Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Pecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi

Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yнивepcитeтi

НИЕТБАЙ ТАЛШЫН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫ НҰСҚАЛАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Aлмaты, 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры нұсқаларын оқыту әдістемесі»

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Орындаған: 4-курс студенті Ниетбай Т. Т.

Ғылыми жетекші: PhD Даутова Г. Р.

Қорғауға жіберілді:

Хаттама №, « » 2022 ж.

Кафедра меңгерушісі:

ф. ғ. д., профессор Темірболат А. Б.

Нормобақылаушы:

ф. ғ. к., профессор м. а Сарбасов Б. С.

Алматы, 2022

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры нұсқаларын оқыту әдістемесі»

Дипломдық жұмыстың көлемі: 55

Пайдаланған әдебиеттер саны: 23

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Диплом жұмыстың зерттеудегі мақсаты - «Қобыланды батыр» жырының нұсқаларын салыстыра отырып, мектеп бағдарламасына оқытудың жаңаша әдіс-тәсілін ұсыну.

Жұмыстың мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Қазақ фольклорындағы эпос жанры туралы жалпы түсінік жасай отырып, батырлар жырының халық мұрасы ретінде алатын орнын айғақтау;
  • «Қобыланды батыр» жыры нұсқаларының зерттелуін, ғылыми тұжырымдарын саралу;
  • «Қобыланды батыр» жырындағы мотив, сюжеттердің ерекшелігін анықтау;
  • Жырды жазып алған ғалымдардың, айтушылардың нұсқаларын талдау;
  • «Қобыланды батыр» жырын орта мектеп бағдарламасында оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді ұсыну.

Зерттеудің жұмысының негізгі нысаны: «Қобыланды батыр» жырының зерттелуі және жариялануы. Жырдың орта мектепте оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының пәні: қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі

Зерттеу жұмысының нәтижелері:

  • «Қобыланды батыр» жырының генезисі және зерттелуі тарихы нақтыланды;
  • «Қобыланды батыр» жыры нұсқаларының бір-бірінен ерекшелігі мен ұқсастығы және айырмашылығы дәйектелді;
  • «Қобыланды батыр» жырының көркемдік сипаты ашылды;
  • Жырдың орта мектепте оқытудың әдіс-тәсілі және сабақ барысы құрастырылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
  1. ҚАЗАҚ ЭПОСЫНЫҢ ЖИНАЛУ, ЗЕРТТЕЛУ, ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
3:
КІРІСПЕ . . .:
  1. «Қобыланды батыр» жырын зерттеушілер мен зерттелу тарихы
3: 5
КІРІСПЕ . . .:
  1. «Қобыланды батыр» жыры нұсқаларының ерекшеліктері . .
3: 15
КІРІСПЕ . . .:
  1. БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 «Қобыланды батыр» жырының көркемдік сипаты
3: 24
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Орта мектеп оқушыларына «Қобыланды батыр» жырын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
3: 42
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 52
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .
3: 55

КІРІСПЕ

Зерттеудің жалпы сипаты. Қазақ фольклорының (ауыз әдебиетінің) аса бір көрнекті саласы батырлар жайындағы жырлар. Бұл жырларда, негізінде, басқыншы жауға қарсы күрескен батырлар жайында, солардың ерлік істері турасында айтылады, сырт жаудан елге қорған болған, халқы үшін жан аямаған батырлардың ісі жырға қосылып, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіледі.

Өзінің елін қорғау жолында батырлық-ерлік істер жасап, халқының қамқоры болған батырдың бірі - Қара Қыпшақ Қобыланды. Қобыланды батыр жайында халықтың шығарған жыры атадан балаға, ғасырдан ғасырға сақталып келеді. Бұл жыр бүгінгі қазақ әдебиетінің қазыналы қорына қосылып, мәдени мұрамыздың бірі болып отыр.

Сондықтан да, «Қобыланды батырды» ғылыми жолмен зерттеу, жырдың шығу тарихын білу, әдебиетте алатын орнын айқындаудың мәні зор. Бұл үшін ең алдымен, халқымызға ертеден таныс болған, ғалымдардың да, әдебиетшілердің де көңілін аудартқан көне жыр «Қобыланды батырдың» ел арасынан қай кезеңде жиналғанын, қай кезде тасқа басылғанын және бұл жөнінде қандай еңбектер жазылғанына аз да болса шолу жасаған жөн.

Қазақ фольклорының жиналуы өткен XIX ғасырдың орта кезінен басталады. Одан арғы жерде фольклорымыз хатқа түспей, халықтың ауызекі айтуында сақталып келген.

«Қобыланды батыр» жыры басқыншы жаудан елін қорғаған батырдың ерлік істерін көркем түрде суреттеуімен қазақ әдебиетінің тарихынан тиісті орнын алып келеді.

Зерттеудің өзектілігі. Бүкіл қазақ фольклорын, оның ішінен батырлар жырын дұрыс бағытта зерттеу жұмысы халық жаулары әшкереленгеннен кейін ғана қолға алына бастады.

Диплом жұмыстың өзектілігі - «Қобыланды батыр» жырының жинақталуы, зерттелуі мен жариялануы, оның түрлі нұсқалығын талдау және деректер, мысалдар арқылы дәлелдеу .

Зерттеу жұмысының мақсаты. Диплом жұмыстың зерттеудегі мақсаты - «Қобыланды батыр» жырының нұсқаларын салыстыра отырып, мектеп бағдарламасына оқытудың жаңаша әдіс-тәсілін ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Қазақ фольклорындағы эпос жанры туралы жалпы түсінік жасай отырып, батырлар жырының халық мұрасы ретінде алатын орнын айғақтау;
  • «Қобыланды батыр» жыры нұсқаларының зерттелуін, ғылыми тұжырымдарын саралу;
  • «Қобыланды батыр» жырындағы мотив, сюжеттердің ерекшелігін анықтау;
  • Жырды жазып алған ғалымдардың, айтушылардың нұсқаларын талдау;
  • «Қобыланды батыр» жырын орта мектеп бағдарламасында оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді ұсыну.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Диплом жұмыстың теориялық негізі ретінде Б. Кенжебаевтың «Қобыланды батыр туралы» зерттеуі және «Халық эпосы» туралы мақаласы, Классикалық зерттеулер, М. Ғабдулиннің «Он бір томдық шығармалар жинағы» және «Қобыланды батыр» туралы монографиясы, «Бабалар сөзі» 35-38 томдар, Р. Бердібаевтің «Қазақ эпосы» еңбегі, Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихы мәселелері» секілді т. б ғылыми зерттеулер, мақалалар мен кітаптар қарастырылды.

Әдістемелік негіз ретінде «Қобыланды батыр» жырын мектепте оқытудың жаңаша форматын ұсыну арқылы оның ұрпақ үшін маңызды рөл атқаратынын нақтылау.

Диплом жұмыстың құрылымы. Диплом жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚАЗАҚ ЭПОСЫНЫҢ ЖИНАЛУ, ЗЕРТТЕЛУ, ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ«Қобыланды батыр» жырын зерттеушілер мен зерттелу тарихы

Қазақ халқының поэтикалық шығармашылық материалының молдығы, мазмұнының тартымдылығы және түрінің көркемділігі жағынан қай елдің болмасын фольклорынан кем түспейді.

Жалпы алғанда халықтың ауыз әдебиеті, оның ішінде эпостық жырлар ескі замандардан бері келе жатқан, талай дәуірдің, талай әлеуметтік топтар мен таптардың ақыл-ойының жемісі. Академик Ю. М. Соколов: «Фольклор - өткен заманның жаңғырығы, әрі сонымен қатар бүгінгі күннің айқын дауысы да», - деп атап айтқан болатын. Мұның батырлық жырларға да тікелей қатысы бар. Өйткені, батырлық эпостағы басты образдардың бәрі де халықтардың жат жұрттар шапқыншылығына қарсы ерлік күресін бейнелейтіндіктен халық қайсарлығын, тапқырлығын, халықтың елдік тарихындағы белгілі бір белесті кезеңдерде айқын танылған дарқандығын және оның жақсы өмір үшін күресін көрсететіндіктен ғасырлар бойы халық жүрегінде сақталып келеді.

Кеңес одағы тұсындағы қазақ халқының эпикалық шығармаларын өз алдына жинау, баспа бетінде жариялау, арнайы зерттеу саласында бірқатар жұмыстар істелді. Атап айтқанда, қазақ эпосының шығу төркіні, тарихпен байланысы, оның белгілі нұсқаларының ерекшеліктерін айқындау сияқты мәселелерді күн тәртібіне қойды. Орта мектепке арналған оқулықтарда, жоғары дәрежелі оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдарында, «Қазақ әдебиеті тарихының» томдарында, жекелеген кандидаттық, докторлық диссертацияларда, газет-журнал мақалаларында, кейбір зерттеулерде жалпы қазақ эпосы жайында, кейде нақтылы эпостар жайлы арнайы тараулар, бөлімдер беріліп, сөз болып келді. Оларда көтерілген мәселелер, айтылған пікірлер жете шешімін таппағанымен ілгеріде әр эпос көлемді монография тұрғысында зерттеу жүргізуімізге негіз болары сөзсіз.

Қазіргі таңда атақты деген батырлар жырының қолда бар белгілі нұсқаларын жан-жақты тексеріп, оларды өзара кеңірек салыстыра отырып, ақындар мен жыршылардың өз жанынан қосқан жерлерін білу, сөйтіп барып қазақ эпосының негізгі көзін, тұтқалы жерін бірте-бірте айқындау міндеті туып отыр. Бұл іс өз дәрежесінде орындалған шақта «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» сияқты жырлардың қазақша нұсқаларын басқа халықтарда бар нұсқалармен қатар қойып салыстыра зерттеуге жол ашыла беретіндігі сөзсіз. Сонымен бірге осы эпостардың о бастағы шығу төркінін айқындайтын мәселені анықтауға да мүмкіндік беріп, пайдасын тигізеді.

Аталған төрт эпостың төңірегінде бұл күнге дейін белгілі - белгісіз болып келген бірнеше батырлық жырларға тоқтала келіп, біз жалпы қазақ эпосының мәселелерін тұтас алып, топтап әңгімелеуге тырыстық. Бір кездерде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын бұл аталып отырған эпостардың кейбіреулерін («Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр») қыр-қырынан алып тексеруге келмейтін еді. Оған аталған жырлардың вариант тапшылығы (мәселен, «Алпамыс батыр» жырында 1-2 ғана нұсқа болған) себеп болды.

Ол тапшылық жырлардың негізін халықтық емес деп шүбәландыруға дейін апарды. Қазіргі жағдай, хал-ахуал басқаша болып отыр. Осы жерде М. Әуезовтің мына бір пікірін келтіріп өтуді орынды деп есептейміз: «Академик Радлов та, түрік тілдес халықтардың эпосын зерттеген басқа ғалымдар да ғылымға бұрын белгісіз болып келген халықтардың жанды эпостық дәстүрлерін зерттей отырып, біз өткендегі халықтардың немесе эпостың дәстүрлері қазір жоғалып кеткен, бірақ кезінде зерттелмеген халықтардың эпосы жайында көп нәрсе аңғарамыз деп әділ айтқан еді» [1, 7-8] .

Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан мәдени мұрасының бір түрі - батырлар жыры десек, соның ішінде көлемдісі де, көркемі де «Қара қыпшақ Қобыланды батыр» деуге болады. Бұл негізгі идеясы халықтың ел қорғау, ертедегі ру тәуелсіздігі үшін күресу тілегінен туған және осы жолда асқан ерлік жасаған ер азаматтардың батырлық істерін жырлауды нысана еткен жыр.

Басқа жырлар секілді, «Қобыланды батыр» да бір ғасырдың жемісі емес. Ол өзінің қалыптасу, даму бойында халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне және таптық тілектерге сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған; әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық ой-сананың, түрлі көз- қарастардың алуандаған әсерін бойына жинай отырып, біздің заманымызға жеткен жыр.

Алғашқы ұсақ нұсқасынан бастап, бертін келе көлемді жырға айналған «Қобыланды батыр» ел арасына ауызша айтылу ретімен тараған. Жырдың әр түрлі варианттарын Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Нүрпейіс Байғанин, Айса Байтабынов, Мұрын жырау Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағанбетов, Құлзақ Аманкелдіұлы, т. б. осылар секілді жыршы-ақындар жырлап, ел арасына ауызша таратқан. Бұлардың қайсысы болса да «Қобыланды батырды» өзінше жырлаған, бір-бірін қайталамауды көздеген, жырдың көпшілікке таныс сюжетіне тыңнан жаңа әңгімелелер қосқан.

Әрине, «Қобыланды батырды» осы айтылған ақындар ғана жырлаған жоқ. Оны бұлардан басқа да талай жыршы, жыраулар айтқан. Және де олардың жыры «Қобыланды батырдың» варианты, ұзақ әңгіменің үзіндісі есебінде де айтылып жүрген.

XIX ғасырда көптеген ақын, жыршы, жыраулардың ауызша айтуымен ерте кезде-ақ қазақ қауымына тараған «Қобыланды батыр» жырының ел арасынан жинала бастауы, жазып алынып хатқа түсті. Бұл ретте жырдың бір нұсқасын Марабай ақыннан жазып алған және оның үзіндісін алғаш рет баспа жүзіне шығарған Ыбырай Алтынсарин болады. Ол жырдың Тайбурылдың шабысын суреттейтін жерін үзінді түрінде «Киргизская хрестоматия» (1879) деп аталатын кітабының бірінші бөліміне енгізген. Бұл «Қобыланды батырды» ел арасынан жинап, баспа жүзіне шығару жөнінде жүргізілген жұмыстардың бастамасы еді. Содан былайғы жерде жырдың әр түрлі варианттарынан алынған үзінділер «Дала уалаяты» (1899), «Тургайская газета» (1901) газеттерінде және «Орынбор оқымысты комиссиясының еңбектерінде» (1910) басылады. Ал жырдың бұрынғы Қостанай уезі, Қарабалық болысының жыршы-ақыны Біржан Толымбайұлы айтқан бір вариантын Махмұт Сұлтан Тұяқбаев деген кісі 1914 жылы (Троицк, Қазан қалаларында) бастырып шығарады. Мұны «Қобыланды батырдың» толығы, көлемдісінің бірі деуге болады. Онда жыр әңгімесі Қобыландының тууынан басталып, батырдың қартайғанға дейінгі ерлік өмірі баяндалады.

Ал кеңес одағында «Қобыланды батырдың» бірнеше варианты басылып шықты. Жырдың Марабай Құлбайұлы айтуындағы нұсқасын Ә. Диваев жеке кітапша етіп 1922 жылы Ташкентте бастырды, кейіннен ол 1932, 1939 жылдары «Батырлар жыры» атты жинаққа енді [1, 12 б] . Бұл эпостың көлемді бір нұсқасын белгілі жырау Мергенбай жырлаған. Одан алынған көлемді бір үзіндіні профессор Б. Кенжебаев 1943 жылы баспа жүзіне жариялады. Осы варианттың толық түрін М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1957 жылы өз алдына кітап етіп шығарды. Ал, Нұрпейіс, Айса, Құлзақ, Мұрын жырау, Көшелек, т. б. ақын-жыршылардың айтуындағы «Қобыланды батыр» қолжазба күйінде, Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы.

«Қобыланды батыр» жырына әдебиетші, тарихшы ғалымдар XIX ғасырдың екінші жартысында көңіл бөліп, назар аударғанын байқаймыз. Мәселен, Октябрь революциясына дейін бұл жыр жөнінде В. В. Радлов пен Г. Н. Потаниннен басқа, орыс ғалымдарынан Туземец пен П. А. Фалев пікір айтып, жырдың ауыз әдебиетінен ерекше орын алатындығын көрсеткен. Бірақ олар жырды әр жағынан алып толық зерттеген емес еді.

Басқа жырлар сияқты, «Қобыланды батырды» зерттеу ісі кеңес одағында кеңінен жүргізілген. Бұл жұмыс кішігірім зерттеуден басталып, бертін келе үлкен монографиялық еңбектер тудырған. Бұл туралы ғалым М. Ғабдуллин өзінің монографиясында атап өтеді. Сондай-ақ, «Қобыланды батыр» орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» деп аталатын оқулықтардан, әдебиет тарихын баяндайтын ғылыми еңбектерден, кандидаттық және докторлық диссертациялардан орын алды. Осы ретте әдебиетші ғалымдардан М. Әуезов, С. Сейфуллин, C. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, А. С. Орловтың жазған еңбектерін атауға болады.

Кеңес одағында қазақ әдебиетшілері «Қобыланды батыр» жырына жиырмасыншы жылдары көңіл бөле бастайды. Бұл ретте алғаш пікір айтқан Мұхтар Әуезов болды. Ол «Шолпан», «Таң» журналдарында жариялаған мақалаларында «Қобыланды батыр» жырының әдебиеттік маңызын, көркемдік ерекшеліктерін айта отырып, жырдағы әңгімелер қай кезде, қандай дәуірге байланысты туды деген мәселеге айрықша көңіл аударады. Ол Қобыланды батыр жыры XVI ғасырда туды, оған осы күнгі Татар Республикасының астанасы Қазан қаласын орыс патшасы Иван Грозныйдың 1552 жылы өзіне қаратып алуы себеп болды деп көрсетеді. Бұған жырда Қазан қаласының аталуын дәлел етеді.

Кейіннен, 30-жылдардың соңғы кезінде, Мұхтар Әуезовтің бұл пікіріне Сәбит Мұқанов пен Қалижан Бекхожин және Қажым Жұмалиев те қосылады. Бұлар да «Қобыланды батыр» жырының тууына Қазан оқиғасы негіз болды дейді.

Әрине, бұл пікір ғылыми тұрғыдан негізсіз пікір еді. Оның терістігін М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиевтің өздері-ақ қазақтың батырлар жыры туралы 50-жылдары жазған еңбектерінде және қазақ эпосының мәселелеріне арналған айтыста толық дәлелдеп берген де болатын. Олар батырлар жырында кездесіп отыратын жер-су, қала аттарына қарап белгілі бір тарихи дәуірді үнемі белгілей беруге болмайтындығын айтады. Мұндай жер-су, қала аттары батырлар жырының қандай әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туғандығын белгілерлік ғылыми дәлел еместігін және ондай әдіс әдеби мұраларды тексерудің әрқашан да ғылыми дұрыс жолы бола бермейтіндігін көрсетеді. Сөйтіп 50-60 жылдары жүргізілген зерттеулерде «Қобыланды батырдың» Қазан қаласына ешқандай да қатысы жоқ екендігі анықталды.

Жырдың мазмұнына, сюжет құрылысына көз жіберсек, жыр әңгімесі Қобыландының ел қорғауда жасаған ерліктеріне арналған. Және ол бұл жолда шетелдік басқыншы жау қызылбастармен, кейде қалмақтармен соғысады, соларға тойтарыс беріп, ел-жұртын қорғап отырады.

Мәселен, жырдың Марабай, Мергенбай, Біржан, Құлзақ, Досжан айтуындағы нұсқаларында Қобыландының алысатын жаулары қызылбастар болып келеді, ал Нұрпейіс, Айса, Мұрын жырларында Қобыланды батыр қалмақтармен күреседі. Бұлар ойдан шығарылған жау емес, тарихи шындық.

XIII ғасырдың басында (1219 ж. ) монғолдардың Шыңғысхан бастаған шапқыншылары қазақ пен Орта Азия халықтарының жеріне жорық жасайды. Әскери күші мығым Шыңғысхан аталған халықтардың қанын судай ағызып, оларды күшпен өзіне бағындырып алады. Шыңғысхандықтар мұнымен қанағаттанбай, Иран мен Иракқа, Кавказдық елдерге және Европаның оңтүстік шығысына қарай да шабуылдап барады. Бұл жерлерде де олар өздеріне қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып-жойып, басып отырады, зорлықпен үстемдік жүргізеді. «Бағынған» жерлерді Шыңғысхан өзінің балаларына, туған-туысқанына, жендет нояндарына бөліп береді. Олардың әрқайсысын жеке ұлыс деп жариялайды [1, 37] . Мәселен, Ертістен бастап Орал тауына дейін созылған қазақ жерін Шыңғысхан өзінің үлкен баласы Жошыға береді. Бұл жерлерді мекендеген жергілікті елдерді Шыңғысхан тұқымы ауыр қазаға және азапқа ұшыратады, қапас пен қорлықта ұстайды.

Қобыланды батыр туралы зерттеушілер қатарында Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхан да бар. Ол Қобыланды батыр туралы мынандай дерек келтіреді:

«Бұрынғы заманда Тоқтар атты бір бай болыпты. Малы көп, перзенті жоқ болыпты. Тоқтар «Әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып» құдайдан бала сұрапты. Тоқтар бай бір күні әулиеге түнеп жатқанда: «Саған Құдай перзент береді» деп аян беріпті:

Кемпір мен шал байғұс,

Бір-біріне жолықты.

Ешнәрсе болмай торықты,

Өлдім-талдым дегенде,

Жаппар ие жар болып,

Бір нәрсе енді болыпты [2, 91]

Үйге қайтқан соң, тоғыз ай он күн өткен соң, алпыстағы Аналық бір ұл, бір қыз тапты. Ұлдың атын Қобыланды, қыздың атын Қарлыға қойды.

Тоқтарбайдай байыңның,

Кеңіген енді секілді,

Дүниенің тарлығы,

Көңілдің кетіп зарлығы [2, 91] .

«Қара қыпшақ Қобыланды» жырында Қобыландының жорығы өлең қылып айтылған. Осы Қызылбастың жұртында патша Көклен кемпір бар екен. Алты жасында Қобыланды жүз құлаш биіктен теңге атып түсіріп, осы Көкленнің Құртқа атты қызын алды. Қият жұртынан шыққан құрдасы Қараман деген жігітті ертіп алып, Қобыланды қалмақтың Қазан деген елін шапты.

Бірге туған құрдасжан,

Құлағың сал сөзіме,

Мен айтайын өзіңе,

Көбікті деген қалмақ бар,

Көрсетейін көзіңе.

Соған енді баралық,

Жылқысын қуып алалық [2, 91] .

Қобыланды мен Қараман осы Көбіктіге барып, соқтығысып қолға түсті. Онан құтылып, қалмақтың Алшағыр деген ханымен соғысты. Қобыланды жорықта жүргенде Алшағыр ата-анасы мен қарындасын олжалаған еді. Алшағырды алған соң, оған болысам деп келген Шошай ханды тағы алады.

«Сүйтіп бұрынғы қазақтың батырлары мұратына жетіпті» дейді жыр. Едіге би Тоқтамыс ханға өкпелеп, Еділдің күншығыс жағына өткен. Сонда Тоқтамыс хан тоғыз батырын шақырып есік алдына қойып, бір-бірлеп алдына келтіріп, ақыл сұраған, сондағы Тоқтамыс ханның тоғыз батырының біреуі Қара қыпшақ Қобыланды:

Қараңғыда жол тапқан,

Қысылғанда сөз тапқан,

Тайқазан қақпақ жауырынды,

Қолағаш тоқпақ, айдарлы,

Кісі ақылына ермеген,

Қиын жолға жүрмеген,

Қара қыпшақ Қобыландым,

Хан Тоғымға не дейсің? [2, 92] .

Ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың жазуынша Қобыланды батыр Әбілхайыр ханның екі төбе биінің бірі болған, Себебі әзірге белгісіз, Қобыланды ханның «Ақжол» биі атанып кеткен екінші биі Дайырқожаны ұрып өлтіреді. Жырда айтылатын Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың: «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным, сексен асып таянғанда тоқсанға, тұра алмастан үзілді ме жұлыным, адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының, аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!» деп келетін жыр жолдарының өзі батырдың Өзбек (Әбілхайыр) хандығының іргесі шайқалатын тұста ғұмыр кешкеніне дәлел бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жырындағы тарихи шындық
Батырлар жыры
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Қобыланды батыр
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz