сабақтарға компьютерлік презентациялар қосымша, кейде тіпті негізгі де құрал болып табылады. Ал білім алушы үшін цифрлық технологиялар түрлі қызметтерді атқарады: оқытушы; жұмыс құралы; білім алу мен қосымша материал іздеудің нысаны. Осы айтылғандарды топтастыра отырып, кең түрде таратып қарастырайық. Білім беру немесе оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, ең бірінші кезекте, білім алушының қызығушылығына тікелей байланысты екендігі сөзсіз. Ал қызығушылықты ғаламтор ресурстарын пайдалану арқылы тудыруға және дамытуға болады.
Қазіргі уақытта педагогикалық практикада, білім беру процесінде онлайн тақталарды пайдалану мүмкіндіктері жан - жақты дамыған. Біздің зерттеу жобамыз Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері тақырыбында болғандықтан осы мәселенің қазіргі жағдайын анықтап алу қажеттілігі туындады.
Осы орайда біздің зерттеу жобамыз Алматы қаласы №182 жалпы білім беретін мектепте бастадық. Аталмыш мектепте қазан, қараша айларында 9 және 11 сынып оқушылары оффлайн оқып, эксперимент жүргізуге таңдалынып алынған 8 сыныптар онлайн оқу жүйесінде білім алды. Зерттеуді 8 А сынып оқушыларынан өзін-өзі тану пәні негізінде сүйеніп жүргіздік. Сыныпта жалпы 28 оқушы білім алады.
Зерттеу мақсатына сай, қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін және оның білім сапасын арттырудағы сондай - ақ мектеп оқушыларының цифрлық технологияларды қолдану деңгейін анықтап алу үшін біз ең алдымен сауалнама әдісін пайдаландық.
Сауалнама аты: Цифрлық технологияларды қолдану деңгейін анықтау сауалнамасы.
Сауалнама мазмұны: 20 сұрақтан құралған, google chrome сайты арқылы оқушылардан алынды және жауабы пайыздық көрсеткішпен шықты.
Оқушыға қашықтықтан оқыту жағдайын бұл сауалнамамен бөлісудің 2 жолын ұсындық.
Бірінші тәсілі, сілтеме арқылы оқушы сауалнама сұрақтарына жауап бере алады.
https:docs.google.comformsde1 FAIpQLScYHOkAjnTe_2J4CCplpaor7_YdaN 18aZOYCxcfl0qFLwobnQviewform?usp=s f_link
Екінші тәсілі, QR код арқылы, қазіргі кезде өте танымал болып жатқан әдіспен, оқушы ұялы телефонын алып, камера бөліміне кіріп,осы фото суретке қаратқан кезде,автоматты түрде сауалнама қосылады.

Деңгейін нақтырақ білу мақсатында фото сурет көмегімен, білім беруге қатысты цифрлық бағдарламалардың эмблемасы көрсетілді. Оқушылар эмблема аттары мен суреттеріне қарап, бұл цифрлық технологиялар таныс,таныс еместігі анықталды. Бұл суреттерді көрсеткендегі мақсатымыз оқушылардың осы түрлі цифрлық құралдарды бұрын соңды қолданып көрген бе немесе болашақта керек болады деген нақты әрі ақысыз түрде іске асатын желілік құралдар болып саналады. Және оқушыларды қызықтыра білудің маңызды тәсіл фото сурет болып табылады.
Мысалы:

Цифрлық технологияларды қолдану деңгейін анықтау нәтижесінде 8 А сыныбының 100% оқушының көрсеткіштері:
57,1% төмен деңгейде
28,6% орташа деңгейде
14.3% жоғары деңгейде екендігі анықталды.

Сурет 1 - Цифрлық технологияларды қолдану деңгейін анықтау сауалнамасының нәтижесі

Цифрлық технологияларды қолдану деңгейлерін анықтап алған соң, оны арттыру жұмыстары жүргізілді. Сауаттылықты арттыру жұмысын 3 бөлімге бөлінді:
1.Цифрлық құралдармен таныстыру
2.Практикалық жұмыстар
3.Өзіндік жұмыс

Кесте 1 - Сабақтың әр түрлі бөлімінде қолдану мақсатында құрылған цифрлық технологиялар тізімі


Қолданылу мақсаттары:
Цифрлық технология атаулары:
1
Викториналық сұрақтар, уақыт берілетін ойын түрін құрау, тест сұрақтары
Kahoot, Quizizz, Crowdpurr, Mentimeter
Slido, AhaSlides, Poll Everywhere, Brainscape...
2
Презентация, видеосабақ жасау
Canva, Prezi, Powtoon, Apple Keynote, LibreOffice Impress, WPS Office, Google Slides, Adobe Spark, Visme, Crello, Stencil, Snappa, Pixlr X...
3
Топпен жұмыс істеу, сызба жұмыстарын жүргізу
Miro, GitMind, Monday.com, Excalidraw, WebBoard, Conceptboard, Stormboard, Infolio, Groupboard...
4
Дидактикалық ойындар
Worldwall, Learning apps, QuickSchools.com,
Teachmint, ClassSend, Aver Information, Quizalize,Vivi, Edmodo,Socrative.,,
5
Сергіту сәті
Tomatoro-pomodoro timer, Youtube.com, Class Dojo, Baamboozle...
6
Үй тапсырмасы
Padlet, Book Creator, ЯКласс, Wakelet, Linoit.com, Stormboard, Infolio, Mix, netboard.me, Ideaflip, Spacedeck, Polymorph...
7
Сайт құрастыру
Wix.com, jimdo, site123, squarespase, wordpress,Webnode...

Қашықтықтан оқыту жағдайында онлайн-ресурстар маңызды рөл атқарады, бұл оқушыларға алған білімдерін тәжірибеде сынап көруге, өз еңбегінің нәтижелерін көруге, оқу міндеттерін шешуде компьютерді қолдануда жеке тәжірибе алуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мұндай онлайн ресурстар интерактивті тапсырмаларды пайдалануды көздейді, бұл білімді (теориялық материалды) бекітуге ғана емес, сондай-ақ білім алушылардың әмбебап дағдылары мен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.[10]
Цифрлық технологияларды қолдану мақсатында ең алдымен оқушыларға таныстырылым жұмыстары жүргізілді. Яғни, оқу үрдісінде пайдалы болатын және тиімді цифрлық құралдар біздің тараптан таңдалынып алынды.
Алғашқы құрал ретінде Kahoot программасын алынды, оның мүмкіндіктеріне викториналық сұрақтар жатады, яғни ойын түрінде адамды қызықтыра білетін және белгілі бір уақыт арасында таңдап, жеңімпазды анықтауға арналған цифрлық құрал түрі болып табылады.
Қазіргі таңда байқағанымызша, сабақ айту тәсілі цифрландыруда оған мысал, презентация көрсету арқылы сабақ түсіндіру, айту. Осы себептен біз презентацияны бәріміз білетін тек Power point құралымен ғана жасай аламыз деген қате пікірді жеңу мақсатында, біз өз тарапымыздан оқушыларға, мұғалімдерге тиімді дейтін презентация жасай алатын құралдар таныстырылды.
Сабақ барысында оқушылардың бірігіп, топпен жұмыс істеуіне көмектесетін Miro интерактивті онлайн тақтасы. Осы құралдың көмегімен оқушылар бір уақытта шығармашыл сызба жұмыстары, әртүрлі шаблон түрлерін, белгілі бір тақырып төңірегінде түрлі жұмыстар жасай алады.
Мұғалімдерге көмекші құралдар ретінде Quizizz, Worldwall, Learning apps, және т.б сияқты құралдар жиынтығы бар. Олардың мүмкіндіктері өз араларында ұқсас болып келеді. Яғни, сабақты ұйымдастыру көмекші құралдар. Мысалы, викториналық сұрақ, ұяшық түрлері, тест тапсырмалары, сұрақты шеңберді айналдыру арқылы таңдау және т.б
Сабақтың сергіту сәтіне арналған, цифрлық технологияларды пайдалану арқылы да жүргізуге болатындығына көзіміз жетті. Мысалы ретінде қызанақ әдісі, проективті жұмыстар, аудио, визуалды жұмыстар жүргізу өте тиімді өтті.
Одан соң, тек қана оқушыларға ғана тиесілі емес, сонымен қоса мұғалімге де пайдалы болатын Padlet цифрлық тақтасы. Бұл тақтаның ерекшелігі, оқытушы өзі құрап, үй тапсырмасын сол тақтаға іліп, оқушылар дәл сол тапсырманы ары қарай жалғастырып ілуге мүмкіндік береді
Эксперименттің екінші бөлімін, оқушылардың қызығушылықтары бірден пайда болуы үшін Kahoot цифрлық ойынынан бастадық. Ойынның сұрақтары, қарапайым әлеуметтік өмірге қатысты, дүниетанымына қатысты, кейбір әлемде қолданылатын терминдерге байланысты құрастырылды. Жалпы сұрақ саны 10. Ойын соңында жеңімпазда бірден анықталынады.

Жаңа сабақ түсіндірілген кезде қашықтықтан оқыту жағдайында ыңғайлысы презентация қолдана отырып түсіндіру болып табылады, сол себептен біз өз тарапымыздан дәстүрден тыс, оқушыларды қызықтыра білетін презентация жасау құралдары қолданылды. Оларға мысал ретінде:

Сабақ жүргізу барысында топтық жұмыстар үрдісі орын алды. Бұл сәтте біз үшін маңызды болғаны, ол оқушылардың біріге отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы
Білім беруді цифрландыру
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі
Пәндер