Химияны оқытудың екілік әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Төлеген Сымбат Әкімжанқызы

Пәнді оқыту әдістемесі курсы барысында өзекті білім беру тиімділігін зерттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012500 - «Химия» мамандығы бойынша 125-28а

Шымкент 2022

Ф. 7. 06-02

Қазақстан республикасының білім және ғылым минстрлігі

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Шағраева Б. Б.

«»2022 ж

Пәнді оқыту әдістемесі курсы барысында өзекті білім беру тиімділігін зерттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В012500 - «Химия»

Орындаған Төлеген С. Ә.

Ғылыми жетекші Дуйсембиев М. Ж. х. ғ. к., доцент

Норма бақылаушы Серикбаева А. М.

Шымкент 2022

Ф. 7. 06-02

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ . . . 4

І ӘДЕБИ ШОЛУ . . . 7

  1. Химияны оқыту әдістемесі . . . 7
  2. Оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері . . . 9

1. 3 Химияны оқыту әдістемесінің жіктелуі . . . 10

1. 4 Химиялық білім беру әдістері . . . 11

1. 5 Дамыта оқыту технологиясы . . . 19

1. 7 Модульдік оқыту технологиясы . . . 22

1. 8 Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы . . . 23

1. 9 Ақпараттық технологиялар . . . 24

1. 10 Технологиялық картаны химия сабағында пайдалану . . . 25

ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ . . . 29

2. 1 Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту . . . 30

2. 2 Химия сабағында технологиялық картаны пайдалану тиімділігі . . . 33

2. 3 8 және 9-сыныптарға химия сабақтарында технологиялық картаны қолданып сабақ өту. Дидактикалық материалдарын дайындау (өздік жұмыстарға, жеке жұмыстарға арналған карточкалар) . . . 40

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 59

Әдебиеттер тізімі . . . 60

3

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Әлемдік қоғамдастықта елдің рейтингісі мемлекеттердің өркениеттілігі мен қуат көзі шикізат байлықтарымен, көне тарихи - мәдени мұраларымен ғана емес, сол ел тұрғындарының ақпараттандырылу деңгейімен және білімділігі мен интеллектуалдық әлеуметтілігімен көрінеді. Білім сапалығы, қазіргі өркениеттегі адамның байлыққа және ресурстарға қол жеткізуін кеңейте түсетін әлемдік ауқымдағы маманның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуші әлеуметтік әділеттік құралы санатында қарастырыла бастады

Қазақстандағы жоғары білім беру соңғы жылдар аясында үздіксіз жетілдіру мен модернизациялану жағдайын бастан өткеріп келеді. Экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім жүйесін қалыптастыру мақсатында жұмыстар істелініп жатыр. Білім - интеллектуалды капиталдың стратегиялық факторы болғандықтан, оны игерудің сапалы әрі тиімді жолдарын іздестіруіміз өте дұрыс. Жоғары оқу орнында оқыту процесін дұрыс басқару үшін, оның заңдылықтарын, оқыту барысында туатын негізгі талаптарын, жалпы ережелерін біліп, ескеріп отыру керек. Мамaндарды дайындау міндеттерінің жылдам шешілуі үшін әсіресе оқу-әдістемелік жағына көбірек көңіл бөліп, оқу -тәрбие процесін жан-жақты етуіміз керек.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарға негізделген кәсіпкерлік қоғам құрудамыз. Қоғамдық әлеуметтік құндылықтар ерекше өзгерістерге ұшырады. Адамдар жекеменшік иесі болып, саяси-экономикалық еркіндік алды. Кәсіпкерлік әр үйдің күнделікті тіршілік тірегіне айналды. Білім ең негізгі факторға айналды. Сол себепті мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі қоғам мүшелерінің шығармашылық қыры қарым-қатынастарына байланысты анықталатын болды. Білім берудің мұндай жаңа парадигмасының алғышарттарын құруға Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары, бағдарламалары негіз болды. Мұндай ресми құжаттарда жекеменшік бостандықпен кәсіпкерлік еркіндікке жол ашылған, нарықтық білім негіздерімен жастарды мектептен бастап таныстырудың, инновациялық білім экономикасына көшудің қажеттіліктері көрсетілген [1, 2] .

Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында “…басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалды ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыратын тұлға қалыптастыру болып саналады” - деп көрсетілген [2, 3] .

Жалпы, білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі, жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын. Осыған орай көпқырлы білім мен тәрбие құрылымды мазмұнды анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды. Сонымен қатар, қай мемлекетті атар болсақ, негізгі тірегі-білікті, білімді, іскер, белсенді адамдар екенін көреміз. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз [4] .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай, интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыстың сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастыра білсе маңызы зор [1] .

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда мектептерде химия пәнін тереңдетіп оқытады. Осыған байланысты мұғалімдер де үлкен дайындықпен әр сабаққа кіру керек. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін өзекті білім беру тиімділігін қарастырып оқытады.

Жұмыстың мақсаты: Химиядан сабақ беру барысында баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқытудың өзекті білім беру әдістерді меңгеру. Техналогиялық карта жасау және оның көмегімен әр оқушының білім деңгейін анықтау.

Жұмыстың міндеті:

- Сабақ мазмұнын ашады.

-Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

-Оқушылардың жылдам әрі тез ойланады.

- Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

- Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

- Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

-Оқытудың белсенді әдістерін, атап айтқанда сабақта қолданылатын проблемалық оқыту әдісін сипаттайды

-Әдістемелік әзірлемені пайдалану тиімділігінің шарттарын сипаттау.

Зерттеу гипотезасы: Пәнді оқыту әдістемесі курсы барысында өзекті білім беру тиімділігін зерттеу Егер:

-мектеп - гимназиясының оқу процесіне педагогикалық техналогия элементтерінің оқыту әдістемесі құрасытырылып енгізілген болса;

-оқу процесіне тиімді технологиялық карта таңдап алып қолданса;

-оқушылардың білім алуы, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың түрлері мен әдіс - тәсілдері тиімді қолданылатын болса.

Алға қойған мақсат пен гипотеза зерттеудің міндеттерін анықтап берді;

  • оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдарын қарастыру;
  • шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу;
  • оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосу;

технологиялық карта жасау және оның химия сабағына қолдану тиімділігін көрсету.

Жұмыстың жаңалығы: Жалпы білім беретін орта мектепте химия сабағында өзекті білім беру арқылы оқушыларды химия сабағына деген ынтасын жоғарылату.

Жұмыстың зерттеу нысаны: Шымкент қаласы, №133-жалпы орта мектебі.

Зерттеу әдістері : анонимді анкеталау, әңгімелесу, тестілеу, бақылау, педагогикалық эксперимент.

Теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы: Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру - кез келген оқу орнының, оқытушының басты міндеті.

ӘДЕБИ ШОЛУ

  1. Химияны оқыту әдістемесі

Химияны оқыту әдістемесі - мұғалімдер дайындайтын ЖОО оқу жоспарындағы негізгі пәндердің бірі. Ол болашақ мұғалімдерді химияны оқыту теориясымен қаруландырып, іс жүзінде күнделікті туындап отыратын жеке әдістемелік мәселелерді ғылыми тұрғыдан шеше білуге әзірлейді.

Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі - ғылым ретінде танылып келеді. Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым және оқу пәні. Химия - заттардың бір - біріне өзгеруін зертейтін ғылым. Сондықтан, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым ретінде түсіну қажет[17, 22] .

Кейбір оқу құралдарында химияны оқыту әдістемесіне (ХОӘ) ғылыми тұрғыдан келесідей анықтама берілген: бұл - жасөспірімдерге химия ғылымың үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі химия курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.

ХОӘ әрі ғылым, әрі оқу пәніне ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын, әдістерін, оқыту түрлері мен құралдарын, оқыту мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі - сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және методика ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз - жасөспірімнің бойына ұжымдық, тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту - білім берудің мазмүнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту - нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы - оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.

Оқыту әрекетін тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың, ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады[33] .

Химияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді (1-ші сызбаңұсқа) .

Химияны оқыту

Мақсаттары мен міндеттері

Мазмұны

Оқыту формалары

Сабақ

беру

Оқу

Құралдары

Әдістері

Нәтижесі

1-cызбанұсқа. Оқыту әрекетінің жеке бөліктері

Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, химияны оқыту методикасы орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда, окулықтар мен оқу кұралдарында баяндалады[18, 23] .

Елімізде қолға алынған әлеуметтік қайта құру әрекеті халыққа білім беру саласын терең қамтып, мектеп реформасын жүзеге асыру тұжырымдамаларын тудырды. Осыған орай мектептегі химия пәнінің мазмұнын жіктеп, түрлендіру міндеті қойылды. Қазірдің өзінде жалпы білім беретін мектептерге және химияны тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептерге арналған бағдарламалар жарық көрді. Орта мектептерімізге ізгілік сипат беру және демократияландыру кезінде бұл бастама жалғасын тауып, оқыту мазмұнының түрленуі арта түспекші. Солардың әрқайсысын саралап, ғылыми жағынан негіздеу - химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі.

1. 2 Оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері

Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынады қолданыла бастады. Педагогика гректің «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынын шыққан. Ертедегі Грецияда өзінің қожайындарының баласын қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.

Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды. Педагогика оқулықтарында, жекеленген ғылымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика берілген анықтамалар көп және әр түрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика тәрбие туралы ғылым. [17, 21] .

Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдар бар.

Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:

  1. Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық - тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс: жас ұрпақтың рухани, дене күштерін дамыту. Тәрбие - қоғамдық тарихи құбылыс, жалпы және мәңгілік категория.
  2. Білім беру - ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т. б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту. Білім - адамның дамуына жағдай тудыратын арнайы ұйымдастырылған ішкі жағдайлар жүйесі.
  3. Оқыту - оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі, білім берудің негізгі жолы.
  4. Даму - адамның физикалық және рухани күш - жігерінің сандық және сапалы жағынан тізбектеле, яғни бірізді өзгеруінің обьективті процесі.

1-ші кестеде педагогика ғылымының негізгі ұғымдары келтірілген.

Кесте 1

Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары

Тәрбие: Тәрбие
Тәрбие: қарым - қатынас
дүниетаным
мінез - құлық
Тәрбие: Білім беру
Тәрбие: білім
іскерлік
дағды
Тәрбие: Оқыту
Тәрбие: сабақ
білім беру
үйрету

Педагогика ғылымының міндеті - зерттеу жүргізу, ал мектептің, жоғары мектептің міндеті - оқушылар мен студенттерге тәрбие мен білім беру. Сонымен қатар педагогика ғылымының басты міндеті - білім, тәрбие беру мен сол жүйелердің заңдылықтарын ашу, анықтау, инновациялық процестердің теориялық, әдіснамалық негіздерін айқындау, жасап шығару және іс-тәжірибе мен зерттеу жұмыстарының байланыста болуын қадағалау.

Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақта құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандартын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы - мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық талдау жасау және т. б. [15]

Педагогика ғылымының зерттеу әдістері. Ғылымның міндеті - зерттеу жұмыстарын жүргізу. Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмыстарында, осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, физика немесе химия жасаған зерттеу жұмысын бірнеше рет қайталап жасаса да, белгілі бір нәтижені алуы мүмкін, алады да [17, 27] . Ал педагог - зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашан ала алмайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде бірқатар шарттар орындалуы тиіс: белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы; белгілі бір жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі; зерттелінушінің ынта-ықыласымен қызығушылығын ескеру. Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский және Песталоцийлар қолданған. Оларға жататындар: байқау (бақылау) ; тәжірибені зерттеу; мектеп құжаттарына талдау жасау; әңгіме; оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, зерттеу; педагогикалық эксперимент; педагогикалық тест және т. б.

1. 3 Химияны оқыту әдістемесінің жіктелуі

Химияны оқыту әдістемесін зерттеуді үш мәселеге топтастыруға болады:

1. Химия не үшін оқылады ?

2. Химия нені оқытады?

3. Химияны қалай оқытады және оқытудың нәтижесі қандай ?

Бірінші сұрақтың жауабы мектеп химия курсындағы материалдарды іріктеп алу арқылы анықталады. Ол үшін химия ғылымының даму логикасы мен тарихы, теориялық және нақты материалдардың өзара қатынасы ескеріледі.

Екінші сұраққа былай жауап беруге болады:

1) химияны оқыту әдістемесі оқушының жас ерекшіліктеріне қарай оқу материалдарынның мазмұнына сай қарастыруға нұсқау береді;

  1. оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасайды;

3) оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары мен жаттығуларына бағыт сілтейді.

Бұл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту әдістемесі педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т. б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу, дидактикалық материалдарды пайдалану және т. б. 2-ші кестеде оқыту әдістемелерінің жіктелуі көрсетілген.

Кесте 2

Оқыту әдістемесінің жіктелуі

Жіктелудің негізі: Жіктелудің негізі
Жіктелудің негізі: Біліктіліктің мінездемесі (жалпы әдістемесі)
Білім алу түрлері (жеке қолданылатын әдістер)
Мұғалім- оқушы арасындағы жұмыс түрлері (белгілі әдістер)
Жіктелудің негізі:

Иллюстративті-түсіндірмелік

Эвристикалық

Ғылыми зерттеушілік

Сөздік

Сөздік-көрнекілік

Сөздік-көрнекілік

Тәжірибелік

Лекция, әңгіме, түсінік-теме, зертханалық және практикалық жұмыстар, есептер шығару, бақылау жұмыстарды орындау, кеспе, тест, есеп, емтихан және т. б.

Химия оқыту барысында сан алуан өзгерістер болып тұрады. Зерттеуші өзі ықпал жасамай, табиғи құбылыстарды өз қалпында, єр құбылыстың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды, олардың өзге құбылыстармен байланысын, өзара қатынасып ашып береді[28] .

1. 4 " Х имиялық білім беру әдістері"

Әдістемелік әдебиеттерде кейбір авторлар (и. Н. Борисов) химияны оқыту әдістерін мұғалімнің оқушылардың білімін, іскерлігін және дүниетанымын қалыптастыратын құралдар мен әдістердің жиынтығы ретінде қарастырады; басқалары (Д. М. Кирюшкин, В. С. Полосин) - кез-келген оқу мақсатына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін біріктіру нысаны ретінде; басқалары с. Г. Шаповаленко) - мазмұнды өзін-өзі дамытудың ішкі формасы ретінде. В. П. Гаркуновтың пікірінше, химияны оқыту әдістері тек мазмұнды ғана емес, сонымен қатар бүкіл оқу процесін, соның ішінде химияны оқыту құралдарын, оқушылардың химиялық білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің қызметін, сонымен қатар оқушылардың қызметін қамтиды. Білімді игеруге, дағдыларды игеруге байланысты. Г. М. Чернобельская оқыту әдісін мұғалім мен ол басқаратын оқушылардың мақсатты бірлескен іс-әрекетінің түрі (тәсілі) ретінде анықтайды. Көріп отырғаныңыздай, химияны оқыту әдістерінің әр анықтамасының өзіндік артықшылықтары бар. Химияны оқыту әдістерінің мәнін сипаттауға жан-жақты және көп өлшемді көзқарас айқын көрсетілген. Химияны оқыту әдістері-бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі арқылы химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу тәсілдері (М. С. Пак) . Химиялық білім беру әдістері-бұл мұғалім мен оқушылардың реттелген және өзара байланысты білім беру қызметі арқылы химиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу тәсілдері. Бұл анықтама бұрынғыға қарағанда кеңірек, өйткені білім беру-бұл оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тұтас процесі. Сондықтан химиялық білім беру әдістері деп тұтас өзара байланыста жұмыс істейтін оқыту әдістерін, білім беру әдістері мен даму әдістерін түсіну керек. Әдістер-бұл жиынтық емес, түрі де, формасы да емес әдістер. Мұғалім мен оқушылардың ретке келтірілген іс-әрекеті деп, ең алдымен, білім беру процесі субъектілерінің (мұғалімдер мен оқушылардың) мақсатты бірлескен іс-әрекеті, олардың белсенді өзара іс-қимылы, оқушылардың оқу процесінің оқу процесіне сәйкестігі және керісінше (Оқу процесі оқу процесіне), оқу іс-әрекетінің технологияларының, нысандарының, құралдарының, мазмұны мен әдістерінің химиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі түсініледі.

Химиялық білім беру әдістерінің жіктелуі

Химия пәнінің мұғалімі (жаңадан бастаушы немесе тәжірибеші) химиялық білім берудің оңтайлы әдістерін таңдау және жүзеге асыру процесінде алдымен олардың жұмыс істеу деңгейлерін ескеруі керек:

1. әдістемелік деңгей. Әдіснамалық деңгейде, мысалы, интегративті тәсіл жұмыс істейді. Бұл тәсіл жалпыға ортақ байланыс пен химиялық және танымның басқа да объектілерінің өзара тәуелділігі туралы жетекші идеяны, материяның, қозғалыс пен энергияның (атап айтқанда, химиялық) әртүрлі нысандарын үздіксіз интеграциялау және саралау идеясын жүзеге асыру, жаратылыстану және гуманитарлық білім беру мәселелерін, химиялық және басқа ғылымдардың өзара байланысын тұтас шешу үшін дидактика мен химияны оқыту әдістемесіне сәйкес келеді.

2. Жалпы логикалық деңгейі. Дидактиканың осы әдіснамалық деңгейінде және химияны оқыту әдістемесінде индукция, дедукция, ұқсастық, талдау, синтез, салыстыру, салыстыру, нақтылау, абстракция, жалпылау, жүйелеу, модельдеу, болжау, интеграция әдістері кеңінен жұмыс істейді

3. Жалпы педагогикалық деңгейі. Бұл деңгейде химияны оқытуда (және химиялық білім беруде) презентация әдістері (дәріс, әңгіме, сипаттама, баяндау және т. б. ), әңгіме, өзіндік жұмыс қолданылады.

4. Дидактикалық-әдістемелік деңгей. Бұл деңгейде химияны оқытудың нақты әдістері, химиялық зерттеу әдістері жұмыс істейді (В. П. Гаркунов) . Оларға: химиялық объектілерді және олардың бейнелерін бақылау; Химиялық эксперимент; химиялық объектілерді модельдеу (статикалық және динамикалық, құрылымдық-ұқсас және функционалдық-ұқсас, аналогтық және символикалық-графикалық) ; химиялық объектілерді сипаттау; химиялық фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; химиялық объектілерді болжау жатады. Білім беру тәжірибесінде әдістердің жұмыс істеуінің 3 деңгейін ескеру қажет (1-схеманы қараңыз) .

барлығы пайдаланады

Жалпы логикалық

педагогтер, дидактілер, әдіскерлер

Жалпы педагогикалық

тек химияны оқыту кезінде

Ерекше химиялық

2-cызбанұсқа. Химиялық білім берудегі әдістер деңгейлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыстар
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Оқытудың дидактикалық ұстанымдары
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Химияны оқытуда проблемалық әдістің ерекшелігі
Виртуалды зертханалардың оқу процесінде жиі қолданылатын дәлелдер
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Проблемалық оқыту процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz