Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Б. Солтанханова, Р. Сагындыкова

«Тарих сабағындағы ұлттық құндылықтар»

(авторлық бағдарлама)

Талдықорған қаласы

2021 жыл


Мазмұны

1.
Түсінік хат . . .
3-5 бет
1.: 2.
Түсінік хат . . .: Тақырыптық күнтізбелік жоспар . . .
3-5 бет: 6-7 бет
1.: 3.
Түсінік хат . . .: Сабақ жоспары . . .
3-5 бет: 8-78 бет
1.: 4.
Түсінік хат . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3-5 бет: 79 бет


Түсінік хат

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу

алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,

табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»

Н. Ә. Назарбаев

Қазіргі заман талабына сай маман даярлау мен болашақ маман иелерін оқыту бүгінгі таңдағы басты мақсаттар мен міндеттердің бірі екендігі белгілі. Білім берудің тиімді түрлеріне қол жеткізу үшін оқыту үрдесін жүйелі түрде жоспарлау, қолдану, бағалау қажет. Бұл оқушылар мен мұғалімнің жүйелі де жоспарлы іс-әрекетінің нәтижелерінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Тарих сабағындағы ұлттық құндылықтар» курсына арналған бағдарламада көптеген шарттары қарастырылған. Қазақстан Републикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері -«азаматтылық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп айтылған.

Бүгінгі таңда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоны көк, Қабыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істеріне бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қалыптастыруға игі ықпал етеді.

Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған шешендік сөздер, шежіресінен сыр тартып, салт-дәстүрден, халықтың өмір-тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығын да ұлтымыздың, ата-бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер - судың атауы-тарихтың хаты» деген халық атауында терең мазмұны, сындарлы салмақ жатыр.

Сонымен қатар «Тарих сабағындағы ұлттық құндылықтар» - анағұрлым маңызды оқиғалардың, кездесулердің, шежірелердің, пайымдаулар мен естеліктердің, қилы тағдырлары мен өмір кезеңдері, жылнамасы жасауға қажетті көп жасап, көпті көрген дана қарттардың ауызба-ауыз әңгімелерін жинап, тіренуге арналған жоба.

Қолданбалы курсты өту барысында пән аралық байланыстар ұдайы болып отыр. Қазақ әдебиеті, жаратылыстану, Қазақстан географиясы, Қазақстан тарихы пәндеріндегі білімдеріне сүйенеді.

Барлығы 34 сағат (1 жыл) 5, 6 сыныптарға арналған.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушаларға ауызша тарихамызды зерттей отырып, Оның проблемаларын шешеу жолдарына бағыттай отырып, олардың белсенділігін, іздемпаздық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

•​ Оқушыларды тарих, география пәнінен алған білімдерін дамыта отырып, ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру, оқушының дарындылығын, шығармашылығын арттыру;

•​ Оқушыларды ұлттық тарихымен, шежіресімен толықтай таныстыру;

•​ Оқушылардың жас ерекшелігіне, білімді қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім жүйесін күрделендіре түсу;

•​ Оқушыларды өз өлкелерінен шыққан өнер адамдарымен, тарихи ескерткіштерімен, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімен, ардақты аналарымен және ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтарымен таныстыру;

•​ Сөз мәдениетін, кәсіби тілдік шеберлігін дамыту;

•​ Оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құрметтеуге баулу.

•​ Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін артырып, туған өлкенің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу;

Тарихтағы құндылықтар

Дегенмен, бұл мәселені педагогика ғылымы тұрғысынан қазіргі талапқа сай шешу үшін ұлттық құндылықтарды сипаттайтын тарихи материалдарын орта буында қалай пайдалану керек дегенді ғылыми-педагогикалық аспектіде қарастырудың маңызы ерекше. Себебі оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге қажетті материалдар негізінен орта мектептің 5-9 сыныптарында өтілетін пәндерде шоғырланған.

Жоғарыдағы ғылыми еңбектерде ауызша тарихи материалдары әр қырынан зерттелгенімен, біздің жұмысымызда ауызша тарихи материалдары негізінде кіріктірілген бағдарлама бойынша жалпы білім беретін негізгі мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жолдары тұңғыш рет қарастырылып отыр. Оқушы жастарға жаңа әлеуметтік даму жағдайында тарих материалдары арқылы ұлттық құндылықтарды жан-жақты терең танып білуіне тәрбиелеу мәселесінде белгілі қарама-қайшылықтың бар екенін ескере келіп, зерттеу тақырыбымызды «Тарих сабағында ұлттық құндылықтар арқылы негізгі мектептің оқушыларын жан-жақты дамыған, ата-баба дәстүрін терең танып білетін тұлға тәрбиелеу» деп алып, зерттеу мақсаты : тарих материалдарындағы ұлттық құндылықтарды ғылыми-педагогикалық негіздерінде айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу- тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: тарих сабағында ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы оқушыларды жан-жақты терең танып білуіне тәрбиелеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егерде тарих сабағында ұлттық құндылықтар мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда оқушы - жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып елжандылық сезімі оянатын болады. Өйткені тарихтағы ұлттық құндылықтар оқушылардың жан-жақты терең танып білуіне, ата дәстүріне сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады.

Тұжырым бөлімі

I. Тарих сабағындағы ұлттық құндылық - бесаспа зергері

Қазақтың қолы тәуелсіздікке жеткелі дәстүрлі тарихпен әуестенушілер көк майса көкті көмкерген бәйшешектей кең өріс жайады. Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы «ауызынан- ауыздығы» алынбаған, тежеулі өмір кешкен қазақ тарихшылары ойланып -толғанып өздеріне - өздері келіп өзіндік мүмкіндіктерін танытқанша әдебиетпен өнерге жақын қазақ зиялылыары тарихымыздың кейбір маңызды бағыттарында айтарлықтай аршынды қадам жасап үлгереді.

II. «Ұлттық құндылықтар» бүгінгі қазақ үшін қадірі хақында .

Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым -қатынас іздерің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына тиген Ақселну Сейдімбетовтың - «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы ұлттың құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зерулі еңбек.

III. Шешендік сөздер.

Қазақ фольколарында жасалынып мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштар түрінде айтылатын ғибаратқа толы нақыл үлгілерін шешендік сөздер деп айтылады.

IV. Шежіре және Еуразиялық kөшпелілер тарихы. «Тарих сабағындағы ұлттық құндылықтарды»- зерттеу методлогиясы мен тәпсілеу мәселесі .

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ - тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т. б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т. б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау - тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді.

Күнтізбелік жоспар (34 сағат)

Тақырыптың аты
Сағат саны
Формасы
№:
Тақырыптың аты: I. Тарих сабағындағы ұлттық құндылықтың бесаспа зергері
№: 1
Тақырыптың аты: Кіріспе. Ауызша тарих қазақ қоғамына зертеудің тиімді тәсілі.
Сағат саны: 1
Формасы: ой қозғау, сұрақ-жауап
№: 2
Тақырыптың аты: Ауызша тарихтың бесаспа зергері
Сағат саны: 1
Формасы: баяндау, сұрақ-жауап
№: 3
Тақырыптың аты: Қазақтың тәуелсіздігін алу
Сағат саны: 1
Формасы: картамен жұмыс, қимасын жасау
№: 4
Тақырыптың аты: Ұлттық ою-өрнектерінің тұлға тәрбиелеудегі ролі
Сағат саны: 1
Формасы: лекция, баяндау
№: 5
Тақырыптың аты: «Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»
Сағат саны: 1
Формасы: Ой толғау
№:
Тақырыптың аты: ІІ . «Ұлттық құндылықтар» бүгінгі қазақ үшін қадірі хақында
№: 6
Тақырыптың аты: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі
Сағат саны: 2
Формасы: шығармашылық ізденісі
№: 7
Тақырыптың аты: Ауызша тарихтың артықшылықтары
Сағат саны: 1
Формасы: ой толғау
№: 8
Тақырыптың аты: Ақселеу және ауызша тарих ақауы
Сағат саны: 2
Формасы: зерттеу
№: 9
Тақырыптың аты: Қазақ тарихи ауызша деректерін жүйелу және талдаудың кейбір мәселелері
Сағат саны: 1
Формасы: баяндау
№: 10
Тақырыптың аты: Қазақ халқының тарихи жады және ауызша тарихи дәстүрі
Сағат саны: 1
Формасы: мазмұндау, ой толғау
№: 11
Тақырыптың аты: Ұлт тарихын зерттеу ауызша тарихи деректерін пайдалану: методологиялық мәселелер
Сағат саны: 2
Формасы: Сұрақ- жауап
№: 12
Тақырыптың аты: Қазақ эпостары - тарихи дерек ретінде
Сағат саны: 1
Формасы: зерттеу
№: 13
Тақырыптың аты: Қазақтың ауызша дәстүрлі: ұғымы және тәпілеу мәселелері
Сағат саны: 1
Формасы: баяндау
№:
Тақырыптың аты: III. Шешендік сөздер
№: 14
Тақырыптың аты: Қазақ тарихиндағы би- шешендер мұрасы
Сағат саны: 1
Формасы: сұрақ-жауап
№: 15
Тақырыптың аты: Қазақ халқының шешендік өнері
Сағат саны: 1
Формасы: зерттеу, сұрақ-жауап
№: 16
Тақырыптың аты: Шешендік сөздер
Сағат саны: 1
Формасы: талдау, түсінік беру
№: 17
Тақырыптың аты: Сөз тапқанға қола жоқ
Сағат саны: 1
Формасы: мазмұндау
№: 18
Тақырыптың аты: Қазақтың шешендік өнері
Сағат саны: 1
Формасы: таныстыру
№: 19
Тақырыптың аты: Шешендік сөздерге тән ерекшеліктері
Сағат саны: 1
Формасы: ой толғау
№: 20
Тақырыптың аты: Шешендік және сөз мәдениеті тарауынан қайталау, қорытындылау
Сағат саны: 1
Формасы: мазмұндау
№:
Тақырыптың аты: ІV. Шежіре және Еуразиялық kөшпелілер тарихы. «Тарих сабағындағы ұлттық құндылықтарды»- зерттеу методлогиясы мен тәпсілеу мәселесі.
№: 21
Тақырыптың аты: Қазақ шежірелерінің қалыптасу кезеңі
Сағат саны: 1
Формасы: әңгімелеу, баяндау
№: 22
Тақырыптың аты: Ауызша дәстүрдегі, шежіредегі түсіндіру құрылымдары және естелік айту
Сағат саны: 1
Формасы: саяхат сабақ
№: 23
Тақырыптың аты: Қазақ шежіресінің деректері мен материалдары жөнінде
Сағат саны: 1
Формасы: баяндау
№: 24
Тақырыптың аты: Қазақ шежірелері туралы
Сағат саны: 1
Формасы: Баяндау, сұрақ-жауап
№: 25
Тақырыптың аты: Қазақ шежірелері - тарихи деректер ретінде
Сағат саны: 1
Формасы: Саяхат сабақ
№: 26
Тақырыптың аты: Диссертоциялық хронология шеңбері
Сағат саны: 1
Формасы: Әңгімелеу, баяндау
№: 27
Тақырыптың аты: Шежіренің қазіргі маңызы
Сағат саны: 1
Формасы: Зерттеу, сұрақ-жауап
№: 28
Тақырыптың аты: Қазақ хандығына шежіре неге керек болды
Сағат саны: 1
Формасы: мазмұндау
№: 29
Тақырыптың аты: Есім хан реформасынан кейінгі қалыптасқан шежіре
Сағат саны: 1
Формасы: Баяндау, сұрақ-жауап
№: 30
Тақырыптың аты: Алаштан басталған шежіре
Сағат саны: 1
Формасы: Саяхат сабақ
№: 31
Тақырыптың аты: Білімді тиянақтау Қорытынды, тест сабақ
Сағат саны: 1
Формасы: сұрақ-жауап
№: Барлығы
Тақырыптың аты: 34
Сағат саны:

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Қандай да бір мәселені шешуде оқушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл - оқушылардың қаншалықты пайымды білетіндігін, олардың оқылған материалды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушы білімін бағалауда мұғалімге көп талап қойылады. Оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескере баға беру тиімді. Олардың білімін жеке тапсырмалар беру арқылы да анықтауға болады.

Оқушының қабілетін, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай оқушылардың теориалық-практикалық білімін сараптау деңгейінде мынандай диагностика арқылы көрсетуге болады:

  1. Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті.
  2. Үй тапсырмасын орындау дәрежесі .
  3. Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті.
  4. Логикалық ойлау қабілеті
  5. Қосымша сұрақтар қою белсенділігі.

Бұл барлық оқушының білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, тақырыптың қай бөліміне олардың назарына баса аударуды анықтауға мүмкіндік береді.

№ 1 сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Ауызша тарих қазақ қоғамына зертеудің тиімді тәсілі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауызша тарих қазақ қоғамына терттеудің тиімді тәсілімен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық жұмысқа баулу, сөйлеу мәнерін дамыту. Халқымыздың өткен тарихын білуге, халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес сонымен қатар әлеуметтану, саясаттану сияқты қоғамды зерттейтін ғылымдар әдіснамасының құрамды бөлігіне айналды. Қазіргі заманда әлемнің белді университеттері мен зерттеу институттарындағы «Oral history» орталықтары осының айғағы болса керек. Осы зерттеу тәсілінің бастауларына назар аударсақ XIX ғасыр ортасындағы белгілі француз тарихшысы Сорбонна университетінің профессоры Жюль Мишле, өзінің «Француз революциясының тарихы», атты еңбегіне кірісер алдында мен үшін жазба құжаттар көптеген деректердің біреуі ғана деп айтқан болатын. Мен ауызша дәстүр дегенде, бөлек адамдардың пікірлерінен қалыптасатын ұлттық дәстүрді айтамын дей келе: бәрінің айтқаны мен қайталағаны - шаруалар да, қала тұрғындары да, қарттар да, әйелдер де, тіпті балалар да; ауылдағы тавернаға кіргенде не естідіңіз; жолда бос жүрген саяхатшыны кездестіріп, олармен жаңбыр туралы, жыл мезгілі туралы, содан кейін азық-түлік бағасы туралы, император заманы туралы, төңкеріс туралы әңгіме бастап жинауға болады - деп түсініктеме беріп кеткен. Ал Ян Вансин «Ауызша дәстүр: тарихи әдіснама зерттеулері» (1965) деп аталатын өзінің классикалық еңбегінде африкалық ауызша дәстүрде есте сақталатын зердені бес категорияға бөледі: біріншіден, бұл формулалар: жаттау тұжырымдары, рәсімдер, ұрандар мен атаулар. Екіншіден, географиялық атаулар. Үшінші: ресми және бейресми поэзия - тарихи, діни немесе жеке. Төртінші категория - тарихи, дидактикалық, көркемдік немесе жеке әңгімелерден құралады. Және, ең соңында, бесінші - құқықтық және басқа да түсініктемелер. Көріп отырғанымыздай шет ел ғалымдары ауызша тарихи дәстүрдің әдіснамалық және деректік маңызын дәл анықтап жазып кеткен .
Тәуелсіздік кезеңінде осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізген қазақ этнологиясына байланысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегін айтпасқа болмайды. В. П. Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А. Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын далалық ауызша тарихнама аясына сыйдырады. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбегінде жаңа тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың ауызша тарихы» деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай аталмыш ұсынысқа келісуге болады.

Ұлттық тарих айту дәстүрінің негізгі қасиеті қазақтың ұлттық ділі мен рухын қалыптастырды. Мұны Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде терең пайымдаған: « . . . Сонымен бірге ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де қазақ болмысының құпиясы мен өміршең күштерін нұрландыра алады. Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармаларында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатыр. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді» .

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. ​ Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес сонымен қандай зерттейтін ғылымдар әдіснамасының құрамды бөлігіне айналды?

2. ​ Ақселеу Сейдімбектің қандай еңбегін айтпасқа болмайды?

IV. Қорытындылау

№ 2 сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ауызша тарихтың бесаспа зергері

Сабақтың мақсаты: Ауызша тарихтың бесаспа зергері туралы баяндап мағлұмат беру. Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету. Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Қазақтың ауыз әдебиеті
Ауызша тарих қазақ қоғамын зерттеудің тиімді тәсілі
Қазақстан тарихын орта мектепте оқыту
Тарихты оқыту әдістемесі
Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz