Шет тілі сабағында рөлдік ойындарды қолданудың маңызы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ КМК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Шетел тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырып: «Шет тілі сабағында рөлдік ойындарды қолданудың маңызы»
Орындаған:
Студент: Асылбекова Мадина
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілік: 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»
Топ БШТ-41
Тексерген:
Оқытушы: Дощанова Б. Б
(Қолы)
Павлодар, 2022 жыл
Мазмұны
Қолданылған әдебеиттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Біздің курстық жұмыс бойынша таңдаған тақырыбымыз «Шет тілі сабағында қолданылатын рөлдік ойындардың маңызы» болғандықтан осы тұрғыда бірнеше сұрақ туындайды. Олар: « ағылшын тілін үйрету барысында рөлдік ойындарды қолдану қаншалықты тиімді?»; «рөлдік ойындар арқылы тақырыпты тез меңгеруге болады ма?»; « рөлдік ойындарды ойнау балаларға қиын соқпай ма?» .
Қойылған сұрақтарды талқылай келе, « Таңдалған тақырыптың маңыздылығын мен былай түсіндірер едім: Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану - бұл оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап, өткізілген тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік берумен қатар, оларды керекті сөз бірліктерін үйренуге жаттықтырады. ».
Зерттеу нысаны : Рөлдік ойындардың маңызы
Зерттеу пәні: рөлдік ойындарға оқыту үдерісі
Зерттеу мақсаты : Оқушылардың ағылшын тілін тез меңгеруі үшін, рөлдік ойындардың тиімділігін ойластыру.
Зерттеу міндеті :
1) шет тілі сабағында рөлдік ойындарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру;
2) бастауыш сынып оқушылары үшін рөлдік ойын әдісін қолдану арқылы ойын технологиясын жасау;
3) бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағына арналған рөлдік ойынды эксперименттік тексеру.
Зерттеудің ғылыми болжамы :Егер ағылшын тілі сабағында Рөлдік ойындар қолданылса, оқушылардың ағылшын тілін дамытуы және терең меңгеруі қамтамасыз етіледі.
Зерттеу Әдістері:
бақылау, эксперимент, тексеру, талдау .
- зерттеу тақырыбымен байланысты әдебиеттермен оқып пайдалану және бақылау;
- әдістемелік құралдарды зерттеу тақырыбына орай тексеру;
- оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау;
- мектепте практикада үйренген және жүргізген тәжірибеммен эксперимент ретінде бөлісу
Бүгінгі күнде- шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты- тіл үренушілерді шет тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Осындай әдістердің ішінде коммуникативтілік әдісті алға қоюға болатыны сөзсіз. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын арттыру, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту - өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, олардың шығармашылық қабілетіне жол ашу. Шетел тілін оқытудың ұтымды әдістерін қолдану нақ бір ғана технологияны бастан-аяқ қол деп түсінген дұрыс емес. Әр технологияны немесе сол технологияның қандай да бір элементтерін сабақ барысында қандай да бір сатыда тиімді қолдану, жандандыру нәтижеге жеткізеді. Жұптық жұмыстың да шетел тілін үйретудегі алатын орны ерекше. Балалар белгілі бір тақырып бойынша диалог құра отырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады. Топпен жұмыс оқушылардың бойында жауаптылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыта отырып, оқушыларды өзара көмекке, бірлесе ізденуге дағдыландырады. Оқытудың ұтымды әдістері оқушылардың шетел тілін оқуға қызығушылығын, сауаттылығын арттыруға, ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға, сөздік қорын байытып қана қоймай, баланың бойындағы мақсаткерлік, дербестік, адамгершілік, белсенділік, тағы басқа да жақсы қасиеттерді дамытатыны сөзсіз. Бұл әдіс бойынша оқытудың мақсаты - сөйлесу, сөйлету. Сөйлеу бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырылуы қажет. Міне, бұл - коммуникативтілік әдістің негізгі міндеттерінің бірі. Ал, қарым-қатынас мақсаты - өзара қарым-қатынас жасаумен байланысты міндеттерді шешу. Ойын - ойнатудың әдістемелік мәні және жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату аяқ астынан болғандықтан, ойламаған жерден ойынға кірісу қызығушылықты тудырады. Ойын ойнау барысында оқушы ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді де, белсенділік пайда болады, үйренушілер лидерлік танытады. Тілді үйренгісі келмейтін адамның өзі ойын ойнаған кезде, оны ұмытып кетеді. Ойын қатысымдықты қалыптастыратын әдіс болғандықтан, ол оқытудың ешбір әдіс-тәсілімен салыстыруға келмейді. Шет тілі сабағын ойын арқылы оқыту барысында үренушілердің пәнге деген көзқарасы өзгеріп, өзге және өзінің досын басқаша көруге мүмкіндік туады. Ойынды қолдану оқу үрдісінің басқа шақтарына да жақсы әсер етеді. Рөлдік ойынның мәні: а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы қатынас жасауына деген қызығушылығын арттырады; ә) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады; б) тіл үйренушінің шет тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады. Рөлдік ойындар студенттердің болашақ мамандығының ерекшелігімен толығырақ танысуға да септігін тигізеді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz