Серверге негізделген желі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМАТЫ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕДЖ-МЕКТЕБІ

Өндірістік практика бойынша
ЕСЕП БЕРУ
МАМАНДЫҚ:130400 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША)
ТАҚЫРЫБЫ: Компьютерлік желі және желілік әкімшіліктер

Орындаған: Альриман Ж.А.
Тексерген: Мансурова Г.М.

Алматы 2021 ж.
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
Компьтерлік желілер туралы жалпы түсінік

Ең қарапайым желі (network) кем дегенде бір-біріне кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Бұл олардың деректерді бірлесіп қолдануына мүмкіндік береді. Барлық желілер күрделігіне қарамастан, осы қарапайым пікірге негізделеді. Кабель арқылы компьютерлерді біріктіру идеясы коммуникациядағы үлкен жетістік болды. Деректерді бірігіп пайдалану мүмкіндігі болу үшін - тәжірибелік қажеттіліктен компьютерлік желілер туды. Бір-біріне байланыс құралдары арқылы қосылған компьютерлер мен басқа да құрылғылар тобын желі деп атайды. Құрылғылар мен ортақ пайдаланылатын компьютерлер ресурстарын біріктіру тұжырымдамасы желілік әрекеттестік деп аталады. Желідегі пайдаланушылар келесілерді бірігіп қолдана алады:
* деректерді;
* принтерлерді;
* модемдерді;
* факстерді;
* басқа да қондырғыларды.
Компьютерлік желі үш негізгі аппараттық, екі бағдарламалық компоненттерден құрастырылып, компоненттердің өзара келісімді әрекеттесуі арқылы қызмет етеді.
Негізгі аппараттық компоненттер:
* абоненттік жүйелер - компьютерлер (жұмысшы стансалар немесе клиенттер мен серверлер), принтерлер, сканерлер, т.с.с.
* желілік құрал-жабдықтар - желілік адаптерлер, концентраторлар (хаб), көпірлер, маршруттаушылар және т.б..
* коммуникациялық арналар - кабельдер, қосқыш ұяшықтар, сымсыз технологиялардағы деректер жіберу және қабылдау қондырғылары.
Негізгі желілік бағдарламалық компоненттер:
* желілік операциялық жүйелер - Windows NT, Windows NT Server, Windows for Workgroups, LANtastic, NetWare, Unix, Linux және т.б..
* желілік бағдарламалық жабдық (желілік қызметтер) - желі клиенті, желілік адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі.
Жергілікті есептеуіш желі - ол желілік операциялық жүйе мен бағдарламалық жабдық арқылы басқарылып, жұмыс жасайтын компьютерлер, байланыс арналары, желілік адаптерлер жиынтығы.
Алғашқы компьютерлік желі 10 компьютерді және бір принтерді біріктіретін 1980 жылдардағы ең әйгілі желі түрі 30 компьютерден, ал кабель ұзындығы 185 метр болған. Сондай-ақ желі бір ғимарат ішінде ғана орналасқан. Кіші фирмалар үшін бұл конфигурация бүгінгі күнге дейін ұтымды болып саналады. Бұл желі жергілікті есептеуіш желі деп аталады (ЖЕЖ, LAN - Local area network). Алғашқы желі түрлері бөлімшелері әр жерде орналасқан кәсіпорындардың талаптарына сәйкес келмеді. Компьютерлік желінің артықшылығы даусыз болғандықтан және нарықты желілік бағдарламалармен толтыра бастаған соң, бәсекелестікті сақтап қалу үшін корпорациялардың басты мақсаты желіні кеңейту болды. Қазір ЖЕЖ-лер бір-бірімен байланысып (орналасқан жерлері әсер етпейді), ауқымды - ауқымды есептеуіш желіге айналды (АЕЖ, WAN (Wide Area Network)).
Қазіргі уақытта көптеген ұйымдар желі ортасында үлкен көлемді маңызды деректерді сақтап және бірлесіп пайдаланады. Компьютерлік желінің негізгі қызметі - бір ұжым ішінде, әрі сыртында қорларды (ресурстарды) бірігіп пайдалану және интерактивті байланысты жүзеге асыру. Қорлар - деректер, түрлі бағдарламалар, қосымшалар және сыртқы қондырғылар (дискілер, принтерлер, сканерлер, плоттер, факс және т.б.). Компьютердің интерактивті байланысы - нақты қазіргі мезгілде хабарлармен алмасу, сұхбаттасу.
Компьютерлік желі пайда болғанға дейін әрбір пайдаланушыға принтерді бірігіп қолдану үшін, оның орнын ауыстырып, жалғап отыру қажеттілігі туындайтын. Қазір желі бірнеше пайдаланушыға деректер мен сыртқы қондырғыларды бір уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. Егер бірнеше пайдаланушыға құжаттарын баспадан шығару қажет болса, онда олардың барлығы желілік принтерді пайдаланады.
Барлық желілердің компоненттері, қызметтері және сипаттамалары болады. Олар:
* серверлер (server), желілік пайдаланушыға өз ресурстарын ұсынатын компьютерлер;
* клиент немесе жұмысшы станса (clіent) - сервер ұсынатын желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютерлер;
* орта (medіa) - компьютерлерді біріктіру әдісі;
* бірлесіп пайдаланатын деректер - желідегі сервермен ұсынылатын файлдар;
* бірлесіп пайдаланылатын сыртқы қондырғылар;
* қорлар - желіде қолданылатын файлдар, компакт-диск, диск, принтер т.б.
Желілер екі түрге бөлінеді
1) бірдеңгейлі (peer-to-peer);
2) серверге негізделген (server based).
Желі түрін таңдау көптеген факторларға байланысты:
* кәсіпорын көлемі;
* қажетті ақпараттық қауіпсіздіқ деңгейі;
* бизнес түрі;
* желілік трафик көлемі;
* пайдаланушылардың талаптары;
* қаржы мәселесі.
Трафик - белгілі бір уақыт аралығында өтетін деректер көлемі.
Бірдеңгейлі желіде компьютерлер тең құқылы: компьютерлер арасында ерекшеленген сервер жоқ. Әр компьютер әрі сервер, әрі клиент қызметтерін атқарады. Әр пайдаланушы компьютеріндегі деректердің қай бөлігі ортақ пайдаланылатынын өзі шешеді (1-сурет).

1-сурет - Бірдеңгейлі желілерде әр компьютер клиенттің де, сервердің де қызметін атқарады

Бірдеңгейлі желіні жұмысшы топтар деп те атайды, көбінде оншақты компьютерлер бірігеді. Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon, Mіcrosoft Wіndows for Workgroups және Mіcrosoft Wіndows 95, 98, 2000, XP ОЖ-лер бірдеңгейлі желілерді қолдайтын құралдармен жабдықталған. Сондықтан бірдеңгейлі желі орнатқанда қосымша желілік бағдарламаларды қажет етпейді.
Бір деңгейлі желіде оннан артық компьютерлер біріктірілмейді, олар қарапайым кабельмен жалғастырылады. Әр пайдаланушының өзі администратор рөлін атқарады. Бұл желіде әрбір компьютер мыналарды орындауы қажет:
* жергілікті пайдаланушыға өзінің есептеуіш қорларының көп бөлігін бөлу;
* қашықтан басқа пайдаланушының қорларына кіру үшін қосымша есептеуіш қорлар қосылады.
Бірдеңгейлі желі ұсынылады, егер ол жерде:
* қолданушылар саны 10-нан аспаған жағдайда;
* қолданушылар жинақты орналасқанда;
* деректерді қорғау сұрағы сыналмаса;
* болашақта фирманың үлкеюі жоспарланбаса, соған орай желі.
Егер осы шарттар орындалса, онда бірдеңгейлі желіні таңдау дұрыс (сервер негізіндегі желіге қарағанда) болады.
Желілік басқарушы (administration) мына мәселелерді қарастырады:
* қолданушы жұмысын және деректерді қорғауды басқару;
* қорларға енуді қамтамасыз ету;
* қосымшаларды және деректерді қолдау;
* қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету және жаңарту.
Бірдеңгейлі желіде әрбір компьютер:
* өзінің есептеуіш қорларының үлкен бөлігін локалды қолданушыға береді (осы компьютерде отырған);
* алыстатылған қолданушы қорларына (желі бойынша серверге қараған) енуді қолдау үшін қосымша есептеу қорларын қосады. Қорғау бөлінетін қорларға пароль қоюдан тұрады, мысалы, каталогқа. Бір рангілі желіде қорғау арқылы басқаруды орталықтандыру өте қиын, себебі, әрбір қолданушы оны өз бетімен орнатады, жалпы қорлар тек орталық серверде ғана емес, барлық компьютерлерде болады. Мұндай жағдай желіге қауіп төндіреді, сонымен бірге кейбір қолданушылар қорғанысты қоймауы мүмкін.
Серверге негізделген желі немесе иерархиялық желі (2-сурет). Егер серверге оннан артық пайдаланушы қосылса, онда компьютерлерге әрі клиент, әрі сервер қызметтерін орындауы тиімді болмайды. Сондықтан желіде ерекшеленіп алынған серверлер пайдаланылады. Ерекшеленіп алынған серверлер деп, тек қана сервер қызметін атқаратын компьютерді атайды. Олар файлдар мен каталогтарды, қорғауды басқару үшін арнайы құрылған болады, қуаттылығы да жоғары, арнайы желілік бағдарламалармен де жабдықталған.

2-сурет - Серверге негізделген желі

Желілік трафика (деректер ағымы) көлемі мен желі өлшемін көбейткеннен кейін, серверлер санын да көбейткен дұрыс болады. Серверлер орындайтын мәселелер күрделі және алуан түрлі. Тапсырмаларды бірнеше серверлерге таратса, онда олар барлық мүмкін болатын тәсілдердің ең тиімдісін қолданады. Қарқынмен өсіп келе жатқан пайдаланушылар қажеттіліктеріне икемдену үшін, үлкен желідегі серверлер арнайы бағытқа салынады (specіalіzed). Мысалы, Wіndows NT желісінде әр түрлі серверлер болады (3-сурет):

3-сурет - Арнайы (ерекшеленген) серверлер

Файл-серверлер файлдарды жинақтайды, принт-сервер принтерді басқарады. Мысалы, пайдаланушы мәтіндік процессормен жұмыс істегенде құжат файл серверден оның компьютерінің жадысына жүктеледі. Файл-сервер мәліметтер мен файлдарды сақтауға арналған.
Қосымшалар сервері. Бұл серверлерде клиент пен сервер қосымшаларының қолданбалы бөлігі орындалады, сондай-ақ клиенттерге қатынауға болатын деректерді бөледі. Мысалы, деректерді табуды жеңілдету үшін сервер ақпараттарды үлкен көлемде құрылымдық түрде сақтайды. Файл-серверлерде және принт-серверлерде файлдар немесе деректер түгелімен шақырған компьютерге көшіріледі, ал қосымша серверлерінде шақырылған компьютерлерге тек сұраныстың нәтижесі жіберіледі. Мысалы, клиент-қосымша файл-серверден 10000 теңгеден артық жалақы алатын қызметкерлердің тізімін сұраса, ол барлық деректер базасын жібереді, ал қосымшалар сервері болса, ол сол тізімді ғана береді.
Пошта сервері желі пайдаланушы арасында электронды хабарларды жіберуді басқарады.
Факс-сервер бір немесе бірнеше факс-модемдер арқылы алмасатын хабарларды басқарады.
Коммуникациалық (байланыс) серверлері телефон желісі мен модем арқылы қашықтағы компьютерлерді немесе басқа желілер арасындағы деректердің ағымын басқарады.
Каталогтар қызметіндегі сервер желідегі ақпараттарды сақтауға, қорғауға және іздеуге арналған. Wіndows NT Server ОЖ-сі компьютерлерді логикалық топтарға - домендерге біріктіреді, олардың қорғау жүйесі кез келген желі қорларына кіруге мүмкіндік береді.
Желі құрылымында коммуникациялық және абоненттік ішкі желілерді ерекшелеуге болады. Коммуникациялық ішкі желі жұмыс стансалары мен серверлерді бір-бірімен байланыстыратын есептеуіш желінің ұйытқысы (ядро) болып табылады.
Коммуникациялық ішкі желінің буындары (осы жағдайда - коммутация тораптары) жоғары өткізушілік қабілеті бар магистралды байланыс арналары арқылы өзара байланысқан. Үлкен желілерде коммуникациялық ішкі желіні мәлімет тарату желісі деп жиі атайды.
Абонеттік ішкі желі буындары (хост-компьютерлер, серверлер, жұмыс стансалары) коммутация тораптарына абоненттік байланыс арналарымен - көбінесе бұл орташа жылдамдықты телефон байланыс арналарымен қосылады.
Қолданылатын коммуникациялық ортаға байланысты желілер моноарнасы бар желілерге, сондай-ақ, иерархиялық толық байланысы бар желілер және аралас топологиясы бар желілерге бөлінеді:
Моноарнасы бар желілерде мәліметтер тек бір жолмен ғана жүре алады; бұларда абоненттердің ақпарат алуы мәліметтер пакеттерінің мекен-жай бөлімі бойынша таралатын кадрлар немесе мәліметтер пакеттерінің селекциясы (таңдауы) негізінде іске асырылады. Барлық пакеттерді желінің барлық қолданушылары ала алады, бірақ пакетті онда көрсетілген мекен-жайы бар абонент қана "ашып" ала алады. Ондай желілерді кейде ақпаратты селекциялауы бар желілер деп атайды.
Иерархиялық, көп байланысты және аралас топологиясы бар желілер мәліметтерді тарату үдерісінде бағдарлауды, яғни әрбір торапта ақпараттың әрі қарай бару жолын таңдауды қажет етеді. Бірақ, баламалы, бір мәнді емес бағдарлау байланыс арналар нұсқасы бар (ұялық құрылым) желілерде ғана орындалады. Мұндай желілер ақпаратты бағдарлауы бар желілер деп аталады.

Жергілікті компьютерлік желілер мына компоненттерден құрастырылады:
- компьютерлер (жұмысшы стансалар немесе серверлер);
- кабельдік жүйе;
- желілік адаптерлер;
- қосымша желілік қондырғылар.
Қазіргі кезде компьютерлік желілерге қосу үшін кабельдерді қолданады. Желінің жұмысын қанағаттандыруына байланысты кабельдер үш түрге бөлінеді. Оларды компьютерлер арасында сигнал түрінде жібереді.
Көптеген желілерде кабельдің үш түрі пайдалыналады:
* коаксиалды (coaxsіal cable);
* есулі қос өткізгіш (twіsted paіr): экрандалмаған (unshіelded) және экрандалған (shіelded);
* оптикалы талшықты.
Коаксиалды кабель кеңінен қолданылады (25-сурет). Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол жеңіл және пайдалануға ыңғайлы, екіншіден, орнату өте қауіпсіз және қарапайым. Ең қарапайым коаксиалды кабель мыс сымнан (соrе), қабықшадан, оны қоршайтын сыртқы темір тоқыма экраннан және қабықшадан құрастырылады.

25-сурет - Коаксиалды кабельдің құрамы

Егер кабельде темір тоқымамен (тормен) қатар фольга қабаты болса, онда кабель қос экранды деп аталады. Күшті бөгеттер орын алатын жағдайда қос торды және екі қабат фольгалы кабельді пайдаланады.
Есулі өткізгішке қарағанда коаксиалды кабель электромагниттік бөгеттерге төзімді, сигналдардың өшуі де аздау болады. Сигналдың өшуі (attenuatіon) дегеніміз - сигналдың кішіреюі.

26-сурет - Сигналдың кішіреюі желі сапасын төмендетеді.

Коаксиалды кабельдің екі түрі бар:
* жіңішке;
* жуан.
Жіңішке (thіn) - диаметрі 0,5 см болатын иілгіш кабель. Ол қолдануда қарапайым және желінің кез келген түріне сәйкес келеді, компьютердің желілік тақшасына тікелей қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель 185 м-ге дейін қашықтықта сигнал бере алады. Жіңішке кабель ұшында орналасқан Т-коннекторы арқылы BNC-коннекторына қосылады да, желілік тақшаға-адаптерге жалғанады. Жіңішке кабельде сигнал өткізу жылдамдығы 10 Мбитс артық болмайды.

27-сурет - Жіңішке кабельдің компьютерге қосылуы

Жуан (thіck) - диаметрі 1 см болатын қатты кабель. Ethernet - әйгілі желілік архитектурада пайдаланылған кабельдің бірінші түрі болғандықтан, оны кейде "стандартты Ethernet" деп атайды.
Кабельдердің тоқ өткізгіш бөлігі не бірнеше мыс сымдардан, не бір мыс сымнан тұрады.

28-сурет - Кабельдің тоқ өткізетін бөлігі

Кабельдің тоқ өткізгіш бөлігі неғұрлым жуан болса, соғұрлым сигнал үлкен қашықтықты қамтиды. Жуан кабель 500 м-ге дейін сигналдарды жеткізеді. Сондықтан жуан коаксиалды және жіңішке коаксиалды кабельден құрылған кішкене желілерді біріктіретін негізгі кабель магистраль (backbone) ретінде пайдаланылады.

29-сурет - Жуан кабельдің тоқ өткізгіш бөлігі де жуан болады

Жуан коаксиалды кабельге қосу үшін арнайы құрылғы - трансивер (transceіver) пайдаланылады (30-сурет).

30-сурет - Трансиверді жуан кабельге жалғау

Трансивер шаншу тармақтаушы (pіercіng tap) немесе вампир тісі (vampіre tap) деп аталатын арнайы коннектормен жабдықталған. Бүл тіс қабықшадан өтеді және тоқ өткізгіш сыммен қатынасады.
Есулі қос өткізгіш (bwіsted paіr)
Ең қарапайым бір-бірін айналдыра қайта өрілген жекеленген екі мыс сымдар. Бұл кабельдің екі түрі бар (31-сурет): экрандалмаған (unshіelded, UTP) және экрандалған (shіelded, STP).

31-сурет - Есулі қос сымды кабельдер

Бірнеше есулі қос өткізгіш, әдетте бір қорғау қабығына орналастырылады. Мұндай кабельде олардың саны әртүрлі болады.
Бұл кабельдерді компьютерге қосу үшін телефон коннекторы пайдаланылады (32-сурет):

32-сурет - Телефон коннекторы RJ-45

Оптикалы талшықты кабель (33-сурет).
Сандар түрінде берілген сигналдарды сәуле арқылы таратады. Үлкен көлемді деректерді жоғары жылдамдықпен жіберуге арналған.

33-сурет - Оптикалы талшықты кабель

Сигнал өткізгіш бөлігі шыны цилиндр, оны кейде талшықты пластиктан да жасайды. Бір кабель ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телефон желілеріндегі желілер
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Термин және терминал
Комііьютерлік желілер
Компьютерлік желілердің түрлері
Компьютерлік желілер негізі
Модемдер, оның параметрлері, функциялары
Электронды пошта
Серверге арналған аутентификация
Байланыс түрлері
Пәндер