Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі


2 ЖАҺАНДАНУ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ БІРІКТІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
2. 1 Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру
Адам ой-санасының нақты көрінісі - тіл. Адамға тіл ой-сана, ойлау пайда болғаннан бастап біткен. Адамның ой-санасы қандай ежелгі болса, тілі де сондай ежелгі, ертеден пайда болған.
Тіл дегеніміз, асылында, дыбыс: әртүрлі дыбыстардан құралатын жеке-жеке сөз, атау. Түрлі дыбыстардан сөз құралатыны сияқты жеке сөздерден сөйлем құралады.
Сөз, сөйлем адам ой-санасының заттық жемісі, адамның былайғы жануарлардан даралану-қоғамдасуынан бастап, дүниені, затты білу, тану жолындағы табысы, әуелгі өнері. Сондықтан да қазақ «Өнер алды - қызыл тіл», - дейді.
Тіл қоғам мүшелерінің бәріне бірдей ортақ, түсінікті болады. Оны қоғам бірте-бірте байытады, ілгері дамытады, яғни барған сайын тілдің сөз қоры көбейеді, сөйлем құрылысы жетіледі, сөйлеу тәсілі шеберленеді, пайымдалынады.
Адам қоғамының әр буыны тілді жаңадан, басынан бастап қайтадан жасамайды. Өзінен бұрынғы буын жасаған тілді, тілдің сөз қорын, сөз құрамын, сөйлеу тәсілін - бәрін пайдаланады, өз әлінше байытады. Ілгері дамытады, тіл осылай ілгері дамып, атадан балаға, баладан ұрпаққа, яғни алдыңғы толқын ағадан кейінгі толқын ініге ауысып, мұра болып қалып отырады, яғни тіл әр ұлттың өзіне тән ұлттық мәдениет, тіл, әдебиет, ғылым байлығын ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.
«Тіл - халықтың ең басты үлкен құндылығы. Уақыт өткен сайын тас қашалар, темірді тот басады, өзіне берілген несібесі таусылғанда адам өмірден өтеді. Ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын халықтың рухани мұрасы ретінде тек тіл ғана жалғыз көпір болып қалады [89] .
Тұтастай алғанда, тіл - ұлттың пайда болуының алғышарты. Тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынов: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» [90], - деп бекер айтпаған. Өйткені, тіл - ұлттың өткені, осы шағы, болашағы. Осыған орай В. Гумбольдт «Тіл ұлттың жаны әрі тынысы» деген [91] .
Ұлт өзінің аумағының ортақтығымен, сонымен қатар тілінің бірегейлігімен көрініс беретін адамзаттың тарихи қауымдастығы ретінде сипатталады. «Экономикалық және қаржылық қор, табиғи байлықтар, жоғары технологиялар, қазіргі заманауи жабдықталған әскер - бұлардың барлығы ұлттық рухтың орнын толтыра алмайды. Егер оларды жасаған адамдардың рухы жоғары болмаса, онда бұл айтылғандар ел үшін қызмет ете алмайды. Ал өзінің елін, халқын сезінуге рухтануға тек тіл ғана көмектесе алады» [92] .
Тіл өзін қолданушы халықпен бірге туып, қатар жасап отыратын мәңгілік серігі. Халық қандай көне болса, оның тілі де сондай көне, халықты оның тілінен, тілді адамнан, тіпті халықтан бөліп алуға болмайды. Яғни, тіл ұлтпен бірге туып, қалыптасады, ол - ұлттық сананың жемісі. Қай тілді алсақ та, тіл ұлттық рух, мәдениет. Ұлттық тіл ұлттың санасымен, ділімен, дүниетанымдық көзқарастарымен, құндылықтарымен, өмір сүруімен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен байланысты болып келеді. Әр ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері, тарихы болады.
“Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тəңірі“, - деп дана халқымыз бұрыннан айтушы еді. Шынымен де, тіл адамзат баласының ең басты байлығы, асыл қазынасы мен алтын діңгегі болып табылады. Тілсіз -адамзат, адамзат - тілсіз өмір сүре алмайды. Жастайынан анамыздың күмістей ақ сүтімен бойымызға рухани байлықты сіңіріп, ішкі жан дүниемізде тілдің құдіретін алтын қақпа секілді асыл кілтпен ашқан болармыз. Cондай-ақ тіл əрдайым анамыздың ақ сүтімен, ата- бабаларымыздың даналығымен ұрпақтан - ұрпаққа асыл мұра ретінде беріліп, қалыптасады. Сондықтан ардақты анамыз сөйлеген тіл - ана тілі болып табылады. “Ана тілі - бəріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы”, - деп дана халқымыз бекерден бекерге айтпаған еді. Біздің алтын бесіктей асыл еліміздің іргетасы, алтын көпірі, қайнар оттай, мəңгілік өшпес алау сезімі, өмір ағашы ол - қазақ тілі. Қазақ тілі - туған жеріміздің толқыны, бетпақ даласындай кең, алтын дəнді даласындай бай, шұрайлы тіл. Оның қадір-қасиеті домбыраның асыл сазындай үндесіп келеді. “Қазақтың ақылы - көзінде, қасиеті сөзінде” дегендей оның сөздік қорының байлығы, сырлы құпиясы, тұңғиық теңіздей жатқан терең мағынасы шексіз. Асыл тіліміз туралы бұрыннан бізге ұлағатты, ғұлама ағартушылар, ұлы ойшылдар атап өткен.
Ұлттық тіл - халықтың ғасырлар бойына жинақталған асыл мұрасы. Өзінің ана тілін білмейтін ұлттың болашағы жоқ, себебі тіл - ғылымда, білімде табысқа жеткізетін және өзгермейтін бірлік. Ғалым-лингвист В. А. Маслова «Тілдің әлемдік бейнесі» термині - бұл шындығында адамдардың нақты бір қауымдастығының іс-әрекетінде оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі белгіленген және сол халықтың ұлттық мәдениеті көрініс тапқан метафоралық бейнелеу» [93], - деп анықтама береді. Яғни, ұлттық тіл күнделікті өмірде, әртүрлі салады ыңғайлы жағдай тудырады. Өз мемлекетінің қай жерінде болмасын өзге тілдерге қажеттілік тудырмайды, өз тілінде емін-еркін тілдесіп, ұғынысуда ешқандай қиындық туғызбайды. Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі.
Қазақ тілі жазба тілге айналғанға дейін саф алтындай таза, мейлінше көркем, орамды, барынша образды, көркемдеу тәсілдеріне, бейнелікке бай тіл. Түрколог-ғалым Г. М. Мелиоренский: Зерттеушілердің барлығының да бірауыздан айтатынындай, қазақ тілі түркі тілдері ішінде ең таза, ең бай тіл» [90], - деп қазақ тілінің көркемдігіне ерекше мән берген.
Ал қазақ халқының тарихы, этнографикасы, азды-көпті болса да тілінің дыбыстық жүйесі туралы алғаш пікір айтқан А. Левшин «Северный архив» деп аталатын, 1825 жылы шыққан журналда қазақтарды «қырғыз» деп атаудың теріс екендігін, оның «қазақ» деп аталатын жеке халық екендігін ескертумен қатар, оның рухани байлығы, әдебиеті туралы мынандай пікір айтады:
«Қазақ халқының бойынан біз поэзия мен музыканың бұлағын көреміз. Гомер, Полибий, Аристотель дүниенің жөргектегі дәуірінің өзінде искусствоның бар әдемі қасиеттерінің өмір сүргенін мәлімдейді . . . Көп жағдайда сол сәбилік өмір сипатына жақын қазақ қауымы адамның ақын және музыкант боп туатындығының жаңа бір дәлелі болып отыр. Олардың поэзиясы . . . батырлардың ерлігін мақтайды, табиғатты, махаббатты жырлайды. Әр адам өлең шығарады, әр қазақ импровизатор» [90, 49 б. ] . Қазақтардың ақын халық екені, оның ауызекі тілге шеберлігі басқа да көптеген зерттеушілерді таң қалдырып тамсамдырғаны белгілі. Бірақ тіліміздің сол асылдары ХІХ ғасырға дейін қағаз бетіне түспей, баспа арқылы тарамай, бірден-бірге, ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі тіл түрінде беріліп келді.
Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі, яғни жазба тілге дейінгі фольклор тілі болсын, ақын-жазушылардың поэзиялық туындылары болсын әдеби тіл демейміз, фольклор тілі, халық әдебиеті тілі, жазба әдебиет тілі дейміз [94] .
Түйіндеп айтсақ, бұл қазақ халқының өз ой-пікірлерін жеткізудегі басты құралы. Яғни, сөз, сөз өнерінің, сөз мәдениетінің сөйлеу әрекетінде оларды дұрыс қолданудың қазақ тіліне ғана тән ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қазақ тілі Қазақстан Республикасының Ата заңының 7 бабында және Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 4 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп көрсетілген. Мемлекеттік тіл дегеніміз - кез келген мемлекеттің нышандарының бірі, егемендігінің көрінісі, бейнесі болып саналады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық саласында қызмет атқаратын, барлық заңдары қабылданып, барлық ресми іс-шаралары өткізілетін, іс-қағаздары, ресми кездесулері, байланыстары жүзеге асатын тіл. Мемлекеттік тілдің мәні, маңыздылығы туралы еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында : Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын ту , елтаңба , әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» [95], - деп нық атап айтқан. Қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың барлық қызметінде, төлқұжат, жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке куәлігі, білім туралы атттестат, диплом және тағы да басқа құжаттарда, тақтайша, маңдайшаларда, ресми бланктерде, хабарландыру мен жарнамаларда пайдаланылады. Н. Ә. Назарбаев: «Қазақ тілін білмей, мемлекеттік қызмет органдарында жұмыс істеу мүмкін емес» [96], - деп мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылатып, оның қажеттілігін атап көрсетті. Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс», - деп айтқан. Яғни, қазақ тілі Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды біріктіретін тіл. Қазақ тілі бай тілдердің бірі болып саналады, оның дәлелі ретінде М. Әуезовтың «Абай жолы» романының жиілік сөздігін құрастырушылар онда 16 мың сөз бар екенін анықтаған . «Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін - еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл - қуатты тіл, қазақ тілі - сондай тіл», - деп М. Әуезов қазақ тілінің көркемдігін көрсеткен. Тәуелсіздігіміздің ең басты белгісі де, тірегі де ана тіліміз - қазақ тілі. Тіл егемендігі 1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің «Қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы» Қаулысынан басталуы, одан әрі Қазақстанның 1989 жылы Тіл заңы қабылданды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі 1993 жылы 30 мамырда қайтарылған Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып көрсетілген. «Мемлекеттік тіл - тұрғылықты халықтың және Қазақстан Республикасы азаматтарының басым көпшілігінің тілі» [96], - деп Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігінде жазылған. Ал лингвист-ғалым Б. Хасанұлы «Мемлекеттік тіл белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті. Мемлекеттік тіл мемлекеттің барлық аумағында, барлық саласында, барлық тұрғындардың міндетті түрде қолдануы тиіс тіл болып саналады», - деп анықтама береді. Яғни, мемлекеттік тіл мемлекетпен бірге дамитын саяси және әлеуметттік лингвистикалық бірлік. Демек, мемлекеттік тіл - қоғамның нығаюына ықпал етіп, барлық ұлттарды, яғни Қазақстанда тұратын 140-тан астам этнос өкілдерін біріктіретін тіл. Жүсіпбек Аймауытов: «Тіл жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт», - деп тілдің мемлекет үшін маңыздылығын көрсетеді. Өйткені тіл бар жерде халық, халық бар жерде мемлекет болады [97] .
«Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі деп білемін. Елмен бірге қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз де жетілуде, Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор екендігін атап көрсетті. Мемлекеттік тіл концепциясының қалыптасуы тіл саясатына байланысты болады. «Мемлекеттік тілдің атқаратын қызметтік аясы және оның әртүрлі мемлекеттік ұйымдарда қолданылуы аталған әлеуметте қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік-коммуникативтік жүйелерге, тіл саясатында қабылданған міндеттерге байланысты біршама өзгеше болуы мүмкін. Көпұлтты мемлекеттегі мемлекеттік тілдің маңызды функцияларының бірі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі міндетін атқару» [98], - деп мемлекеттік тілдің қызметіне анықтама беріп, мемлекет үшін маңыздылығын көрсетеді.
Статистика 2013 жылдан 2021 жылға дейін ЖОО саны 61-ден 163-ке дейін өскенін, ал студенттердің саны 288, 4 мың адамнан 365, 4 мың адамға дейін өскенін көрсетіп отыр. 2017 жылы 620, 4 мың студент оқыған ЖОО саны 149-ға дейін қысқартылған. 2019 жылы 94, 4 мың студент санымен жеке 106 ЖОО болды, ал 2020 жылы 310, 3 мың адаммен олардың саны 96 болды. 2020 жылы 271 мың студент құрамымен 57 Мемлекеттік ЖОО болды. Ал 2021 жылы мемлекеттік ЖОО саны 53 болып, онда 310, 1 мың студент оқыды. Берілген ақпараттардан оқуға қабылданған студенттер саны жағынан жеке ЖОО мемлекеттік ЖОО-дан асып түскенін көруге болады.
Сонымен бірге, қазақ тілінің Мемлекеттік мәртебесінің арқасында ауылдық жерлердегі қазақ жастары ана тілінде оқуға мүмкіндік алды, ал бұл қазақ халқының біліктілігінің жоғарылауына септігін тигізгені сөзсіз екендігін атап өту қажет. Сөйтіп, 2020 жылы дипломдары бар адамдардың арасында жоғары білімі бар қазақтардың үлесі 54%-ға жеткен, ал 2019 жылы 66%-ға жеткен. Жалпы алғанда, қазақ халқының арасындағы жоғары білім көрсеткіші 2020 жылға қарай 13, 9% дан 21, 7%-ға өсті, ал орыс тұрғындарының көрсеткіші - 12, 3% дан 18, 3%-ға өсті. Бұнымен бірге, қазақ тілінде оқитын студенттер саны тұрақты өсті. 2020-2021 оқу жылының басында студенттердің жалпы саны 459369-ға жетті, қазақ тілінде оқитын студенттер үлесі 62, 7%. 34, 3% студенттер орыс тілінде оқыды, ал ағылшын тілінде - 3, 0%.
Орта кәсіби білім беруге жататын оқу орындарының арасында техникалық-мамандандырылған мектептерге қарағанда колледждерде оқу беделді болып табылады. Колледждер саны 2003 жылдан 2019 жыл аралығында 244-тен 460-қа дейін өсті. Оларда оқитын студенттер саны тіпті екі есеге көбейді, 238, 3 мыңнан 499, 6 мың адамға көбейді. Республика аумағында колледждердің әркелкі шоғырлануын атап өткен жөн. Олардың көбісі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы сияқты кәсіби - техникалық білім беру дәстүрлі түрде кең дамыған аймақтарда орналасқан.
Статистикалық зерттеу колледждерде оқитын студенттер арасында қазақ жастарының көптігін анықтады. Олардың саны 2019 жылы 361, 1 мың болды, 91, 8 мың орыс, 7, 4 мың украин, 1, 7 мың белорус халқы болды. Дегенмен, сол кезде Республика тұрғындарының арасында орты білімі бар орыс халқының үлесі 39, 3%, украин - 37, 8%, белорус - 39, 3%-ды құрады. Бұл кезде қазақ халқының арасында орта білімі бар адамдар 25, 9%-ды құрады.
Тұрғындардың арасында жоғары білімі бар орыс ұлтының үлесі 24, 4%, украин ұлтының үлесі - 19, 7%, белорус ұлтының үлесі - 15, 8%, ұйғыр ұлтының үлесі - 17, 1%, түрік ұлтының үлесі - 11, 5%. Қазақ халқы арасында бұл көрсеткіш 30, 2% құрады. Осылайша, 2009 жылғы ұлттық халық санағы қазақтардың жоғары білімі алуының прогрессивті үрдісін көрсетті. Техникалық біліммен салыстырғанда гуманитарлық бағытта басымдау болды. Әрине, бұл Кеңес дәуірінде еуропалық елдер өкілдері ие болатын, білікті жұмысшылардың ұлттық құрамында теңсіздікке әкеледі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыр экономикалық дағдарыс орта білім беру жүйесін қайта құруға әкелді. Осы жылдары жалпы білім беретін мектептердің саны айтарлықтай төмендеді. 2000 жылдардың басында жалпы білім беретін мектептердің жалпы үлесі бастауыш мектепке 19, 6%, негізгі мектепте - 17, 9%, орта мектепте - 63, 9% болды. 1991-2001 жылдары ауыл тұрғындарының ауысуы, орта мектептерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру арқылы жергілікті билік органдарына бағындыру және шағын мектептерді оңтайландыру еліміздің 515 мектебінің қысқартылуына әкелді.
Нәтежесінде үш ауысымды мектептер пайда болды, түстен кейін 39%, ауылдық жерлерде - 30, 3% бала оқыды. Тәуелсіздік жылдарында негізінен қалалық жерлерде жалпы білім беретін жеке меншік мектептер ашыла бастады. 2020 жылы бұндай мектептердің саны 117-ге жетті. Қазақ тілінде оқитын оқушылар санының артқанын атап өту керек. Егер 2019 жылы қазақ тілінде 1063, 6 мың адам оқыса, 2020 жылы олардың саны 1573, 7 мың адамға артты. Одан кейінгі жылдары қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны тек қана артып отырды. 2020 жылы орыс тілінде 1975, 3 мың оқушы оқыса, ал 2011 жылы олардың саны 843, 4 мың адам болды.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері мен мемлекеттік тіл саясатына сәйкес, мектептерде 9 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. 2020-2021 жылдары тұрғылықты ықшам жерлерде 82 өзбек, 13 ұйғыр, 3 тәжік және 1 украин тілінде мектептер жұмыс істеді. Бұл 82, 9% өзбек, 59, 0% тәжік, 45, 6% ұйғыр, 0, 1% украин балаларына өз ана тілінде білім алуларына жағдай жасады. Балалар елеулі бөлігі өз ана тілдерін мектептерде факультативті сабақтар түрінде оқи алады. Осылайша, факультативті сабақтарда 17286 оқушы ұйғыр тілінде, 6485 - оқушы өзбек тілінде, 3294 - оқушы дүнген тілінде, 4211 - оқушы түрік тілінде, 496 - оқушы әзірбайжан тілінде, 477 - күрд тілінде, 431 - оқушы тәжік тілінде, 257 - оқушы корей тілінде, 113 - оқушы еврей тілінде оқиды.
Бұдан басқа 2000-шы жылдардың басында Қазақстан Республикасында 173 жексенбілік ұлттық мектептер істеді, бұл жерде өз тілін меңгеру мүмкіндігіне, мемлекетте тұрып жатқан барлық этностар ие бола алған. Бұндай мектептердің, факультативтердің басым бөлігі, мемлекеттік емес ұйымдардан қаржыландырылды.
Қазақстанда этномәдени үрдіс білім беру мекемелеріндегі мүмкіндіктерімен ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік қаржыландыратын БАҚ-пен анықталады. 2021 жылы республикада 2740 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеді, онын ішінде 84%(2301) - мемлекеттік емес БАҚ, 16%(439) -мемлекеттік. БАҚ-тың көп бөлігі-2494 немесе 91%-дәстүрлі түрде газет - журналдармен берілген, 8, 5% электронды БАҚ-233 және 0, 5%(13) - ақпараттық агенттіктер. Тілдер жайындағы мәселе: қазақ тілінде (эфирге шықты) 543 бұқаралық ақпарат құралы шығарылды, орыс тілінде 920, қазақ. орыс тілінде - 930, қазақша, орысша және де басқа тілде-347. Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы тілдер жайлы» 18 заңына сәйкес 1997 жылдың 11 шілдесінен бастап №151-1, сонымен қатар ҚР «БАҚ туралы» Заңының 3 бабында 1999 жылдың 23 шілдесінен тәуелсіздік жылдары 95% істеп жатқан теле мен радиокомпанияның 50% бағдарламалардың хабар тарату көлемі мемлекеттік тілде жүргізілді, дегенмен, хабар тарату мерзімі таңғы және кешкі уақытта берілді, ол кездері телекөрермендердің хабар көру рейтингісі негізінен төмен болған. Берілген статистика бойынша, Қазақстанда орыс тілі негізгі коммкникативті құрал екенін көрсетеді, сонымен қатар 5248 газет, журналдар Ресей Федерациясы мен басқа мемлекеттерден келіп түседі [99] .
Қазақ тілін дамыту туралы мемлекеттің қамқорлығы Кеңес одағында әлеуметтік қолданыстағы көптеген салалардан ығыстырылуы этникалық БАҚ-қа ана тілінде хабар беретін құқығының шектелуіне әкеп соқтырды. Осылайша, 2013 жылы мемлекеттің қолдауының арқасында тек 11 ұлттық газет шығарылды, 44 телестудия 12 ұлттық тілде және 18 радиотолқын 7 ұлттық тілде ақпарат таратты [6, б. 27] . 2019 жылы өткізілген Этномәдени сауалнаманың мәлімдемелері бойынша Қазақстанның әр әртүрлі аймағында 1000-ға жуық сұхбат бергендердің 6, 8% кітап, газет, журналдардың, 9, 2%-радио мен теле бағдарламалардың туған тілінде шығуы міндетті деп санамады [94, б. 145] .
Біз көріп отырғандай, этнотілдік үрдіс этномәдени үрдістің маңызды бөлігі болып табылады. Олар Қазақстандағы этника аралық қатынасқа әсер етеді.
КСРО - да екі тілдіктің бір түрін - ұлттық - орыс тілін орыстандыру саясаты жағдайында басым қылу және қазақ тілін мемлекеттік басқарма, білім және ғылым саласынан ығыстыру, оны көбінесе отбасылық - тұрмыстық салада және дәстүрлі мәдениет саласында пайдалану 1980 жылдардың соңында кейбір деректер бойынша қазақтардың 40%-ы қазақ тілін білмеуіне немесе нашар білуіне, ал бұрынғы астана Алматы қаласында 90% қазақ - жасөспірімдердің өздерінің туған тілінде сөйлемеуіне алып келді [89, б. 30] .
Орыстар Қазақстанда қазақ тілін меңгеруге әлеуметтік мәдени қажеттілікті сезінбеген кезде, біржақты екітілділікті түп тамырымен құртуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатының функционалдық мағынасын көтеру алғаш 1989 жылдың 22 қыркүйегіндегі «Қазақ КСР-дағы тілдер туралы Заңына» сәйкес жүзеге асырылды. Содан соң 1997 жылдың 11 шілдесінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды, осыған сәйкес, қазақ тілі мен орыс тілін ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін де жеткілікті деңгейде меңгерудің үштілдік қоғамын қалыптастыру ұсынылды. Осы заң актілерін жүзеге асыру үшін, сонымен қатар, ең бірінші, мемлекеттік тілді білетін, содан соң ресми және ұлтаралық тілдесім тілі ретінде орыс тілін және 20%-ға дейін ағылшын тілдес қазақстан азаматтарының үлесін арттыруға бағытталған 1990-2000, 2001-2010 және 2011-2020 жылдары тілдерді дамыту және қызмет етуінің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz