Абай өлеңдері тілінің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ

аты-жөні

Абай өлеңдері тілінің көркемдік-стилистикалық сипаты

(тақырыбы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 6В020500 - Қазақ тілі

(мамандық атауы және шифры)

Көкшетау, 2021

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Абай өлеңдері тілінің көркемдік-стилистикалық сипаты

Мамандығы: 5В020500-қазақ филологиясы

Орындады

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Жетекші Бердібай Шалабай

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«Қорғауға жіберілді» « » 20 21 жыл

Кафедра меңгерушісі Жумагулова О. А.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ

І. АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1Абай поэзиясының жанрлық сипаты

1. 2 Абай шығармаларындағы арнау өлеңдерінің жазылу сыры

ІІ. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК-СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2. 1 Абай қарасөздерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны

2. 2 Абай өлеңдеріндегі ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздер-троп түрлері

қорытынды

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақтың әлеуметтік өмірінің даму процесінде болсын, әдебиет тарихында болсын Абайдың орны ерекше екені жұртшылығымызға мәлім. Қазақ әдебиеті тарихында басқа ақындар бір төбе де, Абай бір төбе. Өйткені Абай еңбектері өзіне шейінгі, өз кезіндегі алдағы әлеуметтік ой - сананың ғана асқар шыңы болып қойған жоқ, сонымен қатар, қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби стиль, өлең құрылысы, поэтик тіл олардың да асқар шыңы болды. Абайдан кейінгі қазақ әдебиеті Абай бастаған жаңа арна, жаңа жолға түсті. Демек, Абайды білу, Абайды тану, бүкіл қазақ әдебиетінің даму жолдарын білу, XIX ғасырдағы әлеуметтік ой - сананың барысын аңғару болып шығады. Сондықтан, жалпы Абай еңбектерін, оның бір саласы - тілін зерттеудің тарихи үлкен мәні барлығы сөзсіз. Бұл еңбекте Абай шығармаларының бір - ақ жағы, яғни, Абайдың поэзиясының жанры ғана алынып отыр. Әңгіме, негізінде, тек осы поэзия жанрының көлемінде болмақ. Ұлы ақынның шығармаларының басқа жақтары бұл еңбекте сөз болса, олар тек негізгі мәселеміз - жанрды айқындау үшін, сонымен байланысты ғана айтылмақ.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі мен өзектілігі:

Негізгі тақырып - Абай поэзиясының жанры делінді, бұлай шек қоюымыздың екі түрлі себебі бар: біріншіден, Абайдың жиырма жылдық еңбегінің көбі өлең. Қарасөздері аз. Олардың өзі де көркем қара сөз емес, - публицистика, әр түрлі өмір мәселелері туралы жазылған философиялық ғылыми трактаттар.

Екіншіден, бұл жұмыстың өзектілігі Абайды не үшін қазақтың әдебиет тілінің негізін салушы дейміз, оның себебі не, Абай қазақ әдеби тіліне не берді, не жаңалық енгізді, оның жолдары қандай?- деген мәселелердің бетін ашу болғандықтан, бұл жайттар, Абайдың алдындағы ауыз әдебиеті, тарихи әдебиет, өз тұсындағы әдебиеттерде не бар, не жоғын айқындап, солармен салыстыра зерттеуді талап етеді. Ал, Абай өлеңдерін салыстыру үшін алынған қазақтың ауыз әдебиеті, жырлары, тарихи әдебиет - бәрі де өлең.

Бітіру жұмысының өзектілігі де осында.

Диплом жұмысының мақсаты: Бұл диплом жұмысының мақсаты:Ұлы ақын Абай өлеңдерінің құрылысын зерттеп, қазақ әдебиетіне енгізген жаңалықтарының бетін ашe, қысқасы дана ақынның ұлы еңбектерінің әр жағынан тану, өз кезіндегі әлеуметтік жағдай әдебиет, мәдениет даму сатыларын ескерте отырып, ғылыми баға беруге күш салады. Сонымен қатар, бұл еңбекте Абай поэзиясының тілі оған шейінгі әдебиет нұсқаларының тілімен салыстыра зерттелініп жасалды.

Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде Абайтану саласында еңбек еткен ғалымдар: А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Мұхамедханұлы, З. Ахметов, Т. Кәкішев, Ш. Елеукенов, М. Мырзахметұлы, Р. Сыздықова, С. Қирабаев, Қ. Мәдібаева және т. б. ғалымдардың пікірлері бізге бағыт-бағдар сілтеді.

Бітіру жұмысының зерттеу әдісі. Ұлы ақын Абай Құнанбаев шығармаларын салыстыру, жинақтау, талдау, аудару, жүйелеу және оны түсіндіру түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І. АБАЙ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТТЕЛУІ

  1. Абай өлеңдері тілінің зерттелуі

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүниежүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны- білген адамға айқын шындық. . Сан ғасырлық бай шығармашылығы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап-айқын үйреншікті қағида көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін күрделі мәселе. Заман, қоғамдық жағдай-ақын, жазушы шығармашылығының өмірлік тірегі, негізі, түп тамыры.

Абай Құнанбаевтың қазақтың ұлттық әдеби тілінің даму тарихында алатын орны да, сіңірген еңбегі де зор екені белгілі. Сондықтан да, бұрынды-соңды қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің тарихын зерттеген, сол жөнінде ой-пікір айтқан зерттеуші ғалымдарымыздың бір де біреуі Абайдың еңбегіне тоқталмай өткен емес. Абай Құнанбаев шығармаларының тілі, оның қазақ әдеби тілін дамыта түсудегі рөлі көп зерттеліп, алуан түрлі құнды пікірлер әлі де айтылуда. «Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады, - дейді белгілі ғалым, абайтанушы, проф. Рәбиға Сыздықова, - бірі ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі - Абай шығармалары тілінің өзін талдап таныту» [4, 324] . Шынында, осы екі бағытта көптеген пікірлер айтылып, саналуан мақалалар мен монографиялық көлемдегі еңбектер де жарық көрген екен. Ә. Марғұлан мен Р. Сыздықованың пайымдауынша, Абайдың тілі туралы ең тұңғыш айтылған пікір орыстың көрнекті ғалымы П. М. Мелиоранскийдікі. Ол 1901 жылы айтылыпты. Ә. Марғұланның мағлұматы бойынша, князь В. А. Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің (Ленинградта, География қоғамының архивінде сақтаулы) Қолжазбасын П. М. Мелиоранский редакциялайды. Кейін редактор былай деп жазыпты: «Бұл жинақта мазмұны жөнінен әсіресе мына дүниелер қызықты: «Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». Бұл шығармалардың тілі азды-көпті кітаби [5, 87] . Бұл пікірді Р. Сыздықова жоғарыда көрсетілген еңбегінде, Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған тұжырымдардың бастамасы дей келе, «азды-көпті 9 АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТІЛДЕРІ кітаби» дегенін - Абай өлеңдерін жазба әдеби тілде туған деген пікір тәрізді деп, ой түйіндейді. Абайдың қазақ әдеби тілін дамыту жолындағы бағыты мен оның шығармаларының тілі жөніндегі ой-пікірлердің алғашқысын қазақ даласында С. Торайғыров «Қазақ тілінің өлең кітаптары жайынан» деген еңбегінде айтқан. «Нағыз шын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері бытпырақ. Жақсы өлеңдер басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық ақ құла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді»[6, 25] . Әрине, бұл пікір - Абайдың қазақ әдебиетіндегі рөлін толық көрсетпегенімен, Абай тілінің сол кезендегі басқа өлеңдерден ерекше, қазақы екенін білдіретін бірден-бір дұрыс пікір. ХХ-ғасырдың 10-жылдарының өзінде қазақ ақындарының ішінде Абай өлеңдерін ерекше артық бағалап, А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 43-нөмірінде өзінің айтулы «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласын жазған. А. Байтұрсыновтың өз сөзімен айтсақ, «Қазақтың бас ақыны - Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынды - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білмейтін адам кем, тіпті жоқ деп айтса да боларлық [7] . Бұдан сол кездің өзінде-ақ Абай өлеңдерінің жұртқа әбден танымал болғандығы, сондай-ақ олардың ақынның туған, тұрған өлкесінен басқа жерлерге де, облыстарға да таныла бастағаны көрінеді. Абай өлеңдерінің кең тарап, ел арасында құнды пікірге ие болғанын «Қай жерде ақындар жайынан, я ақындар сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмайды»[7] деген Аханның пікірі нақты дәлел бола алады. Ал Аханның «Абайдың сөзі» деп отырғаны, сөз жоқ, ақынның тілі, яғни Абай өз өлеңдерін халыққа түсінікті өтіп, қазақтың халықтық тілінде жазатынын айтқаны. Шындығына келгенде, ұлы Абайдың шығармаларын жан-жақты талдап, оның ғұлама ақындығын бірінші рет оқушы қауымға танытқан адам Ахмет Байтұрсынов еді. ХХ ғасырдың 30-жылдары Абайдың тілін жоғары бағалаған пікірдің бірі І. Жансүгіровтің «Абайдың сөз өрнегі» деген мақаласында кездеседі: «Абайдың өлеңі таудан тасыған бұлақтай арқырап жатса, Абайдың өлеңдеріндегі тілдері, сөздері сол бұлақтың түрлі тасындай жарқырап жатады. Абай өзінен тіл жасаған ақын емес, елдің тілін толық пайдаланған ақын. Абайдын тілге істеген қызметі зор. Абай үлгілі елдің бай әдебиетінің, күшті ақындарының шалқар сезімін қазақтың қара шолақ тілі - дерекі тілімен жырлап бере салады»[8] - дейді мақала авторы. Сөйтіп, Абайдың өз тұсынан тіл жасамағанын, керісінше, шығармаларын ана сүтімен дарыған туған тілінде жазғандығын, сондай-ақ Абайдың тілі - жалпы халықтық тіл екендігін өте жоғары бағалаған. Абай шығармаларына ғылыми дұрыс талдау жасап, ол жөнінде аса құнды еңбек қалдырған - Құдайберген Жұбанов. Ғалым Абайдың тілі туралы былай деп жазады: «Ол ескіні де, өз заманын да дәріптемейді. Ескі образды алғанда, оны сүйдіру үшін емес, ескіні бұзып, жаңа қылып, сонымен жаңаша ұғындыру үшін алады. Абайдың әдебиет, мәдениет істеріне қолы тиіп кетсе, ол тек сипап, сүртіп, шаңын кетіріп шықпайды, өзінше түзеп, өз қолынан ізін қалдырады. Өлеңнін ырғағы да, ұйқасы да, буыны да, әні де, тақырыбы да, сөз төсегі де, суреті де Абайдың қолынан өткенде, бұрын көрмеген жаңа нәрсе боп шығады . . . Бірақ сөйте тұрса да, Абай өлеңі - қазақ өлеңі, қазақ өмірінің суреті, қазақ тілімен жазылған, қазаққа түсінікті болып шығады» [9] . Құдайберген Жұбанов бұл ойын, өзінің «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген көлемді еңбегінде ұштай түседі: «Абай - ойшыл ақын. Өлеңін пікір кернеп тұр. Оның сезімі - ойшыл сезім. Бірақ, оның ойы да - сезімшіл ой. Сондықтан Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп тұрады да, түрі мазмұнын көрсетіп тұрады. Абайдың тілінің сөздігі (лексикасы), грамматикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы, ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі - бәрі бірге қосылып та, жеке тұрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады. Оның сөздері тек бермек ұғымын жеткізерлік амал болып, поэтикасы оның қалыбына сиярлық қана болып қоймайды, бірі олай, бірі бұлай да кетпейді, солардың әрқайсы, үлкен симфония оркестріндегі жеке музыка аспаптары сияқты, өздері бір-бір күй тартып тұрады да, бәрі қосылып негізгі күйді шығарады, тақырып соның бәріне дирижер болып тұрады» [10, 185] . 1939 жылы жарық көрген Абайдың толық жинағының кіріспе сөзінде жазушы - ғалым, академик Сәбит Мұқанов та Абай тілі туралы: «Абайға шейін де, Абайдың тұрмысында да қазақтың ұлт мәдениетін Абайдай көтерген ақын жоқ . . . Абай ұлт қазынасы - тілді бірінші рет ұлт керегіне жұмсай біліп, сол тілімен болашағына басшылық қылған ақын» [11, 14] - деп, Ахмет Байтұрсыновтың жоғарыда айтылған «Абай - қазақтың бас ақыны» деген құнды пікірін дұрыс қолдаған. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын сөз ете отырып, профессор Н. Т. Сауранбаев Абайдың қазақ әдебиетіндегі рөлін былай көрсетеді: «Возникновение казахского письменно - литературного языка во второй половине XIX-века тесно связано также с именем и творчеством выдающегося поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Ни язык фольклора, ни простой разговорный язык в силу своей социальной обусловенности иделогией феодального общества и ограниченности не могли удовлетворить принципиально новых мыслей, новых чувств поэта. Поэтому Абай, последовательный новатор пошел по новому, причем правильному пути создания нового литературного языка» [12, 286] . Бұдан кейінгі жылдары Абайдың тілі тереңдетіле, кеңейтіле зерттеледі. Абайдың қазақ жазба әдебиеті тарихындағы орны мен рөлі туралы көптеген құнды-құнды еңбектер жазылады. Бұл ретте М. Әуезовтың орны бөлек. «Абай да, - деп жазды академик, - Пушкин сияқты, өз еңбектерінде бізге грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жағынан қазақтың бүгінгі сойлеп жүрген әдебиеттік тілінің қалпынан көп айырмасы жоқ тіл үлгісін қалдырды» [13, 10] . Абай творчествосын, тілін зерттеген еңбектер ішіндегі ең қомақтысы да көлемдісі Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты монографиясы. Бұл еңбекте ұлы ақынның «поэтик тілі» талданады. Ұлы ақынның тілін ғылыми түрде терең зерттеудің айқындауда маңызының жоғары екендігін Қ. Жұмалиев былайша тұжырымдайды: «Абайды білу, Абайды тану бүкіл қазақ әдебиетінің даму жолдарын білу, XIX ғасырдың әлеуметтік ой-санасының барысын аңғару болып шығады. Сондықтан, жалпы Абай еңбектерін, оның бір саласы - тілін зерттеудің мәні барлығы сөзсіз» [14, 127] . І. К. Кеңесбаев та «Абай - основоположник казахского литературного языка» деген мақаласында осы ойды былай жалғастырған: «Великая историческая миссия Абая заключается как бы в обнародовании общенародного языка, он поднял богатые языковые достояния устного творчества и народноразговорной речи до уровня литературного языка» [15, 85] . Абайдың тілін жан-жақты зерттеген, ең құнды, нақты пікірлер айтқан, 30-дан астам мақала, екі үлкен монография жазған ғалым, абайтанушы Р. Сыздықова. Оның ішінде ұлы ақынның тілі, лексикалық қабаттары жайында жазылған ең күрделі және түбегейлі еңбек - ғалымның «Абай шығармаларының тілі» атты монографиясы. Бұған дейін жоғарыда аталған шағын мақалалар мен кейбір зерттеулерде айтылған қысқаша пікірлер болмаса, Абай шығармаларының тілін жан-жақты талдаған түбегейлі де күрделі зерттеу болған емес. Аталған еңбекте ұлы қаламгер Абай тілінің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысы талданған. Ғалымның өз сөзімен айтсақ, « … бұл жұмыс стилистикалық зерттеу емес, яғни жеке сөздер мен грамматикалық тұлғаларды Абайдың ақындық-жазушылық шеберлігіне ғана байланыстырып талдамаймыз. Негізгі мақсатымыз тіл материалындағы Абайдың қаламына ғана тән ерекшеліктерді көрсету емес. Әзірге көздейтініміз - Абай сөздігін генетикалық /тектік/ құрамына, сөздердің көне-жаңылығы мен тематикалық және мағыналық жіктелуіне қарай талдап, таныту. Сондай-ақ грамматиканың ең мәнді категорияларының бірі - сөз жасау құбылысы мен кейбір морфологиялық және синтаксистік тұлға тәсілдердің жалпы түр-сипатын, актив-пассивтігін, нормалануын көрсету. Сондықтан біздің бұл жұмысымыз бертіндегі дәуірді қамтитын тарихи лексикология мен тарихи грамматикаға жақын келетінін білдіреміз» [16, 5] . Абай шығармалар

Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол-кермет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері, ойшыл-философ ақын.

Абай тұлғасы -поэзиядағы стильдің түп тірегі. Ақын стилін, сурет мәнерін, қолтаңбасын, сөз қолданысындағы өзгешеліктерді -бәрін де айқындайтын, бейнелейтін сол.

Қазақ халқының зерделі ойы мен қоғам өмірінің шын мәніндегі

энциклопедиясы - ұлы Абай мұрасына жүгіну, Абайды тану- бұл үлкен мәселе. Өзі мына пәни дүниеден көшкеннен кейінгі тарихи аласапыран жылдарда халық бастан кешкен алмағайып кезеңдер ақын мұрасына да бірде сәуле, бірде көлеңке түсіріп сан құбылды. Жиырмасыншы жылдардың орта кезінен бастап отыз жетінің ойранына дейінгі аралықтағы сталиндік саясаттың азат ой, ұлттық мүддені қыспаққа алып, алаштың аяулы азаматтарын құрбан қылған шағында Абай атына шабуыл жасалып, мұрасы елеусіз қалып, әділетсіз қараланады. Бұл әрине Абай мұрасын оқып-үйрену ісіне, зерттелуіне салқынын тигізбей қоймады.

Абайдың алтын сөзін кір шалмайды. Отызыншы жылдардың ортасынан бастап Абай мұрасы зерттеліп, жинақталып, Абайтану іліміне бірте-бірте бір арнаға түсе бастады.

Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп, тер төккен әдебиетшілер, ақын-жазушылар аз емес. Солардың ішінде ең шоқтығы биік, ірі тұлға - Мұхтар Әуезов еді. Ол Абай мұрасының жинақталу, жарық көру, зерттелу, оқытылу бағыт-бағдарын жүйелеген бір жазбасында 1940жылы 95 жылдық мерей тойынан бастап Абайды тану бағыты бел алып өскендігін, барлық мектеп оқулықтарына бағдарламаға енгізілгенін айта келіп, бұл салада түрлі монография, бірнеше десертациялық еңбектер жазған С . Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов және А. Солобьев, М. Силбченко, Н . Смирнова сияқты ғалымдарды және бірнеше аудармашыларды атайды.

Абайды қалай зерттеп, қалай танимыз деген сұраққа Әуезов өзі былай деп жауап беріпті: ’’Біз ұсынатын, қолданатын әдісіміз барлық дүние классиктерін зерттеудегі дағдылы әдіс:өмірмен, өсу, даму жылдарын ақындық эволюциясымен жыл-жылдап уақытымен тексереміз. Абай бір күнде Абай болған жоқ. . Өсе жүре, еңбек ете, іздене таба жүріп қалыптасып, тола береді. Сондағы табиғи жолын танимыз, өрісті, іргелі, орынды зерттеулер осы арнаға түспей болмайды, ”-деді

Абай тілін зерттеуші профессор Қажым Жұмалиевтің Абай мұрасын зеттеудегі орны ерекше. Оның “Абай поэзиясының тілі” атты монографиясында автордың өзі айтқандай, Абай бүкіл тілі емес, соның бірақ жағы- поэзиясындағы әдеби - көркемдеу тәсілдерінің көрінісі, яғни”поэтик тілі”талданады және зерттеуші бұларды жеке-дара регистрация тұрғысында алмай, Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тіліндегі орнын айқындап, оның табыстары мен жаңалықтарын көрсете талдайды.

Ұлы Абай тілін жан- жақты зерттеген профессор ғалым Рәбиға Сыздықова өз еңбектерінде ақын шығармашылығын терең талдайды. Сөз өрнегін толғаулы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі ерекшеліктерін айқындап көрсетеді. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісін, ондағы дәстүрлі нормалар мен Абай ұсынған жаңалықтарды танытады. ”Абай шығармаларының тілі”атты еңбегінде ақын тілінің ерекше тұстары мен лексикалық қабаттарына талдау жасалынған.

Абайдың поэтикалық тіл өрнегін сөз еткенде А. Нұрқатовтың, М . Базарбаевтың зерттеулерін атау қажет. Мысалы, М. Базарбаев қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі образдарды сөз ету үстінде Абай шығармаларына да соғады. ”Қазақ топырағындағы Абайдың ұлы жаңашылдық орнын жаңалық пен дәстүрді бір- біріне қарсы қою арқылы емес, қайта жаңалық сол дәстүрлер топырағында туып қалыптасқан деп тану арқылы көрсету керек, - “ дейді.

  1. Абайдың алдындағы және Абай тұсындағы поэзиясының жай күйі

Қазақ әдеби тілінің тарихына, даму кезеңдеріне тоқталғанда әдеби тілімізге Абай Құнанбайұлының қосқан үлесін саралағанымыз жөн.

Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі - ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі - Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту [7, 3-б. ] .

Абай туралы ең алғаш пікір айтушы орыс ғалымы П. М. Мелиоранский болды. Академик Ә. Марғұланның мағлұматы бойынша Абай өлеңдерін жинаған князь В. А. Кудашевтың қолжазбасын П. М. Мелиоранский редакциялайды. Бұл қолжазба Ленинградтағы География қоғамының архивінде сақтаулы тұр. Қолжазбамен танысқан редактор былай деп жазыпты: «Бұл жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты: «Жаз мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». Бұл шығармалардың тілі - азды-көпті кітаби» [7, - 250 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
Абайдың лирикалық өлеңдерінің тілі
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz