Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Тұжырымдама

«Түркістан облысы Түлкібас ауданы «Алма» ЖШС жерінде жер кадастрлық жұмыстарын жүргізу және бағалау. » тақырыбы бойынша «5В090700 -Кадастр» мамандығы бойынша бітіруші білімгер Абубакиров Дәулет Кенжеғалиұлы диплом жұмысын дайындады.

Бітіру жұмысында жер кадастрлық жұмыстарын жүргізу және бағалау, ауыл шаруашылығы жер қатынастарын дамыту проблемаларын шешу мақсатында заман талабына сәйкес негізделген және Қазақстан Республикасының жер кодексінің жаңа енгізулері қарастырылған. Жұмыста ұйымдастырудың барлық шарттары қарастырылған.

Аннотация

Дипломная работа, выполненная студенткой специальности 50907 - «Кадастр» Абубакиров Дәулет Кенжегалиулы на тему: «Проведение и оценка земельных кадастровых работ на территории ТОО «Алма», Тюлькубасский район Туркестанской области».

Дипломная работа посвящена вопросам проведения оценки земель сельскохозяйственного назначения. Актуальность выбранной темы обусловлена нововедениями Земельного кодекса Республики Казахстана. В данной работе рассматриваются все этапы проведения работ по оценке земель сельскохозяйственного назначения. Приводится пример проведения оценки земель.

Annotation

Graduation work is fulfilled by student Abubakirov D. K. of specialty management land resources and system of land tenure The theme of the work is Conducting and assessment of land cadastral works on the territory of Alma LLP, Tulkubasky district of the Turkestan region. Graphic part is consist of drawings. Graduation work is dedicated to the questions of separating and reorganization of agricultural farms. The choice of the theme is motivated with the actuality of republics transition to new market relations causing with the great changes in all branches of social and production activity.

Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе
: 5
: 1
Мазмұны: Шаруашылықтың табиғи және климаттық жағдайы
: 13
: 1. 1
Мазмұны: Шаруашылық туралы жалпы мәлімет
: 13
: 1. 2
Мазмұны: Климаты
: 16
: 1. 3
Мазмұны: Рельеф
: 16
: 1. 4
Мазмұны: Топырағы
: 17
: 1. 5
Мазмұны: Өсімдік жамылғысы
: 18
: 1. 6
Мазмұны: Гидрографиясы
: 18
: 1. 7
Мазмұны: Гидрогеологиясы
: 18
: 2
Мазмұны: Негізгі бөлім
: 20
: 2. 1
Мазмұны: Жер кадастрлық жұмыстарын жүргізу
: 20
: 2. 2
Мазмұны: Қайта ұйымдастыру Алмаындағы шаруашылық ету түрі
: 24
: 2. 3
Мазмұны: Шаруа қожалығының (фермерлік) құрылуы
: 30
: 2. 4
Мазмұны: Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау
: 35
: 2. 5
Мазмұны:

Ауыл шаруашылық жерге орналастырудың экономикалық

тиімділігі

: 42
: 2. 6
Мазмұны: Алма ЖШС тиімділігін анықтау
: 42
: 2. 7
Мазмұны: Алма ЖШС - жерін бағалаудын экономикалық моделі
: 48
: 2. 8
Мазмұны: Жерге орналастыру жұмыстарын орындау кезінде еңбекті қорғау
: 53
: 2. 9
Мазмұны: Ауыл шаруашылығы жер қатынастарын дамыту проблемалары
: 53
:
Мазмұны: Қорытынды
: 62
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер
: 64

КІРІСПЕ

Жерге орналастыру жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі. Жер заңдарына сәйкес меншік және жер пайдалану объектісі жылжымайтын мүлік болып табылады, ол табиғи шаруашылық жүргізу объектісі. Қазақстан Республикасының жер заңдарына міндеттері жерді тиімді пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын дамыту үшін жағдай туғызу, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту мақсатында жер қатынастарын реттеу болып табылады. жасалынып отырған жобамның тақырыбы шаруашылық жерін ұйымдастыру болғандықтан төмендігі есептеулер мен экономикалық көрсеткіштері бойынша жоба жасалынды. Жобалау объектісіне ұйымдастыру территориялық өндіріс бірлестіктері ауыл шаруашылық жүргізетін өздеріне бөлініп берілген жерлерді жатқызады. Жобада шаруашылықтың жер көлемі есептелініп, ауыл шаруашылық алаптарын ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында ауыспалы егістер жобаланып, олардан алынған өнімдерді өндіруге кеткен шығындар есептелінді.

Мал шаруашылығы бойынша алынатын жалпы өнім, жалпы өнімнің бағасы және өнімді сату отырысында түсетін пайда есептелінді. Жалпы жобада аз еңбек шығынын жұмсап, көп өнім алу барысында жоба нұсқада жобаланды. Жер учаскелерінің келісімді бағаларына келсек, олар жартылай басқарусыз қалыптасуда. Мұнда жерге мемлекеттің белгіленген базалық ставкалары бағдар болып, олардың деңгейі нарықтық сұранысқа сәйкес бейберекет бір мақсатта пайдалану үшін жер учаскесінің оңтайлығы және халықтың төлеу қабілетімен анықталады. Жермен жасалынған мәміле саны көбейген соң, жер учаскелерінің бағасы салыстырылады, дұрысы салыстыру негізімен анықтау әдісіне көшкен жөн.

Мемлекеттің әр даму сатысында әр елде жерлерді бағалаудың әр түрлі жүйелері пайда болып дамыған. Қазақстанда жерді бағалауда топырақты бонитеттеу, республика аумағын табиғи - айыл шаруашылық және топырақ климаттық аумақтау, жерлерді экономикалық бағалау әдістерін зерттеу мен жер бағалық жұмыстарды орындау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осы жүргізілген жұмыстар нәтижелері ауыл шаруашылық салаларын орналастыруда, жоспарлауда, ауыл шаруашылық өнімдерінің сату бағаларын жіктеуде, жерлердің пайдалануын салыстырмалы талдауда пайдаланады. Жобаны жасау үшін шаруашылық туралы мәліметтер және жер пайдалану жоспары. 1:25000 масштабта пайдаланылды. «Алма» ЖШС топырақ картасы және топырақ легендасы пайдаланылды. Бұл мәліметтер мемлекеттік ғылыми өндіріс орталығы жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жобалық институтының техникалық жобаларын пайдаланылды.

Жердің жеке меншік иелеріне ҚР азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалары болып табылады. Жерге меншік құқығының субьектісі болу үшін азаматтар ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес, құқықтық және жұмыстық қабілеттері болуы керек.

Мұнда, жұмыс тәжірибесінің, біліктілігінің болуы, (фермерлік шаруашылық жүргізу мақсатында жер учаскесін алу үшін) қайтыс болған фермердің жерін мұралыққа алу үшін оның туыстығының болуы. Жер учаскесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болам деген азаматтарға арналған осындай талаптар шет елдерде де заңды әрекет жасайды.

Азаматтардың меншігіндегі жер учаскелерін нормалау ҚР үкіметі арнайы нормативтік актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырады. Бұл актілерде жер учаскелерін берудің шекті нормалы көрсетіледі. Мұнда жергілікті органдар өз құзіретінде өздерінің нормаларын қабылдай алады. Азаматтар жеке меншігіне берілетін жерлердің категориясы бойынша шектеулер қойылған.

Республикадағы жер реформасының негізгі бір жайы мемлекеттен азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғалар жерді беру тәртібін жасау және қолдану болып табылады. Мұнда заң талаптары, азаматтар мүддесі, әлеуметтік, мемлекеттік мүдделері сақталуы керек. Осы уақытта республикамызда қабылданған заңдылық нормативтік актілер шеңберінде жер учаскелерін жекешелендірудің келесі механизмі қалыптасты:

  • өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру, сая жай құрлысын, жеке тұрғын үйлер салу үшін ертеде алынған жер учаскелерін беру;
  • азаматтарға жеке меншікке тегін беру нормасы шегінде жер учаскелерін сату;
  • жекешелендіретін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер үлестерін дербестеу;
  • жекешелендіру тәртібіне алынған жер учаскелерін басқа азаматтарға, заңды тұлғаларға сату.

Жер заңы бойынша жерге жеке меншіктің келесі түрлері төмендегідей болады:

азаматтардың жеке меншігі;

Ортақ бірлескен меншік, яғни қатысушылардың үлестері белгіленбеген бірлескен меншік;

Әр қатысушыға тиесілі жер учаскелерінің нақты үлестері белгіленіп, нақты бөлуде пайда болатын ортақ үлестік меншік;

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі.

2. Шаруашылықтың табиғи және климаттық жағдайы

1. 1. Шаруашылық туралы жалпы мәлімет

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Алма» ЖШС 1998 жылы бұрынғы «Жаңа тұрмыс» колхозының негізінде құрылды. Оның жер пайдалану шекарасына қосымша мал бордақылау совхозының және Ақсу совхоздарынан қосалқы жерлерді кесіп беру арқылы ұйымдастырылды. 1975 жылы жасалынған шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы бойынша кәзіргі кездегі жер пайдаланымы шекарасында құрылды.

Шаруашылықтың жері Солтүстігінде Калинин атындағы колхоздың және Байзақ совхозының жерімен, Солтүстік шығысында Киров атындағы колхоздың (кәзіргі «Кенен» өндірістік кооперативі) жерімен шығысында Красногор совхозтехникумы (кәзіргі Кене Әзербаев атындағы ауылшаруашылық техникумы) жерімен және Буденовка совхоздарының жерлерімен шектескен.

Шаруашылықтың жер пайдаланымы ауданның Оңтүстік батысында бірынғай бөлекті массивтен тұрады. Негізгі шаруашылық, әкімшілік орталығы Жаңа-Тұрмыс елді мекені. Облыс орталығы Шымкент қаласынан 30 км, ең жақын темір жол станциясы Ақсу - 12 км.

Ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыратын пункттері астықты - Ақсу астық қабылдау пунктіне, сүтті - Шымкентр май зауытына, етті - Шымкент қаласына.

Барлық елді мекендер электрленген, радио желілерімен және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Орталық мекені Жаңа-тұрмыс ауылы су жүйелері (водопровод) арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген, ал қалған елді мекенлер жергілікті ауыз сулармен қамтамасыз етілген.

1. 2 Климаты

Шаруашылықтың жері өте құрғақ тауетекті агроклиматты ауданда орналасқан. Климаты өте континентальді тез ауытқыйтын аймақта болғандықтан жылдың орташа температурасы +7, 4 о С болады, ең жоғарғы көрсеткіші + 40 о С, ал ең төменгі көрсеткіші - 38 о С болады. 5 о С дан тұратын орташа температура күндерінің ұзақтығы 200 күн, ал жалпы температура жиыны 3212 о С, 10 о С дан жоғары күндер 167 күн оның температура жиыны 2930 о С. Аязсыз уақыттың ұзақтығы орташа 163 күн яғни 1 сәуірден 12 қазанға дейін. Алғашқы күздегі суық күзде қазан айының ортасында түседі, ал кЖШСтемгі суықтың аяқталуы мамыр айының басында аяқталады.

Шаруашылықтың жеріндегі атмосфералық жауын жашын мөлшері 420 мм-ді құрайды, оның жыл бойында біркелкі емес. Ең көп жауатыңы (60%) кЖШСтемгі және күзгі кезеңдерге тура келеді. Жазда түсетін ылғал аз болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен жетілуіне кері әсерін тигізеді.

Қардың жататын ұзақтығы 116 күн және оның қалындығы 15-22 см аралығында. Ауаның орташа ылғалдылығы жыл бойына 59% ал оның ауытқуы қыс кезінде 75-77% ал жазда 37% дейін төмендейді. 30% тен төмен ылғалдылықтың ұзақтығы 118 күн, ал ондай кезең маусым мен қыркүйек айларының арасында болады.

Шаруашылықтың жерінде климатқа тағыда әсер етуші ерекшелік бұл желдер. Оның негізгі туратын бағыты Солтүстік шығыстан, олардың қайталау жыл бойында 50% болады. желдің жылдамдығы 15м/сек жылда 53 күнді құрайды және оның қайталануы кЖШСтемгі және күзгі кезеңдерде байқалады. Қысқы кезеңдерде жиі туман түседі.

Климат жағдайын талдай отырып келесі қортынды жасауға болады: бұл жердің климаты құрғақ, континентальді, пайдалы температура жеткілікті, ыстық ауаны қажет ететін дақылдарды өсіруге қолайлы, бірақ ауыл шаруашылық дақылдарының жетілуіне ылғалдың жетіспеуінен бұл жерде суармалы егіншілік жүргізу қажет.

Климат жағдайының ауытқуына қарай жайылымдың талаптары толық пайдалануға ынғайлы болғандықтан мұнда қой шаруашылығын, ірі қара мен жылқы өсіруге толық мүмкіндік бар. Жайылым кезеңінің ұзақтығы ірі қара үшін - 154 күн, қойларға - 280 күнге созылады

Кесте 1. 1

Ауа ылғалдылығының мінездемесі

кЖШСтем
жаз
күз
қыс
жыл
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
I
II
: C
кЖШСтем: 1
жаз: 1
күз: 2
қыс: 3
жыл: 3
3
3
2
1
0, 5
0, 5
1
2
: Ж
кЖШСтем: 51
жаз: 50
күз: 47
қыс: 41
жыл: 41
49
50
49
52
54
57
53
50
: Ш
кЖШСтем: 19
жаз: 17
күз: 15
қыс: 18
жыл: 16
14
14
15
17
19
21
21
17
: ОШ
кЖШСтем: 3
жаз: 3
күз: 4
қыс: 6
жыл: 4
4
4
4
5
5
4
4
4
: О
кЖШСтем: 7
жаз: 7
күз: 10
қыс: 9
жыл: 10
7
8
7
8
8
8
7
8
: ОБ
кЖШСтем: 12
жаз: 11
күз: 12
қыс: 12
жыл: 12
9
10
11
11
10
7
9
10
: Б
кЖШСтем: 6
жаз: 9
күз: 8
қыс: 9
жыл:
: СБ
кЖШСтем: 1
жаз: 2
күз: 2
қыс: 3
жыл: 4
3
2
2
1
1
0, 4
1
2

Кесте 1. 2.

ГМБ-ның мәліметі

мінездеме
айлар
жыл
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
мінездеме:

Сал

ылг.

айлар: орташа
жыл: -7, 3
-6, 1
0, 0
8, 0
13, 8
18, 4
22, 0
21, 1
15, 3
мінездеме: %
айлар: > 80%
жыл: 14
19
25
32
35
38
40
38
36
мінездеме:
айлар: <30%
жыл: -36
38
-28
-16
-10
-1
5
5
-5
мінездеме:

абс.

ылг. мб

айлар:
жыл:

Жауын

шашын

орташа
23
29
45
62
50
44
24
13
16
35
44
35
420
жоғарғы
төменгі

Кин.

сан

туман
10
10
13
5
2
0, 2
0, 1
0, 2
0, 5
3
9
10
63
найзагай
0, 2
0, 8
4
7
3
0, 6
22
топырақ суырылуы
7
0, 04
0, 2
0, 1
0, 2
0, 1
0, 1
0, 3
Кин.сан:

Желдің қайталану

> 15 м/c

туман: 7, 1
10: 7, 1
10: 6, 3
13: 5, 5
5: 4, 0
2: 20
0, 2: 2, 0
0, 1: 2, 7
0, 2: 3, 0
0, 5: 3, 2
3: 4, 5
9: 5, 7
10: 53

Жылдың суық мезгілдерін 3 ай құрайды ( о С - тан төменгі температурада) . Көктемде температураның тым қатты көтерілуі байқалады, әсіресе тәуліктік жербелісте. Шамамен қар жамылғысы 94 күндей шамада жамады. Қар жамылғысы максималдық биіктігі ( 8-9 см, кейбір жылдары 32 см) желтоқсанның аяғы мен қаңтар басында байқалады.

Кесте 1. 3

Қар жамылғысының орташа биіктігі декада, см

X
XI
XII
I
II
III
IV
Қар жататын мерзім бойынша
X: 1
XI: 2
XII: 3
I: 1
II: 2
III: 3
IV: 1
Қар жататын мерзім бойынша: 2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
орт.
макс.
мин.
X:
XI:
XII:
I:
II:
III:
IV: 3
Қар жататын мерзім бойынша: 4
5
6
6
7
7
6
6
6
14
32
2

Кесте 1. 4

Температура өзгеруінің басталу

0 о жоғары
16/III
242
14/XI
0ожоғары: 5 о жоғары
16/III: 3/IV
242: 200
14/XI: 25/IX
0ожоғары: 10 о жоғары
16/III: 23/IV
242: 157
14/XI: 8/IX
0ожоғары: Аязсыз күндер
16/III: 1/V
242: 153
14/XI: 12/X

Жел шаруашылықтың солтүстік шығыс және солтүстік бөліктерінен жиі турады. 15 м/с -тен асатын желдер жаз мезгілінде және жылдың 28 шамасында күнін құрайды. Тұманның түсуі жылдың суық айларында тіркеледі. Шаруашылық территориясы орналасқан жердің климаты мал шаруашылығын дамытуға қолайлы, әсіресе қой шаруашылығына және де жайылым жердің аланын үлесі көбірек.

1. 3 Рельеф

Шаруашылықтың аудынының жер бедері өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жерінің оңтүстік бөлігі Ақсу өзенің арнасына қарасты жазықтықта орналасса, солтүстігіндегі жерлері орташа таулы Қазықүрт жотасына, орналасқан өзенінің арнасына қарасты жерлері аздап толқымалы еңкішті жазықтың және оның ылдыйлығы өзеніне қарай бағытталған.

Таулы және уақ таулы жүйелі жерлері бірнеше сай салалы орналардан турады. Бұлар жалаңаш таулы жерлер, орташа таулы арна және уақ жоңылы төменгі арналары тау етекті жазықтың бірнеше сатылардан құралған төменгі жағы тегіс болғандықтан бұл жерлер толығымен айдалған егіншілікке пайдаланылады. Жоғарғы жағы өзектер мен өзеншелер арнасы мен бөлшектенгендіктен ауыл шаруашылық техникасын пайдалануға қиындық туғызады, сол сбепті толық пайдаланылмайды.

Арнаға жақын оңтүстік жерінде каналы өтетін болғандықтан негізгі өсіретті отамалы дақылдар, көкөніс және көпжылдық шөптер.

Басқа суармалы егіншілік Садыр өзенінің арнасы бойында орналастырғанға ыңғайлы болашақта ұлғатылады. Суармалы жерлерде мал азықтың дақылдар мен бақша өсіріледі. Солтүстік және орталық аудандарында орналасқан егістері тәлімі болғандықтан дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптер өсіріледі. Таулы аймаққа жататын солтүстік жерлері таулы қыратты болғандықтан және тау жыныстарының жер бетіне шығуымен олар тек жайылымдыққа пайдаланылады.

1. 4. Топырағы

Шаруашылықтың жеріндегі ең көп тараған топырақтар ашық каштанды (қоңырқай) және кәдімгі сур топырақтар. Барлық топырақ бедері негізгі 8 агроөндірістін топқа біріктірілген.

1. Жақсы сапалы суармалы жерлер - бұлар аймақтың агротехниканы қадет етеді. Бұл кәдімгі суртопырақтар ауыр және орташа құмайттылар. Құнарлылығы бойынша дақылдарды егіп одан жоғары өнім алуға болады, ол үші тиісті агротехниканы еңгізіп органикалық және минералды тыңайтқыштар беріп суармалы жүйеде пайдалануға болады. 2. Орташа сапалы тәлімі жерлерге - таулы қаракаштанды ауырқұмайтты эрозияға қарсы шараларды талап ететін жерлер жатады. Олардың орналасқан жерлері тау етекті жазықтықтар. Бұл жерлер дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптерді егуге пайдаланылады. Жоғары өнім алу үшін топырағын уақтылы өңдеп, тыңайтқыш беріп парлы ауыспалы егістік еңгізген жоқ.

3. Зоналық (аймақтық) агротехниканы қажет ететін эрозияға қарсы шараларды талап ететін орташа сапалы тәлімі жерлер. Бұл жерлерде ылғалды сақтау шаралары қажет. Эрозияға ұшыртпау үшін жерлерді айдағанда бедерді аудармайтын отвалсыз соқалармен жұмыс істеп көлбеулікке қарсы айдап егістікке пайдаланылады. Топырақ құрамы таулы сұр каштанды және ашық кәдімгі сұр топырақтар.

4. Ылғалды сақтау шараларын қажет ететін орташа сапалы тәлімі жерлер. Бұл кәдімгі сұр топырақтар орташа құмайтты қиыршықты болып келеді. Топырақ құрамында қарашірік тек айдалу бетінде ғана болады онда да аз мөлшерде. Бұл жерлерге міндетті түрде азот пен фосфоры бар минералды тыңайтқыштарды молынан беру керек, көп жылдық шөптер егіледі, ауыспалы егіс еңгізіледі.

5. Эрозияға қарсы шараларды, ылғалды сақтауды қажет ететін төменгі сапалы тәлімі жерлер. Олар негізінен таулы ашық қаштанды топырақтар. Айдалған тәлімі егістік жерлердің көбірек аудынын алып жатыр өзінің топырақ құнарлығы жағынан бұл топ тек парлы астықты дақылдарды өсіруге пайдаланылады.

6. Өзен арналары арасында орналасқан жатындықтар бұл жерлердің жоғарғы горизонты (беті) мықты шымдалған өсімдік тамырларымен қалдықтарына бай жерлер. Бұларға жалғынды, шалғынды каштанды ауыр құмайтты топырақтар. Негізінен жабындықтарға пайдаланылады.

7. Егістікке жарамсыз, тек жайылымдыққа пайдаланылатын таулы және тау етегіндегі жерлер. Бұл жерлерде таулы қара каштанды, ашық каштанды жалғынды сұртопырақты жерлер. Топырақ кесінділері бойынша аз жетілгн, сапасы төмен, тау жыныстары бетіне шыққандықтан егіншілікке жарамайды. Шөптерінің өнімділігін арттыру үшін мал жайып арнайы жайылым алмастыру шараларын жүргізуді қажет етеді және және жаңарту үшін ауыспалы демалдыру әдістері керек, ол шөптердің тұқымын шашуға әсер етеді.

8. Сегізінші агроөндірістік топқа айдауға жарамсыз тек жайылымға пайдаланылатын жерлер жатады. Бұл жерлер арық, атыз өзен сайлармен жырымдалған тауллы, тау етекті су эрозиясына ұшыраған жерлер жатады. Бұл жайылымдың жерлер өзін пайдалануды шегере отырып мал жаюды керек етеді арық және шөптердің тұқымдарын егіп жақсартуды тілейді.

1. 5. Өсімдік жамылғысы

Шаруашылықтың жеріндегі өсімдік дүниесінің түрлері әрқилы. Тау етекті жағынтықта жусаны эфемерлі және жусанды ебелекті өсімдіктер өседі. Жер асты сулары жер бетіне жақын жерлерде шилі - жусанды, жусанды ажырық басқан құрақты өсімдіктер бар, басқада шөптер тұқымы кездеседі.

Геоботаникалық мәліметтер бойынша шөптердің өнімділігі көктемгі күзгі және қысқы кезеңдерде 4, 8 ц құрған шөпке теңеледі. Таулы жерлердің де өсімдік дүниесі әртүрлі. Тау беткейлері мен ылдыйлы етектерінде дәнді шөптер құрамы кездеседі, олардың құрамында тыпшақ, терскен - жусан ассоциясы орын алады. Бұл өсімдіктер малдың жеуіне жарамды, әсіресе көктем жаз және күз уақыттарында. Құрғақ шөпке айналдырғандағы өнімділігі 6-8 ц/га дейі жетеді. Сайлар мен жырыларді тыпшақ, теріскен және басқа түрлі шөпті өсімдіктер өседі, пайдаланылатын уақыты жаз айлары өсімдіктерінің өнімділігі кейде 10 ц/га жетеді.

Орта таулы жерлер өзінің ылғалдылығымен ерекшеленеді. Бұл жерлерде осока - эфемерлі, дәндік осока және жымды ажырықты бидайықты өсімдіктер өседі. Кейбір жерлерінде беде (клевер) жабайы сұлы т. б. таулы сайларда тобылғы, итмұрын, долана сияқты шіліктер өседі. Айдалатын жерлерде табиғи шөптер өспейді, олар тек жолдың жағалары, танаптардың араларында кездеседі. Тәлімді егістіктер кейбір арам шөптер мен ластанған.

1. 6. Гидрографиясы

Гидрографиясың жүйелері негізінен таулы су көздерінен құрылады, оның ең ірісі өздерінің басын Ақсу жотасынан шығатын беткейлерден алады, суларының ағысы мал жайылымдарын суландыруға, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге және егістіктерді суғаруға пайдаланылады. Өзен-өзек бастаулардың сулары қар, жауып жерастынан шығатын бұлақтардан құрылады. Судың деңгейінің көтерілуі кЖШСтемгі қар еру кезеңінен басталады. Наурыз, сәуір айларындағы судың ағысының деңгейі 2-3 м 3 /сек -қа дейін жетеді бұл кездегі су ағысы жылдың ағыстың 70% -ін құрайды. әрбір су көздерінің ағыс тұрақтылығы 2-3 литр/сек болады. Бұл су көздерінен басқа шаруашылықтың жерінен Георгиевка каналының оң және сол тармақтары өтеді. Бұл Ақсу өзенінің суғару жүйесіне жатады және шаруашылықтың егістері осы су жүйелерімен суғарылады. Олардың әрқайсысының ұзындығы шаруашылық жерінде 1, 5 км болады.

1. 7 Гидрогеологиясы

Шаруашылықтың жеріндегі гидрогеологиялық негіз жерлердің топырағының су сиымдылығы мен жер асты суларының минералдылығына байланысты. Жерлерінің геологиялық құрылымына қарай бөлінуі топырақтарының су жүретін жер асты деңгейіне, құрылым сапаларына геологиялық жағдайына қарай анықталады.

Негізгі жерлерінің барлығы 1-ші гидрогеологиялық ауданға жатады. Осы жерлердің шекарасындағы жер асты сулары, сайлар мен салалар арқылы жер бетіне шығады, олардың алмасуы 0-ден 80 метрге дейін жер қыртысының орналасуына бейімделіп отырады.

Жекешеленген су көздерінің дебеті 0, 1 ден 1, 0 л/сек дейін ауытқиды. Жер асты суларының минералдылығы карбонаттылығы, хлор мен сульфидтері қалдығының мөлшері 1, 0 гр/литрден төмен.

Осы аудандағы жер асты суларының барлығы дерлік елді сумен және жайылымдықтарды суландырумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жұмыстары жүйесіндегі жерді түгендеу орны
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді нарықтық жағдайын талдау
Ауыл шаруашылық алқаптары
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалануы
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы
Ғарыштық мониторинг технологиялары
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz