Өрт қауіпсіздігі бұрыштары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Есеп беру

2022 жыл

Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
-кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар
-өрт кауіпсіздігі ережелері
-электр қауіпсіздігі ережелері
-технологиялык кондыргылардын кауіпсіздігі
-ауа шағын төмендету бойынша іс шаралар
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда -- жаралану, көшеде -- сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі -- зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Негізгі бөлім:
Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар

Кәсіптік аурулар дегеніміз-адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша бес топқа бөліп қарайды.
1)Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін.
2)Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикатоз, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз)
3)Физикалық факторлардан пайда болатын аурулар. Бұған вибрациялық, шудан электоромагнитті сәулелену мен таралған лазерлік сәулеленуден болатын дерттер, сәулелік ауру, атмосфералық қысымнан туындайтын кеселдер жатады.
4)Жүйке ширығуынан болатын аурулар.
5)Биологиялық факторлардан туындайтын дерттер. Бұған инфекциялық және паразитарлық аурулар жатады (туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, тағы басқа).

Бұлардан бөлек кәсіптік аллергиялық аурулар (конъюктевит, жоғары тыныс жолдары аурулары, қолқа демікпесі, экзема, дерматит) және онкологиялық кеселдер (тері ісігі, қуық ісігі) де кәсіптік аурулар тізіміне кіреді.
Сондай-ақ жедел-өтпелі және созылмалы кәсіптік аурулар да болады. Жедел-өтпелі кәсіптік ауру бір жұмыс кезегінде қоршаған ортадағы химиялық немесе басқа да денсаулыққа зиянды заттардың әсерінен пайда болады. Ал созылмалы кәсіптік ауру осындай қолайсыз факторлардың жиі әсер етуінен туындайды.

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.

КА диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады. Еңбектік анамнезінде КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.

Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері - денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған шараларды жобалау мен өткізу.

Кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:
- осы стандарттың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту);
- қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтардың, өндірістік процестің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
- қауіптілігі жоғары, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды ұйымдастыру;

қауіпті аймақтарды белгілеу, жұмыскерлер мен көліктің жүру маршруттарын әзірлеу;
- жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану;
- белгіленген мерзімдерде тиісті сынақтар өткізу (жабдықтарды, қорғаныш құралдарын, сигнал беру құралдарын, құрал-саймандарды, құрылғыларды, қосалқы жабдықтарды, көлікті, жүк көтергіш қондырғыларды, мұнараларды, лифтілерді және т.с.с.;
- еңбек және тынығу режимдерін сақтау;
- қызметкерлерді еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы хабардар ету;
- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды ағымдағы бақылауды орындау;
- қызметкерлерді өндірістік объектілерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша еңбек жағдайларының жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету;
қайта бөлу.

- жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру.
- қаражат көлемі ұжымдық шартпен белгіленеді.
- еңбекті қорғау жөніндегі персоналды даярлау.
- түзету іс-қимылдарын жүргізу қажеттігі ағымдағы және ықпал ететін бақылау, аудит, оқиғалар, авариялар мен жазатайым оқиғалар кезінде пайда болған еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуіндегі сәйкессіздік анықталғанда туындайды.
Түзету іс-қимылдары анықталған (пайда болған) кемшіліктердің себептерін жоюды білдіреді, ол үшін мыналар жүзеге асырылады:
- еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ішкі құжаттамасына өзгерістер енгізу; - қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына өзгерістер енгізу бойынша бастамашылық ету;
- еңбекті қорғау саласындағы жауапкершіліктер мен өкілеттіктерді қайта бөлу; ресурстарды

Кәсіптік патология (проф.патология) - клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.

2. Өрт кауіпсіздігі ережелері
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері. Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері. Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру.
Автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелерінің мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жіктеу, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану ережелері. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылау. Сумен, көбікпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары, құрылғысы.
Түтіннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтіннен қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтіннен қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.
Өрт-техникалық комиссия. Жұмыскерлерге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым жұмыскерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихаттау. Өрт қауіпсіздігі бұрыштары.
Өртке қарсы режим терминінің ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды көшіру. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-шаралар.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшының өкімдері.
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу ережесін бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау үдерісінде өрттің алдын алу шаралары. Жұмыс істеу кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидін тасымалдау кезіндегі оның қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу.Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кабельдерді қосу.Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар. Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.

Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Көшіру жолдары мен тәртібі, көшіру жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін жұмыскерлердің іс-қимылдары (жең желілерін төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдері. Өртке қарсы режим. Көшіру жоспары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдары.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді жіктеу, қолдану саласы, мақсаты, қолдану ережесі, орналасу орны. Ішкі өртке қарсы су құбырының, өрт крандарының мақсаты мен құрылғысы, орналасу орны. Автоматты өрт дабылы (АӨДҚ) және өрт сөндіру (АӨСҚ) қондырғылары; ұйымда орналастыру сызбасы. АӨДҚ мен АӨСҚ жұмыс істеген кездегі әрекеті. Өрт жабдығы мен құрал-саймандарының түрлері, мақсаты, құрылғысы мен орналасу орны.
Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіру. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-әрекеттер.
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттердің статистикасы. Өрттердің себептері. Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт қауіптілігі. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлімшелердің, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объектілердің басшыларының міндеттері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерін және жылу бөлу қондырғыларын монтаждау мен пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар. Өрттің алдын алудың негізгі міндеттері. Өртке қарсы режим, анықтамасы, мақсаты мен оны белгілеу тәртібі. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде, шаруа қожалықтарында және елді мекендерде жалпы ұйымдастырушылық өрттің алдын алу іс-шаралары
Мал өсіру және құс өсіру фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, ТТС, ЖС және ЖГ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептіргіштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.

3.Электр қауіпсіздігі ережелері
Үйде және мектепте пайдаланатын электр құралдары, аулада, көшеде және далада өтетін электр желілері мен қосалқы станциялар қалыпты жұмыс кезінде қауіпсіз. Барлық электр қондырғыларының қоршауы, ескерту белгілері мен қауіпсіздік плакаттары болады және құлыпқа жабылады. Алайда, оқшаулаудың әртүрлі зақымдануы, сымдардың үзілуі, тіректерге көтерілу, қосалқы станцияларға және электр қалқандарына ену өмірге қауіп төндіреді. Кез келген кернеудегі электр қондырғылары адам өміріне қауіп төндіреді. Адам электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктеріне және кернеудегі оқшауланбаған сымдарға тие отырып, электр тізбегіне қосылады. Зақымданудың нәтижесінде адам ағзасындағы ток арқылы өтетін жол үлкен маңызға ие. Егер жүрек, кеуде, ми және жұлын ток жолында болса, зақымдану одан да ауыр болады.
Электр тогынан зардап шеккен адамның өлімінің тікелей себептері-жүрек жұмысын тоқтату, кеуде бұлшықеттерінің сал ауруы және электр тогының соғуы салдарынан тыныс алуды тоқтату.

Электрмен зақымдану келесі нысандарда болуы мүмкін:

- электр тогының дене арқылы өтуі кезінде жүректің немесе тыныс алудың тоқтауы;

- электр өрті;

- токтың әсерінен бұлшықеттің жиырылуына байланысты механикалық жарақат;

- электр доғасының соқырлығы.

Өлім, әдетте, жүрек немесе тыныс алу немесе екеуінің де салдарынан болады. Электр тогының әсерінен дененің бұлшықеттері жиырылады. Егер адам қуатталған жабдықтың бір бөлігін алса, ол көмексіз кете алмауы мүмкін.

Электр тогының зақымдануы ток күші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интрузиялық тау жынысы
Автомобиль жолдарын жобалау
Кеннің заттық құрамы
Құрылыс жүргізу туралы
Лекалоны матаға жаймалау
Геологиялық барлау жұмыстарының көлемі
Ғимарат конструкциясының бұзылуы
Бидай дәндерінің технологиялық қасиеттері
Өрт қауіпсіздік негіздері. Автоматты өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіру кезіндегі эвакуация уақытын есептеу. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Химиялық қауіпті заттар бар объектілерде өрттерді сөндіру
Пәндер