Жаңа ақпараттық технология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМАТЫ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕДЖ-МЕКТЕБІ

Өндірістік практика бойынша
ЕСЕП БЕРУ
МАМАНДЫҚ:130400 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША)
ТАҚЫРЫБЫ: Ақпараттық технологиялар

Орындаған: Бақкелді М.Е.
Тексерген: Мансурова Г.М.

Алматы 2021 ж.
Мазмұны

Қысқартылған сөздер
4

Кіріспе
5
1
Ақпаратты жинақтаудың, берудің, сақтаудың типтік технологиялары
6
1.1
Ақпараттық технология және жаңа ақпараттық технология ұғымы. Жаңа ақпараттық технология. Ақпараттық технология құралы
6
1.2
Жаңа ақпараттық технология. Ақпараттық технология құралы
7
1.3
Ақпараттық технология түрлері
9
1.4
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Ақпаратты өңдеу үрдісі мен есеп түрінің бөлу белгісі
11
1.5
Қоғамның ақпараттану жолындағы мәселелер, мәселелер бөлу белгісі. Компьютерлік технологияның әкелетін артықшылығының бөлу белгісі
12
1.6
Ақпараттық технологияларды қолданудағы мәселелер. Ақпараттық технологияның ескіруі
15
1.7
Ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру технологиясы
17
1.8
Ақпаратты өңдеудің технологиялық процесі
20
2
Компас-3d
23
2.1
Компас-3D графикалық жүйесінде сызбаны орындау
23
2.2
Құжат типтері
27

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Қысқартылған сөздер

ЖАТ - Жаңа ақпараттық технология
ЭЕМ - Электрондық есептеуіш машина
АТ - Ақпараттық технология
ДК - Дербес компьютер
ДБ - Деректер базасы
МҚ - Мәліметтер қоры
ЭАЖ - Эффектифтілігін жоғарылату үшін
ЖММБ - Жалпы математикалық модельді басқару
АТЖ - Ақпараттық технологиялардың жабдықтары

Кіріспе

1.1 Ақпараттық технология және жаңа ақпараттық технология ұғымы. Жаңа ақпараттық технология.

Ақпараттық технология құралы ЖАТ жағдайында адамдардың қызметін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы білімдерді меңгеруге, әртүрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу біліктілігін меңгеруге, текстерді редакциялауға жөне басқа да дербес компьютерлерде қолданбалы пакеттермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.
Әлемдік қоғам, біріншіден, дамыған мемлекеттер мықты ақпараттық инфрақұрылымды құрастырған және бір ақпараттық кеңістік ұйымдастырған, үздіксіз дамитын, кеңейетін және жітілдіретін. Ақпарат қор болды, оны жинауға, өндеуге, қолдануға және таратуға болады. Мемлекет жоғары экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жете алады және әлемдік экономикалық жүйеде толығымен серіктес ролін атқара алады егер де ол қоғам өмірінің барлық аумағында, әсіресе бизнес пен басқаруда, ақпараттық технологияларды (АТ) және ақпараттық жүйелерді көлемімен қолданса.
Ақпараттық технология - ЭЕМ - нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология "адамдық факторға" үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері биснесте де басқаруда да өте кең және әр түрлі. Бұл аумақтарда ақпарат АТ-ның қолдануының жаңа көкжиектерін ашады. Бағдар бөлінетін жүйелерді жетілдіру мен енгізуге бағытталған, әсіресе клиент (тұтынушы) - сервердің архитектурасы, торлық технологиялардың барлық түрлерін кеңімен қолдану.
Ақпаратты өндеуге қолданылатын кейбір адам қызметінінің аумақтары тізбесін береміз:
-білім беру;
- банктік қызметтің барлық жақтары;
- сақтандыру және кауіппен басқарудың барлық түрлері;
- байланыс, әсіресе спутниктер арқылы;
- бағалы қағаздарды және тауарларды сату;
- медицинaлық диагностика;
- жарнама және сауда;
- тауарлырдың сыртын көркемдеу және ораушы;
- баспа қызметі, жаңалықтарды және ойын-сауықты жинау;
- видеографикадан және лотереядан ойын ұйымдастыру және жүргізу;
- жазуды байқау, бақылау және жүргізу;
- болжау және модельдеу;
- тегік инженерия және биологикалық жинақтау.
Дербес компьютерлер ЖАТнегізі іспетті.1981ж ІВМ фирмасы дербес компьютер (ДК) жасауы және оның нарыққа жол тартуы барлық америка қоғамы үшін терең экономикалық жөне әлеуметтік зардап келтірді. Біріншіден, ол америка кәсібіне (бизнесіне) қатысты, өйткені сапалы өзгеріске төтеп берді. Былайша айтқанда, компьютерлендіру шағын кәсіпкерліктің гүлденуіне жол берді.
Олар ірі кәсіпкерлікпен бәсекелестікте тең түсуіне мүмкіндік алды. Дербес компьютердің кең қолданылуы корпорацияларды үйымдастырудың жаңа модельдерін туғызды. Әсіресе бүтіндей өндіріс орындары мен оның салаларының жұмысын басқаруда дербес компьютер негізінде жілілік технологиялардың дамуы өте маңызды орын алады. Дербес компьютердің пайда болуы жүз мыңдаған жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді, көптеген талантты адамдарға сәтті жол ашылды. Дербес компьютердің енгізілуімен өте ауыр және бірсарынды еңбектің үлесі азайды да олардың еңбек өнімділігі едәуір өсе түсті, сонымен бірге жүмыс. орындары сапалы өзгерістерге ұшырады. Дербес компьютер іскер адамның дербес құралына айналды[1].

1.2 Жаңа ақпараттық технология. Ақпараттық технология құралы

Біз ақпараттандырылған қоғамның дамуының толық қайшылықгы және әруақытта құбылыстарды бағалауда бір мағыналы шешуге бола бермейтін жаңакезеңіне кірдік. Біздің тұрмысқа техникалық жағынан өте күрделі қүрылғы - дербес компьютер енді. Дербес есептеулер технологиясы ақпараттарды өндеудің жаңа функционалдық мүмкіндіктерінәкелді, ал бұдан сәл бұрынырақ ол ғылыми қиял ғана болатын. Дербес компьютердің қолданылу әдісі өте кең. Адам баласының ақпараттарды өңдеу істерін-ол сандық,, текстік графиктік, аудиожәне бейне ақпараттар болсын, орындай береді. Ал бұл өріс кеңінен де дамуда, яғни күн өткен сайын жаңа есептер пайда болуда, сол сияқты ішіне қарай тереңдей түсуде, яғни бұрынғы есептер қайта қаралып, тиянақталып , күрделене түсуде. Қазіргі кезде дербес компьютерді пайдаланбаған бірде-бір ғалым, инженер, әкімшілік, ұйымдастырушы немесе делдалдар жоқ десе де болады.
Ешбір өнеркәсіп технологиясы есептеу техникасын өндіру технологиясы сияқты өте тез қарқынмен дамып отырған жоқ. Ал бұл адамзат қоғамының белгілі бір ғылыми-техникалық деңгейге жеткен обьективті талабынан туындайды. Әртүрлі мемлекеттердің инфрақұрылымына компьютердің ену ауқымы мынадай: Барлық өтіп жатқан процестердің бәріне өте үлкен ықпал етеді,олар ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік, экономикалық. Практикалық және ғылыми есептерді шешуде компьютердің қолданышуының барлық құбылымының жиынтығы қоғамды ақпараттандыру деп аталады. Үдемелі ақпараттандыру -- ілгерішіл (өрлеу) процесс, өйткені оның даму дәрежесіне әрбір мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі тәуелді[1].
Дербес компьютердің пайда болуы басқа да мынадай алдыңғы қатарлы технологиялық-дербес компьютер үшін әртүрлі құрылғыларды шығаратын жоғарғы өнімді автоматтандырылған кешендер және есептеу жүйелерінің көптеген басқа да компоненттерімен бірге белгілі бір дәрежеде микроэлектроникада революциялық жетістік болып табылады.
Дербес компьютерді тетіктермен қамтамасыз етуде өрлеу(ілгерілеу) бағдарламаны қамтамасыз етугеәсереткенібелгілі, ал ол өз кезегінде дербес компьютердің сапалы тұтынуына елеулі ықпал етті. Сонымен, дербес компьютердің жетістігі (табысы) өзара байланысты ғылым мен техниканың көптеген технологиялық жетістіктермен дайындалғаны заңдылық.
Қоғамды ақпараттандыруДүние жүзінің өркендеген елдері куатты ақпараттық құрылымды күрды және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жоғарғы қарқынмен іске асыруда. Мемлекет жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуі мүмкін және дүниежүзілік экономикалық жүйеге тең құқылы бәсекелес болуға үміткер бола алады, егер ол мемлекетте ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер қоғамның барлық өрісінде қолданьшу табатын, әсіресе кәсіпкерлік пен басқару істерінде қолданыс табатын болса.
Ақпараттындыру адам қызметінің, нарықгағы кез-келген адамның және мемлекеттің барлық істеріне бағытталған болу керек.и Ақпараттандыру адам қызметінің барлық өрісінде ақпараттық технологияны (АТ) жаппай қолдануды, ақпараттық жүйені қүруды, кез-келген экономикалық, ұйымдық немесе әлеуметтік қүрылымның қызмет етуіне әсерлі қолдануды көздейді.
Ақпараттандыру және ақпараттық ортаны құру үрдісі материалдық өндірісті, әлеуметтік өрісті және қызмет көрсетуді көрсетуді қамтиды және мыналарды атқарады:
- өндірісті, өңдеуді және ақпаратты таратуды қамтитын ақпараттық техника мен технологияны қүру:
- ақпараттандыру қүралы мен үдерісін дамытуды -және қолданьшуын . қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талдауды:
- ақпараттың өзін, ақпараттандыру өнімдерін жөне қызмет көрсету өндірістерін: Ақпараттандырудың инфрақұрылымы мынаны иемденеді:
1) ақпараттандыру обьектілері мен технологиялардың өзара бірлесе жұмыс істеуі үшін байланыс жолдары, есептеу құралдары мен желі торлары жүйесін;
2) аппараттар кешенінің қызмет етуін қолдап отыратын бағдарламалық қүралдарын;
3) ақпараттандыру құралдары мен мәліметтер жиынтығын;
4) осы технологияны тиімді пайдалануға қабілетті мамандарды дайындау жүйесін;
5) ақпараттандыру үдерісін тиімді дамытуға мүмкіндік жасайтын экономикалық және қүқықгық механизмдерді. Ақпараттандырудың экономикалық мақсаттары.
Халық шаруашылығы қорларының барлық түрлерін-еңбектік, материалдық,энергетикалық, қаржылық, өндірістік-тиімді пайдалануды арттыру үшін ақпараттық қорларды алу, пайдалану және өңдеу. Ақпараттандырудың әлеуметтік мақсаттары:
- Ақпараттық технологияларды әлеуметтік өрісте қолдану есебінен халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтің түрлері мен сапаларын жақсарту:
-Адам өміріндегі тіршілік әрекетінде және ойлауын дамытуға бос уақытын молайту:
- Қалың жұртшылық үшін демократиялық еркіндікті жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде білім сапасын арттыру, дәрігерлік қызмет деңгейін көтеру, әлеуметтік қорғау деңгейін бекіту, демократия мен жариялылықты дамыту және т.б[2].

1.3Ақпараттық технология түрлері

Мәліметтерді өңдеудің АТ қажетті енгізетін мәліметтері бар және алгоритмі белгілі және оларды өңдейтін басқа да стандартты процедуралар қолданылатын жақсы құрылымдағы есептерді шешу үшін қажет.
Бұл технология орындалатын операциялық қызмет деңгейінде қолданылады.
Операциялық (орындалатын) қызмет деңгейінде келесі есептер шешіледі:
-фирма өндіретін,операциялар туралы мәліметтерді өңдеу.
- Фирмадағы істер туралы периодты бақылау есептерін құру.
- Барлық мүмкін сұраныстаға жауап алу және оларды қағазды құжат түрінде немесе есеп түрінде әрлеу.
Берілген технологияны басқадан айыратын мәліметтерді өңдеумен байланысты бірнеше ерекшеліктері бар.
-мәліметтерді өңдеу бойынша фирмадағы қажеттіліктердің орындалуы.
- алгоритмді өңдеуге болатын тек жақсы құрылғыдағы есептерді шешу.
- өңдеудің стандартты процедурасын орындау.
- мәліметтерді өңдеу процедуралары мен олардың адамдардың аз қатысуымен автоматты режимде негізгі жұмыс көлемін орындау.
- детальданған мәліметтерді қолдану.Фирманың қызметі жөніндегі жазбалар ревизияны жүргізетін детальді (нақты) түрде болады.
- ревизия процесінде фирманың қызметі басынан соңына, соңынан басына дейін тексереді.
- болған жағдайға акцент:
- мәселені шешуде басқа шешуде басқа деңгейдегі мамандар тарапынан минимальді көмек талап ету.
Мәліметтерді өңдеу.АТ негізгі компоненттері және олардың мінездемесі.
Мәліметтерді жинау.Фирманың шығарған өнімнің әрқайсысының әрекеті мәліметтердің сәйкес жазбаларымен жүргізіледі[3].
Мәліметтерді өңдеу. Фирма қызметін көрсететін, келіп түскен мәліметтер ақпаратын құру үшін келесі типтік операциялар қоданылады:
-классификация немесе топтастыру. Алғашқы мәліметтер бір немесе бірнеше символдардан тұратын код түрінде болады. Объектілердің белгілерін көрсететін бұл кодтар жазбаларды идентификациялау және топтастыру үшін қолданылады.
- арифметикалық және логикалық операцияларды қолданып, есептеу. Мәліметтер үшін орындалатын бұл операциялар жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
- агрегаттау немесе үлкею, нәтижелік немесе орта мәндерді есептеу түрінде таралатын, мәліметтер санын кеміту үшін қолданылады.
Мәліметтерді сақтау.Операциялық қызмет деңгейіндегі көптеген мәліметтерді кейін де қолдану үшін сақтау қажет. Оларды сақтау үшін мәліметтер базасы құрылады.
Есеп құру(құжаттардың) мәліметтерді өңдеу АТ-да сыртқы серіктестер үшін де, фирма жұмысшыларына жетекшілік жасау үшін де құжаттар құру қажет.Бұл кезде құжаттар сұраныстар бойынша немесе фирманың жүргізген операцияларына байланысты, әр айдың соңында , кварталдың немесе жылдың соңында периодты түрде құрыла алады.
Негізгі компоненттер:Деректер базасы. Кез келген технологияның міндеті компоненттік деректер базасы болып табылады. Автоматтандырылған офисте деректер базасы фирманың өндірістік жүйесі жөніндегі деректерді дәл операциялық деңгейде құрайды. Деректер базасына ақпарат фирманың сыртқы ортасынан да келіп түсуі мүмкін. Мамандар ДБ ортасында негізгі техникалық операциялармен жұмысты меңгере алу қажет.
Текстік программалар. Бұл текстік құжаттары құру және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламалық жабдықтардың түрі. Ол сөздерді қосуға және өшіруге, абзацтар мен сөйлемдерді араластыруға, форматты орнатуға, текст элементтерімен режимдерін басқаруға т.б. мүмкіндік береді.
Электрондық пошта. Электрондық пошта (E-мaіl), компьютер желілік негізінде қолданылады, қолданушыға желі бойынша өз серіптестігіне хабарламалар жіберіп, сақтауға, алуға мүмкіндік береді. Онда тек бір бағыттағы байланыс орын алады.
Аудиопошта.Бұл пошта хабарларды дауыспен тасымалдайды. Мұнда клавиатурадан хабарлама терудің орнына телефон арқылы бересіз.Сондай-ақ телефон арқылы сізге жіберілген хабарламаларды ала аласыз. Аудиопошта сондай-ақ желіде таралады.Аудиохабарламаларды жіберу поштасы мәселені шешуге тиімді қолданылады.Электрондық поштамен салыстырғанда аудиопоштаның негізгі ерекшелігі сол, оны пайдалануда клавиатурадан берілгендерді ендірудің қажеті жоқ[3].
Кестелік процессор. Текстік процессор сияқты, бұл да автоматтандырылған офистік технология және кез келген қызметкер үшін ақпараттық мәдениетті құрайтын база болып табылады. Жұмыстың технологиясының негізін білмей тұрып, мұнда өз қызметіне дербес компьютерді толығымен қолдану мүмкін емес. Кестелік процессорлар ортасындағы программалық функциялар кестелік түрде мәліметтермен көпсанды операцияларды орындауға мүмкіндік береді.Бұл операцияларды жалпы ерекшеліктерімен біріктіре отырып, анағұрлым көпсанды және қолданылатын техникалық операциялар тобын белгілеп алуға болады.
- Мәліметтерді клавиатурадан ендірген сияқты МҚ-нан енгізу.
- Мәліметтерді өңдеу (сорттау, қорытындыны автоматты түрлендіру, көшіру және мәліметтерді тасымалдау, т.б.)

1.4 Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Ақпаратты өңдеу үрдісі мен есеп түрінің бөлу белгісі

Жаңа ақпараттық технологияның қадамдары. ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкеледі. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі "information" деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі "Computer science" деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады[4].
Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына есепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан ( құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктафонға жазу) айырмашылығы - тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, "жылы жүзді" прогромалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:
- әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалау емес) керек;
- мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірығай үлгісіне келтіріп жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсеру;
- кез келген құжатты қағассыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да экранда көрсетіледі;
- адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттасу режимін (интерактивті режим) жүргізу;
- бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даяарлау;
- есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.
Бұл күндері жаңа ақпараттық технология информатиканың негізгі бір саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар жұмысқа тигізетін әсері зор болады деп күтілуде. Ақпараттық техника - ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптен жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуінде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:
-еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;
- ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;
- ЭЕМ-дерді халық шаруашылығындағы экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарында пайдалану;
- ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;
- ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медецина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.)
1.5Қоғамның ақпараттану жолындағы мәселелер, мәселелер бөлу белгісі. Компьютерлік технологияның әкелетін артықшылығының бөлу белгісі.

Өткен ғасырдың 80-жылдары Дж. Мартин (АҚШ) "жаңа ақпараттық технология" - (ЖАТ) деп атап жобасын ұсынды. Жаңа технологияның қажеттілігі ірі көлемдегі автоматтандырылған жүйелерді талдауда әдеттегі әдістердің ұзақтылығы оның өзіндік ескіргендігінен уақыт өте келе туындады. Болашақ жүйеге талаптар құрылғаннан және бекітілгеннен кейін, және оның эксплуатациялық тәжірибенің басталуына дейін көп уақыт өтті де алғашқы талаптар ескіре бастады. Мұнда жалғыз ғана жол-жүйені құру барысында оған болашақ пайдаланушының тікелей араласуы. Машықтанған мамандар мұнда болашақ жүйенің бағдарламамен қамтамасыз етуді қалыптастырумен айналысуы тиіс болды. Бұл жаңа ақпараттық технологияның мәнін құрды[5].
ЖАТ-қа бірінші қадам- компьютерлердің қолданылуы ғылыми есептерді шешу ғана емес, өндірісте практикалық есептерді шешу үшін керек: кәсіпорын мен оның салаларының жүмысын басқару, технологиялық үдерістерді басқару, жоспарлау, ақпараттық іздеу және т.б.
Компьютерлердің іс-өрістеріне қолданылуының жетістіктері мынадан анықталады:
- өндірістік және мемлекеттік-басқарушы орындардың қызметі өте күрделеніп кетті, көлемі өте үлғайып кеткен ақпаратты өңдеу өте қиынға соқгы, бүл еңбек қорларының өндірістік емес үйымға түсуіне әкеліп соқты:
- компьютер еңбек өнімділігін арттыратын құралға айналды, ол көлемі өте үлкен ақдараттарды өңдеуді тез орындай алды, онымен адамдарды қиын есептерді шешуден босатты.
ЖАТ-қа екінші қадам- бағдарламалар құруға мамандығы жоқ адамдарға арналған компьютердің пайда болуы. Мұнымен ақпаратты өндеу ісімен дамыған елдер халықтарының бәрі қамтьшды. Дербес компьютерлер білімді автоформализмге келтірді, ол дегеніміз қолданушылардың өңдері өздерін бағдарлама қүрумен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Ол мынадай себептермен түсіндіріледі:
1) ДК-ге халықтың қолы жетті, өйткені оның қүны күрделітүрмыстық технйка қүрылғьшарының құнымен шамалас болып қалды:
2) ДК-өте жай және адам мен компьютер арасындағы өзара әрекет өте ыңғайлы:
3) Кез-келген бағдарламаны тандагі, тауып алуға болады, бірақ та адамдар өздері де бағдарлама қүруға үмтылуда:
4) Бағдарлама құратын штат (қызметкерлер) жеткіліксіз.
Білімді автоформализмге келтірумен маман бағдарламашыларбәсекелестік емес, олар бірін-бірі толықтырады, әрқайсысы өзсаласында белгілі бір есептердішешуге машықтанғандар.ЖАТ-қа үшінші қадам -компьютер адамдармен бақталастыққа шыққанда білімді өңдеу болып табылады.ЖАТ-ты үш түрлі көзқарас тұрғысынан топтайық:
1. техникалық:
-әмбебап компьютерлер, мини-компьютерлер, дербес компьютерлер және жұмысшы станциялар:
-тілді айтатын құрылғыларды қоса есептегендеклавиатурасыз технологиялар:
-оптикалық жадына сақтаушы қүрылғылар:
-шамадан тыс тасығыштар(гигіерносители):
- жетілдірілген микросхемалар мен басқа құрылғьшар:
2. бағдарламалық:
-бағдарламаның автоматтандырылған технологиясы:
-оралымды күнтізбелік жоспарлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар кезеңі
Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Ақпараттық технология және жаңа ақпараттық технология ұғымы
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
Пәндер