ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаланудың әдістемесі
5В011700 - «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша
Қаскелең, 2022
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
«Тілдік білім беру» кафедрасының
меңгерушісі, PhD, ассист. профессор
Ногайбаева А.
« ___ » 2022 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5B011700 - «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы
Орындағандар: Умирбаева Арайлым
«5B01700 - қолы
Қазақ тілі және әдебиеті» Мамен Аружан
мамандығының қолы
4-курс студенттері Үркінбаева Аида
қолы
Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Нұрманова Г.
Қаскелең, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . ……. . . . . . . . 4
1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Электронды оқулық туралы түсінік және оның зерттелуіне шолу. ……. 7
- Білім беру саласында электронды оқулықтың қолданылу жайы
1. 3 Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері . . . . . 12
2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Электронды оқулықтың жасалу жолдары және қажетті компьютерлік бағдарламалар түрлері бет қою
2. 2 «Қазақ тілі» пәніне жасалған электронды оқулық нұсқаулығы (жоба өнімі)
2. 3 Электронды оқулықты пайдалануда жүргізілген эксперимент нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ . ……… . . . . …. 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 44
ҚОСЫМШАЛАР . . . 45
КІРІСПЕ
Жобаның жалпы сипаттамасы. Егер мектепте қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдаланудың тиімді-әдістері қатар оқытылса, біріншіден, оқушылардың қазақ тілін сапалы меңгеру қабілеті дамиды, білім сапасы артады, екіншіден, қазақ тілінде білім игеру дағдылары санқилы дамиды, үшіншіден, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығы артады.
Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдалана оқу әдістері -қазақ тілі ережелерін, мәтінмен жұмыс тапсырмаларын қарауға ғана емес, қарым-қатынастың басты шарты, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінде өзінің өмірлік тәжірибесімен тығыз байланыста бола отырып, оқытудың тиімділігін арттыру мүмкіндігін кеңейтеді [1, 33] .
Мектеп оқушылары, оның ішінде 6-сынып оқушылары қазақ тілі сабақтарында электронды оқулық пайдалануды қолдана отырып, тілдік сабақтарды ғылыми негізде тереңдетуге, коммуникативтік қарым-қатынастың заманауи әдістерін меңгеруге, сауатты сөйлеуге, жазуға үйренеді. АКТ әдістеріне негізделген тапсырмалар мектеп оқушысының танымын, пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау жүйесін танытады. Сондықтан біз электронды оқулықты пайдалану әдістерін таңдап алдық. Сонымен қатар, 6-сынып деңгейін таңдап алдық, себебі төменгі сынып оқушыларына ақпартты шығармашылық деңгейде меңгергені абзал.
Дипломдық жобаның өзектілігі. Дипломдық жұмыс барысында қарастырылатын заманауи тиімді әдістер арқылы қазақ тілі сабақтарында АКТ заманауи технологияларды пайдалана білу - қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Ақпарат көздерінің бірі ретінде интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтар болып табылады. 2015 жыл оқу жылының ерекшелігі, республикамызда алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде мемлекет басшысының бақылауымен заманауи жетілдірілген түрде сабақтар өткізілді. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңа әдістері пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалана отырып, қызықты және тартымды нәтижелерге қол жеткізеді.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім берудің мақсаты - терең білімді, біліктілігі мен дағдысы бар, шешім негізінде еркін бағдарланған, шешім қабылдауға қабілетті, жоғары интеллектуалдық деңгейі бар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес, қазақ тілін оқытуды дамытуға ықпал ететін оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын іздеу арқылы жүзеге асыру нәтижесінде біз тек жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.
«Жастарды даярлауда ізгілендіру және демократияландыру жағдайында жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, білім беру жүйесінің жаңа жолдары мен әдістерін табуға қабілетті, білімді, іскер, жаңашыл, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай тұлғаны қалыптастыра алатын әдістемені жасау талап етіледі [2, 88] » - дейді әдістемелік нұсқаулықтарда.
Осы талапқа сай, қазақ тілін оқыту барысында (АКТ) электронды оқулықтарға бағдар беру, оқу материалдарын бағыттап, 6-сыныптың қазақ тілі пәніне бейімдеу мақсаты біздің диссертациялық жұмысымыздың өзектілігі саналады.
Дипломдық жобаның мақсаты: Электронды оқулық түсінігін теориялық негіздеу, «Қазақ тілі» пәні бойынша электронды оқулық құрастыру және оны пайдаланудың тиімділігін экперимент арқылы дәлелдеу.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес мынадай дипломдық жобаның міндеттерін шешу көзделеді:
- электронды оқулық түсінігін талдау;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты қолданудың психологиялық негіздерін анықтау;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты қолданудың педагогикалық негіздерін анықтау;
- «Қазақ тілі» пәні бойынша электронды оқулық жасау және пайдалану жолдарын ұсыну;
- электронды оқулықтың тиімдігін эксперимент жұмысы негізінде дәлелдеу.
Жобаның теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында озық идеяларды, оқытудың жаңа технологиялары туралы жинақталған тәжірибені, психологияның, педагогиканың, лингвистиканың білім берудегі соңғы жетістіктерін, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді және оқулықтар мен оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық принциптері негізге алынды.
Шетелдік ғалымдардың электронды оқулықпен оқыту сипаты мен сипаттамаларын анықтау саласындағы тәжірибесі жұмысқа тартылады. Атап айтқанда, А. М. Бершадский, И. В. Кревский, В. С. Мирсеитова, А. Н. Тихоновтардың еңбегі.
Ал қазақстандық ғалымдардан А. Әлімов, Ғ. Сұлтанова, С. Байжуманова, С. Жакупов, Б. Құлмағамбетова, М. Қожамбердиеваның еңбектері басты назарға алынды.
Жобаның теориялық, практикалық маңызы . Білім алушылардың коммуникативтік, тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар қазақ тілін оқыту жүйесін жаңаша бағытта жетілдіруге бағытталған.
Мектеп мұғалімдері әдістеме ретінде қолдана алады, сондай-ақ дипломдық жоба жазатын ізденушілерге, магистрлік жұмысты орындаушыларға, осы саладағы мамандар пайдалана алады. Қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты меңгерумен байланысты жүйеленген әдістемелік кешен білім алушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыра отырып, бейіндік бағыттағы білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруге ықпал етеді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жобада мектепте білім алушыларға арналған қазақ тілін оқыту технологиясын сабақта қолдану үшін ақпараттық технологиялар, әдістемелік құралдар мен топтамаларды талдау, саралау, жүйелеу, анализ, синтез әдісі, жаттығу әдісі, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.
Дипломдық жобаның жаңалығы. Дипломдық жобаның жаңалығы ретінде:
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықпен оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі құралады;
- қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаңа оқыту технологиялары жүйеленеді;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты оқытуда заманауи өзге де әдістерді қолданудың тиімді жолдары анықталады;
- қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықты пайдаландың жиынтық әдістемесі ұсынылады.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен мен қосымшадан тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Электронды оқулық туралы түсінік және оның зерттелу тарихы
Білім беру процесінде оқулықтар білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Жақсы оқулық әрқашан жоғары бағаланды және мәселені шешуге сенімді негіз бола алды. ХХІ ғасыр қарқынды даму жағдайында, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, білім беруді ақпараттандыру көбінесе электронды түрге айналған кезеңде оқулықтың рөлі артып қана қоймай, сонымен бірге мүлдем жаңа ақпараттық қасиеттерге ие болды, білім беру қызметі олардың қолдану тиімділігін едәуір арттыра түсті
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев өзінің жолдауында: “ цифрландыру - сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы” деп айтқандай қазіргі таңда білім саласына ақпараттық технологияларды енгізу қарқында жүруі қажет. Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі өте ауқымды. Сондықтан да оқушылармен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді [3, 92] .
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиалық оқулық [4] . Себебі, электрондық оқулықта сабақ бойынша берілетін ақпараттар сурет, видео, анимациялық көріністер мен презентация, аудиомәтін түрінде беріледі. Электронды оқулық онлайн және оффлайн нұсқаларда келеді. Бұрындары CD-дисктер келсе, қазіргі таңда ғаламтор желісіне немесе дербес компьютерге орналастырылады. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту [3, 89-90] ».
Электронды оқулық - бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.
Электронды оқулық оқыту қызметінің сценарийін жүзеге асыратын ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардан тұратын бағдарламалық-ақпараттық жүйе [5] .
Электронды оқулық - мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде pecми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс [6] . Сөздіктерде берілген анықтамаларға сүйене отыра, электронды оқулық білім алушының мұғалімнің көмегімен немесе өзі жыл бойы оқылған ақпаратты қайта қарап шығып, меңгеруін қамтамасыз ететін бағдарлама кешені.
Алғаш болып цифрлық кеңістікте энциклопедиялар, сөздік альбомдар, географиялық карталар шыққан. Электронды оқулық мысалы ретінде, 1989 жылы шыққан Шекспирдің оксфордтық электронды басылымын келтіруге болады. Оның құрамына жазушының 55-томдық шығармалар жинағының электронды түрі кірді. Мәтінмен қоса нұсқауда арнайы символдардың қолданулары түсіндірілді, сонымен қатар электронды мәтінді талдау әдістері көрсетілді. Соңғы кезде, ғылыми әдебиеттерде оқу үрдісіне электрондық басылымдарды пайдалану және өңдеу проблемаларына арналған көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Е. Ы. Бидайбековтың, И. С. Григорьевтің, В. В. Гриншкунның, Е. С. Полоттың, Л. А. Семеновтың және тағыда басқа зерттеушілердің еңбектерін айта кету керек.
Электрондық оқулықтар алғашында қашықтықтан оқытуға арналған оқу құралы ретінде жасалынса, қазіргі таңда, оқу процесіне берген көптеген мүмкіндіктері электронды оқулықтарды өздігінен білім беру бағдарламаларына енгізуге, сондай-ақ мектептердің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша қағаз оқулықтарды алмастыруға әкелді.
Қағаз оқулық тапсырыс бойынша жасалатынына қарамастан, оқушыларға ақпаратты қабылдауға ыңғайлы және жеңіл болғандығынан, электронды оқулықтардың жыл сайын танымалдығы артуда. Жақын болашақта электронды оқулықтар өзінің басымдықтарының арқасында оқытудың ажырамас бөлігіне айналады. Электронды оқулықтың басымдықтарын атап өтер болсақ:
- интерактивтілік;
- бағалаудағы объективтілік;
- өткен тақырыпты қайталау;
- қажетті ақпаратты оңай табу;
- иллюстрациялардың қолданылуы;
- кез келген құрылғыдан кіру мүмкіндігі;
- озық білім алу үшін жасалған жағдайлар;
- жеңілден күрделігі қарай тапсырмалар жиынтығы;
- ақпараттар ғылымның даму деңгейіне сай жаңартылып тұруы.
Электронды оқулықтың көпшілігімізге белгілі электронды кітаптан айырмашылығы неде? Бір қарағанда айырмашылық байқалмауы мүмкін, алайда мазмұны мен қүрылымына назар аударар болсақ электронды кітап пен оқулықтың екі түрлі өнім екендігін байқаймыз. Ал енді оқулық пен кітаптың айырмашылықтарына тоқталсақ.
Кесте 1 - Элекронды кітап мен оқулықтың айырмашылығы
Оқушы үшін электронды оқулық үй жағдайында сабаққа, бақылау жұмыстарына дайындалу үшін таптырмас құрал. Жыл бойы өтілген тақырыптарды өз бетінше оқып, білімін арттыра алады. Білім алушыларға өздік жұмыстар жасау үшін ыңғайлы платформа. Атап айтқанда, электронды оқулықтар қандай да бір себептермен мектепке бара алмайтын балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау арқылы өзінің білімінің деңгейін анықтап, тақырыпты толық меңгермейінше келесі бөлімге өте алмайды. Осылай білімін толыққан бекіту мүмкіндігіне ие болады.
Электронды оқулық мұғалім үшін сабақтарды жүйелі әрі тиянақты өткізу мүмкіндігін беретін әдістемелік құрал. Сабақтарды дәстүрлі жүйеден алып шығатын, түрлі мәтіндер мен тапсырмалардың мультимедиялық жүйеге сәйкес ұсынылған таптырмас құрал. Сонымен қатар, үйге берілген тапсырмалардың нәтижесін бақылап, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Біз электронды оқулықтарды оқытушы қызметін және студенттің білім алуын - гуманизациялау құралы деп білеміз.
Электронды оқулықтардың басқа оқу құралдарынан өзгешелігі оқу мен үйренуге деген икемділігі. Оқушылардың білімдерін толықтырып, қосымша ақпараттар алуға көмектесетін құрал болып есептеледі. Сонымен қатар, электронды оқулықтарды мына мақсаттарда пайдалануға болады: электронды анықтама ретінде, оқулық құралы ретінде, зертханалық жұмыстарда, жеке жұмыс жасауда, шығармашылық бағытта, білімді тексеру барысында.
Электронды оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: «оқу», «оқыту», «бақылау және тексеру»
Электрондық оқу құралының құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемо-курс - оқулық мазмұнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін. [8]
Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оқу материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
Білім берудің кез-келген саласында «Электрондык оқу құрал» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқулықты жасау барасында ескерілуі керек шарттар бар:
- жасалынған электронды оқулық сол пәннің негізгі мазмұнын сақтауы қажет;
- электронды оқулық тақырып мазмұнын ашатын теориялық ақпараттар мен практикалық жаттығуларды қамтуы, сонымен қатар сабақты меңгеру процесін қадағалайтын тест тапсырмаларынан тұруы тиіс;
- электронды оқулық негізгі оқулықты толықтай қайталамауы тиіс, берілген тақырыптың ақпараты жинақы әрі қысқа болуы шарт;
- белігілі бір тақырыпқа берілген ақпарат көлемі жағынан экрандық 1-2 беттен аспауы керек. Себебі, көлемі көп болған жағдайда оқушының назары бөлінеді;
- бір қатардағы мәтін 55-60 таңбадан аспауы керек. Баспаға шығарған кезде, көлемі бір параққа дұрыс түсуі тиіс;
- электронды оқулық жасау барысында тақырыпты қызықты қылу мақсатында шектен тыс сурет, видео, графикалық құралдар мен анимацияларды қолдану оқушыға кері әсерін тигізеді [8] .
Қазіргі таңда көптеген пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, еліміздің біршама мектептерінде қолданыста жүр. Соның қатарында қазақ тілі сабақтарында да көбіне ережелерді еске салуда, кері байланыс пен сабақты түйіндеуге арналған тест тапсырмаларын орындауда қолданылуда. Бізде оқушылардың тақырыпты тереңірек меңгеріп, сабақтан тыс уақыттарда өз білімдерін сына отыруы үшін электронды оқулықтардың қолданысқа енуі тиіс деп санаймыз. Қазақ тілі сабақтарында төменгі сынып оқушыларына ережені графикалық, анимациялық түрде меңгеру маңызды болып табылады. Осы мақсатта сабақтарды түрлендіру мақсатында электронды оқулықтарды қосса, балалардың оқуға деген қызушылығын арттыра аламыз. Электронды оқулықтардың жасалуы қолға алынып, қарқынды түрде білім беру процесіне енуде. Электронды оқудықта модул әдістемесі аясындағы теориялық ережелер мен зерттеу нәтижесі негізіндегі оқытушы білімінің жүйесі ретінде беріледі. Сонымен қатар, ақпаратты-анықтамалық жағдаяттар ретінде модулдік гипермәтіндер жасаладыү Электронды оқулық құрастыру модульдің негізінде жасалады және модульдік гипермәтін жасауды қарастырады. Гипермәтін - бұл табиғи тілдік мәтін, яғни компбюьер көмегі арқылы мәтіндерді тармақтандыруға немесе динамикалық жаңғыртуға болады. Электронды оқулық оқушыларға білім беретін және практикалық дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық оқулық болып табылады.
1. 2 Электронды оқулықты пайдаланудың педагогикалық - психологиялық негіздері
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандару ғасыры болып саналады. Біздің еліміз де сол ғасырға нық қадаммен басып келеді. Ел өмірінің барлық салалары цифрландырыла бастады. Ендеше, негізгі мақсатымыз еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпаққа ақпараттық технологияның көмегімен тиімді білім беріп және жаңа технологияның даму заманыныда компьютердің қыр - сырын терең меңгерту болуы керек.
Ақпараттық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Бүгінгі ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы ақпарат. Алынып жатқан ақпараттың дұрыс болуымен қатар, тиімді қабылдау жолдарын үйрену де ең маңызды істердің бірі. Психологиялық зерттеулер, қазіргі заманда оқушылардың ақпаратты қабылдау жолдарын анық көрсетіп, электронды оқулықтардың заман талабын жан-жақты орындай алатындығын дәлелдеп шықты. Мысалы, егер бала ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайтын болса, оны тыңдай алады, ал егер көзбен көру керек болса, видеофрагменттер мен анимацияларды қарай алады.
Сонымен қатар, қазіргі оқушылар үшін оқулықтың қолжетімді болуы өте маңызды фактор. Электронды оқулық осы қажеттілікті толықтай өтейді, бала кез келген уақытта смартфон көмегімен, немесе басқа да құралдар арқылы оқулықты пайдалана береді. Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі жас ұрпақ ақпаратты жылдам және қысқа түрде жақсы қабылдайды. Бала миы том-том кітапты көріп, оқуға деген құлшынысын оңай жоғалтады. Ал бәрі шағын, бір жерге жинақталған, оңай өнімді көргенде ми ақпаратты аз және жеңіл деп қорытындылайды. Бала да тиісінше керекті білімді алады.
Психологияда адамдарды ақпаратты қабылдауына байланысты 3 топқа бөлуге болады. Олар- аудиал, визуал, кинестетик. Үш тип туралы түсінік қалыптастыру үшін, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек. Аудиал типіндегі адамдар ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайды. Кітапты бір сағат оқып түсінбеуі мүмкін, ал тыңдайтын болса жылдам түсініп, оңай есте сақтайды. Аудиалдар сирек кездеседі, сонымен қатар олар естігендерін дәл солай оңай қайталап бере алады. Орташа есеппен дыбыстар арқылы қабылдайтын адамдар халықтың 20% құрайды.
Визуалдар ақпаратты көру арқылы қабылдайды. “Мың рет естігенше, бір рет көрген артық” деген мақал осы визуал типтес адамдарға арналған. Қиялдары ұшқыр, тіпті он жылдан кейінгі болатын жағдайды, елестете алады. Визуалдарға бір нәрсені түсіндіру үшін сурет, графика, кесте ұсынған абзал. Осылайша ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді. Адамдардың 60%-ы визуалдар.
Үшінші тип кинестетиктердің ақпаратты қабылдау объектісі - дене. Яғни, ақпараттарды ұстап, сипап-сезу арқылы жақсы қабылдайды. Бір нәрсені өздері жасап көрмейінше, түсінбейді. Бұл типтес адамдар сирек кездеседі, орташа есеппен 10%-ды құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz