ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаланудың әдістемесі
5В01700 - Қазақ тілі және әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша
Қаскелең, 2022
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді __________
Тілдік білім беру кафедрасының
меңгерушісі, PhD, ассоц.профессор
Ногайбаева А.
_________________
___ _____22 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5B01700 - Қазақ тілі және әдебиеті білім беру бағдарламасының
Орындағандар: _________ Умирбаева Арайлым
5B01700 - қолы
Қазақ тілі және әдебиет _________ Мамен Аружан
білім беру бағдарламасының қолы
4-курс студенттері _________ Үркінбаева Аида
Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Нұрманова Г.
Қаскелең, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Электронды оқулық туралы түсінік және оның зерттелуіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.2 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Білім беру саласында электронды оқулықтың қолданылу жайы
1.3 Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..12
2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Электронды оқулықтың жасалу жолдары және қажетті компьютерлік бағдарламалар түрлері
2.2 Қазақ тілі пәніне жасалған электронды оқулық нұсқаулығы (жоба өнімі)
2.3 Электронды оқулықты пайдалануда жүргізілген эксперимент нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 44
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
КІРІСПЕ
Жобаның жалпы сипаттамасы. Егер мектепте қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдаланудың тиімді-әдістері қатар оқытылса, біріншіден, оқушылардың қазақ тілін сапалы меңгеру қабілеті дамиды, білім сапасы артады, екіншіден, қазақ тілінде білім игеру дағдылары санқилы дамиды, үшіншіден, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығы артады.
Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдалана оқу әдістері - қазақ тілі ережелерін, мәтінмен жұмыс тапсырмаларын қарауға ғана емес, қарым-қатынастың басты шарты, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінде өзінің өмірлік тәжірибесімен тығыз байланыста бола отырып, оқытудың тиімділігін арттыру мүмкіндігін кеңейтеді [1, 33].
Мектеп оқушылары, оның ішінде 6-сынып оқушылары қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдалануды қолдана отырып, тілдік сабақтарды ғылыми негізде тереңдетуге, коммуникативтік қарым-қатынастың заманауи әдістерін меңгеруге, сауатты сөйлеуге, жазуға үйренеді. АКТ әдістеріне негізделген тапсырмалар мектеп оқушысының танымын, пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау жүйесін танытады. Сондықтан біз электронды оқулықты пайдалану әдістерін таңдап алдық. Сонымен қатар, 6-сынып деңгейін таңдап алдық, себебі төменгі сынып оқушыларына ақпартты шығармашылық деңгейде меңгергені абзал.
Дипломдық жобаның өзектілігі. Дипломдық жұмыс барысында қарастырылатын заманауи тиімді әдістер арқылы қазақ тілі сабақтарында АКТ заманауи технологияларды пайдалана білу - қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Ақпарат көздерінің бірі ретінде интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтар болып табылады. 2015 жыл оқу жылының ерекшелігі, республикамызда алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде мемлекет басшысының бақылауымен заманауи жетілдірілген түрде сабақтар өткізілді. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңа әдістері пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалана отырып, қызықты және тартымды нәтижелерге қол жеткізеді.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім берудің мақсаты - терең білімді, біліктілігі мен дағдысы бар, шешім негізінде еркін бағдарланған, шешім қабылдауға қабілетті, жоғары интеллектуалдық деңгейі бар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес, қазақ тілін оқытуды дамытуға ықпал ететін оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын іздеу арқылы жүзеге асыру нәтижесінде біз тек жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.
Жастарды даярлауда ізгілендіру және демократияландыру жағдайында жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, білім беру жүйесінің жаңа жолдары мен әдістерін табуға қабілетті, білімді, іскер, жаңашыл, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай тұлғаны қалыптастыра алатын әдістемені жасау талап етіледі [2, 88] - дейді әдістемелік нұсқаулықтарда.
Осы талапқа сай, қазақ тілін оқыту барысында (АКТ) электронды оқулықтарға бағдар беру, оқу материалдарын бағыттап, 6-сыныптың қазақ тілі пәніне бейімдеу мақсаты біздің диссертациялық жұмысымыздың өзектілігі саналады.
Дипломдық жобаның мақсаты: Электронды оқулық түсінігін теориялық негіздеу, Қазақ тілі пәні бойынша электронды оқулық құрастыру және оны пайдаланудың тиімділігін экперимент арқылы дәлелдеу.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес мынадай дипломдық жобаның міндеттерін шешу көзделеді:
- электронды оқулық түсінігін талдау;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты қолданудың психологиялық негіздерін анықтау;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты қолданудың педагогикалық негіздерін анықтау;
- Қазақ тілі пәні бойынша электронды оқулық жасау және пайдалану жолдарын ұсыну;
- электронды оқулықтың тиімдігін эксперимент жұмысы негізінде дәлелдеу.
Жобаның теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында озық идеяларды, оқытудың жаңа технологиялары туралы жинақталған тәжірибені, психологияның, педагогиканың, лингвистиканың білім берудегі соңғы жетістіктерін, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді және оқулықтар мен оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық принциптері негізге алынды.
Шетелдік ғалымдардың электронды оқулықпен оқыту сипаты мен сипаттамаларын анықтау саласындағы тәжірибесі жұмысқа тартылады. Атап айтқанда, А.М. Бершадский, И.В. Кревский, В.С. Мирсеитова, А.Н. Тихоновтардың еңбегі.
Ал қазақстандық ғалымдардан А.Әлімов, Ғ.Сұлтанова, С.Байжуманова, С.Жакупов, Б.Құлмағамбетова, М.Қожамбердиеваның еңбектері басты назарға алынды.
Жобаның теориялық, практикалық маңызы. Білім алушылардың коммуникативтік, тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар қазақ тілін оқыту жүйесін жаңаша бағытта жетілдіруге бағытталған.
Мектеп мұғалімдері әдістеме ретінде қолдана алады, сондай-ақ дипломдық жоба жазатын ізденушілерге, магистрлік жұмысты орындаушыларға, осы саладағы мамандар пайдалана алады. Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты меңгерумен байланысты жүйеленген әдістемелік кешен білім алушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыра отырып, бейіндік бағыттағы білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруге ықпал етеді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жобада мектепте білім алушыларға арналған қазақ тілін оқыту технологиясын сабақта қолдану үшін ақпараттық технологиялар, әдістемелік құралдар мен топтамаларды талдау, саралау, жүйелеу, анализ, синтез әдісі, жаттығу әдісі, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.
Дипломдық жобаның жаңалығы. Дипломдық жобаның жаңалығы ретінде:
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықпен оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі құралады;
- қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаңа оқыту технологиялары жүйеленеді;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты оқытуда заманауи өзге де әдістерді қолданудың тиімді жолдары анықталады;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаландың жиынтық әдістемесі ұсынылады.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеде, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Электронды оқулық туралы түсінік және оның зерттелу тарихы
Білім беру процесінде оқулықтар білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Жақсы оқулық әрқашан жоғары бағаланды және мәселені шешуге сенімді негіз бола алды. ХХІ ғасыр қарқынды даму жағдайында, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, білім беруді ақпараттандыру көбінесе электронды түрге айналған кезеңде оқулықтың рөлі артып қана қоймай, сонымен бірге мүлдем жаңа ақпараттық қасиеттерге ие болды, білім беру қызметі олардың қолдану тиімділігін едәуір арттыра түсті.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің жолдауында: "цифрландыру - сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы" деп айтқандай қазіргі таңда білім саласына ақпараттық технологияларды енгізу қарқында жүруі қажет. Білімгер үшін сабақ уақытында ұсынылатын ақпарат көлемі ауқымды болғандықтан, ақпараттық технологиялар мен цифрланған кешендерді пайдалану маңызды рөл атқарады. Жаңартылған білім мазмұнына ауысқаннан бері мұғалімдерге дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыру қиынға соғуына байланысты заман талабына сай электронды оқулықтарды қолдану қажет. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді [3, 92].
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиалық оқулық [4]. Себебі, электрондық оқулықта сабақ бойынша берілетін ақпараттар сурет, видео, анимациялық көріністер мен презентация, аудиомәтін түрінде беріледі. Электронды оқулық онлайн және оффлайн нұсқаларда келеді. Бұрындары CD-дисктер келсе, қазіргі таңда ғаламтор желісіне немесе дербес компьютерге орналастырылады. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту [3, 89-90].
Электронды оқулық оқыту қызметінің сценарийін жүзеге асыратын ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардан тұратын бағдарламалық-ақпараттық жүйе[5].
Электронды оқулық - мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде pecми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс[6].
Сөздіктерде берілген анықтамаларға сүйене отыра, электронды оқулық білім алушының мұғалімнің көмегімен немесе өзі жыл бойы оқылған ақпаратты қайта қарап шығып, меңгеруін қамтамасыз ететін бағдарлама кешені.
Алғаш болып цифрлық кеңістікте энциклопедиялар, сөздік альбомдар, географиялық карталар шыққан. Электронды оқулық мысалы ретінде, 1989 жылы шыққан Шекспирдің оксфордтық электронды басылымын келтіруге болады. Оның құрамына жазушының 55-томдық шығармалар жинағының электронды түрі кірді. Мәтінмен қоса нұсқауда арнайы символдардың қолданулары түсіндірілді, сонымен қатар электронды мәтінді талдау әдістері көрсетілді. Соңғы кезде, ғылыми әдебиеттерде оқу үрдісіне электрондық басылымдарды пайдалану және өңдеу проблемаларына арналған көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Ы.Бидайбековтың, И.С.Григорьевтің, В.В.Гриншкунның, Е.С.Полоттың, Л.А.Семеновтың және тағыда басқа зерттеушілердің еңбектерін айта кету керек.[22]
Электрондық оқулықтар алғашында қашықтықтан оқытуға арналған оқу құралы ретінде жасалынса, қазіргі таңда, оқу процесіне берген көптеген мүмкіндіктері электронды оқулықтарды өздігінен білім беру бағдарламаларына енгізуге, сондай-ақ мектептердің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша қағаз оқулықтарды алмастыруға әкелді.
Қағаз оқулық тапсырыс бойынша жасалатынына қарамастан, оқушыларға ақпаратты қабылдауға ыңғайлы және жеңіл болғандығынан, электронды оқулықтардың жыл сайын танымалдығы артуда. Электронды оқулықты қолданудың басымдықтарын атап өтер болсақ:
:: Интерактивтілік;
:: Бағалаудағы объективтілік;
:: Өткен тақырыпты қайталау;
:: Қажетті ақпаратты оңай табу;
:: Иллюстрациялардың қолданылуы;
:: Кез келген құрылғыдан кіру мүмкіндігі;
:: Озық білім алу үшін жасалған жағдайлар;
:: Жеңілден күрделігі қарай тапсырмалар жиынтығы;
:: Ақпараттар ғылымның даму деңгейіне сай жаңартылып тұруы.
Электронды оқулықтың көпшілігімізге белгілі электронды кітаптан айырмашылығы неде? Бір қарағанда айырмашылық байқалмауы мүмкін, алайда мазмұны мен қүрылымына назар аударар болсақ электронды кітап пен оқулықтың екі түрлі өнім екендігін байқаймыз. Ал енді оқулық пен кітаптың айырмашылықтарына тоқталсақ.
Электронды кітап
Электронды оқулық
PDF, FB2,DOC, EPUB форматындағы кітаптар
Суреттер, аудио және бейнежазбалар, түрлі ойындар мен тапсырмалар қамтылады
Кітаптың түпнұсқасын өзгерту мүмкіндігі төмен. Егер болған жағдайда кітапты қайта басып шығару арқылы ғана.
ғылым және білім саласындағы соңғы инновациялар мен өзгерістерді электрондық оқулыққа енгізу, мазмұнын жаңарту әлдеқайда оңай, жылдам
Тапсырмалар тек оқу, жазу, тыңдау форматында ғана беріледі.
тапсырмалар жиынтығы көп және бұл білімді тереңдетуге, тақырыпты жақсырақ меңгеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттар кішкентай шрифтен берілуі көп жағдайда ыңғайсыздық тудырады
Көзге ыңғайлы болатындай шрифт көлемін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.
1- кесте. Электронды кітап мен оқулықтың айырмашылығы
Оқушы үшін электронды оқулық үй жағдайында сабаққа, бақылау жұмыстарына дайындалу үшін таптырмас құрал. Жыл бойы өтілген тақырыптарды өз бетінше оқып, білімін арттыра алады. Білім алушыларға өздік жұмыстар жасау үшін ыңғайлы платформа. Атап айтқанда, электронды оқулықтар қандай да бір себептермен мектепке бара алмайтын балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау арқылы өзінің білімінің деңгейін анықтап, тақырыпты толық меңгермейінше келесі бөлімге өте алмайды. Осылай білімін толыққан бекіту мүмкіндігіне ие болады.
Электронды оқулық мұғалім үшін сабақтарды жүйелі әрі тиянақты өткізу мүмкіндігін беретін әдістемелік құрал. Сабақтарды дәстүрлі жүйеден алып шығатын, түрлі мәтіндер мен тапсырмалардың мультимедиялық жүйеге сәйкес ұсынылған таптырмас құрал. Сонымен қатар, үйге берілген тапсырмалардың нәтижесін бақылап, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Біз электронды оқулықтарды оқытушы қызметін және студенттің білім алуын - гуманизациялау құралы деп білеміз.
Электронды оқулықтардың басқа оқу құралдарынан өзгешелігі оқу мен үйренуге деген икемділігі. Оқушылардың білімдерін толықтырып, қосымша ақпараттар алуға көмектесетін құрал болып есептеледі. Электронды оқулықтарды тек оқу бағдарламасына сай оқулық ретінде емес, сонымен қатар көптеген мақсаттар да қолдануға болады.
Электронды оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: оқу, оқыту, бақылау және тексеру .

Электрондық оқу құралының құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.

1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.

2. Схемо-курс - оқулық мазмұнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.

3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін. [8]

Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оқу материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.

Білім берудің кез-келген саласында Электрондык оқу құрал пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электронды оқулықты жасау барасында ескерілуі керек шарттар бар:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
жасалынған электронды оқулық сол пәннің негізгі мазмұнын сақтауы қажет;

электронды оқулық тақырып мазмұнын ашатын теориялық ақпараттар мен практикалық жаттығуларды қамтуы, сонымен қатар сабақты меңгеру процесін қадағалайтын тест тапсырмаларынан тұруы тиіс;

электронды оқулық негізгі оқулықты толықтай қайталамауы тиіс, берілген тақырыптың ақпараты жинақы әрі қысқа болуы шарт;

белігілі бір тақырыпқа берілген ақпарат көлемі жағынан экрандық 1-2 беттен аспауы керек. Себебі, көлемі көп болған жағдайда оқушының назары бөлінеді;

бір қатардағы мәтін 55-60 таңбадан аспауы керек. Баспаға шығарған кезде, көлемі бір параққа дұрыс түсуі тиіс.

электронды оқулық жасау барысында тақырыпты қызықты қылу мақсатында шектен тыс сурет, видео, графикалық құралдар мен анимацияларды қолдану оқушыға кері әсерін тигізеді [8].

Қазіргі таңда көптеген пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, еліміздің біршама мектептерінде қолданыста жүр. Соның қатарында қазақ тілі сабақтарында да көбіне ережелерді еске салуда, кері байланыс пен сабақты түйіндеуге арналған тест тапсырмаларын орындауда қолданылуда. Бізде оқушылардың тақырыпты тереңірек меңгеріп, сабақтан тыс уақыттарда өз білімдерін сына отыруы үшін электронды оқулықтардың қолданысқа енуі тиіс деп санаймыз. Қазақ тілі сабақтарында төменгі сынып оқушыларына ережені графикалық, анимациялық түрде меңгеру маңызды болып табылады. Осы мақсатта сабақтарды түрлендіру мақсатында электронды оқулықтарды қосса, балалардың оқуға деген қызушылығын арттыра аламыз. Электронды оқулықтардың жасалуы қолға алынып, қарқынды түрде білім беру процесіне енуде. Электронды оқудықта модул әдістемесі аясындағы теориялық ережелер мен зерттеу нәтижесі негізіндегі оқытушы білімінің жүйесі ретінде беріледі. Сонымен қатар, ақпаратты-анықтамалық жағдаяттар ретінде модулдік гипермәтіндер жасаладыү Электронды оқулық құрастыру модульдің негізінде жасалады және модульдік гипермәтін жасауды қарастырады. Гипермәтін - бұл табиғи тілдік мәтін, яғни компбюьер көмегі арқылы мәтіндерді тармақтандыруға немесе динамикалық жаңғыртуға болады. Электронды оқулық оқушыларға білім беретін және практикалық дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық оқулық болып табылады.

1.2 Электронды оқулықты пайдаланудың педагогикалық - психологиялық негіздері
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандару ғасыры болып саналады.Біздің еліміз де сол ғасырға нық қадаммен басып келеді. Ел өмірінің барлық салалары цифрландырыла бастады.Ендеше,негізгі мақсатымыз еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпаққа ақпараттық технологияның көмегімен тиімді білім беріп және жаңа технологияның даму заманыныда компьютердің қыр - сырын терең меңгерту болуы керек.
Бүгінгі ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы ақпарат.Алынып жатқан ақпараттың дұрыс болуымен қатар,тиімді қабылдау жолдарын үйрену де ең маңызды істердің бірі.Психологиялық зерттеулер,қазіргі заманда оқушылардың ақпаратты қабылдау жолдарын анық көрсетіп, электронды оқулықтардың заман талабын жан-жақты орындай алатындығын дәлелдеп шықты.Мысалы,егер бала ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайтын болса, оны тыңдай алады, ал егер көзбен көру керек болса, видеофрагменттер мен анимацияларды қарай алады.
Сонымен қатар,қазіргі оқушылар үшін оқулықтың қолжетімді болуы өте маңызды фактор.Электронды оқулық осы қажеттілікті толықтай өтейді,бала кез келген уақытта смартфон көмегімен,немесе басқа да құралдар арқылы оқулықты пайдалана береді.Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ,қазіргі жас ұрпақ ақпаратты жылдам және қысқа түрде жақсы қабылдайды.Бала миы том-том кітапты көріп,оқуға деген құлшынысын оңай жоғалтады.Ал бәрі шағын,бір жерге жинақталған,оңай өнімді көргенде ми ақпаратты аз және жеңіл деп қорытындылайды.Бала да тиісінше керекті білімді алады.
Психологияда адамдарды ақпаратты қабылдауына байланысты 3 топқа бөлуге болады.Олар-аудиал,визуал,кинестети к. Үш тип туралы түсінік қалыптастыру үшін,әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек. Аудиал типіндегі адамдар ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайды.Кітапты бір сағат оқып түсінбеуі мүмкін,ал тыңдайтын болса жылдам түсініп,оңай есте сақтайды.Аудиалдар сирек кездеседі,сонымен қатар олар естігендерін дәл солай оңай қайталап бере алады. Орташа есеппен дыбыстар арқылы қабылдайтын адамдар халықтың 20% құрайды.
Визуалдар ақпаратты көру арқылы қабылдайды. "Мың рет естігенше, бір рет көрген артық" деген мақал осы визуал типтес адамдарға арналған. Қиялдары ұшқыр,тіпті он жылдан кейінгі болатын жағдайды,елестете алады.Визуалдарға бір нәрсені түсіндіру үшін сурет, графика, кесте ұсынған абзал. Осылайша ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді.Адамдардың 60%-ы визуалдар.
Үшінші тип кинестетиктердің ақпаратты қабылдау объектісі - дене.Яғни,ақпараттарды ұстап,сипап-сезу арқылы жақсы қабылдайды.Бір нәрсені өздері жасап көрмейінше, түсінбейді.Бұл типтес адамдар сирек кездеседі,орташа есеппен 10%-ды құрайды.
Өзіміздің күнделікті қолданып жүрген оқулықтарымыз тек визуалдарға ғана көмектесуі мүмкін.Ал электронды оқулықтар осы үш типті де қамти алады.Мысалыға визуалдар үшін электронды оқулықтар ең керемет құрал.Өйткені электронды оқулықтар балаларды суретінің тартымдылығы, мазмұны, құрылымы, бірізділік жүйесімен баурап алады.Әртүрлі бейнематериалдар мен мұғалімнің презентациясы ақпаратты терең түсінуге көмектеседі.
Аудиалдарға электрондық кітаптағы аудио материалдар мен тапсырмалар ақпаратты жеңіл қабылдауға көмектеседі.Ал кинестетиктерге керісінше қағаз оқулықтар көбірек пайда алып келеді.
Калифорния университетінің ғалымы Ричард Майер,өз зерттеулерінде электронды оқулықтардың әсіресе,визуалдарға өте тиімді екендігін айтады.Майер эксперименттерге сүйене отырып, адамдар ақпаратты тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар көрнекі бейнелермен бекітсе, жақсы есте сақтайтынын дәлелдейді. Сонымен қатар, ол модальділік принципі деп атаған тағы бір заңдылықты ажыратты, ол принцип бойынша графикалық кескіндер мен баспа мәтінін салыстырғанда, мәліметтер графикалық бейнелер мен ауызша баяндау комбинациясы ретінде жеткізілсе, ақпаратты ассимиляциялаудың тиімділігі жоғары болады.
Майердің зерттеулері мультимедиа неліктен білім беру саласындағы тиімді құрал болып саналатынын түсіндіреді. Ол мультимедиялық өнімдер адамның жұмыс жадындағы вербальды және иконикалық ақпаратты интегралды өңдеуді ынталандырады деп санайды. Интегралды өңдеу графикалық және ауызша ақпараттың жұмыс жадына бір уақытта жеткізілуін талап етеді (Майер, 2001).
Дегенмен, мультимедиаға әртүрлі тәсілдерге қарамастан, бірнеше зерттеулер әртүрлі мультимедиялық жүйелердің айтарлықтай айқын, бірақ байқалмайтын ерекшелігін атап өтті: мультимедиялық өнімдер адамның барлық дерлік сезім мүшелеріне әсер етеді және сондықтан интегралды иммерсивті әсер жасайды. . Жақында Ресейде жүргізілген зерттеу мультимедияның адамға психологиялық әсерін зерттеді. А.В. Крапивенко (2009) Мультимедиялық технологиялар және сезімдерді қабылдау атты еңбегінде мультимедияның осы қасиетіне ерекше көңіл бөледі. Зерттеуші құбылыстың өзіндік анықтамасын ұсынып, оның адамның сезім мүшелеріне тигізетін әсерін атап көрсетеді.Ғалымның сөзі бойынша,электронды нұсқадағы оқулықтар,қосымшалар тек ақпараттандырып қоймай,ерекше сезімдер сыйлай алады екен.[9]
Z ұрпағы зет - 2000 жылдан кейін туған, технологияның тілін жетік меңгерген бүгінгінің жастары.Оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады.Z ұрпағының өкілдері кітап оқымайды, аулада аз серуендейді, олар алаңға шығып, футбол ойнағаннан компьютерде футбол ойнағанды жөн көреді.Олар үшін үлкен көлемде кітап оқымау қалыпты жағдай, бұл олардың ақпарат көзі емес, олар барлық ақпараттарды смартфоннан алады. Психологтардың айтуынша, ХХІ ғасырдың балалары шынымен де басқа ұрпақтардан ерекшеленеді. Бүгінгі таңда олардың екі негізгі белгілері бар. Біріншіден, олар өте ақылды, тез түсінеді, ересек ұрпаққа жат көптеген нәрселерді қабылдайды және түсінеді. Екіншіден, олар өте сезімтал және осал. Осыған орай дәстүрлі білім беру әдәс-тәсілдері бүгінгі балаларға сай келмеуі мүмкін. Осыған дейін сабақ жоспары бойынша ұйымдастыру кезеңіне 3-5 минут уақыт берілген. Ал Z ұрпағы оқушыларының сабаққа деген ынтасын 8 секунд ішінде аударуымыз керек. Олай болмаған жағдайда олардың фокусы жоғалады.Электронды оқулықтартар Z ұрпағының бүкіл ерекшеліктеріне сәйкес келеді.Жан-жақты,заманауи деңгейде жасалынған электронды оқулық,оқушылардың қызығушылығын оятумен қатар,толық білімді де бере алады.Кітап соңындағы,тапсырмалар ақпарттың есте ұзақ сақталуына көмектеседі.Қолжетімділігі,ғаламтор мен тығыз байланыстылығы,қысқа әрі нұсқалығы Z ұрпағына өте ыңғайлы әрі ұнамды. [10]
Білім беру саласында "Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың,танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.Электронды оқулықтағы графика,видео-материалдар нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,шығармашылық жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады.
Электронды оқулықтарды қолданған оқушыларда берілген материалды қорыту үдерісі оңай болатындығы белгілі.Өйткені,оқушыларда теориялық білімді оқып,көзбен көріп,түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту жеңіл болады.
Жалпы, бүгінгі күнде балалар да, ересектер де ақылды, бәрін біледі. Көп ақпараттар бар, IQ білім дәрежелері алдыңғы көштен қарағанда әлдеқайда жоғары.Электронды оқулық ақылды балалардың сұраныстарын қанағаттандырады.
Түстер психологиясы.Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электронды оқулықтың түс көмегімен қабылдау үрдісіне үлкен әсер ете алады. Оқулықтың мақсаты қажетті ақпаратты адам санасына неғұрлым тиімді тәсілмен жеткізе білуі. Түстерді тым өрескел қолдану керісінше жағымсыз әсер етіп адамның ойын жан-жаққа шашыратып бөліп жібереді. Интернет үшін веб парақ жасау тәжірибесі бір веб парақта көп тегенде 4 түс қолдану жағымды әсер ететіндігін дәлелдеп отыр. Яғни, оқулықтың веб дизайнның ойластырмас бұрын алдымен түс гаммасын анықтап алған жөн. Электронды оқулық түстері ақпаратты жалықпай жақсы қабылдауды қамтамасыз етіп, материалды эстетикалық тұрғыдан және жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Қою фонда ашық түсті мәтінді қолдану керек. Тек мәтін ашық түспен жазылса ғана дұрыс нәтиже береді. Мәтіндік ақпаратты көп парақтар фоны ақ болу керек. Қара фон қолданылмайды. Шрифтің түсі қара, қою жасыл, қою көк болған абзал. Қызыл шрифті тек мәтін атаулары, ең маңызды ақпаратты бөліп көрсету үшін қолданылады.Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек,түстер гаммасы адамның қабылдауына әсер етеді.[11]
Түстер палитрасы
Ассоциация
Қызыл түс
Ең белсенді түске жатады.Мұндай анық түстер өте айқын қабылданады және өте жақсы сақталады.
Қызғылт сары түс
Жылылық сезімін шақырады.Бұл түс адамның сыртқы әлемге қызығушылығын,адамдармен араласуға және еңбекке деген іс-әрекетін арттырады.
Ақ түс
Бойға тыныштық сыйлайды.Шексіздікті,бос кеңістікті сезінуге мүмкіндік береді.
Қоңыр түс
Ойға ой қосады.Бірқалыптылық сезімін шақырады.
Сары түс
Бұл түс сергіткіш, физиологиялық оңтайлы түс; көру мен жүйке
белсенділігін ынталандырады
Жасыл түс
Визуалды тепе-теңдік күй шақыра алады.Мұны мистикалық күші бар түс деп те атайды.
Көгілдір түс
Уақыттың және кеңістіктің сезімін,тағы сол сияқты салқын сезім тудырады.Тежелуге шақырады.Адамдарды сабырға шақыра алады.
Көк түс
Бірқалыптылық және салмақтылық сезім сыйлайды.Тұңғиық ойларға жетелейді.
Сұр түс
Бейберекет түс.Ол өзіне назар аудармайды,ешқандай реакция шақырмайды.Алайда адам бойына тұрақты сезім орната алады.
2 - кесте. Түстер палитрасы
Жалпы, таным түсінігінің аясы шексіз. Алайда, біз тілдік таным деңгейлерін қарастырсақ, яғни оқушының ақпаратты қабылдау шарттары жайлы сөз етпекпіз.
Олар танымның:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көру, есту деңгейі;
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сипап сезу деңгейі;
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Түйсіну деңгейі;
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сезіну деңгейі;
5. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұғыну, қалыптасу деңгейі [12, 68].
Осы ретте, баланың жас ерекшелігі мен ойлау қабілеті сынға алынбақ. Алайда, психологиялық және педагогикалық әдістерді қатар қолданар болсақ, бізге ,балаға бірнәрсе үйрету әлдеқайда тиімді болмақ.
Себебі, психо-лингвистикалық аспектілер аясында бала санасы мен (6-18 жас арасы) қабылдау деңгейлерін сараптап алып, ондағы туындаған мәселелерді шешуде педагогикалық сан түрлі әдістерге, оның ішінде ең тиімді болған салғастырмалы әдістерге баратын боламыз.
Тағы бір ескертетін заңдылық, мұғалім белгілі бір психологиялық ұстанымдарды дұрыс ескеріп отырса ғана, оларды сауатты түрде басшылыққа алса ғана, оқудың пайдалы, тиімді, нәтижелі болуына ықпал етеді.
Ол ұстанымдар:
- Оқушының бұрын меңгерген біліміне сүйеніп үйрету ұстанымы;
- Сезімталдық ұстанымы;
- Жүйкеге күш түсіру ұстанымы;
- Қарым-қатынас ұстанымы;
- Жүйелілік пен жалғастық ұстанымы.
Жалпы оқытуда есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Кейбір оқушы көру қабілетімен, ал кейбір оқушы есту қабілетімен есте сақтайды. Осы мазмұнда Оқушы 5% естігенін және 20% көргенін есте сақтайтыны белгілі. Есту мен көру қатар қолданылса 40-50% есте сақтайды [13] - деген ақпараттар бар.
Ес дегеніміз - тек қана ақпаратты сақтаушы ғана емес, сонымен бірге алынған мәліметті қайта өңдеуші. Ал лексиканы ойлау үдерісі тұрғысынан қарастыру психолингвистика пәнінің аясына жатады, тіл психикалық феномен ретінде қарастырылады [13] - дейді әдеби нұсқаулықтарда.
Осы ретте электронды оқулықтар заманауи дидактикалық құрал ретінде өз көрнекілігімен оқушының есінде жақсы сақталады. Яғни, электронды оқулықтар ақпараттың есте жақсы сақталуына көмектеседі.Сонымен қатар,оқушының ойлау қабілетін дамытады.
Келесі ретте мұғалім үшін оқушының қызығушылығын арттырумен қатар, белсенділігін ояту қажет.Электронды оқулықтардағы әртүрлі тапсырмалар мен мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырары сөзсіз.Мұғалім де осы электронды оқулық нәтижесінде оқушылардың белсенділін арттырып,сабақтың қызықты әрі пайдалы өтуін қамтамасыз ете алады.
Электронды оқу құралдарының көмегімен оқу үдерісін интенсификациялаудың негізгі факторлары:
1)Зейінді арттыру.Психологтардың пікірінше,компьютерлік графика мен мультимедиа элементтері бар электронды нұсқада ұсынылған оқулық концентрацияны және зейінді күшейтеді,есте сақтаудың оқу материалын қабылдауға дайындығын арттырады.
2)Мотивацияның артуы.Психологтар электронды оқулықтың оқушы ынтасын арттыратындығын дәлелдеп шықты.Өйткені,ынта оқушының қызығушылығына тікелей байланысты.
3)Білім беру мазмұнының ақпараттың мүмкіндіктерін арттыруы
4)Тыңдаушылардың оқу-танымдық қызметін белсендіру
5)Оқу әрекетінің қарқынын жеделдету [4]
Қазіргі заман жеткіншектері өте ақылды, креативке құштар, сабақ өтуде өзгеше жолдарды талап ететіндіктен, Z ұрпақ саналады. Ендеше, электронды оқулықпен жұмыс жасау да ерекше жолдарды талап етеді.
Электронды оқулықтар 21 ғасырдың өнертабысы.Олардың эволюциясы мен дамуы әлі де жалғасуда және электронды оқулықтарлың негізгі идеясы мультимодальды әлемде өмір сүретін және оны барлық бес сезім мүшелерімен қабылдайтын адам үшін ең қажетті дүние болуында жатыр.
Дегенмен, бұл жұмыстан көріп отырғанымыздай, мультимедиялық құралдарда орын алған психологиялық заңдылықтарды жан-жақты талдау мұғалімдер үшін өте маңызды. Өйткені,әрбір оқушының қабылдауы,түсінік деңгейі әртүрлі.
Ғалымдар мен тәжірибешілер электронды оқулықты адам әлеміне жат технология ретінде емес, дұрыс құрастырылған болса, ақпаратты тарату процесіне үлкен пайда әкелетін құрал ретінде қарастыруда.Психологтар,қазіргі ұрпаққа ақпаратты жеткізудің ең тиімді тәсілі ретінде электронды оқулықтарды ұсынып жатыр.Сонымен қатар,бұл оқу құралдары мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып,оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.
Электронды оқулықты пайдаланудың педагогикалық негіздері.
Принциптердің ішінде оқытудың көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, cаналылық және белcенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Оcы принциптерді негізге ала отырып, электронды оқулықтың cабақ беруде берер пайдаcы мол боларына көз жеткізуге болады.
Я.А. Коменский Дидактиканың алтын ережесі деп атаған оқытудың көрнекілік принципі - бұл: Көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне бағытталған принцип. Cабақтың айқын мазмұнды болуына көмектеседі. Шығармашылық және әдіcтемелік жағынан дұрыc қолданылуына бағытталған принцип.
Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдалануда көрнекілік принципі негізінде құралды. Оқушылар өткен тақырыпты кітаптан оқып қана қоймай, Электронды оқулықта орналасқан "Emaza", "Genially", "Infogram","Piktochart", "Visme" секілді бағдарламалар арқылы презентация, инфографикаларды көре алады. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік ұстанымын пайдалану бұл ториялық мәліметтің инфографика мен, суретпен, презентация мен берілуімен түсіндіріледі. Электронды оқулық жасауда, педагогикалық негіздерге сүйене отырып жасалды.Көрнекілік принціпі оның мәні, ол туралы Я.А. Коменский, оқу материалын қабылдау мен өңдеуге сезім мүшелерін мақсатты түрде тарту қажеттілігінен тұрады.
Анықталған физиологиялық заңдылықтар адамның көру мүшелері миға есту органдарына қарағанда 5 есе, ал тактильді органдарға қарағанда 13 есе көп өтеді дейді.Көру мүшелерінен миға енетін ақпарат айтарлықтай қайта қорытуды қажет етпейді және адамның жадында өте оңай, тез және берік сақталады.
К.Д. Ушинский оқыту принциптеріне терең психологиялық талдау жасап, оның белгілі бір жүйесін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты. Ол оқытуда сезім мүшелерінің белсенді әрекетіне айрықша мән берген. Осы орайда Абайдың Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынымен иіскеп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz