MS Excel ,MS Access бағдарламасы



Стандартты функциялардың қызметтері
Функциялармен есептеу жүргізу
Диаграмма құру және оның қадамдары
MS Excel бағдарламасында мәліметтер қорымен жұмыс
MS Access бағдарламасы және оның обьектілері
Кесте құру және оның түрлері
Сұраныс және оның түрлері
Есеппен жұмыс
Формамен жұмыс
Макроспен жұмыс

13.10.11
Стандартты функциялардың қызметтері
Excel бағдарламасына математикалық, финанстық, статистикалық және
логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше
сандар енгізілетін болса, Excel бағдарламасы оларды қарапайым арифметикалық
ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін
300- ден астам тәсілмен өңдей алады. Excel функциялары – бағдарлама жадында
сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция аты мен
оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз – нәтиже алу үшін
қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін
немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң
жағында жай жақшаның ішінде жазылады.
Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және
мынадай түрде жазылады:
, мұндағы у-функцияны есептеудегі нәтиже, х-аргумент,f-функция.
Мысалы: , мұндағы А5 – ұяшықтың адресі, sin – функцияның аты, жай
жақшаның ішінде аргументі көрсетіледі, С7 – аргумент (сан, мәтін және
т.б.), сан тұрған ұяшыққа сілтеме болып тұр.
Бірқатар функциялар:
МАКС(тізім)- тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады;
МИН(тізім)- тізімдегі ең кіші (минимум) шаманы табады;
СРЗНАЧ(тізім) – аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді;
ЦЕЛОЕ(х) – х аргументін ең кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді;
ABS(x) – х санының модулы (абсолютті шамасы)
EXP(x) – х санының экспонент мәнін есептейді;
LN(x) – берілген х санының натурал логарифімін есептейді;
LOG10(x) – берілген х санының ондық логарифімін есептейді;
SIN(x) – радианмен өлшенген х бұрышының синусын есептейді;
СУММ(тізім)- көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді.
Мысалы, СУММ(А1:А10) функциясы А1:А10 аралығындағы ұяшықта орналасқан
мәндердің қосындысын табады.
Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында
автоматты түрде қосу батырмасы ∑ меншіктеліп қойылған. Қосу амалын жылдам
орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады.
Формулаға Excel бағдарламасында қолданылатын кез келген функцияны
енгізу үшін, Енгізу ( Функциялар (Вставка ( Функции) командасын орындаймыз
немесе саймандар тақтасындағы fх батырмасын шертеміз. Осы әрекеттің бірін
орындаған соң, экранда функцияны таңдау мүмкіндігін беретін сұхбат терезесі
ашылады:
Функциялар шеберінің бұл терезесінде көрсетілген категория тізімнен
өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Далее батырмасын шертеміз. Осы
терезенің төменгі бөлігінде функцияның атқаратын қызметі жөніндегі
анықтамалықты оқуға болады.
Екінші сұхбат терезе (Функциялар шеберінің екінші қадамы) таңдалған
функцияның аргументтерін енгізу мүмкіндігін береді:
Бұл терезе формулалар тақтасы деп те алады. Осы терезеде функцияның және
аргументтерінің анықтамасы көрсетілген. 1 – сан (Число1) мәтіндік өріске
сан, ұяшыққа сілтеме, формула немесе басқа функция енгізуге болады.
Excel үнсіз келісім бойынша ұяшықта формулалардың өзін емес, оның
есептеулерінің нәтижесін көрсетеді. Егер жұмыс кестесінің барлық формуласын
бірден көру керек болса, онда Сервис(Параметры командасын орындап,
Параметры диалогтік терезесінде Вид қосымшасын таңдап, Параметры окна
бөлімінде Формулы опциясының жалаушасын орнатып, ОК батырмасын шертеміз.
Бұдан кейін жұмыс кестесінде формула мәнінің орнына формуланың өздері
шығарылатын болады, ал Excel формуланы бағандарға сыйдыру үшін оларды
автоматты түрде кеңейтеді.
14.10
Функциялармен есептеу жүргізу
МИН және МАКС функцияларын қолдана отырып топтағы оқушылар туралы мәлімет
енгізіп, жасы ең кіші және ең үлкен оқушыны анықтаймыз.
Ол үшін төмендегідей әрекет орындаймыз:
Е1 ұяшығына  + МАКС(В2:В6)
Е2 ұяшығына  + МИН (В2:В6)
А2:В6 ұяшығын ерекшелейміз де Формат – Условное форматирование
командасын орындаймыз. 
      Ашылған терезеден Условия 1 өрісінен формула белгісін таңдап,
=$E$1=$B2 формуласын енгіземіз.
       Формат батырмасын шертіп, Вид вкалдкісінен  ерекшеленген ұяшықтың
түсін таңдап ОК батырмасын шертеміз.
        А также батырмасын шертеміз.
        Ашылған терезеден Условия 2 өрісінен формула белгісін таңдап,
=$E$2=$B2 формуласын енгіземіз.

 19.10
Диаграмма құру және оның қадамдары
Excel бағдарламасының екрекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен
бағандарын ақпараттарды толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен
диаграммаларға айналдыру болып саналады.
Диаграммалар – мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі.
Олар берілген сандық шамаларды салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін
береді. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай нүкте, сызық, сектор
және басқа да элементтер арқылы көрсетіледі. Диаграммалар тор, тақырып,
аңыз элементтерінен тұрады.
Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
Диаграмманы құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып,
диаграммалар шеберін іске қосу керек немесе стандартты саймандар
тақтасындағы диаграмма шеберінің батырмасын қолданған жөн. Диаграммалар
шебері қажетті параметрлер тағайындалғаннан кейін сол ақпаратқа сәйкес
диаграмма құру қызметін атқарады.
Диаграмма шебері жұмысының бірінші қадамы көрсетілген. Осы қадамда қажетті
диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграммалар шебері (4-тің 1-ші қадамы)
терезесінде диаграмманың 14 стандартты типі көрсетілген, ал стандартты
диаграмманың әрбір типінің бір – біріне ұқсас бірнеше түрлері бар.
Диаграммалардың типін Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінде таңдаймыз.
Диаграмманың типін және түрін таңдаған соң Нәтижені көру (Просмотр
результата) батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, диаграмманы көруге
болады. Стандартты емес диаграммалардың бірнеше шаблондары қарастырылған.
Стандартты емес диаграммалардың типін диаграммалар шебері (4 қадамның 1 -
шісі) терезесіндегі стандартты емес ішкі бетінде таңдаймыз. Диаграмманың
типін таңдағаннан кейін Үлгі (Образец) өрісінде диаграмманы көруге болады.
Диаграмманың типі оны құруға арналған мәліметтерге байланысты таңдалады.

Диаграмма құрудың екінші қадамы – диаграммада көрсетілетін мәліметтердің
аралығын енгізу болып табылады. Аралық (Диапазон) өрісінде сілтемелер
абсолютті болады. Диаграммалар шебері қатар орналаспаған мәндер аралығын
да бейнелеу мүмкіндігін береді. Аралық бірнеше жолдардан немесе
бағандардан тұруы мүмкін. Егер диаграммада бейнеленетін мәліметтер жол
немесе баған бойынша жүйеге келтірілген болса, онда Қатарлар (Ряды в)
өрісінің жолдарда (строках) немесе бағаналарда(столбцах) ауыстырғышын
іске қосамыз. Кестеде мәліметтер жол немесе баған бойынша белгіленсе,
олар диаграммада қатар бойынша бейнеленетін болады.
Мәліметтер қатары дегеніміз – кестедегі диаграмма түрінде
көрсетілетін ақпараттар жиыны. Мәліметтер қатарын Қатар (Ряды) ішкі
бетіндегі Қосу(Добавить) немесе Өшіру (Удалить) батырмасының көмегімен
оларды қосуға не өшіруге болады. Үнсіз келісім бойынша әрбір мәліметтер
жиынына 1-қатар, 2-қатар (Ряд 1, Ряд 2) т.с.с. атауы меншіктеледі. Бұл
атауларды Аты (Имя) өрісіне жаңа сөз енгізу арқылы өзгертуге болады. Осы
өрісте көрсетілген атаулар диаграмманың түсініктемесінде (легенда)
бейнеленетін болады.
Тиісті параметрлерді көрсеткен соң, ары қарай (Далее) батырмасын
шерту арқылы келесі қадамға көшеміз.
Диаграммалар шебері (4 – ші қадамның 3-шісі) диаграммалар
параметрлері терезесінде диаграммаға түсініктеме (легенда) енгізуге
болады. Сондай-ақ өстерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға,
мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, диаграмма орналасқан жерге
мәліметтер кестесін енгізу, тағы да басқа әрекеттер орындауға болады.
Диаграммаларды орналастырудың екі мүмкіндігі бар. Қатар
орналастырылған(встроенный) диаграмма құруға болады. Мұндай тіркескен
диаграмма мәліметтер енгізілген кесте тұрған бетке орналастырылады.
Мәліметтер мен диаграмма қатар тұрғандықтан, бір-біріне өту қажет болған
жағдайларда өте ыңғайлы. Екінші мүмкіндік – диаграмма орналасатын жеке
беттерді (листы диаграмм) қолдану. Бұл кезде диаграмманы орналастыру үшін
жеке парақ белгіленеді. Жеке бетте құрылатын диаграммаға қажетті
мәліметтер басқа беттен алынады. Осылай диаграмманың және мәліметтердің
жеке беттерде орналасуы, мақала, слайдтарға түсіру қажет болған кезде
ыңғайлы.
Диаграмманың орналасуын таңдау, Диаграммалар шебері (4-қадамның 4-шісі)
диаграмманы орналастыру терезесінде орындалады. Кірістірілген диаграмманы
құру кезінде ол орналастырылатын бет кітап беттерінің тізімінен
қажеттісін таңдау арқылы жүзеге асады. Диаграмманы жеке бетке орналастыру
үшін, осы беттің атын диаграмманы бетке орналастыру (Поместить диаграмму
на лист) аймағының жеке (отдельном) опциясының маңындағы мәтін өрісіне
енгіземіз. Егер диаграмма дайын болса, Дайын (Готово) батырмасын
шертеміз.
21.10
MS Excel бағдарламасында мәліметтер қорымен жұмыс
MS Excel бағдарламасында мәліметтер қорымен жұмыс жасағанда, қажетті
бағандағы өрістерге іріктеу(фильтрлеу) командасын орындауға болады. Ол үшін
кестеге енгізілген мәліметтер жиынтығын ерекшелеп алып, Данные-Фильтр-
Автофильтр командасын орындаймыз. Сонда әрбір бағана тақырыбының тұсына
төмен қараған тіл сызық пайда болады. Фильтр жасалынатын бағанды таңдап,
төмен қаралған тілсызықтан Условие тізімін таңдап, қажетті команданы
орындаймыз. (Мысалы, колледж оқушылар туралы енгізілген мәліметтер
тізімінен ВТ және МГП топтарындағы оқушыларды іріктеп алу үшін мамандығы
бағанынан төмен қаралған тілсызықтан Условие тізімін таңдағаннан кейін,
ашылған терезенің үстінгі бөліген равно түрін даңдап, тізімен ВТ таңдап,
или өрісін таңдаймыз және төменгі бөлігінен МГП таңдаймыз. Сонда екі топта
ғана оқитын оқушылар туралы мәлімет аламыз).
Сонымен қатар, енгізілген мәліметке жаңа мәлімет қосу үшін Данные-Форма
командасын орындаймыз.
Мәліметтерді өсу немесе кему ретімен сұрыптау үшін, тізімді ерекшелеп алып
Данные-Сортировка командасын орындаймыз.
24.10
MS Access бағдарламасы және оның обьектілері
Access –тің кез-келген МҚ(мәліметтер қоры) – мен жұмысты
ұйымдастырудың екі режимі бар: жобалау және қолдану. МҚ- ын
құрастырушылардың жаңа объектілер құруға, оның құрылымымен өрістерінің
қасиеттерін өзгертуге және олардың қажетті байланыстарын орнатуға құқы бар.
Яғни, олар МҚ – ың құрылымын жобалау жұмыстарымен айналысады. Бір ғана МҚ –
ның бір, екі немесе бірнеше құрастырушылары болуы мүмкін.
МҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымдардағы мәліметтердің
адрестері жол мен бағанның қиылысуында
анықталады. МҚ-да бағандарды өрістер (поля), ал жолды жазбалар (записи)
деп атайды. Өрістер МҚ-ның құрылымы, ал жазбалар ондағы ақпараттарды
құрайды.
Access бағдарламасын іске қосу үшін орындалатын әрекеттерге тоқталсақ:

Access – ті іске қосу командасы: Іске қосу ( Программалар ( Microsoft
Access. Access программасы жүктеліп экранда терезе шығады.
Бұл терезеде Access қолданушыға 3 нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа
МБ – ын құру; Шеберді іске қосу; Бұрыннан бар МБ – ын ашу. Егерде қажетті
МБ бұрыннан құрылып қойылған болса, бұрыннан бар МБ- ын ашу нұсқасын
таңдаңыз. Сонда экранда файлдарды ашу терезесі пайда болады. Ол, файлдар
тізімінен МБ файлын таңдап, оны ашуға мүмкіндік береді. Ал, егер жаңадан
құру қажет болса, онда екі нұсқаның бірі таңдалуы тиіс.
МБ – дағы жұмыс аяқталғаннан соң Access –тен шығу қажет. Ол үшін
барлық ашылған терезелердің жабу түймелерін басу жеткілікті, өйткені Access
– тің оларды автоматты түрде сақтау мүмкіндігі бар. Яғни, электр тогы
сөнген жағдайда да енгізіліп жатқан информация компьютерге сақталып қалады.

Access программасының 6 объектісі: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос,
модуль бар. Олардың қысқаша түсініктемелері:
Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын МБ – ның негізгі объектісі.
Кестелерде мәліметтер сақталады.
Сұраныс – мәліметтерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының
анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар
көмегімен берілгендерді зерттеп, іріктейді, таңдайды, өзгертеді,
біріктіреді, яғни өңдейді.
Форма - кестелер мен сұраныстағы мәліметтерді ыңғайлы түрде экранға
бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы мәліметтерді ыңғайлы және
көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен
кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер МБ-да қандай да бір операциялар жиі
орындалатын болса, онда олардың командалары бір макроста жинап, оған клавиш
комбинациясын сәйкес қоюға болады.
Модуль – Visal Basic тілінде жазылған программалық процедура. Егер Access-
тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда
программалаушы процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
Access – те 6 объектіден басқа үш командалық түйме бар: ашу, конструктор,
құру. Олардың көмегімен МҚ – да жұмыс істеу режимі таңдалады.
➢ Ашу түймесі – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса,
онда оған жаңа өзгерістер енгізуге немесе ондағы бар өзгерістердің
қасиеттерін өзгертуге болады.
➢ Ал егер объект форма болса, онда оның басқару элементтерін құруға
немесе оларды өзгертуге болады. Демек, бұл режим МҚ – ын құрастырушылар
үшін қажет.
➢ Құру түймесі – жаңа объектілерді құру үшін керек. Бұл да МҚ – ын
құрастырушыларға арналған режим. Кестелерді, сұраныстарды, формаларды,
есептерді автоматты түрде, конструктор арқылы және Шебер көмегі
тәсілдерімен құруға болады.

25.10
Кесте құру және оның түрлері
Кестелер – МҚ-ның негізгі объектілері. МҚ жасау алғашында кестені құрудан
басталады. Ал, кестеде оның өрістері және өрістердің типтері мен қасиеттері
анықталады. Бұл МҚ терезесіндегі Құру түймесін басудан басталады. Содан
жаңа кесте сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше
тәсілдері көрсетілген:

Жаңа кесте терезесінде Кесте режимі тәсілін таңдап, түймесін басқару арқылы
кесте үлгісін аламыз. Осындай қолдануға дайын кесте жасалған соң, қолданушы
орын толтырумен айналысады. Кестені информацияны толтырмас бұрын оның
өрістеріне мағынасы бар жаңа атаулар беріледі.Ол үшін тышқан курсорын өріс
тақырыбына алып арып, тышқан түймесін екі рет шертіп, өріс атауын
клавиатурадан теру керек. Ал мұндай өрістердің типтері, өзіне енгізілген
информацияға байланысты.
Терезенің бірінші жолында, WINDOWS терезелері сияқты, оның тақырыбы және
Қысу, Ашу, Жабу түймелері орналасқан. Олардың қызметтері Windows
терезелеріндегідей. Терезенің оң жақ шекарасында да жазбалар бойымен жоғары-
төмен жылжу түймелері орналасқан тақта бар. Ал оның соңғы жолында жазбалар
бойымен жылжыту түймелері, жазбалардың жалпы саны және жазба бойымен оңға
және солға жылжу түймелері орналасқан. Мұндағы жылжыту түймелерінің
қызметтері мынадай:
• - ең бірінші ең соңғы жазбаға өту;
- курсор алдындағы кейінгі жазбаға өту;
- N нөмірлі жазбаға өту, мұндағы нөмір клавиатурадан
енгізіледі;
• - жаңа жазбаға өту.
Конструктор режимі
Конструктор режимін іске қосу үшін Жаңа кесте терезесінде Конструктор
тәсілін белгілеп, ОК түймесін басу керек. Сондай-ақ, Конструкторда бұрыннан
бар кестенің құрылымын өзгерту кезінде де, қажетті кестені белгілеп,
Конструктор түймесін шерту арқылы осы режимді қосуға болады.
Бұл терезеде кесте құрылымын қарастырушы өзі анықтайды. Терезенің жоғарғы
бөлігінде өріс атауларын, олардың типтерін және сипатын анықтау керек.
Мұндағы сипаты деген бағанды толтыру міндетті емес. Өрістің типін анықтау
үшін мәліметтер типі бағанадағы сәйкес ұяшықты шерту керек. Сонда
белгіленген ұяшықтың оң жақ шетінде тізім символы () пайда болады.Символды
шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдау керек. Таңдалған типтің
қасиеттері кестенің төменгі жағында бланкіде анықталады.
Мұнда да тізім символын пайдаланып, қажетті қасиетті таңдауға болады.
Өрістің берілген қасиеттеріне байланысты өріске қарағандағы мәліметтер
енгізуге болатындығы анықталады. Кез-келген өрістің негізгі қасиеті – оның
ұзындығы. Осы ұзындыққа байланысты өрістің қанша информация сиятыны
анықталады.
Типтер тізіміндегі әрбір типке қысқаша мәлімет берейік:
1. Текстік тип. Текстік информацияларды енгізу үшін қажет. Оның негізгі
қасиеті - өлшемі, ол 256 символдан аспайды.
2. Сандық тип. Сандық берілгендерді енгізу үшін қажет.
3. Күніуақыты типі. Күні мен уақытын енгізу үшін қажет.
4. Логикалық тип. Тек қана екі логикалық мәні бар (Иәжоқ,
ақиқатжалған, т.с.с.) берілгендерді енгізу үшін қажет.
5. Ақшалай тип. Ақшалай көрсетілген информацияларды енгізу үшін қажет.
6. Есептегіш тип. Жазбалар кодын анықтау үшін қажет. Олар кәдімгі
сандық тип, бірақ оның мәндері автоматты түрде өсіп отырады.
7. OLE типі. Басқа программалардағы объектілердің енуі үшін қажет.
8. MEMO типі. Өлшемі 256 символдан артық текстерді енгізу үшін қажет.
Мұндай типтегі өрісте 655354 символға дейін информацияны сақтауға
болады
9. Орналастыру шебері – кестелер арасындағы байланысты орнататын
шеберді іске қосу командасы.
Кестелер шебері
Кесте құрудың жоғарыда айтылған екі режимін басқа Кестелер шебері деп
аталады. Бұл режимде программа өзіндегі арнайы дайын тұрған кестелерді
пайдаланады. Кесте шебері 4 қадамнан тұрады, оның әр қадамына сәйкес
терезелер ашылып, онда тиісті жұмыстар атқарылады.
1 – қадам. Ашылған терезеде кестелер үлгісін тізімінен таңдалған кестенің
өрістер үлгісіндегі тізімнен жаңа кестеге қажетті өріс таңдап, Әрі қарай
түймесін шерту керек.
2-қадам. Ашылған терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін
анықтау режимдерінің бірін таңдап, Әрі қарай түймесін шерту керек. Кілттік
өрісті анықтау режимінің екі жағдайы бар. Автоматты түрде анықталатын,
құрастырушының өзі анықтайтын. Яғни оның біріншісінде программаның өзі, ал
екіншісінде құрастырушының өзі сұхбаттық терезе сұрағына жауап бере отырып,
кілттік өрісті анықтайды.
3-қадам. Кестені барлық кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін терезе
ашылады. Программа барлық кестелерге кілттік өрістері бойынша талдау
жасайды. Егер олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерімен аттас
өрістері бар кестелер кездессе, онда оларды осы жаңа кестемен
байланыстырды. Ал, егер ондай кестелер табылмаса, онда бұл терезеде олардың
атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген тізім көрінеді. Кестелер
арасындағы байланысты құрастырушы өзі анықтауына болады. Ол үшін
байланыстар түймесін шерту керек. Байланыс жұмысы аяқталған соң, Әрі қарай
түймесі басылады.
4-қадам. Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын мынадай үш режимінің
бірі таңдалады. Кестелер құрылымые өзгерту, мәліметтерді кестеге тікелей
енгізу, мәліметтерді Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге енгізу.
Мұндағы бірінші жағдайда жаңа кесте үшін құрастырушы режимі ашылады, екінші
жағдайда ол кесте түрінде ашылады (негізінде, бүл режимде МБ терезесіндегі
Ашу түймесі арқылы көшеді), ал үшінші жағдайда жаңа кесте үшін шебер
қарапайым форма құрастырады (қажет болса, оны сақтауға болады). Терезеде
осы режимдердің қажеттісі таңдалған соң Дайын түймесі басылады.
Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі
Access программасының әр түрлі форматтағы басқа файл мәліметтерін МҚ
мәліметіне айналдыру мүмкіндігі бар. Мәліметтерді DBASE, FOXPRO сияқты МҚ –
нан мейлінше оңай орындалады. Өйткені, олардың құрылымдары ұқсас, яғни МҚ-
да мәліметтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Қызметкерді жұмыстан шығару
Windows операциялық жүйесі туралы
MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
ШИНАЛАР НЕГІЗГІ ЖАД ШИНАСЫ
Windows, word, excel, ms access, интернет желісі
Мәліметтер қорының қасиеттері
Пәндер