Бақылау диктанты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Диктант жұмысының түрлері (Сөздік, терме, ескерту, бақылау, үйрету, көру, есту, өздік диктанттары), өзара айырмашылығы. Диктант жаздыру техникасы. Диктанттың кез-келген түріне сынып деңгейіне сай мысал келтіру.
(жоба)

Әзірлеген: Рахимбекова Рахат,
Бекжан Жәйдар,
Мышан Айғаным
Мамандық: 6В01701 - Тіл мен әдебиет
мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)
Жетекшісі:

Алматы, 2021

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.Диктант және оның түрлері
1.1. Диктант түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Үйрету диктанттарының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.Диктантты жаздыру техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1.Диктантты жаздырудағы қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..15

Зерттеу объектісі: Диктант жұмысы.
Зерттеудің мақсаты: Диктант жұмыстарының түрлері мен оны өткізудің жолдарын қарастыру;
Зерттеудің міндеттері:
+ Диктант жұмыстары және түрлері туралы толыққанды мәлімет беру;
+ Диктант жұмыстарын өткізу жолдарын қарастыру;
+ Диктант жұмыстарын бағалауды қарастыру.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте диктант жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Дикант жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі жазба жұмыстары туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау;
Зерттеу көздері: педагогика, әдебиет ғылымдарының классиктерінің еңбектері, оқу бағдарламалары;
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

КІРІСПЕ
Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.
Қазақ тілін сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі -- диктант. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді.Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты -- балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді.
Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену -- тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.

1.1.Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады.Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктантттры.
Есту диктанты.Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.
Көру диктанты.Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.
Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын-ала аумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.
Өздік диктанты.Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Өздік диктанты 5-сынып.

НАУРЫЗ

Наурыз - қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бәрін салыстырғанда, Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі - айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі кімнің болса көңіліне шаттық беретін анық.

(М. Дулатов.) (61 сөз)

Тапсырма: Бітеу буынды сөздерді теріп жазыңдар
Сөздік диктанты.Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.
Сөздік диктанты 3-сынып.
Кітап, штаб, клуб, көп, лебіз, шөп, сеп, бөрік, белбеу, саба, мектеп, тәртіп, жіп, бұлақ.
Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.
Жауынгер, дөңгелек, үзеңгі, лебіз, балық, рұқсат, жұмбақ, реніш, ілгіш, ылғал, жолбарыс, сенгіш, діңгек, көлеңке, бозінген, көлік, қасық.
Дөңгелек, көлік, қасық, жұмбақ, балық сөздеріне ы, і әріптерін қосып жаз.
Терме диктанты.Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Терме диктант 4-сынып.
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз ... .
(Абай.) (50сөз)

Тапсырма: Өлеңнен жақсы және жаман мінезді көрсететін сөздерді теріп жазыңдар

Көру диктанты
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын-ала аумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.
Көру диктанты 3-сынып.

Әдемі сурет

Дайын қағаз, қаламым,
Бояу таңдап аламын.
Ақ көгершін, көк аспан,
Суретін мен салмын.
Зат есімнің астын сыздыру. Сын есімдерге сұрақ қойғызу.
Ескерту диктанты.Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Бақылау диктанты.Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.
Оқушылар диктантты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойды дамыту - тіл дамыту негізі
Диктант жүргізуге қойылатын талаптар мен бағалау нормалары
Оқушы сауаттылығын есепке алуда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін диктант, оның түрлері
Жазудың түрлері
Бастауыш сыныптағы сын жұмыстар оларды жүргізу әдістемесі
Қазақ әдебиетінде жүргізілетін шығармашылық жазба жұмыстары
Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы
Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы
Пәндер