Танымдық белсенділік теориясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Б. Ахметов атынағы жоғары педагогикалық колледж

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға арналған жаттығулар

Орындаған: Алтынбекова Аяжан

Павлодар 2022ж
Мазмұны
I. Кіріспе
1. Танымдық белсенділік теориясы
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер
II. Негізгі бөлім
1. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға арналған жаттығулар
2.
III. Қорытынды
1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Танымдық белсенділік теориясы
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін талап етеді. Ізденістің табысқа жетелейтіні белгілі.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну. Танымдық белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу болып табылады.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Танымдық іс - әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Сократ оқыту барысында шәкірттердің танымдық іс - әрекетін арнайы басқарып отыру қажеттілігімен қоса, оның танымдық белсенділігін арттыру мақсатында арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғашқылардың бірі болып қолдады. Оқушылардың танымдық әрекетін оқытудың жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, М.Монтель, Д.Локк, Д.Дьюи, Я.А.Коменский, Ж.Руссо, И.Песталоции, И.Кант еңбектерінде айтылды.
16-ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтель оқытудағы танымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Ол: Тәрбиеші баланы о бастан-ақ бойындағы қабілеттерін еркін көрсете білуін, түрлі заттардың дәмі мен олардың ерекшеліктерін ажыратуда өз бетінше әрекет етуін, кейде оған жол көрсетіп, кейде өзіне іздетуін қалаймын-деп жазған болатын.
Я.А. Коменский: Таным бастамасы-сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек -- деп жазды.
Ы.Алтынсарин: Маңыздысы - оқушының өз бетінше ойлана білуі. Оқыту әдістері - балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол... - деген.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады. Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

Оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыратын әдіс-тәсілдер
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Танымдық әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Оқушының қабылдауы негізінен, мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1-дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 - дәрежесіне тән көрсеткіш - оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-дәреже - түсіндіруші белсенділік - оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3-дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады. Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты - тұлғаны қалыптастыру. Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті қажетсінуді тудырады. Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен қарау, бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы жатады.
Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды. Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай:
1. Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша - дәстүрлі әдістер жүйесі (әңгіме, әңгімелесу, көрнекілік дәріс сарамандық жұмыс, шығарма т.б.)
2. Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша - топтаған әдістер жүйесі: баяндау, проблемалық баяндау, ішінара іздену, зерттеушілік әдісі.
3. Мұғалім іс- әрекеті компоненті бойынша
а) оқу - танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру (сөздік, көрнекілік, практиаклық, өзіндік жұмыс).
б) бақылау және өзіндік бақылау әдістері ( ауызша және жазбаша бақылау, лабораториялық және практиаклық жұмыс бағдарламаланған бақылау, т.б).
в) оқу танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдісі (қызығушылықты қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау)
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7-жасар балалардың таным белсенділігін дамыту динамикасы, ерекшеліктері
Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқушыларда оқу – танымдық іс -әрекеттердің өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Пәндер