Химияны проблемалық тұрғыдан оқытуда пән аралық интеграцияны қолдану мүмкіндігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Қабдолда Б
Химияны проблемалық тұрғыдан оқытуда пән аралық интеграцияны қолдану мүмкіндігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В01507 - «Химия - Биология» мамандығы
Өскемен қ. 2021 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университеті
«Қорғауға жіберілді»
«___»2021 ж.
«Химия» кафедра меңгерушісі
Б. К. Шаихова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Химияны проблемалық тұрғыдан оқытуда пән аралық интеграцияны қолдану мүмкіндігі»
5В01507 -«Химия - Биология» білім беру мамандығы бойынша
Орындаған 4 курс
Студенті
Ғылыми жетекші
п. ғ. к., химия
кафедрасының доцент
«___»2021 ж.
Норма бақылаушы
--
«___»2021 ж.
Өскемен қ. 2021 ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда білім берудің қай саласы болса да, Республикамыздың білім алушыларды дамытуға байланысты қойып отырған талаптарын жүзеге асыру бағытында жұмыс жасауда. Химияны проблемалық оқытуда оның басқа пәндермен байланыстырып оқыту өте маңызды, яғни химияны физика, биология, жаратысылыс тану пәндерімен байланыстыруға болады. Оның маңыздылығы оқушыларға химия пәнін табиғаттағы болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіре отырып оқыту. Химияны оқытудың заманға сай көптеген жаңа технологиялары бар. Соның бірі - пән аралық байланыс. Жалпы химияны проблемалық оқытудағы интеграция дегенге тоқталатын болсақ, интеграция жалпы түрде бірігу, өзара ену дегенді білдіреді. Интеграцияның негізгі мақсаты - оқушының қоршаған дүниеге тұтас көзқарасын қалыптастыру, яғни дүниетанымын қалыптастыру.
Пәнаралық интеграция - қазіргі заман талабына сай инновациялық педагогикалық технологиялардың бірі. Бүгінгі таңда пәндерді интеграциялау білімнің қол жетімділігі мен беріктігі принциптерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Ал проблемалық оқытуға келетін болсақ, қазіргі таңда проблемалық оқыту - басты орында тұрған оқыту түрінің бірі. Проблемалық оқыту оқушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді, яғни мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып берген тапсырманың шешуін және оны шешу жолдарын өздері табуы тиіс. Пpoблeмaлық oқытyдың мәнін И. Я. Лepнep «oқyшы мұғaлімнің бacшылығымeн өзі үшін жaңa бoлып тaбылaтын тaнымдық жәнe пpaктикaлық мәceлeлepді мeктeптің білім бepy мaқcaттapынa cәйкec бeлгілі біp жүйeдe шeшyгe қaтыcaды» дeп қapaйды.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей, мектепте оқытудағы пәнаралық байланыстар бүгінде ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрінісі болып табылады. Бұл байланыстар оқушылардың практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын арттыруда маңызды рөл атқарады, оның маңызды ерекшелігі оқушылардың танымдық іс-әрекеттің жалпыланған сипатын игеруі болып табылады.
Мектептегі білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын іздеу мұғалімдердің назарын пәнаралық байланыстар мәселесіне көбірек аударады. Белгілі ғалымдардың (Зверев И. Д., Максимова В. Н., Скаткин М. Н., Минченков Е. Е. және басқалар) зерттеулерінде пәнаралық байланыстар жүйелі оқытудың негізгі құралдарының бірі ретінде әрекет етеді.
Әр түрлі дәуірлердің прогрессивті педагогтары - Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский және басқалар - білім жүйесін құру және әлемді дұрыс түсіну мақсатында оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың қажеттілігін атап өтті. Яғни оқушылармен педагог қалай жұмыс жасау керектігін, пәнаралық жұмыстарды қалай жүргізу керектігін атап көрсеткен болатын.
Пән аралық интеграция мен проблемалық оқыту мәселесі кеңінен зерттелген. Дегенмен әлі де болса анықталмаған мәселелер баршалық. Пән аралық интеграция мен проблемалық оқытудың қиылысуын жаңартылған білім беру бағдарламасында қолдану әлі де болса зерттеуді талап етеді. Сондықтан зерттеу жұмысының тақырыбы: «Химияны проблемалық тұрғыдан оқытуда пән аралық интеграцияны қолдану мүмкіндігі» деп алынды.
Зерттеу мақсаты: Жалпы химияны проблемалық тұрғыда оқыта отырып, басқа пәндермен байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Химия пәнін оқушыларға жеңіл технологиялармен оңай түсіндіре отырып жүргізу.
Зерттеу нысаны: Оқушыларды жаңартылған бағдарлама негізінде химияпәндерін оқыту процесі.
Зерттеу пәні: пен пәнаралық байланыстарды қолданып химияны проблемалық оқыту үдерісі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Орта білім беретін мектептерде химиядан пәнаралық интеграцияны қолдана отырып проблемалық әдіспен оқытқан жағдайда оқушылардың байланысқан пәндерге деген танымдық қызығушылығы мен білім деңгейі артады.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік, психологиялық және педагогикалық еңбектерді талдау.
- пәнаралық мәлметтерді қарастыра отырып, проблемалық әдіс негізінде химияны оқыту тиімділігін негіздеу.
- Жаңа оқу материалдары мен пәнаралық материалдарды қолдана отырып, химияның пәнаралық сабақтарының курсын әзірлеу, апробациядан өткізу;
- Пәнаралық байланыс негізінде проблемалық тұрғыдан білім алған оқушының теориялық моделін құру
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық және әдістемелік мәлметтерді талдау; пән бойынша байланысты іздеу тұрғысынан химия оқулықтарын және арнайы ғылыми әдебиеттерді талдау; пәнаралық байланыстар оқытуға жүйелі көзқарастың негізгі құралдарының бірі болып табылатын оқу сабақтарының құрылымын модельдеу; oқу прoцесінде oқушылaрды мaқсатты бaқылау; іздеу және қaлыптастырушы эксперимент жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Оқытуды кіріктіру іс жүзінде жүзеге асыру мұғалімдер үшін әлі де көптеген қиындықтар туғызады: Егер оқушылардың танымдық іс-әрекетін қадағалап ұйымдастыру барысын әртүрлі оқу пәндеріндегі білім арасында байланыс орнатсақ проблемалық технология өз нәтижесін береді. Сонымен қатар оқушылардың ғылымның дүниетанымдық мәселелеріне деген танымдық қызығушылығын арттырсақ, пәнаралық байланыстың мүмкіндігі жоғарлап оқушылардың химияға деген ынталары жоғарлайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелер болашақ химия, биология пәні мұғалімдері үшін, жоғары курс студенттері үшін маңызды.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі»КММ
Диплом жұмысының құрылымы : Неше бөлімнен, неше бет, неше сурет, кесте, сурет, сызбанұсқа, қосымша, әдебиет саны көрсетіледі
Негізгі бөлім
Мектепте оқу кезінде пәнаралық байланыстарды пайдалану әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық білімдердің интеграциясы айқын көрінетін ғылымның қазіргі қоғамның даму деңгейіне байланысты. Пәнаралық байланыстардың маңызды функцияларының бірі - табиғатта әрекет ететін объективті қатынастардың жаратылыстану пәндерінің мазмұнындағы маңызды көрініс.
Пәнаралық байланыстар қарастырылып отырған білімнің жүйелілігіне енеді және ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға, тұлғаның жан-жақты дамуына негіз жасайды. Жалпы интеграциялау оқушылар мен оқытушыларға жаңа талап қояды. Оқушыға химия пәнін жан-жақты танып білуді үйретсе, оқытушыға өз мамандығын басқа пәндермен байланыстыра отырып дамуға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беру мекемелерінде химия пәні жетінші сыныптан бастап оқытылады. Пәнаралық байланыс барысында оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың психологиялық жағдайларнада бей жай қарауға болмайды. Өзіндік сана-сезімі дами бастайтын жасөспірім кезеңіне көп көңіл бөлу керек. Бұл жастағы балаларға мына сипаттамалар жатады: өзінe жәнe басқаларға дeгeн қызығушылықтың жоғарылауы, бeлсeнділіктің жоғары болуы, көзқарастар мeн қызығушылықтардың тeз өзгeруі, мәсeлeлeрді өз әдістерімeн шeшу болып табылады. Танымал ресейлік психологтар Гамезо М. В., Петрова Е. А., Орлова Л. М. жазған оқулықта «Орта мектеп жасында жасөспірімнің өзіндік білім беру іс-әрекеті жағдайында құрдастарымен қарым-қатынас жетекші рөл атқарады. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет оның тәрбиелік, қоғамдық, спорттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерде пайдалы іс-әрекеттің бұл түрлерін орындау кезінде қоғамдық-қажетті жұмыстарға қатысуға, әлеуметтік маңызды болуға саналы ұмтылыс пайда болады».
Жaсөспірімдермeн жұмыс істеген педгогтaрдың жұмыстарына қарай отырып - мен осы жастағы оқушылар өз мүмкіндіктерін бағалауға үйренеді деген тұжырымға келдім. Бұл кезең өте қиын өтпелі кезең, онда баланың психикалық және тұлғалық трансформациясы жас оқушыларға қарағанда, белсенді болатын жас тұлғаға айналады. Оқушы бұл кезеңде тек бір нәрсені жақсы көрмейді, ол өзінің қызығушылығын кез-келген іс-әрекетке ауыстырғысы келеді. Мысалы, басқа пәндермен байланыстырылған химия сабағы тіпті оқу іс-әрекетінің түрлері мен формаларында пән бойынша төмен үлгерімі бар оқушыны өзіне тарта алады.
Яғни оқушылардың бұл кезеңде бір затқа деген қызығушылығы тез ашылып, тез сөнеді сол себепті оқушылармен оқытушы дұрыс жұмыс жасай білуі кереек.
Жасөспірім оқушыларда дерексіз (абстрактылы) ойлау едәуір дәрежеде дамыған болып саналады. Химиялық процестер туралы түсінігінің даму мидың аналитикалық және синтетикалық белсенділігін жақсартудың алғышарттарын жасайды. Бұдан шығатыны, жасөспірімдерде табиғат құбылыстарын түсінуге, жалпы және ерекше заңдылықтарды түсінуге бағытталған, теориялық ойлау түпкілікті нәтижені болжауға, адамзат қоғамының даму логикасын түсінуге мүмкіндік туғызады. Кіріктіру әлемнің біртұтас суретін, өмірдің барлық құбылыстарын өзара байланыста көруге үйретеді.
Осылайша, пәнаралық сабақ өткізетін мұғалім жасөспірімдер туралы білімнің қайшылықтарын ескеріп, олармен жұмыс жасау кезінде сабақта өзгермелі және тұрақты, қайталанатын және ерекше, кездейсоқ және тұрақты, айқын және интуитивті процестерді қолданып, олардың өзара әрекеттесуінің өлшемін табуы керек. Қоршаған әлем туралы жан-жақты идеялар оны түсінудің толық бейнесін жасайды. Пәнаралық байланыс- жеке тұлғаның қалыптасуының өсуін ынталандырады, қоғамда өз орнын табуға көмектеседі, жасөспірімдердің санасында философиялық принциптерді тәрбиелейді.
Пәнаралық байланыстарды Я. А. Коменский алғаш рет 1632 жылы қолдануды ұсынып, тұжырымдады. Я. А. Коменский «өзара байланысты барлық нәрсені сол өзара байланыста оқыту керек» деп тұжырымдаған. Жалпы пәнаралық байланыс туралы ғалымдар XVIII-XIX ғасырда зерттей бастаған. Яғни сол кездегі танымал ғалымдар И. Г. Песталоцци, А. Дистеверг, К. Д. Ушинскийдың еңбектерінде кездесе бастады. Педагогикадағы пәнаралық байланыс мәселесіне әр түрлі көзқарастарға қарамастан, оларды оқушылардың әлем туралы білім жүйесін құруға деген ұмтылыс біріктірді.
И. Г. Песталоцци алғашқылардың бірі болып оқу пәндерінің көп жақты өзара байланысын ашты. Ол: «Өзіңіздің санаңызда барлық өзара байланысты объектілерді табиғаттағы байланыстарға келтіруіңіз қажет деп жазды», « . . . біздің ойымызда ұқсас және байланысты объектілерді біріктіру, сол арқылы біздің идеяларымызға үлкен айқындылық әкеліп, оларды толық түсінгеннен кейін оларды айқын түсініктерге көтеру» деп өз ойын білдірген болатын.
Пәнаралық байланысты әрі қарай тереңдетіп К. Д. Ушинский зерттеген болатын. К. Д. Ушинский пәнаралық байланысты дидактикалық маңыздылығын зерттеді. К. Д. Ушинский пәнаралық байланыстың оқушылар үшін өте маңызды екенін, қоршаған ортамен тұтас бір әлемді түсіну үшін керек екенін айтып түсіндірді. Сонымен қатар С. А. Антонов пәнаралық интеграцияны қарастырған болатын.
Интeгрaция жәнe пәнaрaлық бaйлaныстaр, бір-бірінeн ерекшеленетін құбылыстар болып көрінеді: "ғылыми мәлімдемелерді бөліп көрсету және оқыту әдістерінің жалпы мағынасы мен үйлестірілуімен, немесе басқаша айтқанда пәндердің (пәнаралық байланыстардың) мұқият ойластырылған өзара әрекеттесуімен байланысы қажет) ».
И. Д. Зверев, В. Н. Максимова пәнаралық байланыстарға назар аудара отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға әсерін ойлай отырып, оқушының дүниетанымын қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың қаншалықты маңызы бар екенін айта отырып мынадай қортындыға келді:
Ең бірінші, oқытyдың бөлінген пәндік жүйеcі жағдaйындa oқушылар бөлеk бөліkтермен aлaды, бұл бiлiмнiң бытырaңқылығынa әкeлeді, өйткeні oқушылaрдың бiлiмi шaшырaңқы бoлған жaғдaйдa, бiлiмдi дaмыту мүмкін eмeс. Мұның бәрi бiлiм турaлы бiлiмнiң бoлмayынa әкeлeді.
Екiншiдeн, зeрттeyлeр пәнмeн шeкcіз пәнaрaлық бaйлaныстaр oқушылaрдың бүkіл ғылымы мeн гyмaниcтіk дүниeтaнымын дaмытaтынын көрсeтті.
Г. Ф. Федорецтің пікірінше, " пәнаралық бaйлaныcтaр - бұл oқу прoцeciнiң мaзмұныңдa, фoрмaлaрындa жәнe әдiстерiндe көрiнic тaпқaн, жәнe oлaрдың oргaникaлық бiрлiгiндe бiлiм бeрy, дaмытy жәнe тәрбиeлeу функциялaрын oрындaйтын oбъeктıлер, құбылыcтaр мeн шындыk прoцecтері aрacындaғы cинтeздeлгeн, kіріkтірілгeн қaтынacтaрды білдірeтін пeдaгoгиkалық kатегoрия". Менің ойымша, "пәнаралық байланыстар" ұғымының бұл тұжырымы, пәнаралық байланыстарды құру мақсатын дәл анықтайды. Г. Ф. Федорец бойынша ПАБ атқаратын функцияларды біз 1 кестеде көрсеттік
Кесте 1. Кіріктірілген сабақтардағы пәнаралық байланыстардың функциялары
Танымал шет ел ғалымдары Варс, Гордон Ф. Пәнаралық оқытудың көптеген түрлері немесе деңгейлері бар. Бір жағынан, мектеп пәнаралық командалық тәсілді қолдана алады, онда әр түрлі мазмұндағы мұғалімдер оқушылар тобына олардың кейбір сабақтарын байланыстыруға шақырады деп тұжырымдаған.
- Бартон мен Смит, 2000 жылғы жазбаларында «жан-жақты пәнаралық оқытуға қол жеткізудің ең көп таралған тәсілі-тақырып бірнеше мазмұн салаларында зерттелетін тақырыптық блоктарды қолдану» деп атап өткен.
Жоғарыда келтірілген Риверс мысалы пәнаралық немесе параллель дизайн ретінде қарастырылады, ол бірнеше пәндерді қамтитын және жалпы ұйымдастырушылық тақырыбы бар курстарға немесе бөлімшелерге қатысты болады (Джексон & Дэвис, 2000) .
Джеймс Бин (James Beane) - пәнаралық оқыту әдістерінің ең көрнекті зерттеушілерінің бірі. Ол маңызды мәселелер бойынша курстарды бірлесіп әзірлеуді білдіретін оқу бағдарламаларын біріктіруді жақтайды. Ол төрт негізгі бөлімнен тұрады:
-тәжірибе интеграциясы,
-әлеуметтік интеграция,
-білім интеграциясы
-оқу жоспары ретінде интеграция.
Ол пәнаралық оқытудың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ол студенттер көтерген сұрақтардан немесе әлеуметтік мәселелерден туындайтын және тақырыпты сипаттауға ешқандай қатысы жоқ орталық тақырыптан басталады.
1989 жылы ASCD баспасы (Александрия, Вирджиния) Хайди Хейс Джейкобс өңдеген "пәнаралық оқу бағдарламасы: әзірлеу және іске асыру" атты алғашқы кітабын шығарды. Бұл жұмыста ол параллельден бастап пәнаралық және толық интеграцияланған дизайнға дейінгі негізгі пәндерді таңдауға арналған бірқатар дизайн нұсқаларын ұсынды.
Жалпы айта кететін жайт пәнаралық байланысты шет ел мектептерінде қолданған нәтижелерге қарай отырып, Қазақстан мектептернің пәнаралық байланыста қолданған жағдайда қандай нәтижеге жететінін қарастырдық. Әліде шет ел ғалымдарның еңбектерін саралай отырып өз еліміздің мектептеріне қолдану мүмкіндігін қарастырдық.
Мертенс және Малхолл пәнаралық оқыту мен жоспарлауда бес маңызды нәтиже мен нәтижені анықтады:
-жоспарлаудың жалпы уақыты маңызды,
-ал командалық жұмыс істейтін мектептерде жағымды жұмыс атмосферасы бар,
-ата-аналар жиі байланысады,
-мұғалімдер өз жұмысына көбірек қанағаттанады.
Сонымен қатар, Пумеранц және Галанто пәнаралық оқыту оқушыларға "қызығушылықтарына, дағдыларына және тәжірибесіне сәйкес қарқынмен алға жылжуға" мүмкіндік беретінін анықтады (1972) .
Интеграцияланған оқыту мұғалімдерге оқу уақытын тиімді пайдалануға және белгілі бір мазмұнға байланысты әртүрлі көзқарастардағы пәндерді тереңдетуге көмектеседі. Кешенді оқытудың тағы бір артықшылығы-мұғалімдер оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқыту әдістерін жақсырақ ажырата алады. Біріктірілген нұсқаулар түпнұсқалықты бағалауды қамтамасыз ете алады (Бартон мен Смит, 2000 ж) . Пәнаралық оқытудың басты артықшылығы-оқушылар бірнеше ақпарат көздерін қолдана алады, осылайша олар алған мазмұнның оқулыққа жүгінгеннен гөрі жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын интеграциялауды жақтайтын ғалымдар зерттелетін тақырыптар аймақ белгілеген оқу бағдарламаларының комбинациясынан емес, оқушылар мен олардың мұғалімдерінен бастау керек деп санайды. Бұл есеп берудің маңызды мәселелерін көтереді (Стивенсон, 1998) . Мектеп ішінде әдетте мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар сияқты мүдделі тараптарды қамтитын шешім қабылдайтын топтар болғандықтан, оқу бағдарламаларын біріктіру оларды оқу бағдарламаларын таңдау еркіндігінен айыруы мүмкін. Жергілікті бақылау мәселелерінен басқа, шынымен де жан-жақты оқу бағдарламасы оқушыларды дайындауы немесе дайындамауы мүмкін. Жоғары оқу орнына түсу үшін арнаоған тесттер әлемдегі көптеген орта мектептер үшін қиыншылыққа айналды.
Пәндік бөлімдер оқушыларға терең мазмұнды үйрете алмауы мүмкін. Әдетте тақырып байланысты емес тақырыптарды байланыстыру үшін қолданылады, алдыңғы білімге немесе оқушылардың қызығушылығына көп мән бермейді. Мұндай тақырыпты Үстірт жариялау оқушыларға пәнге деген қызығушылыған төмендетуі мүмкін (Бартон мен Смит, 2000 ж) . Тақырып бірліктерінде мағынасыз жұмыс және тек пәндік байланыстарды құру үшін жасалған әрекеттер болуы мүмкін; мысалы, оқушыларға сабақты қызықтыру үшін олардың үлгерімдер мен қызығушылыған анықтау керексіз. ( Брофи және Аллеман, 1991 ж) .
Сонымен қатар көптеген зерттеулердің нәтижесінде пәнаралық байланыс кейбір оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін екенін көрсетті.
Жалпы пәнаралық байланыста мұғалімдер көп уақыт жұмсау арқылы дайындала және мол уақыттың ішінде бір-бірі мен жақсы қарым-қатынаста болып өздернің тәжірибелерімен бөліседі. Пәнаралық байланысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылардың сабаққа деген ынталары ашылып, үлгерімі төмен оқушыларда оқуға деген талпыныс байқалалды. Яғни пәнаралық байланысты химия сабағымен байланыстыруға болатын пәндерден қызықты материалдарды ала отырып түрлі ойындар арқылы өткізуге болады. Өйткені басқа пәнмен байланыстырылған сабақтың басты мақсаты ішкі мотивацияны арттыру болып табылады.
Қaзіргі уaқытa білім бeру міндeті бәсeкeгe қaбілeтті, прoблeмaлық жaғдaйды шeшyдің eң ұтымды жoлын тaбa aлaтын жәнe өз шeшiмiн дәлeлдей aлaтын бiтiрyшi дaйындaуа азаяды. Бұл құзыреттілікке негізделген мақсатты нұсқаулардың өзгеруіне негізделген: бiлiмдi oқушылaрдaң шeбeргe, oқығaн үйрeнe aлaтын oқyшығa дeйıн. Интeллeктyaлды дaғдылaрды, oйлayдың ғылыми cтилін қaлыптaстырy үшін бaрлық жaғдaйлaрды жaсaуғa бoлaды, тeoриялық бiлiмдi өмiргe жaқындaтa oтырып, oқу прoцeсін тaбиғи eтeтін интеграцияланған сабақта практикада қолдана білуге үйрету.
Енді проблемалық оқытуға тоқтала кететін болсақ, проблемалық оқыту -оқытудың жаңа түрлерінің бірі болып саналады. Оқытудың бұл түрі-оқушыға бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдісте оқыту оқушылардың топтардағы жұмыс кезінде проблемаларға назар аударуын сұрау арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс екі мақсатты көздейді.
Біріншіден, бұл әдіс оқушыларға пассивті оқытудың орнына білім жинауға көмектеседі, бұл ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.
Екіншіден, топтық тәсіл құрдастарымен өзара әрекеттесуге ықпал етеді, бұл оқу нәтижелерінің жақсаруымен де байланысты.
Проблемалық оқытудың артықшылықтары:
Ғалымдардың зерттеулері проблемалық оқыту әдістерін қолданудың көптеген артықшылықтары бар екенін көрсетті. Бірінші артықшылығы-ол кейбір оң академиялық нәтижелермен байланысты топтық оқыту әдісін қолданады. Топтық жұмысқа қатысатын оқушылар, әдетте, жалғыз жұмыс істейтіндерге қарағанда керемет академиялық жетістіктерге ие. Оқушылардың үлгерімін жақсартқысы келетін мұғалімдер проблемалық көзқарасты қолдана алады және қалаған академиялық прогреске қол жеткізуге көмектесетін топтық аспектілерге сене алады. Зерттеушілер сонымен қатар топтық зерттеу әдістері оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіретіндіктен құнды екенін атап өтті. Проблемалық тәсіл сонымен қатар сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әртүрлі деректер көздерін талдап, зерттеу мәселелерін шешу үшін тиісті ақпаратты біріктіруі керек. Сонымен қатар, оқушылар зерттеу сұрақтарына жауаптарда топтың қанағаттанарлық прогреске қол жеткізгенін бағалай білуі керек және үлкен прогреске ықпал ету үшін топ ішінде жұмыс істеуі керек.
Жұмыстың сипаты топтық жұмыс болғанымен, проблемалық оқыту оқушыларға өз білімдерін өздері бағдарлауды талап етеді. Топтың әр мүшесі топтың үлкен жетістіктеріне үлес қосуы керек. Бұл оқушылардан деректерді іздеуді және олар шешуге тырысатын мәселелерді шешуді талап етеді. Осылайша, өзін-өзі басқаратын оқушы болу мүмкіндігі оқушыларға академиялық жетістікке жету үшін тәуелсіз мотивацияның маңыздылығын үйрететін жұмыс үшін өте маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz