Информатиканы продуктивті оқыту әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 225 бет
Таңдаулыға:   

Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нұрбекова Ж. К., Сағымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.

Информатиканы оқыту әдістемесі

Оқулық

Алматы 2014

Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқулық. - Алматы, 2014, - бет.

Авторлар: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нұрбекова Ж. К., Сағымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.

Пікір берушілер: п. ғ. д., профессор Медеуов Е. Ө.

п. ғ. д., доцент Мұхамбетжанова С. Т.

п. ғ. д., доцент Сыдықов Б. Д.

Оқулық педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсын жүйелі түрде оқып үйренуге арналған. Оқулықта жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері мен информатиканың мазмұндық желілерін оқытудың жеке әдістемелері қарастырылған.

Оқулық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен арнайы орта оқу орындары, колледж оқытушыларына информатика бойынша сабақтарды жоспарлап жүргізуге жетекші құрал ретінде, сонымен қатар, оқу орындарында информатиканы оқытуды ұйымдастыру мәселелері мен оны оқытудың даму болашағын білуге мүдделілердің бәріне, сол сияқты, магистранттар мен докторанттарға да пайдалы.

Жалпы редакциясын басқарған: п. ғ. д., профессор Бидайбеков Е. Ы.

© Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нұрбекова Ж. К., Сағымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н., 2014

© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2014.

МАЗМҰНЫ АЛҒЫСӨЗ . . . 3 1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері . . . 1. 1 Бастама . . . 1. 2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру . . . 1. 3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері 1. 4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу . . . 1. 5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері . . .

1. 6 Программалауды оқытудың жалпы білім беру тұрғысынан дамуы. Оқушылардың алгоритмдік мәдениеті . . .

1. 7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу . . . Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . ююОқ22м 2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні . . . 2. 1 Информатика ғылым және оқу пәнi . . . 2. 2 Информатика орта мектептегi оқу пәні . . .

2. 3 Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогикалық

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні . . .

2. 4 Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының тұжырымдамалық негіздері . . .

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . 3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері 3. 1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы . . . 3. 2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы . . .

3. 3 Оқушылардың ақпараттық мәдениетi және медиасауаттылығы . . .

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . .

4-тарау. Информатика саласының мектептегі білім беру мазмұны

4. 1 Оқушыларда информатика саласының білім беру мазмұнын қалыптастырудың жалпы дидактикалық принциптері . . .

4. 2 Информатика және есептеуіш техника негіздері оқу пәнінің алғашқы жоспарының құрылымы мен мазмұны . . .

4. 3 Орта мектептерге арналған үздіксіз информатика курсы мазмұнының тұжырымдамасын қалыптастыру. .

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . 5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары 5. 1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер . . . 5. 2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары . . . 5. 3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында . . . Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . 6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері 6. 1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері. 6. 2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6. 2. 1 Таратылған ақпараттық ресурстардан ақпараттың гипермәтіндік құрылымын құру және таңдау, іздеуді ұйымдастыру негізінде оқыту . . .

6. 2. 2 Оқытудың интерактивті технологиясы . . .

6. 2. 3 АКТ қолданудағы білім алушылардың өзіндік танымдық қызметі . . .

6. 3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы . . . Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . 7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары 7. 1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi . . . 7. 1. 1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері . . . 7. 1. 2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру . . . 7. 2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау . . .

7. 3 Информатиканы оқытудың ақпараттық пәндік ортасы . . .

7. 4 Информатикадан оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістері . . .

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . 8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері 8. 1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар . . . 8. 2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…… . . . 8. 3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері . . .

8. 3. 1 Сыныптан тыс жұмыстардың дидактикалық негіздері . . .

8. 3. 2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны . . .

8. 3. 3 Сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары

8. 3. 4 Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері

8. 3. 5 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері

8. 3. 6 Информатикадан сыныптан тыс жұмысты жүргізу әдістемесі

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . .

9-тарау. Әр түрлі білім беру деңгейлерінде информатиканы оқыту мәселелері . . .

9. 1 Бастауыш мектепте информатиканы оқыту мәселелері . . .

9. 2 Орта кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мәселелері . . .

9. 3 Жоғары оқу орындарында информатика курсын оқыту жайлы . . .

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар . . . б Әдебиеттер . . . 2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10-тарау. Ақпаратты бейнелеу мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

10. 1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері . . .

10. 2 Ақпаратты өлшеу әдістері . . .

10. 3 Информатикадағы тіл ұғымының рөлі мен орны . . .

10. 4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі . . . 10. 5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны . . . 10. 6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу . . . Практикалық тапсырмалар . . . Әдебиеттер . . .

11-тарау. Ақпараттық үдерістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

11. 1 Ақпаратты сақтау үдерісі . . .

11. 2 Ақпаратты өңдеу үдерісі . . .

11. 3 Ақпаратты тарату үдерісі . . .

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

12-тарау. Компьютер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

12. 1 Компьютердің құрылғыларын оқытудың әдістемелік әдістері

12. 2 Оқушылардың компьютердің программалық жабдықтары жайлы ұғымын дамыту . . .

Практикалық тапсырмалар

Әдебиеттер . . .

13-тарау. Алгоритмдеу және программалау мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

13. 1 Алгоритмдеу мен программалауды оқытудың әдістемелік тәсілдері . . .

13. 2 Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі . . .

13. 3 Алгоритмдеуді оқыту әдістемесі . . .

13. 4 Информатиканың базалық курсындағы программалау . . .

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

14-тарау. Ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

14. 1 Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы . . .

14. 2 Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы . . .

14. 3 Сандық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы . . .

14. 4 Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы . . .

14. 5 Мультимедиа технологиясы . . .

14. 6 Мәліметтерді сақтау және іздеу технологиясы

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

15-тарау. Формальдау және модельдеу мазмұндық желісін оқыту әдістемесі . . .

15. 1 «Модель», «Ақпараттық модель» ұғымдарын ашу әдістері . . .

15. 2 Математикалық және имитациялық модельдеу . . .

15. 3 Есептеу экспериментті математикалық модельдеу . . .

15. 3 Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

16-тарау. Телекоммуникация мазмұндық желісін оқыту әдістемесі . . .

16. 1 Оқу әдебиеттеріндегі тақырыптарды ашу әдістері . . .

16. 2 Жергілікті желі . . .

16. 3 Ауқымды желі . . .

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

17-тарау. Әлеуметтік информатика мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

17. 1 Информатика тарихы . . .

17. 2 Информатиканың қазіргі кездегі әлеуметтік қырлары . . .

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

18-тарау. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту мәселелері . . .

18. 1 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту ерекшеліктері . . .

18. 2 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқыту мазмұны . . .

18. 3 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқытудың әдіс-тәсілдері . . .

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

19-тарау. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту мәселелері

19. 1 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту ерекшеліктері . . .

19. 2 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқыту мазмұны . . .

19. 3 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кәсіби саралап оқытудың әдіс-тәсілдері . . .

Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

20-тарау. Жоғарғы сыныптарда информатиканың таңдау курстары

20. 1 «Компьютерлік графика» курсы . . .

20. 2 «Мектеп сайтын құрамыз» курсы . . .

20. 3 «Программалау» курсы . . .

20. 4 «Веб-дизайн» курсы . . .

20. 5 «Мәліметтер қорын басқару жүйесі» курсы . . .

20. 4 Практикалық тапсырмалар . . .

Әдебиеттер . . .

АЛҒЫСӨЗ

«Информатиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби дайындаудың 5В011100-Иинформатика мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының жоғары кәсіби білім беру пәндерінің негізгілерінің бірі болып табылады. Бұл курстың аты (бұрынғы ЖАК бойынша) ғылыми мамандық атымен түгелге дерлік сәйкес, тек қана, айырмашылығы «оқыту»-дан кейін «және тәрбиелеу» деген сөзден тұрады. Жалпы, айта кетерлік нәрсе, қандай да бір оқу пәнін оқытудың әдістемесі курсын (ғылыми мамандығын қоса), ғылыми дәйектілік тұрғысынан қарағанда, «(пән) дидактикасы» немесе, тіпті, «(пән) педагогикасы» (батыс елдерінде солай аталады да) деп те атау дұрыс болар ма еді, бірақ, дәстүрдің аты дәстүр, аталмыш курсты, оның ресми атына тәуелсіз, оқытушылар да, студенттер де күнделікті өмірде «Информатика әдістемесі», ары барса, «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп қысқаша атайды. Сондықтан да, біз оқу құралы мазмұнын баяндауда осы ескі дәстүрге сай аттарды «сескенбей» пайдаланатынымызды атап өткен абзал. Оның үстіне, ұсынылып отырған оқу құрал мазмұнында жоғарыда келтірілген құраушылардың: теорияның да, әдістеменің де, тіпті, тәрбиелеудің де өз орнын тапқанына үміт артамыз.

Осы уақытқа дейін баспадан шыққан оқулықтар мен оқу құралдар санаулы ғана. Алдымен, орыс тілінде Ресейде шыққан М. П. Лапчик пен А. И. Бочкиннің [8, 51], М. П. Лапчикпен бірлескен авторлар ұжымының оқу құралдарын [40-48 ] атап өтуге болады. Ал, қазақ тілінде М. П. Лапчиктің ең алғаш, информатиканы мектепке енгізіп, оқушылар үшін алғашқы оқу кітаптары мен мұғалімдер үшін әдістемелік жетекшілер бойынша жұмыстар, іс жүзінде, біте салысымен шыққан оқу құралының (М. П. Лапчик Методика преподавания информатики: Допущено М-ством просвещения СССР в качестве учеб. пособия для пед. ин-тов., 1987) аудармасын (аударған Қ. С. Әбдиев, редакциялаған Е. Ы. Бидайбеков) айтуға болады. Онымен қоса, жоғарыда көрсетілген М. П. Лапчик пен А. И. Бочкиннің оқу құралдарының төңірегінде құрастыра жазылып шыққан және М. П. Лапчикпен бірлескен авторлар ұжымы оқу құралдары негізінде жеделдете жазылған тираждары көп емес оқу құралдарының, кемшіліктеріне қарамастан, біздің еліміз көлемінде алатын өз орны бар.

Осы уақытқа дейін информатиканы оқыту әдістемесі курсы бойынша мемлекеттік тілде жүйелі оқу құралын жасау қолға алынған емес. Оның түрлі себептері бар. Оның бірі - мектеп оқу жоспарындағы информатика курсының орны және соған сәйкес оның мақсаттары мен мазмұны төңірегіндегі бітпестей сенімсіздік жағдай. Бұл жағдай жалпы білім беретін орта мектеп стандарты 2002 жылдан кейін ресми түрде қайта қарастырылмауынан (2013 жылы қайта толықтырылып бекітілуінен), 12 жылдық мектеп стандарты, бірнеше рет жасауға ұмтылыс болғанымен, қолға алынбауынан, сонымен қатар, білімді ақпараттандыру, оның ішінде, электрондық оқыту мәселелері ойдағыдай көтеріліп, іске асырылуы аясында информатиканы оқыту мәселелері көлеңкеде қалып қойғандай әсер қалдыратындығынан туындаған болуы да мүмкін. Бұл оқу құралы мектепте информатика пәні бар деп қана емес, информатика пәні болды деген және білімді ақпараттандыру жағдайында да информатика пәнінің орны мен мәні бұрынғыдан да артар деген үміт-сеніммен жазылып, ұсынылып отыр. Осы ретте келешекте 12 жылдық мектептің базистік оқу жоспарының ендірілуіне көп үміт артуға болады. Оқулық мазмұнына, осы орайда, авторлардың өз зерттеулері бойынша жазылған «12 жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында» атты параграфтың енуі бекер емес.

Әлбетте, тағы бір басқа (өзара байланысты) себеп - педагогика ғылымының жаңа бағыты информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негізін ұғынып қалыптастырудағы әлі де болса алынбаған қиындықтардың барлығында. Әрине, уақыт бекер өтіп жатқан жоқ, қазіргі жағдайда, аз дегеннің өзінде, жаңа әдістемелік ғылымның теориясы мен практикасы өз қалыптасуының бастапқы кезеңінен өтті деуге болады. Сондықтан бәрін жүйелеп толық қамтыдық деуден аулақпыз, не дегенмен бұл кітаптың дүниеге келуі жаңа педагогикалық ғылым - информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негізінің де, мазмұндық-әдістемелік толықтырылуы бойынша да дамуына ықпалы болатындығына үміттене қараймыз.

Оқулықтың бірінші бөлімі жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері (информатиканы оқыту әдістемесінің пәні, орта мектепте информатика курсын енгізу тарихы, оқыту мақсаттары мен міндеттері, мазмұнын таңдап алу принциптері, мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру және әр түрлі білім беру деңгейлерінде информатиканы оқыту мәселелері және т. б. ) қарастырылған информатиканы оқытудың жалпы әдістемесінің тараулары бойынша негізгі мағлұматтардан тұратын он тараудан тұрады. Әрбір тарауда семинар сабақтарын жүргізуге нұсқаулар мен кең көлемде библиография берілген.

Оқулықтың екінші бөлімінде информатиканың негізгі мазмұндық желілерін оқытудың нақты әдістемелері қарастырылған, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту мәселелері мен жоғарғы сыныптарда информатиканың таңдау курстарының мазмұндары берілген он тараудан тұрады. Әрбір тараудан кейін студенттерге арналып зертханалық практикумдардың тапсырмалары берілген.

Қосымшада информатиканың мазмұндық желілерін оқытудың білім жүйесі граф түрінде келтірілген, информатиканы оқыту әдістемесі курсы бойынша тест тапсырмаларының үлгілері келтірілген.

Оқулық педагогикалық жоғарғы оқу орындарының 5В011100-Информатика мамандығында оқитын студенттерге, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен арнайы орта оқу орындары, колледж оқытушыларына информатика бойынша сабақтарды жоспарлап жүргізуге жетекші құрал ретінде, сонымен қатар, магистранттар мен докторанттарға арналған.

1-БӨЛІМ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1-ТАРАУ ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Информатика жаңа оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қыркүйегінде енгізіліп, ол пән «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болатын) .

Бұған қарамастан, информатика саласы мағлұматтарының жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енуі айтарлықтай бұрын басталып, бұл үдеріс оқушылардың кибернетика және программалау элементтерін оқып үйрену тәжірибелерінен бастау алды. Сол кездегі кеңес білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар, қоғамда да маңызды орын аларлық ілгерілеуді сипаттайтын, бірнеше барынша нақтылы кезеңдерді атап өтуге болады. Осы ілгерілеу (дүниетанымдық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық, тағы тағылар) өткен ғасырдың 1980 жылдары ортасында информатиканың жеке оқу пәні ретінде мектепке енуі мен қалыптасуын қамтамасыз ететіндей жағдайға әкеп жеткізді. Төменде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) елдерінің (оның ішінде ҚР-да бар), орта мектептеріне ИЕТН пәні енуінің алғышарттарына қысқаша шолу жасалынған.

  1. Бастама

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар бұрынғы КСРО-да ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды [16, 68] . Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы - электрондық есептеу машиналарына (ЭЕМ) программа жасау - программалау қарқынды дами бастады. Өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде-ақ, тіл құралдары мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-де программалау оқушылардың оны түсініп, қабылдау мүмкіндіктеріне шек қоятындай қандай да бір түбегейлі қиыншылықтарды қамтымағандығын айта кеткен жөн, өйткені ЭЕМ үшін күрделі емес оқу программаларын құру жеткiншек жастағы оқушының шамасы келетiн, қарапайым және жалпыға бірдей ұғымдардың шектеулі ауқымына сүйенеді.

Қалай болғанымен, алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарының iрi орталықтарында пайда бола салысымен-ақ, ЭЕМ-ге қолжетімділігі мен машина уақытына иелік етудің мамандар құлшынысымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыс жүргізуге деген қызығушылықтарымен дәл келіп жатқан жерлерде ЭЕМ-де программалау бастамаларын оқып үйренетін оқушылар (көбіне әртүрлі жастағы) топтары пайда бола бастады.

Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғандығын анықтау қиын. Мысалы, бізге 50-жылдардың соңына қарай осындай тәжірибе КCРО Одағы Ғылым Академиясының болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды ұйымдастырушы, математиктер мен программалаушылардың ең әйгілі өкілі А. П. Ершовтың қатысумен (1931-1988 жж) және ол кісінің басшылығымен Академқалашыққа тиесілі Новосібірдің бірқатар мектептерінiң есептеуіш техника базасында даму алғандығы белгілі [20] . Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен жаңашыл-оқымысты ғалымдары қосылды. Бұл алғашқы қадамдардың оқушыларға жүйелі программалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмаса да, олар оқушыларға программалауды оқыту идеясын түбегейлі жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.

1. 2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру

Орта мектептiң оқушыларына арналған бірінші ресми программалау курсы бойынша оқу бағдарламаларының пайда болуына 60-жылдардың басында жалпы орта білім беру негiзiнде есептеуіш - программалаушыларды алдын-ала кәсіби дайындауды іске асыратын, математикаға мамандандыратын мектептердің ашылуы себепкер болды. Сол жылдары С. И. Шварцбурдтың Мәскеу қаласының Первомайский ауданындағы № 425-ші мектептің сыныптарының бірінде 1959 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізген тәжірибе жұмысы кеңінен белгілі болды [72-74] .

1960-61 оқу жылынан бастап программалаушылар дайындайтын мектептердің саны өсе бастады. Мәскеулік №425-ші мектеп пен басқа да есептеуіш-программалаушылар дайындайтын мектептердің тәжірибесі негізінде 1961 жылдың маусымында Ресейдiң ағарту министрлiгi математикаға мамандандыратын мектептер үшін мектеп бітіруші мамандығының сипаттамасы, оқу жоспары, математиканың жалпы курсы бойынша, сонымен қатар арнайы «Математикалық машиналар және програмалау», «Есептеуіш математика» (бұл пән алғашқыда «Жуық есептеулер» деп аталды) оқу пәндері бойынша бағдарламалар сияқты құжаттамалардың бірінші нұсқасын бекітті.

Осындай құжаттамалар сол кездерде біздің елімізде де сәйкес қарастырылып, бекітілді. Қазақстанда Республикалық физика-математика мектеп-интернаты мен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің базасында есептеуші-программалаушы қосымша мамандыққа даярлау бағытында орасан зор жұмыстар жүргізілді.

1976-1984 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А. Т. Лукьяновтың жетекшілігімен С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің мамандандары мектеп оқушыларын программалау мен ЭЕМ-де жұмыс істеуге үйрету жұмыстарын жүргізді [99, 100] . Бұл жұмыстардың бір ерекшілігі модельдеуге, математикалық модельдеуге көңіл бөлінуінде екендігін атап өткен жөн. Осыған ұқсас жұмыстар Ядролық ғылыми зерттеу институтында, тағы басқа жерлерде де жүргізілді.

Программалау саласындағы мамандықтары бар мектептер қатарының дамуы оқушыларға программалауды оқыту мәселелеріне арналған көптеген мақалалар мен әдістемелік зерттеулердің, құралдардың шығуына үлкен ықпал жасап, барынша маңызды оң рөл атқарды. Мысалға, 1960 жылдардың басынан шыға бастаған «Математика в школе» журналы үшін оғаштау программалауды оқыту бойынша материалдарды (С. И. Шварцбурд [72, 74] ), сонымен қатар, математикаға мамандандырылған мектептер үшін арнайы материалдарды (мысалы, 1965-1970 жылдары шыққан «Проблемы математической школы» атты тамаша сериясының алғашқы мақалалары жинағын [59] атап өтсе де жеткілікті) айтуға болады.

Осы жылдары математикаға мамандандыратын мектептер үшін дайындалған А. Л. Брудноның [15, 69] мазмұнды белгілеулердегі программалау жүйесіне негізделген оқу құралы кеңінен танымал болды. Жоғары әдістемелік деңгейде жазылған бұл кітаптар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуына да елеулі рөл атқарды.

1980 жылдардың басында Қазақстан мектептерінде программалау тілдері бойынша арнайы курстар жүргізілді, ал Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатында 8-10 сынып оқушыларына программалау тілі ретінде ФОРТРАН тілі оқытылып, мектеп бітіргенде оқушыларға бірінші разрядтағы есептеуші-программалаушы куәліктері берілді.

1. 3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

Мектеп информатикасының мазмұндық-әдiстемелiк желілерінің ішінде келешегі зор екендігі тәжірибелер негізінде анықтала отырып, оқушыларға кибернетика элементтерін оқыту 1960 жылдардың басынан бастап дами бастады. Бұл зерттеу бағытының көш басында 1961 жылдан бастап орта мектепке арнайы жасалған кибернетиканың жалпы негіздері курсын тәжiрибе ретiнде оқытуды қолға алып, кибернетика негіздерін жалпы білім берудің базалық (мiндеттi) құрылымы ретінде орта мектептің оқу жоспарына енгізудің қажеттілігін табандылықпен дәлелдеген В. С. Леднев болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Проблемалы оқыту
Технологияның мәндік сипаты
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Информатикадағы жаңа технологияны қолдану
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz