ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ЭТИМОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Этимологияның ғылыми негіздері . . .
1. 2 Оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттырудың педагогикалық
шарттары . . .
2 ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ . . .
2. 1 Этимологияны меңгертуде жаттығу жұмыстары мен талдау әдістері . . .
2. 2 Этимологияны меңгертуде оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудың эксперимент нәтижелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзeктiлiгi. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойындағы ақпартты өздері іздеп табатын, және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатын деңгейге көтерілу болып табылады.
Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді. Соған сәйкес, мектеп оқушылары төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:
- Білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;
- Оқу біліктері негізін меңгерген, өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;
- Мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын.
Жалпыға бірдей білім берудегі мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты да жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін төмендегідегі сипаттармен көрсетеді:
- Оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;
- Рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие;
- Білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;
- Оқушылардың физиологиялықжәне психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;
- Оқушының даралығын сақтау және қолдау.
Осы тұрғыда оқушылардың зерттеу дағдысын қалыптастыра оқыту өзекті мәселе болып табылады.
Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Бұл жаңа оқу стандарттарының тағы да ерекше жақтары. Оқу үдерісіндегі осы ерекшеліктерді жүзеге асыру негізінде оқыту талап етіледі. Осы тұрғыда этимологияны оқушыларға меңгерту олардың зерттеушілік дағдысы мен ізденісін, зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырады. Қазақ тілінің сөздік кұрамында ерекше орын алатын ең көне, əрі байырғы, құнарлы да, жиі қолданылатын бай қазынаның көзін ашатын лексикологияның өзекті саласы - этимология [1, 27 б. ] . Сөздердің этимологиясын оқыту арқылы оқушыға сөздердің шығу тегін, мағынасы, өзара байланыстылығы түсіндіріледі, өз бетінше зерттеу жүргізуге дағдыланады. Демек, сөздер этимологиясын білу, мәнін түсіну арқылы ойын дәл, жүйелі, анық жеткізуге үйренеді.
Зеpттеy жұмысының мaқсaт-мiндеттеpi. Жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде этимологияны меңгерту арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылы жүзеге асырудың ұтымды әдістемесін ұсыну. Аталған мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қойылды:
- Қазақ тілі этимологиясының зерттеу аясын талдау,
- оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттыруға қатысты зерттеушілер еңбектеріндегі тұжырымдарды саралау;
- оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттырудың педагогикалық шарттарын белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін айқындау;
- оқушылардың этимология тақырыбын меңгеруге қызығушылығын арттыратын түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін дайындау;
- оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттыру тәсілдерін педагогикалық эксперимент арқылы сынақтан өткізу;
- педагогикалық эксперимент нәтижесін өңдеу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Оқушылардың этимологияны меңгеруі, зерттеушілік дағдысын қалыптастыру жолдарының жүйелі қарастырылмауы, деңгейлік тапсырмалар арқылы артырудың әдіс-тәсілдері айқындалмауы, педагогикалық эксперименттің жүргізілмеуі.
Зеpттеy жұмысының деpеккөздеpi. Жұмыстың ғылыми-теориялық негіздерін анықтауда Қайдар Ә., Әлімжанов Д., Маманов Ы., Жұмажанова Т., Ақшолақов Т., Қалиева С., Дүйсебаев С., Исабаев У., Жиенбаев С. [10], Оразбаева Ф., Қасым Б., Балтабаева Ж., Оразахынова Н., Рахметова Р., Әлқожаева Н., Төлешова Ұ. және т. б. ғалымдардың оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру әдістемесіне қатысты ой-пікірлері, Н. Хомский, Б. Кенжебеков, Д. Қаңлыбаева, К. Құдайбергенова, Р. Рахметова және т. б. т. б. ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Зеpттеy жұмысының әдiстеpі. Зерттеу жұмысында талдау, сараптау, жүйелеу, салыстыру, жинақтау, тәжірибеден өткізу, бақылау, қорытынды жасау әдістері қолданылды.
Зеpттеy жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттырудың педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері пайымдалды;
- оқушылардың зерттеушілік дағдысын арттырудың теориялық -әдіснамалық мәселелері талданды;
- оқушыларға этимология тақырыбын түсіндіруде қолданылатын әдістер сарапталды;
- этимологияны оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамытуға арналған түрлі жатығу жұмыстарының үлгілері ұсынылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жоба нәтижелерін орта мектептерде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндеріне және жалпы және арнаулы курстаға қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Зеpттеy жұмысының құpылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
1 ЭТИМОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Этимологияның ғылыми негіздері
Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лексика-грамматикалық мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді.
Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу [1, 15 б. ] . Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимология-этимондар, яғни сөздің ақиқат мәні, мағынасы туралы ілім деп те атала береді. Сөз тарихы, мағынасы тіл тарихымен, сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты. Бұл жөнінде ұлы Маркс пен Энгельстің бір-біріне жазысқан хаттарында тілдің шығуы, тілді зерттеу әдістері, ағылшын, гот, литва, герман тілдерінің бірнеше сөздерін салыстырған этимологиялық зерттеулер көптеп кездеседі. Мәселен, Энгельстің айтуынша, халық тілдеріне ортақ әке, апа, ұл, қыз, аға, іні, нағашы-жиен т. б. - «орынсыз айтылған атаулар емес, алыс, жақындық жөнінде, қандас бауырластықтың бірдейлігі, бірдей еместігі жөнінде іс жүзінде үстем болып отырған көзқарасты көрсеткендік [1, 32 б. ] .
Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т. б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғылыми тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонетикалық, морфологиялық және семантикалық принцип-критерийге сүйенуі шарт. Сөз төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде қолданылады. Осы орайда синхронды және диахронды бағыттағы этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт - тарихи факторлармен санасу.
Этимологиялық принциптердің 4 түрі бар: Фонетикалық, морфологиялық, семантикалық және тарихи принцип [2] . Солардың бірі - Тарихи принцип - Этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т. б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т. б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимологиялық принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады.
Академик Ә. Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мәселелер мен міндеттер” атты еңбегінде этимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялық талдау әдістері мен критерийлердің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық, морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді: 1) лексикалық бірліктің бастапқы және кейінгі мағыналарының қайсысының негізгі, түпкі мағына екенін тап басып тану; 2) сөз мағынасында жалпыдан жекеге, бүтіннен бөлшекке немесе керісінше дамуының болатынын ескеру; 3) сөз тұлғасының дыбыстық өзгеріске түсуі кезінде оның мағынасының өзгеретінін немесе сараланатынын естен шығармау; 4) гомогенді және гетерогенді омонимдерді шатастырмау; 5) сөз мағынасының өзгеруінде тілдік қана емес, бейтілдік факторлардың болатынын бағамдау; 6) кейбір сөздердің мағынасын салыстыруда олардың тарихи түбірлес екенін (сағақ, сақал, сағанақ, сағалдырық, саға, сағана, сағалау) ұмытпау қажеттігін айтады [3, 89 б. ] . Ә. Қайдар қазақ тіл біліміндегі этимологияға арналған еңбектерді көне сөздердің, топоним, этноним, диалектілік, басқа тілден енген лексикалардың, түбір, біріккен сөздердің, қос сөздердің этимологиясын зерттеуге арналған жұмыстар ретінде бағалайды. Бұл дегеніңіз, тілдік бірліктердің қазақ этимологиясында жеке-дара, дербес қарастырылып жатқанының көрінісі. Осы кемшілікті жою үшін ғалым төрт түрлі міндетті алға қояды: 1) қазақ тілі материалдары негізінде этимологиялық реконструкция жасаудың әдістемесі мен ұстанымдық мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздемесін жасау; қазақ тіліндегі базалық лексиканың қыпшақтық немесе түркілік қалыпқа қатысын неғұрлым тереңірек талдау; 2) жалпы және жеке түркі тілдеріне тән түбірлер мен негіздерді айқындауға бағышталған салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізу; 3) этимологиялық сөздіктерді құрастыруда “Қазақ тіліндегі этимологиялық зерттеулер тәжірибесі” тәрізді ғылыми негіздемелік еңбек жазу; 4) түркі тілдеріндегі этимологиясы айқындалған лексика мен грамматикалық формалардың толық тізбесін жасап, этимология мәселелеріне арналған еңбектердің толық библиографиясын құрастыру [4, 66 б. ] . Еңбекте сөз болған мәселелер, қойылған міндеттер күні бүгін де өз өзектілігін жойған жоқ.
Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық ізденістердің тарихының бастауында Қ. Жұбанов, Н. Т. Сауранбаев, І. К. Кеңесбаев, С. А. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев т. б. ғалымдар тұрғаны белгілі. Қазақ этимологиясының қазіргі дəрежесі оның іштей түрлі салаларға жіктелуімен, мамандануымен сипатталады: көне лексика - І. Кеңесбаев, Ə. Қайдаров, Р. Сыздықова, А. Махмутов, С. Исаев, Е. Жанпейісов, Ғ. Əнесов; топонимия - Ə. Абдрахманов, Е. Қайшыбаев, Р. Қонқашпаев; этнонимия жəне этнотопонимика - Т. Жанұзақов, Ə. Абрахманов, Е. Керімбаев, Қ. Рысбергенова; диалектілік лексика - Ш. Сарыбаев, Ə. Нұрмағанбетов, О. Нақысбеков, С. Омарбеков, Ғ. Қалиев, М. Абаева; кірме лексика - Л. Рүстемов, Н. Қарашева, А. Құрышжанов; түбір лексика - Ə. Қайдар, М. Томанов, А. Ибатов, Е. Қажыбеков, Б. Сағындықұлы, Ж. Манкеева, А. Салқынбай; біріккен жəне қос сөздер - І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Ə. Қайдаров, Г. Жəркешова т. б.
Этимологиялық зерттеулердің нəр алар бастау-бұлағы, тарихы қазақ тіліне қатысты жазылған алғашқы зерттеу еңбектерден басталады. Революциядан бұрын жарық көрген еңбектердің ішіндегі ең құндыларының бірі - П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын екі бөлімді еңбегі. Бұл еңбектің құндылығы жөнінде Р. Ғ. Сыздықова былай деп жазады: «Во всей литературе, относящейся к изучению казахского языка в дорреволюционный период, особо выделяются труд выдающегося ученого, тюрколога-лингвиста, профессора Петербургского университета Платона Михайловича Мелиоранского «Краткая грамматика казахкиргизского языка» в двух частях, изданная в 1894-1897 гг. Эту грамматику акад. А. Н. Кононов считает одним из трудов, вошедших в основной фонд исследований по тюркологии» [5, 32] . Автор осы кітаптың бірінші бөлімінде («Фонетика и этимология»31) қазақ тіліндегі бірнеше сөздің түптөркінін сөз қылады: «Лингвистическое чутье позволило ученому сделать ряд тонких и точных наблюдений. Он отметил, например, обратное сингармонизму действие гласных в образованиях типа бүгін< туғын тұрған, əкет < алып кет, сөйтіп < солай етіп, алам. «Осы еңбектің «Об иностранных словах в киргизском языке» деген тараушасында қазақ тіліне енген араб, парсы, орыс сөздері туралы арнайы пікір айтып, дұрыс қорытындыға келеді [6, 55 б. ] .
Бір фактінің көптеген этимологиялық ізденістерге нысан болуы тəжірибеде жиі кездеседі. Əрине, бұл жағдайда ғылыми дəйектер мен ғылыми емес дəйектер араласып жатады. Осы жайттың нақты үлгісі - қазақ этнонимінің этимологиясына қатысты 100-ден аса нұсқалар. Оларды былайша топтастыруға болады: 1) қазақ - этноним, антропоним, топоним, мифтік түсінік, тотемдік белгі, географиялық, этникалық немесе əлеуметтік ұғым; 2) қазақ мынадай ұғымдарды білдіреді: «кезбе», «қаңғыбас», «тексіз», «қашқан құл», «бассыз», «қаруланған сарбаз», «салтатты», «жалдамалы жауынгер», «елінен кеткен шекарашы», «қарулы күзет», «жеңіл қаруланған жауынгер», «əскери күзет», «қарақшы», «батыл», «берілген адал», «бастаушы», «ер мінезді», «қызба», «Кавказдағы тайпа», «таулық», «Хазардың бір түрі», «орыс казактарының құарымандағы түркі тілді тайпалар», «славяндардың батырының аты», «түркітілді черкестер» т. б. 3) Мағынасы əртүрлі түсіндірілетін қазақ сөзінің екі сыңары: 1) қаз/аз - а) тайпаның аты, ə) қаз, аққу; б) қос - орыс тіліндегі «қашу» мағынасындағы оморфтың етістіктен; д) қас - «нағыз», «таза», «қоспасыз»; е) қаз - «биіктік», «тау» (Қазығұрт - ?) ; ж) қос - «екі», «пар» т. б. 2) а) сақ - сақ тайпасының атауы; ə) сақ - «садақ», «жебе», б) оқ - «тайпа», «ру», «халық»; в) ақ//ық - этнонимдер тудырушы аффикс қараңыз: печееч, урақ, қыпшақ т. б. г) ақ - «белый» жəне ауысу «таза»; д) оқ - «оқ», «жебе» (қосоқ - тайпа таңы) жəне тіл [3, 186] . Мұндай пікірлер этнонимдер атауларының жалпы алғанда «Он шақты нұсқасын құрайды. Өкінішке орай қазақ этнонимі əлі күнге дейін шын мəніндегі ғылыми түсініктемеге ие болған жоқ. Жалпы тіл білімінде «Этимология - грек тілінің etymos - «ақиқат» жəне logos «білім» деген сөздерінің бірігуінен жасалған» деп анықталады [4] .
Тарихи лексикологияның арналы да арнаулы саласы ретінде жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, кейде тіптен сөйлем сияқты жайылыңқы болып келетін фразеологизмдер мен мақал-мəтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың даму жолдары мен қазіргі тілдердегі көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді. Этимология, əрине, тіл тарихы, тарихи грамматика сияқты пəндерді айырбастай алмайды. Ол пəндер тіл білімінің барлық соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, тілдің жалпы даму заңдылықтарын сипаттаса, ал этимология көбінесе осы пəндердің жетістіктерін пайдалана отырып, жеке сөздер, жеке тұлғалар дамуын, тарихын əңгімелейді. Сонымен қатар, тіл білімінде бұл сөз тар мағынада «сөздің шығу тегі, түп-төркіні» дегенді де білдіреді. Бір сөзбен осылайша қорытып анықтама бергенімізбен, этимологиялық зерттеулер өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сай əртүрлі болып келеді. Сондықтан түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне қатысты этимологиялық ізденістердің негізгі мақсатын біз былай деп белгіледік: а) түркі тілдерінің өте көне дəуіріне тəн ортақ түбірлерді анықтау; ə) түркі тілдерінің ішінде өз ара жақын топтарға ортақ лексикалық элементтердің сыр-сипатын ашу; б) əрбір тілдің, мəселен, қазақ тілінің сөздік қорындағы жалпы түркі тілдеріне, оның ішінде қыпшақ тобына жататын тілдерге ортақ, сондай-ақ тек қазақ тілінің өзіне ғана тəн əсіресе бір буынды түбірлер мен туынды түбірлердің табиғатын ашу; в) қазақ тіліне əр түрлі тарихи, мəдени, саяси, географиялық себептерге байланысты сырттан (араб, парсы, моңғол, қытай, орыс т. б. тілдерден) енген лексика-грамматикалық элементтерді анықтау, олардың дыбыстық тұлғалық жəне мағыналық өзгерітерін белгілеу; г) лексикалық элементтердің өз ара қатыстығы мен алшақтығы тілдің даму процесіне байланысты заңды құбылыс екенін дəлелдеу т. б. [3, 190 б. ]
Этимологиялық зерттеулердің бірі сөздің ілкі, түпкі түбірін тауып, оған қосылған қосымшаларды анықтап, негізгі жəне туынды түбірлердің ара жігін ашып береді. Кейбір этимологиялық зерттеулер өз алдына тіліміздегі мағынасы күңгірттенген, тіл иесі сөйлеу үдерісінде ол сөзді қолданғанымен, мағынасын жете түсіне бермейтін сөздер тобын арнайы бөліп алып текереді. Бұндай сөздер көбіне-көп қос сөздердің, біріккен жəне кіріккен сөздердің, мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің құрамында көп кездеседі [7, 47 б. ] . Өйткені, ғасырлар бойы ауыздан-ауызға көшіп, атадан балаға мирас болып қала беретін бұл сөздер құрамында «ескінің көзі» есептес көне сөздер, грамматикалық тұлғалар сақталып қалған, тіл иесі бұл «сөз комбинацияларын» жаттанды түрде, мағынасын тек ішкі интуициямен сезіп қана қолдана береді.
1. 2 Оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жалпы ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы кіші мектеп оқушыларының жан - жақты терең ойлау дағдыларын арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу - ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет [8, 15 б. ] . Білім берудің басты мақсатының бірі - құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
«Зерттеу» мен «зерттеушілік дағдылары» ұғымына не кіреді екен? Өзінің «Кіші мектеп оқушыларын зерттеу әдістеріне оқыту» кітабында А. И. Савенков келесі анықтаманы береді: «Зерттеу - бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі» [8, 46 б. ] . Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.
Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :
- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;
- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;
- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;
- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;
- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:
- Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.
- Дамытушылық: зерттелініп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.
- Тәрбиелік: өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару [9, 25 б. ]
Өз кезегінде бүкіл зерттеушілік дағдылар аталған міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ететін бірнеше сатыларға бөлінеді:
1саты - Мәселенің өзектілігі. Мақсаты: Болашақ зерттеудің сұрақтары мен бағыттарын анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz