Сахналық бейне жасаудағы заманауи вокалдық - орындаушылық түсініктемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІЛІГІ

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Хамидуллина Альбина Болатбекқызы

МУЗЫКАЛЫҚ ТЕАТР АРТИСІНІҢ САХНАЛЫҚ БЕЙНЕ ЖАСАУДАҒЫ ВОКАЛДЫҚ-ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

7М02139 - «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми жұмыс

РЕФЕРАТЫ

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Рецензент: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, профессор Асхат Максимович Маемиров

Алматы, 2022

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі кезде еліміздің театрларында музыкалық-драма жанрына бет бұру жаңа тенденцияға айналып келеді. Оны театрлардың соңғы уақыттағы репертураларынан байқауымызға болады, соның ішінде, мюзиклдерге қызығушылық күн санап артып келеді. Осыған орай, музыкалық-драма жанрына терең қызуғышылық оянады. Бұл жанрда, негізінен, ән айту қабілеті бар немесе арнайы «музыкалық театр артисі» мамандығын тәмәмдаған актерларды байқауға болады. Жалпы, музыкалық театр артистеріне тоқталатын болсақ, олардың атқаратын қызметі сахнада ойнай білумен қатар, толыққанды ән сала алуға және би билеуге қабілетті болуы шарт.

Музыкалық театр-бұл музыка мен іс-әрекеттің, ән мен сөздің бірлігі, мұның бәрі музыкалық театр актеріне өзін-өзі барынша көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл жанрдың ерекшелігі осында - музыка, вокал және би. Музыка және либретто авторларының ой-түйіндерін жеткізуде қатарлас рөл атқарады. Музыкалық театрдың жеке әнші-актерінен бастап, әрбір көпшілік сахнада ойнайтындар актерлері де, бірдей деңгейде музыканың мәнерлік құралдарын пайдалана отырып, драмалық, хореографиялық және вокалдық өнерді бірдей меңгерге алуы тиіс. Басқалай айтқанда, бір артисттің бойынан нағыз кәсіби тұрғыдағы шебер актер, әнші, биші, мықты пластика табылуы керек. Ал бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы - бір сырлылықты талап ететін мамандық. Бұл, әрине, оңай міндет емес. Музыкалық театрдың актері сахнада ерекше көркем образ жасайды, оны жасау үшін ол эмоционалды жадты, жеке тәжірибені, сыртқы деректерді, қозғалыстардың ерекше жиынтығын және, ең бастысы, кәсіби ән айтуды қолданады.

Сонымен, біз театрдағы актерлердің би билегенін немесе ән айтқанын бәріміз көрдік. Драма театрында билер көмекші сипатқа ие болса, опера театрында би ең маңызды және ән айтудан кейінгі негізгі театр қойылымының бөлігі болып табылады.

Әлемдік вокалдық педагогика саласында соңғы онжылдықтарда музыкалық театр артисінің техникалық орындау шеберлігін дайындауда оқыту әдісіне елеулі өзгерістер еніп отыр. Атап айтқанда, классикалық ән салу әдісімен қатар, дыбысты сөйлеу позициясында айта білу және әртүрлі вокалдық стильдерде орындай білуді меңгеру (bel canto, legit, belting, rock) музыкалық қойылымдарды толыққанды алып кетуге қаншалықты ықпал етеді? Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қазіргі жоғары оқу орны жүйесіндегі әнші-актер дайындауды ұйымдастыру мен оларды кешенді түрде дайындаудағы теориялық, әдістемелік базаның жеткіліксіздігі бұл үдерісті толыққанды жүзеге асыруда алшақтық бар екенін көрсетеді. Осы жоғарыда келтірілген алшақтық зерттеу өзектілігін анықтаумен қатар, жоғары оқу орнында әнші-актерді кәсіби дайындаудың тиімділігі қалай деген мәселені көтеруге алып келді.

Спектакль табысы образдың сәттілігі, мәтін ішіндегі мазмұнды ашу, өмірдегі шындықтан үйреніп, сахналық шындыққа жету мәселелері отандық ғалымдар, өнер зерттеушілері, режиссерлер Ж. Рсалдин, М. Ахметова, М. Байсеркенов, Т. Жаманқұлов, Ә. Рахимов, Г. Бегембетова, сонымен қатар шетелдік ғалымдар, өнер қайраткерлері Д. Ж. Грациози, П. Казальс, Р. Юссон, С. Риггз, кеңестік өнер, музыка зерттеушілері, режиссерлер Ю. Кочнев, К. Станиславский, Г. Бояджиев, Б. Асафьев, Б. Покровский, А. Д. Алексеев, А. Делла Корте, М. Мила орындаушылық өнердің мәдени функциялары, орындаушылық және интерпретация ұғымдарының мазмұны мен бөлінуі, интонацияның бейне жасаудағы маңызы, стильдің тарихи тұрғыда қалыптасқан тұрақты бірлігі қарастырылады.

Актердің сахналық бейнесі - өнердің бірнеше түрін байланыстыратын синтетикалық құбылыс болып табылады. Музыкалық театр артисінің сахналық бейне жасаудағы вокалдық орындаушылық интерпретациясы оның потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға, эмоциялық, психикалық табиғатының дамуына тиімді нәтижесін береді, егерде:

  • әнші-актер интерпретациялаудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерсе;
  • интерпретациялауға септігін тигізетін психологиялық, эмоциялық факторларды анықтай алса;
  • сахналық бейне құрастыруда вокалдық мәтіндегі штрихтарды вокалдық-техникалық дағдылармен үндестіре алса.

Вокалдық-сахналық бейнені жасау - бұл қажетті мәнерлі құралдарды (пластиканы, мимика, интонация және т. б. ) табу жолындағы ұзақ жұмыс. Бірақ спектакль - бұл осы жерде және қазір болып жатқан үздіксіз тірі процесс, сондықтан дайындыққа (ишарат, әрекет және т. б. ) сәтті табылған "бейімдемелерді" спектакльде механикалық түрде қайталауға болмайды, олардың сыртқы көріністерін ғана емес, ішкі мәнін, сол сезімдерін қайта жаңғырту қажет, бұл әрекеттерді тудырған ойлар мен эмоциялар. Олар әрдайым қайтадан туылуы керек.

Музыкада, драма театрындағыдай, суретші кейіпкердің өмірін өз басынан өткізеді, оның ойларымен ойлайды, мәселелерін шешеді, яғни толық бейнеге айналады. Бұл әрекет рөл мәтінінен, пьесаның ұсынылған жағдайынан (либреттодан), репетициядан табылған дұрыс физикалық әрекеттен, декорациядан, костюмнен және т. б. шешуші сәттердің ықпалынан пайда болады.

Музыкалық театрдағы актердің өзгеруі - бұл музыкалық драманың дамуы. Сондықтан, рөлді драмалық орындау музыкаға үйрену негізінде партияның вокалдық жағын құру қажеттілігімен күрделене түседі.

Әншінің дауысы залдың кез-келген нүктесінде естілуі үшін бүкіл диапазонда біркелкі естілуі керек; әнші тыныс алмауы керек, ырғақты ұстауы керек; оның бет бұлшықеттерінің мимикасы дыбыс шығаруға бағынатын болғандықтан кейбір шектеулер пайдп болады және ән айту кезінде күле немесе жылай алмайды; сонымен қатар, актер дыбысты залға бағыттай отырып дирижерді де көріп жүруі керек. Егер осы талаптартарды ұстанатын болса, онда актер тек авансценаға шығып, залға бетімен қарап ән айтуы керек

Деген тұжырымға келеміз. Алайда тек осы талаптар бойынша сахнаға шығатын болса, қойылым концерт сияқты болып кетуі мүмкін. Ал бұл музыкалық театр артисінің міндеттеріне қарама- қайшылықтар алып келеді.

Қарама-қайшылықтардың ықпалы тек дұрыс ән айтып, сахналық оқиғаның шынайылығын көрсетуде ғана емес, сонымен бірге физикалық жағынан қимылдап жүріп ән айтуда да күрделіліктер тудырады. Бұл жерде артист рөлдің вокалдық жағын ғана емес, сонымен қатар сахна кеңістігінің заңдылықтарын да ескеруі керек, бұл оны ыңғайсыз позаларда ән айтуға, дирижерге(болған жағдайда) емес, сахнадағы серіктесіне қарауға, оның қимылдарының тыныс алу қажеттілігін емес, рөл логикасынан туындауын қамтамасыз етуге мәжбүрлейді. Бұл жағдайда ән айту процесінің жойылып, оны әуезді әнмен сүйемелденген іс-әрекеттерге айналдырып жіберу қаупі бар.

Вокалдық-сахналық өнердің шеберлігі осы қарама-қайшылықтарды жеңуден тұрады. Шынайы вокалды-сахналық образ сахна ақиқаты музыкаға, ал музыка сахналық образ бен сахналық шынайылыққа кедергі болмаған кезде ғана көрінеді. Бейне жасаудағы басты мәні, олардың органикалық үйлесімділігінде, олар бір-біріне кедергі емес, керісінше бірін-бірі толықтыруы қажет. Музыкалық драматургияны талдай отырып, сахналық мінез-құлықтың қалыптасуы мен вокалдық профессионализм - вокалды-сахналық бейнені жасаудың негізі болып табылады.

Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының музыкалық, мюзикл театрларындағы музыкалық қойылымдар, вокалдық мәтін құрылымының жалпылама заңдылықтары, қазіргі даму бағыты, әнші-актердің сахналық бейне сомдаудағы мәдени-тарихи үдерістері.

Зерттеу пәні: Сахналық бейне жасаудағы заманауи вокалдық-орындаушылық түсініктемесі.

Негізгі міндеттері:

  • сахналық бейне жасаудағы вокалдық-орындаушылық жеке көзқарастың теориялық және мәндік, мазмұндық мәнін ашу;
  • шетелдік және отандық өнертанушылардың зерттеулеріндегі вокалдық-орындаушылық интерпретацияның әдістемелік негіздерін саралау;
  • қазіргі қазақ музыкалық спектакльдерінің даму тенденциясын зерттеу барысында, ұлттық-мәдени дәстүрлердің вокалдық-орындаушылық интерпретациядағы көрініс табуын айқындау;
  • Батыс мюзиклдеріндегі әнші-актердің сахналық бейне жасаудағы қазақ және еуропалық мәдени-тарихи үдерісінің синтезін саралау.

Диссертациялық зерттеудің жаңалығы:

  • Музыкалық, мюзикл театры артисінің вокалдық-орындаушылық интерпретациясы арқылы бейне жасаудағы М. Байсеркеновтың «образ сәттілігі актердің сахнаға аяқ салған алғашқы қадамымен өлшенеді» («Қойылым және қолтаңба»), А. Рахимовтың «Мәтінді интерпретациялау сол мәтіннің ішіндегі мазмұнды ашу» (Театр. Атаулар мен ұғымдардың қысқаша сөздігі), М. Әуезов «шұғыл құбылыстарға тез ойнақтап, ауысып шығып отыру шарт», Д. А. Рабинович «орындаушылық өнердің мәдени функциялары», «Т. Жаманқұлов «өмірдегі шындықтан үйреніп, сахналық шындыққа жету» (Сөз), Сэт Риггздің «Әнді сөйлегендей айту» (Пойте как звезды), Қ. Әбікейұлы «Вокалдық техниканы әдістемедегі дұрыс қалыптасқан дауысты игеру арқылы көркем бейнені адамның көңіліне қонарлықтай нанымды суреттеп беруі» (Кәсіби әншілік өнері) көзқарастары теориялық тұрғыда зерттеліп, мәндік және мазмұндық сипаты анықталды;
  • Шетелдік және отандық өнертанушылардың зерттеулеріндегі Ю. Кочневтің «интепретацияның нағыз нысаны ол авторлық мәтін» (Музыкальное произведение и интерпретация), В. В. Медушевский «вокалдық музыкада интонация музыкалық мәнерліктің негізі», Б. В. Асафьев «дененің үнсіз интонациясын», К. С. Станиславский «Сөзді, барлық дауыссыз дыбыстарды нақты, айқын шығара отырып, әндетпеу керек, интонациялау керек», П. Казальс «Душа песни никогда не может быть записана на бумаге» (Об интерпретации мақала) сахналық бейнені қалыптастыруға бағытталған әдістемелік негіздерін саралау барысында вокалдық-орындаушылық интерпретацияны мәнерлік құралдар арқылы жүзеге асыру жолдары айқындалды;
  • Сахналық бейне жасаудағы ұлттық-мәдени дәстүрлердің вокалдық интерпретацияда көрініс табуы Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі арқылы зерттелді.
  • Бейне жасаудағы мәдени-тарихи үдеріс синтезі Ж. Пресгурвиктің «Ромео мен Джульетта» және Р. Коччанте мен Л. Пламондонның «Notre-Dame de Paris» мюзиклдері негізінде салыстырмалы түрде сараланып, болашақ артистерді дайындау барысында өнер синтезін (бір актердің вокал, актер шеберлігі, сахна пластикасы, акробатика сияқты бірнеше өнерді тең дәрежеде меңгеруі) еңгізу мәселесі ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Тақырыптың ғылыми-зерттеу деңгейі: Сахналық бейне жасаудағы вокалдық-орындаушылық интерпретациялаудың теориялық негіздері, дауыстың аспаптық табиғатын, ән салу өнерінің ерекшеліктерін түсіну үшін, вокалды қалыптастыру механизмдері мен фонацияның физиологиясын зерттеу өте маңызды. Бұл мәселелер ғылыми әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде қамтылған. Мұнда, ең алдымен заманауи физиканың математикалық аппаратын дауыс қалыптастырудың нейрохронаксиялық теориясын жасау үшін фонациялық процестерді зерттеуге бірінші болып қолданған көрнекті француз ғалымы Р. Юссонның еңбектерін атап өту қажет.

Өз зерттеулерімен әншілік дауыс ғылымына елеулі үлес қосқан ғалым В. П. Морозов, ол әншілік «аспапты» эксперименталды зерттеу саласындағы саналуан деректерді және атақты әншілер тәжірибесінен алынған көптеген материалдарды жинақтастырып, заманауи физика мен биология тұрғысынан қорытындылады. Дауыс аппараты жұмысының әр түрлі қырларын сипаттайтын зерттеулер авторлары: Л. B. Дмитриев, Н. И. Жинкин, Ф. Ф. Заседателев, А. Н. Киселева, Е. Н. Малютин, А. Г. Музехольд, С. Н. Ржевкина, Е. А. Рудакова, В. И. Юшманов еңбектерінің үлесі мол. Аталған ғылыми бағытқа - дауысты қалыптастыру механизмдерін эмпирикалық тұрғыдан түсінуге септігін тигізетін әр түрлі вокалды-педагогикалық әдістерді зерттеу авторлары: Д. Л. Аспелунд, В. А. Багадуров, Ю. А. Барсов, Дж. Дюпре, Ф. Ламперти, В. М. Луканин, К. М. Мазурин, И. К. Назаренколарды жатқызуға болады.

Вокалдық-орындаушылық стилистикасы мәселелеріне келетін болсақ, олар, әдетте, әлемге танымал әншілер мен вокал педагогтарының шығармашылық қызметіне тікелей байланысты қарастырылады. Бұл жерде С. В. Акимов, Р. Арабаджиу, Л. Г. Барсова, М. А. Дейша-Сионицкая, С. Я. Лемешев, Е. Е. Нестеренко, В. П. Россихина, Дж. Кестинг, Дж. Лаури-Волпи, Л. Леман, Т. Руффо еңбектерін атауға болады. Дегенмен де, дауыс аппаратының дұрыс жұмыс істеуі үшін алғаш рет өзінің нейрохронакциялық теориясын (фонациялық процесстерді зерттеуді бірінші болып қолға алған) жасап, шығарған француз ғалымы Р. Юссонның, дауысты сөйлегендей айту тұжырымының авторы Сэт Риггздің «Пойте как звезды» еңбектері жан-жақты қарастырылды. Вокалдық педагогикада көбінесе теориялық зерттеулерге қарағанда әдістемелік тұжырымдар басты орын алады. Оның дәлелі осы уақытқа дейін қалыптасқан нақты ереже, әдістеме жоқтың қасы деуге болады. Әлемде қанша педагог болса сонша мектеп бар. Бұл вокалдық орындау мәселесінің өте күрделі екендігінен хабар береді. Сондықтан да әлі де талай зерттеулерге негіз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әрекетті вокал
Гүлзат Дәуірбаева – опера әншісі
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Эстрадалық өнер жанрлары
Музыкалық білім беру тарихы
Бүгінгі таңда оқушылардың музыкалық - эстетикалық тәрбие мәселесі
Вокал сабағындағы қолданылатын әдіс- тәсілдер
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Музыкалық тәрбие берудің негізгі мәселелері
Вокалдық өнер саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz