Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І тарау Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы

1. 1 Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері . . .

1. 2 Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері . . .

1. 3 Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау . . .

ІІ тарау Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі

2. 1 Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері . . .

2. 2 Мектептегі дене шынықтыру сабағында төзімділікке тәрбиелеу негіздері . . .

2. 3 Мектепте ұлттық спорттық ойындарды ұйымдастырудың маңызы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылатын әдебиеттер тізімі . . .

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі»

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық атауы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

Пәні Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Орындаған Біржан А. А

Ғылыми жетекшісі Хамзин Е. С

Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісі Е. Хамзин

Хаттама № 20___ ж.

Көкшетау, 2022

Кіріспе

Мектеп жасындағы балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды. Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық - тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесі мәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады. Осыған байланысты мектеп жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде асыру маңызды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Курстық жұмыста мектептегі дене тәрбиесі сабағының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызы сөз болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мектептегі оқушылардың мақсатты түрде дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттерінің оңтайлы іске асырылуын зерделеумен қатар, бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау. Дене тәрбиесінің мақсаты - денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлгінде, қимылды ойындар ерекше орын алады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
  • Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
  • Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;

І ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

  1. Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері

Бүгінгі таңда дене тәрбиесімен спорт құралдары арқылы дағдылар меңгеру-әрбір жас жеткіншектің міндеті. Кез келген елдің болашағы оның халқының, соның ішінде, жастарының денсаулығы мен күш қуатына, тәрбиесіне байланысты. Олай болса қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де, қоғамның да байлығы.

Дене тәрбиесі мен спорт - денсаулық кепілі. Оның құралдары арқылы адам бойына ізгілік, адамгершілік, ақыл-ой қасиеттерін қалыптастырады, денесін шынықтырып, бойына қуат, жігеріне күш-қайрат жинайды. Мүсін әдемілігін, қимыл құдыретін көркемдігін сезінеді. Онымен шұғылданушы тек денесін шынықтырып, жетілдіріп қана қоймай тұлғасын көріктендіріп бойына рухани байлық жинайды. Демек, адам оның әдемілік әлемі арқылы өзін тәрбиелейді. Нәтижеде адамның өмір сүруге деген құштарлығы артып, белсенді еңбек етуге құлшынады, өмір жасының ұзақ болуына кепілдік береді. Салауаттылыққа баулиды.

Адамның дене тәрбиесі және спортқа қатысу арқылы эстетикалық қанағат алуын, әдемілік этикеттерін қалыптастырады және жан-жақтылық тәрбиесін де қамтамасыз етер еді. Бұл жұмыстар тек науқанды немесе белгілі бір жас кезеңіне бағытталып жүйесі жүргізілуі тиіс. Дене тәрбиесінде спортта адамның қимыл, өмір дағдылары қалай қалыптасса адам бойындағы рухани, байлық, ізгі қасиеттер, жаман әдетке жиіркене қарау, жақсыға құлшыныс жасау да қатар қалыптасады.

Дені сау, іскер, көңілі ояу, шыныққан шымыр, бой тұлғасы, ой санасы, ізгі қасиеттермен сусындаған, рухани байлығы мол адамның болмыстары арқылы ғана әдемілік пен әсемдіктің, жақсылық пен ізгіліктің нағыз көріністерін көз алдымызға елесте алар едік.

Спорт - дене шынықтыру - дене тәрбиесі, құрылымы жағынан әртүрлі болғанымен мағынасы, мазмұны, мақсаты жағынан әдемілікті, әсемдікке тәрбиелеп баулитын көпқырлы күрделі қоғамдық құбылыс. Сондықтан да спорт өз құралдары арқылы спортшыны шынықтыру, сауықтыру бағытында эстетикалық ықпал да жасап отырады. Спорт өнері адамның күші мен қабілетін біріктіретін кең ауқымды шағармашылық жұмыс. Сол арқылы адам өзінің ізгі-қасиетін, күш-қуат мүмкіндігін, өзіне сенімін, ерік-жігерін анықтайды. Нәтижесінде рухани қанағат алады. Демек еңбексіз спорт - тұл. Еңбектің спорттан тыс қалуы мүмкін емес, өйткені спорт 99 пайыз еңбектенуден тұрады. Ендеше, еңбек арқылы келген спорт - адамға әсемдік, эстетикалық, көркемдік, сергектік қанағат әкеледі. Оның әсемдік құдіретін сезіне алады. Оның философиялық мәнін осы тұстан да байқауға болады.

Түптеп келгенде спорт дене тәрбиесінің құралдары арқылы адамның бүкіл болмысын мінез-құлқын, ізгілік қасиетін жан-жақты тәрбиелеп қалыптастыратын тәрбие құралы деп қарауға болады.

Бүгінгі таңда оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін тәрбие ретінде жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Дене тәрбиесі сабағында оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеу» деп таңдауымызға себепші болды.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті, тәрбие мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі оқушыларымыздың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті етіп

қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр адамның денсаулығы жеке байлығы ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», - деген болатын.

Дене шынықтыру деген тек қана денегі ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дмытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны шынықтырудың бірден бір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да шынықтыруға қажет, одан да жол ашады.

Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшық еттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.

Дене тәрбиесі базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардан жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытуды көздейді.

Дене тәрбиесі құралдарының құрамында негізіне қоса қосалқы элементтер де болуы қажет. Сондықтан ашық алаңда немесе жабық орында пайдаланылатын оқу материалдары нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру есебімен жасалуы керек. Бұл негізінен мына мәселелерге қатысты: мүсіннің өсіп дамуына жоспарлы ықпал ету, әртүрлі жаттығу түрлерін жүріспен, жүгіріспен, секірумен байланыстыра отырып, шыдамдылық көрсеткішін жақсарту. Мұндай педагогикалық міндеттерді орындауға жалпы дамытатын және арнайы дамытатын жаттығуларды шебер ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді. Бұлай ұштастыру оқушыларды спорттық мінез-құлық жағдайына үйретеді, еркін қозғалысты іске асыруда олардың ерік-жігерін нығайтады.

Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.

Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.

Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өмірінде өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық және тазалықты сақтау әдеттерін бойларына сіңіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең [1] .

Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізі, тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп тұрады. Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда, бала бақшасында дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамырлары, дем алу, жүйке жүйесі, зат алмасу жүйесі қызметтерін жақсартады, қозғалыс-тірек аппараттарын нығайтады. Баланың ауруға қарсылық күшін, ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы бала өмірді, табиғатты тани бастайды, оның психологиясы, ерік-күші, өзіндік қасиеттері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным, түйсік, қабылдау, сезім, қабілет және басқа да әр түрлі психикалық мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды. Сондықтан да осы кезеңде дене тәрбиесі сауатты, дұрыс жүргізілмесе, өткізіп алған уақытты қуып жету, жіберілген қателіктерді түзету қиын болады [2] .

Дене тәрбиесі жұмыстарын мектепке дейінгі балалар мекемелерінде міндетті түрде ұйымдастырылуы керек. Кеңес үкіметі ыдырап, аумалы-төкпелі кезде көптеген бала бақшалар жекешелендіріліп кетті. Жекешелендірілген бала бақшалары өз қызметтік бағыттарымен жұмыс істемей, басқа коммерция, ақша табу бағыттарында жұмыс істей бастады. Қазіргі еліміз егемендігін алып, мемелекет экономикасы көтерілген, адамдардың барлығы жұмыстармен қамтамасыз етілген, кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеген кезде балабақшалар санын қайтадан көбейту, жаңа бала бақшалар салу құрылыстарын жандандыру мәселелері күн тәртібіне көшті. Қалаларда бала бақшалар жүйелі түрде типтік негізде салына бастады.

Қазіргі кезде ата-аналары күні бойы жұмыста болғанда балалар бос қамалып отырмай, немесе жалданған бір тәрбиеші, бір мамандық иесінің ғана тәрбиесінде болмай, жоғары дәрежелі мамандардың қарауында болып, жан-жақты тәрбие, білім алулары керек болатын жағдай туды. Жоғары дәрежелі ұстаздар, өз кәсіптерін, мамандықтарын өте жақсы меңгерген адамдар күні бойы жұмыста жүрген жұмысшылардың, қызметкерлердің балаларын өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге міндетті. Сол тәрбиенің бірі, маңыздысы - дене тәрбиесі. Сондықтан да біз келешек дене тәрбиесі мамандары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жұмыстарын сауатты, білікті, әдістемелік дұрыс жолдармен іске асыруымыз керек.

Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қабілеттілігі мен функционалдық мүмкіншіліктерін осы мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең - мектеп жасындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады.

Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Жаңа, күрделі қимыл-әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады.

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл-әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан-жақты, толық дамымайды. Дүниежүзі, Ресей және Қазақстан ғалымдарының пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 8-12 сағаттан кем болмауы қажет. Қимыл-әрекет белсенділігінің аздығы баланыңденсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныс күшін әлсіздендіреді, дене дамуын толық қанағаттандырмайды [3] .

Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қабілеттілігі мен функционалдық мүмкіншіліктерін осы мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең - мектеп жасындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады. Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалылығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Жаңа, күрделі қимыл-әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан мысал іздегіңіз келсе, дене тәрбиесі сабақтары дұрыс өтпеген мектептерді бітірген адамдардың ебедейсіз, орашолақ қимыл-әрекеттерін көресіз, солардан мысал табасыз.

Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минөттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар шылым шекпейді, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады, ондай келеңсіз іс-әрекеттермен айналысатын адамдардың арасында болмайды. Өйткені олардың бос уақыттары аз, адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.

Мектеп жасында балалардың ағзаларына әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының дене және ақыл-ойжұмыс қабілеттілігі деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әр түрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек. Оны түсінген оқушы өзінің дене және ақыл-ой, жұмысқа қабілеттілігі деңгейін жоғарылатуға тырысады, ұмтылады. Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды оңайлатады.

Балалар мен жасөспірімдер 7 жастан 17-18 жас аралығында мектеп қабырғасында білім алады. Осы кезеңде олардың денсаулықтары нығаяды, дене келбеті, түзу тұлғасы, әр түрлі қимыл-қозғалыс шеберліктері қалыптасады, негізгі жан-жақты қасиеттері дамиды.

Ғалымдардың дәлелдеулерінше, осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы-гигиеналық, дәрігерлік-қоғамдық көрсеткіш болып табылады [4] .

Ғылыми-зеттеулердің нәтижелері бойынша, баланың бойы орташа көрсеткіштерден жоғары болса, оларды тұрақты дәрігерлік бақылаудан өткізіп, ағзасының жүктемеге төзімділігін тексеру қажет болады. Салмағы орта көрсеткіштерден артық болса оның ағзасында функционалдық өзгерістер, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысы нашар болуы мүмкін деп есептеледі. Осы жағдайларды сабақ кездерінде жүктемелер бергенде ескеру қажет.

Орта көрсеткіштерден бойы мен салмағы жоғары балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйелерінің қозу үрдісі тез болады, олар ашуланса көп уақыт сабаларына түсе алмай отырады. Ойын сабақтары, эмоциялық әсерлер көп пайда болатын кездерде, ондай оқушыларды мұғалімдер көбірек тынықтыруға тырысуы керек. Салмақтары өте аз оқушыларға тыныс алу, демалу кеуде бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды көбірек беру қажет болады және тамақтану рационын, күнделікті режимді тиянақаты түрде орындау арқылы ағзаның функцианалды қалпын сақтап қалу қажет.

Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады. Қозғалыс кезеңдерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек.

Оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік және Ұлттық сынама сынақтары оқушылардың жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн.

Оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.

Дене тәрбиесі жаттығулары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz