Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Шет тілдер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау

Орындаған:
Тексерген:

Алматы - 2019 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

І тарау. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

1.1.
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері

1.2.
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану

2.1.
Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы формализмді жою жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі- білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин Оқытушы бағаланғанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне қарай бағалау керек деп айтқандай, оқу жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет. Бұл талаптардың жүзеге асыуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.
Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және немғұрайлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жойлмауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.
Мотивация - психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады.

Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады, балл мен баға қойылмайды. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты әрі қарай жоспарлауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау -мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің және басқа қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қаматамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.

Қалыптастырушы бағалау:
Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды
Негізі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді
Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау - сапалы оқытудың негізі құралы. Оқыту үдерісін басқарудың негізгі кілті бағалауда деп айтуға болады. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бағалау термині жақын отыру латын тіліндегі мағынада. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтьып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістігін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады.
Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс. Сонда ғана біз өзіміз қол жеткізген деңгейді бағалай аламыз. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің , жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құралатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастыршы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлерін анықтау;
Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формаларын оқу процесінде кеңінен пайдалану;
Рейтингтік бағалау жүйесін іс-тәжірибеге енгізу;
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
Оқушының білім нәтижесін бағалауда, олардың кемшілігін жеке-дара қарастыру;
Оқушы еңбегінің көрсеткішін анықтауда олардың өз күшіне сеніммен қарау;
Оқушылардың білім сапасын бағалаудың жаңаша формаларын қолданысқа енгізу.
Зерттеу жұмысының пәні: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың білім нәтижесін бақылау, бағалау
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
Белсенділік пен дербестік
Теория мен практиканы байланыстыру
Өз беттерінше әрекет жасайды
Дәйектілік пен дәлділік
Нақты ақпаратты жүйелейді.

I-тарау АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест - ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты - жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест тәжірибе, тексеру деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері

Білімді тексеруге қойылатын талаптар.
Тексерудің түрлері: оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру, оқушылардың ауызша берген жауаптарын тексеру және бағалау, сабаққа қатынасып отырған оқушылардың білімдері,не баға беру, оқушылардың жазбаша берген жаауаптарын бағалау, бақылау жұмысы, оқушылардың үй жұмыстарын тексеру, зачет, емтихан арқылы білімді тексеру.
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.Оқушылардың оқу материалын қалай меңгергенін тексеру және бағалау оқыту процесіне керекті бөлік. Бұл тек қана оқыту нәтижелерін бақылау емес, соынмен қатар оқу процесінің әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектеседі, себебі мұғалім және оқушы оқу материалын меңгергендігі жөнінде сандық мәлімет алады. Мұғалімге оқушының нені білетіні, нені түсінбейтіні, қай материалжақсы меңгерілгенін, қайсылары нашар немесе мүлдеммеңгерілмегені білгілі болады. Бұл оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру үшін негіз. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға береді, жұмыс әдістеріне толықтырулар, түзетулер енгізіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын табады, бағдарламаның қандай сұрақтарын, ережелерін, ұғымдарын, заңдарын оқушылар нашар түсінетінін, жақсы түсінетіндерін біледі.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар. Білімді тексеру және бағалау белгілі бір дидактикалық талаптарды қанағаттандыру керек:
Тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттелігі. Бұл талапты бұзу оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімніңсапасына кері әсер етеді. Оқушылар сабаққакүн сайын әзірлену керек. Оған мұғалімнің тұрақты бақылауы әсер етеді.
Әрбір оқушыны өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқытупроцесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгерубілімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғлім оқушының қосымша білімін, қандай қосымша әдебиеттерді оқитынын білу керек., бірақ ол үшін баға қойылмайды. Кеңес, нұсқау, консультация беру жеткілікті.
Оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, алған білімдердің оқушылардың жалпыжәне ақыл-ой дамуына, жеке тұлғаның сапаларын қалыптасыруға ықпалын оқуға әсерін білу керек.
Білім, іскерлік, дағдыларды алуан түрлі формалар арықылы тексеру керек.
Байқалған кемшіліктерді оқушы өзі түзету керек.
Мұғалім оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдыңәдістемесі мен тәсілдерін білуге үйрету керек.
Баға әділ қойылу керек, оны көтеріп, не кемітіп қоюға болмайды.
Баға бааның ынтасын туғызатын құрал, оны мадақтау не жазалау үшін қолдануға болмайды.
Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы.
Әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалім баға береді, бірақ оқушылардың өздерін де қатыстыру керек.
Бүкіл бақылау - бағалау процесі әрбір баланың оқуда артта қалып қоймауына, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесу қажет.

Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз -- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, алған теориялық білімін өмірде қолдана білуге бағыттау қажет деді Н.Ә. Назарбаев.

Оқушы ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір оқытушыға жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру.Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым -- қатынасты нығайтуға ұмтылу үйрету.

Бағалау тиімділігі:
Күнделікті тәжірибеде қолданылады(сабақ сайын, күнбе күн);
Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;
Оқушыға да, оқытушыға ға қолайлы бағалау формасы;
Оқытушыға топтың үлгерімін қадағалауға көмектеседі;
Формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады.
Бағалаудың шарттары
Оқушылардың оқу мақсатын білуі мен түсінуі
Оқушылар мен тиімді керібайланыс
Өздерінің тану үрдісіне белсенді қатысуы
Оқушылар бағалау өлшемдерін білуі мен түсінуі
Оқушылардың өз жұмыстарын талдай алуы және талдау мүмкіндіктің болуы (рефлексия)
Бағалау қортындылардың негізінде оқыту амалдарын түзету

1.3 Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері
Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттыңортақ түсінігі болуы тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің, жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құрылатынынанық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады. Тапсырма нәтижесі тек жиынтық балл түрінде болған кезде, оқушылар мұғалімнің мұндай балды қойғанына немесе келесі жолы өз балын жақсарту үшін не істеу керектігіне қатысты сенімсіздік білдіреді. Жетістіктерді анықтайтын айқын өлшемдердің болуы жеке тұлғаның, жұмыстың алдыңғы нәтижесі немесе тіпті жазу мәнері сияқты факторлардың мұғалімге әсер етпеуін қамтамасыз етіп, баға қою сенімділігінжақсартады.
Критериалды бағалау бір оқушыны екінші оқушымен салыстырудан біршама ерекшеленеді. Оқушының жұмысты орындауы алдын-ала белгіленген және талқыланған өлшемдерге қатысты бағаланады.Төменде көрсетілген өлшемдерге тоқталып өтейін.
Ауызекі тіл
Балл
Коммуникация
Оқушы мынаны жасай алады...
Ауқымы
Дұрыстығы

Тапсырма туралы толық мәлімет бере алады.
Бірқатар идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен және шамалы ауытқумен немесе ауытқусыз білдіре және түсіндіре алады.
Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады.
Өте сенімді және айқын табиғилықпен сөйлей алады.
Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.

Лексика мен құрылымы сәйкес, оның ішінде кейбір кешенді лексикалық бірліктердің ауқымы кең.
Түрлі грамматикалық шақтарды үнемі дұрыс пайдалану.

Тек қана күрделі сөйлемдерде кездесетін қатесі бар, ең дұрыс сөйлеу тілі.
Жақсы дыбыстап айту мен дауыс мәнері.
Тапсырма туралы толық мәлімет хабарлай алады
Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады, негізінен, аздаған кідіріспен және қажет болса, біреудің көмегімен немесе көмегінсіз, сирек сенімді сөйлей алады.
Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.
Идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен түсіндіріп, жеткізе алады.

Сәйкес лексика мен құрылымның әр алуандығы.
Етістіктің түрлі шақтарын бір мәнде пайдалану.

Кейбір қателер болмаса, негізінен сөйлеуі дұрыс, хабарламалары түсінікті.
дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы жақсы.
Кейбір жерін қалдырып, тапсырма туралы тиісті ақпаратты хабарлай алады.
Пікірді ашып айтпай, жеткізе алады.
Аздаған үзіліспен әңгімелесе алады.

Лексика мен құрылымдар жеткілікті деңгейде, бірақ ауқымы болжамды.
Түрлі шақтарды қамти алады (бірақ, үнемі сәтті болмайды).

Жіберген қателер саны жеткілікті, соның ішінде базалық қателер, жалпы тілдік қарым-қатынасы дұрыс.
Негізінен дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы дұрыс.
Тапсырмаға қатысты шектеулі тәсілмен ғана әңгімелесе алады.
Қарапайым ақпарат пен пікірді айта алады, алайда жауаптары өте шектеулі.
Көмек сөзге үлкен үміт артып, ұзақ кідіріспен әңгімелесе алады.

Лексика мен құрылымдардың ауқымы шектеулі жәненемесе қайталана береді.
Сөйлемдері қысқа әрі қарапайым.
Базалық қателері көп, бірақ негізгі мағынаны жеткізеді.
Бұрын зерделенген ақпараттың жекеленген бөліктері.
Әдеттегідей, дыбыстап айтуы дұрыс
Тапсырмаға қатысты аз сөйлесе алады.
Тек өте қысқа, қарапайым жауаптарды ұсына алады және көмек сөзге үміттенеді.

Негізгі құрылымның ауқымы өте шектеулі.
Мақсатты емес тілді көп пайдаланады.
Аяқталған сөйлемді сирек береді.
Сөйлеу тілі дұрыс емес (тек жекелген мысалдардың дұрыс пайдалануы)
Дауыстап айтуы көбінесе негізгі әңгімелесуге кедергі келтіреді.

Ағылшын тілі сабағында оқушылар Өзін-өзі бағалайды және өзара бағалайды.
Егер қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс.
1. Жұптарда өзара бағалау
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау
Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.
Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.
Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.
Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, жауаптар үлгілері немесе дайын шешімдер арқылы бағалайды.
Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді.
2. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
Үздік жауаптың топтық идеясы.
Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.
3. Өзін-өзі бағалау
Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау
Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:
Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?
Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?
Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады
Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.
Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:
Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.
Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.
Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер PrSimle мен Past Simple шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.
Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, көмекшілер және көмекті қабылдайтындар да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).
Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.

II-тарау Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану
Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану.
"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" А. Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту -- мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Критерийлер -- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау -- бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (e-learning)
Ауызша жауапты бағалау критерийлері
Оқушыларды оқытудағы ойынның рөлі
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Әдістемелік даярлық
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
Пәндер