Сөз және оның мағынасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ: СӨЖ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ: Тақырыбы: Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

Дайындаған: Абдоллаева А. Қ

Топ: КЯ - 701

Тексерген: Қалиева С. Е

СЕМЕЙ - 2018

Жоспар:

І. Кіріспе

1. Сөз бен ұғымның анықтамасы

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сөз мағынасы
  2. Сөз бен ұғым
  3. Ұғым түрлері
  4. Таңба
  5. Таңба түрлері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Сөз - лексикалық бірлік. Кез келген тілде оның маңызы ерекше.

«Тіл - қатынас құралы» дейтін болсақ, бұл жерде құралдың мағынасы сөзге келіп саяды. Яғни, адамдар бір - бірімен қатынас жасау үшін ең алдымен, сөзге сүйенеді. Себебі біз өзімізді қоршаған кез келген зат, құбылыстың суретін сөз арқылы саламыз. Кез келген зат не құбылыс туралы айтқымыз келгенде, ол тілімізден сөз арқылы шығады. Себебі сөз дегеніміз - ойымызды сыртқа білдіру тәсілдері құралдарының бірі. Қандай да бір ой немесе ұғым сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін арқылы беріледі. Бұл жердегі сөйлем, мәтін сөз арқылы беріледі. Бұл жердегі сөйлем, мәтін сөз арқылы құралады. «Қазақ грамматикасында» сөз бен түбір мағынасы тепе - тең ұғым ретінде алынып, былай түсіндіріледі.

Тілдегі ең кіші мағыналы бөлшек - сөз. Сондықтан сөз белгісі бір ұғымды білдіреді, яғни белгілі бір нақты заттың атын немесе сынның, сапаның нақты белгісін, нақты санды, әр түрлі нақты әрекет - құбылысты, қимылды, т. б білдіреді. Сондықтан сөз туралы сөз болғанда, ең алдымен, сол сөз білдіретін мағына, яғни сөздің ішкі сипаты, мазмұны қоса жүреді. Ұғым - заттың немесе құбылыстың жәй ғана бейнесі емес, олардың басты белгілерінің ойда қорытылып, топшыланған бейнесі. Ұғым, тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасында тіркеледі, бекітіледі. Осы мағынада сөз шындық болмысты бейнелейді. Белгілі бір ұғымдарды білдіретін және ол ұғымдарды өзінің мағыналарында бейнелейтін сөздер өздері белгілейтін ұғымдар арқылы шындық болмыстың белгілі бір жақтарын, ондағы құбылыстар мен заттарды топшылап бейнелейді.

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі, логикалық категория, ойлау процесінің нәтижесі.

Негізгі бөлім

Сөз және оның мағынасы. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы - сөз. Сөз дегеніміз - заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы - түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат. Парта - ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді.
Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына. Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман - ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл - сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл - лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел - әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш) - не бұзар? Бұзар - жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы - грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.
Создер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмы-стан, киноға, бардым дегендер - толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді. Сонымен, сөздер толық, негізгі, көмекші, қосымша мағыналарды да білдіре алады. Сөз бір мағынаны да, бірнеше мағынаны да білдіреді.

Ұғым және сөз . Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім. Ұғым мағынамен байланысып, оймен, ойлаумен ұштасып жатады. Ойлау мен сөзді бірінен- бірін тағы да бөліп алуға келмейді. Бірақ екеуін біріне тепе-тең деп қарауға да болмайды. Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қирамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді. Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады. Ұғымды қалыптастыруға, оны айтуға сөз керек болды. Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін. Ұғым түйсіктен басталады. Табиғаттағы (сырттағы) зат адам түйсігіне әсер еткенде адам ойлай бастайды. Философияның заңы бойынша кез -келген көрінген зат адамда ой тудырады. Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды. Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз - түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады. Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды. Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады. Сөйтіп, ұғымның құралу үрдісі (процесі) түйсіктен басталып, барлық жағдайда, барлық кезеңде сөз арқылы аяқталады дегеннің өзінде оның мазмұны мағына түрінде көрінеді. Соның нәтижесінде дыбысталу мен мағынаның бірлігінен сөз кеоіп шығады. Дыбысталу мен сөз, сөз бен ұғым бір-бірімен тығыз байланысты болады. Сол ұғымның пайда болуына түрткі бола алмаса да, оның (ұғымның) құралу процесін аяқтайды. Ұғым айналадағы заттық ақиқаттың сезімге әсер етуінен пайда болады. Адам затты ойлағанда, сол заттың аты ойымызда болады. Біз ол затты білмесек, танымасақ, оның өзінің де, түрінің де, әрекетінің де аттарын білмеген боламыз, олай болса сол заттың атауларын білмеуіміз - адам баласының ол затты танымағандығының нәтижесі болып табылады. Адамда қандай ой туса да, ол тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөздердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан тыс жалаң ой деген болмайды.

Бірақ жеке адамдар түрлі заттарды, құбылыстарды өмір практикасында танып біледі де, сөз (тіл) арқылы олардың аттарын да бірге атап үйренеді. Ойлау мен тілдің байланысы осында болып табылады. Бұл байланыс сөйлемде де жеке сөздер де көрінеді. Ойлау қажетінен тыс сөйлемнің я сөздің болмауын былай қойғанда, белгілі бір мән-мағынаға байланысып, тілдің элементі болып келетін грамматикалық тұлғаның өзі де ой мен тілдің байланысын көрсетеді. Онсыз, яғни заттық ақиқатсыз, ешбір үғым да тумас еді. Сөйтіп ұғымның мазмұны сөздің мағынасы болып шығады. Бірақ ұғым категориясы мен мағынаны да тепе-тең деп есептеуге болмайды. Мағына -ұғымның қалыптасқан, айқындалған түрі. Мағынаның ұғымнан айырылатын мынадай ерекшеліктері бар: 1) ұғым категориясы дүние жүзіндегі тілдердің бәріне де ортақ, бәрі де тас, ағаш, көл, тау, жақсы, жаман дегенді ұғады, яғни ұғым қай халыққа болсын бірдей. Ал сөздің мағынасы бәрінде бірдей емес, онда (сөз мағынасында) ұлттық ерекшеліктің ізі болады. Әсіресе бұл ерекшелік сапаны белгілеуде айқын көрінеді. Ұғым ұлттық ерекшелік жоқ десек те болады. Мысалы, қазақ тілінде көмір деп сөнген шоқты түсінсек, шоқ деп жанған күйін айтамыз. Шынында, бұл екі сөз екі түрлі заттың атауы емес, заттың екі түрлі күйін білдіреді. Бірақ екеуі екі басқа, біріне-бірі қаттыссыз атау болып сезіледі. Ұғымның мәні- сөз мағынасынан гөрі кеңірек, әрі жалпылау.

Ұғым . Ұғымдарды олардың көлемі мен мазмүнын негізге ала отырып, төрт түрге бөлуге болады. Көлеміне қарай ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Дара ұғым деп көлемі жағынан бөлінбейтін бір ғана затты білдіретін ұғымды айтамыз (мысалы, Қазақстан Республикасы) .

Жалпы ұғым, деп көптеген бір текті заттарды білдіретін ұғымды айтамыз(мысалы, "кітап", "бөлме") . Көлемдік жағынан алғанда ешқандай затты қамтымайтын ұғымды босағым деп айтамыз (мысалы, "мәңгілік қозғалтқышты") . Жалпы ұғымдар тіркелетін немесе тіркелмейтін болып белінеді. Тіркелетін ұғымдарға есепке алуға, тіркеуге болатын, кептеген ойға сиятын элементтерді қамтитын ұғымдарды айтамыз (мысалы, "Қазақстан қалалары") . Тіркелетін ұғымдардың көлемі шекті болады. Тіркелмейтін ұғымдарға санын анықтауға болмайтын заттарды қамтитын ұғымдар жатады. Мысалы, "адам" деген ұғымға бұған дейін өмір сүрген, қазір тірі жүрген және келешекте дүниеге келетін адамдардың бәрін сыйғызамыз. Тіркелмейтін ұғымдар келемі шексіз. Ұғым мазмұнына қарай төмендегідей үш жүп ұғым түрлерін бөліп шығаруға болады. Нақты және абстрактілі ұғымдар. Өздігінен өмір сүріп жатқан белгілі бір затты немесе заттардың жиынтығын білдіретін ұғымды нақты ұғым дейміз. Заттардың қасиеттерін немесе заттар арасындағы қатынасты білдіретін ұғымдар абстрактілі ұғымдар деп аталады. Олай болса, "тау", "өсімдік" ұғымдары нақты, ал "қараулық", "құлық", "парасаттылың" ұғымдары абстрактілі ұғымдарға жатады. Абстрактілі ұғымдар белгілерді білдіреді, сол белгілерді алып жүретін заттан тыс өздігінен өмір сүре алмайтын ұғымдар. Құптаушы және терістеуші ұғымдар. Затқа тән қасиеттерді құрайтын мазмұндағы ұғымдарды қитаушы ұғым, дейміз. Мысалы, "сауатты адам", "тәртіпті". Затқа тән емес қасиеттерді көрсететін мазмұнды білдіретін ұғымдарды терістеуші ұғым дейміз: "сауатсыз", "тәртіпсіз". Орыс тілінде терістеуші ұғымды білдіретін сөздер сөздің басында келетін "не", "без" демеуліктерімен беріледі, шет тілдерінен ауыскан кейбір сөздер көбінесе "а" приставкасынан басталады. Қазақ тілінде парсы тілінен енген сөз басында келетін "би", "бей" қосымшаларымен, сөз соңында жалғанатын "сыз", "сіз" жалғауларымен өрнектеледі. Сонымен қоса қазақ тілінде затқа тән қасиеттерді ешқандай қосымшасыз білдіретін сөздер көп: "надан", "жауыз" және тағы басқа.

Таңба. Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +, -, *, / ) . Таңба - әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Сан есімді тіркестер
Тура және ауыспалы сөздердің мағыналары
Тілдің сөзжасамдылық жүйесі
Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар
Сөз мағынасы
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс
Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz