Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі 2003‒2004 оқу жылында Қазақстан Республикасында бірінші рет біріңғай ұлттық тест (БҰТ) жүргізілді. Осыған байланысты мектеп мұғалімдерінің алдында көптеген түсініксіз сұрақтар, зерттелмеген мәселелер туындады. Мектеп ұстаздары өз беттерінше тестік сұрақтар құрып, бағалау жүйесін ойластырып, дайындық жұмыстарын жүргізіп жүрді .
Соңғы жылдары оқушы білімін тексерудің тиімді бір жолы, тест әдісі кеңінен қолданылып жүр. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді [2] .
Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б. э. д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2‒ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда жүргізілген.
Сынақтардың түрлері Қытайда чань ‒ буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма ‒ қол жауап беру қолданылған.
XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884‒1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5‒80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф. Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады. Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ‒та жақсы дамыған. 1930 жылдары Кеңестер Одағында алғашқы сынақ тестер жүргізіле басталды. Бұл салада М. Я. Басов, М. С. Бернштейн, П. П. Блонский, А. П. Болтунов т. б. ғалымдар жұмыс істеді. 1936 жылы тест «буржуазиялық қалдықтар» деп аталып тиым салынды. Тек 1978 жылы совет ғалымы Аванесов В. С. «Психологиялық тестердің мәселелері» деген еңбегін жазды. 1960 жылдардан бастап советтік оқу системасында шет тілдерін оқутуға үлкен мән беріле бастады және сонымен қатар алған білімді тексеру үшін түрлі әдіс ‒ тәсілдері қолданыла бастады [1] .
Соңғы он жылда Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс‒әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.
Кейінгі жылдарда студенттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару мәселелеріне қызығу арта түсті. Бұл мәселелермен жемісті шұғылданған авторлар қатарында ‒ В. С. Аванесов, Ш. Ш. Артыгалин, Т. О. Балыкбаев, С. А. Ирсалиев, А. Н. Майоров, Г. М. Мутанов, М. Б. Челышкова, Ю. М. Нейман, В. А. Хлебников, Г. Сакса, Т. Д. Тасбулатов, М. М. Левин, И. Я. Лернер, В. П. Мизинцев, Н. Д. Никандров, В. М. Полонский, Л. И. Рувинский, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, В. А. Якунин, т. б. көптеген ғалымдар болды.
Қазіргі уақытта талапкерлер мен студенттерді аттестациялық сынақтан өткізуде бақылаудың тестік түрлері неғұрлым объективті әдіс ретінде кеңірек қолданыла түсуде. Сонымен қоса, тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында ғана емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары қарқынды іздестірілуде. Сондай зерттеулердің қатарына И. Б. Бекбоев, В. Г. Болтянский, Д. Г. Глейзер, Б. В. Гнеденко, В. А. Далингер, Ә. К. Қағазбаева, Д. Кудрявцев, А. М. Мүбәраков, А. А. Столяр, Л. Т. Искакова, және т. б. еңбектерін қосуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың нақты тәсілдерін қарастырып қана қоймай, оқушылардың педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын да айқындап көрсетті [2] .
Жалпы педагогикада тестік бақылау бір ‒ бірімен тығыз байланысты Ол үш функцияны орындайды:
Диагностикалық ; Оқыту; Тәрбиелеу
Диагностикалық функция: негізгі функция оқушының білім деңгейін, тілдік бірліктерді қалай меңгергенін анықтайды. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
Оқыту функциясы: оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенделігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тестердің, орындалған тестің қорытындысын талдау.
Тәрбиелік функция оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тесті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді.
Зерттеудің нысаны. Білім беру жүйесін тестілеу мәселесі
Дипломдық жұмыстың мақсаты : сонғы жылдарда қолданылып жүрген тестік бақылау технологиясының тиімді жақтарын қарастырып, тест жасау әдістемесін құрастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
1. Тест түрлері бойынша жұмыс жасау
2. Тест түрлері бойынша Ispring Quiz Maker9 программасында тесттің типтері бойынша түрлерін құрастыру.
Дипломдық жұмыстың жетекші идеясы. Мектепте физика пәні бойынша тест түрлерін құрасыруда Ispring Quiz Maker9 программасы көмегімен жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттырып, білім дәрежесін жоғарылатуға жағдай жасайды.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы:
- Оқыту процесін жетілдірудің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін тесттің түрлерін пайдалану;
- Жаңа ақпараттық технологияны парасаттылық ортасын ұйымдастыру құралы ретінде пайдалану;
- Физика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауын қазіргі заманға сәйкес зерттеу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде: мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының мәселесін шешудің моделі мен әдістері, оқу орындарында оқушы жастар білімін бағалауда тесттік бақылау жүйесінің қолданылуы, білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың ерекшелігі мен кемшілігі, тестілеу - оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі тақырыптары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде: қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы, тестің түрлеріне сипаттама берілді, тест құрастыру тәсілі мен тест түрінде білім беру әдістері, информатика пәнінен бағалауда тестілеу әдісін сабақта пайдалану әдістері қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде: Ispring Quiz Maker көмегімен бағалау және анкеталық сұрақтардың типтерімен тест жасау әдістері, Ispring Quiz Maker -де жасалған тест түрлерін публикациялау, тест нәтижесін шығару мәселелері қарастырылды.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКАДАН ТЕСТТІК БАҚЫЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының мәселесін шешудің моделі мен әдістері
Білім мен техника дамыған бүгінгі заманда білім беру мекемелерінде, арнайы тестілеу орталықтарында оқушылардың алған білімдерін сараптау тұрғысында тестілеу тәсілі күннен күнге кеңінен етек алып келеді. Бұл тәсіл білім алушының немесе сынақтан өтушінің білім денгейін тексеруде бүгінгі күнде ең қолайлы әдіс болып отыр. Өйткені тестілеу қортындысы мұғалімге білім алушының оқу материалын қалай меңгергенін, қаншалықты түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан сапалы білім берудің көрсеткіші болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, тестілеу әдісі оқушының материалды қалай меңгергені мен мұғалімнің білім беру денгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра бүгінгі күнге дейін тесті дайындау мен оның нәтижесін талдау жөнінде белгілі бір заңдылыққа негізделген тұжырым жоқ. Бұл өз кезеңінде оқушылардың білімін тексеру барысында тестілеу әдісін әлі де болса сенімділігі мен дәлдігі туралы тұжырымның берік қалыптаспағанын көрсетіп отыр.
Дей тұрғанымен ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту әдісінің үрдісіне кеңінен ене бастауына байланысты оқу мен білім сапасын бақылап, бағалаудың негізгі тармағы ретінде тестілеу кең қолданыс табуда. Әсіресе арнайы тестілеу орталықтарында, жоғары білім беру, әсіресе қашықтықтан оқыту салаларында бақылау жұмыстарын түгелдей тест әдісімен өткізіліп жүр, онда да тестілеудің жабық формасы таңдалып, көбірек мән берілуде.
Дегенмен әр нәрсенің екі жағы болатыны секілді, бұл әдістің де күмәнді тұстары ара ‒ тұра бой көрсетіп жүр. Тестілеу - педагогикалық білім модульдерінің сәйкестігін анықтау әдісі. Тестілеу әдісінің мақсаты - сынақ тапсырушы мен тексерушінің арасында қатынас орнату. Әрине бұл өте қиын процесс. Мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының мәселесін шешудің моделі мен әдістерін жасауда жоспарланған бағыт бағдары анықталған іс - шаралар қарастырылуда. Тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестер көмегімен жүргізіледі. Тестік тапсырма деп нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты алгоритмді орындауды талап ететін тасырманы айтады. Тест дегеніміз ‒ оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін нақты ‒ дәл бағалауға тест арқылы мүмкіндік беретін өзара байланысқан тапсырмалар болып табылады. Тестілеу - өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің негізгі мақсаты - оқушының білім денгейінің модельдерінің бір ‒ бірімен сәйкес келу ‒ келмеуінің деңгейін бағалау. Сабақ кезіңде мұғалімнің оқушыларды тестке дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу ‒ тәрбие процесінде атқаратын ролі үлкен және соған байланысты сауаттылығын арттыруда оқыту үрдісін жеңілдетеді.
Мұғалім сондықтан оқушының оқыған білім сапасының деңгейін анықтап, үнемі қадағалап отыруы қажет. Білімнің сапасын осы бағытта оқушылардың дәрісті жүйелі білім мен біліктілікті қалыптастыру арқылы дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың тиімділігі ерекше болып келеді. Тестілеудің көмегімен теориялық алған білімдерінің меңгеру сапасы және біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі белгіленеді. Сонымен қатар тестік тапсырмаларды дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындайтын болсақ, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралы ретінде де пайдалануға болады. Сол үшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі формаларын және типтерін пайдаланған жөн. Тест оқушының білімін, жан ‒ жақтылығын біліктілігі мен дағдысын анықтаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар‒ жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады. Жалпы «Тест» (ағылшынша Test - байқау, зерттеу, сынау) ‒ психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу дегенді білдіреді. Психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде тестілеуді және тест түріндегі тапсырманы оқушының білімін және біліктілігін бақылау құралы ретінде қолдануға талдау жасалынуы тегін емес, өйткені тестік тапсырмалардың бірқатар жағымды, ұтымды жақтары бар.
Тестілеу оқушының тақырыпты меңгеру деңгейін айқындауға, сонымен қатар оқыту қорытындысының қойылған мақсатқа сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Егер оқушылардың көпшілігі бірдей бір тапсырманы орындамаса, онда мұғалімге оқытқанда кеткен кемшіліктері бар деген белгі береді. Тестік тапсырмалар оқу қорытындысын бақылауда оқушылардың жекеше ерекшеліктерін және тақырыпты бүтіндей сыныптың және жекеше әрбір оқушының меңгеру деңгейіне көңіл қоюға мүмкіндік береді, сабақ уақытын үнемдейді. Тестік тапсырмалар бүкіл сынып оқушыларының сабаққа белгілі бір уақыт өткеннен кейін емес, жүйелі түрде, үнемі дайындалуға мәжбүр етеді. Тестік тапсырмалардың осындай жақсы жағымен қатар олардың кейбір кемшіліктері де бар. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде атап көрсетілгендей, тестің және тестік тапсырмалардың мынадай кемшіліктерін айтуға болады: ‒ оқушылар дұрыс емес, қате жауаптардың көп санын оқып және талдап оларды есте сақтап қалып, біраз уақыт өткеннен кейін оны дұрыс сияқты еске түсіруі мүмкін. Оқушылар дайын тұжырымдармен жұмыс істеп үйреніп алып, алған білімін сауатты және қисынды жауаптармен толық құрай алмай, айтып бере алмауы мүмкін. оқушылар дұрыс жауапты болжаммен табуы мүмкін. Оқушылар дұрыс жауапты сұрақтың мәнімен байланыспай, ұқсастығы, жауаптағы сөздер саны және т. б. дұрыс емес жауаптан шартты белгілері арқылы айыра алуы мүмкін. В. В. Хубулашвили, тестің кемшіліктерін қарастыра отырып, оларды екіге бөлді:
1. тестік тапсырманың жауабын таңдап алуына;
2 тестің сапасына байланысты.
Кездейсоқ алынған тапсырмалар жиынтығын тест деп қарастыруға болмайды, тест оқушы білімін нақты өлшеу құралы ретінде қолданып, қатал және нақты әдістемелік талаптарды анықтау өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Физика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылау барысында тестің жабық түрімен қатар басқа да түрлерін араластыра қолдану оқушылардың білімін сапасын жан ‒ жақты және толық тексеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушының бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін жетілдіруге көмектеседі.
Қазіргі кезде еліміздің сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Оған білім саласына бөлініп жатқан қаржының жыл сайын артып отырғаны дәлел бола алады. Сондықтан да заман талаптарына сай оқушылардың білім сапасын бақылау және бақылауды жетілдіріп отыру іргелі мәселелердің бірі болып табылады. Оқыту үрдісінің міндетті компоненттерінің бірі оқыту нәтижелерін тексеру мен бақылау болып табылады. Физика пәні бойынша білім беру стандартын енгізуде оқыту сапасын көтеруге бағытталған оқушылардың білімін, біліктілігін бағалау және тексеру әдістемесіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін айта кету керек. Осыларды ескере келе, білім беру стандартына сәйкес «білімділіктің қажетті ең аз деңгейін мөлшерлеу, атап айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, білім алуды жалғастырудың мүмкін еместігі», мұнда оқушылар білуі тиіс оқытудың нәтижесіне біртіндеп жақындайтын төрт деңгей іске асырылады:
- Білім беру аймағы немесе оқу пәнінің жалпы сипаттамасы;
- Оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейінде курстың мазмұнын сипаттау;
- Оқушылардың оқу даярлығына қажетті ең төменгі деңгейіне қойылатын талаптарды сипаттау;
- Оқушылардың міндетті дайындықтары «өлшеуіш» деңгейін, яғни олардың орындаған тексеру жұмыстары және жекеше тапсырмалар арқылы қажетті талаптар деңгейінің жетістіктерін байқап көру [4] .
Сонымен қатар, физика пәнінің бір ерекшелігі пәнді оқыту әдістемесінің маңызды элементінде оқушылардың білімін бақылау мен бағалау тікелей көрініп тұруы керек. Оқу ақпаратын қабылдау мен түсіну және оны меңгеру процесінде меңгерілген білім сапасының бағасын бақылау, таным процесінің жалпы құрылымының өзгермейтініне қарай заңды болып табылады. Осы мақсатта физиканы оқыту процесінде білім бақылауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтап алу қажет және осыған байланысты мынадай мәселелерді шешу керек: ‒ физика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрі мен әдістемесін бөліп алу; ‒ физикадан білім бақылауды тиімді іске асыру үшін бақылау түрінің ерекшелігін есепке алу және анықтау; ‒ білім бақылауда нормативті‒ технологиялық және жеке тұлғаға бағдарланған әдістің бірдейлігін қамтамасыз ету; Физикадан оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест тапсырмаларын жасау және қорытынды тестерді құру мәселелері туындайды.
1. 2 Оқу орындарында оқушы жастар білімін бағалауда тесттік бақылау жүйесінің қолданылуы
Соңғы уақытта оқу орындарында оқушы жастар білімін бағалауда тесттік бақылау жүйесі қолданылуда. Үкімет шешімімен біздің Республикада жалпы орта білім беретін мектеп түлектері мен орта және жоғары оқу орындарының студенттерін тестілеу орталығы құрылды.
Қазіргі білім беру саласына талдау жасасақ, қоғамның сапалы білімге деген сұранысының өсу мен оған объективті бақылаусыз қол жеткізу мүмкін еместігі арасында қарама - қайшылық туындайды. Осы туындап отырған қарама - қайшылықты шешу мақсатына сәйкес психологиялық - педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды. Оқу тапсырмаларын орындау үрдісінде жүретін ойлау операцияларын тексеру мақсатында жасалған зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тесттерді жіктеуді екі топқа бөлуге болатынын көрсетті. Бірінші топқа, факторларды, терминдерді, ұстанымдарды білуді, жадында қайта жаңғыртуды тексеру тапсырмаларын жатқызуға болады. Тапсырмалардың екінші тобы оқыған материалды оқушының түсінуін (қабылдауын) бағалайды. Түрлендіру, қайтадан кодтау, анықтаманы интерпретациялау, нақты жағдайды жинақтау, немесе абстракциялау, талдау т. б. арналған тапсырмалар ерекше топ құрайды.
Кейбір әдістемелік еңбектерде мамандар жалпы тексеру тапсырмаларын барынша аз пайдалана отырып, оқушылардың білімі, біліктілігі және дағдысы туралы барынша мол ақпарат алынатындай етіп құрады.
Бақылаудың ең маңызды мақсаты ‒ оқушыларды өз білімдеріндегі кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оны уақытылы жойып отыруға ынталандыру болып табылады. Біздің байқауымызша, оқушылар жұмысының қарқындылығы бақылау өткізудің жиілігімен және тұрақтылығымен реттеледі. Оның үстіне, бақылау жиі болған сайын, оқушылар да бақылау процедурасына жақсы бейімделіп, жүрексіну деңгейі төмендейді.
Мұғалім жұмысының маңызды аспектісі оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеруін бақылау, оқушылардың өзін - өзі тексеру және өз жұмысын бағалау мақсатында пайдалануы болып табылады [2] .
Бақылау процедурасы мен нәтижелері оқытушылардың өздерінің және білім мекемесіндегі әдістемелік және жетекші қызметкерлердің күмәнін тудырмасы үшін төмендегідей талаптарға сәйкес жүзеге асуы қажет:
Сурет 1. Оқу ақпаратының граф түріндегі құрылымы
1. Бақылау нәтижелерінің жедел алынуы.
2. Бақылау операциялары оқушылар тобының бәрін немесе басым бөлігін қамтуы.
3. Бақылау операциялары өтілген материалдардың бәрін (немесе басым бөлігін) қамтуы.
4. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, яғни, аз уақыт ішінде көп оқушының білім мен білікті меңгеруін бақылау мүмкіндігінің болуы.
5. Бақылау нәтижелерін анықтауға (тексеруге) уақыт аз жұмсалды.
6. Бақылау нәтижелерін анықтау кезінде білікті мұғалімді ауыстыру мүмкіндігі. Айта кеткен жөн, бұл талапты ауызша жауап алу да, бақылау жұмысы да қанағаттандырмайды.
7. Бақылаудың объективтілігі ‒ оның процедурасының, жұмысты бақылау мен нәтижені анықтаудың объективтілігі, бұлар оқушылардың тұрақты, әрі шын көңілден жұмыс істеуіне ынталандырудың маңызды шарты болып табылады.
8. Бақылаудың сенімділігі, яғни, тақырып ақпаратының салыстармалы түрдегі аз ғана бөлігін бақылай отырып, бүкіл тақырып көлемі меңгерілгенін білу мүмкіндігі.
9. Оқушыларға мұғалімнің даярлыққа қояр талабын түсінуге мүмкіндік жасауы.
10. Өтілген ақпаратты қайталау (бекіту) және оқушылардың тілін, өз ойларын қисынды әрі рет - ретімен жеткізу қабілеттерін дамыту мүмкіндігі.
11. Барлық оқушылардың білімін белсендіру және бекіту.
12. Оқушылар жұмысының дербестігін қамтамасыз ету, көмектесуді, жетекші сұрақтар беруді болдырмау және т. б.
Оқу ақпаратын оқу элементтеріне бөлу және олардың құрылымдық байланыстарын граф көмегімен қолайлы түрде айқындау қажет (Сурет 1) .
Мұндағы графтың төбелері оқу элементтерін білдіреді, ал қабырғаралы олардың байланыстары мен бір‒біріне бағыныштылығын көрсетеді [2] .
- Тесттің артықшылықтары мен жасау кезеңдері
Зерттеу барысында алынған нәтижелерге сүйеніп, тесттердің мынадай артықшылықтарын айтуға болады.
Біріншіден, тесттер‒бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілі. Тесттердің объективтілігіне оны өткізу процедурасын, тестік тапсырмалардың сапа көрсеткіштерін тұтасымен стандарттау және тексеру жолымен қол жеткізіледі.
Екіншіден, тесттер - неғұрлым сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері оқушыларды белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес, оқу бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік, дағдыларды т. б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған.
Үшіншіден, тесттер ‒ неғұрлым ауқымды құрал. Тест жұмысын орындай отырып, әрбір оқушы бағдарламада көзделген барлық тақырыптар бойынша тапсырма орындайды.
Төртінші, тесттердің бақылау жұмыстарынан маңызды айырмашылығы оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен оқушылардың өзара қатынасын, оқушылардың тестілеу кезіндегі іс ‒ әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру процедурасын реттейтін қатаң ереженің болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz