Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педагогика факультеті
Ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Аударма теориясы
Мамандығы: 5В020700 "Аударма ісі"
Қазақтың тұрмыстық
болмыстарының аудармасы
Орындаушылар: Салимова А.М,
Алимжанов Н.Н
АПК-81 тобы
Жетекші: Боргуль Н.М.
Көкшетау 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4бет
1. Қазақтың тұрмыстық болмыстары дегеніміз.Олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7бет
1.1 Реалийлердің аудару мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .8-11бет
1.2 Тұрмыстық,ұлттық сөздердің аудармасы ... ... ... ... ... ..12-1 7бет
2.Аудармашылардың қолдану тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... 18-22бет
2.1 М.Әуезовтің Абай жолы романындағы ұлттық сөздерді ағылшын тіліне аудару мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-24бет
2.2 Сөздердің аудару ерекшеліктері және оларды салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25-26бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-29бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..30бет
Глоссарий
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - ұлттық болмыс және оларды аудару әдістері; бұл аударма ісіндегі ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл тақырыптың өзектілігі - реалия сөздерді аудармашы басқа тілдерге аударған кезде кейбір кезде сәйкестік болуын немесе дәлдік болмайтын кездердің жиі кездесетіні туралы сараптама жасау болып табылады.
Реалия сөздер көбінесе әдеби шығармаларда, яғни романдар,дастандар,өлеңдер,ертегіле рде кездеседі .Аудару кезіндегі дәлдікті анықтау үшін қазақ тіліндегі түсіндірме сөздік, қазақ,ағылышын сөздіктері,лингвист,әдебиеттанушы ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері қолданылды.Аудару барысында барабарлы эквивалентттер болмаған жағдайда осы оқу құралдардың авторлары өз аудару нұсқасын ұсынды.Тілдің сәйкес келмейтін элементтеріне сілтеме жасай отырып, басқа мәдениеттерге жат ұғымдарды білдіретін реалиялар аударма үрдісінде әрқашан белгілі бір қиындықтарға кезігеді. Бұл қиындықтар, екінші жағынан, осы мәселеге қызығушылық тудырады.
Курстық жұмыстын мақсаты : реалиялар және терминдер ұғымына сипаттама беру. Реалияларды түр-түрге бөлу және мағынасына қарай топтастыру. Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелеріне талдау жасау.
Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихы дамулардағы объектілер атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс болады, сонымен қатар басқа тілдерге реалиялардың нақты баламасы болмайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім , қорытынды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Сондай - ақ жұмыстың барысында тілдік бірлік ретінде реалия және оларды аударудың негізгі тәсілдеріне шолу жасау көзделді. Бұл мәселені шешу үшін курстық жұмыста әр түрлі критерийлер бойынша реалиялардың түрлері және жіктелуі, сондай-ақ олардың тілге берілуінің негізгі әдістері ұсынылды.Курстық жұмысты жазу кезінде қазақ халқының тұрмыстық,ұлттық болмыстарын қамтитын сөздерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару әдістерін талдай отырып ,салыстыру тәсілдері арқылы жүзеге асырылды. Курстық жұмыста аударманың мәселелері мен әдістері, атап айтқанда ұлттық болмыстарды аудару, оларды туыстық емес тілдерге берудің қиындықтары қарастырылған; көптеген аударма тәсілдерінен транслитерация, транскрипция, сипаттама және жақын аудармалар сияқты ең жиіліктер қарастырылды. Сонымен қатар әлем әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының ағылшын тіліне аударылу мәселесі қарастырылды. Аудармашылардың ұлттық айқындықты аудару тәсілдерінің қандай деңгейде қолданылғаны, аудармашының классикалық шығарманы меңгеру мүмкіндігін саралай келіп, аударманың орындалу ерекшелігіне тоқталдым. Ұлт санасы және мәдениетімен тығыз байланыстағы реалия сөздер, жалқы есімдер, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері секілді тіл құбылыстарының, роман-эпопеядағы көшпенділер мәдениеті, салт-дәстүрлері сөз етілген тұстардың ағылышын тіліне аудару кезінде қалыпты дәрежеде орын алған мәселелермен қатар, аударма сапасына кері әсерін тигізген факторлар сараланды. Көптеген аударма әдістерінің ішінен біз транслитерация, транскрипция, сипаттамалық аударма сияқты ең көп таралған аналогты пайдаланып, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтадық.Курстық жұмыс барысында біз осындай аудармашылардың зерттеулерің қолдандық.Олар:Комиссаров В.Н., Влахов С., Флорин, В.С.Виноградов және тағыда басқалары.
1.Қазақтың ұлттық болмысы дегеніміз.Олардың түрлері.
Ұлттық болмыстың негізін құрайтын халықтың дүниетанымы,атамекені,табиғат,тіл мен діл, дін мен дәстүр, мәдениет және т.б.[1]Осы дүниелердің ұлттың бойында бірігуін ,бірігіп қызмет атқаруын ұлттық болмыс дейміз."Ұлттық болмыс ұлттың ішкі және сыртқы келбетінің тұтастығын сақтап ,бейнелеп отырады.Халықтың барлық тәжірбиелері, білімі, ұлттық мүдде оның мәдениетіндегі қоғамдық сана түрлері (тарих, мәдениет, өнер, білім,тіл,дәстүр,шаруашылық және т.б.) ұлттың болмысының қажеттіліктерінен туындайды және сол арқылы қызмет атқарады"[1;1].Сонымен қатар ұлттық болмыс дегеніміз ұлттың өзін, мемлекетін сақтап отыратын, елдің даму болашағын айқындайтын , қоғамның даму өрсін кеңейтіп отыратын негіз, рухани іргетас деп айтсақ болады. "Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды."[2] .Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.Қазақтың тұрмыстық болмыстарына тоқтала кетсек: қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары,әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы,жасы үлкендерге құрмет көрсету,тамырлық әдет-ғұрпы,қоныс таңдау әдет-ғұрпы,отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жатады.[2;1]
Бүгінгі таңда мәдениеті белгіленген бірліктердің бірыңғай жіктеуі жоқ және зерттеушілер әртүрлі ережелерге негізделіп, өзге реалилерді жіктеуге ұсынады.
Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров ұлттық-мәдени семантикасына топтастырылған сөздің түрін ұсынады:
1. Советизмдер, Қазан революциясынан кейінгі қоғам өмірінде қалыптасқан өзгерістерге байланысты түсініктер. ( мысалы: Жоғарғы Совет,депутат)[3]
2. Жаңа тұрмыстық сөздер советизмдерге өте жақын ( мысалы: ЗАГС, сенбілік) [3;1]
3. Заттардың атаулары және тұрмыстық құбылыстар ( мысалы: қазақша ет, бауырсақ , домбыра)
4. Историзмдер, бұл сөздер тарихи кезеңдер мен заттарды білдіреді ( мысалы: импрам- көне түркі тілі тобыр, саяқ, аталық)
5. Фразеологиялық бірліктердің лексикасы (мысалы: аяғына жығылу)
6. Фольклорлық сөздер ( мысалы: батыр, періште)
7. Орыс тілінен шықпаған сөздер, түрік, монғол, украин және т.б сөздер (мысалы: арқан, изюм, палау)
Жоғарыда аталған топтарды, Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров реалияларды реңдік ақпараты бар лексика ретіңде сипаттайды.
В.С. Виноградовтың айтуынша, "реңдік ақпараттың мазмұны ең алдымен, ұлттық қоғамның мемлекеттік құрылымы және тарихтың спецификалық фактілері, әсіресе географиялық ортада, өткен және осы заманға сай материалдық мәдениеттің заттары, этнографиялық және фольклорлық түсініктер және т.б - бұл барлығы әдетте аударма теориясындағы реалиялар деп аталады"[3;1]. В.С. Виноградов реалияларды латын- американдық негізінде қарастырады. Бұл ғалым реңдік ақпаратты зерттеудегі беруде, лексикалық бірліктердің қорын жеті тақырыптық топқа бөледі:
1. Тұрмыстық реалияларды атайтын лексика
А) үй жай,мүлік
Б) киім, бас киім
В) тамақ, сусындар
Г) еңбек және кәсіп түрлері .
Д) ақша белгілері және өлшеу бірліктері
Е) музыкалық аспаптар, ұлттық билер және өлеңдер, орындаушылар;
Ж) ұлттық мерекелер, ойындар
Л.С. Бархударов эквивалентті емес лексиканың жүйелерін бөледі:
1. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, ұйымдардың атаулары, газеттердің атаулары және т.б., басқа тілдің лексикасында болмайтын үйлесімдік.[4]
2. Заттарды, түсініктерді және жағдайларды, басқа тілде сөйлейтін, адамдардың тәжірибесін атайды.[4-240б]
Зерттеу кезінде мәдени-талаптырылған лексикадағы реалия- сөздері өздігінен эквивалентті емес лексиканың жеке тобын ұсынады. Л.С. Бархударов эквивалентті емес лексиканың жүйелерін топтастырады:
1. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, ұйымдардың атаулары, газеттердің атаулары және т. б., басқа тілдің лексикасында болмайтын үйлесімдік.
2. Заттарды, түсініктерді, және жағдайларды, басқа тілде сөйлейтін , адамдардың тәжірибесін атайды.[4;1]
3. Басқа тілдің лексикалық құрамындағы қандай да бір себептерге байланысты сәйкестіктердің болмауы және қандай да бір тіл сөздік бірліктеріндегі- кездейсоқ лакундар. [4;2]
Влахов С. Және Флорин С. Непереводимое в переводе атты еңбегінде реалияларды аудару жолдарын көрсетті.[5]. Олар: 1. Транскрипция 2. Транслетирация а) Неологизмдер - Калька - Жартылай калька - Үйлестіру (adaptation) ә) Ұқсас аударма (Approximate translation) - Грамматикалық ұйқастық - Фукционалды ұйқастық - Сипаттау, түсіндіру б) Мәнмәтін аударма.
Қазақтың ұлттық болмыстарының түрлеріне осыларды жатқызсақ болады:
1.Қоғамдық тарихи реалия сөздері: бай,мырза,атқамінер,аға сұлтан,жатақ және т.б
2.Халықтың салт дәстүрлерімен байланысты реалия сөздері: той,көрімдік,байғазы,ерулік,араша.
3.Ұлттық ойындарды белгілейтін реалия сөздер: бәйге көкпар,қыз-қуу,тоғыз құмалақ,алтыбақан.
4.Мал шаруашылығымен байланысты реалия сөздер: көктеу,қыстау,күзеу,жұт.
5.Туыстық қатынастрады белгілейтін реалия сөздер: тоқал,абысын,жеңге,қайын іні.
6.Тұрмыс заттарымен байланысты реалия сөздер: текемет,қоржын,алаша және т.б.
7.Фольклорлық ұғымдарды белгілейтін реалия сөздер :айтыс ,жыр
8.Діни нанымдармен байланысты реалия сөздер: құран,молда,хазірет.
Бұл сөздердің аудармасын келесі беттерде қарастырамыз.
1.1 Реалиялардың аудару мәселелері.
1. Транкрипция- аудару тілінен аударма тіліне фонетикалық форма жағынан механикалық түрде ауыстырылуы, яғни дыбыстар деңгейінде ғана ауысады. Мысалы: sputnik-спутник деп ауыстырылады.
2. Транслитерация- реалиялардың графем деңгейінде берілуі. Мысалы: Lincoln- Линкольн
3. Транскрипция амалы жарақсыз болған кезде аударма тіліне реалияларды беру амалы ретінде аудармада орынбасу субституциясын қолданамыз. Реалияларды аударудың бірнеше түрлері бар: Неологизмдерді енгізу (калька және жартылай калька түрінде).[16]
А) калька сөздің немесе айналымның сөзбе сөз аударма жолы.Мысалы: victory day- жеңіс күні[16;1]
Б) жартылай калька жаңа сөз және сөз тіркесі. Мысалы: desembrist-декабрист
В) шамамен аудару: Түрдің орын басу принципі (реалия бірліктерінің мазмұны кең түрде беру).Мысалы: Нарзан, Боржоми- минералды су, коттедж- үй.
Функционалды аналог (реалия- өлшемдердің берілуіне өте қолайлы) Мысалы: Сипаттау, түсіндіру (түсінікті берудің басқа амалы қалмаған кезде тек ғана түсіндіріп қоямыз).
Мысалы: two boys were playing flys a soft ball - Балалар доп ойнады. Контексттік аударма- контексттің мағынасын беру. Мысалы: How much are accomadations at health resorts? - Демалыс орнына жолдама қанша тұрады?
Транскрипция және калька амалдарымен жасалатын русизмдер мен советизмдер аудармасы. Мысалы: vodka, ataman.
Реалия- ақшалардың аудармасын транскрипция және функционалды аналог көмегімен береді. Мысалы: франк, доллар,тенге..
Транслитерацияда аударылатын тіл құралдармен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, географиялық атауларды әр түрлі компаниялар, фирмалар, газет, журналдар және т.б. атауларын бергенде қолданылады.
Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Оның негізі бар- шетел лексикалық бірлігінің оқырмандарға мұндай сөздерді түсіндірмегенше түсініксіз болып қалады.[16;2]
Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады: Nazi-нацист, Gestapomann-гестапашы, Marke-марка, Uniform-униформа.
Реалияларды аудару барысында транслитерация өте шектеулі қолданылады. Ол туралы негізінен қоғамдық - саяси ұғымдарды немесе жалқы есімдерді аударғанда ғана айтуға болады. Кейбір сәттерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату қиындау болады.
Шығармадағы реалиялардың жасалу жолдары:түпнұсқаның ұлттық мәдени сипатын көрсететін тілдік құралдардың бірі- реалиялар болып табылады. Біз қарастырып отырған аяда ол белгілі бір ұлттың, елдің өзіне ғана тән тұрмыстық, материалдық, рухани, тарихи - қоғамдық құбылыстары мен затттарының тура атаулары деген ұғымда қолданылды.
Арнаулы ақпаратты әдебиетте де, көркем әдебиетте реалиялардың ақпараттық - танымдық, ұлттық мәдениетті білдіру сапасы өте жоғары және реалияларды аудару өте қиын және маңызды мәселе болып табылады.
Ағылшын, орыс халықтарымен қазақ халқының салт-дәстүрі, тілі, мәдениетінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болғандықтан, реалия сөздерді аудару барысында аудармашы транскрипция, транслитерация, калька, жақындатылған аударма, сипаттама тәсілдерін кеңінен қолданылды. [16;3]
Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. Мысалы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығаратын фирма атауы.)[7] book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша алатын адам). Тілдерді салыстыру барысында басқа тілдік реалиялар мен формалардың арасындағы сәйкессіздіктерді атап көрсетуге болады. Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байқалады:
1. Реалия тек бір тіл тобына ғана тән ал екінші топта бұл сөз кездеспейді. Мысалы: Drugstore the chemist's- дәріхана[7;1]
2. Реалия екі тілдік топқа да тән, бірақ олрадың біреуінде реалия ерекше көрсетілген. Мысалы: Clover leaf, Машинаның үш бағытта ашылу жолдары.
3. Әр түрлі ортада ұқсас функциялар түрлі еалиялармен беріледі. Мысалы: hot dog- тоқаш нан, soda fountain-кафе-бамұздақ.
4. Ұқсас реалиялар әр түрлі болады. Мысалы: cuckoo's cell- көкектің шырылдауы (қазақтардың сенімдерінде енді қанша өмір сүреміз дегенді білдірсе, американдықтардың сенімдерінде тұрмыс құру тойына дейін қызға қанша жыл бар дегенді білдіреді.) Басқа тілдік формалар сәйкессіздігіаударма тіліне ене отырып, түрліше болып келеді. Бұл реалиялар сөйлемде септеу және түрге байланысты өзгеріп отырады, ал қалғандары жіктелмейтін категорияларды қолданылады. Мысалы: ковбой-(cowboy) деген ағылшын сөзінен шыққан. Тілдік құбылыс ретінде мәдениетпен тығыз байланысты реалиялар ортаның дамуындағы барлық өзгерістерге тез әсер етеді, олардың арасында реалия- неологизмдер, тарихи сөздер, көнерген сөздер деп атап өтуге болады. Лингвоелтану реалияларының қатарына ономастикалық реалиялар жатады:
1) Мәдени- тарихи түсініктер бар географиялық атаулар (топонимдер): Boston pops- музыкадағы Бостон оркестрі.
2) Антропонимдер- тарихи тұлға, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, көркем әдебиет кейіпкерлерінің аттары. Mickey Mouse- Мики Маус Тышқан.
3) Әдеби шығармалардыңел өмірінде орын алған тарихи жағдайлардың, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің аттары: popeart-поп арт, BBC- British Broadcasting Corporation - Британияның радио тасымалдау компаниясы.
Реалия әрқашан өзі пайда болған тілдің ұлтына тәуелді, бірақ ұлтаралық қолданысқа таралып терминдер тәрізді кеңінен қолданып жүрген реалиялар да аз емес.. Реалиялар терминнен ерекшелігі шет тілін ұстанып жүрген адамдарға олардың кеңінен пайдаланып, және оны танып ғана ұқпай ,керісінше аударма тіліндегі олардың бейтаныстығы.Біздер арнайы терминология арнайы жұмыстар мен ғылымдардың аймағы екенін білеміз.
Транслитерация барысында сөздің ҚТ графикалық нысаны АТ құралы арқылы, ал транскрипция барысында оның дыбыс нысаны арқылы беріледі.[11] .Сонымен-бұл тәсіл бойынша сөздер тілдің артикуляциялық ережелеріне сәйкес аударма тілдің фонетикалық құралдарының көмегімен басқа тілге сол күйінде енеді. Бұл тәсілдер шет тілдегі жалқы есімдерді, географиялық атауларды, әр-түрлі компаниялардың, фирмалардың, кемелердің, газет, журналдардың және т.б. атауларын беру тәсілдеріне қолданылады (мысалы: Бэнк оф Америка, Тобыл мен Нұра- Tobol and Nura, Моғолстан-Mogolistan, Ертіс- Irtysh, Жәнібек пен Керей- Janybek and Kerei, Сұлтан-Sultan, және т.б.)[6].Қазіргі кезде аудармада транслитерация мен транскрипция тәсілдері өте аз қолданылады. Бұл айтарлықтай жеткілікті- соңдай түрдегі сөздер шет тілін білмейтін оқырманға дыбыстық немесе әріптік шет тілі лексика бірлігінің мағынасын ашпай, тиісті анықтаусыз түсініксіз болады.
Калька тәсілі- тілдік бірліктің (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді[11;1]. Ғылыми сөзбен айтсақ- шет тілдегі реалилерді, оның негізгі құрамын ауыстыру көмегімен, яғни АТ- гі морфема немесе сөздердің тура лексикалық сәйкестіктері (мысалы: brain-drain-утечка мозгов, Қанішер Абылай- Ablai the Bloodthirsty, Әз- Тәуке- Wize Tauke, Сарыарқа- Yellow Back or Golden Arka)[6;1].
Калькілеу тәсілінің мәні АТ жаңа сөзді немесе тұрақты сөз тіркесін құруда және қорытынды лексикалық бірліктің құрылымын көшіріп алуда болып табылады. Бұл тәсілдің бірінші тәсілдегі сияқты кемшілігі бар.
Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар[7;3]. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихи дамулардағы объектілерлі атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс болады, сонымен қатар басқа тілдерде реалиялардың нақты баламасы болмайды.[7;4].
1.2 Тұрмыстық,ұлттық сөздердің аудармасы.
Тұрмыстық реалияларға осыларды жатқызамыз:
Салт-дәстүрлер;2.Киім;3.Тамақ;4.Ойы ндар;5.Үй- жай атаулары[8]
Сонымен қатар шығармада историзмдер және топонимдер өте көп кездеседі. Қазақтың бұрынғы кезіңдегі өмір салтын, колоритін дұрыс көрсету үшін аудармашылар бұл халықтың өмірімен, тарихымен жақсы таныс болуы тиіс.
Салт- дәстүрлер аудармаларына осы сөйлемдрмен мысал келтірсек:
Қос қолы қызыл қанға боялғанына қарамай, он жеті жасар Әбілқайырды азулы тілектестері Дәшті Қыпшаққа хан етіп, ақ кигізге көтерді [9-112б].
Семнадцати лет от роду был поднят на белой кошме Абулхаир в знак превозглашения его ханом.
At seventeenAbulkhair was lifted up on white felt mat to be proclaimed khan.
- Бұл аударма дұрыс жасалған,бірақ түсінігі басқа халықтар, түсінбеуі де мүмкін. Сондықтан да зерттеу нысаны бойынша сілтеме жасап, толық түсіндіруі тиіс .
Қызын құрметтеп қойып, жетісін бергеннен кейін, хан тағы Құрыбайды шақыртып алып...[9;1]
Недельные поминки справлялись по ней...
The funeral repast lasted a whole week...
Бұл аударма сипаттама тәсілімен аударылған, яғни шет оқырманына жетісі- недельные поминки- funeral repast - түсінікті болады. Бұнда аудармашылар жетісі сөзін қалдырмай, аудармада оны тек шет тілдің оқырманына түснікті етіп, аударған.
Хандардың аңға шығуы ежелден бір үлкен мереке.
Испокон веков ханская охота справлялась в степи как самый большой праздник.
From time past royal hunts in the steppe were arranged as major feasts .
Әрине бұл мысал шел тілдің оқырманына түсінікті, әрі таныс. Яғни көптеген халықтарда аңға шығу деген дәстүр кездеседі.
Өлік бар жерде бата оқымай өтпейтін қазақтың ұлттық дәстүрі
Среди казахов издревле бытует обычай первым делом зайти в дом усопшего и прочитать молитву.
The Kazakh traditions demanded to read a prayer and say farewell to the dead.
Орыс аудармасында прочитать молитву - қазақ баламасына дұрыс аналог табылған. Ал ағылшын аудармасына келетін болсақ say farewell - попрощятся.
Біздің ойымызша, бұнда былай дұрыс болушы еді: to say prayer [preә].
2 . Киім
Кілең жеңіл сауыт, ықшам киім киген.[12] .
Вся свита была одета в легкие охотничьи панцири...[13].
The whole retinue were clad in light hunting armour...
Бұл мысал калька тәсілімен өте орынды аударылған .
...басына киген меруертпен торлаған қызыл барқыт сәyкелесі.
- орыс және ағылшын аудармаларында бұл сөйлем түсірілген. Сәукеле - сөзі қазақтың ұлттық бас киім.[ 8;1] Біздің ойымызша бұл сөйлемді түсіріп тастау дұрыс емес. Бұнда былай дұрыс болушы еді: ... сделанная из красного бархата и украшенная жемчугом саyкеле- made by red barhat saykele.
...Ақжолдың көп тысты құндыз тымағын қойыпты.
...лежал всем известный всем богатырский тумак с синим бархатным верхом, отроченный выдрой.
Two inches away from the sticking out vertbrel lay the warrior well- known mace with a blue velvet top fringed with otter.
... қара барқытпен көкерген қызғылт шапан...
Его чекмень из тонкой пряжи...
A simple belt of camel- skin run across his coat of fine wool, with a black velvet collar...
Бұнда бір жәйт қызығушылық тудырады. Түпнұсқадағы шапан - чекмень деп орыс аудармасына аударылған. Бұл сөз екі әртүрлі мағынада, мүмкін орыс аудармасында аудармашы дұрыс эквивалент таба алмаған шығар.
... біртоп жуан қоныш, түлкі тымақ, кіселі күміс белбеулі ақсақалдар...
... в сапогах с широкими голенищами, в лисьих малахаях, опоясанных
широкими серебрянными поясами.
... in high boots, fox fur coats and silver belts.
ағылшын аудармасынан көріп отырғаымыздай аудармашы бұнда қателік жасаған, яғни fox fur coats- ағылшында сыртқы киім мағынасын білдіреді. Орыс аудармасына келсек тымақ сөзін малахай сөзіне ауыстырған.Сондықтанда бұл аударма сөйлемді толық ашып тұрған жоқ деп есептейміз.
Бастарына кигендері- кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағай, етек жағы айбалтаның жүзіндей қайқиып келген әшекейлене кестеленген оқшипа қалпақ... ақ таңдақ, арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ тонның, шолақ сәнді пешпенттердің етек..
На головах у мужчин большие, расшитые узорами колпаки из светлой вербльюжей шерсти с выгнутыми кверху краями.[12;1] Малахаи тоже особого покроя ... полушубки по краям...[13;1] чекмени, шаровары из жеребьячей шкуры, на ногах сапоги с высокими каблуками.
... caps of light camel hair with the brims curved upwards. Their velvet malakhais ... sheepskin jackets... they wore chekmens ... high boots with high heels.
мысалдарда сипаттама, транскрипция тәсілдері қолданылған. Бірақ бұнда тон- ағылшын аудармасында jackets деп аударылған. Jackets - ағылш. Жакет, куртка. Бұнда аудармашы қателік жасады. Бұл жерде былай дұрыс болушы еді деп санаймыз: тон- полушубок- surcoat.
Кіші жүзде кимешек орнына күнгейлік киеді.
Некоторые женщины Младшего Жуза вместо белых коленкоровых кимешеков надевают кунгейлик- своебразный расшитый шелком головной убор...
...Some woman of the Little Zhuz preferred the kungelik, an original headgear embroidered with silk...
Екі аудармада да сипаттама тәсілі қолданылған. Аудармашылар күнгейлек сөзіне кең түсініктеме жасап, мағынасын жақсы ашқан.
Аяқтарыңда мәсі ме, әлде жіңішке қоныш етік пе, айырып болмайды.
... а сапоги с непонятными узкими голенищами.
...the narrow tops of their high boots seemed rather strange...
бұда көріп отырғанымыздай аудармашы мәсі сөзін түсірген. Келесі мыслдан көріп отырғанымыздай:
... аяқтарында - жарғақ мәсі
... в мягкие плотные ичиги из шкуры жеребенка.
...tight foal- hide boots
Мысалдан көріп отырғанымыздай мәсі сөзі орыс аудармасына ичиги, ал ағылшын аудармасына boots деп аударылған. Бұнда транскипция тәсілдің қолданғаны жақсырақ болар еді.
Қызыл шибарақат камзол, аяқтарыңда қызғылт кәмшәт етік, ақ патсайы шытырман көйлек.
...бордового цвета вельветовые камзолы, под которыми виднелись платья с двойными оборками из того самого азиатского шелка...
...ярко- оранжевые юфтевые сапожки на высоких каблуках...
The wine colored velvet sleeveless jackets fitted them well, and one could see under the jackets their dresses with double friels of that same Asian satin...
...the bright orange high- heeled Russian leather boots
-бұнда сипаттама тәсілі қолданылған. Сонымен қатар екі аударманың өзіндік ерекшеліктрі бар деп айтуға болады. Яғни ағылшын аудармасын келсек бұнда аудармашы кәмшәт етік сөзінің мағынасын кенінен ашып, түсіндіріп жазған.
Шығармада қазақтың ұлттық киімдерінің өте көп түрлері кездеседі. Сондықтан да шет елді оқырманына түсінікті болсын деп, сипаттама тәсілін қолданған жөн болады деп айтуға болады. Сонымен қатар шығармада басқа тілден енген сөздер де кездеседі.
3.Тамақ
... оң қолына қымыз ішетін тостаған тәрізді ыдыс ұстаған келсаптай шомбыл бір ғажайып бейне.
Из таких чаш в степи испокон веков пьют кумыс.
In the steppe they have been drinking koumiss from such cups frome timeinmemorial.
Шығармада қымыз сөзінің алғаш рет кездесетіндіктен, бұнда сілтеме жасу дұрыс болушы еді. Мысалы: кумыс -это национаьный казахский напиток- koumiss it is Kazakh national drink.
...үсті толған тағам, шарап, шәрбәт...
...всевозможные яства, дорогие напитки, шербет...
...various viands, costly drinks and sherbet...
бұл мысалдарда транскрипция тәсілі қолданылған, сонымен қатар бұнда
шәрбәт сөзіне сілтеме жасаған дұрыс болушы еді.
4.Ойындар
Бәйге, күрес, жамбы ату басталып...
...конная байга, борьба палванов казакша курес, стрельба из лука по мешочку с золотом...
...first a horse baiga, then a kazaksha - kures combat, an archery contest with a small gold- filled bag as a target.
бұнда аудармашылар тұпнұсқаны аудару үшін сипаттама тәсілін қолданған. Бұнда түсініктеме өте жақсы жасалған деп айтуға болады.
...Көкпар...айтыс, сайыс бәрі болып...
...кокпара, стрельбы и айтыса...
- орыс аудармасында транскрипция қолданылған. Бірақ зерттеу нысаны бойынша бұнда сипаттама тәсілдің қолданғаны дұрыс болушы еді. Ағылшын мысалында бұл сөйлем жалпылап аударылған: After traditional entertainments...
Шығармада ойын түрлері аз кездескенмен, екі аудармада да бұлар толық ашылып және түсінікті етіп түсіндірілген.
5.Үй- жай атаулары
...он алты қанат, шыңқай қара қой жүнінен бастырған сусты қара орда ерекше көзге түседі.
...высилась иссиня- черная, статная из шерсти особой породы овец, шеснадцатикрылая траурная юрта.
...a flock white swans there towered a pitch - black sixteen- wing mourning yurta made from the hair of a special breed of sheep.
Бұл мысалда аудармашылар орда сөзін юрта - yurta деп аударған. Яғни шетел оқырманына бұл сөздер орда сөзінен түсінірек болады деп айтуға болады.
6.Қару- жарақ атулары
...батпан шоқпары...
...девятибатманная палица...
...nine- batman mace...
Біздің ойымызша батпан сөзін толық түсіндіру дұрыс болушы еді, өйткені бұл историзмдер. Келесі мысалдардан да көріп отырғанымыздай кейбір мысалдарда жартылай сипаттама немесе сөзбе- сөз, яғни калька тәсілдің қолданғанын аңғаруға болады:
Сары ала қынапты қисық табан келте қылыш тағынған.
Лишь кривая сабля в позолоченных ножнах...
...a curved sword which was in golden sheath...
Беліңдегі күміс белбеуіне былғары қынды селебе таққан.
...у пояса висел красивый серебрянный кинжал в узорчатых ножнах
...a silver dagger of fine workmanship was danfling from his belt in its brightly patterned sheath
Қорытындылай келсек шығармада қару- жарақтың түрлері аз кездеседі. Бұлар көбінесе жебеге, алдаспан, шоқпар және семсер. Бұнда аудармашылар бұл сөздерге жақын аналог тауып аударған. Сонымен қатар кейбір жерлерде транскрипция тәсілінің қолдануын аңғаруға болады.
7. Әлеуметтік дәрежені білдіретін сөздер
Тұс- тұстан төбе басына сұлтан, әмір, бектер...
Султаны,беки и эмиры...
Sultans, beks, and emirs...
Екі мысалдан көріп отырғанымыздай трансскрипция тәсілі қолданылып, аударылған. Сөйлемде бұл лауазымдар деп аталмайды. Зерттеу нысаны бойынша бұнда лауазымдар екенін атап кеткен жөн болар еді.
Дәл осы кезде Ақжол би...
Акжол- бий
...if Akzhol- Biy
Білектерін сыбанған қожа, молда, мәзін, кәрм, мүриттер
Все ходжи ,муллы, муэдзины, харим и мюриды
Immediately all the hojas, mullahs, mulzzins and murids (novices)...
Бұл лауазымдар басқа тілден енген. Бұнда кең түсініктеме беруге жөн болар еді.
Тек қана мүриттер сөзіне түсініктеме жасалғанын көруге болады:
murids (novices) - яғни novices- послушник.[16]
Сайрам хакімі Қаттібектің бір топ арбабы мен ресми уәкілі келеді.
Арбабы- қаланың белгілі адамдары деген мағынада.
...к нему прибыла группа жителей Сайрама во главе с посланником хакима.
...a group of inhabitants of Sairam headed by a messenger of the head of the city came to him.
Сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz