Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Zhansugurov college
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Ортақ меншік
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Орындаған: 225Ққ тобының студенті
Сейткулов Мади
аты-жөні.
Жетекші: Құқықтану пәнінің оқытушы
Наурызбаева Сатыпалды Наурызбаевна
аты-жөні.
2022 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері 1.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері5
1.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері мен обьектілері6
1.3 Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру8
2. Ортақ меншік құқығы
2.1. Ортақ меншік ұғымы11
2.2 Ортақ меншіктің түрлері12
3. Ортақ меншіктің жекеленгең түрлері
3.1. Ортақ үлестік меншік14
3.2. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі17
3.3. Ортақ меншік құқығын тоқтату23
ҚОРЫТЫНДЫ27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Сондықтан ортақ мншік жөнінде курстық жұмыс жазып отырмын.
Азаматтық құқық қатынастарында басты туындайтын мәселе бұл меншік. Мен өзімнің курстық жұмысымда ортақ меншік құқығын қарастырамын.Курстық жұмыс барысында ортақ меншікті жеке меншіктен және мемлекеттік меншіктен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырдым. Ортақ меншіктің қоғамда алатын орны және т.б.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - ортақ меншікті кім пайдалана алатының, оның қандай түрлері бар екенің, оның қоғамда даму деңгейін көрсету болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу, жинау әдіс - тәсілдерін қолдандым.
Менің негізгі көтерген мәселем - бұл ортақ меншік құқығын кім иелене, пайдалана, биілік ете алатыны жайлы.
Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі ортақ меншік туралы толық мағлұмат алуға болады. Қазақстандағы ортақ меншіктің дамуы, оны қай салаларда қолдануға болатындығы туралы баяндалады. Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады.
Курстық жұмыстағы көтерілген ортақ меншік мәселесі бойынша жоғарғы оқу орындарындағы студенттері Азаматтық құқық және міндеттемелік құқық не болмаса кәсіпкерлік құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады. Сонымен бірге, практикалық жұмыста да қолдануға болады.
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады. Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамның дамуына оң ықпал етіп отыр. қатынастардың негізгісі деуге де болады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді.
Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ортақ меншік оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері.
1.1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік-жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.
Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің - жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен жүзеге асады: а)пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі: ә) пайда түсіруге бағытталған жеке меншік.
Жеке кәсіпкерлік - азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік заңды құрылуымен, сондай-ақ заңды түұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады. [1, 26-бет].
Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның иелігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ бола береді, оны былайша айтқанда, үлестңік меншік және бірлескен меншік деп те атайды.
Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтың мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін , пайдалануын, және билік етуін реттейді және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншңік құқығын құрайды, бұл обьективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субьективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуі.
1.2. Азаматтардың меншік құқығының субъектілері мен обьектілері
Меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады. Бірақ, ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның кәсіпкер-құрылтайшысы қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат өзінің үлесін қосу арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Азматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады. Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөлінде болады.
Заң жеке кәсіпкерлікті жеке және бірлескен кәсіпкерлікке бөледі. Жеке кәсіпкерлік бір адамның меншік иелігіндігі мүліктің дербес базасына енгізіледі, сондай- ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билік етуге құқылы.
Бірлескен кәсіпкерлік бір топ адамның ортақ меншігіндегі мүліктерден құрылады, демек әрқайсысы өзінің үлесін ортаға салады, сондай-ақ олар сол мүлікті бірлесіп пайдалану, билік ету құқықтарына ие болады.
Бірлескен кәсіпкерлік жалпы бірлескен меншік (жұбайлардың бірлескен жалпы меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын үйге деген немесе оның ортақ меншігіндегі үлесті меншігі негізінде жүзеге асырылады. [2, 10-бет].
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мынадай болады:
1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігін жузеге асыратын ерлі- зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруашылық қожалығы немесе бірлесіп тұрғын үйді жекешелендіру негіздерінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) жай серіктестік, бұл орайда кәсіпкерлік қызмет меншіктің ортақ үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 9-10 - баптарына сәйкес, егер азамат өз мүлкін айналымға салатын болса, онда меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің меншігі екі жағдайда болуы мүмкін: а) кәсіпті тіркеуді талап етуді; ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру. Заң азамат - кәсіпкердің тіркеуге байланысты қызметін нақты айқындайды. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Осы аталған жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне тыйым салынады.
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар мемлекеттік тіркеуден өзі барып өтуі тиіс және жеке кәсіпкер ретінде ол тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында есепке тұруы қажет. Азаматтық кодекстің 19 - бабы бойынша олардың мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жасауына рұқсат етілмейді Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 9- бабы. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі болып табылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясының болуы міндетті. Лицензия Лицензиялау туралы заңда белгіленген тәртіппен беріледі.
Жеке кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып , кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы, ол бұл ретте өзінің жұмысшыларымен еңбек шартын немесе жалға беру шартын жасайды. Бұл орайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматқа оның енбегі арқылы түскен табыстың бір бөлігі тиесілі болады. Азамат меншік иесінің келісімімен өзі жалданып істейтін серіктестікке салым сала алады, сөйтіп, бұл серіктестіктің тапқан табысын салған салымының көлеміне орай алады. Еңбек шарты бойынша жалданған жұмыскерге еңбек заңының нормалары қолданылады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 9 - бабы 3 - тармағына сәйкес азамат өзінің кәсібін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін субъект құқығын алу талап етілмейді. Заңда көрсетілгеніндей, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кедергі болып табылмайды. Сөйтіп, кез келген жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқылы. Өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге аырушы жеке кәсіпкердің өзі мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Заң жеке кәсіпкердің өз атынан кәсікпкерлік қызметпен айналысатындығын, құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асыратындығын бекітеді. Сөйтіп, азамат өзінің кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәмілелер жасаған кезде, егер мәміле жасау жағдайының өзінен анық туындамаса, өзінің жеке кәсіпкер ретінде әрекет жасайтындығын көрсетуі тиіс. Мұндай көрсетудің болмауы жеке кәсіпкерді тәуекел етуден және жеке кәсіпкердің өз міндеттімелері бойынша жауаптылығынан босатпайды.
Қазақстан Республикасының конституциясында Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады, - деп көрсетілген.
Азаматтық құқықтардың объектілері Азаматтық кодекстің 3-тарауында реттелген. Азаматтардың меншік құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады, оған мыналар қатысты: а) азаматтардың меншік құқығына алуға немесе пайдалануға жарайтын мүліктердің аясын шектеу; ә) осы мүліктің саны мен құнының белгілері бойынша шектеу; б) мұндай шектеу әдетте жер учаскесінің аумағын белгілегенде қолданылады; в) арнайы заң құжаттарында көрсетілген шектеулер. Мәселен, біреулерге рұқсат етілмейтін теңіз порттары мен айлақтар және т.б. айтуға болады. Бір ескеретін жағдай, кез келген мүлік азаматтардың меншік құқығының объектісі бола алады, біз олардың мейлінше маңызды деп аталатындарына ғана тоқталмақшымыз.
Жер туралы заңның 2-бабына сәйкес жер құқық объектісі болып табылады, яғни жерге жеке меншік азамататардың меншігі түрінде болады. Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, заңның 33- бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтың құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құндылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігі өз мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін арттырады, яғни ол меншік құқығының дербес объектісі ретінде көрінеді.
Жер туралы заңның 18-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын- жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады.
Жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемі Қазақстан Республикасының Жер туралы заңының 35- бабымен реттеледі. Осы бапта азаматтардың меншігіне ақысыз берілетін жер учаскесінің көлемі анықталған: ауылдық жерде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін - суарылмайтын жер 0,25 га, суармалы жер - 0,15 га; тұрғын үй құрылысын салу және қамтамасыз ету үшін - 0,10 га; бау-бақша және саяжай үшін - 0,12 га. Жер учаскелерінің ең көп берілетін көлемі жергілікті атқару органдары арқылы жергілікті жағдайды ескере отырып жүзеге асырылады.
Жеке меншікке берілетін жер учаскесінің көлемі, егер заңмен тыйым салынбайтындай болса, онда қала салу мен жобарлау-техникалық құжаттарға сәйкес жер бөлу жөніндегі тәртіппен айқындалады. Бұл орайда азаматтарға берілетін жер учаскесі, оның ішінде шетел азаматтары да бар, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылы 8 мамырда қабылданған Жеке меншікке берілетін немесе мемлекеттік пайдалануына берілетін жерге ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы қаулысына сәйкес ақылы жүзеге асырылады. Қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғат аумақтарының орман және су учаскелері, елді мекендер жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы жерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы жерлер, жеке қосалқы қожалық, бау-бақша және саяжай құрылысынан басқасы, жеке меншікте бола алмайды.
Азаматтардың меншік объектісінің маңызды түрінің бірі тұрғын - жай болып табылады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сәйкес азамат, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратындығына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бұл орайда бір азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.
Қазіргі кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде кеңінен танымал. Олар азаматтардың меншік құқықтарының объектілері болып есептеледі. Азаматтардың меншік құқығының бұл объектісінің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген.
1.3 Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру
Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру шексіз бола алмайды. Мысалы, азаматтардың жеке меншігіне берілген жер учаскелерінің шектеулі көлемін анықтауда айтарлықтай шектеушілік бар. Сондай-ақ ондай жағдай тұрғын үй меншігіне де қатысты. Меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбаауға тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол берілмеу шараларын қолдануға міндетті. [3, 13-бет].
Конституцияның 6-бабының 2-тармағында меншік қоғам иілігіне қызмет етуге тиіс делінген. Сондықтан да меншік иесі өз құқығын жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын азаматтар мен айналадағы ортаға залалдың алдын алып, одан сақтанудың шараларын жасауға тиіс.
Заң азаматқа белгілі бір дәрежеде міндеттер жүктейді. Мәселен жеке кәсіпкер өзі өндірген өнімдердің сапасына жауап береді, оған жұмысы мен көрсететін қызметі жатады.
Заң жер және тұрғын үй меншік иелері үшін, сондай-ақ азамат кәсіпкерлер үшін тұтастай міндеттер алқымын көлденең тартады. Айталық, ол лицензия алуда (кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне), жер учаскесін бөлуде, арнайы су пайдалануда және т.б. айқын көрінеді. Азамат міндетінің елеулі бір бөлігі оның міндеттемелік қатынастарына қатысуынан байқалады (шарт жасасу ерекшелігі, өз клиенттері алдындағы жауапкершілік пен өзгешеліктері және т.б.).
Азаматтардың меншік құқығы объектілеріне өкім ету бойынша өкілетті меншік иесінің өзінің қалауымен жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, ол затқа деген өзінің меншік құқығын өз қалауымен басқа біреуге беруіне, мүлікті өзге тұлғаның пайдалануына ұсынуына, бұл дүниеден өтерде басқа біреудің сол затқа иелік етуіне рұқсат етуіне толық еркіндікке ие болады. Демек жеке кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік ісін басқа бір тұлғаға тегін немесе ақылы түрде беруіне құқылы. Бұл орайда кәсіпкерлік істі беру толық көлемде не жартылай жүзеге асады. Кәсіпкерлік істі бөліп немесе толық етіп беру сол жөніндегі шартта көрсетілуі тиіс. Онда алушыға қандай құқықтар, қандай өтелмеген қарыздар бар, сондай-ақ фирманың атауы, бәрі-бәрі қамтылуы керек. Жер учаскелерінің азамат - меншік иелері үшін билік етудің құқықтары да заңда қарастырылған (Жер туралы Заңның 19-бабы).
Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті не мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылуы мүмкін. Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті тәртіппен кез келген уақытта - өзіндік кәсіпкерлік жағдайында жеке кәсіпкердің өздігінен қабылдаған шешімінің, бірлескен кәсіпкерлік жағдайында - барлық қатысушылардың бірлесіп қабылдаған шешімінің негізінде тоқтатылады. Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату үшін ол туралы шешім оның қарысушылары жақтап дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданған болып есептеледі.
Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады: 1) банкроттық; 2) тіркеу кезінде қалпына келтірілмейтіндей сипаттағы заң бұзушылыққа жол беріліуіне байланысты жеке кәсіпкердің тіркелуін жарамсыз деп тану; 3) егер қызмет лиензиялауға жататын болса, қызметті лицензиясыз не заң актілері тыйым салған қызметті жүзеге асыру; 4) заңдарды күнтізбек жыл ішінде бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып, жүзеге асыру жағдайларында; 5) заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда сот шешімі бойынша. [4, 20-бет].
Жеке кәсіпкердің қызметі осы жоғарыда айтылғандардан басқа тағы мынадай жағдайларда: 1) өзіндік кәсіпкерлік - жеке кәсіпкер - азамат әрекетке қабілетсіз деп танылғанда не ол қайтыс болғанда; 2) отбасылық кәсіпкерлік пен жай серіктестік - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған жағдаяттардың болуы нәтижесінде бірлескен кәсіпкерліктің бір қатысушысы қалса, немесе бірде-бер қатысушы қалмаса, сондай-ақ некенің бұзылуында байланысты мүлік бөлінгенде тоқтатылады.
2 Ортақ меншік құқығы
2.1. Ортақ меншік ұғымы
Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды (АК-тін, 225-бабы, 2-тармағы).
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).
Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б. жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір-біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін [5, 18-бет]. Бұл жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады. Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады (Жеке кәсіпкерлік туралы Занның 3-бабы, 3-тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.
АК-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады. Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде, сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.
2.2. Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік болады (АК-тің 209-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін (АК-тің 219-бабының 1-тармағы).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардьщ үлесі болады, бірақ олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты (Неке және отбасы туралы Заңның 32-бабы). Сонымен бірге Неке және отбасы туралы заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп тапқан дүние-мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей пайдалануына болады (Неке және отбасы туралы Заңның 40-бабы).
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы. [6, 58-бет].
3. Ортақ меншіктің жекеленгең түрлері
3.1. Ортақ үлестік меншік
Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында нақты үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы келісім аркылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды, мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану тәртібін сақтай отырып, оны жаксарту мәселесінің ара-жігін ашып алу керек. Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-тің 211-бабы).
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылады (АК-тің 212 -- 213-баптары).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық катысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда -- сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады (A К-ті ң 213-бабының 1-тармағы).
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады.
[7, 35-бет]. Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың өздері шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінін, үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай беліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Ресейдің сот тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсатты пайдаланбауы, оның техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы, суреттер, монет, кітапхана, және т.б.) тәрізді жағдайлар жатады.
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағы да Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері мынадай: белінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған катысушылар оған сұрағанын ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес құқығынан айырылады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі айтарлықтай болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы меншік иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем төлеуді міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мәселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай, қажет, оның денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында жұмысқа қабілеттілері бар ма, жок, па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережені бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады (мысалы, автомашина, музыкалық құралдар т.б.). [8, 28-бет].
Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге) оны қолданбайды. Кейбір жекелеген жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере отырып, үлес меншігіне қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін затты беруі мүмкін. Бұл орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де Азаматтық кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға карап, қатысушы бүл мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды. Мұндай жағдайда мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі бұл ортақ меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттын, немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін тұлғаның қалай иеленетіндігі белгіленеді. Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндай жағдайда жалпы меншікті бөлуге болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктің бір бөлігі бүлінеді, одан қалған қатысушылардьщ үлесі өзгермейді, олар мүліктің қалған бөлігін иелену мен пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері сәйкестендіріле белгіленеді).
Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.
Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың бәрі сәйкестендірілетендей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК-тің 215-бабы). Аталған норма орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен өзгертіледі. Бірақ бұл норма қатысушының бірінің ортақ мүлікке кеткен шығынды төлеуіне кедергі жасамайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілеттік билікті жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиесілі үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға, өз үлесіне билік ететіндігін қарастырған. Немесе Азаматтық кодекстің 216-бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық құқығына ие бола отырып, белгіленген шарттарды сақтап, оған билігін жүргізе алады. Оған басқа меншік иелерінің келісімі қажет емес.
Ортақ меншіктің әрбір қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады, олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып алудың артықшылык, құқығын береді. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салу реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесін сатушы оның бағасын және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz