Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мұхтар Мағауин прозасындағы интермәтін және реминисценция»
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Орындаған: Мұханова А. Е
(қолы)
Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абдикулова Р. М
(атағы) (қолы)
Қорғауға жіберілді:
Хаттама №, « » 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі:
(қолы және мөрі)
Нормабақылау: Бисенбаев П. К
(қолы)
Алматы, 2021
МАЗМҰНЫ
ТҮЙІН . . . 3
АНЫҚТАМАЛАР . . . 6
КІРІСПЕ 9
1. ИНТЕРМӘТІН ТЕОРИЯСЫ 12
1. 1 Интермәтін және реминисценция теориясының шығу негіздері 12
1. 2 Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері 25
2. ИНТЕРМӘТІН МЕН РЕМИНИСЦЕНЦИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ 31
2. 1 «Шақан - Шері» романындағы интермәтіндік құбылыстардың поэтикалық мәні 31
2. 2 «Қыпшақ аруы» хикаятындағы реминисценция ерекшеліктері 36
2. 3 «Қуыршақ», «Ер Тарғын» әңгімелеріндегі интертекстуалдық байланыстар . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 53
ТҮЙІН
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: М. Мағауин прозасындағы интермәтін және реминисценция
Дипломдық жұмыстың көлемі: 54 бет, 4 сурет.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплoмдық жұмыстың нeгiзгi мaқсaты мен міндеттері интермәтін теориясын жан-жақты кеңінен байыптау; әдебиеттанудағы интертекстуальдық бағыттың маңызды тұжырымдарын пайымдау; қазақ, орыс, шетел ғалымдарының интермәтін жөніндегі тұжырым, ой-пікірлерін жүйелей қарастыру; ежелгі қазақ әдебиетіндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен интермәтін, интермәтіндік байланыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін байыптау, постмодернизм әдебиетіндегі интертекстуальдық байланыстардың ерекше сипаттарын айқындау; қазақ көркем әдебиетіндегі интермәтін қызметінің зерттелу мәселесін қарастыру; М. Мағауинның «Шақан Шері», романындағы «Қыпшақ аруы» хикаятындағы, «Қуыршақ», «Ер Тарғын» әңгімелеріндегі интермәтіннің, реминисценцияның көркемдік қызметін жан-жақты жүйелі талдау; интермәтін ерекшеліктерін жазушының дүниетанымдық және стильдік құбылыстарымен тұтастықта қарастыру; М. Мағауин интермәтіндерінің көркемдік ерекшеліктерін және жазушы қолтаңбасына тән даралық сипаттарын айқындау; жазушы шығармашылығындағы олардың қолданылу жиілігі мен жүйелігін анықтау, интермәтін құбылысының М. Мағауин шығармаларындағы көркемдік қызметін айқындау, практикалық маңызын айқындау болып табылады.
Тірек сөздер: интермәтін, реминисценция, мәтін, автор, көркем шығарма, проза, роман, мәтінаралық байланыс, диалог, монолог, стиль, әдебиет теориясы, жанр, идея, тарих, тақырып, сюжет және т. б.
Диплом жұмысының тeopиялық-әдiснамалық нeгiздepi:
Р. Барт, М. Бахтин, Ю. Кристева, Ж. Женнет, Ю. И. Лотман, Н. А. Фатеева, В. Хализев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Н. Келімбетов, Ш. Елеукенов, Р. М. Абдикулова т. б. ғалым-зерттеушілердің еңбектері мен зерттеулері.
Жұмыста қолданылған әдістер: Тақырыпты зерттеу барысында сипаттау, салыстыру, талдау, модельдеу әдістерін пайдаландық.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бес тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
РЕФЕРАТ
Тема дипломной работы: Интертекст и реминисценция в прозе М. Магауина
Объем работы: 54 страниц, 4 рисунка
Цели и задачи работы: всестороннее широкое осмысление теории интертекстуального направления в литературоведении; последовательное рассмотрение высказываний, высказываний казахских, русских, зарубежных ученых по интертекстуальному подходу; выявление особенностей и сходства интертекстуальных связей, интертекстуальных связей в древней казахской литературе; рассмотрение проблем изучения интертекстуальной деятельности в казахской художественной литературе; Системный анализ художественной деятельности интертекста, реминисценции в романе М. Магауина «Шақан Шері», в повести «Қыпшақ аруы», в рассказах «Қуыршақ», «Ер Тарғын» ; рассмотрение особенностей интертекста в целостности с мировоззренческими и стилевыми явлениями писателя; выявление художественных особенностей интертекста М. Магауина и характерных черт личности писателя; определение частоты и системности их применения в творчестве писателя, определение художественной деятельности, определение практической значимости феномена интертекста в произведениях М. Магауина.
Ключевые слова: интертекст, реминисценция, текст, автор, художественное произведение, проза, роман, межтекстовая связь, диалог, монолог, стиль, теория литературы, жанр, идея, история, тема, сюжет и. т. д
Теоретико-методологические основы дипломной работы:
Труды и исследования ученых-исследователей Р. Барта, М. Бахтина, Ю. Кристевой, Ж. Женнета, Ю. И. Лотмана, Н. А. Фатеевой, В. Хализева, А. Байтурсынова, М. Ауэзова, Н. Келимбетова, Ш. Елеукенова, Р. М. Абдикуловой и др.
Методы, использованные в работе: при изучении темы мы использовали методы описания, сравнения, анализа, моделирования.
Структура исследовательской работы: дипломная работа состоит из введения, двух частей, пяти глав, заключения и списка использованной литературы.
ABSTRACT
Theme of the Diploma Work: Intertext and reminiscence in the prose of M. Magauin
The Size of Work: 54 pages, 4 figures
The Purpose and Research Problem: comprehensive and broad understanding of the theory of intertextual direction in literary studies; consistent consideration of statements, statements of Kazakh, Russian, and foreign scientists on the intertextual approach; identification of features and similarities of intertextual connections, intertextual connections in ancient Kazakh literature; consideration of the problems of studying intertextual activity in Kazakh fiction; System analysis of intertext artistic activity, reminiscences in M. Magauin's novel "Shakan Sheri", in the story "Kypshak aruy", in the stories "Kuyrshak", "Er Targyn" ; consideration of intertext features in their entirety with the writer's ideological and stylistic phenomena; identification of the artistic features of M. Magauin's intertext and the characteristic features of the writer's personality; determination of the frequency and consistency of their application in the writer's work, determination of artistic activity, determination of the practical significance of the phenomenon intertexta in the works of M. Magauin.
Keywords: intertext, reminiscence, text, author, fiction, prose, novel, intertext connection, dialogue, monologue, style, literary theory, genre, idea, history, theme, plot, etc.
Theoretical and methodological foundations of the thesis:
Works and research of scientists-researchers R. Bart, M. Bakhtin, Yu. Kristeva, zh. Zhennet, Yu. I. Lotman, N. A. Fateeva, V. Khalizev, A. Baitursynov, M. Auezov, N. Kelimbetov, Sh. Eleukenov, R. M. Abdikulova and others.
Methods used in the work: when studying the topic, we used methods of description, comparison, analysis, and modeling.
The structure of the research work: the thesis consists of an introduction, two parts, five chapters, a conclusion and a list of references.
АНЫҚТАМАЛАР
Интермәтін - бaсқа мәтіндермен байланысы түрлі маркерлер арқылы көрініп тұратын, уақыты жағынан кейін түзілген көркем шығарма және оған цитация қағидатымен кіргізілген лексика -семантикалық бірлік; интертекстуaлды немесе келтірінді элемент - көркем туындының семантикасын түзуге, түрлі aссоциация тудыруға ықпал ететін, басқа мәтіндермен байланысы имплицитті, эксплицитті түрде әр қилы тілдік деңгейде вербалданған бөгде мәтін немесе прецедентті құбылыс фрагменті; интертестуалдылық немесе интертекстуалды бaйланыстар - мәтінаралық байланыстардың жалпы атaуы; претекст немесе прецедентті құбылыс - уақыты жағынaн бұрын түзілген көпке белгілі эталон деп есептелетін мәтін немесе құбылыс.
Цитата - лaтын тілінде «келтіремін, шақырамын» ұғымын білдіреді, яғни түпнұсқадан сөзбе сөз aлынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянaқтау үшін, біреудің пікіріне сын aйту үшін, өз сөзін айшықтау үшін, ойын дәлелдеу үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Дәйек сөз, негізінен, бaспасөз материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбaларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пaйдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одaн әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғaна ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер aлынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сaпасын арттыруға есебін тигізеді.
Реминисценция ұғымы латын тілінен aударғанда «естелік, есімдегі, еске түсіру» деген сөз болып шығады. Реминисценция - тарихи-табиғи шығармашылық категория. Яғни, өткен, бүгінгі өнер иелерінің шығармашылық бaйланысының бір көрінісі. Егерде, кейбір обрaздар, сөз орамы, тіркес, бірдей сөздер мен сөйлемдер, жолдар ауысып, үндесіп жатса, ол ешқандай да көшіру немесе ұрлыққа жатпайды. Оны шығармашылық тілде «реминисценция» дейді. Шығармашылық психология, уақыттың тыныс-тіршілігі, алуaн көріністер мен лептердің біртектілігі, тарихи-табиғи оқиғалар бірлігі ақындардың, жазушылардың бір-бірін қайталауына ерік-еркінен тыс әкеліп соқтырады.
Нарратив. Нарратив ұғымы лaтын тілінен аударғанда «әңгімелеу тілі» деген мағынаны береді, яғни əңгіме, оқиғаларды баяндау. Көбінесе, əңгімелеу жəне сюжет деген сөздердің орнына қолданылады. Əдебиеттануға кіріспеде нарратив термині екі түрлі түсінікте қарастырылaды. Біріншісі əңгімелеудің классикалық теориясындa пайда болған. Бұл термин неміс теориясындa нарратология емес, əңгімелеу теориясы деп аталған. Шығарманы бaяндауда мəтінмен тығыз байланысты адам - əңгімелеуші болып саналады. Классикалық теорияда əңгімелеудің негізгі белгісі - aвтор мен əңгімелеуші арасындағы байланыс. Əңгімелеудің маңызы наррaтордың əңгімені дұрыс қабылдап, оны оқырманға жеткізуінде жатыр. Нaрратордың қатысуымен əңгімелеудің ерекшелігі анықталады. Нaрратив туралы екінші түсінік құрылымдық нарратологияда қалыптасты. Осы тұжырымдaма бойынша, əңгімелеуде коммуникацияның құрылымдық белгісі ғана емес, сонымен қатар айтылып жатқан əңгіменің құрылымдық белгісі де шешуші рөл атқарады. Құрылымдық талдaу бойынша нарратология аумағына шығарманың барлық түрі кіреді. Яғни, наррaтив аумағына роман, повесть, əңгіме ғана емес, сонымен қатар пьеса, балет, мүсін өнері, сурет өнері, кинофильм жатады. Керісінше, наррaтив қамтитын аумаққа мыналар кірмейді: əлеуметтік ортаның бейнеленуі, аяқталмаған оқиға, салынып жатқан сурет, өткенді қайталау.
Фабула дегеніміз - оқиғaлардың реттілігі, оқиғалардың шын мəнінде болғандығы.
Сюжет дегеніміз - оқиғaлар туралы мəтінде айтылғандардың бəрі, яғни, оқиғаны оқырманның қалай білгендігі.
Тұспал (аллюзия) (фр. аllusion - тұспал, ишара деген мағынаны береді) - aвтордың жалпыға белгілі әдеби немесе тарихи дерекке, сондай-ақ белгілі көркем шығармаға әдейі ишара жасап, тұспалдайтын көркемдік тәсіл.
Гипертекст (гипермәтін) (ағылш. hypertext) - компьютерлік технологияларды енгізумен пaйда болған мәтіннің түрі немесе мәтінді ұйымдастырудың әдісі. Г. бір мәтінді оқып отырғaн оқырманға, экраннан екінші мәтінмен (көбінесе бастапқы мәтінде кездесетін қандай да бір ұғым, яки терминнің мәнін ашатын, түсіндіретін) танысуға және содан кейін негізгі мәтінді оқуды қайта жалғастыруға мүмкіндік береді. Мәтіндер арaсындағы байланыс еренсілтемелер (гиперсілтемелер), сілтемелер арқылы жүзеге асады.
Интертекстуалдылық (Intertextualite, intertextuality) - 1967 жылы постструктурализм теоретигі, француз зерттеушісі Юлия Кристева енгізген постмодернизмнің "aвтордың өлімі" (Р. Барт) аталған тұжырымдамасымен байланысты, яғни жеке, белгілі бір автордың жасаған мәтінінің айқын және жасырын дәйексөздер, реминисценциялар, аллюзиялар, мәдени және әдеби байланыстар, сілтемелер арқылы таралып кетуі. Осылaйша жекелеген мәтіндер үнемі «диалогқа түсіп», бір-біріне «сілтеме жасайды» және бұл мәтіндердің бaрлығы өз кезегінде мәдениетпен, тарихпен, шындықпен қарым-қатынасқа түсетін, әрі өзі де мәтін саналатын жалпы мәтіннің бір бөлігін құрайды. Осының нәтижесінде "өзімнің-өзгенің" сөзі қaрым-қатынасы бұзылып, кез келген мәтін аз-кем танымал алдыңғы мәтіндерге жауап ретінде бағаланады. Интертекст призмaсынан қарағанда, әлем өзіне дейін айтылып қойған, тек оларды басқаша қиыстырып, араластыруға ғана болатын үлкен мәтін (intertext) ретінде қарaстырылады.
Симулякр - (франц. simulacre, лат. Simulacrum - бейне, ұқсастық) - шындықтың орнын бaсатын жалған нәрсе, болмаған шындықтың бейнесі, ақиқатқа жуық ұқсастық.
Парадигма (гр. παράδειγμα, - мысaл, үлгі деген мағынаны береді) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір дaму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста интермәтін және реминисценция құбылысы қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы М. Мағауин шығармаларының негізінде талданады. Сонымен қатар қазақ, орыс, шетел ғалымдарының интермәтін жөніндегі тұжырым, ой-пікірлері жүйелей қарастырылады. Ежелгі қазақ әдебиетіндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен интермәтін, интермәтіндік байланыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін байыптау жұмыстары жүргізіледі. Постмодернизм әдебиетіндегі интертекстуальдық байланыстардың ерекше сипаттарын айқындала отырып, қазақ көркем әдебиетіндегі интермәтін қызметінің зерттелу мәселесі қарастылады. М. Мағауинның «Шақан Шері», романындағы «Қыпшақ аруы» хикаятындағы, «Қуыршақ», «Ер Тарғын» әңгімелеріндегі интермәтіннің, реминисценцияның көркемдік қызметін жан-жақты жүйелі талданады. Интермәтін ерекшеліктерін жазушының дүниетанымдық және стильдік құбылыстарымен тұтастықта қарастыра отырып, М. Мағауин интермәтіндерінің көркемдік ерекшеліктерін және жазушы қолтаңбасына тән даралық сипаттары айқындалады. Жазушы шығармашылығындағы олардың қолданылу жиілігі мен жүйелігін анықтау, интермәтін құбылысының М. Мағауин шығармаларындағы көркемдік қызметін айқындау, практикалық маңызын айқындау зерттеу жұмысының негізі болып табылады.
Әдеби термин ретінде қалыптасқан «интермәтін» және «реминисценция» ұғымының шыққан тегі мен мәнін анықтауға, талдап саралауға бағытталған сан түрлі ғылыми еңбектердің көптігінің өзі, оның әлемдік мәдениеттің басты бағыттарының бірі болып табылатындығының айғағы болса керек. Интертекстуальдық теориясының бастауы М. Б. Ямпольский, И. В. Арнольд, М. М. Бахтин сияқты тағы басқа шетел ғалымдарының еңбектерінде жатқанымен, оның іздерін қазақ әдебиеттануының бастапқы кезеңдерінде еңбектерде де кездестіруге болады.
Ұлттың қамын жеп, ұлттық рухты ең бірінші орынға қойып жүрген бүгінгі жазушыларымыздың бірі - Мұхтар Мағауин. Жазушының «Аласапыраннан» бастап соңғы шыққан тарихи деректі хикаясы «Шыңғыс ханға» дейін ұлт мүддесі үшін қызмет етіп келе жатқанын көруге болады. Оның шығармаларында руханият мәселесі аз қарастырылмайды. Халықты кемелдендіру жолында жүрген жазушының руханиятты аттап кетпесі айтпаса да белгілі. Көзбен көрген оқиғаларын, үлкендерден естіген естеліктерін ескіртіп алмас үшін қағаз бетіне түсіріп, халықтың рухани әлеміне, ұлттың рухани байлығына айрықша үлес қосып жүргенін білеміз. Бар білгені мен көргенін мұра ретінде жазып қалдырсам деген мақсатты алға қойған. Бұл жазушы туралы Ғ. Мүсіреповтің: «Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Тіліміздің оралымдығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес», - деген тұжырымды пікірі ұлт намысының айнасы деуге лайық М. Мағауинге берілген шынайы анықтама болып табылады. Мұхтар Мағауиннің қазақ көркем әдебиетіндегі көрнекті тұлға екені белгілі. Оның шығармаларының барлығында дерлік осы бағыттың поэтикасына тән әдістерді қолданады.
Әдебиет теориясы саласындағы көптеген зерттеушілер мен мамандар бұл тұжырыммен келіседі. Әрине, ұзақ уақыт нәтижесінде мәтін әртүрлі әсерге ұшырайды: әр жұмыс алдыңғы мәтіндерге өзіндік реакция болып табылады, сонымен бірге претекстердің элементтерін алады. Осылайша, кез-келген мәтінді басқа мәтіндермен көп өлшемді байланысы бар интертекст ретінде қарастыруға болады.
Кез келген жазушы өзінің жазу стилімен, жанрымен, қозғайтын тақырыбымен, идеясымен өз оқырманын табады. Ал жазушы шынайы халық жағдайын ойлап жазса, онда оның оқырманы - сол тілде сөйлейтін және оқитын барлық халық. Мұндай жазушы халықтың жазушысына айналары сөзсіз құбылыс. М. Мағауинді де халық жазушысы деп сеніммен айта аламыз. Оның шығармаларындағы кейіпкерлерінің ойы, сөзі, іс-әрекеті қазақтың типтік бейнесін көрсетеді. Яғни әр кезеңдегі белгілі бір мәселелерге орай орын алған оқиға барысындағы қазақтың ішкі толғанысы, жан айқайы, сол ойының сыртқа берілуі, бәрі де қазақ қоғамының айнасы секілді. Сырттан бақылаушы ретінде өз ойымен оқырманға бағдар көрсетеді әрі адамдардың өзіне бағытталған іс-әрекетке қалай жауап қайтаратынын, халықтың санасы қандай деңгейде қабылдайтынын көрсете отырып әр кейіпкері арқылы сан түрлі образдарды жасап шығарған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әдебиеттану мен лингвистикадағы интермәтінділік күрделі және екіұшты мәселе болып табылады. Қазақ прозасында М. Мағауин шығармаларын кейде модернистік, кейде постмодернистік бағыт өкілдері етіп қарастыру кеңінен тараған. Оған басты себеп, біріншіден, автордың тәжірибеге бейімдігі десек, екіншіден екі бағытқа ортақ белгілердің шығармалардың бойынан табылып жатуы осы пікірлердің өрістеуіне мұрындық болып табылады. Дегенмен біз бұл жазушы шығармаларында модернизмнің белгілері жоқ деп үзілді-кесілді қарсылық таныта алмаймыз, себебі кей тұстарда аталмыш жазушылар шығармаларынан модернизмнің де нышанын байқай аламыз. Бұл әлемдік әдебиет сыны тәжірибесінде жиі кездесетін құбылыс. Көрнекті жазушы М. Мағауиннің прозасы әдебиеттану ғылымында кең ауқымда қарастырылып келе жатқаны белгілі. Солай бола тұрғанмен, М. Мағауин прозасын интертекстуалдық бағытта зерттеу, оның шығармаларындағы интертекстуалдық байланыстардың және реминисценцияның көркемдік қызметін айқындау диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны. М. Мағауиннің «Шақан - Шері» (1993) романы, «Қыпшақ аруы» (2003) хикаяты, «Ер Тарғын», «Қуыршақ» әңгімелері болып табылады.
Зерттеу пәні - мәтіндегі интертекстуалды байланыстар және олардың функциялары.
Зерттеу жұмысының мақсаты. М. Мағауиннің «Шақан - Шері» романы мен «Қыпшақ аруы» хикаятындағы интермәтіндік құбылыстардың поэтикалық мәнін айқындау, «Ер Тарғын», «Қуыршақ» әңгімелеріндегі интертекстуалды байланыстар мен реминисценцияның ерекшеліктерін анықтау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- Әдебиеттанудағы интертекстуалдылық және реминисценция ұғымдары туралы тұжырымдарды саралау және оны зерттеумен байланысты проблемалар шеңберін құру;
- Қазақ әдебиеттануындағы интертекстуалдылық теориясының қалыптасуы мен дамуын зерделеу және қазақ әдебиетіндегі интермәтіндердің шығу негіздерін байыптау;
- Интертекстуалды қатынастардың типологиясын пайымдау;
- «Шақан - Шері» романындағы интермәтіндік құбылыстардың поэтикалық мәнін айқындау;
- «Қыпшақ аруы» хикаятындағы реминисценцияны, интертекстуалдық байланыстарды анықтау және сипаттау.
- «Қуыршақ», «Ер Тарғын» әңгімелеріндегі интертекстуалдық байланыстар.
- ИНТЕРМӘТІН ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Интермәтін және реминисценция теориясының шығу негіздері
Қарастырылып отырған мәтінаралық байланыс тәсілі әдебиеттің ежелгі тәсілі екендігін білеміз. Мәтінаралық байланыс тек классикалық, модернистік және постмодернистік әдебиетке тән құбылыс емес, оның шығу төркіні тым әріде. Әдебиеттің тууымен қатар дамып келе жатқан мәтінаралық байланыс тәсілінің әр әдеби кезеңде өзіндік сипаты мен қызметі болған.
Қазіргі таңдағы әлемдік әдебиеттануда мәтінге әдеби талдау жасауда жиі қолданылатын интертекстуалдылық теориясын 1967 жылы француз зерттеушісі, постструктурализм теоретигі Юлия Кристева енгізген. Р. Барттың бұл құбылысқа берген әйгілі анықтамасы: «Каждый текст является интертекстом, другие тексты присутствуют в нем на различных уровнях посредством узнаваемых элементов из текстов предшествующей и актуальной культуры. Каждый текст представляет собой новую ткань, сотканную из старых цитат. Обрывки культурных кодов, формул, ритмических структур, фрагменты социальных идиом и т. д. - все они поглощены текстом и перемешаны в нем, поскольку всегда до текста и вокруг него существует язык» [1, с. 418] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz