Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Жерді орналастыру және жер кадастры бойынша жобалау зерттеу жұмыстарының бағасы

Кіріспе
1.Негізгі бөлім. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны

1.1. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері
1.2. Жерге орналастыру ұғымы, обьектісі
1.3.Жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні
1.4. Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
1.5.Жерге орналастыру техникасы

2.Бөлім. Жер кадастрындағы мәліметтерді алу, сұрыптау және өңдеу.
2.1. Жер кадастры және және оның міндеттері
2.2. Жер кадастры кезінде мәліметтер алу, өңдеу және талдау әдістері
2.3. Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау кезіндегі орындалатын жұмыстардың реті.

3.Бөлім.
3.1. Жер кадастрлық істерді автоматтандырылған технологиямен жүргізу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жерге орналастыру - мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады
Өткен онжылдықтағы жерге орналастыру, көпжылдық экономиканың негізі ретінде жерге шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын қалыптастыруға бағытталған жер реформасымен, өзара байланысты түрде жүзеге асырылып келді.
Қоғамның құрылысты түбегейлі өзгерту жөніндегі қайта құру процестері, халық шаруашылығының бүкіл салаларында, соның ішінде аграрлық экономикада, жер қатынастарында кең орын алды. Олар бірнеше кезеңде өрбіді. Бірінші кезеңге 90-жылдардың басында Ркспубликаның Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 17 қарашасында қабылданған Жер Кодексі негізінде орын алған өзгерістер жатады. Аталған құжатта алғашқы рет жаңа шаруашылық құрылымдардың ШФҚ дың, кооперативтердің, ЖМШ - ның даму және басқа да жаңашылдықтар назарға алынады.
Екінші кезең, 1994 жылы ҚР Президентінің жер қатынастарын реттеу және жетілдіру туралы екі жарлығымен, жер пайдалану құқығы жөніндегі келісім - шарттарды жасасуды заңдастырумен баланысты.
Жерге орналастырудың үшінші кезеңі, жер жеке меншігі танылған жаңа Конституция (30.08.1995ж.) мен заң күші бар Президент Жарлығының қабуылдануынан кейін басталады. Қазіргі жерге орналастырудың төртінші кезеңі жаңа жер заңдарына негізделеді, бірақ, 24.01.2001 жылғы жер заңы уақыт талаптарына сай болмай шықты. Сондықтан жақын болашақта жерге орналастырудың дамуын жаңа Жер Кодексімен байланыстырған жөн. Соңғысы Ел басының Жолдауында (2002ж.) көрсетілген міндеттерге сәйкес дайындалған.

1. Негізгі бөлім.
1.1.Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін - ғылыми тұрғыдан негізделеген , экологиялық - экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер падалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсартуға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер− жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізгі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік− экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырылғыларды, көпжылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің , әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру− жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауылщаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауылшаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсаттына сәйкес оның негізгі міндеттері ағындайды. Соңғылары жер заңдылықтарымен себептеледі және мынандайларға саяды:
* Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
* Жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
* Жердің ұтымды пайдалануын және қорғалауын ұйымдастыру;
* Топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны және сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;
* Жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту.
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс−қимылдарын қамтиды:
1. Республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын(жобалау), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу:
2. Жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;
3. Елді мекендердің шекараларын( шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер пайдаланушылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
4. әкімшілік− территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және де басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
5. ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
6. жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
7. топографиялық−геодезиялық, картографиялық, топырақтық, гео−ботаникалық және басқа зеттеулер−іздестіру жұмыстарын орындау:
8. жер кадастры мен мониторингін жүргізу:
9. жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
10. жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.
Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру−техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарын мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес мақсаттағы жаңа және бұрыннан бар жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ)Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелеген. Жерді бөліп беру, тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс−қимылдар да жерге орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі республикалық, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15-20жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуға тиісті.
Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың және шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялық пайдалану тиімділігін жоғарылатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған жобалардың елді мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларға соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық әсіресе мал азығы алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс−қимылдарына әкімшілік - территориялық құрылымдардың(облыстардың, аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демокрациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға болады.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі шараушылық жерге орналастыру және ауыл шаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады. Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылудың нәтижесінде, агроландшафттың экологиялық тепе−теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барсында жеке іс−қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен инвентаризация(жерді түгендеу) жүргізіледі. Бұның нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыру қажетті жер учаскелері де анықталып отырады. Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа аптропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау(қалпына келтіру) жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс−қимылдарына осылармен бірге топографиялық−геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті−ғылыми−техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштердің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.

1.2.Жерге орналастыру ұғымы, обьектісі

Соңғы онжылдық ішінде ҚР жер қатынастары құрылымы, сондай ақ жерге орналастырудың өндірістік және құқықтық процесі түбегейлі өзгереді. Жаңадан пайда болған шаруашылық құрылымдарының аудандары мен межелері көбінесе жобасыз, қарапайым техникалық тәсілдер арқылы белгіленуде. 90-шы жылдары орын алған дағдарысқа себепті ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары мүлде сұраныссыз қалды, ауылшаруашылық айналымынан орасан зор көлемді жерлер шығарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егіншілктер сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Бүгінгі күннің тәртібінде осы кемшіліктерді жою, жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру шешімін куттіртпейтін мәселеге айналып отыр.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат−міндеттері мен қазіргі және жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми сипаттама(дефинция) беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру− бұл еңбектің жоғары әлеумеіттік экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса маңызды инженерлік−экономикалық, техникалық, ұйымдастыру−шаруашылық және құқықтық шаралар кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл аспектілері мен жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын реттеуге қатысты басқа да инженерлік −экономикалық кешендерімен өзара байланыстарын ашып көрсетеді. Сондықтан бұл түсініктің сипаттамасын жеке бөліктерге жіктей отырып ұққан дұрыс:
* жерге орналастыру−жеке дара іс қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
* жерге орналастыру−мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның нәтижесінде Заң негізінде пайда болатын территориялық реттіліктердің формалары міндетті түрде орындалуға тиісті;
* жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруға және үнемі жетілдіріп отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға және ысырапты жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен антропогендік ықпалдардан қорғауға бағытталады;
* жерге орналастырудың түпкі мақсаты−әрбір жер учаскесінің жалпы өндіріс құралы және аса маңызды табиғи ресурс ретіндегі пайдалану тиімділігін арттыру.
Өткен ғасырдың 40-70 жылдарында жерге орналастыру ғылыми мектебінің жетекшісі академик С.А.Удачин жерге орналастыруды техника мен құқықтың экономика арқылы сынып көрінетін ұшқырлы призмамен салыстыра бейнеленген болатын. Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған, бірақ ол геодезиялық және басқа да техникалық тәсілдерді қолдана отырып, әртүрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады және тек осыларды орындау барысында әрқашанда құқыққа−заңдар мен нормативтік актілерге негізделеді.
Соңғы уақытта экологиялық жағдайлардың асқынуына байланысты осы жағынан қауіпсіз технологияларды қолдану және алқаптардың құрамын қалыптастыру қажеттілігі тууда. Бұнда ландшафттың қасиеттерін ескерген аса маңызды. С.А.Удачиннің жерге орналастыруға жоғарыда берген сипаттамасына, енді экология ұғымын қоса айтқан әбден орынды болар еді.
Жерге орналастыру обьектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылщаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке дара алқаптары мен учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың тақырыбы және оның нақты нәтижелері−экономикалық тұрғыдан тиімді, экологиялық жағынан қолайлы жер категорияларының, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылардың, өндірістік бөлімшелер мен әкімшілік территориялардың, жер алқаптары мен әртүрлі ауыл шаруашылық алқаптарының( ауыспалы егістіктер мен танаптардың, ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың жеміс жидек көшеттері квартлдарының), сондай ақ сызықтық контурлардың(жолдардың, каналдардың және т.с.с.) межелері мен аудандары.

1.3.Жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні
Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және оған себепті ауылшаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт кұрделене түсуде.
Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алаптардың құрамы мен орналасуын, территорияларының реттілігін, а.ш. дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады.
Демек, жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні жер учаскелерінің экономикалық тұрғыдан тиімді межлерін, аудандарын және орналасуын, сондай ақ өндірістің мақсатына сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе−теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қаматамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.

1.4.Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шарттарды түрде 4 топқа бөлуге болады:
Біріншісі− Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Екінші - Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар; Үшіншісі−ведмостволық нұсқаулар мен ұсыныстар;
Төртіншісі−облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы аймақтың шешімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресуртар мемлекет меншігіне жатады. Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24-ші қаңтарында бекітілген Жер туралы заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепсиясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принциптері, жер иелену мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.
Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналасутырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтақ Кодекс, Шаруа қожалығы туралы (1998ж.) , Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы, Жер салығы туралы, Ипотека туралы және бір қатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңында көп укладтық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.

1.5.Жерге орналастыру техникасы
Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік−экономикалық және құқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс−тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық тезника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план - картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқталғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруге қолданылады. Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс− қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:
* план - картографиялық негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;
* іздестіру және топографиялық− геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;
* план−картографиялық материялдарды жасау дәлдігі;
* жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;
* жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс−қимылдар.
Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастрын жүргізгенде негізгі картографиялық материялдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толықтығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.
Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:
* аналиткалық( координаталары бойынша);
* графикалық( пландық сызықтық өлшемдер арқылы);
* механикалық( планиметр арқылы).
Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми−техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материялдар кең қолдануда.

2.2. Жер кадастры кезінде мәліметтер алу, өңдеу және талдау әдістері
Жер кадастры халық шаруашылығында есеп жүргізудің бір бөлігі ретінде жердің құқықтық, табиғаттық және шаруашылық жай-күйі туралы деректер алуда статистикалық әдістерге сүйенеді. Математикалық-статистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының кұралы мен пайдалануы, дақылдардың өнімділігі, өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мөліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.
Статистикада белгілі объектерді зерттеуде алғашқы мәліметтерді алуды бақылау деп аталады. Бақылаудың мәні жоспарлы ғылыми-ұйымдастырылған көп көлемді деректер жинау. Мысалы, жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудағы деректер: жер пайдаланушылар арасындағы жерді бөлу, ауыл шаруашылылық жерлер түрлері немесе алқаптар, топырақ жамылғысы, егіс көлемі, өнім, еңбек шығыны, осыларға сүйене отырып түрлі сапалы жерлерде табыс, шығын қайтымдылығы жайында қортынды шығару.
Статистикалық зерттеулер келесі кезендерден тұрады: дайындық жұмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өндеу.
Статистикалық зерттеудің негізгі формалары есеп беру және сынақ.
Есеп беру - бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалык органдар белгілі мерзімде кәсіпорындардан, ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады.
Сынақ - бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастрында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15-қарашадан кешіктірмей тиісті ауданның (қаланың) атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1-қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді. Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1- қаңтарға есептер жасайды.
Жыл сайын бұл есеп беруге ауыл-шаруашылық алқаптарының бар болуы, (соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек мәліметтер), олардың түрлері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және занды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі.
Статистикалық бақылау жүргізу уақытына байланысты күнделікті (үздіксіз) және үздікті (үзілмелі) деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістер мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады.
Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды-көпті ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді (бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі) және бір уақытта (қажеттілігіне қарай орындалады) болып бөлінеді.
Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мәліметтері бес жылда бір рет анықгалады, ал бір уақыттағыға - көп жылдық екпелердің сынағы, жерді түгендеу, топырактық, геоботаникалық, мелиоративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар кажеттігіне қарай жүзеге асырылады.
Объектіні қамтуына қарай бакылау жаппай және жаппай емес болып бөлінеді.
Жаппай қамтуда - объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: жердің бастапқы есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашылыктарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады.
Жаппай емес қамтуда - объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді.
Статистикалық бақылаудың негізгі тәсілдері: тікелей бақылау, құжаттық тәсіл және сүрау салу деп бөлінеді. Тікелей бақылау барысында керекті жер-кадастрлық мәліметтер мен құжаттарды толтыру, түсірістерді жеке қарап шығу және жергілікті жерде тексеру негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы мамандар жүргізеді. Бүл тәсіл тым жетілдірілген және ең анық болады.
Бақылаудың құжаттық тәсілі барысындағы керекті мәліметтерді бірінше кезекте есеп беру және әр түрлі түрдегі құжаттар болады.
Мысалы, ауданның (қаланың) жер кадастрлық құжаттарын толтыру барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл шаруашылық кәсіпорындардың есепке алу және есеп беру құжаттары қолданылады.
Сұрау салу - арнаулы тұлғалардан сұрау салу арқылы, мысалы өте аз кездесетін дақылдардың өнімін, агрономдардан.
Жер кадастырында есепке алу және бақылау жүргізу нәтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу және жинактап қорыту керек, сондықган жұмыстың келесі кезеңі жиналған мәліметтерді жинау және өндеу болады.
Жинақ (жинау-сводка) - қаншама көп мәліметтерді бір жүйеге келтіру, біріктіру, сипаттама жасау, қорытынды шығару, ал тыңғылықты талдау үшін топтастыру жасалады немесе тексерілетін жиынтықтардың әртүрлі түрлерін бөлу (топтар мен топшаларға).
Статистикалық мәліметтердің жинағы мен топтастырылуы статистикалық кесте ретінде рәсімдейді. Бұл бір кестеде бірнеше белгілер бойынша жинақталған өзара байланысты санды сипаттамасы.
Құрастырылған топталу барысында белгілер саны өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жалпы жер кадастрында абсолюттік, салыстырмалы және орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең қолданылады.
Абсолюттық шамалар зерттелетін құбылыстың мөлшерін (көлемін) көрсетеді және натуралды бірліктер (га, л, кг және т.б.), әртүрлі өнімдердің жиынтығын көрсету үшін және салыстыру үшін, шартты бірліктер қолданылады (балл, коэффициенттер).
Салыстырмалы статистикалық шамаларды бір бірімен өзара байланысқан абсолюттік шамаларды салыстыру нәтижесінде алады. Көпшілік жағдайларда салыстырмалы шамаларды процетпен көрсетеді. Базистік шама процетпен көрсеткенде 100 қолданылады. Жердің сапасын бағалау барысында балл осыған ұқсас анықталады.
Салыстырмалы көрсеткіштер нені білдіруіне байланысы, олар бес түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, құрылыстың қарқындылығы, динамика және салыстыру.
Орта шамалар анықталатын кұбылыстың типтік өлшемдерін білдіретін көрсеткіштері орта шамалар деп аталады. Орта шаманың мәні мынада, ол құбылысқа қорытынды сандык сипаттама береді. Сондыктан, ол көбірек таралған қорытынды көрсеткіштер болады. Орта шамалар бірнеше түрге бөлінеді: орта арифметикалық, орта гармониялық, орта геометриялық, орта квадраттық, мода және медиана. Жер кадастрында көбірек кеңінен қолданылатыны орта арифметикалық (өлшелген).
Есептеу барысында жер кадастрында орта арифметикалық, орта гармониялық және мода қолданылады. Жай орта арифметикалық белгінің жеке мәндері бір рет немесе бірдей сан кездесуіне орай қолданылады.
Өлшенген орта арифметикалық белгілердің жеке мәндері қанша рет және бірі-жеке, екіншісі-сирек кездескен жағдайда қолданылады. Жер пайдалану және оладры бағалау жөніндегі мәліметтерді өндеу және талдау барысында ең көбірек қолданылатыны орта арифметикалық өлшемдер.
х мына формуламен есептеледі:Орта арифметикалық өлшем -
Хх = I n., мұнда п - белгілер саны, Хі- белгілердің жекеленген мәндері.
ХfОрта арифметикалық өлшенген өлшем: х = f , мұнда f - жекеленген белгілердің жиілігі (салмағы), Х-белгілердің жекеленген мәндері.
Орташаны есептеу барысында бір қатар жағдайларда белгілі жеке мәндері мен олардың жалпы көлемі белгілі. Белгінің нақгы мәндеріне бірліктің саны белгісіз. Бұндай жағдайларда орташа гармониялық шаманы табады.
Орта гармониялық - бұл орта арифметикалық кері шама. Оны сол уақытта қолданады, онда салмақты көбейту емес, ал варианттарға бөлуге немесе олардың мөніне керісінше көбейтуге тура келген кезде.
Жердің пайдалануын және оның бағалануын сипаттау барысында кейде мода қолданылады.
Мода да орташа сиякты вариациялық қатардан көп сан ретінде қайталанатын белгісінің шамасы түсініледі.
Орта шамалар кұбылысқа түрлену белгілері бойынша қорытынды сипаттама береді. Бүл белгілерді бөлумен қатар орташа шамадан аутқуды үйренуде үлкен маңызға ие. Барлық ауытқулардың тек соңғысын ғана емес, жиынтығын да білу өте маңызды. Орташаны алу сенімділігі олардың түріне байланысты. Ауытқудың таралу (үлестірілу) түріне басқа арифметикалық көрсеткіш-орташа ауытку немесе орташа сызыкты ауытку түсінігін береді. Орташа арифметикалық ауытқу - бүл орташадан жеке варианттарды абсолюттық мәндері ауытқуының арифметикалық орташасы. Бұл көрсеткіш белгінің вариация шегі ретіңде сирек қолданылады. Бұл мақсаттар үшін жиірек қолданылатыны дисперсия (ауытқудың орта квадраты) және орта квадраттық ауытқу.
Дисперсия табу барысында орташадан ауытқуды квадратқа көтереді және енді оң белгілері бар ауытқудың квадратынан орташа шаманы есептеп шығарады.
Орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан түбірді шығару жолымен алынады. Орташа квадраттық ауытқу, орташа және түрленуші белгі өлшемдерімен көрсетіледі. Оның шамасы белгілінің вариация (түрлену) дәрежесі қандай болса, есептейтін белгінің және оның орташа санының абсолюттік өлшемдеріне сондай байланысты болады. Әр түрлі белгілердің өз түрі және өлшемдері бойынша вариациясын салыстыру үшін, ерекше салыстырмалы көрсеткіш - вариация коэффициенті қолданылады, бұл орташа квадраттың ауытқудың орташа арифметикалыққа қатнасын білдіреді және процентте көрсетіледі. Ол белгілі дәрежеде орташа өнімділігінің белгісі болады және вариациялық қатарда орташаның әр түрлі деңгейлерімен белгілі вариация дәрежесін салыстыру мүмкүндігін береді.
Жалпы қағида болып сол вариация коэффициенті қанша кем болса, сонша керісінше және белгінің ауытқуы аз болады. Динамика қатарлары жер сапасымен үлестірілуінде өзгерістер өз уақытыңца динамика қатарларын, яғни зерттелетін күбылысты өз уақытында бейнелейтін цифрлық көрсеткіштер қатарларын құру және талдау көмегімен аныкталған және бейнеленген болуы мүмкін. Олар абсолюттік салыстырмалы және орташа шамаларда белгіленген болу мүмкін, олар моменттік және интервалды болып бөлінеді.
Уақыттың әртүрлі кезеңдерінде құбылыс жағдайын сипаттайтын қатарлар - моменттік қатарлар деп аталады. Осындай динамика қатарына мысалды, бірнеше жылдар ішіндегі 1-қараша жағдайы бойынша егістік жерлер аудандары туралы мәліметтер болуы мүмкін.
Динамиканың интервалдық қатары деп уақыттың (ай, жыл т.б.) белгілі аралығында құбылыс өлшемін сипаттайтын сандық көрсеткіштер қатар аталады. Мысал ретінде, жылдар бойынша егістік астына жаңадан өзгертілген жерлер аудандары туралы сандық көрсеткіштер қатары келтіріуі мүмкін. Динамика қатарлары мәліметтері бойынша мынадай көрсеткіштерді, абсолюттік өсу, өсу шегі қарқыны және өсу қарқыны есептеліп шығарылады.
Абсолюттік өсу (абсолютный прирост) - қатар деңгейінің айырмашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
Жерге орналастырудың экологиялық - экономикалық мәні
Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
Жерге орналастыру жобалау
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Ішкі жерге орналастыру жобалары
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Пәндер